Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі



Мазмұны


Кіріспе

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі
1. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
2. Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері
3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым – қатынастары анықталады.
Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.
Казіргі кезде жарғыларды Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери – техникалық прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байлансты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Презідентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы № 4156 Жарлығымен бекітілді.
Жалпы әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, шекара мен ішкі әскерлердің орындауы міндетті.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды».
Заң тұрғысынан алғанда, жалпы әскери жарғылар - дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Учебное пособие «Методика разведывательной подготовки Сухопутных войск» Воен. Издат. МО.СССР. 1979 г.
2. Учебник «Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода» Книга I. Воен. Издат. Москва, МО.СССР. 1985 г.
3. Учебное пособие «Разведка в части» Москва, 1988 г.
4. Военная топография. Воен. Издат, 1976 г.
5. Учебное пособие «Приемы и способы действий солдата в бою». Москва, Воен. Издат. 1988 г.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық
қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі
1. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
2. Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері
3. Әр түрлі күзеттегі қарауыл бастығының ерекше міндеттері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды
тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып
табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара
қарым – қатынастары анықталады.
Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының
барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген
тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне
анық нұсқаулар береді.
Казіргі кезде жарғыларды Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік
Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған.
Олар әскери – техникалық прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің
қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді
қамтиды.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық
кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байлансты. Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары Қазақстан
Республикасы Презідентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы № 4156 Жарлығымен
бекітілді.
Жалпы әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық
бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, шекара мен ішкі әскерлердің орындауы
міндетті.
Қазақстан Республикасының Әскери қызметшілер мен олардың отбасы
мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы заңында былай деп
көрсетілген: Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау,
оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару
мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес
тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы,
әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың
мәнін қүрайды.
Заң тұрғысынан алғанда, жалпы әскери жарғылар - дара басшылық
негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери
тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-
құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан
түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің
міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін
үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк,
лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді
орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді;
әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін;
жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен
мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары үйымдастырушылықты, әскери
тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін
реттейді.

Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.

Қарауылдық қызметті өткеру жауынгерлік міндеттерді орындау болып
табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін нақты сақтау,
жоғары қырағылық, пәрменді шешімділік пен бастама талап етіледі.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлілер тәртіптік және қылмыстық
жауапкершілікте болады.
Қарауылдық қызметті өткеру үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау
жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және
тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған
қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдық қызметті өткеру жөніндегі міндет әскери бөлімшелерге
жүктелмеген әскери бөлімдерде объектілерді күзетуді ведомстволық күзет
бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін. Жауынгерлік туларды, жауынгерлік
кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдарды күзету мен қорғау тек әскери
қарауылдарға жүктеледі.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болады, олар тұрақты
немесе уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондық қарауыл жалпыгарнизондық мақсаттағы объектілерді және
бір-біріне тікелей жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімнің объектілерін
күзету үшін тағайындалады.
Ішкі (кемелік) қарауыл бір бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету және
қорғау үшін тағайындалады. Авиациялық бөлімнің ұшақтары (тікұшақтары) мен
басқа да объектілері әуеайлақтарда авиациялық-техникалық бөлімнен,
қамтамасыз ету бөлімінен (бөлімшесінен) тағайындалатын ішкі қарауыл
күзетеді және қорғайды.
Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.
Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді; олар әскери
мүлікті тиеу (түсіру) немесе қоймаларға уақытша қою кезінде, көліктің әр
түрімен тасымалданатын әскери жүктерге ілесіп жүру кезінде күзету мен
қорғау, сондай-ақ тұтқындалғандарды (қамауға алынғандарды) күзету үшін
гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен
тағайындалады.
Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, қарауылдар (әскери
бөлім) бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады.
Гауптвахта жанындағы қарауыл әскери полиция органы бойынша
кезекшіге және гауптвахта бастығына бағынады.
Ішкі (кемелік) қарауылдар әскери бөлімнің командиріне (кеме
командиріне), әскери бөлім (кеме) бойынша кезекшіге және егер әскери бөлім
бойынша кезекшінің көмекшісі офицер болса, оның көмекшісіне бағынады.
Әскери бөлімнің қалған бөлімшелерінен жеке орналасқан батальонның
(дивизионның) объектілерін күзететін ішкі қарауыл, одан басқа, осы батальон
(дивизион) командиріне және әскери атағы қарауыл бастығымен тең немесе
атағы бойынша одан жоғары батальон (дивизион) бойынша кезекшіге бағынады.

Сержанттар (старшиналар) қатарынан тағайындалған әскери бөлім бойынша
кезекшінің көмекшісіне бастығы офицерлер емес қарауылдар бағынады.
Қарауылдар осы адамдардың бағынысына таралым кезінде қарауылдар
(әскери бөлім, кеме) бойынша кезекшіні қарсы алу үшін ТІК ТҰР командасы
берілген сәттен бастап кіреді, ал олардың бағынысынан қарауыл бастығы
ауысымнан кейін өз әскери бөліміне (бөлімшесіне) қарай жүру үшін Адым –
БАС командасын берген сәттен бастап шығады.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысымдар саны
бойынша қарауылдар, таратушылар, ал қажет болған кезде қарауыл бастығының
көмекшісі, техникалық күзет құралдары бойынша операторлар ауысымы
(ауысымдағы операторлар саны күзетілетін объектінің маңыздылығына, оның
периметрінің ұзындығына, орнатылған бейне қадағалау жүйелерінің санына
байланысты айқындалады, бірақ кемінде үш әскери қызметші болуға тиіс,
олардың біреуі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары бойынша
көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл бастығының қарауылдық иттер
қызметі жөніндегі көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері
(жауынгерлік машиналар экипаждары) тағайындалады.
Штабтар мен басқару пункттерін күзету бойынша бірлестіктерден
және одан жоғары, сондай-ақ аталған адамдардан басқа, мекемелерді күзету
бойынша қарауылдарға бақылау-өткізу пункттерінің қарауылдары, ал гауптвахта
жанындағы қарауылға – шығарушылар тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар қатарынан сақшылар
қойылады.
Қарауыл – объектіні (постыны) күзету мен қорғау жөніндегі
жауынгерлік міндеттерді орындау үшін тағайындалған қарауыл құрамының әскери
қызметшісі.
Сақшы, оған тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі
жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауыл деп аталады.
Сақшыға күзету мен қорғау үшін барлық тапсырылғандар, сондай-ақ
ол өз міндетін орындайтын жер немесе жергілікті жердің учаскесі пост деп
аталады. Постыларға техникалық күзет құралдарының көмегімен күзетілетін
объектілер мен осы құралдар орнатылған жергілікті жердің учаскелері жатады.

Объектілерді күзетуді сақшылар объекті айналасындағы сыртқы
қоршаулардың ішкі жағының бойында сақшы жолымен (бақылау-іздік жолақтарды)
патрульдеу, сондай-ақ мұнаралардан бақылау жолымен жүзеге асырады.
Жекелеген объектілер қозғалмайтын сақшылармен күзетілуі мүмкін.
Гарнизондар бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери
объектілердің бастықтары, сондай-ақ олардың барлық тікелей бастықтары жеке
құрамның объектілерді күзету мен қорғау үшін қажетті санын қысқартуға үнемі
қол жеткізуге міндетті. Оған:
- сақшыларды қоймастан, постыларды күзетудің техникалық құралдары
мен қарауылдық иттерді пайдалана отырып күзетуге көшумен (5-қосымша);
- ортақ қоршауы бар, қатар орналасқан, әр түрлі әскери бөлімдерге
жататын сақтау орындарын, қоймаларды, парктер мен басқа да күзетілетін
объектілерді бір қарауылдың күзетуіне біріктірумен;
- қозғалмайтын сақшылары бар постылардың санын қысқартумен және
объектілердің күзетін жаяу тәртібімен және көлік құралдарымен патрульдеу
тәсілімен ұйымдастырумен қол жеткізіледі.
Қарауыл адамдарының құқықтары мен міндеттері.

Қарауыл бастығы қарауылға тапсырылған объектілерді күзетуге және
қорғауға, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті
дұрыс өткеруіне, постылардағы және қарауылдық үй-жайлардағы техникалық
күзет құралдарының, қоршаулардың, байланыс және өрт сөндіру құралдарының,
көлік құралдарының сақталуына және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ
тізімдемеге сәйкес қарауылдық үй-жайда болатын қаруға, оқ-дәрілер мен басқа
да мүлікке жауап береді.
Қарауыл бастығының өзінің немесе қарауыл құрамымен күзетілетін
объектілерге, сақшыларға, қарауыл ауысымына (бақылау-күзету тобына)
қарауылдық үй-жайға шабуыл жасалған жағдайларда, тұтқындалғандар арасындағы
тәртіпсіздікті тоқтату немесе қашып жара жатқан тұтқындалғандар бойынша,
сондай-ақ дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін қару (арнайы
құралдар) пайдалануға құқығы бар.
Қаруды қолданар алдында дауыстап немесе оны қолдану ниеті туралы
жоғары оқ атып ескертуі тиіс.
Ескертусіз қару кенеттен немесе қарулы шабуыл, жауынгерлік техниканы, көлік
құралдарын, ұшу аппараттарын, теңіз және өзен кемелерін пайдаланумен шабуыл
кезінде, сондай-ақ тұтқындалғандар қарумен қашқан кезде және олардың
қозғалысы кезінде көлік құралдарынан қолданылуы мүмкін.
Қарауыл бастығы:
- қарауылдың міндеттерін, қарауыл бастығының нұсқаулығын және
қарауылдың барлық адамдарының міндеттерін білуге;
- қарауылдың жеке құрамынан олардың өз міндеттерін анық білуін
және нақты орындауын, жоғары қырағылық пен тәртіпті талап етуге;
- тізімдеме бойынша ауысатын қарауыл бастығынан құжаттарды, оқ-
дәрілері бар жәшіктерді, олардағы мөрлер мен оларға кілттерді, сондай-ақ
техникалық күзет құралдарын, байланыс және өрт сөндіру құралдарын
қабылдауға;
- нұсқаулықта көрсетілген күзетілетін анағұрлым маңызды
объектілердің жай-күйін, олардың жарық түсіруінің, қоршаулары мен
окоптардың дұрыстығын, сондай-ақ қарауылдық үй-жайдың және гауптвахтаның
жай-күйін ауысатын қарауыл бастығымен бірге, ал таратушылар немесе өз
көмекшілері арқылы қалған күзетілетін объектілердің жай-күйін өзі сыртынан
қарап тексеруге;
- қарауылды қабылдау кезінде жойылуы мүмкін емес, бірақ объектіні
сапалы күзетуді қамтамасыз етуге ықпал етпейтін постыларда және күзетілетін
объектілер қоршауларында анықталған барлық ақауларды постылық ведомосқа
жазуға;
- объектіні (постыны) сенімді күзетуді қамтамасыз етуге ықпал
ететін кемшіліктер анықталған жағдайда объектіні (постыны) күзетуді шұғыл
күшейтуге, ол туралы қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшіге баяндауға,
одан әрі оның нұқсауы бойынша әрекет етуге;
- постыларға ауысымдарды белгіленген уақытта жіберуге, бұл ретте
таратушылардың және қарауылдардың өз міндеттерін білуін тексеруге және
оларға әрбір постыда қызмет өткеру ерекшеліктерін ескертуге;
- резервтік (бақылау-күзету) топтың ұдайы жауынгерлік әзірлігін,
қарауыл көлік құралының, байланыс құралының ақаусыздығын, қарауыл жеке
құрамының қару мен оқ-дәрілерді ақаусыз ұстауын, қаруды оқтау, оғын алу
ережелерінің сақталуын, бұл ретте қауіпсіздік талаптарының орындалуын,
сондай-ақ постыларға жіберілетін қарауылдың барлық адамдарының қарауылдық
үй-жайда тұтандыратын, шылым шегу керек-жарақтары мен бөгде заттарын
қалдырып кетуін қадағалауға;
- осы Жарғының 174-185-тармақтарының талаптарына сәйкес қарауылда
ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері»
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
Гарнизондық нарядтың міндеттері және құқығы, қарауылдық қызметтің ұйымдастырылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
Қазақстан Республикасының қарулы күштері
Тәуліктік наряд адамдардың құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелері
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Қарулы Күштер тылы
Қарулы Күштердің ардагерлерімен және ардагерлер ұйымдарымен әскери басқару органдарының жұмысын үйлестіру
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Пәндер