Сауда. Жәрменкелер



1 Сауда. Жәрменкелер
2 Урбанизация үрдістері.
3 Қалалардың әлеуметтік.мәдени бейнесі.
4 Банк.ақша қатынастары
Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда сауданың нысаны мен мазмұнына аз өзгеріс енгізген жоқ.
Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды. Егер соңғысын көбінесе бүкіл өлкені жайлап орналасқан орыс-украин шаруа тұрғындары және қазақ станицалары жүргізсе, айырбасты көбінесе көшпелілер жасады.
Географиялық орналасуы себепті бұрынғысынша Орта жүздегі бұрынғы округтік приказдар, Кіші жүздегі бекіністі шептер маңындағы экономикалық ошақтар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жаңадан құрылған қалалары, көп адам тұратын қыстақтары айырбас саудасының орталықтары болды, оларға қазақ ауылының шаруашылық жағынан оқшаулануын неғұрлым өлсірете түсу үшін көшпелілер мен отырықшы тұрғындар арасындағы делдалдық рөл берілді. «Қазақ даласының шикізат өнімдерін, Орта Азия өнеркәсібі бұйымдарының бір бөлігін орыс өндірісінің өнімдеріне айырбастау айырбас саудасының басты объектісі болды. Бұл орайда Орынбор, Троицк, Петропавл, Верный, Семейсияқты айырбас сауда-саттығының дәстүрлі орталықтарының айналымдары 50-жылдардың аяғында-ақ елеулі мөлшерге жетіп, бірнеше миллион сомды құрады.
60-жылдардағы әкімшілік реформалардың жүргізілуіне, Орталық және Солтүстік Қазақстанның бай табиғи ресурстарын шаруашылық жағынан игеруді кеңейту жөніндегі үкімет саясатының белсенді жүргізілуіне байланысты экономикалық өмірді жандандыра түскен жаңа орталықтар, атап айтқанда Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Қазалы, Жаркент пайда болады. Айырбас саудасы XIX ғасырдың орта шеніне дейін Петропавл, Орынбор, Семей тарихында болғанындай қаланың өзінде емес, қайта аталған қалалардың шегінен тыс едәуір қашықтықта жүргізілді. Мысалы, Ақмолада мал саудасы қаланың оңтүстік жағында, одан 1—2 шақырым жерде орналасты; малдың көпшілік бөлігі азықтандыру үшін «әдетте» қала шетінен едәуір қашық жерде бағылды

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Сауда. Жәрменкелер.
Қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы
халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда сауданың нысаны мен мазмұнына
аз өзгеріс енгізген жоқ.
Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды.
Егер соңғысын көбінесе бүкіл өлкені жайлап орналасқан орыс-украин шаруа
тұрғындары және қазақ станицалары жүргізсе, айырбасты көбінесе көшпелілер
жасады.
Географиялық орналасуы себепті бұрынғысынша Орта жүздегі бұрынғы
округтік приказдар, Кіші жүздегі бекіністі шептер маңындағы экономикалық
ошақтар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жаңадан құрылған қалалары, көп
адам тұратын қыстақтары айырбас саудасының орталықтары болды, оларға қазақ
ауылының шаруашылық жағынан оқшаулануын неғұрлым өлсірете түсу үшін
көшпелілер мен отырықшы тұрғындар арасындағы делдалдық рөл берілді. Қазақ
даласының шикізат өнімдерін, Орта Азия өнеркәсібі бұйымдарының бір бөлігін
орыс өндірісінің өнімдеріне айырбастау айырбас саудасының басты объектісі
болды. Бұл орайда Орынбор, Троицк, Петропавл, Верный, Семейсияқты айырбас
сауда-саттығының дәстүрлі орталықтарының айналымдары 50-жылдардың аяғында-
ақ елеулі мөлшерге жетіп, бірнеше миллион сомды құрады.
60-жылдардағы әкімшілік реформалардың жүргізілуіне, Орталық және
Солтүстік Қазақстанның бай табиғи ресурстарын шаруашылық жағынан игеруді
кеңейту жөніндегі үкімет саясатының белсенді жүргізілуіне байланысты
экономикалық өмірді жандандыра түскен жаңа орталықтар, атап айтқанда
Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Қазалы, Жаркент пайда болады.
Айырбас саудасы XIX ғасырдың орта шеніне дейін Петропавл, Орынбор, Семей
тарихында болғанындай қаланың өзінде емес, қайта аталған қалалардың шегінен
тыс едәуір қашықтықта жүргізілді. Мысалы, Ақмолада мал саудасы қаланың
оңтүстік жағында, одан 1—2 шақырым жерде орналасты; малдың көпшілік бөлігі
азықтандыру үшін әдетте қала шетінен едәуір қашық жерде бағылды.
Мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіптің қалыптасуы, мұндай
кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің орын алуы қалаларда немесе ірі
қоныстарға тікелей жақын жерлерде мал өсіруші жұмыс жағдайын егжей-тегжейлі
білетін казіргі базарлар сияқты базарлардың пайда болуын тездетті. Мәселен,
нақ сол Акмолада мал шаруашылығы шикізаты тері базарына шоғырландырылды,
онда тауарларды сақтауға арналған қоймалар болды, ал кең ауласына қамбалар
орналасты; басқа қалаларда, мысалы, Павлодарда саудагерлер пайда түсіру
үшін маусымдар бойынша жақын орналасқан қазақ ауылдарымен тұрақты
шаруашылық байланыстар жасап, номадтар арасында қажетгілік жылдан-жылға өсе
түскен тауарларды — мәуіті, барқыт, сиса, жүн бұйымдарын, темір, мыс
ыдыстар, қант, шай және т.б. жеткізіп отырды. Қарашанын ортасында Ертіс
өзенінде мұз қатқан кезде сауда-саттықты жалғастыру үшін даладан түйемен
көптеген қазақтар келетін еді; олар қала тұрғындарынан көбінесе ұн сатып
алды, дұрысырақ айтқанда, айырбастап алды. Сауда мәмілелерінің қалған
бөлігі қалалық Николаев жәрмеңкесінде одан әрі жүргізілді және оның айналым
сомасы XIX ғасырдың 60-жылдарының аяғында-ақ едәуір мөлшерге - 250 000
сомға дейін жетті. Далалық Қазақстаннын жаңа туып келе жатқан экономикалық
орталықтарындағы сауда көлемінің біршама аз болуы түсінікті және Петропавл
мен Семей сияқгы сауда алыптары тарапынан нақты бәсеке болуы себепті әбден
занды.
Шаруашылық жандануының жеткіліксіздігі және тұтас алғанда ауыл
қауымының неғұрлым бірыңғай өз күнкөрісінің сақталуы себепті оңтүстік
аймақтарда жаңа шаруашылық қоныстар ішкі саудада зор табыстарға жетті.
Қазалы қаласы Орыс Түркістаны сауда-экономикалық өмірінің
орталығына айналып, көрсеткіштері жөнінен Перовскі мен Түркістаннан,
Шымкенттен озып кетті. Ол арқылы Ресейге 3 561 300 сомның тауарлары
әкетілді. Облыс аумағына әкелінгені — 1 100 000, одан әкетілгені — 400 000
сомға жетті. Сауданың қаулап өсуіне Жаркент қаласының дамуы дәлел болды.
Оның айналымдары туралы 1898 жылы жергілікті кеден жинаған мәліметтер
бойынша пікір айтуға болады: мануфактура өнімдері көтерме сауда сомасы — 26
000 сом, нақ сондай бөлшек сауда — 480 000 сом, тауарлардың түр-түрі
бойынша: бакалея — 121 000 сом, галантерея — 55 000, аралас бұйымдар - 220
000, ұсақ-түйек - 6 000, темір бұйымдар — 80 000, белшек саудадағы ет — 119
100, мал өнімдері — 23 000сом; оның үстіне қала базарында, сауда
нүктелерінде қазақтардың сатқаны: жылқы — 4 165 бас, кұны - 83 360сом,
басқа мал-3 448 -51 720, есек - 515 - 2060, қой мен ешкі — 34 264 — 102 792
сомның көлемінде болды.
Торғай облысының уезд орталықтары бойынша да ішкі сауданың көрінеу
өскені аңғарылды. 1896 жылы сауда айналымдары Ақтөбе қаласы бойынша — 300
000 сомға дейін, Ырғыз қаласы мен Қарабұтақ кенті бойынша - 500 000, Торғай
қаласы бойынша - 200 000, барлық отырықшылық мекөңдерде- 1 612 154сомға
дейін жетті.
Егіншілік көп таралған аудандарда өсірілген астық негізінен өз
керек-жарақтары үшін тұтынылса да, алайда кейбір артылып қалғаны, мысалы,
Өскемен уезі бойынша базарға түсті немесе қазақтар айырбастап алды; бұл
орайда олар астықтың әр пұтын 30—40 тиынға сатты; Тарбағатай таулары
маңында көшіп жүрген Аягөз және Кекпекті округтерінің жергілікті халқы
артылып қалған астық өнімін ақшаға сатып және өздеріне қажетті бұйымдарға
айырбастау арқылы орыстарды жабдықтап отырды.
Жетісу облысының құрамындағы Ыстықкөл уезі саудада елеулі табыстарға
жетті. 1883 жылы Нарын-Қаракөл арқылы 209 керуен өтіп, 471 586 сом тұратын
тауар әкелінді. Қазақтардың қала рыноктарында, базарларда мал сатуы үнемі
өсіп отырды: оның серпінділігін Сырдария облысы бойынша аңғаруға болады:
1886 жылы нақты малдың саны (мың есебімен) —2 456,2 бас болып, оның 206,8
басы сатылған; 1893 жылы — 9988,6 бас малдың — 615,6-сы; 1895 жылы — 5185,2
бас малдың— 1645,0 басы сатылған.
Ішкі сауда көбінесе ақшалай нысан алып, алыстағы далалық аудандарды
барған сайын қамти берді, сауда куәліктерінен алынатын арнаулы қаражат
қазынаны едәуір байытты. Мәселен, нақсол Сырдария облысы бойынша 1891 жылы
сауда ушін алынған ақшалай алым мынадай болды: 59 927 сом, 1892 жылы-
59280,1894 жылы-60482,86,1895 жылы-706О7,13,1896 жылы-81 903,25 сомды
кұрады. Ірі қоныстарға ірге тепкен саудагерлер саны да едәуір өсті. Мұны
1898 жылғы деректер айқын керсетеді: Павлодарда I гильдия көпесі -
І.ІІгильдиякөпесі —63 адам; Өскемөңде І— 1,ІІ-35; Семейде І -4, II — 92;
Қарқаралыда жалпы көпестер — 21, Зайсанда — 32, Омбыда I — 5,11 —73,
Верныйда I — 6, II — 56 адамға жеткен.
Ішкі сауданың ауқымы елеулі болғанына қарамастан, жолдардың тым
жайсыз жағдайы саудагерлерді заттарын негізінен дәстүрлі екі әдіспен:
арбамен және түйеге артып тасуға мәжбүр етті. Түйеге артылатын қалыпты жүк
— 16 пұт, ал алыс жолға шықпаған кездегі әлжемді түйеге артылатыны 17—18
пұт, түйеге артылатын әдеттегі тең, мысалы, Түркістан ауданында 8 пұтқа тең
болды.
Қазақстанның Монғолиямен, Шыңжаңмен аумақтық жақындығы ерте кезден
бастап шет елдермен сыртқы сауданың кеңейтілуі үшін кең мүмкіндіктер ашты.
Ресейдің Монғолиямен саудасының дамуындағы қазақ даласының транзиттік рөлі
шекаралық аудандардың өткізушілік міндеттерін күшейтті.
1860 жылы Ургада (Улаң-Батор) орыстың тұңғыш коммерциялық фирмасы
кұрылып, онымен көп ұзамай Үлбі, Алтай, Бұқтырма сияқты қыстақтар арқылы
Өскемен көпестері байланыс орнатты. Монғолияға Бұқтыр-мажолы апарды,
тауарлар да сол арқылы жеткізіліп отырды.
Қазақстан арқылы орыс-монғол саудасынын, дамуына көп жағынан
Мәскеудің Савва Морозов және оның ұлдары компаниясы себепші болды. 1872
жыл оның бастамасымен 92 түйе мен 30 аттан тұратын, сомасы 45 000 сом
болатын тауарлар апаратын керуен жасақталды.
Алайда Ресейдің Монғолиямен сауданы дамытуға қатысты көтермелеушілік
шаралары ойдағыдай нәтиже бермеді. 1873 жылы, Урга консулдығының
мәліметтері бойынша, Бийскіден Монғолияға тауарлар апару 16 700 сом
мөлшерінен аспады және Бийск бағыты үмітті ақтамады. Бийскінің өзінде
Батыс Монғолияның шетаймақтарында сауда жасайтын Қазақстан көпестері аз
тұрмағанымен, соған қарамастан орыс-монғол саудасының негізгі көлемі
Зайсан, Семей және Өскемен арқылы жүргізіле бастады. Қолданылған шаралардың
нәтижесінде Монғолия мен Қазақстанның қалалары және кедөңдері арқылы
жасалатын сауданың көлемі Бийскіден тасылатын тауарлардың көлемінен едәуір
асып түсті.
Қытаймен 1881 жылғы Петербург шарты бойынша Ресей Монғолия-ның бүкіл
аумағында баж салынбайтын саудаға және Қобда мен Улясутайда консулдықтар
құруға құқық алды. Ресейден Монғолияға тауарлар төрт бағыт бойынша: 1 —
Өскемен мен Семейден Қобдаға; 2 - Бийскіден Шуя трактісі арқылы Қобда мен
Улясутайға; 3 — Минусинскіден Урянхайға; 4 —Забайкалье мен Амур өлкесі
арқылы Кяхтаға жеткізілді. Сонымен көпес керуөңдерін Монғолияның сауда
орталықтарына апаратын қолдардың бірі Өскемен мен Семей арқылы өтті, мұның
сол қалаларда тұратын немесе орталық губерниялардан келетін Ресей көпестері
үшін де, сөнімді адамдар арқылы сауда-саттық жургізетін қазақ саудагерлері
үшін де ынталандырушылық маңызы болды.
Монғолияның маньчжур-цин билеушілеріне тәуелді болуына және
Қазақстанның Монғолиямен экономикалық өзара байланысын реттейтін ресми
негіздегі шарттарының болмауы себепті сауда азды-көпті ойлағандай нәтижеге
жеткізе алмады.
Қазақстанның көршілес Қытаймен саудасының даму шарттарының бірі
аумақтың шектестігі, сондай-ақ 1881 жылы Цин империясы мен Ресей арасын-
дағы Петербург шартына қол қойылуы болды. Верный, Семей, Зайсан қалалары
мен қоныстары, сондай-ақ Қатон-Қарағай, Қорғас және басқалары сияқты кеден
пункттері бұрынғысынша сауда орталықтары маңызын сақтап қалды.
1882 жылдың бірінші жартысында Семейге ғана әр түрлі адамдарға
Қытайға 305 464 сом тұратын көлемде (1881 жылғы 255 198 сомның орнына)
тауарлар апару үшін 335 рұқсатқағазы (1881 жылғы 32болатын) берілді.
Шыңжан, қалаларындағы орыс саудагерлерінің саны да айтарлықтай өсті,
олардың көпшілік бөлігі Шөуешекте сауда жасады және олардың айналымы 200
000 сомға жетті. Құлжадағы сауда жандана түсті. Орыс саудагерлерінің
табиғи ресурстарының саны жөнінен де, олардың капиталдары жөнінен де Ресей
ықпалы (Кұлжадағы. —Ред.) елеулі және басым деп жазылған Дала генерал-
губернаторының 1882жылғы есебінде. Ресей бодандары Цин Қытайынан тері, жүн,
кесек күміс және әсіресе шай тасыды. Сырткы істер министрлігінің Азия
департаментіне Құлжадағы Ресей коңсулының табыс еткен мәліметтері бойынша,
-1882жылы олар Шыңжаңнан: 12000 қой, жылқы және түйе терісін, 45 000
елтірі, 600 пұт жылкы кылын, 400 пұт ешкі түбітін, 85 (К) пұт жүн, түлкінің
800, бұлғыңның 200 терісін алып келген. Ағылшындардың бақталастығы мен
тіміскі өрекеттеріне қарамастан, Ресейдің Шыңжаңмен Жетісу және Шығыс
Қазақстан арқылы сауда байланыстары қарқын ала берді және мұнда Қытай
шекаралық аумағымен сауда жағдайларын егжей-тегжейлі зерттеген қазақ
саудагерлері елеулі рөл атқарды: 1891 жылғы 1 каңтардан 1 мамырға дейін
Шыңжаңға 29 керуен жіберілді, олардың бір бөлігі қазақ көпестеріне тиесілі
еді.Мәселен, Боғыш Шаянбаев төрт кызметкерімен бірге 6400 сомның тауарын,
Көкпекті көпесі Т.Жандыбаев — 2660 сомның мануфактуралық тауарлары мен
тері, Семей көпесі Мұхамед Шәкіров — 7899 сомның әртүрлі ұсақ тауарлары мен
темір бұйымдарын, Жетіков — 1150 сомның әр алуан тауарларын апарған, ал
1891 жылы қазақ -саудагерлері мен басқа да саудагерлер Шыңжаңнан (Жетісу
облысының Сергиополь учаскесі арқылы) 283 824 сом 32 тиынның тауарларын
тасып әкелген, ал сол аудан арқылы жасалған экспорттың көлемі 327 109сом
15тиын болған.
Цин империясының қалаларымен саудаға Үржар, Мақаншы және басқа да
елді мекөңдердің шаруалары мен қазақтары қатысты. Олар негізінен бидай-мен
сауда жасады. 1891жылдың 1 қаңтарынан сәуір айына дейін Бақты бекінісі және
Захарьевск селосы арқылы Шыңжаңға 106 саудагер өтті, олардың ішінде 65
шаруа мен қазақ болды.1895 жылы қытай тауарлары едәуір мөлшерде әкелінді.
Мәселен, Зайсан кедені арқылы — 315 475 сом 64 тиын, Алқабек арқылы— 119203
сом, Қатон-Қарағай арқылы — 42666 сом; барлығы — 560206 сом 25 тиынға
қытайдың түрлі тауарлары әкелініп; ал (аталған мекөңдер арқылы) 607 554 сом
45 тиынның тауары Қытайға апарылған.
XIX ғасырдың 80-жылдарында Жетісу өлкесі арқылы Шыңжаңмен жасалған
сауда байланыстарының өсу сарыны байқалды. Жаркент кеден учаскесі
бастығының мөліметтеріне қарағанда, 1893 жылдың 15 мамырынан 15маусымына
дейін Қарқара жәрмеңкесі арқылы Батыс Қытайға 171 саудагер барған, апарған
заттарының кұны 435 433 сом болған. Сатылған мал санына учаске бастығы 12
300 сом тұратын 629 жылқыны, 4 000 сомдық 400 ірі қараны, 12 000сом тұратын
500 қойдыда қосып есептеген.
Қазақстанға кытай экспортының ең басты бөлігі шай болды. Қытай шайын
негізгі тұтынушылар ретінде қазақтар бүкіл шекаралық өңірде осы тауардың
әкелінуіне үнемі мүдделілік танытты.
Алайда маньчжур шенеуніктерінің озбырлығымен ұштастырылған цин
сарайының оқшауланушылық саясаты сауда байланыстарының кеңейтілуіне
келеңсіз әсер етті. Бірақ Ресейдің Цин империясымен шекаралық мекөңдер
арқылы жасаған қазақ-кытай саудасының болмашы көлемінің өзі де дәстүрлі
керуен жолдарын жандандыруда өте маңызды болып шықты жене Қазақстанның,
Ресейдің, Қытай мен Монғолияның қалалары арасында достық, іскерлік
байланыстар орнатуға игі ықпал жасады.
Жәрмеңкелер. Қазақстанның экономикалық дамуының айқыңдаушы
факторларының кұрамдас бәлігі жәрмеңкелер болды, XIX ғасырдың ортасын-дағы
сияқты олар көшпелілер мен отырықшы ауыл халқының арасындағы делдалдық
міндеттерді жүзеге асырды. Жәрмеңкелік сауданың тұрақтылығын немен
түсіндіруге болады? Ең алдымен рынокты малмен қамтамасыз етуші -
қазақтармен малмен сауда жасаушылар арасында неғұрлым тұрақты сауда
байланыстарын орнатуға кедергі жасаған қатынас жолдарының, жеткілікті
дамытылмауымен түсіндіруге болады; екіншіден; бұл - жәрмеңке саудасының
калыптасқан дәстүрлері талаптарымен көшпелілердің жеткілікті түрде таныс
болуымен; үшіншіден, сол кездегі статистикада атап өтілгеніндей дала-дағы
байырғы мекөңдеушілердің көшпелі тұрмыс-салтымен түсіндіріледі;
төртіншіден, жәрмеңкеде көшпелі халыққа өте қажетті күнделікті тұты-нылатын
тауарларды сатып алуға болатын еді.
Ресейден, Орта Азиядан, Сібірден, Алтайдан, Оңтүстік Оралдан,
сондай-ақ Цин империясынан, Монғолиядан, Қазақстанның әртүрлі аудан-дарынан
саудагерлерді тартқан ірі жәрмеңкелер мыналар болды: Қарқаралы уезінде —
Қоянды-Ботов, Ақмолада — Константиновск-Еленовск, Атбасарда — Петровск,
Ақтебеде — Ойыл, Әулиеатада — сол аттас, Петропавлда — Тайыншакөл, Верныйда
- Қарқара, Жаркент қаласында - Жаркент, Семей уезінде — Шар және басқалар.
Жазғы жене күзгі болып бөлінген жәрмеңкелер саны жөнінен Ақмола
облысы жетекші жағдайда болды - ондағы жәрмеңкелер саны 40, одан кейін
Семей облысы келеді (90-жылдардын аяғына қарай), ондағы жәрменкелер саны 14-
ке жетті. Реформадан кейінгі кезөңдегі ең ірі жәрмеңке -Қоянды жермеңкесі
(немесе оның негізін қалаушының есімі бойынша Ботов жәрмеңкесі) 1848 жылы
құрылып, Қарқаралыдан 52 шақырым жерге орналасты, 1 маусымнан 1 шілдеге
дейін жұмыс істеді. Екішақырымға дейін алапты алып жатты. Жәрмеңкеде
Мемлекеттік банктің бөлімшесі, пошта, телеграф қызмететті.
Қарқара жермеңкесі ірі, XIX ғасырдың аяғында ашылған жәрмен-келердің
бірі болды, ол император патша ағзамның жарлығы бойынша 1893 жылғы 29
каңтардан бастап Жетісу облысының Қарқара өзенінің бойында жұмыс істей
бастады. Жермеңкенің жұмыс уақыты — 15 мамыр. дан 15 шілдеге дейін бір айға
созылып, алғашында онда сауда жасаушылар бажтөлеуден босатылды.
Аймақтық орналасуына қарамастан, жәрмеңкеге көпестер әкелетін
тауарлардың сипатын зерттегөңде, сауда жасалатын заттарды мынадай
санаттарға бөлуге болады: мал, шикізат, жергілікті жерде өнделген мал
өнімдері —тері, койтерісі, жүн, кыл, киіз және т.б. еуропалық үлгідегі
тауарлар —ағаш ыдыстар, ұн, шай, қант, балауыз, сабын, фарфор және темір
бұйымдар; азиялық тауарлар — шапандар, кілемдер, жібек және; мақта-маталар,
ер-тұрман әбзелдері, кептірілген жемістер.
Жәрмеңкелердің жұмыс істеу уақыты туралы айтқанда, олардың
қызметінің іс жүзінде басталуы мен аяқталуының әрдайым сәйкес келуі сирек
кездесетінін ескеру керек, ол толып жатқан факторларға және негізінен
алғанда малдың кысты қандай жағдайларда өткізгеніне және қыстаудан кейін
қонданып үлгеруіне байланысты болды.
Дегенмен де, деректемелерде барлық дерлік далалық жәрмеңкелерде,-
сатудың және сатып алудың басым тауары ретіндегі малға бірауыздан назар
аударылады. Ақмола облысының ірі екі жәрмеңкесі: Тайыншакөл
және Константиновск жермеңкелері жөніндегі салыстырма деректерді
келтіріп өтелік. 1871 жылы сату үшін мынадай мал саны айдап әкелінген;
біріншісіне — 5 000 жылқы, 30 000 ірі қара, 78 000 қой; екіншісіне — 880
жылқы, 1232іріқара, 76746қой.
Жәрмеңкелер бойынша кірістерді салыстыра келгөңде, негізінен
жергілікті тұтынуға арнап ұсақ малды сатудың тез өскені айқын көрінеді:
1891 жылы малсатудан ғана Шар жәрмеңкесінде — 151 940сом, Семей уезінің
Сельяр станциасыдағы Екатерина жәрмеңкесінде — 91090 сом; 1900 жылы Нарын
Сергиополь жермеңкесінде— 28000 сом пайда түсірілген.
Ең алдымен, жәрмеңкейердің көшпелілерге арналуы себепті, олардың
қызмет жағдайлары орналасқан жері туралы анық ақпараты болған, үкімет
нұсқауларының орындалуын қадағалап отырған генерал-губернаторлар арнайы
төтенше себептер болмайынша және озбырлықпен өзгертуге жол бермеу үшін
маусымдық жәрмеңкелердің еш себепсіз орын ауыстырылуын немесе олардың
орналасқан жерінің өзгертілуін мақұлдамады.
Жәрмеңкелер алыстағы ауылдарда тұратын көшпелілердің болыстарда жоқ
фабрика-зауыт өнеркөсібінің өнімдері мен бұйымдарына деген қажетін өтеді,
орыс шаруаларымен тамыр болу мүмкіндіктеріне жол ашты, сонымен қатар
халықтың таңдаулы музыкалық және спорт дәстүрлерін: күрес, бәйге,
гимнастикалық жаттығулар, ақындар айтысы сияқты өнеріп ел алдында көрсету
үшін де тартып отырды. Мұнда тамаша қолөнершілер, халықтың он саусағынан
өнері тамған зергерлері, талантты композиторлар Ақансері, Балуан Шолақ,
Жаяу Мұса Байжанұлы жиналды; кейінірек даланы атақты әнші Майра Уәлиқызы.
Шамсутдинова және т.б. өз өнерлерімен тәнті етті. Жас кезінде Қоянды
жәрмеңкесіне жезкөмей әнші Өміре Қашаубаев жиі барып жүрді.
Сөйтіп XIX ғасырдың 80-90-жылдарында жәрмеңкелер Қазақстанды
рыноктық қатынастар жұйесіне барған сайын кеңтарта түсті, тауар
қатынастарына малдың едәуір бөлігін пайдаланып, бүкіл сауда құрылымын
елеулі түрде үздіксіз өзгертіп, даланың экономикалық өмірін бұрынғысынан
гөрі жандандыра түсті.
Кәсіпшіліктер және өнеркәсіп. Ауыл емірінің барлық салаларына
капитализмнің енуі туғызған дағдыдан тыс тұрмыс жағдайлары номадтарды
табиғи-географиялық жағдайларды ескере отырып, шөп шабумен, балық, аң
аулаумен, бақша егумен айналысуға итермеледі.
Едәуір кеп шөп шапқан қазақтар оны пайда келтіре отырып, орынбор,
петропавл табыншыларына сатты, капуста, картоп өсірді. Мысалы, Перовскіде
жергілікті халық капуста егіп, оны орыс тұрғындарына сатып пайда тапты; 1
пүт картоп 20-40 тиын тұрды. 1888 жылдан бастап Семей облысының оңтүстік
уездеріндегі кұнарлы топырағы бақша егуге жалпы қолайлы болған жерлерде
қазақтар қоныстанушылардың ықпалымен қарбыз бен қауын өсіре бастады:
Өскемен уезінде - 5 469, Семейде - 3054, Павлодарда - 2030, Зайсанда - 180;
облыс бойынша - 10 733 дана қауын-қарбыз өсірілді. Оңтүстік аймақтарда
бақша шаруашылығы ескі дәстүрдің жалғасы ретінде жер-жерде өріс алды.
Кәсіпшіліктің жергілік түрлері арасында аң аулаудың өскенін атап
өту керек, атап айтқанда, оны жәрмеңкелерде сатылған аң терілерінің санына
қарап аңғаруға болады. Мәселен, 1897 жылы Константиновск жәрмеңкесіңде:
қасқыр - 3 700, түлкі - 2 500, қарсақ - 7 000, борсық - 11 000, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Туриндустриядағы көрме-жәрмеңкелік қызметтің ерекшеліктерін зерттеу
Сауданың сипаты
Орта Азиямен керуен саудасы
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
Жәрмеңкелердің сауда қатынасын дамытудағы рөлі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ
Қазақ - Ресей саудасы
ХХ ғасырдың басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Қоянды жәрменкесінің тарихы
Пәндер