Алтын сапа



Алтын сапа.
Бастапқыда тап¬сы¬¬рыспен орындай¬тын тауар өндіруші үлкен кәсіпорынға айналып, бұқараға көбейтіп дайындағанда тауар саны артатыны түсінікті. Осы орайда сапа қандай деңгейде қалады? Сан артып, сапа кеми ме? Айталық, осыған дейін тапсырыс берушінің талап-тілегі ескеріле отырып жұмыс істелсе, енді көпшілікке ұсынған кезде оған қандай талап қойылмақ? Әрине, бұл ретте сапа алдыңғы орынға шығуға тиіс.
Күнделікті пайдалануға қажетті тағам¬ды, болмаса тауарды таңдаған кезде ең ал-дымен оның сапасына көңіл бөлеміз. Дүкен сөресіндегі дайын өнімге қол созғанда оның сыртындағы жазуына көз саламыз. Алуға кеңес берген жарнамаларды саралаймыз. Содан кейін барып тұтынамыз. Ал соңғы шыққан технологиялардың барлығы тұты¬ну¬шы¬ларға жеткізілетін тауардың ажырамас қасиеті, яғни оның сапасын жақсартуға бағытталғанын білеміз бе? Десек те, сөреде тұрған сол өнімдердің барлығы сапалы деген нақты тұжырым жоқ. Сондықтан да таңдаймыз. Осы орайда кез келген қызығу¬шылық танытушы тараптың тілегін қанағат¬тандыруға бағытталған тауар сапасын басқаратын жетілдірілген заманауи тәсілдер бар екендігін айтқымыз келеді. Бұл тәсілдер арқылы адамзатқа қажетті дүние шығарушы кәсіпорындар өз тауарларының сапасын жоғарылатуға ұмтылуда. Әсіресе, әлемде сапаны жақсарту жұмыстарын ынталанды¬рушы тәсілдер ішінде ұлттық және халық¬аралық сыйлықтар ұтымды құрал болып табылады. Олар сапаны басқарудың жүйе¬лік тәсілінің одан әрі дамуы үшін беріледі. Сапа үшін ұсынылатын бұл сыйлықтар үлкен танымалдылыққа ие. Әлемнің 70-тей елінде сапа саласындағы ізденушілерге ар¬нал¬ған ұлттық байқаулар бар екен. Олардың арасындағы ең абыройлысы ретінде Жапо¬ниядағы Деминг сыйлығы ауызға алынса, одан кейін АҚШ-тағы Малькольм Болдридж атындағы ұлттық сапа сыйлығы және Еуропалық сапа сыйлығы тұрады. Олардың ортақ ұқсастығы сапа үшін берілуі болғанымен, түрлі бағыттар бойынша берілетін өз алдына бөлек сипаттары бар. Еуро¬палық сыйлық қоршаған орта мен тұты¬нушылар қызығушылықтарын қорғауға басымдық берсе, Деминг жүлдесі моделінде стандарттау әдістерінің қаншалықты кең қолданыста болғанына мән береді. Ал Болдридж сыйлығын стратегиялық жоспарлау¬ды жақсы жүргізгендер ала алады. Деминг сыйлығы Жапонияда сапа дамуына үлкен үлес қосқан Э. Деминг құрметіне 1951 жылы тағайындалды. Ал АҚШ-тың Малькольм атындағы ұлттық сапа сыйлығының тарихы одан әріге, 1887 жылға барады. Ал Еуропалық сапа сыйлығы наградасы бертінірек, 1992 жылдан бастап беріле бастады. Мұндай әлемдегі абыройлы сапа сыйлық¬тарын тізбелегеніміздің сыры неде? Елімізде өз мақсаты тұрғысынан осы сыйлықтарға ұқсас болып табылатын «Алтын сапа» сыйлығы бар екендігін айтқымыз келеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Алтын сапа.
Бастапқыда тапсырыспен орындайтын тауар өндіруші үлкен кәсіпорынға айналып,
бұқараға көбейтіп дайындағанда тауар саны артатыны түсінікті. Осы орайда
сапа қандай деңгейде қалады? Сан артып, сапа кеми ме? Айталық, осыған дейін
тапсырыс берушінің талап-тілегі ескеріле отырып жұмыс істелсе, енді
көпшілікке ұсынған кезде оған қандай талап қойылмақ? Әрине, бұл ретте сапа
алдыңғы орынға шығуға тиіс.

Күнделікті пайдалануға қажетті тағамды, болмаса тауарды таңдаған кезде ең
алдымен оның сапасына көңіл бөлеміз. Дүкен сөресіндегі дайын өнімге қол
созғанда оның сыртындағы жазуына көз саламыз. Алуға кеңес берген
жарнамаларды саралаймыз. Содан кейін барып тұтынамыз. Ал соңғы шыққан
технологиялардың барлығы тұтынушыларға жеткізілетін тауардың ажырамас
қасиеті, яғни оның сапасын жақсартуға бағытталғанын білеміз бе? Десек те,
сөреде тұрған сол өнімдердің барлығы сапалы деген нақты тұжырым жоқ.
Сондықтан да таңдаймыз. Осы орайда кез келген қызығушылық танытушы тараптың
тілегін қанағаттандыруға бағытталған тауар сапасын басқаратын жетілдірілген
заманауи тәсілдер бар екендігін айтқымыз келеді. Бұл тәсілдер арқылы
адамзатқа қажетті дүние шығарушы кәсіпорындар өз тауарларының сапасын
жоғарылатуға ұмтылуда. Әсіресе, әлемде сапаны жақсарту жұмыстарын
ынталандырушы тәсілдер ішінде ұлттық және халықаралық сыйлықтар ұтымды
құрал болып табылады. Олар сапаны басқарудың жүйелік тәсілінің одан әрі
дамуы үшін беріледі. Сапа үшін ұсынылатын бұл сыйлықтар үлкен
танымалдылыққа ие. Әлемнің 70-тей елінде сапа саласындағы ізденушілерге
арналған ұлттық байқаулар бар екен. Олардың арасындағы ең абыройлысы
ретінде Жапониядағы Деминг сыйлығы ауызға алынса, одан кейін АҚШ-тағы
Малькольм Болдридж атындағы ұлттық сапа сыйлығы және Еуропалық сапа сыйлығы
тұрады. Олардың ортақ ұқсастығы сапа үшін берілуі болғанымен, түрлі
бағыттар бойынша берілетін өз алдына бөлек сипаттары бар. Еуропалық сыйлық
қоршаған орта мен тұтынушылар қызығушылықтарын қорғауға басымдық берсе,
Деминг жүлдесі моделінде стандарттау әдістерінің қаншалықты кең қолданыста
болғанына мән береді. Ал Болдридж сыйлығын стратегиялық жоспарлауды жақсы
жүргізгендер ала алады. Деминг сыйлығы Жапонияда сапа дамуына үлкен үлес
қосқан Э. Деминг құрметіне 1951 жылы тағайындалды. Ал АҚШ-тың Малькольм
атындағы ұлттық сапа сыйлығының тарихы одан әріге, 1887 жылға барады. Ал
Еуропалық сапа сыйлығы наградасы бертінірек, 1992 жылдан бастап беріле
бастады. Мұндай әлемдегі абыройлы сапа сыйлықтарын тізбелегеніміздің сыры
неде? Елімізде өз мақсаты тұрғысынан осы сыйлықтарға ұқсас болып табылатын
Алтын сапа сыйлығы бар екендігін айтқымыз келеді.

Алтын сапа – бұл сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін ұлттық
награда, Елбасы сыйлығы. Елбасы бұл сыйлықты өз қолымен ұсынады, сонымен
қатар ол жүлде Мемлекет басшысының жеке бақылауы мен қамқорлығында тұрады.
Еліміз өнім сапасын жылдан-жылға арттыруға ерекше ықыласты. Осы мақсатта
2006 жылы Президент арнайы тағайындаған бұл сыйлық Қазақстан рыногын
отандық жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнімдермен қамтамасыз етуді
мақсат тұтады. Алтын сапа байқауына биыл 6 жыл толып отыр. Байқау 2009
жылдан бастап қазіргі заманғы менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін
және сапа бойынша Еуропа сыйлығы үлгісімен үйлестірілген жаңа үлгі бойынша
өткізіледі. Үлгіде сапа саласына басшылықтың лидерлік рөлін, ұйымның
саясаты мен стратегиясын сипаттайтын көрсеткіштердің маңызы, тұтынушылардың
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану көрсеткіші
күшейтілген. Яғни Президенттің Алтын сапа сыйлығы кәсіпорынның өнім
шығару немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін
беріледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осының алдындағы байқау негізінде жүзден жүйрік
шыққан үш кәсіпорынға жоғары дәрежедегі Алтын сапа сыйлығын өзі табыс
етеді. Алтын сапа сыйлығын жеңіп алған мекемелер сапа эмблемасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алтын сапа» сапа деңгейі
Халықаралық сапа
Бәсеке қабілеттілікті арттыруда сервистік қызметтің мәні
Мақта шаруашылығы
Зергерлік бұйымдар сапасын эстетикалық көрсеткіштерін кешенді бағалау
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
Алматы электр механикалық зауыты заводы
ШАЙДЫ БҰРМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
Фуд Мастер компаниясы
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Пәндер