Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
Кіріспе
1. Имам Матуриди өмірі мен еңбектері
1.1 Имам Әбу Мансұр Матуридидің өмірі
1.2 Имам Матуридидің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар
1.3 Имам Матуридидің тауил мен тафсир ұғымдарын ашып түсіндіруі
1.4 Матуридидің еңбектері мен кейінгі замандардағы елеусіз қалуы
2. Құранда иман мәселелері жөнінде
2.1. Құранда «иман» ұғымы мен шарттары
2.2. Құранда тағдыр мәселесі
3. Имам Матуридидің иманға қатысты көзқарастары мен Құран аяттарын түсіндіруі
3.1. Иманды түсіндіруі
3.2 Иман мен амал, иман мен ислам арақатынасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жалпы дін құбылысын бірнеше қырынан қарастырып, талдауға болады; теологиялық, саяси, психологиялық, танымдық, құндылықтық т.б. Қоғам жеткен жетістіктері мен кемшіліктері тарапынан әртүрлі құбылыстарды бастан кешіріп отырады. Қазіргі ислам дінін ұстанатын елдердің жағдайы сенімдік-доктриналық танымның дұрыс түсіндірілмеуі салдарынан туындаған психологиялық көрініс деуге негіз бар. Қазақстан мұсылмандары қауымы арасында да «куфр», «ширк», «бидға» сынды терминдерді қолданушылар санының бар екендігін айтқымыз келеді. Бұл мәселе ұлттың тұтастығына, елдің ауызбіршілігіне, мемлекетіміздің баяндылығына қауіп төндіріп тұр. Осы орайда дәстүрлі діни танымды тану, зерттеу, зерделеу, сенімдік-доктриналық, аскиологиялық, құқықтық қабаттарын қалпына келтірудің маңыздылығы жоғары. Дін – қоғамның барлық қабаттарын қамтитын маңызды процесс. Исламның «Әһлі Сунна» деп аталатын бөлігінің, діни тәжірбиесінде ең басты сенімдік екі мәзһабтың бірі ретінде танылған Матуридия мектебінің мәні, тарихы мен таралған аймағы, өкілдері мен еңбектері, доктриналық ерекшеліктері мен қазіргі жай-күйі өзекті тақырып. Қазақстанның «зайырлы» қоғамы деген механизмді жетілдіруге де септігін тигізеді. Зерттеу жұмысымда тақырып етіп алынған имам Матуридидің иманды түсіндіруі, әрі Матуридия мәзхабының иман мәселесіндегі басқа мәзхабттардан ерекшеліктері – біздің діни танымыдық, сенімдік-доктриналық негізімізді айқындауда орны ерекше.
Кешегі Кеңестік қоғамда, діни таным қабаттарының платформасына көңіл бөлінбеген болатын. Бүгінде қазақ мәдениетіне, діни бастауларына балта шауып, мәдениеттің өзегі болған дінді жоққа балап, жаңаша дәстүр мен діни шарттар әкеліп үйреткісі келетіндер де баршылық.
Қазіргі таңда, Матуридия мәзһабын тануға деген қызығушылық Орта азия мен Қазақстанда артып отыр. Мұның себебі де сол елдердегі діни жағдаймен, яғни «саяси ислам» құбылысынан туындады деуге толық негіз бар. Әлемдегі соңғы жылдардағы «саяси ойындар» нәтижесінде исламофобия процесі қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе «Ислам Мемлекеті» тарапынан жасалған әрекеттер бей жай қалдырмасы анық.

1. «Kitabü’t-Tevhid Tercümesi» çev: Bekir Topaloğlu, İsam yayınları, Ankara, 2005, önsöz,XVIII.
2. Muhammed b. Ömer b. Hüseyin Fahreddin Razi «Kelama giriş»(el-Muhassal) çev:Hüseyin Atay, Ankara Ünıversitesi yayınları:140
3. Қалмахан Ержан, Матуридия ақидасы – Әбу Ханифа ілімінің жалғасы. Алматы, Баспалар үйі, 2014.
4. İmam Ebu Yusr Muhammed Pezdevi, “Ehli Sunnet Akaidi”, Kayıhan yayınları,
5. Mustafa Sait Yazıcıoğlu. “Matüridi kelam ekolunun iki büyük siması: Ebü Mansur Maturidi ve Ebu’l Muin Nesefi”, Ankara 2010
6. Sıddık Korkmaz «İmam Ebu Mansur el-Maturidi’nin hayatı ve eserleri» http://www.academia.edu
7. Уильрих Рудольф. Ал-Матуриди и суннитская теология в Самарканде, Алматы: Фонд «ХХІ век», 1999.
8. Bekir Topaloğlu , “Kitabü’t-Tevhid” md. TDV İslam ansiklopedisi, XXVI
9. Данияр Шалқаров «Матуридийа теологиялық ілімінің негізгі қайнар көздері», http://www.bilgelerzirvesi.org
10. Алау Әділбаев, “Әбу Ханифаның ақидаға қатысты еңбектері”, Алматы, 2013
11. İlyas Çelebi, “Ebu Hanife’nin kelamcılıgı, İtikada dair eserleri ve bunların otantik olup olmadiği meselesi. İmam-i A’zam Ebu Hanife ve Düşünce sistemi”, Sempozyum, Bursa 2005
12. Şaban Ali Düzgün “İmam Matüridi ve Semerkand bölgesinde ana düşünce” “Matüridinin Düşince Dünyası” T.C Kültür ve Turizm Bakanlığı, Ankara 2011
13. Ислам энциклопедический словарь «Иман»,«Наука» 1991
14. İslam Ansiklopedisi 5/2 “Küfür”: Eskişehir, Anadolu Üniversitesi
15. Temel Yeşilyurt “Matüridilik:Önemli isimler ve temel ilkeler” “Kelam”, Ankara, 2012
16. Yusuf Şevki Yavuz, 2003 “Matüridiyye” Ankara 28/166
17. Имам Ағзам Әбу Ханифа «Әл-Фикһул Әкбар» Алматы 2014, ауд: Ризабек Ілімбаев.
18. B.Topalıoğlu; Y.Yavuz; İ.Çelebi “İslamda inanç esasları” İstanbul, 1991
19. Сәкен Өзбекұлы, Мұхан Исахан «Ислам және кәләмдық мәзхабтар тарихы» Алматы 2009;
20. «Sistematik Kelam» ed:Ahmed Aklbulut “ankuzem” No:03, 2007
21. M. Saim Yeprem, “Mâtürîdî'nin akîde risâlesi ve şerhi”, FAV Yay., İstanbul 2000
22. Ahmed b. Mahmûd es-Sâbûnî, “el-Kifâye fi'l-hidâye”, Lâleli ktp., nr. 2271
23. Ahmed Saim Kılavuz, “”İman Küfür Sınırı” Marifet yayınları,1997
24. Ebü'l-Muîn “Tabsıratü’l edille fi usuli’d-din”., Tenkidli neşri. Hazırlayan Prof. Dr. Hüseyn ATAY, 1 c., Ankara – 1993.
25. Beyâzîzâde Ahmed Efendi, el-Usûlü'l-münîfe li'l-İmâm Ebî Hanîfe (İmam-ı Azam Ebû Hanîfe'nin İtikadî Görüsleri, nsr. İ.Çelebi),FAV Yay., İstanbul, 2000
26. Mustafa Öz, “İmam -ı Âzam'ın Bes Eseri”, MÜ İlahiyat fak. 2009
27. el-Matüridi, “Te'vilaitu'l-Kur'an”, : Bekir Topaloğlu ve dğr., I, 506, V, 138, IV, 245, XII
28. Mustafa Sinanoglu, "İman", DİA, İstanbul 1997, XXII, 212
29. Abdülkâhir el-Bagdadî, “Mezhepler Arasındaki Farklar” (el-Fark beyne'l-fırak, trc. E. Ruhi Fıglalı)
30. Hülya Alper, İmanın Psikolojik Yapısı, Ragbet Yay., İstanbul 2007
31. Имам Әбу Ханифа өсиеті, ауд:Ризабек Ілімбаев, Алматы, Баспалар үйі, 2014
32. Kâfi Dönmez, "Amel", “İslamda İnanç İbadet ve Günlük Yaşayış Ansiklopedisi”, İstanbul 1997, I
33. Sabri Yılmaz, Kelamda Te’vil Sorunu, Ankara 2009
34. Şaban Ali Düzgün “Matüridinin Düşince Dünyası” T.C Kültür ve Turizm Bakanlığı, Ankara 2011
35. “Қазақстан Республикасының Конституциясы” Алматы:Жеті Жарғы,2011.
36. Досай Кенжетай «Матуриди мұрасының Қазақстанның болашағы тұрғысынан маңызы» Халықаралық Матуриди симпозиумы. Түркістан 2015
37. Şaban Ali Düzgün “Islam Inanc Esaslari” Ankara, 2013
38. Hüseyin Aydın “Meleklere iman” “Islam Inanc Esaslari” Ankara, 2013
39. Hüseyin Atay “Kuranda Iman esaslari” Atay yayinevi, Ankara 1998
40. Kutlu Sönmez, “İmam Maturidi ve Maturidilik Söyleşisi I” http://www.sonmezkutlu.net
41. Ebul Muin en Nesefi “Maturidi akaidi”(Bahrul kelam) ter:Ramazan Biçer
Gelenek yay.2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қорғауға жіберілді
_________2015ж
Дінтану кафедрасының
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
5В021100 – Теология мамандығы
Орындаған
Ғылыми жетекшісі,
Түркістан 2015
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Имам Матуриди өмірі мен еңбектері
1. Имам Әбу Мансұр Матуридидің
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
2. Имам Матуридидің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Имам Матуридидің тауил мен тафсир ұғымдарын ашып түсіндіруі ... 15
4. Матуридидің еңбектері мен кейінгі замандардағы елеусіз қалуы ... ... ..20
2. Құранда иман мәселелері жөнінде
2.1. Құранда иман ұғымы мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2. Құранда тағдыр
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34
3. Имам Матуридидің иманға қатысты көзқарастары мен Құран аяттарын
түсіндіруі
3.1. Иманды
түсіндіруі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..37
3.2 Иман мен амал, иман мен ислам
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 53
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы дін құбылысын бірнеше қырынан
қарастырып, талдауға болады; теологиялық, саяси, психологиялық, танымдық,
құндылықтық т.б. Қоғам жеткен жетістіктері мен кемшіліктері тарапынан
әртүрлі құбылыстарды бастан кешіріп отырады. Қазіргі ислам дінін ұстанатын
елдердің жағдайы сенімдік-доктриналық танымның дұрыс түсіндірілмеуі
салдарынан туындаған психологиялық көрініс деуге негіз бар. Қазақстан
мұсылмандары қауымы арасында да куфр, ширк, бидға сынды терминдерді
қолданушылар санының бар екендігін айтқымыз келеді. Бұл мәселе ұлттың
тұтастығына, елдің ауызбіршілігіне, мемлекетіміздің баяндылығына қауіп
төндіріп тұр. Осы орайда дәстүрлі діни танымды тану, зерттеу, зерделеу,
сенімдік-доктриналық, аскиологиялық, құқықтық қабаттарын қалпына
келтірудің маңыздылығы жоғары. Дін – қоғамның барлық қабаттарын қамтитын
маңызды процесс. Исламның Әһлі Сунна деп аталатын бөлігінің, діни
тәжірбиесінде ең басты сенімдік екі мәзһабтың бірі ретінде танылған
Матуридия мектебінің мәні, тарихы мен таралған аймағы, өкілдері мен
еңбектері, доктриналық ерекшеліктері мен қазіргі жай-күйі өзекті тақырып.
Қазақстанның зайырлы қоғамы деген механизмді жетілдіруге де септігін
тигізеді. Зерттеу жұмысымда тақырып етіп алынған имам Матуридидің иманды
түсіндіруі, әрі Матуридия мәзхабының иман мәселесіндегі басқа мәзхабттардан
ерекшеліктері – біздің діни танымыдық, сенімдік-доктриналық негізімізді
айқындауда орны ерекше.
Кешегі Кеңестік қоғамда, діни таным қабаттарының платформасына көңіл
бөлінбеген болатын. Бүгінде қазақ мәдениетіне, діни бастауларына балта
шауып, мәдениеттің өзегі болған дінді жоққа балап, жаңаша дәстүр мен діни
шарттар әкеліп үйреткісі келетіндер де баршылық.
Қазіргі таңда, Матуридия мәзһабын тануға деген қызығушылық Орта азия
мен Қазақстанда артып отыр. Мұның себебі де сол елдердегі діни жағдаймен,
яғни саяси ислам құбылысынан туындады деуге толық негіз бар. Әлемдегі
соңғы жылдардағы саяси ойындар нәтижесінде исламофобия процесі қарқынды
жүріп жатыр. Әсіресе Ислам Мемлекеті тарапынан жасалған әрекеттер бей
жай қалдырмасы анық.
Исламның адамзатқа келген ең соңғы кемел дін екенін ескере отырып,
қайта дінімізді тануға бет бұруымыз қажет. Бұл орайда Дау сабасқан, пікір
шатасқан заманда Әхлі Сүннет уәл жамағат сенімдік мектебінің бірі болып
қалыптасып, сенімдегі имамымыз болған Имам Әбу Мансұр Матуридиді және оның
қалыптастырған Матуридия мектебінің негіздерін тануда маңызды іс екені
даусыз.
Соңғы әлеуметтік сауалнама көрсеткендей қазақ қоғамының басым
көпшілігі діндар болғанымен, сол топтың 90 пайызы діннің негізгі
догматтарынан хабарсыз болып табылады. Кей кітаптардатағдырға иман келтіру
шарты көрсетілсе, кей әдебиеттерде жақсылық пен жамандық Алла тарапынан
делінген. Мәселе біз ойлағаннан да күрделі болып шықты. Себебі алдымызға
қойылған мақсат – имам Матуриди көзқарасы бойынша иман танымын ашу
болғанымен, бұл мәселені басқаша түсіндірген мәзхабтар мен ағымдар туралы
да қысқаша айтуға тура келді. Бұл жерде екі түрлі көзқарас ортаға шықты,
бірі осы уақытқа дейінгі Матуриди және басқа мәзхабтардың көзқарасын
ашықтау. Екінші бағыт мәзхабқа дейінгі басты Исламның қайнары Құрандағы
иманға қатысты аяттарды талдау. Алайда ислам бүгінгі күнге дейін түрлі
мәзхабтар мен көзқарастардың жемісі ретінде жеткенін ескердік және тәуелсіз
жорымдар жасап, Құрандағы иманға қатысты аяттардың да арасында (Меккелік
аяттар мен Мединелік аяттарда) ерекшеліктер бар екендігін аңғардық. Демек
Құранда да иман шарттары алғашқы аяттағы мен соңғы нүктесіндегі мағыналарды
ашуға тырысамыз. Алайда бұл өте күрделі іс, себебі әрбір аяттың ену себебі
асбабул нузул жазылмаған не болмаса оның қажеттілігі сахабалар тарапынан
қажетті деп танылмаған. Бұл мәселеде Матуриддидің еңбектерін зерттеуші
Анкара Университетінің профессорлары тарапынан жазылған Maturidinin
düşünce dünyası атты кітабы маңызды болып табылды.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Имам Матуридидің көзқарастарын дамытушы,
әрі қалыптасуына үлкен ықпал жасаған сол мектеп өкілдері болған болатын.
Атап айтсақ, Әбул Муин Ән-Насафи, Әбу Ясир әл-Пәздауи, Омар Насафи,
Аллауаддин Әс-Самарқанди, Нуреддин әс-Сабуни, Хусейн ибн Әли ас-Сығанақи
т.б ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын атап өтуіміз қажет. Аталған
ғалымдардың ішінде Әбул Муин Ән-Насафидің Табсирасы, Бахрул кәләм
сынды еңбектері мектеп көзқарасын тануда өте құнды кітаптар болып табылады.
Түркиялық ғалымдардан Матуридидің еңбектері мен кәламға қатысты
көзқарастарын зерттеушілер ретінде Бекир Топалыоғлы, Хасан Онат, Мустафа
Өзтүрк, Кутлу Сөнмез, Хусейн Атай және Шабан Али Дузгун т.б. ғалымдарды
атап өткен жөн.
Матуриди жайлы зерттеушілердің библиографиясына тоқтала кетсек,
Шығыстанушы ғалымдардан Орта Азиядағы теологиялық дәстүрді зерттеушілерден
Луи Массиньон, Брокельман, Мари Бернан, Уильрих Рудольф, Анке Вон
Кьюгелген, В. Маделунгтардың аттары аталады. Айрықша, Уильрих Рудольфтың
әл-Матуриди және Самарқандтағы сунниттік теология атты ғылыми еңбегі Орта
Азиядағы Матуридия дәстүрін зерттеудегі құнды шығарма болып тұр.
Өзбекстанда бұл салада Ш. Зиедов, Д. Рахимжанов, Б. Бабаджанов т.б.
ғалымдар жемісті қызмет етуде.
Отандық зерттеушілерден Ә. Муминов, Қ. Ержан, Қ. Жолдыбайұлы, Ә.
Дербісәлиев, А. Әділбаев, А. Әбдірәсілқызы, Д. Кенжетай, М.Исахан,
Д.Шалқаров т.б. ғалымдар Матуридия кәлам мектебінің маңызды қырларын
зерттеп келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом тақырыбы Имам
Матуридидің иманды түсіндіру мәселесі болғандықтан, мазмұнында Матуриди
мектебінің көзқарастары жүйесін ашықтау, бүгінгі қоғамдағы діни
түсініктермен ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айыру болды. Онымен қоса
бүгінгі діни фанатизм мәселесіне осы мектеп көзқарасымен жауап беру.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды;
- Матуридидің өмірі мен еңбектері;
- Матуридия сенім мектебінің ерекшеліктерін, ұстанған принциптерін ашу;
- Құран аяттары негізінде иман ұғымын талдау;
- Матуриди мектебінің басты көзқарастарын ашықтау;
- Матуриди мектебінің иман мәселесін түсіндіруі, маңыздылығы;
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңылығы. Сенімдегі имамымыз ретінде
танылған Самарқандтық ғұлама Әбу Мансұр Матуриди Мауренахр өлкесі үшін
алып тұлғалардың бірі. Себебі исламдағы ең көп мазхабтар мен түсініктердің
орын алған хижри IV ғасыр болған болатын. Сол кезеңнің басты тартыстары
иманның не екендігі, иман мен ислам арақатынасы, діндегі ақылдың орны,
иманның артуы мен кемуі, дін мен шариғат, дін мен саясат арақатынасына өте
жақсы тұжырымдамалар жасаған болатын. Қазақстан Республикасы құқықтық
тұрғыда, зайырлы әрі демократиялы ел. Бүгінгі жаһандық құбылыстар мен діни
тартыс, зайырлы қоғамның принциптерін басып өткісі келетіндігі де даусыз.
Алайда зайырлылықтың тетігі ретінде Матуридия ақидасы біздің елдің іргесін
әу бастан ақ қаласа, бүгінде сол тұғырына, өзінің лайықты мәртебесіне шығуы
да басты талаптардың бірі. Еліміздің бейтарап түрде, зайырлылық
механизімін жетілдіру жолындағы бастамалардың бірі деп танимыз.
Дипломдық жүмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Имам Матуриди өмірі мен еңбектері
1. Имам Әбу Мансұр Матуридидің өмірі.
Имам Матуриди қазіргі Өзбекстан территориясының ішінде орналасқан
Самарқанд қаласына жақын маңдағы Матурид деген ауылында дүниеге келген.
Имамның туған жылы туралы нақты деректер кездеспейді. Имам Әбу Ханифа дүние
салғаннан кейін бір ғасырдан соң туған деген болжамдар бар. Имамның
қайтыс болған жылы ретінде 333944 жыл деректерде кездеседі. Самарқанд
дүние салып Чакардиз атты зияратта жерленгендігі айтылады.[1] Зиярат орны
1940-1950 жылдар аралығында талқандалған. Кейіннен қайта қалпына келтіру
жұмыстары жасалынып, көпшілікке зиярат орны ретінде ұсынылды. Бұл кісінің
толық есімі – Имам Әбу Мансұр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмұд әл-Матуриди
әс-Самарқанди. Есіміне қосылған әл-Матуриди тіркесі ауылымен байланысса, әс-
Самарқанди есімі де сол өңір тумасы екендігін айғақтайды. Имамның ұлтына
байланысты да тартыстар бар екендігі даусыз. Бір оның түрік нәсілінен
болғандығын алға тартса, екінші тарап оның тегі араб болғандығын айтады.
Зәбиди мен Самани, Бейазизаде Ахмет Ефенди сынды зерттеушілер
еңбектерінде имамның тегі Әбу Аюб Халид бин Зайд әл-Ансариге жалғанатындығы
туралы жазады. Дегенімен Зәбиди ол жердегі әл-Ансар сахабадан
тарағандығын емес, имамның дәрежесі мен мұсылмандарға жолбасшы
болғандығынан қосылған жәрдемші мағанысын білдіретіндігін айтады. Әюб Али
сынды зерттеушілер болса бұл әл-Ансар тікелей сахабадан тараған дегенді
білдіретіндігін алға тартады. Бұл мәселенің дұрысырақ шешімін табу үшін
Матуридидің китабут-Таухид атты еңбегіне үңілуімізге тура келеді. Ол
кітаптың түпкі нұсқасында жазылу барысында грамматикалық қателердің
барлығын ескере отырып, имам араб болмаған деген де көзқарас шығаруға
болады.(китабут таухид Бекир Хожа) Онымен қоса имамның деректерде киген
киімі мен бас киіміне үңіле отырып тегі түрік болған деген де жорамалдар
бар. Онымен қоса имам деректерде түрлі лақап есімдермен аталатындығы да
бар, Имамул худа (тура жол лидері), әлемул худа(тура жол ғалымы),
имамул мутакаллимин(кәләмшылар лидері), мусаххиху ақайдул
муслимин(мұсылмандардың ақайдын қателерден айырған), рейсул ахли
сунна(ахли суннет басшысы) деген лақаптар кездеседі. Имамның көзқарасын
дұрыс деп тапқан Куртуби де Имам Матуридиді өз еңбектерінде шейхул ислам
деп атайды. Фахреддин Рази да еңбектерінде имам Матуридиді атап отырады.
Ашарилік мектеп өкілі болса да, Рази еңбектері мен көзқарастарында имам
Матуриди көзқарастары көптеп кезігеді, Рази онымен қоса Әбул Муин ән-
Насафидың семантикалық методын дамытушылардың бірі деуге де негіз бар.
[2,13]
Бізге жеткен деректерге сүйенсек, имам Матуридидің отбасы жайында
мәліметтер жоқтың қасы. Белгілі болғаны әкесі – Мұхаммед, атасы – Махмуд
болғандығы. Жұртшылық ол кісіні Әбу Мансұр деп те атаған, Мансұрдың әкесі
деген мағынаны білдірсе де, имамның ұлы болмағандығы, ол лақап осындай
ұлым болсын деген имамның өзінің ниетінен туғандығын айтады. [3,12] Сонымен
қоса имамның қызы болғандығы, ол қыздан немерелі болғандығы баяндалады.
Әбдулқадыр әл-Қураши: Қазы Әбул Хасан Әли ибн Хасан әл-Матуриди, Шейхул
ислам Әбу-Мансұр Матуридидің немересі. Нағашы атасынан фиқһ ілімін оқыған.
5111117 жылы қайтыс болып, Чакардизада жерленген деген мәлімет келтіреді.
Имамға қатысты деректерде Бағдад халифасы имам Матуридиден пәтуа сұрау
үшін Самарқандқа елші жібереді. Елші имамнан пәтуаға жауап алу мақсатында
ол кісінің бақшасына барады. Беліне жүзім сабағын байлап, басына қайық
кескінді бас киімі бар, жұпыны киімді қарияға жолығады. Елші қарияға:
– Біздің Мәулана(қолдаушы) қайда екен? –деп сұрайды. Қария:
– Біздің қолдаушымыз Алла,– дейді. Елші абыржыңқырап:
– Ал қожамыз(жол көрсетушіміз) қайда екен?
– Қожамыз – Мұхаммед пайғамбар дейді қария.
– Әбу Мансұр (Матуриди) қайда екен? – деп сұрады елші.
– Ол кісі алдыңызда тұр,– деп жауап береді. Елші пәтуасын алып кері
қайтқандығы баяндалады.
2. Имам Матуридидің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар
Құран Мекке мен Мединада енді, Мысырда оқылды, Стамбұлда жазылды
және Мауреннахр өлкесінде, оның ішінде Самарқандтта түсіндірілгені туралы
айтылады. Барлық діндердегі секілді ислам діні де өркениетті туған
топрағында емес, көшкен топрағында құрды. Сол себепті де, Шам, Андалусия,
Бағдат, Стамбұл және Самарқанд ислам өркениетіндегі маңызды қалалар. Бұл
қалаларда көптеген кітаптар жазылумен қатар ислам ілімінің дамуына жол ашты
деуге толық негіз бар. Самарқанд бөлігі де калам, тафсир, фыкх, философия
сынды ілімдер саласында жүздеген атақты ғалым шығуына жағдай жасады. Бұған
себеп көптеген факторлар болды. Бұл өлкеде исламның жаңаша, еркін
түсіндірілуі мен таралуына саяси әрі сол күнгі қажеттіліктер шарт
болғандығын байқаймыз. Әсіресе хижри 4 ғасыр ислам әлеміндегі ең алғашқы
ірі тартыстардың басталып, діни пікірталастар сол қоғамдағы басты мәселе
болып шығуы байқалады. Көптеген исламдық мәзхабтардың пайда болған кезеңі
екендігі де рас. Мутазила, Каррамия, Шиа және Харижилер,сияқты көптеген
ислми топтар арасында тартыс қызу жүретін. Тіпті атақты тарихшы Макдиси өз
еңбегінде, өлкедегі падишахының рұқсатымен және ұйымдастыруымен Шафи мен
Ханафилер, Шиа мен Каррамия сынды топтарының өкілдері арасында тартыстың
болғандығы туралы баяндайды. Мужассима, Караматия, Рафызилер секілді
топтардың Самарқанд бөлігінде болғандығын айтылады. Матуридидің өмір сүрген
кезеңінде Самарқанд өлкесіне суннет жолын қабылдаған саманилер билік
басында болатын. Онымен қоса билік тарапынан ешқандай ғалымдарды езгіге
алмағандығы мен пікір еркіндігінің болғандыға туралы да айтылады. Сол
себепті де исламдық түсініктерді саясиландырып, көп көзқарастарды қуғынға
ұшыратып отырған ислам халифатынан кейбір топтар өз бастарының амандығы
үшін осы өлкені паналаған болатын. Мысалы Аббаси халифасы Мутауаккилдің
Құранның жаратылғандығы туралы көзқарасына қарсылықты түрде Мутазила ағымы
мүшелерін хижри 234 жылдан бастап ислам халифатының басты қалаларынан
қуғынға ұшыратуы, ол көзқарас өкілдері Самарқандты паналағандығы жайында да
айтылады. Халлаж Мансұрдың (309922ж) өлімінен соң Сопылық бағыттың
өкілдері де өздеріне ыңғайлы, сенімді жер іздеп осы өлкеге келіп
қоныстанған. Сол сияқты Бувейхилер көтерілісінен соң Бағдаттың билігі 945
жылы Шиа көзқарасы өкілдеріне көшуі де маселені өзгертіп, Самарқанд
қаласының діни пікірталасының қыза түсуіне де ықпал етті. Сау сенім мен
еркіндік ортасы болған және еркін сұхбат негізінде дұрыс танымды таратып
жаңаша бір мәдениеттің құрылуына негіз болды.
Матуридидің Саманилер билігі күшейген кезде өмір сүргені белгілі.
Саманиттер 874-999 жылдары аралығында Иранды толықтай өз бақылауына алған
және білім мен әдебиетке қамқорлық жасап, олар сарайларына көптеген
ғалымдарды жинаған. Матуриди өз елінің таным көкжиегі мен ғылыми
кеңістігін пайдалана отырып, Самарқандттық мәдени кеңістік ішінде және
алуан түрлі исламдық ілімдер кезеңінің төрт таңдаулы ғалымынан сабақ алып,
білімін жетілдіре түскен. Олар имам Әбу Ханифаның шәкірттері – Шайх Әбу
Бакир Ахмад бин Исхақ, Самарқанд құқықшысы атымен танымал Әбу Наср Ахмад
бин әл-Аббас, Нусайр бин Яхия әл-Балхи (881 ж.) және рей мектебінің қадиі –
Мухаммад бин Муқатил ар-Рази (862 ж.).
Ислам халифатының астансы болған, Бағдаттан қашып Мерв және Хорезм
өлкесіне келген көптеген бидғат ағымдардың әсіресе Мутазиланың Мауреннаһрда
бой көрсетуі Матуриди мен замандастарының еңбектерінде көп орын иеленіп,
олардың көзқарастарын сыналуы байқалады. Әртүрлі ағымдардың халифат
орталығынан қашып келіп, осы өлкелерді паналауы мен халифат орталығындағы
қысымнан бейтарап кеңістікте еркін сұхбаттың дамуы мен жаңаша түсініктердік
қарқынды дамуына алып келді. Жалпы Мауренахр өлкесі ислам ғылымының 10
ғасырдағы негізгі білім мен ғылым, мәдениет пен өркениет ошағы болғандығын
байқаймыз, Саманилер билігінің лайықты жағдай туғыза білгендігі деп
бағалауға да толық негіз бар. Матуриди жолы мен ізбасарларының, оның жолын
жалғастырған кәлам білгірлерінің дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен
социокультрологиялық һәм діни-интеллектуалдық факторларды танып білу
мүмкіндігіне ие боламыз.
Бұл өлке Ислам танымының ең ұлы әдіскерлерін, кәламшыларын,
факиһтерін, мухаддистерін, муфассирлерін және философтарын дүниеге әкелді.
Бір қалада жүздеген медресенің болуы - бұл жердің Құранды түсінуде маңызды
роль атқарған мекен болғандығын көрсетеді. Мысалы, Якут әл- Хамауи, Мерв
қаласындағы кітаптар мен кітапханалар жайында сөз еткенде таңқалғанын
жасырмайды. Өзі көрген 12 кітапхананың әрқайсысында арабша, парсыша, грекше
және он екі мың том кітаптан сөз етеді және бұл кітаптардың әсері үй,
бала-шаға секілді нәрселерді ұмыттырып жіберетіндей күшті болғандығын
жазады. Хамауи бұл өлкеде де сол кезеңдегі Урфа, Джундишапур
қалаларындағыдай философиялық тартыстардың болатындығын, христиан, дуалист,
зәрдүшттерге қарсы полемикада шоғырланған Мерв мектебінің болғандығынан
хабар береді.
Матуридия кәлам мектебінің өкілідерінің бірі Әбу-л Муин ән-Насафи
(1114ж) Табсырату-л адилла еңбегінде имамды ерекше құрметпен көп жерде
еске алады, оған сілтемелер жасаған. Имам Матуриди көзқарасының жақтаушысы
екендігін кітабының көптеген тұсында көрсетіп өтеді. Матуриди көзқарасының
тағы бір, алдыңғы сапты өкілдерінің бірі Нуруддин әс-Сабуни (1184 ж) әл-
Бидая атты еңбегінде имамды әш-Шайху-л әл-Имам, Райс әһлі Сунна уә-л
жамаға дәрежесімен еске алады. Усулуд-диннің авторы Әбу Иуср әл-Паздауи
(1199 ж.) оны шейх деп атап, әһлі сунна уа-л жамааның имамының бірі
ретінде қабыл еткен.[4,46]
Бұдан аңғаратын қорытындымыз имам Матуридидің көптеген ғұламаларға
темірқазық болған ұлы ұстаз, кәламшы, факих, мутафаккир, ойшыл болғандығын
байқаймыз.
Негізінен Матуридидің барша көзқарастарында Әбу Ханифаның жолымен
жүргендігі жайлы пікір кең таралған. Насафи Тамхид кітабында: Матуриди
ұстанымдары мен шешімдерінің барлығында ұлы ұстаз Әбу Ханифаның
көзқарастарын ұстанған, әрі ол кісіні ғалымдардың ең мықтысы деп
көрсеткен. Сонымен қатар, имам Матуриди және оны үлгі тұтқан ғұламалардың
Матуридия кәлам мәзһабын қалыптастырғандығы жайлы тұжырым орныққан ұғым
ретінде қабылдануы тиіс. [5,105] Имам Әбу Мансұр әл Матуридидің
ұстаздарының Әбу Ханифаға дейінгі аралығы туралы әртүрлі деректердің
барлығы да рас, мұны төменде силсалалық шежіре жүйесінде ұсынамыз. [6,5]
I.
Әбу Ханифа (150767)
Мұхаммед әш-Шайбани (189804)
Мұхаммед бин Муқатил әр-Рази(248862)
Әбу Мансұр Матуриди. (333944)
II.
Әбу Ханифа (150767)
Мұхаммед әш-Шайбани (189804) ӘбуЮсуф(182798)
Әбу Сүлейман Мұса бин Сүлейман әл-Жүзжани.

Әбу Насыр Әл Йази, Нусайр әл-Балқи (268888) Әбу Бәкір әл-
Жүзжани(200815’ден кейін)
Әбу Мансұр Матуриди (333944)
III.
Әбу Ханифа (150767)
Әбу Мути әл-Балқи (199814) Әбу Хафсәс-Самарқанди (208823)
Мұхаммед Муқатил әр-Рази(248862) Нусайр әл-Балқи (268881)
Әбу Мансұр Матуриди (333944)
Төртінші бір силсала жүйесі де төмендегідей. [7,161]
IV.
Әбу Ханифа (150767)
Мұхаммед әш-Шайбани (189805)
Әбу Муқатил Хафс әс-Самарқанди (208823)
Әбу Мути әл-Балқи (199814) Юсуф әл-Балқи 215830)
Әбу Сүлейман әл-Жүзжани.
Мұхаммед бин Муқатил әр-Рази (248862)
Әбу Бәкір әл-
Жүзжани
Әбу Насыр Ахмед Әл Йази (277890)
Әбу Мансұр Матуриди(333944)
Әбу Насыр Ахмед Әл Йази (277890)
Әбу Мансұр Матуриди(333944)
Әбул Хасан әр-Рустағфани(350961)Әбу Ахмед әл- Йази
Әбу Исмал Бухари, Әбу Бәкір әл Йази
Абдулкарим Паздауи(390999) Әл Хаким Ас-Самарқанди(342953)
Самарқанд қаласы мен Мауреннахр өлкесінің Матуриди өмір сүрген
кезеңдегі социокультрологиялық сипаты мен діни-интеллектуалдық шартарын сөз
еткен соң Матуриди ақидасы мен еңбектерін, осы жолды жаңғыртқан тұлғалардың
көзқарастарын қарастырып өту маңызды.
Матуриди жайлы ХІ ғасырда оны кәлам білгірі ретінде танытып,
белгілі бір мектептің құрушысы ретінде көрсеткен екі ғұламаның мәліметтері
ең маңызды дереккөздерден саналады. Бірі – Әбу муин ән-Насафи Табсырату-л
әдиллә кітабында, екінші Әбу Юсур әл-Пәздауи – Усул- уд-Дин кітабында.
Басқа да кейінгі деректерде негізінен Насафидің мәліметтері қамтылады. Әбу
Наср Ахмад әл-Иази және Әбу Бәкір Ахмад б. Исхақ әл-Жузжани секілді
ғалымдардан дәріс алған. Нусайр б. Яхья әл-Балхи және Мухаммед б. Мукатил
әр-Разиден де сабақ алды деген мәліметтер кейінгі ғасырлардағы
дереккөздерде айтылғанымен, Матуридидің Мауреннаһрдан тысқары шыққандығы
жайлы мәліметтердің жоқтығымен әрі соңғы екі ғалым өмір сүрген уақыт пен
Матуридидің жас шамасының арасында үлкен айырымның бар болғандығы үшін
сенімсіз мәлімет болып шығады. Әбу Бәкір әл-Жузжанидің Ханафи теологиясы
мен фикһының дамуында Матуридиге дейінгі Самарқандтағы ең басты өкілі
екендігі айтылады. Жузжания немесе дару-л Жузжания атымен танымал
медресенің аты да осы Жузжания есімін иеленген Ханафи ғалымдардың атымен
байланысты болып шығады.
Әбу Ахмад әл-Иади, Әбу-л Хасан әр-Рустуғфани (961 ж.ө.), Әбдәл Кәрим
әл-Пәздауи (999 ж.ө.) сынды шәкірттерінен тарап, оның ілімі Самарқанд пен
Бұхарада дами бастайды [7, 100-110]. Кейіннен Мәуреннаһдан шығып Хорасан
арқылы Ислам әлеміне тарай бастаған бұл ілімнің негізгі тұтынушылары
ретінде түрік халықтары танылса, таратып қолдау көрсетуде Түрік
билеушілерінің маңызды роль атқарғанын байқаймыз.
Имам Матуридидің заманында екі атақты мутазила каламшысы, Матуридидің
өмір сүрген өлкесінде болып мутазила көзқарасының таралуына ықпалды
өкілдері болғандығы үшін, Матуриди еңбектерінде диалектикада көп орын
алатындығы байқалады. Матуридидің өзі және одан кейінгі сол мектеп
каламшылары бұл екі мутазила ғалымының көзқарастарына жауап жазумен болды.
Бұлар Әбул Қасым әл-Қаби (317927ж.ө) және Әбу Зәйд әл-Балхи(322934ж.ө).
Онымен қоса Әшари калам мектебінің еңбектерінде еш кездеспейтін,
немесе расталынбайтын исламдық ағымдар мен көзқарастардың кездесетіндігін
де байқауға болады. Мысалы, иманның жаратылмағандығы туралы көзқарастарда
пікірлік қайшылықта болған, Мәрфуғия мәзхабы туралы да айтылады. [12,14]
Мұны Ханафи–Матуриди жолында өмір сүріп өткен, исламдық ағымдар мен
бағыттар туралы еңбек жазған Әбу Мути Мекһул ән-Насафидің Китаб әр-ред
әләл бид а атты еңбекте Әшари кітаптарында кездеспеген Мәрфуғия мәзхабы
туралы кеңірек ақпарат береді.
Орта ғасыр теологының бізді таң қалдыратын құбылыс оның өмірі ислам
өркениетінің ордасы болған Ирак, Мысыр, Араб жазирасында емес, Орта Азияның
Самарқанд қаласында өткендігі мәлім. Ғұламаның еңбектері алғашқы кезеңде
ұзақ уақыт тек қана Мәуреннахр аймағында ғана таралды. Бұл бағыттың ислам
әлемінде Шығыс-Солтүстіктен орталыққа кеңейіп таралуына ХІ-ғасырдағы
Селжұқтар салтанатының септігі тиді. Осы жолды ұстанған яғни, мирасқорлары
Айюбиттер (1169ж.) мен Мамлүктер (1252ж.) болды. Мамлүктер кезеңінен бастап
суннизм ағымының ішіндегі негізгі мектептерге теңдік пен тәуелсіздік
берілді. Алғашында бұл мектептер төрт құқықтық мектептер болып қалыптасты.
Бұдан кейін Сирия (Шам) тарапында бүкіл суннизм мектептерінің арасында
калам ілімінде ал-Ашғари және ал-Матуриди ілімі деп екіге бөлінген бағыт
туды. Ересиографиялық әдебиеттерде төмендегідей мәліметтер келтіріледі.
Бұл еңбектер ХІV ғ.ғ.-да пайда бола бастады. Сонымен қатар Абу ал-Хасан
ал-Ашғари (935ж.) өзінің ал-Мақалат ал-Исламийин - атты еңбегінде
Самарқандтан шыққан теолог туралы жазады. Бұл еңбектерден кешірек жарыққа
шыққан Абд ал-Каһир ал-Бағдади (1037ж.), Ибн Хазым (1406ж.), аш-Шахристани
(1153ж.), тіпті Ибн Халдун (1406ж.) өзінің ал-Муқаддима-атты еңбегінде
Самарқандтық Абу Мансур Мухаммед ибн Мухаммед ал-Матуриди (944ж.) есімін
атап өтеді. Алғашқы теолог Абу Мансур ал-Матуриди жайлы мәліметтер өзінің
ілімін қалыптастырған Мәуреннахр аймағында пайда болды. [9,2]
1.3 Имам Матуридидің тауил мен тафсир ұғымдарын ашып түсіндіруі
Матуридия кәлам мектебі туралы сөз болғанда имам әл-Матуридидің Әбу
Ханифаның ақидалық тұжырымдарына көптеп арқа сүйегендігін көреміз. Сол
себепті де Матуридидің көзқарастарын және ұстанымдарын негізге ала отырып
Әбу Ханифа салған жолдың ізін байқаймыз, бұл мектеп те кей замандарда
Ханафи кәламы деген атаумен ғұламар тарапынан қолданылған,
ориенталистердің ғылыми тұжырымдарында Ханафи-Матуриди теологиясы атауы
қолданылып келеді. [15,3]Бұл мәселеде көптеген тартыстар болғанымен,,
Мауренахр өлкесіне келген Ханафи ғалымдарының (қазыларының) қалыптастырған
ғылыми атмосферасында өсіп жетілгендігі және ақылды қолданылуы тұрғысынан
алдыңғы қатарлы Түрік ойшылы екендігін байқаймыз. Матуриди мектебі
негізінен алғанда Әбу Ханифа салған сара жолдың сенімдік көзқарастарын
жетілдіріп, діни таным кеңістігін кеңейтіп жүйелеген және Әһлі сүннет
жолының ішінде болуына септігін тигізді. [16,35]Осылайша олар, орныққан
Матуридия мәзһабы атауынан гөрі оны Ханафи дәстүрінің жалғасы ретінде
танытуға бейіл. Әйтседе ғасырлардан Орта Азияда Ханафи амалдағы мәзһаб,
ал Матуридия сенімдегі мәзһаб болып дәстүрлі медреселерде танытылып және
оқытылып келді. Сонымен қатар, Мәуреннеахр өлкесінде өсіп өнген көптеген
ғұламалардың әл-Матуридиді жолбасшы ретінде танығаны тарихи шындық.
Имам Матуриди
Тәуилатул Қуран еңбегі кәлам саласындағы тақырыптарға түспес бұрын тәуил
методын түсіндірумен басталады. Жалпы Құранға қатысты ұстанымдарды
ашықтауда екі неізгі тұжырым бар: бірі Құран аятының не деп тұрғандығы?
Екіншісі болса нені меңземек болғандығы? Біріншісі Құран аудармасы немесе
өзі ретінде қарастырылады. Екінші сауалға ізденуде тафсир мен тауил
методтарына жүгінеді. Тәуилатул Құран еңбегі арқылы ақидалық тартыстарға
мәселелерге түсіндірме жасаған Матуриди, бұл шығармасы арқылы өзінің ерекше
методы мен тәуил теориясының алғашқы негіздемесін жасаушылардың бірі
ретінде танылады. Ақылдың қызметі мен таным негіздерін түсіндірме жасаған
Матуриди өзіне тән кәламдық қөзқарасы мен түсіндіру методы бар кәлам
білгірі екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, Матуриди тәпсіршілер ішінде
бірінші болып Құран мағыналарын ашып беруде тафсир орнына тәуил сөзін
қолданады. Ол тафсир мен тәуилді ажыратып былай дейді: Тафсир
дегеніміз Құрандағы мағынасына қарап, Алла соны мақсат етті деп нақты айту.
Егер сол сөзге нақты дәлел болса тура тәпсір болады. Тәуил дегеніміз,
сөздің көп түрлі мағыналарының ішінен біреуін алу. Сондықтан тәуилде көп
қырлы мағыналар болғандықтан, оларды нақты деп айтуға болмайды. Тәуил сөзі
– бір сөздің түпкі мағынасына кері қайту және сол сөзге жасалынып жатқан
жорамалдарымыздың соңғы нүктесіндегі мағынаны назарға алу мағыналарын
білдіреді. Сөздік мағынасы хабар, жорамал жорым дегенге саяды. Тәфсирде
нузул ортасы болғандықтан, сахабалардың діни тәжірбиесі негізге алынады. Ал
тәуилде нузул кезеңінен басқаша қоғамдық шарттар мен кезең болғандықтан,
заманға сай жорамал жасалып, мағынаны тану маңызды. Матуридидің тәуил
методы бойынша, сахаба дәуірінде нузул, екінші сол жорамалдың өз
дәуіріндегі шарттардың үстінде қайтадын жорамал жасалуы яғни тәуил, үшінші
бұл екі жорамалдан бөлек рационалды пайым жасау. Осы үш жорамалдың
арасындағы байланысты негізге ала отырып, үшеуінің арасында қайшылық
тумайтындай мағынаны алуды тәуил теориясы деп атауға болады. Құран
аяттарына тауил жасауда, жалпы кітап мазмұнына сүйене отырып мынадай үш
түрлі шаблон негізінде ашықтағандығын көреміз.
1) Нузул ортасы – асбабул нузул аяттың ену себебін негізге ала отырып
ашықтау,
2) Тәжірибе ортасы – аяттың мағынасын ашу барысында ашықтаушының өмір
сүріп отырған ортасы,
3) Нузул мен тәжірибе ортасына тәуелсіз рационал жорамал.
Имам Матуриди аяттарды ашықтау барысында бірінші ену себебіне, екінші
аяттың сол заманғы өмірдің негізгі екі принципі уақыт пен кеңістік
тұрғысынан ашықтап, одан кейін ақыл қуатымен таза рационал пайымдар жасаған
болатын. Кейбір аяттарға бұл үш принципті де қолданғаны да кітапта
кездеседі.
Құранда Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді.
Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп
тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге
табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес (Фатыр сүресі 13 аят)
1) Нузул ортасына тәуелді ретте жасалған ашықтауы – аят ең алдымен,
өлімнен соң тірілуді және елшілерді мойындамаған Меккелілерге тиесілі
енген. Өйткені Меккеде үш түрлі топ бар болатын: бірінші топ Алланы
және таухидін, екінші топ болса өлген соң қайта тірілуді, соңғы топ
болса елшілерді мойындамай бет бұратын. Бұл аят Алланы, әрі өлімнен
соң қайта тірілуді, елшілерді қабылдауды өз ішіне алған аят.[27,160]
Түн мен күндіздің, ай мен күннің және осығанұқсас бүкіл болмыстардың
тек жалғыз Болмыстың қойған тәртібімен, сол жалғыз болмыстың қойған
өлшемімен, не бір кем немесе артық қозғалыс жасамайтындығы алланың
барлығы мен бірлігінің дәлелі бола алады. Өйткені бүкіл бұл қозғалыс
бізді бір жерге апаруды мақсат тұтады. Осы мәселелерді әуелден бар
етіп, оны бір тәртіппен жоспарлап жүргізуші, оның қозғалысын
жалғастырушы жаратылыстың өзі болса, стандартты тәртібінен айрылып,
тәртіп бұзылып, хаос орын алар еді. Бірнеше жаратушының ісі десек,
онда белгілі бір заманда ілгері немесе артта қалу мүмкіндігі де орын
алар еді. Демек бұл аят толығымен Алланың барлығы мен бірлігінің
дәлелі, оның әлемдіегі тәртіп пен қозғалыстың жаратушысы екендігінің
дәлелі. Бұл аят күн мен түнді, ай мен күнді ғана айтуды мақсат
етпейді.
2) Өмір сүрген ортаны негізге алған тәжірибелік ашықтауы – Ең алдымен бұл
дуалисттік Сәнаууия ағымының өкілдеріне қарсы жауап беруде осы аятты
негізге алды имам Матуриди. Сәнаууия өкілдері: жақсылықты жаратушы
жамандықты жаратушыдан бөлек немесе екі түрлі жаратушы бар, нұр
жақсылықты жаратушының ісі, қараңғылық жамандықты жаратушының ісі деп
түсініктеме білдірген. Имам Матуриди : Ол Алла, түнді күндізге
кигізіп, күндізді де түнге кигізеді- бөлігін негізге алып, екі
мәселеге көзқарас білдіреді. Біріншісінің іздерінің толық өшуімен жаңа
іздердің келуіне себеп болады немесе біріншісінің ізінің артуы
екіншісінің кемуіне себеп болады. Жоғарыдағы Сәнаууия ағымының
көзқарасына қарап, қараңғылық пен жарықтың арасында дұшпандық, не
болмаса арасындағы тартысты екіліктен сөз болса онда тәртіптің
бұзылуы, және нәтижеде үстем тараптың ұзақ уақыт өз иелігіне дербестік
алуы болуы керек. Алайда бұл аят толығымен екі жағдайдың да тек жалғыз
Алланың қойған заңының әрекетінде екендігін дәлелдейді. [27,166]
3) Ақылдық рационалды түсіндірмесі. Түннің келуімен барлық көрінген
нәрселердің көзден таса болып, ал артынша таңның атуымен жаңаша
қайталап көріністің тууы – өлімнен соң қайта тірілудің дәлелі. Өйткені
әрбір уақыт аралығы жаңа бір туылудан ғибрат болады. Бұл да заман мен
мекеннің маңыздылығын түсіндіретіні анық.
Осылайша бір аяттың әртүрлі ортақ мағыналарын шығарғандығын байқаймыз.
Матуридидің тәпсір және тәуил айырымы мәтін мен мағына айырымы болып
шығады. Мәтінде (лафз) - риуаят, мағынада – дираят маңызды. Матуридидің
Кұран түсіндірме методы дираят деп аталған әдіс. Дираят тәпсірі семантик
әдісіне және мәтін анализіне сүйенеді. Матуриди тәуил арқылы ғалымдардың
қызметі лафзға емес, мағынаға яғни, тәуилге бару екендігін түсіндіруге
тырысқандығын есепке алар болсақ, ақылдың мақсаты адамды жорамал жасауға,
мағынаны тануға ұмтылуы үшін құрал ретінде танығандығын көреміз. Матуриди
Құран мәтінін тілдік тұрғыдан терең талдау арқылы, ақыл жүгіртіп тануға
шақырып тұр. Өйткені діннің негізі уахи болса, діни танымның және діни
мәдениеттің өзегі де тіл.
Жалпы алғанда алғашқы ғасырларда тәуил мен тафсир арасында
айырмашылықтың болмағандығын, синоним ретінде бір-бірінің орнына
қолданғандығын көреміз. Кейінгі заман тәпсіршілері тарапынан тафсир мен
тәуил айырымын жасалғандығын байқаймыз, сондықтан да болар кейінгі тафсир
кітаптарына тәуил атауы берілген. Мысалы, Ибн Жарир әт-Табари (310922)
Жамиғул баян ән Тәуилул Қуран деп атаса, Мтауриди (333944) кітабына
Тәуилатул әһли сунна деп атаған. Онымен қоса бұл кітаптардың
ерекшеліктері Құран аяттарын түсіндірмені бастаған кезде көп жағдайда
Тәуилу Қаулиһи Тәала деп аяттың түсіндірмесін бастауы да назар аудартады.
Бұл орайда Матуридидің тафсир мен тәуил арасын айыру үшін кітабының
бастапқы бөлімінде мынадай ашықтамалар жасалынған: тафсир – сахабаның
аяттарға келтірген түсіндірмелері үшін, тәуил болса – кейінгі ғалымдардың
жорамалдары үшін қолданылатындығын айтады. Өйткені сахабалар Хз.Пайғамбар
өмірін көрді, Құранның енуі мен сол кездегі оқиғалардың куәсі болғандығын
айтады. Сондықтан олардың аяттарды тафсир етуі, сол кездегі оқиғаларға куә
болғандықтан өте маңызды деп санайды. Сахабалардың түсіндірмелерінде
оқиғалар куәлігі болғандықтан аяттың мұратын білу оңай болды, тәуил болса
ену себебіне куәгер болмаған кейінгі заман ғалымдарының кітаптарына тиесілі
екендігін айтады.[33,16] Яғни тәуилде Алла бұл аятта мынаны мұрат етеді
делінбейді, керісінше бұл аяттың мынадай мағыналарды білдіру ықтималдығы
бар деп көрсетіледі.
Матуриди Тауилат-ул Қуран және Китаб-ут Таухид атты
еңбектерінде рационалдық (ақли) ойлау мен дәлелді жақтап уахидің жол
көрсетуіне негізделген ақылға жүгінеді. Алланың бар екендігі туралы
рационалдық дәлел келтіруді міндетті түрде қажет деп санайды. Ақыл
қателесіп шындықты таба алмауы мүмкін деп қауіптеніп тек қана нақылға
жүгінуді қажетті деп санайтын фақихтер мен хадисшілерге қарсы шығып былай
дейді: Адамды ақылын қолданудан бас тартуға үгіттейтін шайтанның
азғыруынан (уәсуәсә) басқа еш нәрсе де емес. Себебі шайтан адамды өз
ақылының жемісінен алыстатады, адамды азғырып, ақсатына жетуі үшін адамның
сенімін жоюға тырысады. Ақылды қолдана отырып зат туралы ойлау, оның
принциптері мен нәтижелерінің көмескі тұстарын білуге болатыны айдан анық.
Осы арқылы ғана заттық дүиненің кейіннен пайда болғандығын (хадис) және
әлемді Жаратушының бар екендігін танып біледі. Нәпсілерін алдамшы ләззаттан
сақтағандар үшін ақылға жүгінуде дәлелдер бар. Ақылды қолдануға кедергі
болатын шайтанның азғыруы мен айласы екендігін білуіміз керек.
Сонымен қатар Матуридидің пікірінше ақылды қателіктер мен
кедергілерден сақтау үшін мұқият болып, мақұлданған және белгілі нәрселерге
(ма'қул) қоса нақылға да сүйену қажет. Ол осы мәселе төңірегінде былай
дейді: Кімде кім нақылға сүйене отырып ақылды қолдануда мұқият болуды
қабылдамаса, ақылға беймәлім болған нәрселердің мәні мен түп-төркінін
білгісі келіп, Хз. Пайғамбардың ешқандай ишараты болмаса да толық емес әрі
шектеулі ақылымен Алланың хикметтерін толығымен қамтуға тырысар болса, ол
адам өз ақылына зүлымдық етіп, оны шамасы жетпейтін нәрселерге зорлаған
болып шығады.
Мәселен, Ақыл-ойдың жаңылуы мүмкін, сондықтан нақылды тек сөзбе-сөз
түсіну керек деген пікірдің иелеріне Матуриди Китабу-т Таухид атты
кітабында: ...Бұл пікір (ақылмен ойлаудан қашу) – шайтанның қатерлі
тұзақтарының бірі. Өйткені ақылды қолдануға қарсы келушілердің өздері
ұстанымдарын ақтайтын ақылдан басқа ешқандай дәлел келтіре алмайды (олар
осы қарсылықтарының өзінде ақылға жүгініп отыр). Мұның өзі оларға ақылмен
ойлаудың аса зәрулігін мойындатуға жеткілікті. Олар қалайша ақылға салып
ойлауды жоққа шығарады. Алла тағала құлдарын ойлауға шақырады, оларға ой
топшылау мен ақыл ізденісін жасауды бұйырады, сол арқылы ғибрат пен үгіт-
насихат алудың қажеттілігін көрсетеді. Асылында ой-пікір мен ақылға салу
ғылымның қайнаркөздерінің бірі екендігін дәлелдейді деп, нақты әрі қисынды
тұжырымдарын алға тартады.
Матуриди өзінің Таухид кітабында адамды танымға алып баратын
жолдардың аян (ар. 'айиан, көпше түрі 'иан, сенімді сезім мүшелері мен
осылар арқылы жасалынған тәжірибе мен бақылау), дұрыс хабар мен ақли
(истидлал ақыл) дәлелдер екендігін және танымға қол жеткізу үшін осы
жолдардың ешқайсысынан бас тартуға болмайтындығын айтады. Оның пікірінше
осылардың әрқайсысының саласына кіретін танымдардың тобы бар. Әрбір
танымның саласына тек өзіне ғана апаратын жолмен ғана баруға болады.
Сезімдер арқылы қол жеткізген танымды терістеген адам кертартпа әрі
өркөкірек болып табылады.[1,7-8]
4. Матуридидің еңбектері мен кейінгі замандардағы елеусіз қалуы
Китабут-Таухид: Калам саласында жазылған алғашқы жүйелі кітап және
имам Матуридиден кейінгі ғалымдардың кітаптарының жүйеленуіне үлгі ретінде
бастау болған кітап. Мысалы, білім мәселесін алғаш рет жүйелеп, каламдық
әдебиетке лайықтап жазғандықтан, осы кітаптан кейінгі кітаптарда білім
мәселесі де жүйелі бір реттілікке көшкендігін байқаймыз. Еңбекте исламның
таухид негізі улухият негізгі орталық болып,
Манихеизм,Дәйсания,Маркунииун сияқты дуалисттік көзқарас өкілдеріне өз
заманының жауабы ретінде ұсынылған. [1, 15]
Кітаптың авторы мен атауында ғалымдар арасында аса үлкен тартыс жоқ.
Бұл кітапқа ең жақсы түсіндірме жасап, оған шәрх кітап жазған Әбул Муин
Насафи кітаптың аты мен авторы ретінде имам Матуридиді растайды. [8,117]
Катип Челеби Китабут Таухид уә Испатыс сыфат деп атаған.
Китабут Таухидтің жалғыз ғана нұсқасы Англияда Кембридж
Университетінің кітапханасында сақталынған. [8,118] Китабут Таухид
Феттхуллах Хулейф тарапынан қолжазбасы қолға алынып Бейрут Шығыс әдебиеті
Институтында баспаға шығарылған. Ең соңғы болып Бекир Топалыоғлу тарапынан
жақсы бір аударма жасалынған. [8,119]
Бұл кітап каламшылар тарапынан Матуриди ақидасының ең маңызды
көзқарасын танытатын кітап деп қарастырылады. Әбу Ясир Паздауи бұл кітапты
түсінудің ауыр екендігін, өйткені астарлы немесе мағынасы ашық болмаған
ұғымдардың көптеп кездесетіндігін айтады. Матуридидің бұл кітабының жалғыз
ғана нұсқасының сақталуы мен бізге жеткендігінің бір себебі де еңбектің
жазба нұсқасының ауырлығы мен түсіндірілудегі қиындықтар себеп болуы да
мүмкін.
Тәуилатул Құран немесе Китабу Тауилати әһли сунна: Матуридидің
Құран аяттарын басынан аяғына дейінгі аяттарды тәуил еткен кітабы.[27] Бұл
кітап турасында Катип Челеби Кешфуз зунунда: осы уақытқа дейін тафсир
алаңында мұндай кітап жазылмады деген пікір білдіреді. Бұл кітаптардың
бірнеше нұсқасы әлемде Түркия, Германия, Британия, Мысыр, Өзбекстан және
Дамаск қалаларында сақталған. Әрбір аятқа ақылдық тұрғыдан талдау жасап
мүшәббиһа, (мужассима), мутазиланы сынға алып отырған. Құран аяттарының
ақылдың күшімен түсіндірілуін негізгі ұстаным деп тапқан.
Er-Reddü evâili’l-edille li’l-Ka’bî:: Матуридидің мутазила
ғалымдарының жер жүзі имамыдеп атаған әл-Қаби есімді ғалымдарын сынауы.
Имам матуриди де оның ізбасары Әбул Муин ән-Насафидің ең көп сынаған
мутазила ғалымы әл Қаби болатын. Матуриди әл Қабиді сынап er-Reddü
tehzîbü’l cedel li’l-Ka’bi; er-Reddü va‘îdi’l-füssâk li’l-Ka’bî еңбектер
жазғандығы туралы да айтылады. Мутазила көзқарасындағы бес принципті,
мутазиланың жалпы көзқарастарын сынап сынап Beyânu vehmi’l- Mutezile’yi
және Er-Reddü usûli’l-hamse li Ebî Ömer el-Bâhilî атты еңбектер жазған.
[12,]18
Карматилер мен Рафызилерге қарсы Er-Reddü ‘alâ usûli’l-Karâmita
және Er-Reddü kitâbi’l-imâme li ba‘di’r-revâfiza атты еңбектері де
болғандығы айтылады. [12,19]
Kitâbu’l-makâlât fi’l-kelam еңбегінде болса, келамдық әзхабтар мен
ағымдар туралы жазылған. Бұл туралы Әбу Ясир әл Паздәуи Усулінде айтып
өткен, алайда кітаптың авторы имам Матуриди болмағандығы туралы да көптеген
пікірлер бар. Себебі имам Әшаридің Мақалат атты еңбегі бар болғандығы
үшін, матуриди жолының ғалымдары өздері жазып имамының беделі үшін соған
тиесілі етіп көрсеткен деген де жорамалдар бар. [12,20] Бүгінгі таңда, имам
Матуридиге тиесілі кітаптардан, тек жоғарыдағы екі кітабы ғана бар болғаны
өкінішті. Дегенімен бұл мектептің басты шартын әу баста жасап шыққан ғұлама
Әбу Ханифаның кітаптары да осы мектептің негізгі кітаптарының қатарына
кіреді. Әбу Ханифаның бес кітабы атымен бүгінде қолымызда бар еңбектерді де
атап өткеніміз жөн болар.
1. Рисала илә Осман әл-Батти фил Иржа. Әбу Ханифаның Басралық
ғалым Османб. Муслим әл-Баттиге (760 ж.ө.) жолданып Басрадағы Әбу Ханифаны
муржия деп таныған топтардың көзқарастарына қарсы дәлелді тойтарыс беру
мақсатында жазған рисаласы. Бұл рисалада Осман әл-Баттидің өзіне жазған
хатындағы сұрақтарына жауап беріледі. Әбу Ханифа өзін муржия деп
атағандарға осы еңбегінде: Бидғат әһлі хақ пен туралықты сөйлеген адамдарды
муржия деп атаса, шындықты сөйлеген адамдардың бұл жерде не күнәсі бар.
Бізге муржия есімін дұшпандарымыз жабыстырды деп айтады [13, 194]. Бұл
еңбегінде де муржияны сынау арқылы кәламдық көзқарастары орын алып, сонымен
қатар сол заманда мәселе болған кәламдық тақырыптар сөз болады. Бұл
шығарманың Əбу Ханифаға тиесілі екендігін ғылымдардың барлығы бірауыздан
мойындайды. Тіпті, оның еңбектері жайлы көбіне негативті пікір ұстанған
ориенталистердің өзі əр-Рисəлəның Əбу Ханифаға тəн екендігін құптаған. Əбу
Ханифаның өз қолымен жазған жалғыз шығармасы осы. Қалған шығармаларын ол
шəкірттеріне ауызша айту арқылы жаздырған [11, 15].
2. Китабул Әл-ғалим уа-л Мутааллим. Бұл еңбек жайында Матуриди,
Ибн Нәдим, Фақрул Ислам әл-Пәздауи, Әбу Иуср әл-Пәздауи, Әбдулазиз әл-
Бухари, Бәззай және Катиб Челеби сынды Матуридия мәзһабы өкілдерінің
еңбектерінде көп айтылып, сілтемелер кейде тіпті, тұтас мәтіннен бөлімдер
келтіріледі. Бұл шығарма Əбу Ханифаның шəкірті Хафс ибн Сəлəм əс-
Самарқандидің сауалдарына қайтарылған жауаптардан тұрады. Аталмыш
шығарманың Əбу Ханифаға тəн екендігіне күмəнмен қараудың бір себебі – жет
кізушілердің арасындағы тізбектегі ең соңғы адам Əбу Мұқатилге қатысты.
Кейбір ғалымдар оны сенімсіз десе, ханафи ғалымдары оны толықтай сенімді
деп тапқан. Ал екінші күмəн кітаптың мазмұнына қатысты айтылған. Кəлəм
ілімін мақтауы, ақидаға қатысты мəселелерде қиясты қолдануы жəне иржа
түсінігін ұстануы кейбір адамдардың ойынша Əбу Ханифаның жалпы ұстанымына
сəйкес келмейді.
Жалпылама алғанда, Имам Ағзамның кəлəмға қатыстык қөзқарастарын екі
топқа бөлуге болады. Ол кейбір сөздерінде кəлəмды жақтап пікір білдірсе,
кейбір сөздерінде даттаған. Түптеп келгенде, оның бұл көзқарасында ешқандай
қайшылық жоқ. Өйт кені, мақталған кəлəм ақиқат қа жету үшін жасалған ғылыми
ұмтылысты білдірсе, дат талған кəлəм саласы білімі жет кіліксіз кісілердің
пікірталастырып, бір-бірін сөзден ұтуға ғана негізделген кəлəм. Бұл
айырмашылықты Əбу Ханифаның баласы Хаммадқа жасаған ескертуінен анық
байқауға болады.
3. Әл-Фиқһ ул-әкбар еңбегі. Әбу Ханифаның сенімдік тақырыптардағы
көзқарастарын сипаттаған толымды бір шығарма ретінде әртүрлі рауаяттармен
жеткізілген. Бұлардың ішінде ұлы Хаммад пен шәкірттері Әбу Мути әл-Хакем
бин Абдуллаһ әл-Балһи жолдарымен келген рауаяттар барынша танымал.
Хаммадтың рауаяты әл-Фиқһ ул-Акбар деп, Балһидың рауаяты болса, әл-Фиқһ ул-
Әбсат деп атаққа ие болды. Бейазизаде бұл екі рисаланың рауаят тізбегін
мына тәртіппен береді: Садр ул-Ислам әл-Пездеуи Әбу Якуб әс-Сеййариден; ол
Әбу Жағфар әл-Хиндуваниден, ол Әбу әл-Қасым әл-Балхиден, ол болса, Нусайыр
бин Яхия әл-Балхи, Әбу Мути әл-Балхи және Мұхаммед бин Муқатил әр-Рази,
Хаммад бин Әбу Ханифа болып үш арнадан рауаят етілген. Заһид әл-Кәусари
(13711952 ж.ө.) болса Әл-Фиқһ ул-Әкбардың Мәдинадағы Ариф Хикмет
кітапханасында 226 нөмірмен сақталынғандығын айта келіп, осы нұсқаның басқы
бөлімінде орын алған Ибраһим әл-Гураниге тиесілі мына сәнәдпен рауаят
етілгендігін жеткізеді: Али бин Ахмед әл-Фариси, Нусаир бин Яхия, Ибн
Муқатил (Мұхаммед бин Мұқатил әр-Рази), Исам бин Юсуф, Хаммад бин Әбу
Ханифа, Әбу Ханифа.
Ислам ғұламаларының көбісі осы шығарманың Әбу Ханифаға тиесілі
екендігіне келіссе, сонымен бірге шығармада осы кезге дейін тартыс
тақырыбына айналмаған кейбір мәселелердің де орын алғандығын мақұлдайды.
Бұл ғұламалардың бірі Ахмед Әмин (1954 ж.ө.). Ол Фиқһ ул-Әкбардың Әбу
Ханифаға тиесілі екендігіне келісіп, қолымызда бар нұсқалардың ішінде
кейбір толықтырмалардың, қосымшалардың қосылғандығын ескертеді, алайда бұл
ерекшеліктердің қандай болғандығы туралы мағлұмат бермейді. Шибли Нумани
(1914 ж.ө.) және Мұхаммед Әбу Зехра бұл толықтыруларды одан әрі нақтылай
кетеді. Шибли бұл толықтыруларға мысал ретінде әл-Фиқһ ул-Әкбарда өз
заманынан ерте туған жауһар, араз сияқты философиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz