Ресей президентті В.В.Путин Ресейді басқару жолдары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ресей президентті В. В. Путин Ресейді басқару жолдары

Жоспар

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Федерациялық құрылым
  2. Өлкелік құрылым
  3. Билік
  4. Ресей президентті В. В. Путин басқару жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Федерациялық құрылым

Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес, Ресей Федерациясы - Ресей республикалық басқару формасына ие демократиялық федеративтік құқықтық мемлекет болып табылады. Ресей Федерациясының заң арқылы сипатталатын және мемлекеттің ресми белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздері бар. Ресей Федерациясының федерациялық құрылымы оның мемлекеттік біртұтас басқару жүйесіне негізделген. Ресей Федерациясы өлкесінде оның мемлекеттік тілі - орыс тілі болып табылады. Ресей Федерациясы өзінің барлық халқына ана тілін сақтауға және оны үйренуге құқығына кепілдік береді.

Өлкелік құрылым

Ресей Федерациясы республикалардан, аймақтардан, облыстардан, қалалардан, автономды облыстардан, автономды округтардан тұрады. Ресей Федерациясының құрамындағы республикалардың өзіндік конституциясы мен заңнамалары бар. Республика статусы Ресей Федерациясының және сол республиканың конституциясы арқылы беріледі. Республикалар өздерінің мемлекеттік тілдерін енгізуге құқылы. Республикалардағы мемлекеттік басқару орындарында, жергілікті басқару орындарында, мемлекеттік мекемелерде Ресей Федерациясының мемлекеттік тілін пайдаланады. Аймақтар, облыстар, қалалар, автономды облыстар, автономды округтар Ресей Федерациясының субъектілері болып табылады. Бұл субъектілердің статусы Ресей Федерациясының Конституциясы мен аймақтардың, облыстардың, қалалардың, автономды облыстардың, автономды округтердің жарғыларымен анықталады.

Билік

Ресей басшысы болып Ресей Федерациясының Президенті табылады. Президенттік қызметке тек Ресей Федерациясының азаматы 4 жыл мерзімге сайланады. 2000 жылдың наурыз айынан бастап Ресей Федерациясының Президенті - Владимир Владимирович Путин. Ресейдің Заң шығарушы және өкілді орыны болып Федеральды жиын - Ресей Федерациясының Парламенті табылады. Федеральды жиын екі палатадан тұрады: Федерация Кеңесінен және Мемлекеттік Думадан. Ресей Федерациясының атқарушы билікті Ресей Федерациясының Үкіметі жүргізеді. Ресей Федерациясының Үкіметі оның төрағасынан, төраға орынбасарынан, және федеративті министрден тұрады.

Бұрын болжанғандай, Ресей президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министрі Владимир Путин алдағы сайлауда орындарын айрбастауға келіскен болатын. Билік басындағы "Единая Россия" партиясының соңғы жиналысында оның төрағасы Путин алдағы президенттік сайлауда үміткер болатынын жариялаған болатын және оның ежелгі досы әрі әріптесі Дмитрий Медведев те болашақ үкіметтің басқаруын өз міндетіне алатыны туралы айтқан.

2000 - 2008-ші жылдар аралығында Владимир Путин Ресей президенті міндетін атқарды. Ресей, Ата заңы бойынша, президент болған адам екі 4 жылдық дәуірден кейінгі президенттік сайлауға қатыса алмайды. Осыған орай Путиннің ұсынысымен оның досы әрі әріптесі Медведев 2008-шы жылы "Единая Россия" партиясының атынан үміткер болып, президенттік сайлауда жеңіске жетті. Сол уақыттан бері саяси сарапшылар: "Путин мен Медведев Ресейдің саяси сахнасында ойын бастады, Ресейлік саясаткерлер арасында сайыс жоқ, сөйтіп, Медведевтің билігінің 4-жылдық мерзімі аяқталған соң Путин президенттік міндетке қайтып оралады, "- деген болатын. Путин осы уақытта да әлемнің ең үлкен жерінде негізгі билікті өз қолында ұстады. Өткен жылдағы Ресей Федерациясының Ата заңына енгізілген өзгерістерге көңіл бөле, бұл елдің президенттік мерзімі 4 жылдан 6 жылға көтерілді. Саяси сарапшылардың пікірінше, Путин 2012-ші жылдағы президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін екі 6 жылдық дәуір, яғни 2024-ші жылға дейін Ресей президенті болмақшы. Нәтижесінде Путинның билігі 18 жыл билік басында болған Брежнев пен шамамен 30 жыл билеген Сталинге жетпекші.

Ресей президентті В. В. Путин басқару жолдары

Путин 2000 - 2008-ші жылдардағы президенттік міндетін атқарған кезде Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін талан-таражға түскен Ресейдің экономикалық, саяи және қауіпсіздік жағдайын көтере алды. Путин сыртқы саясат саласында да Ресейдің құдіретін жаңғыртты. Борис Ельцинның кезіндегі Ресей мен Батыстың бір жақты қарым-қатынастарын Мәскеу мен Батыс және Қытай мен Үндістан секілді шығыс мемлекеттері арасындағы тең қарым-қатынастарға өзгертті. Путиннің жақтастарының пікірінше, ол өз міндетін дұрыс орындап, нәтижесінде Ресейдің дамуына көмектесіп, тұрақтылықты нығайтты. Сондай-ақ, болашақта да жауапкершілікпен қызмет етеді. Олардың көзқарасынша, Путиннің президенттік сайлауға қатысу шешімін жариялауы инвесторларға Ресейге сеніп артып инвестиция салыңдар деген хабар жеткізеді. Басқа жақтан Путиннің Ресейдің президенттік сайлауына қатысу шешімі оппозициялық партиялардың сындарына тап болды. Коммунистер және либерал партиялары Путиннің шешімін қолдамады. Ішкі қарсыластармен бірге Батыста да Путиннің шешімін жақтырмады. Путиннің ішкі және сыртқы қарсыластары мен сынаушылары Путин мен ол басқаратын «Единая Россия» партиясының билігін Кеңес Одағындағы коммунистік партияның қайталануы деп санайды. Олардың пікірінше, Путиннің келуімен жұмсақ үстемшілдік дамып, Ресейдің дамуы тоқтап, құлдырайды және инвестиция Ресейден кетеді. Путинді сынайтындар оның президенттік билігі кезіндегі Ресейдің экономикалық дамуын мұнай мен газдың экспортының нәтижесі деп санайды. Олар Путинді Ресейдегі экономикалық дағдарыстың, инфляцияның өрістеуінің және жұмыссыздық деңгейінің ұлғаюына жауапты деп біледі.

Батыста Путиннің Кремльге оралуымен Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастар суыиды деген болжамдар жасалуда. Путин сыртқы саясатында халықаралық саладағы Ресей күш-қуатын көтеруді қарастыруда. Сөйтіп Батыстың билеп-төстеуі, әсіресе НАТО-ның араласуы мен Американың бір жақты билігін дағдарысқа тіреп, Қытай сияқты жаңадан пайда болған күшпен бірігуді ойлауда.

Кейбір саяси сарапшылардың пікірінше, осы кезге дейін Ресейдің негізгі билігі Путиннің қолында шоғырланған. Путин бұрынғы кезеңдегідей Ресей мен Батыс қарым-қатынастарындағы болашақ шешімдерін елінің мүдделеріне сәйкес қабылдайды. Бірақ Ресей Федерациясының саяси жүйесі әрқашан Батыста сынға ұшырады. Батыстықтар сан рет Путин мен оның әріптестерін саяси жүйе құрып, демократиялық емес заңдар шығарды деп айыптады. Батыстың айыптауларына қарсы Путин мен әріптестері сан рет Ресейдің саяси жүйесін қорғап, оны ресейлік жергілікті үлгі ретінде танымал етті. Путин мен Медведевтің өз арасында билікті ауыстыруы басқа кейбір елдер үшін әсіресе, бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде үлгіге айналуы мүмкін деген ой туды. Осы салада кейбір ресейлік мамандар Таяу Шығыс елдеріндегі өзгерістер мен саяси жүйелердің құлауын Батыс, әсіресе Американың түрлі-түсті төңкерістер жобасы мен араласу саясатының жалғасуының нәтижесі деп санайды. Сондай-ақ Батыс бұл жобаны Ресейде де іске асыруды мақсат етуде деп ойлайды. Осы мамандардың пікірінше, Батыс Таяу Шығыстағы араб елдеріндегі халық наразылықтарын Ресейге қарсы пайдаланып, ежелден өзіне бақталас саналатын саяси жүйеге қысым көрсетпекші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Саяси жүйелердің қазіргі кездегі түрлері
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
ҚР сыртқы саясаты
Экономикалық интеграция жолындағы кедергілер
Ангела Меркельдің сыртқы саясаты
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы туралы
Единая Россия
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz