Инфляция туралы ұғым



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Инфляция: мәні, мазмұны, түрлері
1.1 Ашық және басылыңқы инфляция
1.2 Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияның жіктелуі
1.3 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
2. Инфляцияның пайда болу себептері және тежеу жолдары
2.1 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары
2.2 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
3. Инфляцияның үйлестірімді әсері
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияға қарсы саясат
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Инфляция (латынның inflatio – қампиған деген сөзі) – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік – экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі./ [2]
Инфляция – кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар шығарылады; мемлекеттің өндірістік емес шығындар (әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және адам еңбегі шынымен тікелей байланысты; тауар тапшылығы, оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізінде – бағаның өсуі; бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен асырылуы; жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының (эмиссия – айналымға ақша мен бағалы қағазды шығару) пайда болуына көмектеседі.
/«Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865 ж.ж азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 %-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. КСРО халық шаруашылығы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында жоспарлы экономика тұсында, ол тиіс емес деген фактілер оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағалары тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай-ақ өнеркәсіптегі және шаруашылықтағы көтерме сауда бағасының деңгейімен ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін./ [3]
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті санына (Аа) сай болады және мынандай формуламен адам:

Аа = ∑С
А
мұндағы – тауар бағасының сомасы:
А – бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.
Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың стихиялы өзара іс-әрекетімен – айналатын тауардың массасымен, олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.
1. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер».- Алматы.-Экономика. - 2001. 50 бет.
2. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А. және т.б. «Жалпы экономикалық теория».- Ақтөбе.-2004ж. А- Полиграфия 63- бет.
3. «Экономикалық теория негіздері» / Әубәкіров Я.Ә., К.Н. Жатқанбаева және т.б. ред. Оқулық. – Алматы: ҚазМұУ, 1998. 59 б.
4. Макроэкономика. Н. Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова Алматы /Экономика/ 2003ж.
5. Коммерциялық банктер. С.Б. Мақыш Алматы «Қазақ университеті» 2002 ж.
6. Қазақстан газеті 2002 № 16 «ұлттық банктегі кезекті кездесу»
7. «Заң» журналы – 2004- №2 ««ұлттық банктің құқықтық мәртебесі» 59-63 б.
8. Тілеубеков А.А. «Инфляция», «Түркістан»-2004-№ 2 – Б. 33-45

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
Негізгі бөлім
1. Инфляция: мәні, мазмұны, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.1 Ашық және басылыңқы инфляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияның жіктелуі ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Инфляцияның пайда болу себептері және тежеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары ... ... ... ... ... ..15
2.2 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .17
3. Инфляцияның үйлестірімді әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ

Инфляция (латынның inflatio – қампиған деген сөзі) – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік – экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі. [2]
Инфляция – кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар шығарылады; мемлекеттің өндірістік емес шығындар (әсіресе әскери шығындар) деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және адам еңбегі шынымен тікелей байланысты; тауар тапшылығы, оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізінде – бағаның өсуі; бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен асырылуы; жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы өндірілуін және артық ақша эмиссиясының (эмиссия – айналымға ақша мен бағалы қағазды шығару) пайда болуына көмектеседі.
Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865 ж.ж азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 %-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. КСРО халық шаруашылығы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында жоспарлы экономика тұсында, ол тиіс емес деген фактілер оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағалары тұрақты деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды. Инфляция, сондай-ақ өнеркәсіптегі және шаруашылықтағы көтерме сауда бағасының деңгейімен ЖІӨ дефляторымен де сипатталуы мүмкін. [3]
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті санына (Аа) сай болады және мынандай формуламен адам:
?
Аа = ∑С
А
мұндағы – тауар бағасының сомасы:
А – бір есімдегі ақша бірлігі айналымының саны.
Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың стихиялы өзара іс-әрекетімен – айналатын тауардың массасымен, олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.
Алайда ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап қоймай, төлем құралы қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған айналым үшін қажетті ақша саны формуласы (Аа), кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей түрге ие болады:

Аа = БС – Н + Т - өЕ
Ш

мұндағы Аа - айналымда болатын ақша саны;
БС - өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н – несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы;
Т – мерзімі келген төлемдер;
ӨЕ - өзара есеп айырысу;
Ш – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы
Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ететін алмайтын ақша бірлігінің пайда болуы инфляцияны білдіреді – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі, құнсыздануы. Бұл тауар бағасының жасырын немесе ашық өсуіне алып келді.
Әрбір елдің әлеуметтік экономикалық жағдайына байланысты инфляцияның шығу себептері әр түрлі. Олар ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады.
Сыртқы факторларға жататындар:
А) Шаруашылық байланыстарының интернациялануы, бұл сыртқы факторлардың ролін күшейтеді. Мысалы: Басқа елдердегі инфляцияның болуы импорттық товарлар арқылы елдің ішіндегі тауарлар бағасының өзгеруіне әсер етеді.
Б) Ұлттық валюта курсының шетелдік валютаға қарағанда төмендеуі.
В) Әлемдік эканомикалық дағдарыстардың әсері.
Ішкі факторларға жататындар:
А) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы.
Б) Әскери мақсатқа жұмсалатын шығындардың көбеюі.
В) Әлеуметтік мақсатқа шығындардың ұлғаюы.
Г) Несие экспансиясы.
Д) Инфляцияның күтілуі.
Е) Инфестициялардың шамадан тыс көбеюі.
Ж) Эканомикада құрылымдық сәйкессіздіктердің болуы.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:
а) баяу;
ә) қарқынды;
б) ұшқыр.
в) супер
- Баяу инфляция кезінде баяу (жылына 10% -дан аздау) өседі. Инфляция 2-3 % болған жағдайда, нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992-ші жылы инфляция: Францияда – 2,7%, Германия мен АҚШ-та – 3,8% болды.
- Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи (жылына 20-дан 200 %-ға дейін) өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшындырады (тұрғындардың өмір деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды және т.б)
-Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500 – 1000%) өседі. Қоғамның экономикалық тарихында ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалдары баршылық (инфляция Боливияда 1985-ші жылы – 3400%, Аргентинада 1990 –шы жылы – 2000% болған). Аргентина экономикасын ауыл шаруашылығы құтқарды. Бұл сала басқасына қарағанда елде басым болып, уақыттың белгілі кезеңін нарықтық қатынастарсыз-ақ өмір сүруге мүмкіндік туғызды.
- Супер инфляция ( баға жылына 1000% - дан жоғары өседі)
Сонымен қатар инфляцияның тепе – теңдік деңгейі бойынша балансты және балансты емес болып бөлінеді. Баланстағы инфляция кезінде баға тауарлар мен қызмет көрсетуге пропорционалды түрде өседі. Әр түрлі тауарларға бағалар әр түрлі қарқында өседі. Инфляция күтілген және күтілмеген болып та бөлінеді, ол қамтылған ауқымына байланысты жергілікті инфляция, әлемдік инфляция болып бөлінеді.

Инфляцияның экономикалық - әлеументтік зардап салдары мынада: -инфляция өндіріс қарқыны төмендейді,
-экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады,
-ақша – несие, қаржы және валюта механизмдері бүлінеді,
-әлеументтік экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халық аралық экономикалық қарым – қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстармен көлеңкелі экономиканың дамуын тежелдетеді. Халықтың жағдайы қатып қалған жалақымен нашарлайды, олардың тұтынуы шектеліп, қор жинаулары қысқарады. Ақша иммиссисы бүркелмелі жолмен мемлекеттік орындар көптеп шығарады. Кәсіпкерлік қызмет деңгейі төмендейді және капитал өндіріс ауқымынан шығып, шетелге және айналым ауқымына ұмтылады.
Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономиканы көңілдендіруге әсерін тигізеді және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздар қатарын жоя бастайды. Американ экономисі А. Манның айтуынша, бағаның қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және тұтыну қабілеттілігін арттырады. Шынында да инфляцияның бірінші кезеңде, қағаз ақша қарқынын қамтамасыз ету олардың эмиссия қарқынынан (сұлама инфляцияны айтамыз) қалған кезінде, арнайы инфляциялық конъюктура пайда болып, тауар бағасының өсуі уақытша өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын ынталандырады. Алайда ақшаның құнсыздануының деңгейіне қарай инфляция өндіріс пен айналым процесін ұйымдастыруды тезірек бұзатын әсерлерге (қарқынды инфляция) тап болады. Сөйтіп, несие-қаржы және валюта жүйесінің (гиперинфляция) толық бұзылуына алып барады.
Экономистер инфляцияны екі түрге бөледі:
1Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс
шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере аламайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады.
2 Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы.
Шығын көлемі өзгеруінің және нарықтық ұсыныстыңнәтижесінде пайда болуы мүмкін. Жиынтық сұраныс артпағанына қарамастан, соңғы жылдары баға деңгейі өсті. Өндіріс көлемі де, жұмыспен толық қамтамасыз ету де қысқарған кездері болды, бірақ осымен бірге жалпы баға деңгейі өсті.
Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Орташа шығындарды мынадай тәсілмен шығаруға болады: өндірісте қолданылатын ресурстардың жалпы шығынын өндірілген өнімнің көлеміне бөлу керек, яғни:

Орташа шығын (АС) = Жалпы өндірістік шығын (ТС)
өнім бірлігінің саны (Q)

Орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады, ал фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен ұсынуға дайын. Нәтижесінде барлық экономика аумағында тауар ұсынысы мен қызмет ұсынысы азаяды. Бұл ұсыныстың азаюы баға деңгейнің өсуіне әкеледі. Соған орай, шығындар бағаның өсуіне итермелейді, ал сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуіне сұраныс әсер етеді.
Шығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар:
а) атаулы төлемақының өсуі;
ә) энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі.

Төлемақының өсуінен пайда болған инфляция. Шығын инфляциясының теориясы кейбір жағдайларда бұл инфляцияның шығу себебі кәсіподақ болуы мүмкін. Бұл былай түсіндіріледі: ұйымдық келісімдер көмегімен атаулы төлемақылар мөлшерлемесін (ставка) қадағалауға мүмкіншіліктері бар. Ірі кәсіподақ төлемақыны ұлғайтты және мұндай деңгейдегі төлемақыны кәсіподақ қатарына кірмейтін жұмысшыларға тағайындады. Егер барлық мемлекет аумағында төлемақының өсуі, қандай болса да факторларға теңессе (мысалы, сағат бойынша жұмыс істеудің үлгісі), орташа шығындар өсіп кетеді. Бұған фирмалар өндірісті және тауар мен қызметті қысқартуымен жауап береді. Осы жағдайда атаулы төлемақының өсуі байқалады; бұл инфляцияның түрін төлемақының өсуінен пайда болған инфляция деп атайды, бұл шығын инфляциясының бір түрі.

Ұсыныс механизмінің бұзылуынан пайда болған инфляция. Шығын инфляциясын ұсыныс механизмінің бұзылуымен түсіндіретін теория шығындарының өсу себептерін және өнімге пайдаланылатын шикізат пен энергия ойламаған шығынның көбеюін қарастырады. Мысалы: 1973-1974 жылдары және 1978-1980 жылдары мұнай бағасы қатты көтерілді. Осы мезгілде энергияның бағасы өсіп жатты және өндіріс шығындары да өсті. Бұл шығын инфляциясының жылдам өсуіне әкелді.

Қиыншылықтар. Біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл типті ажырату қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляцияшығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

1.1 Ашық және басылыңқы инфляция
Нарықтық инфляция тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдауына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз. Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляциядейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардың өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп, оны аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те айтады. Ол бағаны реттейтін (жалақыда болуы да мүмкін) экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтатады.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 %, 1994-те – 1258, ал 1995-тің аяғында теңге тұрақтана бастап, инфляция төмендеді және 60,3%-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7 %,-тың маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2%, 1998-ші жылы – 1,9 %, 1999-шы жылы – 17,8 %, 2000-ші жылы – 9,8 құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9 %-ға тұрақтады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрінөндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляциясаясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20 %-200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қаорқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ қолдана отырып осыны қалай түсіндіруге болады? Егер М – n есе өскен болса, баға деңгейі сонша есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V – көрсеткішін де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір себебі ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады.

? 1.2 Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияның жіктелуі
Шетел экономистері сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке жіктейді: а) сұраным инфляциясы; ә) өндіріс шығынының өсуімен немесе жиынтық ұсынымының азаюымен болатын ұсыным инфляциясы. Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деуге болады: Тауардың өте аз мөлшеріне өте көп ақша жұмсалмақ. Сондай-ақ сұраным инфляциясы нарықтық байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік-әміршілдік басқарудың ұзақ билеуі кезінде болады. Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді қадылдайды. Мысалы, біздің экономиканы алатын болсақ, ұзақ жылдар бойы табиғи емес ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келді. Бұған көптеген рентабельді емес кәсіпорындар және артық жұмыс орнын, еңбекті көп қажет ететін өндірісті конверсиялау арқылы қол жеткізіліп, ол еңбек өнімділігіне теріс әсер етті. Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен келмесе, онда ол сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға итереді.
Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным нарығының өзгеруі нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жіктейміз:
а) баланстанған инфляция
ә) баланстанбаған инфляция.
Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. ТМД елдерінде әзірше баланстанбаған инфляция барынша белең алуда, ол шағын және орта бизнестің дамуына белгілі кедергілер жасауда. Баланстанған инфляцияны алатын болсақ, кәсіпкерлік қызметтің дамуына аса қауіпті емес.
Инфляция философиясы мынаған саяды: оның тереңдеуінің арқасында экономиканы уақытша қозғалту факторларынан ұдайы өндіріс процесін тежеуге айналады. Өндіріс қарқыны төмендеп, экономикалық өсу пропорциясы бұзылады, ақша несие, қаржы және валбта механизмі бұзыла бастап, елдегі әлеуметтік- экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика және т.б. белсенділігін арттырады.
Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін инфляция деңгейі (қарқыны) төмендегідей болып анықталады. Ағым кезіндегі баға индексінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып, өткен кезеңдегі баға индексіне бөлінеді.

Баға индексі = ағым кезіндегі баға - өткен кезеңдегі баға х 100
өткен кезеңдегі баға

1.3 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсілдеріне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың бастысы – шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккісіз. Әсіресе:
- ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;
- құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
- мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
- мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;
- несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі – тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан , өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар – ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж. – 39,5 %,
1940ж. – 61 %,
1960 ж. – 72,5% болды;
үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өрендеген мемлекеттерде ол – 15-25 % болды;
Қазақстанда 1992 ж. бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босаты шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 ж. айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті; 1994 ж. ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 процентке өсті; осы көрсеткіштер 1995 ж. 216 және 160 процент болды. Ал 1996 ж. ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуі байқалды.

2. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТЕЖЕУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляция жол берілді.
Нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып – валюталық нарық болып табылады. Бұл шетел валютасының сатып алу-сату операциясы бойынша (банкнот, қазыналық билет пен монета түріндегі белгілері) экономикалық – қаржы қатынастар жүйесі. Валюталық оперцияға қатысу делдалдық биржа арқылы жүзеге асады.
Ұзақ мерзімді болашақтар сондай-ақ, ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30 – жылдан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және оның түрлері
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Қаржы және инфляция
Инфляция
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді шешу жолдары
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
Ақша-несиелік реттеу
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Нарықтық экономикадағы инфляция
Пәндер