Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Мамандығы: Жалпы медицина
Амбулаторлы-емханалық терапия және жедел жәрдем кафедрасы
ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ
Курс: 5
Пәні: ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ
Шымкент - 2011
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.
Кафедра меңгерушісі, м. ғ. д. профессор Түзелбаев Н. К.
Хаттама № «» 2011 ж.
Тақырыбы № 1. Жедел медициналық жәрдем беру қызметінің
ұйымдастырылуы.
Мақсаты:
ҚР-сының конституциясына, ҚР-сының “ҚР-сының азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” заңына сәйкес жедел және шұғыл көмек жұмысын ұйымдастыру және принциптерін үйрету. Медициналық құжаттармен және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен, жұмыс ерекшіліктерімен, “жедел және шұғыл көмек” қызметтерінің міндеттерімен, құқықтарымен таныстыру.
Дәріс тезистері:
Жедел жәрдем беру медицинаның әр түрлі салаларындағы фундаментальді білімді қажет ететін, дәрігерлік тәжірибенің шыңы болып табылады.
Жедел жәрдем дәрігері жан-жақты мамандықты игеруі тиіс. Оған міндетті түрде жедел терапия, хирургия бойынша, акушерлі іс, босануды дұрыс жүргізу, токсикология негіздері, травмотология, педиатрия бойынша білім қажет.
Жедел медициналық жәрдем ұйымдастыру және құрылымы біздің республикамызда едәуір мөлшерде, денсаулық сақтаудың жалпы даму деңгейін анықтайды. Әр бір адамның активті өмірін сақтау және бекіту, ұзарту қажетті қызмет болып табылады.
Негізгі мақсаттары шақырған жерге мерзімінде жету, диагностикалаудың жоғары сапасын өткізу болып табылады, және шұғыл емдік шараларды толық орындау, және күрделі емдік тактикалық сұрақтарды шешу.
Олар ауруханаға дейінгі этапта шұғыл көмектің барлық түрлерімен қамтамасыз етеді, зақымдалуына немесе ауруына сәйкес мамандандырылған кезекші стационарға зақым шеккен және науқастарды жеткізу, т. б болып табылады.
- Медициналық жедел жәрдем станциялары - бұл ересек тұрғындарға және сондай-ақ жасөспірімдер, балалар өміріне қауіпті жағдай туғанда, оқыс жағдайларда, жедел ауыр кеселдерде оқиға болған жерде және жол бойындағы апаттарға көрсетілетін тәулік бойы ақысыз қызмет атқаратын медициналық ұжым.
- Негізгі шарттары:
- халыққа толық тиімді;
- уақтылы ұйымдасқан түрде көмек көрсету;
- көлемі аумақты және жоғары дәрежелі;
- тиісті мед. ұжымдарға кедергісіз госпитализация жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
- Медициналық "шұғыл" - көмек көрсету деген түсінік барлық шұғыл, кезек күттірмейтін, патологиялық жағдайларды, кенет дамыған, ішкі және сыртқы факторлар әсерінен болатын ауырлық дәрежесіне қарамастан тез арада диагностикалық және емдік жұмыстарды талап ететін жағдайларды білдіреді.
- "Кенет жағдай" деген түсініктің мағынасы - өмірге қауіпті кенеттен болатын, денсаулықтың күрт нашарлауына алып келетін адам организмінде болып жатқан патологиялық өзгерістерді білдіреді және емдеу барысында кезек күттірмейтін шұғыл бірлескен емдік шараларды талап ететін жай.
- Бригадалардың шығу уақытының тәртібі:
- жедел жәрдем бойынша - 4 мин. дейін.
- шұғыл тасымалдау бойынша - 30 мин. дейін.
- жоспарлы тасымалдау бойынша - 90 мин. дейін.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. ЖМЖ станциясының медициналық көмек жұмысының негізгі
принциптері.
2. Бригада шығу уақытының регламенті
3. Жедел көмек станциясының ұйымдастыру ережелері және қызметі.
4. Жедел көмек машинасының жабдықталуы.
5. Қандай шақырулар бірінші кезекті болып саналады?
6. ЖМЖ-тің қандай мамандандырылған бригадаларын білесіз?
7. Жедел және шұғыл медициналық көмек жүйесінде не кіреді?
Тақырыбы №2. Қолайсыз жағадайларда және апаттарда жедел жәрдем
беру қызметінің ұйымдастырылуы.
Мақсаты:
Қолайсыз жағдайларда халыққа дер кезінде апаттық медицинаның медико-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету принциптеріне үйрету.
Дәріс тезистері:
Апаттық медицинаның қызметі-денсаулық сақтаудың ажырамас құрамды бөлігі болып табылады. Өзінің басшысы, басқару органдары, күштері, құралдары, жұмыс түрлері мен амалдары бар. Қолайсыз жағдайларда халыққа дер кезінде медико-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі денсаулық сақтау жүйесіндегі арнайы ұйым болып табылады. Соғыс кезінде зақымдалғандарға және апаттық жағдайларды жою уақытындағы халыққа медициналық көмек көрсету.
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің негізгі міндеттері:
1. зақымданғандардың жұмысқа тез оралу, мүгедектікті және өлім санын едәуір төмендету мақсатында жаппай зақымдану ошақтарында медициналық көмектің барлық түрлерін көрсету
2. Жаппай жұқпалы аурулардың таралуын және пайда болуын алдын-алуға бағытталған санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу
3. Техногенді апаттарды және қазіргі әскери қарудың зақымдаушы факторларының әсерінен азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің жеке құрамын және халықты қорғауға кешенді шараларды жүргізу
Бейбітшілік және соғыс кезіндегі қолайсыз жағдайлардағы бұл міндеттерді шешу үшін азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің соған сәйкес ұйымдастырушылық құрылымы болады.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. Апаттық медицинаның қызметін ұйымдастыру принциптері мен
міндеттері.
2. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметін ұйымдастыру
принциптері мен міндеттері.
3. Қолайсыз жағдайлардағы зақым алған халықты емдік-эвакуациялық
қамсыздандырудың негіздері:
а) медициналық эвакуацияның кезеңдері
б) медициналық көмек түрлері
в) медициналық сұрыптау
г) медициналық эвакуация
Тақырыбы №3 . Орталық нерв жүйесінің өмірге қауіпті
Зақымдануларын диагностикалау және жедел көмек
көрсету алгоритмі.
Мақсаты:
Әр түрлі этиологиялық комалар, жүйке жүйесінің аурулары және жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, жедел көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік дағдыларды, тасымалдау ерекшеліктерін және госпитализациялауға көрсекіштерді үйрену.
Дәріс тезистері:
Соңғы он жылдықта көп жағдайда гипертониялық аурудың және артеросклероздың асқынуы болып табылатын ми қан айналамының жедел бұзылыстарының салыстармалы жиілігі жоғарылауда. Ми қан айналымының бұзылысы жиілігі бойынша Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде 2-ші орында, ал АҚШ-та 27-ші орында АГ-ның таралуы бұл елдерде бірдей және 23-25% құрайды. Сонымен қатар, инсульттар Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда 4 есе жиі кездеседі, уақытылы адекватты ем алудың болжамын жақсартады және мүгедектікке әкелетін және өлім себебі болатын асқынулардың даму қауіпін төмендету.
Бас миының ісіну синдромы тыныс жетіспеушілігі, жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, қан жоғалту, жарақат, интоксикация, бас миының ісігі, метаболикалық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар сияқты бірқатар патологиялық жағдайлар нәтижесі болып табылады.
Бұл жағдайлардың патогенезін, клиникасын жедел көмек принциптерін білу уақытылы диагностикалауға және осы науқастарды тиімді емдеуге қажет.
Жедел психикалық бұзылыстары бар науқастардың едәуір бөлігі жедел жәрдем пациенттері болып табылады. Халықтың жедел жәрдемге хабарласуының негізгі себебі - жедел психикалық бұзылыстармен шақырылған науқастардың мінезінің өзгеріп, бар психикалық аурулардың декомпенсациясы болып табылады.
Психикалық бұзылыстардың жиі кездесетін белгелері ортасына қарсы әрекеттер болып табылады. Психоз жағдайындағы науқастардың әрекеті науқастың өзіне де, сонымен қатар, ортасына да қауіпті болады. Болжамы - қолайсыз өйткені психоздар жиі кезеңді және көптеген аурулардың асқынулары болып табылады. (Бас миының және оның қабықшаларының органикалық зақымдаруларының қатерлі ісіктері, бас сүйегінің жарақаты, ауыр соматикалық аурулар, интоксикациялар) .
Науқасқа шақыруға баратын жедел жәрдем дәрігерінің міндеті қозуды басатын симптоматикалық шаралар өткізуге, науқастың, оның айналасындағылардың және медперсоналдардың қауіпсіздігін ескере отырып госпитлизациялау туралы сұрақтарды шешуге бағытталады.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. Менингит, энцефалиттің диагностикасы және жедел жәрдем
2. Бас сүйек ми жарақатының диагностикасы және жедел жәрдем
3. Ошақты және жалпымилық неврологиялық белгілер
4. Бас миының ісінуі. Клиникасы. Диагностикасы. Жедел жәрдем.
5. Санасы жоқ науқасты тасымалдау
6. Эпистатус кезіндегі жедел жәрдем
7. Психикалық аурулары бар науқастарды госпитализациялауға көрсеткіштер
- Психикалық аурулары бар науқастарды күштеп госпитализациялауға көрсеткіштер
- Психикалық аурулары бар науқастарды тысамылдау қалай жүргізіледі
Тақырыбы №4. Тыныс алу жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларын
диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі.
Мақсаты:
Тыныс алу жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларынының себептерін, клиникасын, диагностикасын және тәжірибелік дағыларды үйрену: ӨЖВ, жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру, ЖТЖ кезінде және одан кейінгі тәжрибелік қызметтер кезінде қолдану.
Тыныс ағзаларының ауруларының және кеуде клеткасының травмасының этиологиясын, патагенезін клиникасын, диагностикасын және дифференциальды диагностикасын, тасымалдау ерекшеліктерін және госпитализациялауды үйрену. Балалардағы гипертермиялық және тырысулық синдромдарды диагностикалауды және жедел көмек көрсетуді үйрену.
Дәріс тезистері:
Жедел тыныс жетіспеушілігі дегеніміз бірнеше күн, сағат немесе минут ішінде тез дамитын және прогрессирленуге тенденциямен сипатталатын, жедел диагностиканы және жедел ем шаралар қажет ететін синдром болып табылады. Уақытылы көмек көрсетілмеген жағдайда өкпедегі қан оксигенациясының бұзылып жоғарылайды, гиперкапния пайда болады және күшейеді, ОНЖ-сінің функциясының бұзылуымен жүретін ауыр қан айналым бұзылыстары қосылады. Коматазды жағдайлар қосылуымен жедел тыныс жетіспеушілігі әртүрлі жедел және созылмалы аурлардың өршуі кезінде дамуы мүмкін.
Бронхтық астма нозологиялық форма түрінде Қазақстанда актуальді, оның таралуы ересек адамдардың 3%-нда құрайды және балаларда 5%-дан көп, яғни жалпы елімізде шамамен 7 млн. науқаста БА кездеседі. Бронхтық астма - халық арасында едәуір кең таралған ауру.
Созылмалы обструктивті бронхит - ересек адамдар арасында таралуы 16% -ды құрайды, ал мұндай науқастардың жалпы саны 3, 5 млн-ға тең. Тыныс азғаларының созылмалы өтетін аурулары құрамында созылмалы бронхит үлесі 70-80%-ды құрайды.
Күрделі өндірістік мекемелердің және қалалардағы көшелік қозғалыстардың интенсификациясының, өндірістік химияның, өзіндік емделудің, соның ішінде седативті заттармен емделудің пайда болуы тыныс бұзылысы мен жүретін қолайсыз жағдайлардың саны елдәуір жоғарылады.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. ЖТЖ-нің жіктемесі.
2. ЖТЖ-і кезінде бірінші жедел көмек көрсету.
3. Астмалық статустың себептері.
4. Астмалық статустың клиникалық формаларын жіктеңіз?
5. Астмалық статус кезіндегі жедел көмек.
6. Стеноздалушы ларинготрахеит. Диагностика. Жедел көмек.
7. Өкпелік қан кету. Диагностикасы. Жедел көмек.
Тақырыбы №5. Жүрек - қантамыр жүйесінің өмірге қауіпті
зақымдануларын диагностикалау және жедел
көмек көрсету алгоритмі.
Мақсаты:
Жүрек-қантамырлық жіті жеткіліксіздікті, коронарлық жіті синдромды, гипертониялық криздерді, ырғақ және өткізгіштіктің бұзылу синдромын диагностикалау. Жедел көмек көрсету дағдыларын, тасымалдау және госпитализациялауды үйрену, госпитализациялауға көрсеткіштерді және науқасты тасмалдауға көрсеткіштер мен ерекшеліктерін үйрету.
Дәріс тезистері:
Дәл қазіргі күні кенеттен өлімнің негізгі себебі жүректің ишемиялық ауруы бірінші орында тұр. Көптеген науқастар жүректің ишемиялық ауруының жедел ұстамасынан ауруханаға дейінгі этапта, медициналық көмек алмай қайтыс болады. Емдеу тактикасы дамып жатқан жедел ұстамасы және гемодинамиканың көмек көрсету үшін стационарға жедел, міндетті түрде жеткізуге негізделген. Кенеттен жүректік өлімнің себебі әсіресе жас және егде жасы басқа аурулар болуы мүмкін, ал бұл реанимациялық шаралар схемасына кейбір өзгерістер ендіруді қажет етеді. Ритмнің және өткізгіштіктің бұзылуы миокард инфарктінің және барлық ишемиялық аурулардың едуәір жиі асқынулары болып табылады.
Е. И. Чазов мәліметтері бойынша олар ірі ошақты МИ-сі бар науқастардың ЭКГ-де 87-100% анықталады, ал майда ошақтыда - 71 %. Алғашқы 4 сағатта өлім себебі көбінсе қарыншалар фибрилляциясы, ал одан кейін кардиогенді шок болады. Бұл жағдайларда эффективті уақытылы ем көрсету болжамды жақсартады және науқастардың тірілуі жиі байқалады.
Гипертониялық криздер нервті-тамырлық және гуморальді бұзылыстармен артериялық қысымының біршама кенеттен жоғарылауы. Көбінсе криз эссенциальді гипертония кезінде дамиды, сирек жағдайда симптоматикалық кезінде. Бейімдеушілер факторлар неврті-психикалық әсерлер (алкоголь, ауа райының өзгеруі, гипертензивті дәрілерді алып тастау) болып табылады. Артериялық қысымының кенеттен жоғарылауы (қалыпты саннан жоғары және 180/100 мм с. б. б. дан жоғары) өмірге қажетті ағзалардың ауторегуляциясының бұзылуына әкеледі және мидың, жүректің, тамырлардың және бүйректің зақымдалуын шақырады. Ми қан айналымының бұзылысы, жиілігі бойынша Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде 2-ші орында, ал АҚШ-та 27-ші орында, АГ-ның таралуы бұл елдерде бірдей және 23-25% құрайды. Сонымен қатар, инсульттар Батыс Европа елдеріне қарағанда Қазақстанда 4 есе жиі кездеседі. Уақытылы адекватты ем аурудың болжамын жақсартады және мүгедектікке әкелетін және өлім себебі болатын асқынулардың даму қауіпін төмендетеді.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. Жүрек-қантамырлық жіті жеткіліксіздігінің диагностикалау алгоритмі,
жедел жәрдем көрсету принциптері.
2. Коронарлық жіті синдромның диагностикалау алгоритмі, жедел жәрдем
көрсету принциптері.
3. Гипертониялық криздердің диагностикалау алгоритмі, жедел жәрдем
көрсету принциптері.
4. Ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуының диагностикалау алгоритмі, жедел
жәрдем көрсету принциптері.
Тақырыбы №6. Аллергиялық және инфекциялық аурулар кезіндегі
өмірге қауіпті зақымдануларын диагностикалау және
жедел көмек көрсету алгоритмі.
Мақсаты:
Аллергиялық реакциялардың этиология, патогенез, клиника диагностикасын оқу, және жәндік, жылан шаққан кездегі, әсіресе анафилактикалық шок және әр түрлі типтегі аллергиялық реакциялар кезіндегі жедел терапия көрсетудегі тәжірибелік дағдыларды үйрену, тасымалдау және госпитализациялау ерекшеліктерін білу.
Дәріс тезистері:
Жедел аллергия дүние жүзінде жиі кездесуде. Бұл ғылыми техникалық дамудың нәтижесінде, қоршаған ортаға зиянды әсерлі техногенді өнімдердің шығарылуынан әр түрлі улар мен аллерген концентрациясы мен мөлшерінің жоғарылауына байланысты. Сонымен қатар халықтардың миграциясының көбеюінен, адамдар популяциясы және аллергиялар мен уларындықты меншігі, субстраты арасындағы қарым қатынастың кеңеюіне алып келетін де маңызы бар.
Соңғы уақытта бүкіл дүние жүзінде халықтардың аллергиялық өсуде, нәтижесінде аллергиялық аурулармен ауыру көбеюде. Бұл өз кезіндегі өндірістің химиялизациялануынына және тұрмыстық өмірге кең көлемінде химияның өндірілуіне байланысты.
Қазіргі таңда бүкіл халықтың 10% аллергиялық аурудың кез келген бір түрімен ауырады. Осыған орай осы саладағы нозологияларды зерттеу, оларға қарсы бағытталған күрес әдістерін оның ішінде жедел шараларды ұйымдастыру медицина үшін, бүкіл қоғам үшін өте маңызды.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. Анафилактикалық шок кезіндегі диагностика және жедел жәрдем
2. Бронхтың демікпе диагностика және жедел жәрдем
3. Жәндік, жылан шаққандағы аллергиялық реакция диагностика, жедел
жәрдем
4. Полинноздар диагностика, жедел жәрдем
5. Егуден кейінгі асқынулар диагностика, жедел жәрдем
6. Есекжем Квинке ісігі кезіндегі диагностика, жедел жәрдем
Тақырыбы№ 7. Шоктық жағдайлардағы диагностикалау және жедел
көмек көрсету алгоритмі
Мақсаты:
Шоктың жіктелуін, клиникасын, диагностикалау алгоритмін және
жедел жәрдем көрсету принциптерін үйрету
Дәріс тезистері: Шок- гемодинамиканың жалпы жедел бұзылысы жасушаларда оттегі тапшылығының өрістеуімен және бастапқы кезде жасушалардың қайтымды, кейін қайтымсыз зақымдануымен сипатталатын гемодинамиканың жалпы жедел бұзылысы. Шоктың түрлері: гиповолемиялық, травмалық, кардиогенді, септикалық, анафилактикалық, күйіктік, аралас. Шоктың барлық түрлерінің негізгі белгісі абсолюттік немесе салыстырмалы гиповолемиялық синдром болып табылады. Гиповолемиялық (постгеморрагиялық) шок жедел қ көп қан кетуден дамиды. Бұл кезде айналымдағы қан көлемінің төмендеуінен жүректің соғу көлемі төмендеп, орталық вена қысымы мен артериальді қысым төмендейді. Травмалық шок- жарақат алған жерден орталық нерв жүйесіне қатты ауырсыну импульсациясының баруынан пайда болады. Күйіктік шокта травмалық шоктағыдай дамиды. Кардиогенді шоктың негізінде жедел жүрек жетіспеушілігі жатыр. Септикалық шоктың негізінде микроциркуляция жүйесіне эндотоксиндердің әсері жатыр. Анафилактикалық шок организмге аллергеннің қайта түсуінен қанға гистамин, серотонин және басқада биологиялық белсенді заттардың шығуынан дамиды.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Турланов К. М., Калкабаева С. А. Жедел медициналық жәрдем беру. Алматы. 2004ж.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс) :
1. Шоктың даму механиздері, түрлері
2. Шоктың түрлеріне байланысты клиникасы
3. Шокты диагностикалау алгоритмі
4. Жедел жәрдем көрсету принциптері
Тақырыбы №8. Комалар кезіндегі диагностикалау және жедел көмек
көрсету алгоритмі.
Мақсаты:
Әр түрлі этиологиялық комалардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, жедел көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік дағдыларды, тасымалдау ерекшеліктерін және госпитализациялауға көрсекіштерді үйрену.
Дәріс тезистері:
Кома бас миының зақымдану, тамыр зақымдануы, ісіктер, инфекция, эпилепсия, метаболикалық патология: уремия, қант диабеті, гипогликемия, гиперкапниялық наркоз, бауыр ауруында, микседема, арақпен улану сияқты патологиялық жағдайлар нәтижесі болып табылады.
Бұл жағдайлардың патогенезін, клиникасын жедел көмек принциптерін білу уақытылы диагностикалауға және осы науқастарды тиімді емдеуге қажет.
Комада жатқан науқастарды көргенде оның ауруының қашан басталғанын, ұзақтығын, сипатын білмегенде, мынадай тексерулер жүргізу керек:
- Болған жерді және науқастың киімін, қалай жатқанын, уланғанда газдың иісін, дәрі упаковкасын, рецептін қарау керек.
- Туысқандарынан және көршілерінен науқасты қашан соңғы рет көргенін сұрайды.
- Науқасты зерттеуі ойықтың пайда болуын, асқынуын.
Бас зақымдануы құлап қалғанда, суықтан, қатты шөлдеуден, кіші дәреті шықпай қалғаннан, пневмонияда болғанын білу керек.
Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, плакаттар
5. Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі:
Негізгі:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф., Верткина А. Л., Мирошниченко А. Г. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704.
3. Сумин С. А. Неотложные состояния: учебник. Москва, 2002.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz