"Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы


1. Қоғамның жай.күйi және даму перспективалары
2. Қоғамды дамытудың инвестициялық жоспары
3. Қоғам дамуының аса маңызды көрсеткіштерін болжау
Қазақстандық почтаның қоғамның әлеуметтiк-өндiрiстiк инфрақұрылымының маңызды құрастырушысы ретiндегi миссиясы азаматтардың ақпарат алуға, таратуға және беруге конституциялық құқықтарын қамтамасыз етумен тұжырымдалады.
Қазақстандық почтаның миссиясы төменде келтiрілген бiрнеше басты кезеңдердi бiрiктiредi.
Нарықтық экономиканы құру жағдайында Қоғам қызметiнiң әлеуметтiк бағдары күшейтiледi, ол барлық тұтынушы топтардың, әсiресе, елiмiздiң шалғай аймақтарында өмiр сүретіндердiң, почта байланысының өмiрлiк маңызды қызметтерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етумен бiлдiрiледi, сонымен кәсiпкерлiктiң дамуына, iскерлiк белсендiлiктiң, білiмнiң, мәдениет пен ғылымның дамуына ықпал етедi.
Почта жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру. Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың стратегиялық мақсаты қазiргі заманғы технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде почталық та, қаржылық та қызметтердің ауқымын кеңейту есебінен коммерциялық өміршең және қаржылай тұрақты почта бөлiмшелерi желiсiн қалыптастыруды көздейтiн тиiмдi почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады. Почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудағы таңдалған стратегияның тиiмдiлiгi әлемнiң жетекшi почта әкiмшілiктерiнің тәжiрибесiмен расталады.
Пайдалылықты почта саласының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдай ретiнде тану. Қоғам нарықтық инфрақұрылымның тиiмдi жұмыс iстеуiнiң және коммерциялық табыс кепiлiнiң маңызды шарты ретiнде почта байланысының сапалық деңгейiн жақсартуға және бәсекеге төзiмдi қызметтердi ұсынуға жәрдемдесетiн ішкі әлеуеттi одан әрi өсiрудi мақсат етiп отыр.
Нарықтық бағдарға ерекше ден қою. Қоғам тиiсті қызметтердi жаңа сапалы деңгейде ұсыну мақсатында корпоративтiк клиенттердi қоса алғанда, тұтынушылардың қажеттілiктерiн зерделеу жөнінде жұмысын күшейтедi. Қоғам почталық технологияларды жаңғырту және қазiргі заманғы ақпараттық технологияларды ендiру негiзiнде қызметтердiң кең кешенiн ұсынатын әмбебап почта-қаржылық институты ретiнде бекiп қалуға ниеттi.
Институционалдық мүмкiндiктердi дамыту: адам, қаржы және техникалық ресурстарды дамыту, олардың ішкi өсуiне жәрдемдесу. Қоғам мемлекеттік қолдау мен мүдделі шетелдік әрiптестермен байланыстарды пайдалана отырып, инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту жөнінде шаралар қабылдайды. Активтердi нығайту және сапасын жақсарту Қоғамға халықаралық қаржы институтының облигациялық заемы мен несиелерi арқылы капитал тартуға мүмкiндік береді.
Бұл миссияны анағұрлым тиімді ету үшін Қоғамның орындалуы осы Дамыту жоспарында жазылған тиiстi мiндеттердің iске асырылу шамасына қарай бағалануы мүмкiн айқын білдірiлген негiзгi стратегиялық міндеттерi мен қаржылық мақсаттары бар.
1.2. Компания туралы жалпы мағлұмат
Қоғам мемлекет 100% қатысатын ашық акционерлiк қоғам болып табылады. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 30503-1910-AO.
"Қазпочта" ААҚ "Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және 2000 жылғы 7 қаңтарда әрқайсысының номиналды бағасы 1000 теңге 903 660 акциядан тұратын 903 660 мың теңге сомасындағы жалпы капиталмен тiркелді.
Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 621 қаулысымен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берiлдi.
Қоғам өз қызметiн мынадай құжаттардың негізiнде жүзеге асырады:
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңы;
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы;
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңы;
Қоғам Жарғысы;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген почта байланысы қызметтерiн ұсыну ережесi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргiзу ережесi;
Почта жөнелтімдерін, жедел почтаны қабылдау, тасымалдау және жеткiзу жөнiндегi кәсіпкерлiк қызметпен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 0001188 мемлекеттiк лицензиясы;
банк заңнамасында көзделген операцияларды теңгемен және шетелдiк валютамен жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 лицензиясы;
күзету қызметiмен: азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, меншiк иелерінің мүлкiн, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде де күзетумен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігiнің 2001 жылғы 4 мамырдағы ГС N 007583 лицензиясы;
бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметпен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 29 наурыздағы N 0401200225 лицензиясы.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 31 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






"Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 268 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған жоспары бекiтiлсiн.
      2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001
жылғы 8 желтоқсандағы N 1600 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 18 наурыздағы 
N 268 қаулысымен    
бекітілген        
"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың
 2003-2005 жылдарға арналған жоспары
Астана қаласы, 2003 жыл
Кiрiспе
      Осы "Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) дамыту
жоспары "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9
шілдедегi Заңына, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi
туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына және
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716
қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту және
почта-жинақ, жүйесiн қалыптастыру бағдарламасына сәйкес әзiрлендi.
1. Қоғамның жай-күйi және даму перспективалары
1.1. Қазақстандық почтаның миссиясы
      Қазақстандық почтаның қоғамның әлеуметтiк-өндiрiстiк инфрақұрылымының
маңызды құрастырушысы ретiндегi миссиясы азаматтардың ақпарат алуға,
таратуға және беруге конституциялық құқықтарын қамтамасыз етумен
тұжырымдалады.
      Қазақстандық почтаның миссиясы төменде келтiрілген бiрнеше басты
кезеңдердi бiрiктiредi.
      Нарықтық экономиканы құру жағдайында Қоғам қызметiнiң әлеуметтiк
бағдары күшейтiледi, ол барлық тұтынушы топтардың, әсiресе, елiмiздiң
шалғай аймақтарында өмiр сүретіндердiң, почта байланысының өмiрлiк маңызды
қызметтерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етумен бiлдiрiледi, сонымен
кәсiпкерлiктiң дамуына, iскерлiк белсендiлiктiң, білiмнiң, мәдениет пен
ғылымның дамуына ықпал етедi.
      Почта жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру. Қазақстан Республикасының почта
саласын дамытудың стратегиялық мақсаты қазiргі заманғы технологиялар мен
халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде почталық та, қаржылық
та қызметтердің ауқымын кеңейту есебінен коммерциялық өміршең және қаржылай
тұрақты почта бөлiмшелерi желiсiн қалыптастыруды көздейтiн тиiмдi почта-
жинақ жүйесiн құру болып табылады. Почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудағы
таңдалған стратегияның тиiмдiлiгi әлемнiң жетекшi почта әкiмшілiктерiнің
тәжiрибесiмен расталады.
      Пайдалылықты почта саласының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдай
ретiнде тану. Қоғам нарықтық инфрақұрылымның тиiмдi жұмыс iстеуiнiң және
коммерциялық табыс кепiлiнiң маңызды шарты ретiнде почта байланысының
сапалық деңгейiн жақсартуға және бәсекеге төзiмдi қызметтердi ұсынуға
жәрдемдесетiн ішкі әлеуеттi одан әрi өсiрудi мақсат етiп отыр.
      Нарықтық бағдарға ерекше ден қою. Қоғам тиiсті қызметтердi жаңа
сапалы деңгейде ұсыну мақсатында корпоративтiк клиенттердi қоса алғанда,
тұтынушылардың қажеттілiктерiн зерделеу жөнінде жұмысын күшейтедi. Қоғам
почталық технологияларды жаңғырту және қазiргі заманғы ақпараттық
технологияларды ендiру негiзiнде қызметтердiң кең кешенiн ұсынатын әмбебап
почта-қаржылық институты ретiнде бекiп қалуға ниеттi.
      Институционалдық мүмкiндiктердi дамыту: адам, қаржы және техникалық
ресурстарды дамыту, олардың ішкi өсуiне жәрдемдесу. Қоғам мемлекеттік
қолдау мен мүдделі шетелдік әрiптестермен байланыстарды пайдалана отырып,
инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту жөнінде шаралар қабылдайды. Активтердi
нығайту және сапасын жақсарту Қоғамға халықаралық қаржы институтының
облигациялық заемы мен несиелерi арқылы капитал тартуға мүмкiндік береді.
      Бұл миссияны анағұрлым тиімді ету үшін Қоғамның орындалуы осы Дамыту
жоспарында жазылған тиiстi мiндеттердің iске асырылу шамасына қарай
бағалануы мүмкiн айқын білдірiлген негiзгi стратегиялық міндеттерi мен
қаржылық мақсаттары бар.
1.2. Компания туралы жалпы мағлұмат
      Қоғам мемлекет 100% қатысатын ашық акционерлiк қоғам болып табылады.
Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 30503-1910-AO.
      "Қазпочта" ААҚ "Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын
және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940
қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта
ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және 2000 жылғы 7 қаңтарда әрқайсысының
номиналды бағасы 1000 теңге 903 660 акциядан тұратын 903 660 мың теңге
сомасындағы жалпы капиталмен тiркелді.
      Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi тұлғасындағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi болып табылады. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 621 қаулысымен Қоғам
акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы Қазақстан
Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берiлдi.
      Қоғам өз қызметiн мынадай құжаттардың негізiнде жүзеге асырады:
      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы
Заңы;
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9
шілдедегі Заңы;
      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10
шілдедегi Заңы;
      Қоғам Жарғысы;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997
жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
министрлiгiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген
почта байланысы қызметтерiн ұсыну ережесi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3
наурыздағы N 58 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын жүргiзу ережесi;
      Почта жөнелтімдерін, жедел почтаны қабылдау, тасымалдау және жеткiзу
жөнiндегi кәсіпкерлiк қызметпен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 0001188
мемлекеттiк лицензиясы;
      банк заңнамасында көзделген операцияларды теңгемен және шетелдiк
валютамен жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 2001
жылғы 31 қаңтардағы N 14 лицензиясы;
      күзету қызметiмен: азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, меншiк
иелерінің мүлкiн, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде де күзетумен
айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігiнің 2001
жылғы 4 мамырдағы ГС N 007583 лицензиясы;
      бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметпен
айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының 2000 жылғы 29 наурыздағы N 0401200225 лицензиясы.
1.3. Қоғамды басқарудың ұйымдық құрылымы
      Қазiргі уақытта Қоғамда 1-деңгейi облыстық филиалдарды тікелей
басқаруды, почтаның жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастыру мен
үйлестiрудi жүзеге асыратын және почтаны халықаралық деңгейде бiлдiретiн
орталық аппараттан тұратын үш деңгейлi басқару жүйесi жұмыс істейді.
      2-деңгейге 14 облыстық филиал, "Қазпочта" ААҚ-ның "Алматы почтамты"
Алматы филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Астана почтамты" Астана филиалы,
"Қазпочта" ААҚ-ның "Республикалық арнайы байланыс қызметi" (бұдан әрі -
РАБҚ) филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Алматы почта тасымалдау бөлiмшесi"
филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Астана қаласының почта тасымалдау бөлiмшесi"
филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Почтажабдықтау" филиалы.
      3-деңгейдi облыстық филиалдарға бағынатын және қалалар, аудандар
аумақтарында почта жөнелтiмдерiнің барлық түрлерiн қабылдауды, өңдеудi,
тасымалдауды және табыс етудi қамтамасыз ететiн почта байланысының 20
қалалық торабы мен почта байланысының 150 аудандық тораптары құрайды.
Қалалық почта байланысы тораптары (бұдан әрі - өПБТ) және аудандық почта
байланысы тораптары (бұдан әрі - АПБТ) қалалық (бұдан әрi - ҚПББ) және
ауылдық почта байланысы бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - АПББ), сондай-ақ почта
байланысы пункттерiнiң (бұдан әрi - ПБП) қызметiн басқаруды, үйлестірудi
және бақылауды жүзеге асырады.
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелер
желісіне 20 өПБТ, 150 АПБТ, 3365 почта байланысының бөлiмшелерi (бұдан әрi
- ПББ) кіредi, олардың 610-ы қалаларда және 2755-i ауылдық жерлерде
орналасқан.
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердiң тізiмдiк саны
16 513 адамды құрады, оның iшiнде 79% немесе 13 076 адам әйелдер. 2001 жылы
нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшiн қолданылатын) 11 238 адамды
құрады.
1.4. Өндiрiстiк-қаржылық дамуын талдау
      Қазақстан почтасы қаржы жағдайын тұрақтандыру және тұрақты өсу
сатысына нық қадам басуда: бiртіндеп почта байланысы қызметiнің сапасы
жақсаруда, почта-қаржылық қызметтер аймағы кеңеюде, қазiргi заманғы
коммерциялық қызмет көрсетулер дамуда.
      2000-2001 жылдар кезеңінде шығатын ақылы почта алмасудың өсу үрдісі
байқалды, 2001 жылы почта жөнелтімдерінің жалпы саны 97,7 млн. бірлікті
құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 18% өсті. Шығатын ақылы почта
алмасудың көлемi 2002 жылы 0,65 млн. бiрлiкке немесе 2001 жылдың деңгейiне
қатысты 101% ұлғайды (1-кесте).
                                                    1-кесте
             Шығатын ақылы почта алмасудың динамикасы
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------------------------
       Атауы                        ! 2000 ж. ! 2001 ж. ! 2002 ж. !2001 ж.
қатысты
                                          !  есеп    !  есеп    !  баға    
!  2002 ж. %
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------------------------
Шығатын ақылы почта     83,3         97,7        98,3              100,6
алмасу (млн.бiр.),
Оның iшінде:
- жазбаша хат-хабар     14,8         14,5        14,5             100,2
- сәлемдемелер              1,2           1,3           1,3            
100,0
- мерзiмдiк
басылымдар                   67,3         81,9         82,5           100,7
----------------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------------------
      Шығатын ақылы почта алмасудың құрылымында ең үлкен үлес салмақ (84%)
жазылуға және мерзiмдiк басылымдарды сатуға келiп тұр, жазбаша хат-хабар
15% құрайды. 2002 жылы Қоғам балама байланыс құралдары пайда болғаннан және
Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн басқа да қызметтердi жеткiзушiлер
тарапынан өсiп отырған бәсекелестiктен туындаған хатпен алмасудың
құлдырауын жеңiп шықты, сондай-ақ 2000-2001 жылдары байқалған бандерольдер,
сәлемдемелер және мерзімдiк басылымдар бойынша почта алмасудың өсу үрдісi
сақталып қалды.
      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегі функцияларды
бiртiндеп қайтару нәтижесiнде Қоғамның "Қазақстан Халық Банкi" ашық
акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ) субагенті
ретiнде 2001 жылы төлеген зейнетақыларының, жәрдемақыларының және атаулы
әлеуметтік көмектiң жалпы саны 57,3 млрд. теңгеден аса сомаға 17,1 млн.
бiрлiктi құрады, мұның өзі 2000 жылғы деңгейден 60% асып түсті. 2002 жылы
17,4 млн. бiрлiк мөлшерiндегі 66 млрд-тан астам теңге сомасында
зейнетақылар мен жәрдемақылар төленді.
      2001 жылы қабылданған ақша аударымдарының саны 0,76 млн. құрады,
мұның өзі 3,6 млрд. теңгенi құрап, 2000 жылғы деңгейден 3% асты, 2002 жылы
қабылданған ақша аударымдары саны ақшалай аударым сомасы 13,8 % өсiп, 0,75
млн. бiрлiк құрады.
      Почта-жинақ iсiн қарқынды дамыту, ауылдық жерлер мен аудандық
маңыздағы қалаларда бөлшек сауда бизнесiн енгізу нәтижесінде қаржылық
операциялардың көлемi: төленген жалақы көлемi - 2000 жылмен салыстырғанда
75 есе, қабылданған коммуналдық төлем көлемi 1,4 есе, қабылданған
аударымдар көлемi - 1,2 есе ұлғайды. Қабылданған коммуналдық төлем көлемі
2,0 млрд. теңгенi, бөгде ұйымдарға төленген жалақы сомасы - 10,4
млрд.теңгенi құрады.
      Халықтың ақшасын депозитке қабылдау және беру жөнiнде қызметтер
ұсынылатын почта байланысы бөлiмшелерiнiң саны 20 бiрлiкке ұлғайды және
2001 жылдың қорытындысы бойынша 2291 бiрлiктi құрады, оның iшiнде АПБТ
жанында - 109, ҚПБТ жанында - 36, қалалық - 285, ауылдық - 1861.
Қолданылған шаралар Қоғамға аумақты кеңейту және қызмет көрсетудiң сапалы
деңгейiн арттыру есебінен клиенттер санын ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.
      Қоғамның депозиттiк базасы бiр жылда өткен жыл деңгейiне қатысты 2
есе ұлғайды және 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 756,6 млн. теңгенi
құрады.
      2001 жылы Қоғам Қазақстан Республикасының iшiнде "Жедел аударымдар"
сынама жобасын енгiзді. "Western Union" жедел аударымдарды өңдеу желiсi
кеңейтілдi, 2001 жылы қабылданған аударымдар саны өткен жылмен
салыстырғанда 14 есеге ұлғайды және 95,5 млн. теңге сомасына 2053 бiрлiктi
құрады, төленген аударымдар саны 45,8 млн.теңге сомасына 1267 бiрлiктi
құрады, бұл өткен жыл деңгейiнен 39,6 есе жоғары.
      Есеп беру кезеңiнде филателияны дамыту және почта төлем белгiлерiн
сату жөнiнде үлкен жұмыс жүргiзiлдi. Алматы және Астана қалаларында
филателия салондары ашылды. Қоғам шарттар жасасты және "Gеоrg Roll" және
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі дүниежүзiлiк ұйым (WWF) сияқты халықаралық
ұйымдарға филателия өнімдерін жеткiзiп бердi.
      Сондай-ақ Қоғам мен өырғыз Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң "өырғыз почтасы" мемлекеттік департаментi арасында почталық
және телеграфтық аударымдармен алмасу жөнiндегi қосымша келiсiмге қол
қойылды, "Белпочта" республикалық мемлекеттiк бiрлестiгiмен және Жапон
почта әкiмшiлiгiмен почталық ақша аударымын алмасу жөнiндегi келiсiмге қол
қойылды, Дойче Пост Банкпен (Германия) келiсiм қол қоюға дайындалуда.
1.5. 2005-2006 жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтiң
 нәтижелерi және 2007 жылы күтілетін көрсеткiштер
      Тиімді жұмыс iстейтiн отандық почта-жинақ жүйесiн қалыптастыруға
бағытталған қызметтi жандандырудың нәтижесінде компанияның қаржы жағдайы
едәуiр жақсарды (2-кесте).
      Қаржылық нәтижелердi салыстырып талдау үшін 2000 жылдың көрсеткiштерi
2001 және 2002 жылдармен салыстырмалы жағдайда келтiрiлген.
                                                       2-кесте
2005-2007 жж. қаржы-шаруашылық қызметтiң
негізгi көрсеткіштерi
                                                (млн. теңге)
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------------------
    Баптардың атауы       ! 2005 ж. ! 2006 ж. ! 2007 ж. ! 2005 жылға
                                           !  есеп     !  есеп     !  баға  
  ! шаққанда
                                           !                !             
!              ! 2007 жылы
                                           !                !              
!              ! %
----------------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------------
Жиынтық табыс,               3066,3     3561,0    3992,2     130,2
оның ішінде
- негiзгi қызметтен            2819,3    3305,6      3810,5     135,2
түсетін табыс
- негiзгi емес                     247,0       255,4        181,7      73,6
қызметтен түсетiн
табыс
Жиынтық шығыстар,       3047,7    3423,2     3818,7     125,3
Оның iшінде:
- өндiрiстiк өзiндiк              1888,1    2041,4    2443,1     129,4
құны
- кезең шығыстары         1126,6    1307,5    1318,9     117,1
- негiзгi емес қызмет       33,0      74,3      56,7     171,8
шығыстары
Салық салынатын табыс    18,6     137,8     173,5    9,3 есе
Салық төлемдерi                16,4      26,8      46,2    2,8 есе
Төтенше жағдайлардан           0       0,3
шығыстар
Таза табыс (шығын)           2,2     110,7     127,3   57,9 есе
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------------
      2001 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша Қоғамның
жиынтық табысы 2000 жылдың нақты көрсеткішiмен салыстырғанда 16% ұлғайып, 3
561 млн. теңгенi құрады. 2001 жылы жиынтық табыс 2000 жылдың деңгейiнен
12,3% асып, 3 423,2 млн. теңгенi құрады. 2001 жылы Қоғамның таза табысы
110,7 млн. теңгені құрады, ал 2000 жылы бұл көрсеткiш 2,2 млн. теңгеге тең
болған.
      2002 жылы жиынтық кiрiсті 2001 жылдың деңгейiмен салыстырғанда 12%
өсіру күтiлуде, бұл 3992,2 млн. теңгенi құрайды, жиынтық табыс деңгейi
11,5% немесе 3 818,7 млн. теңгеге ұлғаяды, таза табыс 14,9%-ға немесе 127,3
млн. теңгеге артады.
      2002 жылы негізгі қызметтен 3 810,5 млн. теңге сомасында, негiзгі
емес қызметтен 181,7 млн. теңге сомасында табыс алу күтiлуде. Бұл ретте
өндірiстiк шығыстар (негiзгi қызмет түрлерiнiң өзiндiк құны) 2443,1 млн.
теңгенi құрайды, оның iшінде:
      материалдар - 203,9 млн. теңге,
      қызметкерлердің (өндiрiстiк персонал) еңбек ақысы - 1 274,2 млн.
теңге,
      үстеме шығыстар - 444,4 млн. теңге,
      басқа шығыстар - 520,6 млн. теңге.
      Кезең шығыстары - 1 318,9 млн. теңге.
      Негiзгi емес қызметке байланысты шығыстар - 56,7 млн. теңге.
      Қызметкерлердiң нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшiн алынатын)
2001 жылмен салыстырғанда 7,3% ұлғаяды және 12 057 адамды құрайды, орташа
айлық жалақы 12 675 теңгенi құрайды, бұл 2001 жылғы деңгейден 22,6% жоғары.
1.6 Қоғамды дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспары
      Нарықтық экономиканың қалыптасуы және қоғамды ақпараттандыру
жағдайында почта байланысы кәсiпкерлiктiң, қаржы-жинақ қызметтерiнiң,
бағалы қағаздар рыногының, ақпаратпен алмасудың дамуына жәрдемдесетiн
нарықтық және ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементi болып отыр.
      Осыған байланысты Қоғамның таяу перспективада негiзгi даму мақсаты
Қазақстан Республикасында меншiкті почта бөлiмшелерi желiсi арқылы кең
ауқымды почталық, қаржылық және агенттiк қызметтер көрсететiн, тиiмдi жұмыс
істейтін почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады.
      Қойылған мақсатты iске асыру мынадай негiзгi мәселелердi шешудi
көздейді:
      қазiргi заманғы технологияларды қолдану, почта жөнелтiмдерiнiң өтуiн
бақылау, басқару жүйесiнің нысандары мен әдістерiн жетiлдiру есебiнен почта
саласының жұмыс сапасын арттыру;
      ақпараттық инфрақұрылым құруды көздейтiн және ақпарат жiберудiң аса
сенiмдi, жылдам және қорғалған жүйесiн ұйымдастыруға бағытталған почта
байланысын ақпараттандыру;
      ықтимал рыноктарды зерделеу және Қоғам қызметiнiң перспективалық
бағыттарын айқындау жөнiндегi жұмысты жандандыру арқылы қызмет түрлерiн
кеңейту;
      почта жөнелтiмдерiнiң нақты көлемiн тұрақтандыру және елдi
мекендердiң толық қамтылуын ескере отырып, аймақтық инфрақұрылымды
жетiлдiру және көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру;
      почта қауiпсiздiгi жүйесiн құру арқылы почта жөнелтiмдерiнiң
сақталуын және қызметтiк міндеттерiн атқару кезiнде почта байланысы
қызметкерлерiнiң жеке басының қауiпсiздігін қамтамасыз ету;
      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі Даму стратегиясында тұжырымдалған
ұзақ мерзімді басымдықтардың бiрi болып табылатын халықтың жинақ ақшасын
ұлғайтудың ұлттық бағдарламасын iске асыруға барынша жәрдемдесу;
      ауылдық жерлердегі тұрғындарға зейнетақы мен жәрдемақыларын уақытында
жеткiзу функцияларын қалпына келтiрудi көздейтiн зейнетақы реформасын
қолдау және осы негiзде осындай әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыруға
арналған өз төлем жүйесiн әзiрлеу;
      еңбекақы, стипендия, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу
бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелердің, көлiк-коммуникация
кешенi кәсiпорындарының және басқа ұйымдардың санын көбейту;
      жеке тұлғалар мен мемлекеттiк органдардың өкілдерiнен салық және
бюджетке төленетiн басқа да төлемдер есебiне төлейтiн қолма-қол ақшаны
қабылдау жөніндегi қызметтi жандандыру;
      материалдық базаны және техникалық жарақтандыруды жақсарту;
      почта-жинақ желiсін жетілдіру және соның негiзiнде қазiргi заманғы өз
төлем жүйесін құру;
      нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру, жаңа қызметтердi көрсету
жөнiндегі Қоғам қызметiн реттейтiн әдiснамалық базаны қалыптастыру;
      шетелдiк почта әкiмшiлiктерiнiң озық жетiстiктерiн зерделеудi және
ендiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы почта саласының әлемдiк почта
жүйесiне кірігуiн одан әрi тереңдету.
      Белгiленген мақсаттарды табысты iске асыру үшiн Қоғам, төмендегінi
қоса алғанда, жаңа технологияларды ендiру және жабдықтарды жаңғырту
негізiнде Қоғам ұсынатын қызметтердiң бәсекеге төзiмдiлiгін арттыру жөнiнде
жұмысты жалғастырады:
      жаңа автоматтандырылған жүйелердi қосуға және барларын жетiлдiруге
мүмкiндiк беретiн ақпараттық жүйенi модульдық құру;
      халықаралық почта жөнелтiмдерi бойынша мәлiметтердi жинау және
өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн ендiру. Мұндай жүйенi ендіру күн сайын
транзиттiк, кiретiн және шығатын халықаралық почта жөнелтімдерi, олардың
саны туралы ақпарат алуға, олардың жүру жолы мен мерзiмiн бақылауға
мүмкiндік береді;
      халықаралық почта жөнелтімдерiн бақылау модулi негiзінде дамыған
елдердiң почта әкімшiліктерiнiң талаптарына сәйкес келетiн машинамен
оқылатын деректемелердi пайдалану мүмкiндiгiн көздейтiн, барлық тiркелетiн
почта жөнелтімдерін толық бақылау модулiн құру;
      құжат айналымының жалпы жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      халыққа ақпараттық қызметтер көрсететiн ақпараттық-iздестіру қызметін
құру.
      Шетелдiк ұйымдармен және почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық
ынтымақтастықты дамыту саласында Қоғам мынадай бағыттарды анықтады:
      бiртұтас почта аумағын сақтау, әмбебап почталық байланыс қызметiн
көрсету, сала қызметкерлерiн оқыту үшiн Дүниежүзілік почта одағының
органдарымен, аймақтық почта одақтарымен, шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен
ынтымақтастықты дамыту;
      Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi арасында авиа және жер
бетiндегi көлiкпен жолданатын почта жөнелтімдерiнің жүрiп өтетiн бақылау
мерзiмiн белгiлеу және енгізу.
      Қоғамның Дүниежүзілік почта одағының Халықаралық бюросы өткiзетiн
халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң нақтылы жүріп өту мерзiмiн тексерулерiне
қатысуы.
      Тiркелетiн жөнелтімдердің сақталуын және халықаралық рынокта
ұсынылатын әмбебап почта қызметiнiң сапасын көздейтiн, Дүниежүзiлiк почта
одағының Пекин конгресінде қабылданған өзгерiстерге сәйкес шетелдiк почта
әкімшiлiктерiмен ақырғы шығындарды өтеу тәртiбiн өзгерту.
      Таяу перспективадағы даму басымдылықтары ретінде мынадай қызмет
бағыттары белгiленген:
      хаттарды, бандерольдердi, сәлемдемелердi жiберу үшiн почта
жөнелтiмдерiнiң жаңа орамын әзiрлеу және енгiзудi қоса алғанда, почта
жөнелтімдерін өңдеудің технологиялық процестерiнiң жекелеген рәсiмдерiн
өзгерту;
      почта байланысын пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн бағалау
нормативтерін қайта қарау, почта жөнелтiмдерiн жеткiзудiң бақылау
мерзiмдерiн қысқарту мақсатында қайта қарау;
      салымдар бойынша пайыздарын автоматты есептеу және бухгалтерлiк
есепте жүргiзiлетiн операцияларды көрсету үшiн Қоғамның бөлiмшелерiнде
ашылған барлық дербес есепшоттарды орталықтандырылған түрде жүргізу;
      екiншi деңгейдегі банктерге заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық
қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк қызметтердi ұсыну жұмысын жандандыру;
      "Western Union" жүйесi бойынша ақша аударуда клиенттердiң шеңберiн
кеңейту.
      Сондай-ақ мынадай жаңа қызмет түрлерiн енгiзу және дамыту
жоспарлануда:
      1) тапсырыстар бойынша сәлемдемелермен сауда жасау жүйесi шеңберiнде,
оның iшінде Интернет арқылы сервистiк қызмет көрсете отырып "Тауар -
почтамен" каталогы бойынша почта саудасын ұйымдастыру және дамыту;
      2) гибридтiк почтаны ұйымдастыру;
      3) трансфер-агенттiк қызметтер;
      4) зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына, брокерлiк
компанияларға, банктерге және басқа да ұйымдарға агенттiк қызметтер
көрсету;
      5) почта жарнамасы саласында қызметтер көрсету;
      6) қазiргi заманғы технологиялар, филиалдардың республикалық желiсi
және халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде электронды почта
саудасын дамыту.
      Қазақстандық почтаны дамытудың перспективалы бағынарының бiрi
электрондық сауда жасау жүйесiн енгiзу болып табылады, оның ерекшелiктерi
мен артықшылықтары мынадай:
      қазақстандық рынокқа жаңа сауда түрлерiн енгізу;
      почтаның қызмет аясын кеңейту;
      уақытты, қаржы және адам ресурстарын үнемдеу;
      әрқилы топтардағы тұтынушылардың кең ауқымды қаржылық, ақпараттық
қызметтерге және тауарларға қол жеткiзуi;
      отандық өндiрушiлердi тауарлар рыногына енгiзуге бағыт алу;
      тұтынушылар мұқтаждығына бағдар ұстау, нарықтық жағдайға тез
бейiмделу.
      EMS Kazpost курьерлiк қызметiнiң жұмысындағы басым бағыттар оны
жаңғыртып жетiлдiру мен бәсекелестiк қабiлетiн арттыру болады. Соған
байланысты:
      1) Қазақстан бойынша EMS Kazpost курьерлiк қызмет жүйесiн
автоматтандыру;
      2) EMS халықаралық кооператив жүйесiне сәйкес келетiн компьютерлiк
бақылап қадағалау жүйесін енгізу;
      3) әлемнiң iрi почта әкiмшіліктерiмен халықаралық жедел почта
саласындағы ынтымақтастық;
      4) почталық қызмет көрсетудiң жылдамдығын арттыру және сапасын
жақсарту мәселелерi шешiледi.
      ЕМS Kazpost курьерлiк қызметiн одан әрi дамыту - халықаралық EMS
кооперативінің толық құқылы мүшелігіне жету және оның іс-шараларына қатысу,
шетелдік почта әкімшіліктерімен және компанияларымен келісімдер жасасу,
әуежайларда жедел жөнелтімдерді өңдейтін учаскелер ұйымдастыру, шет елдерге
жолданған жөнелтімдерді бақылап қадағалаудың жүйесін (штрих кодтар) енгізу
арқылы жүзеге асырылады.
      Жоғарыда аталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыруды Қоғамның
табысты жұмыс iстеуi үшiн қажетті жағдай ретiнде жарамды табыстылық
деңгейiне қол жеткiзуге бағытталып, белгiленген инвестициялық және қаржылық
жоспарларды iске асыру арқылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
1.6.1. Шағын бизнеске қолдау көрсету
      Кәсiпкерліктi қолдау тұрғысында Қоғам алдағы уақытта да iскерлiк
белсендiліктің, әcipece, ауылдық жерлерде өсуiне, шағын және орта
кәсiпкерлiктiң дамуына жәрдемдесуге ниетті.
      Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуын қолдаудағы мүмкiн шаралардың
арасында Қоғам уақытша iске қосылмаған өндiрiстік алаңдарды жалға беруге
ұсынуды көздеп отыр. Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiн қолдау
мақсатында зейнеткерлер мен мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын (мысалы,
маркаларды желiмдеу, хаттарды сұрыптау және т.б.) шағын кәсiпорындарға
қолайлы жағдай жасау көзделуде. Сондай-ақ Қоғам шағын кәсіпорын
субъектілерiне электрондық почта қызметтерiн, Интернетке кiрудi жеңiлдiкпен
ұсынуға дайын. Бұдан басқа, жоспарланған iс-шаралар почталық жарнаманы
тұрақты жүргiзу арқылы отандық тауар өндiрушілердiң өнiмiн рынокқа шығаруды
қамтып отыр.
1.6.2. Кадр саясаты
      Кадр саясаты саласында Қоғам персоналдың кәсiби даму мәселелерiн оның
қызметiн жақсартудағы маңызды факторлардың бiрi деп қарайды.
      Кадр саясатының негiзгi қағидаттары:
      почта байланысы желiсiнің барлық деңгейлерiн басқару жүйесiнiң
кешендi және толық сипатымен қамтамасыз ету;
      аса тиiмдi уәждi еңбекке, шығармашылық қайтарымдылыққа және жаңалық
енгiзуге қабiлеттi персоналды қалыптастыру болып табылады.
      Кадрлар жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, олардың кәсiби шеберлiкке
жетiп, почталық және қаржылық қызмет рыногындағы бәсекелестiк қабiлетiн
қолдау мақсатында персоналмен жұмыс жүйесiн, ұйымдық құрылым мен штаттық
лауазым жүйесiн жетілдiруге бағытталған жұмыс жалғаса түседі. Почта
персоналының кәсiби дамуы мен олардың сапалық сипатын жақсартудың негiзгi
құралы қызметкерлердi оқыту, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру болып
табылады.
      Жоспарлы кезеңде еңбек ресурстарын дамытуда менеджменттің тиiмдiлiгiн
арттыру, басқару мен жоспарлаудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу,
басқарушы персоналдың кәсiби сапасын дамыту айрықша орын алмақ. Менеджердің
адамдармен қарым-қатынас жасауы, талдау қабiлеттілiгi, ұйымдастырушылық күш-
жiгерi мен жұмысқа шығармашылық көзқарасы сияқты қасиеттерiне ерекше көңіл
бөлiнетiн болады. Адам ресурстарын дамыту орта буындағы басшылармен қатар
өндiрiстiк персонал үшiн де семинарлар, тренингтер, курстар ұйымдастырып
өткізудi көздейді.
      Қоғам персоналын оқытудың үдемелi бағдарламаларының негiзгi бағыттары
мыналарды қамтиды:
      1) ақпараттық технологиялар (қазiргi заманғы телекоммуникациялық
жабдықтарды ендiру, бiрыңғай операциялық жүйе мен корпоративтiк желiнi
құру);
      2) қызметтер (почта сервисiнiң сапасын арттыру және клиенттiк базаны
кеңейту, почта-қаржылық қызметтер);
      3) бухгалтерлiк есеп (бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына
көшу, бiрыңғай төлем жүйесiн автоматтандыру және ендiру);
      4) экономикалық талдау, жоспарлау (бюджет процесiн ұйымдастырудың
қазiргi заманғы әдістерiн ендіру, статистикалық мәлiметтер жинау жүйесiн
автоматтандыру, қаржылық және жобалық талдаудың, монополияға қарсы заңнама
аясына кiрмейтiн қызметтерге арналған тарифтердi болжау және есептеудiң
бағдарламалық өнiмдерiн ендiру);
      5) маркетинг (қаржылық және агенттiк қызметтердi ұсынатын
корпоративтiк клиенттермен жұмыс iстейтiн мамандарды маркетингтiң негiзгi
әдiстерiне үйрету);
      6) фирма ішiндегi және сыртқы корпоративтiк имидждi қалыптастыру.
1.6.3. Қоршаған ортаны қорғау және почта қауiпсiздiгi
      Почта қызметтерiнiң жұмыс ерекшелiгiне байланысты жөнелтiмдердi жинау
және жеткiзу үшiн көлiк құралдарын пайдаланбау мүмкiн емес. Алайда Қоғам
өзiнiң даму барысында почта байланысы кәсiпорындары пайдаланатын
автокөлiктiң қоршаған ортаға терiс ықпалын жұмсарту жөнiнде iс-шаралардың
тұтас кешенiн жүзеге асыруды көздеп отыр.
      Осы iс-шаралар қатарына технологиялық жабдық паркiн, соның iшiнде
көлiк құралдарын жаңартуды, сүзбелер мен катализаторлар орнатуды жатқызуға
болады. Қазiргi заманғы почта жабдығын және көлiк құралдарының соңғы
модельдерiн жоспарланып отырған сатып алу анағұрлым жоғары экологиялық
стандарттарды көздейдi.
      Қазақстандық почтаның беделi көбiне почталық сервистiң сапасы мен
қауіпсiздiгіне тәуелдi. Қоғамның почта қауiпсiздігі қызметi почта
жөнелтiмдерiнiң сақталуын бақылау жүйесiн жетiлдiру, байланыс объектілерi
мен жұмыс iстеушi персоналдың қауiпсiздігі, қауiпті жүктердi жiберу
фактiлерiн болдырмау мәселелерiне айрықша көңіл бөледi.
      АҚШ-тағы биотерроршылдықтан туындаған жоғары қауiп кезеңiнде почта
қауiпсiздігі қызметi почта байланысы қызметкерлерiмен почта жөнелтiмдерiнде
күдіктi заттарды айқындау жөнiнде нұсқау жүргiздi. Күн сайын хат-хабармен
жұмыс iстейтiн персонал респираторлармен, резеңке және мақта-қағаз
қолғаптармен және басқа да қорғау құралдарымен қамтамасыз етілдi.
      2003 жылы почта қауiпсiздігiнiң негізгі мiндеттерінің бiрi Қоғам
объектілерінің техникалық қауiпсiздігі мен өрт қауiпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі iс-шараларды жүргізу болып табылады.
      2003 жылы тасымалданатын құндылықтарды, инкассация қызметiнiң
қызметкерлерiн және көлік құралдарын сақтандыру жөніндегi iс-шараларды
жүргiзуге баса назар аударылатын болады.
      Одан басқа, Қоғамның барлық бөлiмшелерiнде компьютерлiк желiлердi
қорғаудың алдын алу және нығайту жөнiндегi iс-шаралар жүргізiлетiн болады.
      Тұрақты негізде почта жөнелтiмдерінде жарылғыш құрылғыларды, қару-
жарақты, оқ-дәрiнi, есiрткiлiк және тез тұтанатын заттарды айқындау
тақырыбына нұсқау және жүйелi бақылау жұмысы жүргізiледi.
      Почта қауіпсiздігі жүйесiн дамытудың перспективалы бағыттары:
      1) кiретiн почтаның сақталу деңгейi мен сапасын арттыру мақсатында
шетелдік почта әкiмшiлiктерінің почта қауіпсiздiгi қызметтерiмен байланыс
орнату. Дүниежүзілiк почта одағының ұсынымы бойынша Байланыс саласындағы
аймақтық ынтымақтастық шеңберiнде ТМД және Балтық елдерi аумағында аймақтық
почта қауіпсiздiгi желiсi құрылды. Почта қауіпсiздiгi бөлiмшелерi
тұлғасында почта қызметтерi ұсынылатын қызметтердің сапасын, почта
байланысы жүйесінің сенімдiлiгi мен тұтастығын арттырудың, нақты құралына
ие болады. Осыған байланысты қазақстандық почтаның өкiлi Почта қауіпсiздiгі
жөніндегi iс-қимыл тобы құрамына ендi, бұл топ ТМД және Балтық елдерiнің
почта байланысы мүддесiн қорғау жөнінде негiзгi бағыттарды әзiрлеуде;
      2) Қоғамның құрылымдық бөлiмшелерiн почталық құндылықтардың сақталуын
қамтамасыз ету, халықаралық почтамен толық алмасу, почта жөнелтiмдерiне
тарифтi дұрыс қою және ұрлауды болдырмау бөлiгiнде тексерiс ұйымдастыру
және жүргiзу;
      3) почта жөнелтімдерi мен ақшалай соманың жоғалуы және ұрлануы
фактілерi бойынша тексерiс жүргiзу, тексерiс материалдарын тергеу
органдарына беру;
      4) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда iс-қимыл жоспарын әзiрлеу;
      5) бөлiмшелердiң почта қауiпсiздiгі құралдарымен техникалық
жарақтануын жақсарту жөніндегi iс-шараларды iске асыру, почта байланысы
объектiлерi мен мүлкiнің қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету.
      Күзету-қорғау iс-шараларын жүргізу почта жөнелтiмдерiнiң сақталуына,
почта байланысы объектiлерi мен персоналының қауіпсiздiгіне, почта
жөнелтiмдерiнде қауiптi тауарлар мен тыйым салынған заттарды жiберуге жол
бермеуге бағытталған.
1.6.4. Маркетингтік зерттеулер
      Почта рыногының даму перспективасын қамтамасыз ететiн басты ерекшелiк
өндiрiстi ұйымдастыру үшiн тұтынушылардың қажеттiлiгiн барынша ескеру,
қызмет ауқымы мен әрекет ету аясын кеңейту және оларды iске асырудың
табыстылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Почта байланысы қызметтерiн пайдаланушылардың қызмет сапасына
талаптарының жоғарылауы, жаңа технологияларға көшу және қазiргi заманғы
жабдықты ендiру қажеттiлiгiн талап етедi, соған байланысты маркетингті
дамытудың басымдылықты бағыты клиентураның дәстүрлi және жаңа қызметтерге
мұқтаждарын толығырақ ескеру мақсатында почта рыногын, сұранымның төлем
қабiлеттiлiгi деңгейiн зерттеу және де почта рыногын сақтау мен дамыту
жөнiндегi iс-қимыл әзiрлеу болып отыр.
      Маркетингінің басты мақсаттарына мыналар жатады:
      клиенттердің қажеттілiгiн қанағаттандыру;
      почта байланысының дәстүрлi қызметтер рыногының үлесiн ұстап тұру;
      почта байланысының жаңа қызмет түрлерiн көрсету есебiнен рынокты
кеңейту.
      Белгіленген мақсаттарға қол жеткiзу Қоғамның маркетинг қызметiнiң
мынадай басты мiндеттерін шешудi көздейдi:
      қызмет рыногын зерттеу, оған сыртқы ортаны, соның iшiнде саяси,
мәдени, демографиялық, аумақтық және басқа жағдайларды зерттеу кiредi;
қазiргi және ықтимал тұтынушыларды зерттеу және рынокты саралау; нақты және
болжамды сұранысты анықтау, почта байланысы қызметiнің рынок жағдаятын
болжау; бәсекелестердiң хал-жағдайы мен iс-әрекетiн зерттеу;
      төлемге қабiлеттi сұранысқа жауап беретiн қызметтердің ұсынылуын
ұйымдастыру;
      нақты қызметтердiң мүддесiнде рынокқа, тұтынушы сұранысына ықпал ету;
      рынок конъюнктурасын бағалау, Қоғамның коммерциялық қызмет
нәтижелерiн және оларға ықпал ететiн факторларды ұдайы талдау; сату мен
Қоғамның нарықтық үлесінің болжамдарын әзiрлеу, нарық жағдайына талдау
жасау;
      Қоғамның басқа бөлiмшелерiмен және Қоғам басшылығымен бiрлесiп
Қоғамның iшкi және сыртқы рыноктарда, тұтас алғанда және қызметтiң
жекелеген түрлерiне баға саясатына қатысты мақсаттары мен стратегиясын
пысықтау;
      тұтас алғанда, Қоғам және жекелеген қызметтер үшiн маркетингтiң ұзақ
мерзiм және ағымдағы маркетинг жоспарларын әзiрлеу және осы қызмет
саласында Қоғам бөлiмшелерінің қызметiн үйлестiру;
      бүкiл Қоғамның және оның бөлiмшелерiнiң маркетинг қызметiн жедел
ақпараттық қамтамасыз ету;
      нарықтық қызметке бағдарды негiзге ала отырып, Қоғамды басқарудың
ұйымдық құрылымын жетілдiру, қызметтер ұсынудың технологиялық процесін
өзгерту, көрсетілетiн қызметтердiң сапасын арттыру және т.б. жөнiнде
ұсынымдар әзiрлеу;
      сыртқы ұйымдармен байланыс орнату жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу, ал
бiрқатар жағдайда Қоғамды басқа ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-
қатынаста ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
2003 - 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
"мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь