Кәсіпорынды басқарудағы жоспарлаудың орны


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынды басқарудағы жоспарлаудың орны .

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Жоспарлау және жоспарлау кезеңдері туралы түсінік . . . …4

2. Басқару әдістері. Басқару әдістерінің түрлерi . . . 6

3. Кәсіпкер мен инвестор пирамидасының мақсаты, жүйелері және қарым - қатынастарын құқықтық реттеу . . . 11

Қортынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23

Кіріспе

Мен курстық жұмысымды ұлы ғұлама Эмерсонның: уақыт, есепті үнемді пайдалануды қажет етеді. Ол өткенге оралып, болашаққа жетелейді деп айтқан сөзін негізге ала отырып. Болашақты жоспарлай білу бұл біздің міндетіміз. Ең алдымен Жоспарлау дегеніміз не? Жоспарлау бұл болашақты жүзеге асырылуы және орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау, сонымен қатар шешім қабылдау процесінің ерекше бір функциясы.

Кәсіпорын басшылығы болашаққа қам жасауы керек, өйткені кәсіпорын негізгі өнім түрі, айталық, он жылдық ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі деп кесіп айту қиын.

Сонымен жоспарлаудың басты мақсаты - бұл жұмыстардың тиімділігі мен өнімділігін арттырудан тұрады. Ал олар өз кезегінде мыналар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Кәсіпорын барлық оқиғаларды үйлестіру және мақсатты бағдарлау.
  2. Тәуелділікті анықтау және олардың деңгейін төмендету.
  3. Бөлшектеу демек соынң арқасына процестерді оңайлату.
  4. Өзгеріске бейімдеу икемділігін арттыру.

1Жоспарлау және жоспарлау кезеңдері туралы түсінік.

Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат қойып ұйғарады.

Жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығына қарай ерекшеленуі.

  • Оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады.
  • Тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
  • Стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Оперативті жоспар - күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру мақсаты мен тактикалық жоспардың көрсеткіштерін нақтылай түседі.

Ол өндірістің техникалық әзірлігін, материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін, өнім өткізуді және өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір - біріне байланыстырады.

Тактикалық (әкімшілік) жоспардың мақсаты - ұйымдық құрылымды дамыту және орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Стратегиялық жоспарлау бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындау керек, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды.

Жоспарлау - ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалу қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр.

  • Жоспар және қаражат бұрынғыдай «жоғарыдан» түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы керек;
  • Жоспарлау процесі уақытты созатындықтан ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
  • Көптеген кәсіпорындарда нарық коньюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
  • Жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизміне тән; бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
  • Экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.

Жоспарлау дегеніміздің өзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның өндірістік - қаржының операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдына қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

2. Басқару әдістері және оның түрлерi

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1. Әкімшілік әдістері

2. Экономикалық

3. Әлеуметтік-психологиялық

Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстауда.

Ең негізгі әдіске - әкімшілік әдіс жатады.

2 . Әкімшілік әдістерінің негізі - жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.

Басқару аппаратында: 1. Линиялық алдынғы саптағы басшыларға:

а) Жалпы басшылық ететін басшылар - директор - ол жоғарғы саптағы басшы.

б) Цех бастығы - орта деңгейдегі басшы.

в) Мастер, бригадир - төменгі деңгейдегі басшылар.

2. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал еуге үлкен роль атқарады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады. Бұл ықпал жасау әдістері жұмыстағы айқындық пен ынтымақтастықты, тәртіптілікті, жүйе жұмысының орамдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, жұмыста қажетті реттілікті сақтауға, басшы органдармен адамдардың барлық шешімін іске қосуға, кадрлар мен жұмысты іске асыруға тиіс.

Мекеменің функцияналдық бөлімдері мен бюро басшылары функцияналдық басшылар құрамына жатады. Бұлай бөлінудің себебі, бұйрықтарды тек қана линиялық басшылар бере алады. Қалғандары ауызша немесе жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.

Ұйымдастырушылық ықпалдарына: әр бөлімнің іс-әрекеттері жөніндегі ережелері, әр маманның, қызметкерлердің міндеттерін анықтайтын инструкцияларды істеу жатады. Бұл құжаттар болмаса бөлімдердің іс-әрекеттердің жөні болмай, басқару қиындап кетеді.

Әкімшілік әдісіне күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, басқарып отыру әрекеттері жатады. Бұлар бұйрық, нұсқаулар арқылы іске асырылады. Кадрларды іріктеу, жұмысқа алу, босату, жазалау-бәрі де әкімшілік әдістеріне сай келеді.

3. Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.

Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның коллективті, жекелеген қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Бұның негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр. Бұған қандай әдістер, тәсілдер жатады?

Мемелкеттік мекемелерде өндірісті қаржыландыру саясаты, тиімді, келешегі зор, сұранысы көп заттарды шығаруға, жаңа техника мен озат технологияны енгізуге, жоғары сапалы заттар шығаруға бағытталғаны дұрыс.

Ынталандыру жүйесін кеңінен жұмыскерлер, цех және ұжымдар да қолдануы керек. Ынталандыру жүйесі еңбек өнімділігін өсіруге, зат сапасын көтеруге, үнемділік тәсілдерін игеруге бағытталуы тиіс.

Несиені тиімді пайдалану арқылы жаңа техника, технология, жаңа өндіріс бағдарламаларын өркендетуге мүмкіндік береді.

Салық жүйесін де тиімді пайдалану арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. Сонымен қатар баға саясатын да пайдалану керек.

4 . Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. Еңбек ұжымын басқаруда басшының жақсы маман екендігі әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Еңбек коллективінде әлеуметтік-психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі қалыптасады, олар еңбек өнімділігін арттырудың, шаруашылық есеп принциптерін нығайтудың, ұжымның қоғамдық өмірін демократиялаудың орасан резерві бар.

Сондықтан осы шартты іске асыру үшін басшы:

-өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттары;

-материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін;

-идеялық тәрбие жұмысын жолға қоюды;

-өндірісте демократиялық негіздрдің дамытылуын;

-өзінің қызметтік және қоғамдық функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп, пайдалану қажет.

Бұл әдістің негізі - адамдардың мұқтаждығын, қажеттілігін ескере отырып, басшылардың өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне әртүрлі (әлеуметтік-психологиялық) ықпал жасауында.

Адамдардың мінез-құлқын, жан дүниесін, зерттеп келіп, олардың рухани көз-қарасын бақылап, ұжым жайлы ортасын жасап, тәртіпті нығайтып, қызметкерлердің жұмысқа деген шығармашылық ынтасын көтеретін шаралар жасау жолдары.

Мұндай жағдайларды жасау үшін мекемеде ғылыми негізде әр түрлі зерттеулер жүргізу керек. Олар анкета тарату, тест тәсілі арқылы, сұрақ-жауап ұйымдастыру секілді жолдары бар.

үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешім лидерлік басқаруға кедергі болуы мүмкін. Мысалы, бір ресми ықпалды лидер ұжымның нашар жұмыс істеуіне және арасындағы айырмашылықты көрсетеді:

Басқару-бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал, лидерлік болса, керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі.

Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарстырылған ресми әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидер болса ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, абыройымен келеді.

Ұйымның басшысы - лидер, сонымен бірге өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты-ұйымға берілетін жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білу.

Лидерлік (жеке қызметкерлік) - бұл ұйымның мақсатына жету жолын бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті.

2. Әсер (ықпал) және билік.

Ықпал - жеке адамның келесі бір адамның мінезіне, қатынасына, сезіміне т. б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде өтініш, құлаққа сыбырлау, немесе ең соңғы саты - қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана иедяларының көмегімен ықпал етеді. Басқарушы, өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.

Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері қалыптасқан. Лорд Эктон ол туралы былай деген: «Биліктің аздыру тенденциясы бар, ал шексіз билік шексіз аздырады.

Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен байланыстырады. Ал біздің анықтамамыз бойынша: “Билік - басқарушылардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі” Басқарушыда билік болмаса ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.

3. Кәсіпкер мен инвестор пирамидасының мақсаты, жүйелері және қарым - қатынастарын құқықтық реттеу.

Өмірде ұлы идеясы бар адамдар көп болғанмен, сол идеяны іске асыра алатын немесе жағдайы келетін адамдар аз. Кез келген идеяны, яғни ойлап табылған өнімді пайдаланып, кәсіпорын ұйымдастыру үшін үлкен жоспар қажет. Бүгінгі менің ұсынып отырған жоспарымның түрі «Кәсіпкер мен инвестор пирамидасы» деп аталады. Бұл мысалымдағы пирамида 2 бөлімнен тұрады:

  1. Сыртқы бөлім.
  2. Ішкі бөлім

«Пирамида» - қарапайым идеяны үлкен байлыққа немесе активке айналдыра алады. Кәсіпорындардың көп жылдар бойы мардымсыз жұмыс істеуі немесе банкротқа ұшырауы себеп болатын факторларды осы 1сызбадағы пирамида арқылы құрастырып көрсек болады.

1 - сызба Пирамида

Ең бірінші қарастыратын мәселеміз - кәсіпорынның МАҚСАТЫ

Кәсіпорынның жұмысы жақсы жетістікке жету үшін бірінші кезеңде алған қойған рухани және іскери мақсатын анықтау қажет. Бизнес алға қойған мақсатын берік ұстап, өзге салаға ауытқымаса алғашқы он жыл ішінде кез келген қиыншылықты жеңе алады. Дегенмен үлкен кәсіпорындардың құлдырауына әкелетін себептердің бірі - өз мақсатынан ауытқуы болып табылады. Көптеген кәсіпорындар өз мақсатын тек пайда табу деп түсінеді. Ал менің ойымша, бірінші рухани мақсат қажет. Өйткені, неғұрлым көп адамға қызмет етсең, соғұрлым пайда көзі үлкейе береді. Сондықтан бірінші кезеңде халықтың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Оны 2ші сызба арқылы көре аламыз.

Мысалы, “Ford General Mators Company” кәсіпорынның негізін қалаушысы Генри Фордтың рухани мақсаты - «автомобильдерді демократизациялау». Яғни, жаңадан ойлап табылған автомобильді тек қалталы ғана емес қарапайым халық та қол жеткізе алатындай ету.

2 - сызба Мақсаты

Екіншіден, осы мақсатты іске асыру үшін команда керек.

Бизнес - бұл командалық ойын түрі.

Жұмысшы мамандар мен кәсіпкер-инвесторлардың басты айырмашылығы-жұмысшылар жалғыз өз қызметін атқарса, кәсіпкерлерге сол жұмысшыларды ұйымдастыру қажет, дәлірек, айтқанда команда жинау. Команда құрамына заңгер, бухгалтер және түрлі салалардағы мамандар кіреді. Кәсіпкердің өмірдегі маңызды автивінің бірі - уақыт. К/о ұйымдастыру қиын емес, дұрыс басқара алмау қиындық туғызады. Ол пирамиданың оң жақ бетінде орналасады. 3ші сызбада

3 - сызба Команда

Ал, енді осы жақсы басқара алатындай көшбасшы болу қажет.

Көшбасшы басты мақсаты өз командасының мықтылығын көрсету. Жоғарыда айтылған фактор бұл бизнес пирамиданың сыртқы бөлімі яғни, қорғаныс деп айтуға болады.

4 - сызба Көшбасшы

Бюджет

Ал енді осы пирамиданың ішкі бөліміне енетін болсақ кәсіпорын фундаменті бюджетті құрайды. Кәсіпкер өз ісінде үлкен жетістікке жеткісі келсе бюджеттеуді жоспарлауға міндетті. Яғни қаржылай біліктілік бюджет көрсеткіштеріне мүмкіндік береді, ал бюджет көрсеткіштері әр түрлі фактілерденн құратын кәсіпорын тарихын көрсетеді. Бюджеттеуде кәсіпорын активі мен пассивіне дәлірек айтқанда жұмысшылардың еңбек ақысын, негізгі өндіріске және көмекші өндіріске жұмсалатын салықтарға және сонымен қатар үстеме шығындары есептеу.

Енді осылардан түсетін пайда мен табыстарды есеп алу қажет.

5 - сызба Бюджет

Жүйе

Біз бизнесті - бірнеше жүйелерден құралған күрделі жүйе деп түсінеміз. Осы ұсынып отырған пирамидамда кездесетін ішкі бөлімдер әрбір жеке жүйені құрайды.

Ол жүйелерге мыналарды жатқызамыз:

  1. Тауарлар өндіру немесе қызмет атқару жүйесі.
  2. Қор жүйесі.
  3. Сұранысты орындау жүйесі.
  4. Клиенттермен жұмыс жасау жүйесі.
  5. Шоттар жүйесі
  6. Маркетинг жүйесі.
  7. Адам ресурстарының жүйесі.
  8. Жалпы бухгалтерлік есеп жүйесі.
  9. Жалпы корпоративтік жүйесі.
  10. Жұмысшылармен жұмыс жасау жүйесі.

Адам организмі сияқты жүйелердің бірі әлсіздік танытса, онда кәсіпорын сол сияқты өз құндылығынан айырыла бастайды.

6 - сызба Жүйе

Қарым - қатынас

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент теориясы
Персоналды басқару методологиясы
Кәсіпорынның кадрлық саясатын ұйымдастыру негіздері
Адам ресурстарын басқарудағы шетелдік тәжірибе
Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері
Персоналды жоспарлауды ұйымдастыру және персоналдың құрылуы
Қызметшілерді басқару
Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері
Қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясының рөлі
Кәсіпорыннын өндірістік құрылымы. Өндірістік кәсіпорынның материалдық өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz