Діндарлық туралы ұғым



КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Діндарлық түсінік
1.1. Діндарлық ұғымы және діндарлық өлшемдер
1.2. Діндарлықтың психологиялық бастаулары
2. Жас ерекшеліктерге байланысты діндарлық
2.1. Балалық және бозбалалық кезеңдегі діндарлық
2.2. Ересек және кәрілік кезеңдегі діндарлық

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Діндарлық – біркелкі, тұрақты емес, адам мен топтарға өзгеріп, дамып отыратын динамикалық құрылым мен кезең (бала, боз бала, орта жас, қарт адамның діндарлығы т.б). Діннің әсері адамға, адамның сенген дінге, мазхабына немесе жамағатына, діни тақуалық дәрежесіне, әлеуметтік-мәдени ортаға, адамның физикалық және рухани саулығына және басқа да факторларға байланысты түрде алуан түрлі болып келеді. Дін тақырыбынан тыс алуан түрлі өлшемге ие болып келетін рухани өмірдің дінге ешбір қатысы болмайды. Әдетте, рухани тіршілікке қатысты анықтамалар рухани тәжірибенің бір қырына бағытталады: мәңгілікке бағытталған қатынас пен бейімділік немесе сезіну бастау, индивидтің жан дүниесінде біріктіруші фактор ретінде мәнді мақсат және құдаймен біртұтас болуы сезімі ішінде өмірін жөнге салу тәрізді тұрмыс-тіршілікті ретке келтіру. Рухани тіршілік ішінде орын алатын аталған тұрмыс-тіршіліктерді мына пункттер төңірегінде топтастыруға болады: тіршілікте мәнділік іздеу; ұлылықпен кездесу; оның жолымен жүру сезімі; шынайы ақиқат немесе жоғары құндылық іздеу; құпия бір болмысқа құрмет көрсету, оған алғыс білдіру; индивидтік өзгеру.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті: Индивидтер мен топтардың өмірінде әртүрлі факторлармен байланысты түрде (жас, жыныс, білім деңгейі, экономикалық жағдай, саяси және қоғамдық оқиғалар мен жағдайлар т.б.) дінге сену, діни сенім мен құндылықтарға өзін арнау, тұрмыс-тіршілік пен іс-әрекетке бейімдеудің түрленген және дамыған дәрежелері бар. Кейбір кенеттен болатын оқиғалар мен жағдайлар (табиғи апаттар, қоғамдық қысым, діндар тұлғамен немесе дереккөбен кездесу, жаңа тәжірибе, түс пен аян т.б.) адамның тақуалығын арттырады немесе кемітеді. Мәдени дәстүрлер мен адам топтарына қарай әртүрлі формада меңгерілген және жүзеге асырылған әртүрлі діндарлық типтері мен түрлері байқалады. Жекелеген адамдар мен топтардың діни түсініктері белгілі құндылықтар мен меңгерістерге берген маңызға қарай әлуан түрлі болып келеді. Сондықтан, бір адамның немесе топтың діндарлығы жайлы нақты қорытынды шығару
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Діндарлық түсінік

1.1. Діндарлық ұғымы және діндарлық өлшемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2. Діндарлықтың психологиялық бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Жас ерекшеліктерге байланысты діндарлық

2.1. Балалық және бозбалалық кезеңдегі діндарлық ... ... ... ... ... ... .. ... ...

2.2. Ересек және кәрілік кезеңдегі діндарлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..



Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Діндарлық - біркелкі, тұрақты емес, адам мен топтарға өзгеріп, дамып отыратын динамикалық құрылым мен кезең (бала, боз бала, орта жас, қарт адамның діндарлығы т.б). Діннің әсері адамға, адамның сенген дінге, мазхабына немесе жамағатына, діни тақуалық дәрежесіне, әлеуметтік-мәдени ортаға, адамның физикалық және рухани саулығына және басқа да факторларға байланысты түрде алуан түрлі болып келеді. Дін тақырыбынан тыс алуан түрлі өлшемге ие болып келетін рухани өмірдің дінге ешбір қатысы болмайды. Әдетте, рухани тіршілікке қатысты анықтамалар рухани тәжірибенің бір қырына бағытталады: мәңгілікке бағытталған қатынас пен бейімділік немесе сезіну бастау, индивидтің жан дүниесінде біріктіруші фактор ретінде мәнді мақсат және құдаймен біртұтас болуы сезімі ішінде өмірін жөнге салу тәрізді тұрмыс-тіршілікті ретке келтіру. Рухани тіршілік ішінде орын алатын аталған тұрмыс-тіршіліктерді мына пункттер төңірегінде топтастыруға болады: тіршілікте мәнділік іздеу; ұлылықпен кездесу; оның жолымен жүру сезімі; шынайы ақиқат немесе жоғары құндылық іздеу; құпия бір болмысқа құрмет көрсету, оған алғыс білдіру; индивидтік өзгеру.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті: Индивидтер мен топтардың өмірінде әртүрлі факторлармен байланысты түрде (жас, жыныс, білім деңгейі, экономикалық жағдай, саяси және қоғамдық оқиғалар мен жағдайлар т.б.) дінге сену, діни сенім мен құндылықтарға өзін арнау, тұрмыс-тіршілік пен іс-әрекетке бейімдеудің түрленген және дамыған дәрежелері бар. Кейбір кенеттен болатын оқиғалар мен жағдайлар (табиғи апаттар, қоғамдық қысым, діндар тұлғамен немесе дереккөбен кездесу, жаңа тәжірибе, түс пен аян т.б.) адамның тақуалығын арттырады немесе кемітеді. Мәдени дәстүрлер мен адам топтарына қарай әртүрлі формада меңгерілген және жүзеге асырылған әртүрлі діндарлық типтері мен түрлері байқалады. Жекелеген адамдар мен топтардың діни түсініктері белгілі құндылықтар мен меңгерістерге берген маңызға қарай әлуан түрлі болып келеді. Сондықтан, бір адамның немесе топтың діндарлығы жайлы нақты қорытынды шығару
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

0.1. Діндарлық ұғымы және діндарлық өлшемдер

Дүние есігін ашқан әрбір адам баласы белгілі бір діни дәстүрдің және мәдениеттің ішінде орын алады. Ол өмірінде неше түрлі діни сөздерді, ұғымдарды, діни заттар мен орындарды кездестіреді, діндар адамдармен кездеседі, олармен байланысқа да түседі. Тіпті әлгі адам дін жайлы жанұясынан, ортасынан әртүрлі деңгейдегі мәліметтер алады, діни рәсімді орындап жатқан адамдарды көреді, тіпті кейде оның өзі де осы рәсімдерге қатысып жатады. Соңында ойындағы сұрақтарды сұрастырып, зерттеулер жасап, діни терминдер мен ұғымдарды өмірінде қолдана бастайды. Осылай діндарлық деген өмір-салт пайда бола, жүзеге аса бастайды. Демек, діндарлық - белгілі бір дін сенімдері мен ілімдерінің белгілі бір уақыт пен шарттарда белгілі бір адам, топ немесе қоғам тарапынан орындалуы болып табылады. Діндарлық - адамның қабылдаған белгілі бір дінге тән сенімдермен және құндылықтармен байланыс құру, белсенділік көрсету жүйесі және индивидтік немесе топтық деңгейде осылардың орындалу формаларын қамтитын ұғым. Діндарлық - адамның немесе топтың күнделікті өмірінде діннің маңызын паш ететін, дінге сену, оның жолымен жүру деңгейін көрсететін ұғым. Демек, діндарлықты - діннің өмір сүруі, діннің өмір тіршілігіне енгізіп, іс жүзінде жүзеге асу формасы деуге болады.
Адамдар діндеріне әртүрлі деңгейде қолданады немесе діннің түрлі-түрлі элементтерінен өздеріне дін түсінігін қалыптастырады. Міне, аталған діни меңгеру мен олардың әсері артында орын алатын оң немесе теріс психологиялық элементтер қабыланған кезде, оларға психологиялық психологиялық тұжырымдар жасалады.
Діндарлық өлшемдері. Әлемдегі әртүрлі діндерге сенетін адамдар мен топтардың өмірлері зерделенген кезде, діндарлықтың бірнеше салаларда байқалғандығы анықталды. Әртүрлі дін иелерінің осы саладағы діндарлық тұрмыс-тіршілігі тұрғысынан ортақ ерекшелікке ие екендігін қуаттауға болады. Аталған ортақ ерекшелік тіршілікте қолданылатын діндарлықтың өлшемдерінде айқындалады. Бір адамның немесе топтың қалай діндар болғандығы, осы өлшемдер аясында зерттеуге, анықтауға нысана бола алады. Дін психологтарды діндарлықты зерттеу үшін ғылыми ақиқат шеңберлері мен анықтамаларын жасау қажеттігін сезінді. Алғашқы кезеңдер ғибадаттарды орындау сияқты бір өлшемді ұстаным уақыт өте келе өз орын көп өлшемді ұстанымдарға қалдырды. Діндарлықты көп өлшемді типте анықтау және зерделеу кейбір ғалымдар тарапынан әртүрлі деңгейде жүзеге асырылды. Осылардың арасында Ч. Глок пен Р.
Старктың бірлесе және Р.Старктың өз бетінше жасаған зерттеулері нәтижесінде ортаға қойған діндарлықтың бес өлшемді анықтамасы кең таралған. Зерттеушілер арасында көбінесе осы бес өлшем аясында қарастырылып келеді.
Сенімдік өлшем. Бүкіл діндердің өзегін оның сенімдері құрайды. Осы сенімдерінің мазмұны мен мәні діндерге немесе белгілі бір діннің конфессиялары мен ағымдарына қарай ішінара айырмашылықтар болса да сенімдер бүкіл дәстүрлерінің өзегін құрайды. Индивидтің бір дінді қабылдауы алдымен оның сенім негіздерін мойындаумен басталады. Табиғаттан тыс, қасиетті болмыс немесе құдай сенімі барлық құдайлық діндерде орын алады. Діндар адамдар сенген діні аясында бір құдай сенімі мен өз дағдысы негізінде құдай түсінігін дамытады.
Кейбір діни сенімдер әлгі діннің ерекшелігін айқындаушы қызметін атқарады. Ол сол діннің басқа ілімдері мен түсініктеріне дереккөз, іргетас болып табылады. Мысалы, таухид сенімі исламның, үштік сенімі мен ілімі христиандықтың ерекшелігін құрайды. Мұсылман индивид Алланың бір екендігі, ешнәрсеге ұқсамайтындығы түсінігі арқылы діни дүниетанымын қалыптастырады. Ал христиандықтың сенім әлемі әке, оның ұлы және қасиетті рух үштігі құраған құдайлық түсінікпен ерекшеленді. Сенімнің бар немесе жоқ болуымен қатар, оның қуат дәрежесіне қарай адамдар арасында айырмашылықтар туындайтыны белгілі. Сондай-ақ діни сенімдердің ақыл-ой бағытын қалыптастырушы және дүниетанымға дереккөз болып табылу функциясын да назардан тыс қалдырмаған жөн.
Ғұрыптық өлшем. Әрбір діни дәстүр өз шеңберінде әрекеттерге, әсерлерге орын береді. Дұға жасау, намаз оқу, ораза ұстау, құрбандық шалу, қасиетті кітапты оқу, тағы басқа рәсімдер тәрізді әртүрлі формаларда көрініс табатын діни ғибадаттар мен рәсімдер діни өмірдің негізгі элементтері болып табылады. Бір діннің рәсімдерін орындайтын, оның сенімдер жүйесіне сенетін діндар адамның орындауы тиіс тапсырмалары мен міндеттері бар. Бұлар - сенетін құдайлық және қасиетті болмысқа бой ұсынуды символдайтын және онымен тығыз байланысқа, оған жақын болуға, оның ризалығын алып, ашуынан сақтануға мүмкіндік беретін әрекеттер. Діннің белгілеген ғибадат міндеттерін орындаудағы талпыныс әлгі адамның шынайы діндарлығының және сенімдерін қабылдаудағы шынайылығының көрсеткіші ретінде қабылданады.
Тәжірибе (интуциялық) өлшем. Әрбір дін иесі сенетін ұлы құдайын іштей сезінеді және осы сезімді біледі. Құдаймен қатысқа түскен иманды адамда осы қатынаспен байланысты сезімдері, интуициялары, түйсіктері бар. Діни тәжірибе деп аталатын аталған тікелей тіршілікті әртүрлі типтері белгілі. Кейбір діни дәстүрлер аталған жан дүниелік тәжірибеге үлкен маңыз берсе, енді бірі көбінесе діни ғибадат пен моральдық құндылықтарды алдыңғы қатарға қояды. Жалпы алғанда діндарлықтың мистикалық-сопылық түсініктемелері мен қолданыстары діни тәжірибенің қатаң орындалуын мақсат етеді және осыны жүзеге асыратын арнайы техникаларға жүгінеді. Осыған орай, діни сезімнің ең ауқымды мысалдарын сопылық (тариқат) салада кездестіруге болады.
Саналық (танымдық) өлшем. Әрбір дінге сенушілер белгілі бір мөлшерде өзінің дінінің негізгі сенімдері мен құндылықтары жайлы мәліметі бар. Діни сенімдер, ғибадаттар, құндылықтар, ұғымдар, дәстүрлер, құралдар, тарихи оқиғалар т.б. тақырыптарда алған мәліметтер адамнан адамға, топтан топқа әртүрлі деңгейлерде орын алса да ол діндарлықтың бөлінбейтін сипаты болып табылады.
Діндарлық тұрмыс-тіршілікте білімділік өлшемнің басқа өлшемдермен қатынасы мен ықпалдастығы аса маңызды. Діни білімнің әсіресе сеніммен тығыз байланысы бар. Діни білім сенімнің құндылығын арттырады. Сенімі болмаған адамның білімі қаншалықты терең болса да ол діндарлығының көрсеткіші бола алмайды. Діни білімнің деңгейімен қатар дінді үйренуге талпыныс, діни білімді бағалау деңгейі мен дінді үйренуге бөлінген уақыт адамның діндарлық белгісі ретінде қабылданады.
Әсерлік өлшемі. Діндарлық тұрмыс-тіршілік индивид пен топтың діни өмірін дамытады және өмірдің барлық салаларында біршама әсерлерді дүниеге әкеледі. Күнделікті тамақтану әдеттерінен бастап, әдептілік қағидаларына, индивидтің моральдық ұстаным мен әрекеттерден бастап, әлеуметтік қатынастарға дейін діннің өзіндік әсері бар. Діндарлық тұрмыс-тіршілік тән және жан саулығымен, адамдық қасиетпен, моральдық, әрекеттік дамумен, мендік түйсікпен, қоғамдық құндылықтармен, дүниетаныммен, өмір сүру формаларымен тығыз байланысты. Осыларды жекелеп зерделеу діни әсерлердің қырлары мен деңгейлерін анықтауға мүмкіндік жасайды.

0.2. Діндарлықтың психологиялық бастаулары

Өмірдің мәні мен маңызын іздеу. Өмірдің мәні мен маңызын іздеу - ойларды, ұстанымдарды және әрекеттерді айқындайтын маңызды мотивтердің бірі. Адам баласы өзі сүретін өмірінің мәніне жетуге үнемі талпыныс үстінде. Осы мақсатқа қол жеткізу жолында тарих бойында адамдар философияға, өнерге және дінге жүгінген. Ізденісте адамның басты нысанасы өмірдегі орнын жағымды жағымен айқындайтын түпкі мәнге қол жеткізу және осылай өз болмыс-бітіміне мәнді шырай беру болып табылады.
Өмір дегеніміз не? Оның мәні мен мақсаты бар ма? Адам мен әлем арасындағы байланыстың төркіні мен негізі не? Өлім дегеніміз не? Өлімнен кейін жағдай қалай болмақ? Мен кіммін? Неге бармын, қайдан келдім? Қайда барамын? Өмірде не үшін қайғы-қасірет орын алған? Осы және осыған ұқсас сұрақтар ақиқатты іздеуге талпыныстың негізгі қадамдары болып табылады.
В.Франкл бүгінгі адамның жан дүниесіндегі басты мәселе өмірінің мәніне ұмтылыс пен оған деген қажеттілікке қойылған тосқауыл деп біледі. Логотерапия деп аталатын көзқарас адам жан дүниесін емдеуге бағытталған бағыт болып есептеледі. Логотерапияның мақсаты - бір жағынан адамның негізгі қажеттілігі болып табылатын ақиқатқа жету деген тілегін қамтамасыз ету мақсатымен мәнді өмірді құруға көмектесу болса, келесі жағынан модернизациялық кезеңде өмір сүріп жатқан адамның шалдыққан науқасы - мәнсіздіктен құтқару. Логотерапияға қарағанда адамның жаратылысында бар мәнділікке деген талпыныс қатаң, үрейлі шарттар болса да ұмтылатын бір құндылыққа, мақсатқа бағыттайды. Бірақ, өмір мәнділікке деген ұмтылысқа тосқауыл қойылғанда және тосқауыл түйіні шешілмеген кезде адам мағынасыздыққа душар болады. Жан дүниесіндегі мағынасыздықтан адам тек мәнділік пен мағынаға деген талпынысты қайтадан жолға қойған кезде ғана құтыла алады.
Өлім қорқынышы, өлімсіздік. Дүние есігін ашқан әрбір жанды өмір сүруге, өмірін жалғастыруға талпынады. Адам осы мақсатын жүзеге асыруға өмір бойы талпынады, көбінесе өлімге жетелейтін жолдардан аулақ болуды жоспарлайды. Өлім адам үшін ең қауіпті болғанымен әрбір адамның өмірінің соңында оның келетіні белгілі. Бүгінгі күні адам өмірін қауіпсіздіретін, ұзартатын және сапасын арттыратын көптеген технологиялық мүмкіндіктер мен дамуларға қарамастан адам өлімнің алдында өзінің шарасыз екендігін біледі. Осы себепті өлім өте қорқынышты, үрейлі және қауіпті оқиға болып табылады. Өлім қорқынышы қорқыныштардың ең ауыры ретінде қуатталады. Тарихта қарапайым немесе дамыған мәдениеттердің қайсы бірін алып қарасақ та, өлімге байланысты ритуалдары мен рәсімдерден құралған алуан түрлі әрекеттер түрлері дамытылғандығы мұның мәнін арттырады.
Өлім қорқынышы бір-бірінен өзгеше қорқыныштар мен қасірет түрлерін өз бойына жинақтай білетін қым-қиғаш және белгісіз интуициялық құрылым ретінде түсіндіріледі. Осы қым-қиғаш құрылымды құрайды деп есептелетін қорқыныш түрлерін былай тізбектеуге болады: белгісіз қорқыныш, денеден айрылып қалу, ащылықты сезіну, жалғыз қалу, жақындарынан айрылып қалу, бақылаудан қалу қорқынышы, өзіндік менін жоғалту қорқынышы, кері кету қорқынышы.
Діннің өліммен байланысты аталған жағымды мағынаның психологиялық түсініктемесі барлық адам тарапынан бірдей емес. Фрейд пен оның ізін басушыларға қарағанда өлімнен кейінгі жағдай туралы сенімдер бұл өмірде бетпе-бет келетін мазасыздық пен кедергілер алдында көңіліне жұбаныш ету мақсатында адамның қиялынан туған туынды болып табылады. Ал енді бірі бұдан да тереңде отырып, діни ұстанымдардың өзегінде ең айқын мотив өлімнен қорқу екендігін қуаттады. Дінді өлім қорқынышынан туындағанын қуаттағандарға қарсы Юнг пен оның жолын қуушылар өлімнен кейінгі өмірге сенудің адамның табиғи қажеттілігін өтеуге бағытталған әрекет екендігін алға тартты. Осы көзқарасты қуаттайтындарға қарағанда өлімнен кейін қайта тірілуді және мәңгілік өмірдің бар екендігін хабарлайтын діннің ең басты функцияларының бірі - сенушілерді өлім қорқынышынан арылтып, мәңгілік болу сезімін қамтамасыз ету.
Кедергі және шарасыздық. Адамның бір қажеттілігін, қалауын немесе тілегін қанағаттандыру мақсатында әрекетке көшкен кезде, өз жан дүниесінен немесе сыртқы күштен бастау алатын әртүрлі себептерге байланысты мақсатына жете алмауы кедергі деп аталады. Кедергіге тап болған шақта адамда қарбаластық артады, ашу, қорқыныш, қайғы, мазасыздық және шарасыздық сезімі пайда болады. Кедергіге тап болған индивид жан дүниесіндегі қиын жағдайдан құтылу үшін одан шығатын шешімдер мен жан қанағаттандыратын жолдар іздестіреді. Адамның қолынан келмейтін кедергілер алдында әсіресе, діни сенім мен құндылықтар кемшіліктің орнын толтыратын функциялар атқарады.
Дін психологтарының көпшілігі дерлік адамның әл-қауқары жетпейтін қиын жағдайлар алдында діни сенімдер мен құндылықтардың тіректі, күш-қайратты және сенімділікті қамтамасыз ететін бастау екендігін мойындаған. Бірақ, З.Фрейд пен К.Маркс сияқты дінге сынмен қараған ойшылдар индивидтің діндарлығын шарасыздық жағдайлармен байланыстырады. Олардың пікірі бойынша дін сандырақтаған адамдық қалаудан, негізі жоқ, ақиқаттан алыс қиялдан тұрады. Олардың көзқарасы бойынша діни ұстанымдар мен әрекеттер әлсіздік пен қанағатсыздықтан туындаған психологиялық ауру.
Кедергі мен шарасыздық сезімдері арқылы адамдарды құдайлық көмекке ұмтылуға итермелейтін негізгі екі бастауға тоқталуға болады. Оның біріншісі, жер сілкінісі, су тасқыны, қуаңшылық, індет сияқты адамның күш-қайраты жетпейтін кедергілер болып табылатын табиғат апаттары. Келесісі, статусынан, абыройынан, тыныштығынан айрылып қалу, басқа адамдармен байлынысты қажеттіліктер, жұмыс, кәсіп проблемалары сияқты адамның жеке өзінің қолынан келмейтін әлеуметтік мұқтаждық. Түрлі кезеңдерде ғалымдар тарапынан жүзеге асырылған зерттеулер шарасыздық пен жетімсіздіктің әсіресе, жарлы-жақыбайларды діни әрекетке итермелеп, діндарлықтың қалыптасуына әсер еткендігін қуаттады. Дін өмірден тысқары мақсатқа бағыттап, көрген қиыншылықтарының орнын толтыруға, марапаттарға уәде беріп, кедергіге тап болған адамға тыныштық ұсынады, кемшіліктердің орнын толтырып, жан тыныштығына қол жеткізеді. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда адамдар кенеттен келген апаттарға, соғыс, індет және өлім қауіптеріне тап болған кезде, дұғаға, ғибадатқа ерекше мән береді.
Мұндай әрекет әлеуметтік жетімсіздік алдында да жүзеге асады. Өмір сүрып жатқан қоғам ішінде индивидтік тұлғасына қауіп төндіретін әртүрлі кедергілермен бетпе-бет келгендер, экономикалық, әлеуметтік статусынан айрылғандар өздерін қоғамнан шеттетілген адам ретінде сезінеді және олар әлеуметтік көмек алатын мақсаттарға жүгінетіндігі де табиғи. Осы кезде әсіресе, діни топтар, жамағаттар мен тариқаттар бауырмалдық, көңіл жұматушылық әрекеттерімен әлеуметтік тірек іздеген әлгі адамдар үшін таптырмайтын орта болып табылады. Діни топтар қолдарындағы материалдық және рухани мүмкіндіктерімен бір жағынан қоғамда әділетсіздікке ұшыраған адамдарға көмек қолын созса, келесі жағынан, оларға жоғалтқан статусын, қатынас сезімін, әлеуметтік тұлғасын қайта қалпына келтіруге көмектеседі.
Түсіну, білімдік (танымдық) қанағат. Адам түйсіну, ойлау, түсіндіру, жоспарлау сияқты өзге жандыларда кездеспейтін ерекше саналық кезеңдерге ие. Иелік еткен ерекше саналық артықшылығымен адам сүріп жатқан өмірі мен әлемді, бетпе-бет келген әрбір оқиғаны өзі қанағаттанатын дәрежеде түсінуге және түсініктеме жасауға талпынады. Бұл - негізгі қажеттілік ретіндегі саналық құрылымның ең маңызды ерекшелігі. Анығырақ айтар болсақ, адам ақылы бостық пен күңгірттікті қабылдамайды, керісінше сананы қанағаттандыруға талпынады. Адам санасында қалыптастырған саналық естеліктері арқылы өміріне мән кіргізеді. Жағдайлар мен оқиғалар алдындағы орнын белгілейді, өзімен және өзінен басқасымен байланысын ретке келтіреді.
Қаншалықты ерекшелікке ие болса да адам ақылы санасына енген сұрақтардың барлығына жауап табу, түсіндіру, мәнін ашу қабілетіне ие емес. Ең ақылды адамдардың ережеден тыс зерттеулері де ой-саналарын белгілі бір шеңберде ғана дамыта алады. Адам санасындағы шектеу, саналық кемістік адамды өзінен тысқары бастаулардан сұрақтарына жауап іздеуге итермелейді. Ізденістерінің біршамасына білім мен идеология жауап бере алады. Алайда, адамның санасының жемісі болып табылатын таным қайнарлары өзінің шектеулеріне байланысты білімділік қанағатын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, әсіресе, бейсаналық діни-метафизикалық тақырыптарда білімнің және адам санасының жемісі болып табылатын түсініктемер қауқарсыз. Міне, бейсаналық метафизикалық алаң - діннің жауап бере алатын тақырыптары болып табылады. Адам тек дінге ғана жүгіне отырып, санасындағы басқа білім салалары толтыруға қауқарсыз бос жерлерді толтыра алады және рухын өз деңгейінде қанағаттандырады. Сенімдер мен ұстанымдарға жасалған зерттеулер діни сенімнің көбінесе танымдық қажеттіліктерді қанағаттандырғанын, үйлесімді, түсінікті сипаттамалар ұсынатынын ортаға қойған.
Ең алдымен дін адамның сүрген өмірі ішінде өзіне лайықты орынға жайғастыру мүмкіндігін беретін арнайы кезең дайындайды. Осы дайындықта ол алдымен өмірде бар ақиқаттарға түсініктеме жасайды, одан соң адамды осы ақиқатқа лайықты жерге орналастырады. Одан соң адамға дін қалай өмір сүру қажет екендігіне жолбасшылық ұсынады. Осы кезде дін бір жағынан әсіресе танымдық алаңға енген мәліметтерді түсінікті біртұтас формада реттеуші функциясымен, келесі жағынан сананың өз қабілетімен түсіне алмайтын метафизикалық сұрақтарға түсініктеме жасау жағынан үлкен рөл атқарады. Кейбір дін психологтары діни сенімдерге индивидтердің әлеуметтік шарттармен үндесу, оқиғаларды түсіндіру үшін жүгінген танымдық категориялар ретінде анықтама жасайды. Дін саналық элементтерге талдаулар жасау, оларды біліктіру, үнтестіру қызметін атқаратыны тәрізді адам санасындағы қайшылықтарға, шым-шытықтарға және белгісіздіктерге шешім жасайды.
Кінәлілік, күнәлілік сезімі. Қылмыстылық сезімі - адам жаратылысын мотивациялайтын әлемдік деңгейдегі қасиеттердің бірі. Психоаналитиктердің арнайы екпін бергені тәрізді оның негізі балалық кезеңі ата-ана және бала қатынасынан басталады. Бірақ, бұл сезім өмірде үнемі кездесіп отыратын оқиға ретінде өмірдің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылған қылмыстармен байланысты түрде пайда болып отыра береді. Кінәлілік сезімінің бастауы қоғамда қылмыс немесе тиым салынған әрекеттер ретінде қабылданатын әрекеттерге қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар, кең таралған көзқарасқа қарағанда негізгі бастаулардың бірі - жыныстық инстикттің дүниеге әкелетін моральдық мәселелер, одан соң келесісі эгоизм мен альтруизм арасында туындайтын қайшылықтар. Яғни, өзінің адамдық қалаулары мен өзі өмір сүріп жатқан мәдениеттің тілектері арасындағы таңдау қайшылығы.
Қылмыстың діндегі баламасы - күнә. Ар-ожданның үкімін айқындайтын кінәлілік сезімінің діндегі баламасы - күнәһарлық сезімі, ал ар-ождандық үкімнің баламасы - құдайлық үкім. Діннің әмірлеріне бой ұсынбаған, тиымдарынан аулақ болмаған кезде, діндарда күнәһарлық сезімі пайда болады және соңында өзін құдайлық сотта үкім шығарылғандай сезінеді. Табиғи түрде ол да үкім шығарудан туындаған жан дүниесіндегі шиеленістен құтылу үшін істеген күнәларының орнын толтыру жолдарын іздестіре бастайды. Осы жағдайда кінәлілік және күнәһарлық сезімдері дінге жетелейтін бастаулар арасына жатады. Себебі жасалған көптеген зерттеулер нәтижесінде осы пікірді қуаттайтын материалдар ортаға шыққан.
Кәмелет жасына жеткендерге жасаған зерттеулер діннен тысқары өмірден соң дінге бет бұрған жастардың діни өзгерістен бұрын кінәлілік сезімімен өмір сүргендігін қуаттаған. Жасалған бір зерттеуде бірден дінге бет бұрған адамдардың 55%-ы күнәһарлық сезімінен шағымданғанын, алайда дінге бет бұрғаннан соң өздерін рахатта, рухани жеңілдікте сезінгендігін алға тартқан. Жастарға жасалған келесі бір зерттеуде осыған ұқсас нәтижелерге қол жеткізген. Осыған қарағанда діндар жастар қуатты күнәһарлық сезіміне ие. Қылмыстың діндегі баламасы - күнә. Ар-ожданның үкімін айқындайтын кінәлілік сезімінің діндегі баламасы - күнәһарлық сезімі, ал ар-ождандық үкімнің баламасы - құдайлық үкім. Діннің әмірлеріне бой ұсынбаған, тиымдарынан аулақ болмаған кезде, діндарда күнәһарлық сезімі пайда болады және соңында өзін құдайлық сотта үкім шығарылғандай сезінеді. Табиғи түрде ол да үкім шығарудан туындаған жан дүниесіндегі шиеленістен құтылу үшін істеген күнәларының орнын толтыру жолдарын іздестіре бастайды. Осы жағдайда кінәлілік және күнәһарлық сезімдері дінге жетелейтін бастаулар арасына жатады.

2.1. Балалық және бозбалалық кезеңдегі діндарлық

Балаларда табиғи түрдегі діни қабілет пен бейімділіктің бар екендігі бүгінгі ғылыми ортада мойындалған. Балада табиғи сезім ретінде өз болмысын паш ететін дін еліктеу, ұқсау, үлгі алу және үйрену сияқты психологиялық кезеңдермен қалыптасады және дамиды. Балалар тек 3 жасынан бастап діни мәндегі сөздерге, сезімдерге және әрекеттерге мән бере бастайды. Бастапқыда діни ұғымдардың мазмұнын түсіне алмаса да балалардың дұғаларға және ғибадаттарға деген қызығушылығы жоғары болады. Алғаш мәрте жанұядағы үлкендердің жүзеге асырған діни тәжірибелерді бақылауға алған балалардағы діни қатынас еліктеу және ұқсау жолымен көрініс таба бастайды, кейін, уақыт өте келе әлеуметтік ортаның діни жағы мен жеке индивидтік қабілетіне қарай біртіндеп дамиды және ол адам жан дүниесінде тереңдей отырып, оның жеке қасиетіне айналады.
Балалық кезеңнің басты ерекшеліктерінің бірі - ойланбастан мойындау дін тақырыбына да тиесілі. Сондықтан балалар дін тақырыбында өте аз мөлшерде ішкі қайшылыққа тап болуы немесе мүлдем тап болмауы мүмкін. Осыған орай, кемел имандылық үлгісі болып табылатын адам осы даму кезеңінде мықты жолбасшы болып табылады.
Балалық кезеңі діндарлығының келесі бір сипаттамасы - мен төңірегінде шоғырланған. Даму кезеңінің алғашқы баспалдақтарында мен сезімі алдыңғы қатарға шығады: балалардың дұғалары жеке қауіпсіздігі мен мейірім-шапағат үмітіне бағытталады. Сонымен қатар, баланың құдай түсінігінде құдай мен мен арақатынасы тығыз байланысты. Құдай - баланың жаратушысы, оған ата-ананы және бауырларды берген. Ол қалау-тілектерін орындауға үнемі дайын, яғни, құдай баламен оның қалау-тілектерімен, қорқыныш үміттерімен бірарада. Бала құдайды өзінен алыс ұстамайды, керісінше құдай баланың жанында, оның беталыстарымен бірге болады.
Сезімдер баланың тумысынан бірге келетін ерекшеліктерінің арасындағы бір қасиет. Алайда бұл сезімдерден кейбіреулері дереу өзін көрсетсе (аштық, шөл сияқты) кейбіреулері жетілу кезеңдері ішінде ортаға шығады.
Сезімдерді ортаға шығу түріне қарай:
1- Қарапайым және менменшіл сезімдер, 2- әлеуметтік сезімдер, 3- ұлы және тылсым сезімдер деп бөлуге болады. Дін сезімі осы ұлы және тылсым сезімдер арасынан орын алады. Осы тұрғыдан да ортаға шығуы кеш болатындықтан ұзақ бір мерзімді қамтиды.
Баланың сәбилік кезеңі бойынша (0-2) діни құбылыстар әдетте байқалмайды. Тек жүруге және тілі шығып сөйлей бастаған кездерінде кейбір діни әрекеттерге еліктеуі мүмкін.
Алғашқы балалық кезеңі дейтін (2-6 ж) кезде анық бір діни құлшыныс ба діни өмірге йқалады. Үш жастарынан бастан еліктеудің жанында сезім арқылы діни өмірге бейімделу әрекеті көріне бастайды.
Бұл кезеңде балада еліктеушілік, анемизм, антроморфизм, егоцентризм, жеке пікір және ойшылдық (сұрақ сұрау) сияқты сезімтал ерекшеліктер үстем болады. Баланың өзін қоршаған ортасына қабылдануы үшін "Мен де бармын" деуге әрекет еткен бұл кезіне "тәуелсіз болу" кезеңі деп те айтылады.
Бұл ерекшеліктер мектепке дейінгі кезеңнің ішінде уақыт, пайыз және көлемі жағынан әртүрлі болады. Енді осы ерекшеліктер төңірегінде жеке-жеке әңгіме қозғаймыз.
Балалардың түсінігінде құдай үлкен адам кейпінде бейнеленеді. Осы құдай түсінігі кейінірек, яғни, 6 жастан 11 жасқа дейін руханилене бастайды. Ал 8 жастан бастап антропоморфтық құдай түсінігі әлсіреп, балалар құдайды адамдардан ерекше, оларға ұқсамайтын өте үлкен және ұлы деп сипаттай бастайды. 12 жастан бастап руханиленген құдай сенімі нақтылана түседі. Осы жастағы баланың көзқарасы бойынша құдай барлық жерде, көрінбейді, бейнесі де салынбайды.
Мектепке дейінгі балалардың діни символдармен, доктриналармен және діни тәжірибелермен бетпе-бет келуі толықтай жанұяның пысықтауына байланысты. Осыған орай, ата-ана балаларының дін дегенде нені түсінетінін айқындауда үлкен рөл ойнайды. Балалар өзге адамдардың діни сенімдері мен әрекеттерін өзінікіндей ойлайды.
Жас баланың біржақты түсініктері балалар мектепке бара бастаған кезде өзгереді. Балалар сабақ уақытынан тысқары кезде бір-бірімен ойнай бастаған және мектептен тыс тақырып жайлы әңгімелескен кезде, діндар жанұяның балалары өзге жанұядан шыққан балалардың неге өздері сияқты сенбейтіндігіне, діни әрекет етпейтініне таңырқай бастайды. Мысалы, үйде құдай жайлы әңгімелесуді әдетке айналдырған бала осы әдетін сыныптасымен бөлісе алмайтынына таң қалады. Бұл өзге балалардың құдайға деген дұшпандығынан емес, құдай деген кезде оның мәнісін өзі сияқты түсіне алмауында жатыр. Мұның себебі - әлгі сыныптасының жанұясында сол күнге дейін Алла сөзін аз қолдануына немесе мүлдем қолданбауына байланысты.
Балалардағы сенімге қатысты сөздер көбінесе еліктеудің нәтижесі болып табылады. Бұл көбінесе тамақтанар алдын бисмилла мен тамақ жеп болғаннан кейінгі әлхамдулиллаһ яки таңырқау мен басқа да әрекеттердегі құдайым-ау е құдай Алла өзің сақта сияқты ата-ананың сөздерін бала қайталайды. Еліктеумен қайталанатын аталған сөздердің терең мағынасын бала саяз түсінеді немесе мүлдем түсінбейді.
Бозбала кезең. (12-21) Бозбалалықтан бұрыңғы кезең тәрбиелеу кезеңі ретінде орта мектеп кезеңі болып табылады. Бұл кезде адам балалықтан кеткен, бірақ әлі жігіт болып та үлгермеген. Осы себепті кейбір психологиялық ауытқуларда болады. Көбінесе әлеуметтік орта оның бұл ауытқуларына әсер етеді. Кейде "сен енді үлкен болдың" ал кейде "сен әлі баласың" дейді. Бұл кейде баланың не істерін білмей далбырап жүруіне себеп болады. Алайда үлкендер бұл кезде түсіністіктен әрекет ете отырып, оны ескерулері керек. Сонда бала өзіне сенеді. Өзіне деген құрмет пайда болады.
Бұл кезең жалқы ойлау қабілетінен абстрактілі ойлау қабілетіне өтумен бір кезең болып табылады. Осы себепті бұл кездің бозбаласы енді жеке мәселелермен қоса жалпы мәселелерді де түсіне бастайды. Бұл психологиялық ортада діни мәселелерге деген құштарлығы артып, дінді іштен түсіне бастайды. Бұл тұрғыдан бұл кезеңге, әсіресе 13 жас үшін діни ояну кезеңі деп те айтылады.
Еркектер де алдымен мұрт, сосын сақалдардың шығуы, дауыстың жуандауы, қыздарда болса көкіректерінің және бөкселерінің дамуы сияқты кейбір ерекшеліктері мен дененің және органдардың жедел дамығаны байқалады. Бұған қоса рухани жағынан да өзгеріске ұшырайды. Бозбаланың бұл жаңа бейнесі кейде айналадағылар тарапынан күлкіге алынуы мүмкін. Осыдан барып көпшіліктен ұзақ болуға әрекет етеді. Бұл жағдай кейін жігіттік кезеңде де өзін көрсетіп отырады.
Бұл жағдайларда ескеріле отырып бозбаланың жетілген санасы мен сезім әлеміне сай бір діни жақындық жасау, мазалап жүрген сұрақтарына достарша жауап беру үлкендердің негізгі міндеттеріне кіреді. Еркек болсын, қыз болсын бұл кезеңде жыныстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діндарлық
Діннің тарихы
Жар таңдаудағы діндарлықтың маңызы
Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм
Дін, мәдениет және қоғам. Әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары
Психология және дін психологиясы
Герменевтика әдісі
Жайнизм философиясы
Пәндер