Алаштың ардақты тұлғасы


Алаштың ардақты тұлғасы Сәкен Сейфуллин
Мен бүгінгі Алаштың ардақты тұлғалары атты ғылыми конференцияға халқы, туған елі үшін жанын аямаған, халқының еркіндігі үшін құрбан болған Сәкен Сейфуллин туралы қолымнан келгенше мәліметтер жинадым. Мәліметтерді жинауда Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, Қазақ әдебиеті газеті, Егемен Қазақстан газеті және интернеттен пайдаландым. Біз осы күнге дейін өмірбаяны, шығармашылық туралы тек қана қазақ әдебиеті кітабында оқыдық. Ал кітапта ол 1938 жылы репрессияның қүрбаны болған, атылған деп оқыдық, яғни солай түсіндік. Бірақ мен басқа да қосымша әдебиеттерді оқи отырып оның атылғаны туралы дәлел ретінде келтіретін мәліметтер таппадым. Бұл туралы сәкентанушы Тұрсынбек Кэкішүлыныңда Сәкеннің атылғаны туралы еш қандай дәлелі болмағанын Қазақ әдебиеті газетінің 2006 жылдың 24 наурызында №12 санында оқыдым. Яғни осы «Сәкен өлімінің жұмбағы шешіле ме?» мақаласын кеңірек айтып беруді алдыма мақсат қылдым. Бұдан бұрынғы яғни атылғанға дейінгі не үшін атылуға бұйрық шықты, бұйрық шығуының себебі неде екеніне тоқталып өтемін.
Репрессия науқанының осыншама қарқын алуына жоғары бүйрық талабына байланысты еді. Мәскеудегі партия пленумында сөйлеген сөзінде Н. Ежов жасырын керітөңкерісшіл ұйымдар қаптап кетті, ел ішінде азамат соғысы басталуға шақ қалды, біздің оны анықтап, қырып-жоюға қабілетіміз жетеді дейді. Шілде айында Сталин, Ежов, Вышинский қол қойған құжат келіп, онда бай-кулактармен, советке қарсы элементтермен және қылмыскерлермен аяусыз күрес жүргізу міндеттелді. Кейін Ежовтың 5 тамыздағы № 00447 бұйрығымен 4 ай ішінде арнаулы жедел операция өткізу көзделіп қанша адамды қамау, қаншасын ату керектілігі туралы нақты тапсырма берілген. Небір азаматтарының атылып қана қоймай оның туыстары да атылып, сотталып. оқу орындарынан айдалған. Мысалы, кешке қарай малдың қайтуын күтіп тұрған Сәкеннің
әкесі Сейфолла бір-екі кісімен сөйлесіп тұрған болатын. Бұлардың қасына бөтен кісілер келіп «Оспанов Сейфолла сіз боласыз ба? Сіздің балаңыз халық жауы» деп қасында жағдайды түсінбей түрған ауылдастарымен алып кетіп, олар Қарағандыда атылған. Сәкен тұтқындалғаннан соң інісі Мәлік бір түнде жоғалып кетеді. Ол туралы ешқандай дерек жоқ. Екінші інісі Мәжит ауырып жатады. Әне, міне сотқа әкетеміз деп жүрген кезде Мәскеуден адам тұтқындауды әзірше қоя тұрыңдар деген бұйрықпен аман қалады. Ал Мәліктің қызы Гүлзапиға күйеуі халық жауының қызысың деп күн көрсетпеген соң Қарағандыға кетіп Айтбай деген жігітке тұрмысқа шығады. Ал Айтбайға халық жауының қызына үйленгенсің деп 25 жылға соттап, інісі Рамазанды «туысың сотталған» деп аспирантурадан оқудан шығарып жібереді. Ал Мәжиттің қызы Рымжан Сәкеннің баурында өскен. Сол апайымыз: мектепте оқып жүргенімде құрбыларым «халық жауының тұқымы» деп мазақтайтын, оқуда оқып жүргенімде үстімнен көптеген арыз жазды, бірақ ректорымыз түсінген адам болғандықтан оқуды бітіріп алдым дейді. Оның халық жауы болуының басты себебі «Тар жол тайғақ кешу» атты шығармасы. Бұл шығармада үлтшы алашордашылар хақында біраз құжат деректер де келтірілуі және оған қоса алашшылардың кейбірінің суреттері де кітап беттерінен өз орындарын тапқаны автордың басына үлкен дау-дамайға апарып соғады. Мысалы, Парижден 1927 жылы Мүстафа Шоқай Ташкенттегі училищенің оқушысы Байдэулет Дабыловқа Қызылордадан С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабы шығады соны беріп жіберсең деп хат жазды. Оны байқаған жоғарыдағылар «әлі жарық көрмеген кітапты ол қайдан білді, демек елдің сыбайластарын анықтап, құрту керек» деп қорытындылап Парижде Шоқаймен кездестің онымен ымы-жымың бір деп әнші Әміре Қашаубаев қудалауға түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz