Түркі-ислам байланыстары


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Алғашқы түркі-ислам байланыстары
ә) Талас соғысы
б) Түркілердің мұсылман болуларына ықпал еткен факторлар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ислам діні пайда болған кезде Көктүрік қағандығы (552-745) Солтүстік Азиядан оңтүстікке қарай Инд өзеніне дейін, шығыста Қытай шекарасынан батыста Қара теңіздің солтүстігіне дейінгі аймаққа иелік етті. Соның ішінде Кавказдан Қырымға дейінгі аймақтың билеушісі Хазар мемлекеті де Көктүрік мемлекетіне тәуелді болған. Бүгінгі Иран территориясында Сасанидтер, Анадолы мен Балқандар да Византияның қарамағында еді.
Түркілер көне дәуірлерден бері Алдыңғы Азия Сами қауымы тарапынан танылуда еді. Асур жазба ескерткіштерінде және Тауратта сақ әміршісі Гоктың аты аталады. Қараңғылық дәуірі араб өлеңдерінде түркілер сөз болады. Түркі тайпаларының Сасанид әскерінде қызмет атқарған түркілер мен осы мемлекеттің билігіндегі территорияларды мекен еткен түрік тайпалары да бар еді. Мысалы, Сасанид әміршісі Ануширван Хазар қағанының қызы Какун хатунмен үйленіп, олардан ұлы әрі мұрагері ІV-Хүрміз (579-596 ж. ж. ) туылды. ІV-Хүрміздің атақты қолбасшысы Бехрам Чубиннің Көктүрік қағаны Баға тарханмен болған соғысында әскері құрамында түркі әскерлері де бар еді. Бехрам Чубиннің Первизбен болған тақ таласында арабтар Первиздің, түркілер Бехрам Чубиннің сапында орын алды. Сасанид-Византия шайқастары кезінде Көктүрік, хазар, авар және басқа түркі тайпалары сасанидтердің сапында болған еді. Хз. Пайғамбар заманында Аравияда түркілік киіз үйлер қолданылған. Сонымен бірге түркілер жайлы Хз. Пайғамбар мен алғашқы дәуірдегі исламның ұлы адамдарының айтқан мәліметтері бар. Бұл араб қоғамының түркілер хақында мағлұматы мен пікірлерін көрсетеді. Жахиз «Фаза-ил әл-Етрак» атты шығармасында түркілерді «Исламның көмекшілері, халифа хамисі және көпшілік ордасы халифаның ұсынушылары, баспанасы» деп сипаттаған.
Түркілер арасынан ислам әлеміне алғаш енгендер, яғни исламдықты алғаш қабылдағандар мевлалар, яғни мәмлүктер еді. Емеви әміршісі Әбдімәлік дәуірінде халифаның сақшы топтары арасында түркі топтарының да болғаны айтылуда. Халифа
І-Велид заманында Хорасан уәлиі Кутейба бин Муслим мен Иезид бин Мухеллеб заманында жергілікті халықпен одақтастығының арқасында Қашқар қаласына дейін жетті.
Хазарлар мен Еділ Бұлғарлары арасында ислам діні таралып, бұл мемлекеттің қағандары халифа Мерваннан халқына исламды үйрететін фақыхтар сұраған еді. Халифа осы іс үшін Нух бин Сабит ел-Еседи мен Абдуррахман бин Зубейр ел-Хүланиді тағайындады. Хазарлар арасында, әсіресе қаған отбасы Византиядан қашқан еврейлердің ықпалымен мусеви болған еді. Еділ Бұлғарлары арасында ислам діні таралып, 910 жылы осы мемлекеттің әміршісі де мұсылман болғандықтан Еділ Бұлғар түркі мемлекеті алғашқы мұсылман түркі мемлекеті болып саналады. Уақыт өте келе хазарлар арасында да ислам діні тарала бастады. Оған дәлел, Аббасид халифасы Мутасым дәуірінде Самара (Аббасид әскерінде қызмет ететін түркі әскерлерінің басқалармен араласып кетпеуі және кейбір себептермен Бағдат қаласы маңында салынған қала) қаласында хазарлар үшін бір аймақ бөлінген еді. Халифа Мемун дәуірінен бастап Хилафа әскерлерінің шабуылшылары жауынгерліктерінен айырылған арабтардың орынына көбіне түркілер таңдалынып алынды. Мутасымның халифалығы кезінде ордадағы түркі әскерлерінің саны мен ықпалы одан әрі арта түскен. Түркі әскерлерінің түркі тектес қлобасшылар тарапынан басқарылуы уақыт өте келе бұл қолбасшылардың абыройын арттыра түскен еді. Аббасидтердегі бұл жағдай осы мемлекеттің ыдырауынан кейін де Мысыр, Орта Шығыс Түркістан мен Әзірбайжанда құрылған мемлекеттерді барнша дамып әрі қолданылып отырды. Бұл жағдай түркі әрі ислам тарихында жаңа бір кезең «түркі-ислам» дәуірін бастатты.
Түркі тайпалары мен мемлекеттері арасында ислам діні тез таралды. 960 жылы «2 киіз үйлі түркінің» ислам дінін бір мезетте қабылдауы (Қараханид әміршісі Салтұк Буғра ханның мұсылман болуы), 985 жылы Селжүк би билігіндегі оғыздардың ислам дінін қабылдаулары исламдықтың Түркістан территориясында үстем болуымен аяқталды. Осылайша, ислам әлеміне жаңа бір этникалық топ кірді. Түркілер арасында исламдықтың таралуында мұсылман саудагерлері сауда ортақтастары болған түркілерді өз сенімдерін қабылдауға итермеледі. Алдымен Түркістан, артынша Таяу және Орта Шығыста мұсылман халқы билеуші тұлға деңгейіне дейін көтерілді. Қараханидтер мен Селжүктер осының нақты көрінісі деуге болады.
Емевилердің араб емес мұсылмандарға қарсы тең және әділ қарамаулаы наразылықты арттырды. Бұған қарсы шыққан және көпшілігін түркілер мен ирандықтар құрайтын қарсы күш соңында Емеви билігі құлатылып, орнына Аббасид мемлекетін құрды (750) . Сондықтан түркілер Аббасид мемлекетін көбірек мойындап, жаңа билікке жылы қабақ танытты.
Көктүрік мемлекеті ыдырағаннан кейін қытайлықтар бүкіл түркі мемлекеттерін басып алуды көздеді. Емевилердің құлауын пайдаланғысы келген Қытай әскері одан әрі батысқа беттеп, Қарлұқ жеріне кірді. Осыған байлынысты қарлұқтар Аббасидтердің Хорасан уәлиі Ебу Муслимнен көмек сұрады. Ебу Муслим қолбасшысы Зияд Ибни Салихты осы аймаққа жіберді. Араб әскері мен батыс аймағының бас уәлиінің әміріндегі Қытай әскері Талас өзенінің бойында кездесті. Түркілердің де ислам әскерімен бірге шабуылға шығуының нәтижесінде қытайлар үлкен жеңіліске ұшырады (751) .
Талас соғысы түркілер мен мұсылмандардың бір-бірін жақыннан тануларына, достық қатынас құруларына себепкер болды. Осы себепті, Талас соғысы түркілер үшін де, мұсылмандар үшін де бір өзгеріс кезеңі болды. Осы соғыс нәтижесінде ислам діні түркілердің арасында тез тарала бастады. Аббасид әскерінде көптеген түркілер қызмет етті. Уақыт өте келе түркі әскерлері орда және билік құзырын өз қолдарына алды. Тіпті, кейбір түркі тектес қолбасшылар Аббасид мемлекетінің территориясында өз мемлекеттерін құра бастады (мысалы: Толунұлдары, Ихшидтер) .
Түркілер ислам дінін қылыштың кұшімен емес, өз еріктерімен қабылдады. Бұл дінді таңдауларының ең басты себебі көне түркі сенімі мен исламдық арасында көптеген ұқсастықтың болуы еді.
- Көне түркі діні Көк-Тәңірі сенімі деп аталатын. Бұл сенім бойынша түркілер ислам дініндегі секілді бір Аллаға ғана сенетін және Оны Тәңірі деп атайтын. Исламдықтағы «есма-и хүсна» деп айтылатын Алланың сипаттарының кейбіреуі көне түркі сенімінде де кездесетін еді.
- Ақірет пен рухтың мәңгілігі екі сенімде де бар еді. Түркілер жәннат үшін жұмақ, ал тозақ үшін тамұқ сөзін қолданатын.
- Исламдықтағы секілді Көк Тәңірі сенімінде де Тәңіріге құрбан шалатын.
- Исламдықтағы бағыт (жиһат) және қаза (дін үшін соғыс) мен түркілердің әлемде төрені үстем ету үшін жасаған соғыстары бір-біріне ұқсайды. Ислам сенімі бойынша соғыстан кейін қол жеткізілген ғани-мет (байлық) адал болады. Түркілерде де осыған ұқсас ұстанымдар кездеседі.
- Исламдықтың бұйырған адамгершілік талаптары түркілік түсінікке де сай келеді.
Қысқаша айтар болсақ, түркілердің исламдықпен алғаш танысулары Емеви кезеңінде басталады. Алайда, Емеви билігінің қағидаларының салдарынан түркі тайпалары арасында ислам діні оншалықты таралмаған. Бұған қарамастан, аз да болса Емеви әскерінде қызмет ететін мұсылман түркі тектестер де бар еді. Мысалы, Хорасан уәлиі Убейдуллах бин Зияд, тіпті 674 жылдың өзінде 2000 түркі тектес мергендерден тұратын бір әскер құраған еді.
Түркілердің жапппай мұсылман болулары, әсіресе Х ғасырда қарқынды күщейе түсті. 900 жылдың өзінде Еділ (Волга) төңірегінде мекендеген Бұлғар түркілері арасында мұсылмандыққа мықты бет бұрыс болған. Мысалы, Еділ Бұлғарлары әміршісі Алмыш хан 920 жылы Аббасид халифасына өтініш жасап, ғалымдар мен сәулеткерлер жіберуін сұраған еді. Дәл сол уақытта алдымен қарлұқ, яғма және чигил тайпалары, кейіннен оғыздар арасында ислам діні тарала бастады. Қарлұқ, яғма және чигилдер алғашқы мұсылман түркі мемлекеті болып саналатын Қараханид мемлекетін, ал оғыздар Селжүк мемлекетін құрды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- А. Ювалы, Н. Имашова «Жалпы түрік тарихы» Түркістан, 2004 жыл.
- Р. Артаоғлы, Б. Баймаханов «Қысқаша түркі тарихы» Шымкент, 2001 жыл.
- А. Ювалы, С. Әбушәріп, С. Сыздықов «Түркі халықтарының тарихы» 2 бөлімдік. Бірінші бөлім: көне заманнан бүгінге дейін. Түркістан, 2004 жыл.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қараханидтер (840-1212)
ә) Газнауидтер (963-1187)
б) Хорезмшахтар (1097-1231)
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Түріктер ислам дінін қабылдағаннан соң Азияның, Европа мен Африканың соңғы мыңжылдық тарихында маңызды орынға ие болып, оның даму барысын өзгертті.
Түріктер исламмен 751 жылы болған мұсылман арабтар мен қытайлықтардың арасындағы соғыста танысты. Оның үстіне мұсылман арабтардың жеңіске жетуіне үлкен көмек көрсетті. Ислам дінін қабылдамастан бұрын түріктер шаманизм, көк тәңірлік діні, буддизм, манихейлік діні, иудаизм мен христиан дінінің шеңберінде өмір сүретін. Бұл аталмыш барлық діндерге ортақ бір ерекшелік бір Жаратушыға сену еді. Исламда да жалғыз бір Жаратушыға сену негізгі ерекшелік болып табылады.
Түкістанда ислам дінінің таралуынан кейін тарих сахнасына шыққан алғашқы мұсылман түрік мемлекеті ретінде Қараханидтер танылуда. Бұл мемлекеттің түркілік мәдени өмірінде қалыптастырған туындылары түркі-ислам өркениетінің алғашқы өрнектері болып танылады. Себебі бұл мемлекеттің сүйенген негіздері арқылы пайда болған шығармалар бір жағынан ислами, екінші жағынан түркілік мәдениетті қамтиды.
ХІ ғасырда түркі дүниесін саяси тұрғыдан Қараханидтер, Ғазнауидтер, Ұйғырлар, Бұлғарлар мен Селжүктар болып 5 түркі мемлекетін құраған. 840 жылы түркілердің құтты жері Өтукендегі ұйғыр мемлекетінің қырғыздар тарапынан құлатылуымен бұл мемлекеттің негізгі мүшелерінің бірі болған Яғма тайпалары батысқа қарай көшіп, одан бұрын қарлұқтар мекен еткен жерге үстемдік орнатты. Орталығы Қашқар қаласы болған Қараханидтер мемлекетін құрды. Қараханид әміршілерінен Сатұк Бүғра ханның ислам дінін қабылдауынан кейін (940) ислам діні түркілер арасында тез тарала бастады. Бұл кезеңде ислам діні шығыста Хотан, солтүстікте Баласағұн, Талас пен Іле өлкесіне дейін тарады. Қараханид мемлекеті Газнауилердің де көмегімен 999 жылы Саманұлдары мемлекетін ыдыратып, Маураннахр аймағына билік орнатты. Селжүк мемлекетін құрған Кынык тайпасының әміршілері осы жылдары Қараханид территориясын мекен еткен. Осылайша, Қараханидтер Жейхуннан Орта Тарымға дейін созылып жатқан және халқының барлығы дерлік түркі тайпаларына жататын территорияға билік етті.
Қараханид мемлекееті түркілік дәстүрге сай 1042 жылдан бастап Батыс Қараханидтер, Шығыс Қараханидтер болып екі орталықтан басқарылды. Селжүк мемекетінің күшейуімен Қараханидтер бұл мемлекеттің негізгі мемлекеті дәрежесіне жетті. Селжүк мемлекетінің 1141 Катван соғысында Қара қытайлықтардан жеңілісінен кейін Қараханидтер билігін мойындауға мәжбүр болды. Аз уақыт болса да 1202 жылы Хорезмшахтардың қарамағына кірді және 1212 жылы Қараханид мемлекетінің саяси билігі ыдырады.
Қараханидтер заманында әуелі Қашқар, Баласағұн, Самарқанд және Бұқара қалалары ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды. Қараханид әміршілері ғалымдарға қолдау көрсетіп, өнер адамдарына құрмет көрсеткендіктен діни және әлеуметтік мақсатта шығармалар жасалған. Осыған мысал ретінде түркі мәдениеті тарихының екі үлкен жазбасы «Құтадғу білік» мен «Диуаны лұғат-ат Түрік» осы кезеңде осы жерде жазылған. Махмұт Қашқари және Жүсіп Баласағұн өскен бұл орта түркі мәдениетінің құтты мекендерінің бірі болып саналады.
Қараханид мемлекет ұйымында ислами билік қоғамдарынан найыплык (қадының орнын басушы), қадылық, әскер қадылығы, қысым қадылығы және қиындатушы қадылығы секілді элементтермен бірге орталық басқару мен әскери басшылықта түркі билігінің құндылықтарын негізге алды. Түркі тарихының және мәдениетінің жалғастығын, яғни түркі мемлекетін басқару дәстүрі Қараханидтерде айқын көрінеді.
Аббасид халифатындағы сияқты Батыс Түркістан мен Иран жерінде Х ғасырда үстемдік еткен Саманидтер мемлекетінде де түркі мәмлүктері маңызды рөл ойнады. Түркі мәмлүктерінің бірі Алп Текин 962 жылы Газне қаласының әміршісі болды. Себүк Текин (977-997) және ұлы Махмұт (998-1030) осы мемлекеттің құрушысы және ең күшті әміршісі болды. Әсіресе, Үндістанға жасаған жорықтарының нәтижесінде әскери және саяси үстемдікке ие болды. Газнауид мемлекеті әскери тұрғыдан түркілік жүйе, ал азаматтық басқару жағынан Иран және биліктегі халық ретінде ауғандықтар мен үнділер басым болған мұсылман мемлекеті болып қабылданады. Газнауилік Махмұт Үндістан жорығының нәтижесінде бір жақтан мемлекетті байытса, бір жағынан мұсылмандық Үнді жарты аралында таралды. Бүгінгі таңдағы Кашмир, Пәкістан, Бангладеш, тіпті Ауғанстанда исламдықтың таралуында Газнауидтер үлкен рөл ойнады.
Газнауилік Махмұттың ұлы Месуд 1040 жылы Данданакан соғысында Селжүк сұлтаны Туғрул бейден жеңіліс тапты. Осылайша, Қорасан мен оның аймағы селжүктердің қолына өтті. Газнауидтер 1136 жылға дейін Үндістанда саяси үстемдіктерін жүргізіп келді. Бұл мемлекет Иеминилер және Себүктегинлилер деп те аталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz