Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІНДЕ ОТБАСЫ

ТӘРБИЕСІНІҢ РОЛІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

ТАРАУ І. Оқушы тұлғасын қалыптастыру процесінде отбасы тәрбиенің ролін теорилық негіздеу.

1. 1. Оқушы тұлғасын жан-жақты қалыптастырудағы отбасы

тәрбиесінің ролі . . . 7-13

1. 2. Отбасы тәрбиесінің мәні мен маңыздылығы . . . 13-17

ТАРАУ ІІ. Оқушы тұлғасын қалыптастыру процесіндегі отбасы тәрбиесін ұйымдастыру

2. 1. Оқушы тұлғасының қалыптастырудағы мектеп пен отбасының іс әрекет түрлері . . . 18-23

2. 2. Қазіргі оқушы тұлғасының қалыптастыру процесіндегі отбасы тәрбиесінің ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 23-27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28-29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

ҚОСЫМША . . . 31

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туға -туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларыңа қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи борышы, ірі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Отбасы-адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы - шағын мемлекет,

Мен - президент, сен - премьер,

дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. « Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.

Отбасы-ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік-тәрбие беретін ұжым ретінде қарасты-рады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психо-логиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік-экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.

Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.

Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т. б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы- кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру-күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.

Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы-ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениет-танушы, т. б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т. с. с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық және не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық мәміле үрдісі іске асады (А. В. Мудрик, А. В. Запорожец, Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева, С. М. Жақыпов, М. Мұқанов ) .

Қазiргi уақытта ұрпақ тәрбиесi туралы мәселеге, мүлдем жаңаша психологиялық-педагогикалық көзқарастармен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгiнгi таңда жалпы адам тәрбиесiне де, сонымен бiрге келешек ұрпағымыздың тәлiмiне де, халық педагогикасының тигiзер жерлерiн, тiптi ештемемен салыстыруға келмейдi. Бұл жайында ғұлама-педагогтар (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ж. И. Намазбаева, Х. Арғынбаев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Қ. Қожахметова, З. Абилова, Б. Мұқанова, К. Оразбекова, А. Бейсенбаева, А. Қалыбекова және т. б. ) тамаша зерттеулерi бар.

Бүгiнгi күннiң талабына сай жастарды отбасы-некелiк өмiрге даярлауда ата-ананың рөлi мен мiндеттерi аса жауапкершiлiктi талап етедi. Отбасы бала үшiн өмiр мектебiн, онда мейiрбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық т. б. адамгершiлiк қасиеттерi дамиды және қалыптасады. Жасыратыны жоқ, қазiргi уақытта жастардың жұбайлық өмiрiнiң үйлесiп кетуi үлкен проблемаға айналып отыр. Соңғы кездерi жастар арасында үйленгендерден ажырасқандардың саны артып, тастанды бала, жетiм балалар, жесiр әйелдердiң саны көбеюде. Мұндай етек алып бара жатқан мәселелер қоғамымыздың дамуына кесiрiн тигiзетiнi бәрiмiзге мәлiм. Бұл проблеманың ұшы жастарды тәрбиелеуде жатқандығын да айта кету керек. Жастар мәселесiндегi тәрбиенi шешуде көптеген ғалымдар (К. Оразбекова, С. Қалиев, Р. Төлеубекова, А. Бейсенбаева, Қ. Жарықбаев, Н. Дүтбаева, Ж. Сәрсенова, А. А. Қалыбекова және т. б. ) өз зерттеулерiн жүргiзуде. Бұдан басқа жас ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасы тәжірибесінен пайдалану мәселелері бойынша Ж. С. Хасанова, Э. А. Урунбасарова, С. Ә. Әмірова, Ұ. О. Асанова, Қ. Т. Атемова, Ж. Б. Сәдірмекова зерттеулер жасады.

Зерттеу жұмысының мақсаты :оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролін теориялық негіздеу.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

1. Оқушы тұлғасын жан-жақты қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің ролі мәнін ашу.

2. Отбасы тәрбиесінің мәні мен маңыздылығына сипаттама беру.

3. Оқушы тұлғасының қалыптастырудағы мектеп пен отбасының іс әрекет түрлерін ашып көрсету.

4. Қазіргі оқушы тұлғасының қалыптастыру процесіндегі отбасы тәрбиесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу әдістері :мектеп құжаттары, әңгіме, бақылау, сұхбат, озат пед-лық бөліміне зерттеу.

ТАРАУ І. Оқушы тұлғасын қалыптастыру процесінде тәрбиенің ролін теорилық негіздеу

  1. Оқушы тұлғасын жан-жақты қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің ролі

Отбасы -неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э. Г. Юстицкий В. В., 1990) . Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А. И өз зерттеу жұмысында.

Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан отбасы тәрбиесіне психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөліп, «отбасы» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Ж. Б. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде «Отбасы- ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала) тобы» деп анықтама берілген. Ғылым - педагог өзінің зерттеуінде отбасы - баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде білім, әдет мінез-құлық пен өмірге көзқарастың қалыпта-сатынын дәлелдеп көрсетеді.

Педагогика және психологиялық сөздікте «отбасы-үйленгендердің жанұя-лық бірлігі » деп анықтама келтірілген. Бұл сөздікте отбасы тәрбиесі балаға ұлттық тәрбие берудің негізі болып табылатындығын айқындай түседі.

Сонымен, жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасының мынадай негізгі белгілерін айқындап көрсетуге болады.

1) отбасы өзара туысқандық қатынасы бар әртүрлі жастағы әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжымы.

2) оларды ерлі зайыптылық, ата-аналық, балалардың ата-аналарына ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.

3) ата-аналар мен балалар бірінен-бірі отбасыны басқарумен, ерекшеліктері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.

4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық және рухани үрдістермен сипаттала-ды. Ал отбасының әлеуметтік ролі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатынасымен анықталады.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл қыздарының дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімге құштар болып өсуі туған халқы мен Отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі-ең жоғары тілек, ең негізгі мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауы-отбасы. Сондықтан, адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол сияқты балаға ата-ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен тәрбие категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен ролі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байла-нысты дамиды.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:

Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттілігі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы;

Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы;

Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбиелік мақсатына, идеалық адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі. «Отбасы тәрбиесі»- туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жағдайлары болып үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтедіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиетермен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат - тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келеді. 1993 жылы қабылданған тәлім - тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру»-деп анықтама берілсе, қазақ педагогикалық энциклопе-дия сөздігінде «Тәрбие- қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі» процесі делінген. Ұлы ғұлама Әл Фараби «Бақытқа жету жолында » деген еңбегінде «Тәрбие деп-халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»- деп анықтама берді.

Демек, тәрбие- бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Тәрбие жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесіне және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылады, тәрбиенің мақсат- мазмұны, ұйымдатыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың таихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі. Әлеуметтендіру латынның «Социалус» деген сөзінен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге бейімделу деген сөз.

Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір мақсатта әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше әсер етуші факторлар ықпал жасайды. олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұжымдар, құрбы құрдастары және т. б. Соның ішіндегі кейбір фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Өмір тәжірибелері мен көптеген ғалымдар зерттеулері (А. А. Вербицкий, Э. Д. Днепров т. б) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті-фольклор деректері де көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес еңбек екендігіне ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеу-ге маңыз беріледі. Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп, ата-ананың балаға деген қатынасын анықтайды. Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономикалық, құқықтық т. с. с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.

Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмай-ды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.

Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттанды-рып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеу-меттік құрылымы, бір элементі болып табылады.

Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т. б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы- кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру-күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.

Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы-ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеу-меттік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасы-ның функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Тәрбие – жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz