Катион



1. Катион туралы түсінік
2. Катиондарды топтарға бөлу
3. Реакцияның жүргізу жағдайлары
Катион (гр. kata kata – төмен және гр. іon – қозғалу) – оң зарядты ион; электр өрісінде теріс электродқа (катодқа) қарай қозғалады. Бос күйінде плазманың газ фазасында және аниондармен бірге көптеген тұздардың құрамында болады. Бейтарап бөлшектерден бір немесе бірнеше электронды қатты қыздыру, электрлік заряд, иондаушы сәуле, тағы басқа нәтижесінде айырып алады. Электролиттердің электролизі кезінде катодқа қарай тартылады. Құрамында катионы бар және жұпталмаған электрондары бар бөлшектер катиондар-радикалдар деп аталады.
Катион — оң зарядталған, сондықтан электролиз жағдайында катод, яки теріс зарядталған электрод төңірегінде шоғырланатын ион.
Катиондарды топтарға бөлу
Бейорганикалық заттардың сапалық анализін жүргізу үшін, оны ерітіндіге айналдырады содан соң катиондар мен аниондар анықталады.
Егер анализденетін ерітіндінің құрамы белгісіз әрі күрделі болса, онда катиондар мен аниондарды зерттеу үшін жүйелі анализ әдісі қолданылады.
Егер ерітіндінің құрамы қарапайым болса, анализді бөлшектеу әдісімен жүргізуге болады.
Анализдің бөлшектеу әдісі Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіне сүйенеді. Барлық катиондар үш топқа бөлінеді, оған s,p,d- элементтері де кіреді. Бөлшектеу анализінде басқа иондар қатысында зерттелетін ерітіндінің жеке ионын анықтауға тән реакциялар мен реактивтер қолданылады.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Катион туралы түсінік
Катион (гр. kata kata - төмен және гр. іon - қозғалу) - оң зарядты ион; электр өрісінде теріс электродқа (катодқа) қарай қозғалады. Бос күйінде плазманың газ фазасында және аниондармен бірге көптеген тұздардың құрамында болады. Бейтарап бөлшектерден бір немесе бірнеше электронды қатты қыздыру, электрлік заряд, иондаушы сәуле, тағы басқа нәтижесінде айырып алады. Электролиттердің электролизі кезінде катодқа қарай тартылады. Құрамында катионы бар және жұпталмаған электрондары бар бөлшектер катиондар-радикалдар деп аталады.
Катион -- оң зарядталған, сондықтан электролиз жағдайында катод, яки теріс зарядталған электрод төңірегінде шоғырланатын ион.
Катиондарды топтарға бөлу
Бейорганикалық заттардың сапалық анализін жүргізу үшін, оны ерітіндіге айналдырады содан соң катиондар мен аниондар анықталады.
Егер анализденетін ерітіндінің құрамы белгісіз әрі күрделі болса, онда катиондар мен аниондарды зерттеу үшін жүйелі анализ әдісі қолданылады.
Егер ерітіндінің құрамы қарапайым болса, анализді бөлшектеу әдісімен жүргізуге болады.
Анализдің бөлшектеу әдісі Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіне сүйенеді. Барлық катиондар үш топқа бөлінеді, оған s,p,d- элементтері де кіреді. Бөлшектеу анализінде басқа иондар қатысында зерттелетін ерітіндінің жеке ионын анықтауға тән реакциялар мен реактивтер қолданылады.
Жүйелі анализді орындағанда операциялардың жасалуының бірізділігін сақтайды, алдымен заттарды топтарға бөледі, содан соң әрбір затты топ ішінен бөліп, анықтайды. Ол үшін қосылыстар немесе иондар қасиетінің ұқсастығына негізделген бөлу реакцияларын пайдаланады. Заттарды топтарға бөлу топтық реагенттермен әсер етіп жасалады.
Анализдің жүйелі әдісінің аталуы топтық реагентпен анықталады.
Әрбір жүйелі әдістер өзінің аналитикалық топтардың катиондарына жіктеледі. Әрбір катиондардың тобында, сол топтың барлық катиондармен әрекеттесетін, ұсынылған топтың катиондарын айқын бөліп алатын және оның құрамына кіретін катиондарды анықтайтын өзінің топтық реактиві болады.
Жүйелі анализ әдістердің бірнеше түрі бар. Күкіртсутекті әдіс H2S-пен тұздардың әрекеттесу кезінде сульфидтердің түзілуіне негізделген. Қазіргі кезде күкіртсутексіз әдістерді кеңінен қолданады: қышқылды-негіздік және аммиакты-фосфатты әдістерді.
Осы оқу-құралда қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондардың жіктелуі қарастырылады.
Бұл әдіс - хлоридтер, сульфаттар және гидроксидтердің суда, артық сілтіде және аммиактың судағы ерітіндісінде әртүрлі ерігіштігіне негізделген. Катиондар 6 топқа бөлінеді.
ІІ аналитикалық топ катиондары Ag+, Hg22+, Pb2+. Ag+ катионы калий хроматымен бейтарап ортада әрекеттесіп, қызыл түсті күміс хроматы тұнбасын береді. 2AgNO3 + K2CrO4 -- Ag2CrO4↓ + 2KNO3 2Ag+ + CrO42- -- Ag2CrO4↓ Реакцияның орындалуы. Күміс нитратының 2 тамшысына 2 тамшы калий хроматы ерітіндісін қосады, тұнбаның түзілгенін бақылайды.
Реакцияның жүргізу жағдайлары: 1.Реакцияны рН=6,5-7,5 аралығында жүргізу керек. 2.Күшті қышқылдық ортада, аммиак ерітіндісі қатысында тұнба түзілмейді. Сірке қышқылы қатысында Ag2Cr2O7, күшті сілтілік ортада - Ag2O , аммиак қатысында тұнба еріп, комплексті қосылыс [Ag(NH3)2]2CrO4 алынады; 3.Реакцияның жүруіне Pb2+, Ba2+, Sr2+, Bi3+, Hg22+ иондары кедергі келтіреді. Ag+ катионы KI әрекеттескенде AgI - сары түсті тұнба береді. AgNO3 + KI ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрохимия. Электролит ерітінділері
Қышқылдар мен негіздер теориялары
Гетерогендік катализдің ғылыми негіздері
Цеолитті өңдеу әдістері
Ароматты жүйелердің диамагнитті қасиеттері
Комплексті қосылыстар дәрілік препараттарды анықтауда қолдану
Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы
Биологиялық мембраналардың қызметі
Катион туралы түсінік
Ванадий
Пәндер