«Ойыншық дайындау әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ - ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

«Ойыншық дайындау әдістемесі»

пәнінен

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

5В010100 -«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығына арналған

Түркістан-2013

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНЫ

№ 1 Тақырып.

Мектепке дейінгі білім беруде ойыншық дайындаудың мақсаты мен міндеттері. .

№ 2 Тақырып.

Ойыншық дайындау әдістемесі мен практикумы педагогика ғылымының саласы.

Ойыншық дайындаудың теориясы мен технологиясы.

№3 Тақырып

Ойыншық дайындауды оқыту әдістемесі пән ретінде

№4 Тақырып.

Мектепке дейінгі мекемеде ойыншық дайындау әдістемесін оқытудың мазмұны

№5 Тақырып

Ойыншық дайындау сабағын ұйымдастыру технологиясы

№6 Тақырып.

Ойыншық дайындау әдістемесі мен практикумы педагогика ғылымының саласы.

№7 Тақырып

Кіші жастағы оқушыларды оқытудағы қазіргі заман технологиялары

№8 Тақырып.

Жаңа материалды оқытуда студенттердің қиялын, шығармашылығын ұйымдастыру

№9 Тақырып .

Ойыншық дайындау әдістемесінің технологиясы

№10 Тақырып.

Ойыншық дайындау әдістемесін оқыту теориясы мен технологиясы және педагогикалық білім мен педагогикалық іс әрекеттер

№ 11 Тақырып.

Оқушыларға жұмсақ ойыншықтарды жасауды сабақ барысында үйрету

№12. Тақырып.

Дидактикалық ойыншықтар , Бейнелік ойыншықтар , Техникалық ойыншықтар

№13Тақырып

Сабақта студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру (Папье- маше

тақырыптарын оқыту барысында) .

№ 14 Тақырып

. Мектепке дейінгі мекемеде жаңа ойыншықтар дайындау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру сабақтарын ұйымдастыру технологиясы. (ермексазбен жұмыс) сабағын оқыту әдістері

№ 15 Тақырып

Жаңа материалды оқытуда студенттердің ептіліктерін, қабілеттерін ұйымдастыру(«Қиып жапсыру (аппликация) »)

Лекция мәтіні:

Кіріспе

Ойыншық -баланыжан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. . «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі.

Мектепке дейінгі білім беруде әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады, »- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Ойыншық жасауды жаңа технологиямен үйретсе, мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойыншық түрлерін жасап шығарса кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи-әлеуметгік сипаты. Қазақстанда ойын теориясының қалыптасуы. (Н. Құлжанова, А. Байтұрсынов, М. Турыскелдина, Т. Иманбеков, Г. Дұкенбаева, Б. Арзанбаева) ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балалар ойыны туралы зерттеулер (Е. И. Тихеева, Е. А. Покровский, А. П. Усова, Д. В. Менджеринцская, Н. Я. Михайленко, А. К. Бондаренко және т. б) .

Дидактикалық ойыншықтар

Баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен т. б. танысады. Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар, матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т. б.

Бейнелік ойыншықтарБейнелік, ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ) ; адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сік қоры өздартады.

Техникалық ойыншықтарТехникалық ойыншықтарға жатытындар көліктік, құрылыстық т. б бұйымдар. Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді.

Конструкторлық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы алмалы-салмалы) тақырыптық, сұлбалық, немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады.

Дымков, Богород ойыншықтары

Дымков ойыншықтары. Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың бірі - орыс халқының тамыры терең мәдениетіне тоқталып көрейік. Дымков кәсіпшілігі - Ресейдегі саз балшықтан ойыншықтар жасайтын ең ірі орталық. Әрине, бұл сөссіз ең танымал және әйгілі кәсіпшіліктің түрі. Бұл кәсіпшілік Вятка деген ескі қалада орын тепкен. Бұрын ерте заманда Вятка тұрғындары көктемде «Свистопляска» атты той жасайтын болған. Бұл мерекеге арнап көзешілер саз балшықтан жасалған ойыншық ысқырықтар, дөңгелек сылдырмақтар әзірленген. Кейінірек бұл кәсіп дами түсіп, көлемді өнеркәсіп пайда болды. Ойыншықтар арнайы пештер мен ошақтарда күйдіріліп жасалды. Сондықтан саз балшықтан жасалған бұл ойыншықтар Дымков ойыншықтар («Дымков» - түтін) деген атау алған.

Көзешілердің ойыншықтары әлі күнге өзінің оюларының анықтығы мен сұлулығын сақтап қалған. Көптеген элементтердің өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түсті толқынды сызықтар - су, үзілген сызықтар - кесілген бөрененің дөңес шеті, ортасында жұлдызшасы бар шеңбер - Күн мен аспан денелері.

Дымков ойыншықтарының өзіне тән үндестіктегі бейнелерді деп су тасушы, күтушілер, гусарлар, үйректер, сиырлар, «Барыня» қуыршақтарын айтуға болады. Өрнектердің түстік қатары жылы және суық түстердің көп болуымен анықталады. Сары, қызғылт сары, қызыл түстер элементтерінің ашықтығы көк және жасыл түстердің азғана элементімен күшейе түседі.

Қазіргі таңда Дымков ойыншықтарын Вятка қаласының өзінде жасап шығарады. Ал қала шетіндегі көне Дымков өнеркәсібі ашық аспан астындағы мұражай болып тұр. Қазір Дымков ойыншықтарын жасайтын көзешілердің бірқатар талапты шәкірттері бар. Бұл жерде дәстүрдің сақталу заңдылығы айқын көрінеді.

Богород ойыншығы. Ресей жеріндегі Сергиево-Посада қаласы маңында, биік таудың ортасын Богород атты село жайлаған. Ежелден бері село тұрғындары ағаштан жасалған ойыншықтар және мүсіндеу шығармашылығымен айналысқан. Тарихқа жүгінетін болсақ, богород ағаш ою кәсібі XVI - XVII ғасырларда пайда болған. Богород ойыншықтары. Богород ойыншықтары мен мүсіндері ағаштың жұмсақ түрлерінен жасалынған. Жұмысқа арналған негізгі құралдар - балта, әр түрлі пышақтар. Мүсіншілер өздерінің ойларын таза, боялмаған ағашқа сала білген. Бұл ойыншықтар арқылы біз орыс халқының өткен ғасырдағы өмірін көре аламыз. Мысалы: бикештер, шенеуніктер, гусарлар, шаруалар бейнесі.

Қазіргі заман талабына сай Богород селосында кәсіптік-техникалық мектеп бар. Оқу орны барлық қажетті механика-техникалық құралдармен жабдықталған. Тәжірибесі мол ұстаздар жас шәкірттерді үйретіп, өнер жолына баулиды. Сарамандық жұмыс. Оқушылар Дымков ойыншықтарының өрнек элементтерін салады. Өрнектерді сала отырып, суретті жұмбақ, тест жұмыстары жүргізіледі. Тест тапсырмасы

1. Богород ағаш ою кәсібі қай ғасырларда пайда болған?

А) XVI-XVIIв) XI-XIIс) XIX-XX2. Богород ойыншығы қандай материалдан жасалады?

А) Жұмсақ ағашв) Саз балшықс) қыш

3. Дымков ойыншықтары қай қалада жасап шығарылады?А) Самарав) Вяткас) Ростов-на-Дону4. Дымков ойыншықтары қандай материалдан жасалады?А) Саз балшықв) ағашс) металданТартымды ойыншықтар балалардың тіл, байқау қуаты, қялдау қуаты сяқты ақыл-қуатының жетілуіне түрткі болады, бұл бөбектердің ақаусыз жетілуі мен зерек-зерделі болуынажон сілтеу ролын атқарады. Тзалық талабына үйлеспеитін ойыншықтар ауру-сырқауға оңай шалықтырып, балалардың денсаулығына зян жеткізеді. Ойыншық өндіруде суляу, кәучүк, метәл, ағаш, кездеме, тері-жұн сяқтылар мәтерял етілетіні жұртқа аян. жұқпалы аурулары туралы ғылым тұрғысынан алғанда, соның ішінде суляу ойыншыққа жететіні жоқ, өйткені ол жылтыр болады, оңай былғанбайды, дезифексялауға да жеңіл тұседы. бырақ полихлор-етилен суляу да ескірсе адам денесіне зянды зат бөліп шығарады, балалар одан жасалған ойыншықты үнемі аузына салып сорса, зянды затты жұқтырып алады. метел немесе ағаш ойыншықтардың бетіне алуан түсті сыр жағылады, ал сырда қорғасын, хром, кәдми, әрсен, бензөл сяқты құрамдар болады. бұлар да ауызға көп сала берсе денеге еніп, денсаулыққа зян жеткізеді. кездемеден, тері-жүннен жасалған күшік, мысық, маймыл сяқты ойыншықтар шаң-тозаң тез қонады да, оңай кірлеп кетеді. кеибір ойыншық хаюанаттарға ұсақ моншақтар қадалады, балалар өнімен ойнағанда ойыншықжұны немесе моншақ қадағанжып оңай қыршылып қиылады, абай қылмаса оны жұтып алып, қатерге ұшырайды. Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар

Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас ерекшеліктеріне негізделеді.

Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі. Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау т. с. с. ) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар т. с. с. болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға ыңғайлы, ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы керек. Бір жастың соңына қарай қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-әткеншектер т. б. қолданыла бастайды.

Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды, қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастардағы балалар белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т. б. ) көше бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған ойыншықтар пайдаланылады.

Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім, интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5 топқа бөлінеді: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас) ; үш жастан алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас) ; алты жастан он жасқа дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық (орта мектеп жасы) деп бөлінеді.

Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі. Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді және ойыншық шығаратын өндіріс орындары мен оларды халыққа тарататын дүкендерді бақылап отырудан тұрады.

Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі талаптары төмендегідей болып келеді:

Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады; Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің, су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады; Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек; Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын қайта қабылдауға болмайды; Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым салынады; Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы балаларға) жасауға тиым салынады; Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т. б. ойыншық жасауға пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек; Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек; Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек; Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек; Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері болмауы керек; Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс, жарылмаған болуы керек; Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек. Зерттеулерге арналған ойыншықтардың үлгісі он күннен ерте және 30 күннен кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан кейін, саны 5 данадан кем болмай тексерілуге жеткізілуі керек. "Санитарлық ережелерде" зерттеу тәсілі берілген. СанНменЕ талаптарының сақталуын қадағалау санитарлық эпидемиологиялық қызметке жүктеледі.

Егер ойыншық рұқсат етілген материалдардан (бояу, лак, желім т. б. ) жасалған болса, және оларға химиялық анализ жасалғанына бір жылдан көп уақыт өтпесе, онда, оларға міндетті түрде гигиеналық экспертиза жасағаннан кейін, екінші рет химиялық анализ жасауды талап етпестен пайдалануға рұқсат етуге болады. Жаңа материалдарды дайындауға рұқсатты Республиканың Мемлекеттік Санитарлық Эпидемиологиялық қызмет Басқармасы береді.

Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық қызметпен келісімге түспеген ойыншықтар жедел түрде өндірістен алынып тасталуы керек. Изолятордағы ойыншықтарды топтық бөлмелерге апаруға тиым салынады. Бұл ойыншықтардың материалдары оларды мезгіл сайын залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек. Бала бақшаларда ойыншықтарды бір топтан екіші топқа тасымалдауға тиым салынады, топтық жекелендіру принципін қатал сақтау қажет.

Жаңа материалды оқытуда студенттердің қиялын, шығармашылығын ұйымдастыру

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың маңызды шарты ересек топтағы балалардың өздерінің мотивациясының болуы керек. бұл олардың әдістемелік, психологиялық және әдістік білім, ересек топтағы балалардың адамзат мәселелеріне қызығушылығының бағытталуымен танысуынан келіп шығады. Осы негізде ересек топтағы балалардың белгілі бір дәрежедегі санының оқу сабағы мен сабақтан тыс уақытта педагогикалық іс-әрекетке қатыстырылуы болып табылады. Осыған орай, біз шығармашылық еңбек әрекетінің мәнін интегративті шебер әрекет (А. М. Новиков) деген түсінікпен байланыстырдық. «Бәрін істей алу дегеніміз не? Бұл қажеттіліктері итермелейтін адамның өз бетімен жағдаятта бағдарланатынын, оны тани білетінін (сонымен қатар қажетті жаңа білімдер алып), объективті заңдар мен жағдайларға сәйкес әрекеттің мақсатын дұрыс анықтай алатынын, қалыптасқан жағдайға, мақсатқа сай нақты әрекет құралдары мен тәсілдерін анықтай алатынын, еңбек ету барысында оларды жетілдіріп, түпкі мақсатына қол жеткізе алатынын білдіреді. Шынында, біз бұл жерде іс-әрекеттің жалпы, тұтас, психологиялық сызбасын келтіріп отырмыз. Барлық аталған компоненттер бірлігінен тұратын осындай іс-әрекетті шартты түрде біріккен (интегративті) деп атайық.

А. Я. Понамарев айтуынша, шығармашылық тетігінің белгілі бір өзара әсерлесу фазалары бар дамытушы өзара әсерлесу. Іс - әрекеттің екіжақты нәтижесімен анықталатын интуитивті механизм шығармашылық негізі болып табылады. Іс-әрекеттің бір бөлігі қойылған саналы мақсатқа сәйкес келе отырып, тура өнім деп аталады, ал екіншісі мақсатқа сәйкес келмей және саналы ойдан бөлек алынғандықтан, қосымша өнім деп аталады. Оны шығармашылық іс -әрекеттің интуитивті деп аталады. Интуитивті шешімнің ерекшеліктері сезімдік бейне, қабылдау тұтастығы және санадан тыс нәтижені алу болып табылады.

ТМД елдеріндегі психолог және педагогтар дошкольника (Б. В. Асафьев, Л. А. Венгер, Н. А. Ветлугина, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, Д. Б. Кабалевский, Н. Н. Поддьяков, Б. М. Теплов және т. б. ) шығармашылықты баланың тұлғалық сапасы, әрбір баланың қабілетін дамытуға бағытталған табиғи іс-әрекеті, өзіндік құндылығы ретінде қарастырды.

Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім беру теориясы мен практикасында түрлі көркем әрекетінде баланың шығармашылығын дамыту тәжірибесі жинақталған. Дегенмен, жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартында өнімді және көркем іс-әрекеттер нәтижесі шығармашылық құзыреттілік деп таңдалған. Зерттеулер бойынша шығармашылық құзыреттілік тек студенттерге тән білім нәтижесі, тіпті мектеп жасындағы оқушылардың білім беру нәтижесі ретінде қарастырыл зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан бұл білім беру нәтижесі мектепке дейінгі балалар үшін ауыр салмақты нәтижесі тәрізді деп тұжырымдаймыз.

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесінен дәрістер
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Мектеп кезеңі
ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz