«Қазақ тілі сөз жасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Бейсебаева Маншүк Кя 29-3 с

Тақырыбы «қазақ тілі сөзжасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 бет

І СӨЗЖАСАМ- ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ САЛАСЫ . . . 5 бет

1. 1 Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің зерттелуіне қысқаша шолу . . . 5 бет

1. 2 Сөзжасамдық талдау жасаудың ғылыми негізі . . . 8 бет

1. 3 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі негізгі сөзжасамдық тұлғалар туралы . . . 17 бет

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНДАҒЫ ЛЕКСИКА- СЕМАНТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДІҢ КӨРІНІСІ . . . 30 бет

2. 1 Қазақ тіліндегі субстантивтену процесі . . . 31 бет

2. 2 Қазақ тіліндегі адвербиалдану процесі . . . 38 бет

2. 3 Лексикалық мағынаның өзгеруі . . . 51 бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . 57 бет

КІРІСПЕ

Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Бұл - құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы - тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі құрылымдық мәселесі, сондықтан сөзжасам өзекті мәселе болған жерде - оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мүмкін емес. Басқа тілдерден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мүмкіндігі арқылы сөздік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жақтарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік), лексика-семантикалық тәсілдер.

Жұмыстың негізгі мақсаты- Қазақ тілі сөзжасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісін анықтау, сипаттау болғандықтан зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны да осы лексика- семантикалық тәсіл төңірегіндегі мәселелер болып табылады.

Қазақ тілінің материалдарына сүйенген ғалымдар сөзжасамның лексика- семантикалық жолы, көбінесе, омонимдік қатарда жұмсалатын сөздер арқылы жасалатынын дәлелдеген. Сонымен бірге тіліміздің өз ішкі дамуы негізінде әр түрлі семантикалық процестер, мағына дамуы, атап айтқанда, сөз мағынасының кеңуі, тарылуы, бөлшектің бүтінге айналуы, функционалды ұқсату заңы, т. б. арқылы да тілдің лексикасы баийды. Тілдегі сөз таптары арасындағы әртүрлі семантикалық процестер, бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу процестері де осы лексика- семантикалық тәсілдің бір көрінісі. Бұл процеске субстантивтену ( заттану), адъективтену ( сындық сипатқа айналу ), адвербиалдану ( үстеуге айналу ), вербиалдану ( етістікке айналу ), прономиналдану ( есімдікке айналу ) жататыны белгілі.

Тақырыпты таңдау, белгілеу кезінде қазақ тіліндегі сөз тартарының біріне- бірі ауысу құбылысын қарастыруды мақсат еткенмен, қолда бар тілдік материалдарды саралау, талдау жұмысты тіліміздегі субстантивтену және адвербиалдану құбылыстарына арнауға жетеледі. Мұны осы құбылыстардың тілімізде мол орын алатындығымен де түсіндіруге болады. Бұл жұмыстың тақырыбының өзектілігіне де дәлел болғандай.

Сонымен, жұмыстың негізгі мақсатын орындау үшін мына төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылды:

  • қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдеріне, оның ішінде лексика- семантикалық тәсілге сипаттама жасау;
  • қазақ тіліндегі субстантивтену процесінің қолданыстағы қалпын көрсету;
  • адвербиалдану процесінің сөзжасамдық өрісін белгілеу.

Мәселені зерттеу барысында сипаттама әдісі, салыстыру, мағыналық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің материалы.

Жұмысты жазу барысында Ғ. Айдаров, А. Ысқақов, Н. Оралбаева, А. Қалыбаева, М. Оразов, Қ. Қасабекова және тағы да басқа осы мәселеге қатысты зерттеулермен айналысқан тілшілердің еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. « Древнетюркский словарь» ( -М. - Л., 1969 ) мен « Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» ( - Алматы, 1959- 1674 ), т. б. алынған мысалдар талдауға түсті.

Бұл зерттеу жұмысымыз жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды осы мәселелермен толықтыруға, студенттердің білімін тереңдетуге, маман дайындығын арттыруға аз да болса көмегі тиеді. Сондай- ақ жұмыстың нәтижелерін арнайы курстар мен семинарларға қосымша пайдалануға болатындығы жұмыстың практикалық маңызын көрсетеді.

Жұмыстың құрылымы.

Диплодық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

І СӨЗЖАСАМ- ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖЕКЕ САЛАСЫ

Қазақ тілі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің бай лексикасы үнемі толығып, дамып отырған. Тілдің лексикасының үздіксіз дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Осы қажеттікті өтеу үшін, сөзжасам арқылы жаңа сөздер жасалады. Ол жаңа сөздер тілді байытады. Сондықтан тілдің сөздік құрамының баюына негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді. Бұл мәселе соңғы кездері кеңінен жазылып, жоғары оқу орындарында оқытылып келеді [1] .

1. 1 Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің зерттелуіне қысқаша шолу

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы - ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір- таласының нәтижесі. Ал пікір- таласы 1950-1970 жылдар арасында ғалымдардың сөзжасамды жан-жақты зерттеулерінің негізінде болды. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалармен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г. О. Винокур, Е. С. Кубрякова, Е. А. Земская, Н. Д. Арутюнова, А. Н. Тихонов, И. С. Улухановтарды атауға болады.

Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеулерінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болады. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген.

Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Сөзжасам мәселесінің мұндай жоғары дәрежеде көтерілуіне шетел ғалымдары В. Дреслер, Х. Брекла, Д. Кастовский, Л. Липки, Э. Ульямс, Т. Репер, В. Мотш, М. Хакле сияқты ғалымдардың ғылыми зерттеулері себеп болды деп жазды осы конгреске қатысқан Е. А. Земская және Е. С. Кубрякова [2] .

Бұл дүниежүзілік Конгрестің сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейтуге әсері күшті болды. Конгресс сөзжасамды зерттеуге үндеу жасағандай қызмет атқарды. Жер- жерде, түрлі елдерде ғалымдар сөзжасам мәселесін зерттеуге назар аудара бастады.

Сөзжасам мәселелеріне шетел лингвистері әр қилы тұрғыда, түрлі анықтамалар 6epin келеді (М. Бреаль Дармстетер, Ж. Вандриес, Л. А. Булаховский, В. Дорошевский, Ф. де Соссюр, И. Трир, А. Шафф, т. б. ) .

Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф. А. Ганиев өзінің сөзжасам мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам татар тіл білімінің бір саласы” деген тақырып бөліп, онда осы мәселені жан- жақты дәлелдеген [3] .

Түркі тілдерінде бұл мәселенің түрліше қаралып жүргенін көрсетіп, түркологтардың ішінде тек жекелеген (А. Габен) ғалымдардың ғана сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп танитынын келтіреді. Ф. А. Ганиев сөзжасамның заңдылықтарының грамматика, оның ішінде морфология заңдылықтарынан басқа екенін дәлелдеген. Оның бір дәлелі ретінде сөзжасам жұрнақтары санаулы сөздерге ғана жалғанатынын, ал морфология қосымшаларының сөз талғамайтынын келтірген. Бұл сияқты келтірген ғалым дәлелдері жеткілікті.

Ф. А. Ганиев сөзжасам мәселелерінің басқа салалардан өзгеше екеніне сүйеніп, оны тіл білімінің жеке саласы деп қорытады: оны ғалымның өз сөзімен келтірейік: “ . . . словообразование татарского языка представляет собой самостоятельную лингвистическую дисциплину, имеющую свою четко ограниченную проблематику. В татарском языкознании давно назрела необходимость выделения словообразования как одной из дисциплин науки о языке, ограничив его от грамматики, и от лексикологии” - дейді [3, 21] .

Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары Академияның тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді.

Зерттеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыда зерттеудің нәтижесі болды, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді [1] . Осы монографияға дейін сөзжасам мәселесін кең қамтыған бірде-бір еңбек жоқ болды. Сөзжасамның жеке мәселелеріне арналған, мысалы, туынды түбір етістіктерге арналған, тағы да сондай біраз еңбектер бар болатын. Бірақ олардың бәрі сөзжасамның жеке мәселелеріне арналған.

Ал жоғарыда аталған монографияда сөзжасамның негізгі мәселелері толық қамтылды деуге болады. Тек онда екі сөз табының сөзжасамы берілмеді:

1) Сан есімнің сөзжасамы монографияда жоқ. 1988 жылы сан есімнің сөзжасамы туралы Н. Оралбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі” монографиясы шыққан болатын және 1989 жылғы монографияның көлемі онсыз да үлкен еді [4] . Осы себептермен монографияға сан есім сөзжасамы енбеді.

2) Сын есім сөзжасамы да монографияда жоқ, ол автордың ауырып қалуына байланысты қосылмай қалды.

1989 жылғы “Монографияны” Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов.

Монография екі үлкен бөлімнен тұрады:

1) сөзжасамның жалпы мәселелері,

2) сөз таптарының сөзжасамы.

1-бөлімде сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы екені дәлелденген. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы көрсетіле отырып, оның өзіндік зерттеу нысанасы бар екені, өзіндік даму жолы, заңдылықтары мен ерекшеліктері дәлелденді. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық талдау, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам бірліктері (единицалары), сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық мағына негізділігі, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, тип, үлгі т. б. осы сияқты қазақ тіл білімінде бұрын мүлдем зерттелмеген т. б. мәселелер тұңғыш рет осы монографияда сипатталды.

Бұл мәселелер сөзжасамның жалпы теориясына жатады. Сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері бұрын зерттелмегендіктен, олардың ғылымда терминдері де болмаған. “Монографияда” осы жаңа қойылған мәселелердің терминдері тұңғыш рет ғылыми айналымға түсті. Мысалы сөзжасам деген терминнің өзі алғаш 1989 жылғы “Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі” деген монографияда қолданылған болатын, ол термин екінші рет аталған монографияда қолданылып, өз статусын бекітті. Аталған “Монография” алғаш рет сөзжасамның жалпы теориялық мәселелерінің негізін қалады. Әрине, онда сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері толық шешілді деуге болмайды.

Сөзжасам тіл білімінің жас саласы, оның көп мәселелері зерттелуін күтіп тұр. Бірсыпыра жас ғалымдар сөзжасам мәселелерін қазір зерттеу үстінде, келешекте сөзжасам мәселесін зерттеу жақсы қарқынмен іске асатыны сөзсіз, басталған мәселенің жалғаспай қалуы мүмкін емес.

“Монографияның” екінші бөлімі сөз таптарының сөзжасамына арналған. Бұл мәселеде қазақ тіл білімінде айтарлықтай зерттеулер жасалған болатын. Сөзжасамды зерттеу қазақ тіл білімінде жеке сөз таптарының сөзжасам мәселелерінен басталғаны белгілі. Сөз таптары сөзжасамының зерттелуі 1949 жылдардан басталады. Ә. Төлеуов 1949 жылы есім сөздердің жұрнақ арқылы жасалуын зерттеп, одан кандидаттық диссертация қорғады [5] . Осы жылы А. Хасенова (Қалыбаева) етістіктің етістіктен жасалуын етіс категориясы арқылы зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады [6] .

1956 жылы Б. Құлмағанбетова етістіктің жұрнақ арқылы жасалуын зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады [7] . Бұлар сөзжасам бойынша алғашқы зерттеулер, олардан сөзжасамды зерттеу сөз таптарының сөзжасамынан басталғаны анық көрінеді. Бұл тұрғыдағы зерттеулер кейін де жалғасты. Мысалы, А. Хасенова (Қалыбаева) 1960 жылы туынды түбір етістіктер мәселесінен әйел тілшілердің ішінен бірінші болып докторлық диссертация қорғады[8] .

Сонымен 1989 жылғы “Монография” сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп дәлелдеумен бірге сөзжасамның тың мәселелерін көтеріп, оларды жаңа бағытта зерттеуге жол ашты, сөзжасамның бұрын ешқашан зерттелмеген жалпы теориялық ұғымдардан мағлұматтар беріп, оларды, олардың терминдерін ғылыми айналымға қосып, сөзжасамның теориясының негізін қалады, сөз таптарының сөзжасамын толықтырып, оны жаңаша зерттеудің жолын көрсетті, әлі де ашылмаған, зерттеуді қажет ететін мәселелерге нұсқау жасады, бағытын анықтады.

Бұдан кейін ғалымдар Н. Оралбаеваның, Б. Қасымның, А. Салқынбайдың сөзжасам мәселесіне арналған еңбектері шыға бастады. Мұны сөзжасам саласының әбден қалыптасқан салаға айналып, орныға бастағаны деп түсінген жөн.

1. 2 Сөзжасамдық талдау жасаудың ғылыми негізі

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуына байланысты морфологиялық талдаудан сөзжасамдық талдауды бөліп қарау қажеттігі туды. Сондықтан қазір морфологиялық талдау деген термин тілдің морфология саласына байланысты қолданылады да, сөзжасамдық талдау сөзжасам мәселелерін қамтиды. Екеуінің мақсаты да, мазмұны да басқа-басқа, оларды ажырата білу керек.

Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қалай жасалғанын, туынды мағынаны жасаған сөзжасамдық бірліктерді анықтау мақсаты көзделеді. Өйткені әр туынды сөздің құрамы белгілі сөзжасамдық бірліктерден тұрады. Ол үшін сөзжасамдық бірліктерді білу қажет. Қандай болмасын туынды сөздің құрамында туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын негіз сөз болады. Ол негіз сөз біреу де, бірнешеу де бола береді. Мысалы, балалық, қалашық, жазала деген туынды сөздерде бала, қала, жаза сөздері негіз сөз болғанын анықтау, табу керек. Ол үшін бала, қала, жаза сөздерінің басқа жағдайда осы мағынада қолданылатынына, сөздіктегі мағынасына сүйену керек. Мысалы, балам бар, қалада тұрамын, жаза қолданылмады сияқты қолданыстағы олардың мағынасы туынды сөздегі негіз ретіндегі мағыналарымен бірдей. Бұл - сөзжасамдық талдауда негіз сөздің дұрыс анықталғанының көрсеткіші.

Күрделі сөздер екі-үш негіз сөзден құралады, сондықтан күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы негіз сөздердің мағыналарынан құралады, туынды мағынаны жасауға негіз сөздерден басқа тілдік бірліктер қатыспайды.

Туынды сөзге келесі талдау негіз сөз анықталған соң, оның туынды сөзбен мағыналық байланысын анықтау керек. Туынды сөз аталуының мағыналары олардың негіз сөздерімен байланысты болуы - негізгі заңдылықтардың бірі. Сондықтан негіз анықталған туынды сөздердің мағыналарын негіз мағыналарымен салыстыру керек. Мысалы, ақта, күрек, сырлы (аяқ) деген туынды түбірлерді олардың негіз сөздері ақ, күре, сыр сөздерімен салыстырып, ақ - ақта, күре- күрек, сыр- сырлы сөздерінің мағыналық байланысын дәлелдеу керек. Мұндай мағыналық байланыс жоқ жерде туынды түбір дұрыс анықталмаған болып шығады. Мысалы, балта, балшық сөздері сырттай бал негіз сөзінен жасалғандай болып көрінеді, бірақ ол дұрыс емес . Балта сөзінің мағынасы бал (жейтін) атауына да, бал ашу дегендегі бал атауына да ешбір қатысы, жақындығы жоқ және сөздегі қосымша да =шық жұрнағы болып бөлінбейді. Бұл сөздерді талдау негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы заңдылығына сай келмейді.

Өйткені туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің лексикалық мағынасы негізінде жасалатындықтан, негіз сөз бен туынды сөз мағынасындағы байланыс мұнда жоқ. Олай болса, балта, балшық сөздері туынды сөз емес, олардың құрамын бөлуге болмайды.

Бұдан туынды сөздерді талдауда негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысын іздеу қажеттігі анық көрінді.

Негіз сөз үнемі негізгі түбірден бола бермейтіні белгілі. Мысалы, Егіншілер егінді оруға кірісті деген сөйлемде егінші деген туынды түбір қолданылған. Оның негіз сөзі - егін , ол - туынды түбір. Сонда туынды түбір сөз егінші деген түбірдің негіз сөзі қызметінде қолданылған. Егінші деген туынды түбірдің мағынасы егін деген негіз сөздің мағынасынан жасалғандықтан, егін мен егінші сөзінің мағынасы байланысты. Ал Екібастұздық адам деген туынды түбірдің мағынасы Екібастұз деген атаудың негізінде жасалған. Сондықтан Екібастұз бен Екібастұздық деген сөздердің мағыналастығы оларды талдауда сүйенерлік дәлел болады[1. 77] .

Сонымен сөзжасамдық талдауда негіз сөзді табу, дұрыс белгілеу арқылы бір жағынан негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы анықталады, екінші жағынан ол туынды сөз жасаушы оның құрамындағы сөзжасамдық басқа бірліктерді табуға көмектеседі.

Туынды сөздің жасалуына негіз сөзбен бірге сөзжасамдық жұрнақ та қатысқан туынды түбірлерді талдағанда, негіз сөз анықталған соң, оның құрамындағы сөзжасамдық жұрнақты табу керек. Мысалы, балалық, қалашық, жазала туынды түбірлерінің негіз сөздері анықталды, енді олардағы =лық, =шық, =ла сөзжасамдық жұрнақтарының тілде барын тексеру керек. Ол үшін оларды осы жұрнақтармен келген басқа туынды түбірлермен салыстыру керек. Мысалы, қалалық адам, кішкене көлшік, көлді жағала. Бұл туынды түбірлер де =лық, =шік, =ла жұрнақтарымен жасалған. Олай болса, тілде ол жұрнақтар бар. Екі қолданыста да =лық сын есім жасап, =шық/=шік зат есімнің кішірейту мәнін берген, =ла зат есімнен етістік жасаған. Мұнда жұрнақтардың тілде бары, сөз табына қатысы, мағыналары анықталды.

Тілдей кейде туындыдағы негіз сөз жеке қолданылмайтын кездері де болады. Мысалы, момын, момақан, момыш сөздері сияқты түбірлес туындылар да тілде кездеседі. Бұлардың бәріне ортақ болып тұрған мом деген негіз сөз жеке қолданылмайды. Осы қосымшалармен ғана, осы құрамда ғана кездеседі. Мұндай туындыларды орыс тіл білімінде байлаулы түбірлер (связанныекорни) дейді. Бұларды талдағанда, мағыналас, түбірлес туындыларда мом негізінің бір мәнде қолданылдын дәлел тұту керек. Өйткені бұл туындылардағы негіз сөз -мом жеке қолданыста жоқ, сөздіктерде реестр сөз ретінде берілмейді. Мұндай сөздер тілде бірақ бар.

Туынды түбірлердің құрамындағы негіз сөз анықталған соң, оның құрамындағы негіз сөзден басқа сөзжасамдық бірліктерді ажырату керек. Олардың әрқайсысы негіз сөздің мағынасын басқа мағынаға өзгерткен жұрнақ деп танумен бірге, олардың қай сөз табының сөзжасамдық жұрнағы екенін анықтау керек. Ол үшін осы жұрнақтардың осындай мағынада басқа туындыларда қолданылатынын дәлелдеу керек. Мысалы, далалық, аналық, үйшік, көлшік, ойла, сыйла сияқты туындылармен салыстырып, тілде сын есім, зат есім, етістіктің ондай жұрнақтарына сүйеніп, жоғарыдағы туындылардың сөзжасамдық жұрнақтарын дәлелдеу керек.

Сөзжасамдық талдауда негіз сөз бен туынды сөздің морфемдік құрамына да көңіл бөлу керек. Қашан да негіз сөзден туынды түбірдің морфемдік құрамы күрделі болады. Ол сөзжасамдық талдауда сүйенерлік белгі бола алады. Анығырақ айтқанда, негіз сөзден туынды түбірдің бір морфемасы артық болатынын да талдауда тірек, дәлел ету керек. Мысалы, тіл-тілгіш, қара-қарала, сән-сәнді (киім), бал-балгер т. б. осы сияқты туындыларды талдағанда, негіз сөзден жасалған туындылардың бір морфемасы артық екені де басқа дәлелдермен бірге сүйенерлік белгі бола алады.

Алайда ол барлық туынды сөз атаулыға қатысты деуге болмайды. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туындыларды бұл белгімен дәлелдеуге болмайды. Ондай туындылардың морфемдік құрамында өзгеріс болмайтынын естен шығаруға болмайды. Мұндай жағдайда ондай туындылардың бұрынғы мағынасына бір мағына қосылғанына сүйену керек. Ондай сөздердің тілде ең кемі екі мағынасы болады. Мысалы, аттың екпіні күшті дегендегі екпін сөзінің бір мағынасы болады. Мысалы, аттың екпіні күшті дегендегі екпін сөзінің бір мағынасы болса, термин екпіннің мағынасы одан басқа [1. 79] . Сонда тілдегі екпін сөзінің мағынасына, ғылыми терминнің мағынасы қосылып, ол екі түрлі мағыналы сөзге айналды. Мұндай жағдайда сөз мағынасының өсуі оның белгісі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдері
Сөзжасам ұғымы және оның құралдары туралы
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Сөздің құрылысы мен құрылым жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz