Кәсіпорын жұмысының тиімділігі


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
  1. Кәсіби мораль және этика.
  2. Педагогикалық еңбектің мәдениеті және қарым-қатынас этикасы.
  3. Конфликттер және оларды шешу жолдары.

Әдістемелік нұсқау:

Педагогтық әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Педагогтық әдеп -ұстаздық шеберліктің төртінші құрамды бөлігі болып табылады. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Шеберлікті ұдайы шыңдамайынша, мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы.

Сабақ іскерлік ойын түрінде өтеді. Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдерге арналған педагогикалық конфликтіні шешуге бағытталған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып, пікірталасқа түседі. Пікірталас барысында негізгі қаралатын сұрақтардың барлығын толығымен қамтуға тырысулары қажет. Сабақ соңында қорытынды жасалып, белсенділік танытқан студенттер жұмысыбағаланады.

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады.

ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп - мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К. Д. Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.
оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;
мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;
Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек;
Ұстаз этикасы - мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика - ұжым ішінде, мұғалім-
дер арасында басталып, өзінің заңды жал-ғасын сыныптарда табуы тиіс.
Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту) ;
Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі) .
Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім - байсалды шешім; Ашу -нашар кеңесші) .
Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі) .
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу- мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)
Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды) .
Білімді бағалау. (жақсы баға -обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға.
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында. )
Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді) .
Педагогтық тактика. (Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыс-
тар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс) .
Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;
Бақылай, қадағалай алу;
Назарды басқа жаққа аудара алу;
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;
«жүзіне қарап оқи алу»;
Оқушылармен байланыс жасай алу;
Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т. б. )
Педагогтың көңіл күйі - оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде - кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн.
Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз.
Педагогикалық техника:
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;
Қол айқастыруға мүлдем болмайды;
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек;
Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі) ;
Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу;
Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі;
Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі;
болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз.
Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның артықшылықтарын дәлелдеу
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz