Биогеоценоз



1 Күннің қуаты
2 Аңғарғанға табиғат қызық
бөлігі – микроб¬сыз өмір кешудің өзі мүмкін емес. Олар¬сыз тіршілік жоқ. Мысалға күн¬делікті қуат алып, ішіп-жеп жүрген – қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, айран, қатық деймісің, бәрінің түп негізі осы¬нау көзге көрінбейтін микробтардың бізге атқарып жатқан орасан зор қызметінің, сан түрлі қисапсыз пайда¬лы қасиетінің арқасы. Сол себептен айналамыздағы экожүйені қорғай жүру тіршілік иесі біздерге парыз. Шексіз, шетсіз дүние жоқ. Оған көз жетті. Төңірегіміздегі үйлесімді тіршілі¬гімізді бұзып алсақ, келешекте адамзат¬тың тақыр жерге отырып қалуы оп-оңай.
Бүкіл жер шарында барлық күрделі және қарапайым өсімдіктер әлемі жылына 600 млрд. тонна, оның ішінде мұхиттарда 270 млрд., құрлықта 310 млрд. тоннаға жуық органикалық заттар түзетін көрінеді. Осынау процесс үздіксіз жүріп жатқан кезде олар ауадан 650 млрд. тонна көмір қышқыл газын, топырақ¬тан 5 млрд. тонна азот, бір млрд. тоннадай фос¬фор және 10-15 млрд. тонна басқадай минерал¬дық заттарды сіңіріп, атмосфе¬раға 350 млрд. тонна оттегін бөліп шығарады. Отте¬гінің 80 пайызын фито¬планк¬тондар, 20 пайызын дү¬ние жүзіндегі өсімдіктер әлемі түзеді (В.Ф.Крапивин).
Өсімдіктер өндірген осы¬нау қыруар органикалық зат¬тардың арқасында жер бетін¬дегі барлық организмдер өмір сүреді (Б.Ша鬬кенов). Соның ішінде жа¬нуарлар әлемі де бар.
Соңғы деректерге сүйенсек күннің бізден қашықтығы 150 млн.км. Диаметрі — 1 млн. 390 мың км. Ол дегені¬ңіз жер шары¬ның диаметрінен 109 есе үлкен деген сөз. Геофизиктердің пай¬ымдауынша күн 12 шеңберлі қабаттан тұрады. Солардың ортасынан баста¬латын 6 қабатында үздіксіз ядролық реакция тізбегі жүріп, сутегі гелийге айналып, адам сенбес +20 млн. градус энергияға айналатын сыңайлы. Осынау ұлан-ғайыр энергия¬ның лебі бізге секундына 500 км. жылдамдықпен жететіндей. Содан барып полюстар мен экватор, құрлық, түрлі деңгейде қызып, жер шарында жүйткіген ауа қозғалысы пайда бола¬тыны дәлелденіп отыр.
Күннің қуаты арқылы пайда бола¬тын бүкіл жер шарының өмір бұлағы сөз жоқ өсімдіктер әлемінен арқау алады. Өсімдіктердің жалпы әлемдік салмағы дүние жүзіндегі барша жануар¬лар әлемінен анағұрлым артық. Мы¬салға кейбір деректерде түлкі ұсақ жән¬дік, құстардан басқа жылына үш мыңға жуық кемірушілермен қоректенеді. Ал сол кемірушілердің бірі – тышқан¬дардың әрқайсысы 20 кг. өсімдіктермен күнелтсе, 8-9 кг.салмағы бар бір ғана түлкі жылына 60 тонна шөп жейтін кемірушілердің көзін жояды.
Ұлы үйлестіруші бүкіл мақұлық атаулыларды жаратқанда оларды ықпалдастыра бір-біріне пайдасын тигізуі үшін өмірге әкелді. Әр жан-жануарлар тіршілігінің тиесілі, өзінің маңдайына жазылған орны бар. Олардың бір-біріне деген туысқандық, жанашырлық, сүйіспеншілік сезім¬дерінің ортақтастығы болмаса да бірақ бірінің бірінсіз күні жоқ.
Кейбір деректерде, жер шарында қанатты насекомдар бұдан 400 млн. жыл бұрын белгілі болса, олардың дернәсілдерімен (личинка) қоректе¬нетін бүгінгі сан алуан балықтардың арғы тегі де бұлармен жанаса қатар өмір сүрген. Көптеген насекомдардың адамзатқа зиянды жақтары шаш етектен болғанымен, оларды мына әлемнен жойып жіберуге болмайды. Олай етсек сан алуан түрлі-түсті жұпар иісті гүлі бар өсімдіктерден айрыламыз. Қаншама құс пен балық аштан қыры¬лады. Табиғаттың еңсесі түседі.
http://www.massagan.com
http://kk.newikis.com/

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мына жарық дүниеде биогеоценозсыз өмір тұл деп кесіп айтуға болады. Тіпті
соның бір бөлігі – микробсыз өмір кешудің өзі мүмкін емес. Оларсыз тіршілік
жоқ. Мысалға күнделікті қуат алып, ішіп-жеп жүрген – қымыз, шұбат, құрт,
ірімшік, айран, қатық деймісің, бәрінің түп негізі осынау көзге көрінбейтін
микробтардың бізге атқарып жатқан орасан зор қызметінің, сан түрлі қисапсыз
пайдалы қасиетінің арқасы. Сол себептен айналамыздағы экожүйені қорғай жүру
тіршілік иесі біздерге парыз. Шексіз, шетсіз дүние жоқ. Оған көз жетті.
Төңірегіміздегі үйлесімді тіршілігімізді бұзып алсақ, келешекте адамзаттың
тақыр жерге отырып қалуы оп-оңай.
Бүкіл жер шарында барлық күрделі және қарапайым өсімдіктер әлемі жылына 600
млрд. тонна, оның ішінде мұхиттарда 270 млрд., құрлықта 310 млрд. тоннаға
жуық органикалық заттар түзетін көрінеді. Осынау процесс үздіксіз жүріп
жатқан кезде олар ауадан 650 млрд. тонна көмір қышқыл газын, топырақтан 5
млрд. тонна азот, бір млрд. тоннадай фосфор және 10-15 млрд. тонна басқадай
минералдық заттарды сіңіріп, атмосфераға 350 млрд. тонна оттегін бөліп
шығарады. Оттегінің 80 пайызын фитопланктондар, 20 пайызын дүние жүзіндегі
өсімдіктер әлемі түзеді (В.Ф.Крапивин). 
Өсімдіктер өндірген осынау қыруар органикалық заттардың арқасында жер
бетіндегі барлық организмдер өмір сүреді (Б.Шайкенов). Соның ішінде
жануарлар әлемі де бар. 
Соңғы деректерге сүйенсек күннің бізден қашықтығы 150 млн.км. Диаметрі — 1
млн. 390 мың км. Ол дегеніңіз жер шарының диаметрінен 109 есе үлкен деген
сөз. Геофизиктердің пайымдауынша күн 12 шеңберлі қабаттан тұрады. Солардың
ортасынан басталатын 6 қабатында үздіксіз ядролық реакция тізбегі жүріп,
сутегі гелийге айналып, адам сенбес +20 млн. градус энергияға айналатын
сыңайлы. Осынау ұлан-ғайыр энергияның лебі бізге секундына 500 км.
жылдамдықпен жететіндей. Содан барып полюстар мен экватор, құрлық, түрлі
деңгейде қызып, жер шарында жүйткіген ауа қозғалысы пайда болатыны
дәлелденіп отыр. 
Күннің қуаты арқылы пайда болатын бүкіл жер шарының өмір бұлағы сөз жоқ
өсімдіктер әлемінен арқау алады. Өсімдіктердің жалпы әлемдік салмағы дүние
жүзіндегі барша жануарлар әлемінен анағұрлым артық. Мысалға кейбір
деректерде түлкі ұсақ жәндік, құстардан басқа жылына үш мыңға жуық
кемірушілермен қоректенеді. Ал сол кемірушілердің бірі – тышқандардың
әрқайсысы 20 кг. өсімдіктермен күнелтсе, 8-9 кг.салмағы бар бір ғана түлкі
жылына 60 тонна шөп жейтін кемірушілердің көзін жояды. 
Ұлы үйлестіруші бүкіл мақұлық атаулыларды жаратқанда оларды ықпалдастыра
бір-біріне пайдасын тигізуі үшін өмірге әкелді. Әр жан-жануарлар
тіршілігінің тиесілі, өзінің маңдайына жазылған орны бар. Олардың бір-
біріне деген туысқандық, жанашырлық, сүйіспеншілік сезімдерінің
ортақтастығы болмаса да бірақ бірінің бірінсіз күні жоқ. 
Кейбір деректерде, жер шарында қанатты насекомдар бұдан 400 млн. жыл бұрын
белгілі болса, олардың дернәсілдерімен (личинка) қоректенетін бүгінгі сан
алуан балықтардың арғы тегі де бұлармен жанаса қатар өмір сүрген. Көптеген
насекомдардың адамзатқа зиянды жақтары шаш етектен болғанымен, оларды мына
әлемнен жойып жіберуге болмайды. Олай етсек сан алуан түрлі-түсті жұпар
иісті гүлі бар өсімдіктерден айрыламыз. Қаншама құс пен балық аштан
қырылады. Табиғаттың еңсесі түседі. 
Бұл ретте біз, мысалы, шыбын-шіркейлердің қасиеттерін, табиғаттағы орнын
біліп алғанымыз жөн сияқты. Шыбындардың алдыңғы екі аяғы дәмді біздің
тілімізден 200 есе артық сезеді (М.Козлов). Олардың иіс сезгіштігі тіпті
ғажап. Иіс-қоңысты француз әтірлерінен артық көреді. Олардың тіршілігіне
сақтықпен, түсіністікпен қарасақ, өзіміздің де келешегімізді сақтағанымыз
болмақ. Бұл бит, қандала, бүрге секілді зиянды жәндіктерді жақтағандық
емес. Құдай одан сақтасын. Дегенмен, осынау жәндіктердің кейбір пайдалы
қасиеттерін білгендіктен, неге лабораториялық жағдайда биофабрикаларда
өсіріп-өндірмеске деген ой келеді. 
Дәріханаларда көбінесе емдік қасиеттері бар шөптерді сатып жатады. Ол аздық
етеді. Неге шыбын-шіркей, толып жатқан мақұлықтардан ерітінді қоспа
заттарын сатпасқа. Оңтүстік шығыс елдерінде мұндай дәрілер көптеп сатылады
ғой. Өйткені олардың шөптен жасалған дәріден гөрі емдік қасиеттері
анағұрлым артық. 
Мысалға ғалым Т.И.Мариковскийдің жазуынша, қандаланың ерітіндісі шаққан
жыланның уын қайтаратын көрінеді. Әрі безгекке ем. Бұл ойды Әбу Әли ибн
Сина да теріске шығармайды. Доңыз биті іш ауруы, сары ауру, бауыр, қуық
тастарын ерітіп, жара, рахит, көз жанары ауруларын жазатын көрінеді.
Шегірткеден жасалған дәрі шаян уының бетін қайтарады. Ол гемморойға, тіс
ауруына да пайдалы. Құмырсқа – тізе ревматизміне, дәуіт– құлақ, бүйрек
ауруларына бірден-бір ем. Өрмекшінің өмірінен біздерге неге сабақ алмасқа.
Өрмегіне іліккен шыбын-шіркейлерді өрмекшілер бас салып жемеген. Ұсталған
шыбынның ішіне қарын сөлін жіберген. Әлгі сөл тез арада бүкіл шыбынның
денесін балқыта ерітіп сіңімді қоймалжыңға айналдырады. Содан кейін оны
өрмекші сорып алғанда, шыбынның тек сыртқы бос қабыршағы ғана қалады. Ал
бізде қаншама адам ішкен астарын қорыта алмай жапа шегіп жүреді.
Оқымыстыларымызға неге осындай дайын, сіңімді тағам ойлап шығармасқа!
Өрмекшінің өрмегінің тағы бір қасиеті сол, оны қаны тоқтамаған жараға
әкеліп жапсырса, қан тез тыйылған. Атақты жылпос Распутин Николай ІІ
патшаның баласы гемофилиямен ауырып жүрсе де оның жарасын қолымен басып
тұрып қанын тоқтата алған. Ол өрмекшінің өрмегін пайдаланды ма екен, кім
білсін. 
Осы мақаламда, әлемдегі бар жанды дүниенің жиынтығының қадір-қасиеттерін
түгел қамтып, жазып шығу мақсаты қойылмағандықтан, күнде көріп, біліп,
аңғарып, оқып, ой елегінен өткізіп жүргендерім туралы ғана ой бөліскенді
жөн көріп отырмын. Кейбіреулерге бұл салған бетте тосындау болып көрінуі де
мүмкін. Ойымды жалғасам, мысалға күнделікті әр жерден көріп жүрген қоңыр,
қара түсті үй тарақандарын алайық. Ұмытпасам, кейбір деректерде ол 300 млн.
жыл бұрын пайда болған. Содан бері адамзат осы жәндікпен тынымсыз күресіп
келе жатыр. Бірақ та тарақандардың ойына ештеңе кіріп жатқан жоқ, қайта
қоймадағы тамақтарды түгелдей аралап жүріп, бактерицидтік заттарын тастап,
адамзатқа адал қызмет етуден бір жалығар емес. Сөйтіп оның сілекейі адамның
бүйрек, бауыр ауруына, плевритке, перикардитке, ракка қарсы әрі дене
ісігіне шипасын молынан тигізуде. Тарақанның осынау қасиетін атақты дәрігер
С.П.Боткин де, оның шәкірті Т.И.Богомолов та, Г.Я.Бей-Биенко мен И.Чернышев
те уақытында аңғарып білген. Перу елі осы күнге дейін тарақанды өкпе
ауруын, плевритті емдеу үшін қолданады. Сол себептен үй ішінде бірлі-жарым
тарақанның жүргеніне бұл күнде онша абыржудың қажеті жоқ дер едім. 
Ортамыздағы кейбіреулердің үсті-басы, қолы кір-кір болып жүріп, шыбын көрсе
тұра ұмтылып, көзін жоюға тырысатынын қайтерсің. Бұл олардың
дернәсілдерінің пайдасын білмегендік. Мәселен бірінші дүниежүзілік соғыста
немістерден шегіне қашқан француздар шайқас алаңына жаралы жауынгерлерін
арбаларына сиғыза алмағандықтан, бәрібір гангренадан өледіге санап тастап
кеткен. Ол заманда қанды іріңге қарсы дәрі-дәрмектің атымен жоқ кезі. Біраз
уақыт өтеді. Баяғы ауыр жаралылар жаяу-жалпылап, өліп-талып аман-есен еліне
жетеді. Дәрігерлер таң-тамаша қалады. Сөйтсе, жараланған жерге көк шыбындар
дернәсілдерін құжыната салған ғой. Ал ол дернәсілдер жараның қуысын қуалай
тек өлі еттерін жеп, жарақаттанғандардың денесін тазартып, әрі жараның
ішіне микробтар өнбейтіндей қарсы бактерицидтік зат шығарып құлан-таза
жазады. 
Мұны құлағы шалып қалған ақшақұмар америкалықтар тездетіп көк шыбын өсіріп,
немістер мен француздарға әкеліп сатады. Осы бір фактіні студент кезімде
Волженин деген оқымыстының лекциясын тыңдағанда, естіп таңданғаным бар.
Кейін, ауыр жарақаттанған жылқы малының жарасының ішіндегі өлі еттерін құрт
жеп, әдемі, тез жазылғандарын да көзім көрді. 
Біздің тоқ ішегіміздегі бактериялар пайдалы сапрофитті микробтардың “В”
витаминдерін құрап, ағзаға сіңбейтін крахмалды бұзып қантқа айналдырады.
Сөйтіп организмге шипалы қасиеттер береді. Ал дәрігерлеріміздің біразы
ойланбастан қит етсе болды, тіпті кішігірім ауру болса да, ағзаға зиянсыз
шөптен жасалған дәрілерді қолданбай, антибиотиктерді ала жүгіреді. Сөйтіп
пайдалы да, зиянды да микробтарды ажыратпай, ақ-қарасын айырмай, бәрін
бірге тұншықтырып қыра бастайды. Содан барып олардың патогендік,
вируленттік зиянды жағын өзіміз күшейтіп, аурудың ең ауыр түрін не жаңа
ауруларды дүниеге өзіміз сұрап әкелетін жағдайға жеттік. Суға қайнатқаннан
да құрымайтын зиянды микроб-вирустардың пайда болуынан, бір-ақ рет
қолданылатын ине мен шприцке де көштік. Әр ғасырдың өзіне тән күрделі
жұқпалы ауруы пайда бола бастауы, өзіміздің күнделікті осынау
сауатсыздығымыздан болуы бек мүмкін. 
Микробтар – тіршілік иесі. Өзіндік жеке фермент жүйелерінің арқасында олар
кез келген қорегі бар ортада күн көріп, өзіне қажетті заттарын шығарып, өне
алады. Ал вирустарда ондай өзіндік фермент (биокатализатор) дегенің атымен
жоқ. Олар тек қана жан иесінің клеткасындағы ферменттермен күн көріп өсіп-
өне алады. 
Былай қарағанда вирустар өлі мен тірінің арасындағы жоғары молекулярлы жай
зат болып көрінгенімен, тірі жан иесінің клеткасының ішіне енсе болды,
бірден тіріліп, қауіпті жауға айналып шыға келеді (В.С.Тонгур). 
Аңғарғанға табиғат қызық. Тоқтаусыз, тұтасқан бойда жанталаса алма-кезек
жүріп жататын процесс. Оны ұғып, ғылыми жолмен тарқата алсаң, тарқатыла
береді. Мысалға жоғарыда өзіміз сөз еткен өсімдіктермен шөп қоректілер нәр
алады, ал олармен жыртқыштар және паразиттер қоректенеді. Барлық
организмдердің денелері өлгеннен кейін өмір тоқтай қоймауы үшін сапрофит
микробтарының көмегімен қарапайым қосындыларға ыдырайды. Топыраққа
айналады. “Жерден жаратылдың, жерге барасың”, – деген мұсылман қағидасы
ғылыми түрде шындық. Содан барып әр гектар айдалған жерде түрлі қыбырлаған
майда тіршілік иелерінің салмағы 15 тоннадай болуы (С.П.Костычев) біздерді
таңдандырмауға тиісті. Экожүйедегі (биогеоценоз) бұл процестің әрбір бөлігі
мыңдаған организмнің қатысуымен жүргендіктен, олардың арасындағы тірлік
бәсекелестік, жыртқыштық, паразиттік қатынастармен шешіледі (Б.Шайкенов).
Жер қыртысындағы микрофлоралардың салмағы бүкіл дүние жүзіндегі қой, ешкі,
қара мал, жылқы, қояндардың жалпы салмақтарынан асып түседі деген
пікірлерге ден қоюға болатындай. Міне, сондықтан табиғаттағы тепе-теңдік
заңдылықтары қоректік тізбектен тұрады. 
Бұл процеске, мәселен, жауын құртының да айтарлықтай үлес қосатынын
мойындауымыз керек. Зерттеушілердің пайымдауынша олар топырақпен бірге
түрлі көзге ілінбейтін микробтарды да жұтады. Осылардың қоспасынан барып
органикалық заттар түзіледі. Әр шылаушын құрт өз денесінен бір жылда 5 кг.
топырақ өткізетінін ескерсек, онда ол қорыту кезінде топырақтың қышқылдығын
тежеп, оны көмір қышқылымен, кальций, магний, нитраттар және фосфор
қышқылымен байытатын көрінеді. Осылай жердің құнарлылығын арттырумен бірге,
жерді қопсытып, аэробтық жағдай жасап, еккен өсімдіктердің мол өнім беруіне
септігін тигізеді. 
Жауын құртының осынау тіршілігіне байланысты, оның бүкіл денесі тұнып
тұрған шипалық қасиеттерден тұратындығын шығыс медицинасы анықтаған.
Әсіресе қолқа қабынғанда, демікпеге, жоғарғы қан қысымы ауруына, тыныс
тарылып сырылдағанда, қуық тұтылғанда, суырылған тістің орнынан қан
тоқтамағанда шылаушынның ем ретінде қолданылатындығын біреу білсе, біреу
білмейді. Сол себептен қоршаған ортадағы қыбырлап-жыбырлап жүрген
Жаратқанның қандай да болмасын мақұлықтарының қызметіне түсіністікпен
қарап, табиғат тепе-теңдігін бұзып алмау жағын, оларды да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеоценотикалық жүйелер
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
Экожүйелер тұжырымдамасы
Экожүйе құрылымы
Экожүйелер экологиясы
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Биогеоценоздар
Экожүйе және экожүйелер
Экожүйе түсінігі
Экожүйенің тұжырымдамасы
Пәндер