Акционерлік қоғам түсінігі және оның түрлері



Кіріспе
1.Акционерлік қоғамның қалыптасуы және қоғамда алатын орны
2.Акционерлік қоғамды құру және оның жарғылық капиталы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Нарық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекшелендірумен байланысты болды. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Акционерлік қоғамның табысының қалыптасу жолдарын және олардың бөлу әдістерін қалыптастыра отырып, табысты қалыптастыру және бөлуді жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда келесідей міндеттер шешіледі:
- акционерлік қоғамның мәнін, қалыптасуын, түрлерін қарастыру.
- акционерлік қоғамның пайдасының қалыптасуын, бөлінуін қарастыру.
1. «Банк ісі» С.Б. Мақыш, Ә.С. Ілияс .
Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл 162-163 беттер
2. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Б. Көшенова
Алматы «экономика» 2000 жыл 121-127 беттер
3. «Банковкое дело» Н.Н. Хамитов. Алматы «экономика» 2005жыл. 86-90 беттер
4. «Банковкое дело» Е.Л. Жарковская. Москва «Омета-л»2006г 291-310 беттер
5. «Банквское дело» О.И. Лаврушкин
Москва 1998, 456 бет
6. ҚР Президентінің 23.12.1995 жыл «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заңдық күші бар жарлығы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Акционерлік қоғам түсінігі және оның түрлері

1.Акционерлік қоғамның қалыптасуы және қоғамда алатын орны
2.Акционерлік қоғамды құру және оның жарғылық капиталы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарық жағдайында маңызды орынды акционерлік қоғамдар
алады. Акционерлік қоғамдар өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз
акцияларын шығару арқылы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуін
қамтамасыз етеді.
Қазақстанда акционерлік қоғамның қалыптасуы нарықтық экономика
көшумен және мемлекеттік кәсіпорындарды жекшелендірумен байланысты
болды. Басқа меншік нысанына қарағанда акционерлік қоғам ерекшелігі
акционерлік қоғам формасын, жедел түрде ірі қаржы ресурсын жұмылдыру
мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ қоғамдар өз акцияларын шығара
отырып, бизнесін жаңғыртады.
Акционерлік қоғамның нарықтық экономика жағдайында қызмет
етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.
Акционерлік қоғамның басты табысы алдағы уақытта әр түрлі қаржы
көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып
табылады.
Акционерлік қоғамның табысының қалыптасу жолдарын және олардың
бөлу әдістерін қалыптастыра отырып, табысты қалыптастыру және
бөлуді жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда келесідей міндеттер шешіледі:
- акционерлік қоғамның мәнін, қалыптасуын, түрлерін қарастыру.
- акционерлік қоғамның пайдасының қалыптасуын, бөлінуін қарастыру.

Акционерлік қоғам түсінігі және оның түрлері
1.Акционерлік қоғамның қалыптасуы және қоғамда алатын орны

Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметінің тамыры капитализм
кезеңінен келе жатыр. Экономистердің айтуынша, акционерлік қоғам қалыптасуы
капиталистік өндіріс эволюциясының жаңа сапалы кезеңіне әкелді.
Акционерлік қоғам жарыққа шығар кезінде қауіпті жағдай туғызды. Себебі, сол
кезекте жеке меншік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштердің даму
талаптарымен қарама қайшылыққа түсті. Бізге бұрыннан капиталист деп таныс,
тарихи алыс кезеңнің кәсіпкерлері біріккен өндірісті құру және
ұйымдастыру үшін, өз капиталдарын біріктіруге қажеттілік туды.
1917 жылғы Қазан көтерілісі кезеңінде Ресейде 6417,3 млн.руб
капиталыменг 2980 акционерлік қоғам әрекет етті(соның ішінде 232 шетел
кәсіпорындары 576,5 млн.руб капиталымен).
Өндірісті және тауарларды акционерлеу деңгейі бойынша Ресей дүние
жүзінде 4-ші орын алды. 1817 жылы желтоқсанда жас кеңес үкіметі, жеке
акционерлік қоғамдармен олардың қызметін бақылауға келісімге отырды. Ол
келісімге сәйкес акционерлік қоғамдар мемлекеттрік банкке өз кассалары
бойынша ақпарат беру және ақша қозғалысы туралы есеп беруге міндетті болды.

Содан 60 жыл өтіп, тек 1980 жылдың 19 маусымында ғана, КСРО Министрлігі
акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы
қаулыны бекітті. Бұл қаулы тәуекелге және және әт түрлі келеңсіз
жағдайларға қарамастан 1988-1989 жылдардағы ең бірінші кәсіпкерлер үшін
акционерлік қоғам қызметіне құқықтық негіз болды. Содан соң осы процесс
өте белсенді жүріп кетті және бүгін олардың саны мыңнан асып түсті. Ресей
ізімен бұл бағытта Қазақстанда жүрді. Қазіргі кезде 9000 жуық акционерлік
қоғамдар тіркелді, соның ішінде 4-ші бөлігі Алматыда. Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы жүргізетін
бағалы қағаздардың және эмитенттердің мемлекеттік реестрінде, жалпы
санынан тек 3-ші бөлігі ғана тіркелген. Бұл сандық қайшылықтар-
акционерлік қоғамның маңызды бөлігі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін
әр түрлі себептермен әлі қызметін бастамағанын көрсетеді.
1998 жылдың 10 шілдеде Қазақстан акционерлік қоғам қызметін реттейтін
екінші кезең заңын қабылдады. Осының әсерімен ол ТМД нарықтық
реформаларының алдыңғы қатарында қалу үшін тағы бір қадам алға басты.
Акционерлік қоғам қызметін реттейтін 1994 жылдың шаруашылық
серіктестіктер туралы заңы, елге Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап
экономикалық дамудың алғашқы кезеңдерінде жақсы қызмет көрсетті. Ал 2003
жылдың маусымындағы қабылданған заңда корпоративтік басқару принциптері
және акционерлердің мүдделерін қорғау тәсілдері айқындалған.
Акционерлік қоғамдардың бұрынғыдай түрге бөлінуі (жабық акционерлік
қоғам , ашық акционерлік қоғам) және бағалы қығаздардың қайталама
рыногындағы акциялар айналысының тәртібін жеңілдеті мақсатында оларды
орналастыру тәсілдері (жеке, ашық, жабық) Заңнан алынып тасталды, өйткені
бұрын қолданылған тәртіп акционерлердің өздеріне тиесілі акцияларды
басқару жөніндегі құқықтарын шектейтін еді.
Заңда акциялардың нақтылы құны деген ұғым акцияларды құрылтайшылар
арасында орналастырған кезде ғана сақталған, бұдан әріде, келесі
орналастыруда акциялар орналастыру бағасы бойынша, яғни олардың нарықтық
құны бойынша сатылады, сол арқылы акционерлік қоғам жұмысының тиімділігі
айқындалады.
Заңда акционерлік қоғамдардың ең аз жарғылық капиталының мөлшерін
50 000 АЕК- ге дейін ұлғайту көзделді. Акционерлік қоғамның ұйымдық-
құқықтық нысанының ерекшелігін және осындай ұйымдар қызметінің
халықаралық қызметін ескере отырып, жарғылық капиталдың көрсетілген
мөлшері олардың жұмыс істеуіне оңтайлы болып табылады.
Мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру барысында құрылған
ұсақ акционерлік қоғамдардың көп болуы бағалы қағаздар нарығын дамытуға
ықпал етпейді, өйткені олардың акциялары инвесторлар үшін қызығушылық
туғызбайды және инвестолардың көпшілігі үшін бағалы қағаздар нарығындағы
сауда объектісі бола алмайды.
Халықтық акционерлік қоғам ұғымына деген тұжырымдамалық көзқарас
өзгерді. Заңда халықтық акционерлік қоғам мәртебесін беруге негіз
болып табылатын негізгі белгі, акционерлер санының – 500 және одан да
көп болуынан басқа, акционерлік қоғамның меншік капиталының тиісті
мөлшері болып табылады. Мұндай акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды
едәуір өтімді инвестициялар салу үшін тартымды құрал болып табылады және
соған сәйкес бағалы қағаздар нарығында жоғары сұранысқа ие болуы қажет.
Сонымен бірге, Заң бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында мәмілелер
жасау міндеттілігін белгілейді.
Сондай-ақ ескірген және тиісті түрде өзінің функцияларын орындай
алмайтын акционерлік қоғамның бақылаушы органын (ревизиялық комиссия)
ішкі аудит қызметімен алмастыру көзделеді. Қоғамның бақылаушы органы
тұрақты жұмыс істейтін және өз қызметінде атқарушы органға тәуелді
болмауға тиіс. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері акционерледің жалпы
жиналысында сайлануға және қоғамның директорлар кеңесіне тікелей бағынуға
тиіс.
Акционерлік қоғамдардың дивиденттер төлеу рәсімдерін ретке келтіру
және жеңілдету, әрі төлем тәртібін нығайту мақсатында Заң дивиденттер
(облигациялар бойынша сыйақылар) төлеу үшін акционерлік қоғамдар үшін
төлем агентінің қызмет көрсетуін пайдалану мүмкіндігін белгілейді. Ұлттық
банктің есеп-айырысу, кассалық операцияларды жүзеге асыру лицензиясына
ие болған екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдар төлем агенті зретінде
жұмыс істей алады деп болжанады. Осындай институтты енгізу акционерлер мен
облигация ұстаушыларға бағалы қағаздар бойынша кірістер алу кезінде
туындайтын, қазіргі кезде нарықта бар тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік
береді. Осы акцияларды шығарған акционерлік қоғамның өзіне акция
ұстаушылардың тізілімін жүргізген кезде өз құқығын асыра пайдалануға әкеп
соқтырады.
Көрсетілгеннен басқа, Заңда акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу
рәсімдерін жетілдіру және осындай тіркеу барысында құжат айналымын азайту
көзделеді. Қоғам шаруашылық жүргізуші субъект ретінде мемлекеттік
тіркелеген кезден бастап бір ай ішінде қоғамның жарияланған акцияларының
шығарылымы мемлекеттік тіркелуге жатады деп болжанады. Бұрын тіркелген
акцияларды орналастырғаннан кейін ғана жарияланған акцияларды мемлекеттік
тіркеу мақсатында келесі өтініш жасауға болады. Акцияларды орналастыру
мерзімдерінің болмауы акционерлік қоғамның менеджерлеріне қоғамның
қажеттілігіне сәйкес оның даму перспективасын ескере отырып, акцияларды
қосымша инвестицияларға орналастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Басқа меншік түрлерімен салыстырғандағы акционерлік қоғамның
артықшылықтары:
Біріншіден, жарғылық қорын және қызметін кеңейту үшін, қоғам
акционерлердің құралдарын тартуға мүмкіндігі бар және бұл құралдар
қайтарымсыз негізде беріледі. Себебі, акциялар қоғаммен сатып алынбайды,
тек басқа акционерлерге қайтып сатылады.
Екіншіден, қоғам қызметінің жалпы басшылығы нақты басқарудан бөлінген.
Бұл сәйкес келетін басқарушыларды жалдауға және таңдауға мүмкіндік береді
және акционерлерді басқару персоналын жаңа таңдауға мәжбүр етеді, себебі
әрбір акционер қоғамның жақсы жұмыс істеуіне жауап береді.
Үшіншіден, қоғам акцияларын сатып алу жолымен, кәсіпорынның барлық еңбек
етуші ұжымының жекешеленіп кету мүмкіндігі бар.
Төртіншіден, акционерлер құрамына өзінің тұрақты контингенттерін тарту
мүмкіндігіне ие және соның салдарынан қоғам қызметінің қорытындысына
жалпы қызығушылық болады. Сонымен қатар қоғам өзі де басқа қоғамдардың
бағалы қағаздарын сатып ала алады.
Бесіншіден, шектеулі жауапкершілік. Акция ұстаушылар, тек акция сатып
алған сомамен тәуекелді. Егер де қоғам банкротқа ұшыраса да,
акционерлердің жеке активтері қауіпті болмайды.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдарды реттеу перспекти-
валары.Қазіргі кезде Қазақстанда көне бұйымдармен, үлкен қарыздарымен
жұмыссыз және еңбек ақысыз отырған коллективтерімен, толық табыссыз артында
еш нәрселері жоқ он мыңға жуық акционерлік қоғамдар бар. Баланстық қалдық
құнымен құрылқған, осындай акционерлік қоғамдар нарыққа нақты активтерімен
қамтамасыз етілмеген акцияларды сатып жіберуді әлі де жалғастыруда.
Мемлекет өз қолына басқарушы емес акционерлік қоғамдардың көмекші
функцияларын алу керек. Осыған сәйкес, ол ақша массасын және несие
бағыттарын бақылауды, мемлекеттік гарантияларды және депозитпен, несиемен,
жеке сала қарыздармен, алтынмен экспортты ынталандырудағы сақтандыру
жүйесін қамтамасыз етуді дұрыстау керек.
Енді ең маңыздысы, мемлекет корпоративтік бағалы қағаздармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
Акционерлік қоғам түсінігі
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Акционерлік қоғам қызметі
Акция түсінігі мен экономикалық мәні
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
Пәндер