Латын әріптері қазақ алфавитте


Латын әріптері қазақ алфавитте
Латын әріптер қазақ алфавитте.
Жаңа нұсқасы 1999 жылда бірінші рет жарияланған болатын
Осы күнге дейін бұрынғы кеңес одақтағы түркітілдес халықтар ұлттық тілдерін латын графикасына көшіру мәселелерін жан-жақтан қарастырып бір шешімге келген, демек латын графикасына көшу. Әрине бұл жұмыс өте күрделі екені ешкім естен шығармады, және де әр мемлекетте бұл жұмыс ұзаққа созылатыны баршаға мәлім еді. Оған себеп болып тұрғаны әр елдегі экономикалық, әлеуметтік, технологиялық т. с. с. даму үрдістер болып тұр. Ғылыми, әдістемелік дайындық әр елде енді ғана үкімет тарапынан қарастырылып, қаржыландырылып жатыр. Біздің елімізде осы уақытқа дейін ұйымдастыру, зерттеу шаралар қолданылып жатқан болатын, түрлі жұмыс топтар, комиссиялар, жиналыстар өз жұмыстарын атқарған. Көптеген авторлар өз алфавит нұсқаларын жариялап, ұсынып тұрған. Гәзіт-жорналдарда басылған мақалаларда әр автор ұсынған алфавиттердің тиімді жақтарын дәлелдеуге тырысты, компьютер технологияларды көмегімен мысалдар келтірді.
Бұл мәселелер әріне мені адам, және маман ретінде көптен бері мазалап жүрді. Маман ретінде мен біраз жыл ақпараттану саласында жұмыс істеп сонымен қатар компьютерлік технологиялар және компьютерлік қаріп пен пернетақталық драйверлер жасаумен шұғылданып жүрдім. Осы уақытқа дейін көптеген қаріп және драйверлерді жасап үлгердім. Жасаған қаріптер тек қазақ тілінде ғана емес көптеген түркі тілдерінде сонымен қатар орыс, және латын елдеріндегі тілдерде мәтіндерді теруге мүмкіндік береді. Ал қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесіне келсек, мен көптеген өзге авторлардың ұсыныстарымен танысып, талдадым, ешқайсысы көңілімнен шықпады. Кебір алфавит нұсқалар авторлардың компьютерлік технологиямен жетік таныс болмағандықтан жүйелі ақауларға тап болды, ал кейбірі оны сызда көп әріп алфавитты одан сайын көбейтіпті. Бұларды бәрін саралау үшін жеке мақала жазу керек болып тұр, сондықтан өзімнің шығарған алфавит үлгісінің негізгі ерекшеліктеріне тоқтауды жөн көрдім, бұлар мыналар:
- 25 латын әріп және « ’ » (quoteright) таңба қазақ алфавитке жетерлік деп санаймын, себебі қазақ тіліндегі фонемалар осы әріп терлермен толық қамтамасыз етіледі және де бұлар көптеген ұлттық пернетақталарда барын естен шығармайық;
- жаңа алфавиттегі кейбір әріптер бұрынғы әріптермен сәйкес келеді: а-а, b-в т. с. с., сондықтан үйренуге қиындық тудырмайды және емлені әзірше өзгертуге қажет емес деп ойлаймын;
- ақпараттарды игеру және алмасу мақсаттарда компьютерлік технологияларды қолдануы латын графикасындағы қазақ тіліне үлкен жеңілдік пен дамуына әсерін тигізеді;
- жаңа алфавит шетел сөздерді, атауларды жазуына ешқандай қиындық туғызбау керек.
Осы тұрғыдан жасалған латын графикасындағы қазақ алфавитты осылай көрінеді:
Қазақ алфавитты
латын әріптегі нұсқасы
Қазіргі кирилл әріптегі
алфавит
Келесі әріптер, дәлірек айтқанда, графемалар (диграфтар), алфавит тан тыс шығарылды, бірақ шет тілдегі сөздерді жазуға пайдаланады:
Сс, сс - Щ, щ - ща;
Iu, iu - Ю, ю - йу;
Io, io - Ё, ё - йо;
Ia, ia - Я, я - йа,
Ie, ie - Э, э - э;
Осы әріптерден басталатын қазақ тіліне енген шетел сөздер сөздіктерде тиісті тарауларда орналасу керек, мысалы:
экскаватор - iekskavator;
экономика - iekonomi’ka;
электроника - ielektroni’ka.
Жаңа сөздер біздің қолданыста көбеюде ( этаж - қабат - qabat, юрист - заңгер - zan’g’er т. с. с. ) - оларды да тиісті орындарына енгізу керек.
Сонымен, ұсынылып тұрған жаңа қазақ алфавит 36 фонемалардан 25 әріп пен « ’ » quoteright (ағл. ) «жоғарғы оңжақты үтір» немесе айрықша белгіден тұрады. А, б, в әріптерді таңбалау қиынға соқпады және де олардың латын әріптерінің сәйкестігі бұрыннан белгілі. Біз жаңа алфавитте тек кейбір фонемаларды таңбалауына тоқтайық, біреулерге олар қызық болып көрінгенімен, бірақ түсінікті болады деп ойлаймын. Алфавитті ретімен қарастырайық:
А’, а’ -Ә, ә - бұл жерде және басқа жерде « ’ » айрықша белгі жіңішкелік ролін атқарады, демек алдыңғы әріптерді жіңішкелік сипат әпереді, бұл әдіс орыс фонетикасында және басқа тілдерде кездеседі. Бірақ « ’ » айрықша белгі басқа мақсаттарда да пайдаланылады, мысалы: с’ - ч, s’ - ш, у’ - й , және « ’ » - ь , - бұл жағдайда « ’ » айрықша белгі тек айрықша ролді атқарады - таңбалау ролін, сол себептен алфавитте « айрықша белгі - ay’ryqs’a belg’i » деп аталды.
Кірме сөздер С, с - Ц, ц әріппен басталатыны (цех - ceh, цирк - ci’rk) және пайдаланатыны көпшілікке мәлім, соңдықтан қазақ алфавитке енгені түсінікті болар. Тағы ескертетін бір жәйт, бір фонеманы бір әріппен таңбалауға - а - a, b - б, с-ц, т. с. с. тырыстық және оқылуы да біркелкі, кейбір шет тілдердегі дей әріп тін оқылуы өзге әріптердің орналасуына баланысты сияқты емес.
Ерекше W, w-Ұ, ұ - әріпке тоқтайық, бұл әріпті ағылшын тілінде кейбір сөздер айтылуына қарай қабылдадық, мысалы: Watson - (Ұатсон) - Уатсон, Work-Ұорк, т. с. с. ;
J, j - Ж, ж әріп көп тілдерде осылай оқылады;
Q, q - Қ, қ әріп бұрынғы қазақ латын алфавитіңде осылай таңбаланды, бізде осылай қалдырдық. Басқа елдің мәтіндерден (латын әріптерді қолданып жүрген) еліміздің атауы - Qazaqstan және « ’ » айрықша белгі қазақ мәтіндер ерекше көрінеді және танымал болады.
Кейбір авторлар, қазақ тілінің мамандары үндестік (сингармонизм) заңына сүйеніп Г, Ғ әріптерді тек бір G әріппен, сол сияқты К, Қ әріптерді тек К әріпі мен таңбалауды ұсынып отыр, ал қазіргі қазақ мәтіндерінде көптеген шетел сөздер, қала, зат, т. с. с. атаулар және адам есімдері кездеседі, соңдықтан осы әріптерді жоғарыда келтірген кестедегідей нұсқамен қабылдағанды жөн көріп отырмын. Мысалдарды келтірсек: ( G’anius’ki’no, Kabi’net, G’ag’ari’n dan’gyly т. с. с. ) .
Жаңа алфавитте Х, х әрібі тыс шығарылып, қазақ мәтіндерде қолданбай, тек математикалық формуларда белгісіздікті таңбалауда қолданады, грекиялық әріптер сияқты.
Ұсынылып тұрған латын графикасындағы қазақ алфавиті өте қарапайым, шағын және игеруге тиімді деп ойлаймын. Кез келген адам қазақ тілінде жазам, оқимын десе және аз да болса латын әріптерді білетін болса (мектепте ағылшын, неміс басқада латын графикасындағы тілдерде оқыған) тез үйренеді де, пайдалан алады. Әріне көзге үйреншікті жаңа мәтіндер болу үшін және тез жазу, оқу үшін уақыт және жаттығулар күнделікте керек.
Жаңа латын графикасындағы қазақ алфавиті жақсартудан әрине шектелген жоқ, бірақ кәзіргі қолданысқа, тілімізді латын графикасына көшіруге толық ролін атқарады өйткені бұрынғы емлені, дәстүрлі негізгі әріптер дін дыбысталуы сақтайды және болашақта жаңа өзгерістерді мамандар зерттеп, енгізе алады.
Аталған алфавит жер-шарының кез-келген жерінен компьютерде ағылшын драйвері болса қазақ мәтіндерді толық тере алады да электронды пошта немесе интернет сайтта қазақ тілінде мағлұматтарды алалады және жібере алады. Мәліметтерді, сөздерді алфавит бойынша тізбектеу үшін жаңағы ағылшын драйверлер жарай береді, әрине реттелу бұрынғы алфавиттен ерекшеленеді, бірақ оған да тез үйренуге болады.
Алфавит арқалы қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларда қазақ тілінің пайдалануы шапшаң түрде енгізу жаңа мүмкіндік береді. Ал файлдарды сақтау, алмасу, қазақ мәтіндерді автоматты түрде айқындату (распознавание) қазірден бастап мүмкіндік бар. Электронды сөздіктерді, аудармашыларды жасау, автоматты түрде сөздерді жіктеп көшіру және емлені тексеру жұмыстар осы алфавиттің көмегімен әлде қайда тиімді болар деп ойлаймын.
Қазіргі латын графикасында қаріп қоры жаңа алфавит арқылы қолымызға жетіп полиграфияға, электронды баспаға зор пайдасын әкеледі, дизайнерлерге, жалпыға творчестволық леп береді. Қазірден бастап пейджер, веб-, кино- теледидар компаниялар, барлық өндірісте таза қазақ тілінде түрлі мағлұматтарды, дисплейде, экрандарда, жарнамаларда, интернетте бере алады. Еліміздің жетістіктерін баршаға жеткізіп шет елдегі қандас тарлармен ана тілімізде қауышуға мүмкіндік береді. Қазақстанды дүниежүзілік бірегей ақпараттық кеңістікке ену мәселелері шапшаң түрде шешіледі.
Осы бағытта да әлі де көптеген жұмыстар күтіп тұр. Біріншіден терминдерді жасау жұмыстарды ары қарай жүргізіп реттеуіміз керек. Жүелік бағдарламалар, браузерлер(интернет мағлұматтарды - сайттарды көрсететін қолданбалы бағдармалар), СУБД ( мәліметтер қор басқару жүйесі) т. с. с. тек бір терминге келтірілген сөздерді анықтай алады. Бұрынғы ақпараттық ресурстарды жаңа латын әріптерге көшіру жұмыстар күтіп тұр, оларды сканерді, айқындыру және конвертор бағдарламаларды пайдалану арқылы автоматтандыру жолымен шешуге болады.
Жаңа алфавитті енгізу барысында кейбір мәселелерге тоқталу керек деп ойлаймын. Шет тілдегі сөздерді, атауларды және адам есімдерін жазу тәртібі, сол сияқты қазақ сөздерді, атауларды, адам есімдерін орыс немесе ағылшын басқа да тілдерде жазылуы реттеліп жаңа сөздіктерде орын тауып шығару керек, мысалы:
Өміржан - O'mirjan -Омиржан (Умиржан емес) ;
Бақыт - Baqyt - Бакыт (Бахит немесе Бахыт емес) т. с. с.
Бұл мәселелер шешім тауып жатыр, бар гәп жаңа латын графикасындағы қазақ алфавитін ресми түрде қабылдауында. Көптеген алфавиттердің нұсқалары жарияланса да қолданыста көбі жоқ, ал бары қолдау таппай көпшілікке беймәлім болып тарамай жатыр. Бұған бір шешім бар, ол үкіметтің осы мәселеге тағыда оң көзімен қарап бір мәмлеге келіп, шараларды жоспарлап, іске асыру.
Бір мақалада бар мәселерді ашу мүмкін емес, алайда, негізгілерін ашуға тырыстым, сол себептен өзімнің ұсынылған нұсқамды көпшілікке сынауға, саралауға, қолдануға жария етуге жөн көрдім. Жақсы ниетпенен қауышайық, пікір алысып, білгенімізді ортаға салып елімізді байытайық.
ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШСЕК, ОРЫС ТІЛІНІҢ ЭКСПАНСИЯСЫНАН БІРТЕ-БІРТЕ АРЫЛАТЫН БОЛАМЫЗ
Ғарифолла ӘНЕС, филология ғылымының кандидаты, тілші ғалым:
- Мен бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын: біз орта білім беретін мектептерімізді түбегейлі реформалап алмай, латын графикасына көше алмаймыз. Біз алдымен «қазақ мектебі», «орыс мектебі», «аралас мектеп» дегендерден мүлде арылуымыз керек. Қараңызшы, көрші Ресейде «русская школа» деген жоқ қой. Дамыған елдердің көбінде адамдар бір тіл мен бір жазу арқылы оқып, жұмыс істейді. Ол үшін орыстілді және аралас мектептерді жабудың қажеті жоқ. Біз тек барлық орта білім беретін мекемелерді мемлекеттік тілге көшіріп, сол жерлерде латын графикасын енгізе бастауымыз керек. Осылайша үлкен жұмыстарды атқармайынша, латынға көшеміз дегеніміз әншейін сөз болып қала бермек. Осы ойымды бүгінде баспасөз беттерінде ашық айтып жүрмін. Біз егер латын графикасына көшкіміз келсе, оны қайта жасақтаудан өткен, бір ізге түсірілген барлық білім ошақтарына бірдей енгізуіміз қажет.
Алайда Тәуелсіз Қазақстанда қазақтілді мектептер саусақпен санарлықтай болып тұрғандықтан, орыстілді мектептер мен жалпы біздің қоғамдағы орыстілді қазақтар латынға көшуге аса бір құлшыныс танытып отырған жоқ. Біздегі орыстілді кеңістік қазақ тілінікінен анағұрлым ауқымды болғандықтан, орыстілділер орыс тілі мен «криллицадан» айырылғылары келмейді. Оның үстіне, әлгі орыстілді мектептердегі оқушылардың 90 пайызға жуығы қазақтың балалары. Олар латын жазуын үйренгенмен, ой-санасы сол орысша қалпында дамитын болады. Демек, біз қазақ баласының өз ана тілінде білім алуына мүдделі болуымыз қажет. Қалай десек те, біздің - латын қарпіне көшуді болашаққа бағытталған үлкен рухани және саяси қадам деп қабылдауымыз керек. Егер мәселе бұлай шешімін тапса, біз «орыстілді мектептерге де латын графикасын енгізу керек» деп бас қатырмас едік. Біз неліктен орыстілділер үшін орыстың алфавитін латын қарпіне ыңғайлап, босқа күш жұмсауымыз керек. Біз осы кириллицадан негіз алған қазақ әліппесінің өзін латынға икемдеп алсақ та жетеді. Бұл - біз үшін қиын шаруа емес. Ал еліміз бойынша әр тілде білім беретін мектептеріміз жұмыс істеп тұрған қазіргі уақытта Қазақстан латын графикасын игеріп алып кете алмайды. Шынтуайтына келгенде, біз латын қарпіне көшсек, орыс тілінің экспансиясынан бірте-бірте арылатын боламыз.
- Біз орта білім беретін мектептерімізді түбегейлі реформалап алмай, латын графикасына көше алмаймыз. Біз алдымен «қазақ мектебі», «орыс мектебі», «аралас мектеп» дегендерден мүлде арылуымыз керек. Қараңызшы, көрші Ресейде «русская школа» деген жоқ қой. Дамыған елдердің көбінде адамдар бір тіл мен бір жазу арқылы оқып, жұмыс істейді. Ол үшін орыстілді және аралас мектептерді жабудың қажеті жоқ.
Біз тек барлық орта білім беретін мекемелерді мемлекеттік тілге көшіріп, сол жерлерде латын графикасын енгізе бастауымыз керек. Осылайша үлкен жұмыстарды атқармайынша, латынға көшеміз дегеніміз әншейін сөз болып қала бермек.
Осы ойымды бүгінде баспасөз беттерінде ашық айтып жүрмін. Біз егер латын графикасына көшкіміз келсе, оны қайта жасақтаудан өткен, бір ізге түсірілген барлық білім ошақтарына бірдей енгізуіміз қажет.
Алайда Тәуелсіз Қазақстанда қазақтілді мектептер саусақпен санарлықтай болып тұрғандықтан, орыстілді мектептер мен жалпы біздің қоғамдағы орыстілді қазақтар латынға көшуге аса бір құлшыныс танытып отырған жоқ. Біздегі орыстілді кеңістік қазақ тілінікінен анағұрлым ауқымды болғандықтан, орыстілділер орыс тілі мен «криллицадан» айырылғылары келмейді. Оның үстіне, әлгі орыстілді мектептердегі оқушылардың 90 пайызға жуығы қазақтың балалары. Олар латын жазуын үйренгенмен, ой-санасы сол орысша қалпында дамитын болады.
Демек, біз қазақ баласының өз ана тілінде білім алуына мүдделі болуымыз қажет. Қалай десек те, біздің - латын қарпіне көшуді болашаққа бағытталған үлкен рухани және саяси қадам деп қабылдауымыз керек.
Егер мәселе бұлай шешімін тапса, біз «орыстілді мектептерге де латын графикасын енгізу керек» деп бас қатырмас едік. Біз неліктен орыстілділер үшін орыстың алфавитін латын қарпіне ыңғайлап, босқа күш жұмсауымыз керек. Біз осы кириллицадан негіз алған қазақ әліппесінің өзін латынға икемдеп алсақ та жетеді. Бұл - біз үшін қиын шаруа емес. Ал еліміз бойынша әр тілде білім беретін мектептеріміз жұмыс істеп тұрған қазіргі уақытта Қазақстан латын графикасын игеріп алып кете алмайды. Шынтуайтына келгенде, біз латын қарпіне көшсек, орыс тілінің экспансиясынан бірте-бірте арылатын боламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz