2006-2008 жылдарда облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының күйін және тенденциялары


1. Жалпы экономикалық ахуал
2.Қаржылық қызметтер саласының дамуы
3. Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын іске асыру
2. Облыстың әлеуметтік.экономикалық дамуының 2009.2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
4. Ақтөбе облысының әлеуметтік.экономикалық дамуының 2009.2011 жылдарға арналған сандық индикаторлары
5. 2009.2011 жылдарға арналған жергілікті бюджеттер шығыстарының негізгі бағыттары
Көлемі 300,6 мың шаршы км. болатын облыс еліміздегі жер үлкендігі жөнінен екінші аймақ болып саналады. 2008 жылғы 1 қаңтардағы халық саны – 703,4 мың адам. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 8 қала, 12 ауылдық аудан, 424 ауыл (село) кіреді.
Облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысының талдауы көрсеткендей, «Қазақстан-2030» Стратегиясындағы анықталған міндеттерді іске асыру бойынша әкімдіктің қолданып жатқан шаралары арқасында қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып, әлеуметтік сала мен экономиканың нақты секторында оң жылжушылық тұрақты сипат алуда.
Ақтөбе облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында анықталған басымдықтарды іске асыруды есепке ала отырып, жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін анықтайды және экономиканың даму қарқынын негіздейді.
Орта мерзімді жоспар Ақтөбе облысының 2015 жылға дейінгі Бәсекелестік даму Стратегиясын іске асырудың негізгі тетігі болып табылады.
Орта мерзімді жоспардың көрсеткіштері 2009-2013 жылдарға арналған Республиканың макроэкономикалық болжамды көрсеткіштеріне, соңғы жылдардағы экономиканың және әлеуметтік инфрақұрылымының даму тенденциясының талдауына негізделген.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 85 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Начало формы

Конец формы
КІРІСПЕ

Көлемі 300,6 мың шаршы км. болатын облыс еліміздегі жер үлкендігі жөнінен
екінші аймақ болып саналады. 2008 жылғы 1 қаңтардағы халық саны – 703,4 мың
адам. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 8 қала, 12
ауылдық аудан, 424 ауыл (село) кіреді.

Облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысының талдауы
көрсеткендей, Қазақстан-2030 Стратегиясындағы анықталған міндеттерді іске
асыру бойынша әкімдіктің қолданып жатқан шаралары арқасында қоғамдық-саяси
тұрақтылық сақталып, әлеуметтік сала мен экономиканың нақты секторында оң
жылжушылық тұрақты сипат алуда.
Ақтөбе облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-
экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары стратегиялық жоспарларда,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан
халқына Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009
жылдарға арналған бағдарламасында анықталған басымдықтарды іске асыруды
есепке ала отырып, жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін анықтайды
және экономиканың даму қарқынын негіздейді.
Орта мерзімді жоспар Ақтөбе облысының 2015 жылға дейінгі
Бәсекелестік даму Стратегиясын іске асырудың негізгі тетігі болып табылады.
Орта мерзімді жоспардың көрсеткіштері 2009-2013 жылдарға арналған
Республиканың макроэкономикалық болжамды көрсеткіштеріне, соңғы жылдардағы
экономиканың және әлеуметтік инфрақұрылымының даму тенденциясының
талдауына негізделген.

2006-2008 жылдарда облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының күйін және
тенденцияларын талдау

1. Жалпы экономикалық ахуал

2.Қаржылық қызметтер саласының дамуы

Банк секторы. Ақтөбе облысының қаржылық секторы экономиканың дамыған
саласының бірі болып табылады. 2008 жылдың 1 қаңтарында облыстың банк
секторында екінші деңгейлі банктің 22 филиалы жұмыс жасайды (оның ішінде 6
облыс аудандарында). Бұдан басқа, банк филиалдарының 118 құрылымдық
бөлімшелері жұмыс жасайды.
Валюталық нарық. 2008 жылдың 1 шілдедегі күйі бойынша облыста тіркелген
143 ақша алмастыру пункті, оның ішінде 130 – банкілік және 13 – уәкілетті
ұйымдары бар. 2007 жылы екінші деңгейлі банкілермен облыстың экономикасына
берілген кредиттер сомасы 259,1 млрд. теңгені құрады. Салалық құрылымда
сауда, құрылыс, өнеркәсіп салаларына кредит белсенді берілуде.
Көрсеткіштердің ұлғаюына тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру әсер етті, ол қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй
құрылысының көлемінің жедел өсуіне ықпал етті.
Банкілердегі жеке тұлғалардың салымдары 2007 жылы 39,0 млрд. теңгені
құрады, 2006 жылғыға 118,1% өсімін қамтамасыз етті.
2008 жылдың 9 айында екінші деңгейлі банкілермен облыстың
экономикасына берілген кредиттер сомасы 108,8 млрд. теңгені құрады. 2008
жылдың қаңтар - қыркүйегінде тұрғындардың салымы 42,3 млрд. теңгені құрады,
бұл 117,2 % өсімін қамтамасыз етті.
1.1.2. Инвестициялық сала
Облыста негізгі капиталға тартылған инвестиция өсімінің тұрақты
тенденциясы байқалуда. 2007 жылы инвестицияның жалпы көлемі 225,2 млрд.
теңгені құрады, бұл 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда қолданыстағы
бағамен 120,4% (187,1 млн. теңге) құрайды.
Негізгі капиталға салынатын салым көздері шаруашылық субъектілерінің
жеке қаражаттары – 190,4 млрд. теңге (жалпы инвестиция көлемінен 84,6%).
Шетел инвестициясы 13,5 млрд. теңгені, бюджеттік қаражаттар – 21,3 млрд.
теңгені құрады.
Кәсіпорындар және шетел инвесторларының жеке қаражаттарын
инвестициялау үшін басымды саласы таукен өндіру өнеркәсібі қалып отыр, бұл
инвестицияның жалпы құрылымында 2007 жылы 58,3% құрады (131,2 млрд. теңге).
2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемінен
өңдеу өнеркәсібінде 5,8% пайдаланылды.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы табысты іске асырылуда,
оның шеңберінде 2004-2007 жылдары сомасы 282,8 млрд. теңгеге 243 жоба,
соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде сомасы 29,9 млрд. теңгеге 153 жоба іске
асырылды.
2004 ж. – сомасы 65,4 млрд. теңгеге 46 жоба;
2005 ж. – сомасы 72,2 млрд. теңгеге 59 жоба;
2006 ж. – сомасы 73,1 млрд. теңгеге 67 жоба;
2007 ж. – сомасы 72,1 млрд. теңгеге 71 жоба.
Аталған кезеңде барлығы 6937 жаңа жұмыс орны ашылды.
2006-2007 жылдарда 138 жаңа өндіріс енгізілді. Соның ішінде мынадай
ірі инвестициялық жобалары іске асырылды.
Ақтөбе мыс компаниясы ЖШС жылына 200 мың тонна мыс концентратын
шығаратын озық технологиялар негізінде мыс рудасын өңдейтін Көктау
таукен - байыту комбинаты іске қосылды. Нәтижесінде мысты өндіру және
өңдейтін таукен - металлургиялық кешенінің жаңа ішкі тармағы құрылды.
2007 жылы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және жаңадан
бөлінгендерді ендіруге бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жүзеге
асырылды, олардың арасында: үшінші Жаңажол газөңдеу зауытының бірінші
кезегі (СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ), жылына 80 мың тонна қуаты бар шағын
мұнай өңдеу зауыты (ЭнДжиПродакшн ЖШС), қуыс плиталарын және төсенішті
өндіретін үй құрылысы комбинаты (Стройдеталь ЖШС), силикат зауыты
(Силикат-А ЖШС) және басқалары бар.
Жаңа өндірістік объектілерді енгізу, бар өндірістерді реконструкциялау
және жаңғырту есебінен тек қана 2007 жылы сомасы 20 млрд. теңгеге астам
қосымша өнеркәсіп өнімі шығарылды.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2008 жылдың
басынан бері жалпы құны 112,8 млрд. теңгеге 27 жаңа объекті енгізілді, 3043
жұмыс орны ашылды. Жыл аяғына дейін жалпы сомасы 72,0 млрд. теңгеге 24 жаңа
өндіріс енгізілетін болады, 2170 жұмыс орны ашылады.
Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы Мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде біздің облыстан енгізілген, жалпы құны 5,1 млрд. АҚШ доллары
болатын алты серпінді жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
Олардан енгізілгені: қуаты жылына 2 млрд. куб.м. газды өндіретін
үшінші Жаңажол газөңдеу зауытыныңы 1 кезегі және қуаты жылына 1,3 млн.
тонна руда өндіретін Восход кенорнындағы хром рудасын байыту жөніндегі
таукен байыту комбинаты (Восход-Ориел ЖШС).
2008 жылдың аяғында жылына 2,5 млн. тонна мыс рудасын байыту бойынша
Көктау ТБК (таукен байыту комбинаты) екінші кезегін енгізу жоспарлануда.
Электрметаллургиялық зауытын, біртегіс әйнек және теміржол вагондарын
шығаратын өндірістерді салу жобалары бойынша жұмыс жалғастырылуда.
Облыстың инновациялық әлеуетін арттыру мақсатында Ақтөбе өңірлік
индустриялдық технопарк құрылды. Қысқа мерзім ішінде, идеядан бастап
өндірістік іске асыруға дейінгі инновациялық жобалардың үзіліссіз жылжуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Технопарктің ұйымдық құрылымы құрылды.
2008 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға тартылған
инвестицияның 210,2 млрд. теңгесі игерілді немесе 2008 жылғы сәйкес
кезеңге 114,9%.
2008 жылы бағалау бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның
245,0 млрд. теңгесі игеріледі. Соның ішінде республикалық және жергілікті
бюджет қаражаты есебінен 28,1 млрд. теңге инвестиция, кәсіпорындардың жеке
қаражаттары – 174,9 млрд. теңге, шетел инвесторлары – 42,0 млрд. теңге
игерілетін болады.
Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін бюджеттік инвестициялар
біршама ұлғайтылады, олардың көлемі 21,6 млрд. теңгені құрайды, ол 2007
жылғы көрсеткіштен 71,4% артық. Осы қаражаттарға 134
инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. 128 жобаның
38 жобасы 2007 жылғыдан ауысқаны, 90 жобаны 2008 жылы бастау жоспарлануда.

1.1.3. Коммуналдық мүлікті басқару
2008 жылдың 1 қаңтарында облыстағы коммуналдық меншікте 1245
шаруашылық субъектісі бар, соның ішінде: 24 шаруашылықты жүргізу құқығы
бар кәсіпорын, 171 қазыналық кәсіпорын, 4 акционерлік қоғам, 23
шаруашылық серіктестігі, 1018 мемлекеттік мекеме, 5 мемлекеттік кәсіпорны
бар.
2007 жылы мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін кейіннен
меншікке берумен бір жылға сенімді басқаруға беру, сату жүргізілмеді.
2007 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген объектілерді
сенімді басқару контрактісі бойынша міндеттемелерді атқаруына байланысты
2 объекті меншікке берілді.
2007 жылы Ақтөбе облысы бойынша жалпы сомасы 8 595 мың теңгеге
мүліктік жалдаудың 434 шарты жасалды.
2008 жылдың 1 қазанда коммуналдық меншікте 1028 мемлекеттік мекемесі
бар, 230 коммуналдық қазыналық кәсіпорын, 28 коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорын, 26 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 4 акционерлік
қоғам бар.
2008 жылдың 9 айында Ақтөбе облысы бойынша жалпы сомасы 1774,9 мың
теңгеге мүліктік жалдаудың 165 шарты жасалды.

1.1.4. Бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту
Ашық бәсекелестіктің қарым-қатынасы, сұраныс пен ұсыныстан құрылатын
балансы әсерінен өз қызметін рынок субъектілерінің жүзеге асыруы нарықтық
экономиканың жұмыс жасауының негізін көрсетеді.
Осыған байланысты облыста бәсекелестік саясат мақсатында
кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың заңды мүдделерін
қорғау және тауар рыногының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайды қамтамасыз
ету болып табылады.
Тауарлы нарығында басымды орындардағы, нарық субъектілерінің
тізіліміне 2008 жылғы 1 қазандағы күйі бойынша 69 қызмет көрсететін 38
субъекті тіркелді.
2007 жылы 24 субъектіден 38 өтінім қаралды, соның ішінде 3-уі
қолданыстағы тарифті төмендетумен, 8 – қолданыстағы тарифті көтерумен
қабылданды, 15 – қарауға қабылдамады, 7-уіне қолданыстағы тарифтарды
көтеруін қабылдамады.
2008 жылдың 9 айында 14 субъектіден түскен 24 өтінім қаралды, соның
ішінде 3-уі қолданыстағы тарифті төмендетумен қабылданды, 7-уін қарауға
қабылдамады, 5-уіне қолданыстағы тарифтарды көтеруі қабылданбады, 7 –
тарифті көтерумен қабылданды, 2 өтінім қаралмады.
Облыс әкімдігі мен Ақтөбеэнергоснаб ЖШС арасында электрмен жабдықтау
саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде ынтымақтастық туралы келісім
жасалды.
Жаңажол КС-13 магистралды газқұбырын пайдалануға енгізу тұрғындар
үшін тұтынатын газға тарифті 2007 жылғы қыркүйектен бастап 2 есеге
төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттық тауарлар мен
қызметтердің бәсеке қабілеттілігін қолдау жүзеге асырылуда, олар өздерінің
әлемдік экономикаға, соның ішінде шағын және орта бизнеске кіру деңгейін
анықтай алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, 2008-2015 жылдарға
арналған ҚР бәсеке қабілеттілігін және экономиканың экспорттық
мүмкіндіктерінің сапалы жаңа деңгейге жеткізу Тұжырымдамасына сәйкес
бағдарламалық және жоспарлы құжаттары әзірленуде.
Ақтөбе облысының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
жеделдетілген шаралардың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
әзірленді және қолданыста, оның негізгі міндеттері кредитті және
материалдық ресурстарға, жаңа технологияларға кәсіпкерлік субъектілерінің
қолжетімділігін жеңілдету, кәсіпкерлік инфрақұрылымының тиімді жұмыс
жасауын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелерінде қоғамдық
ұйымдардың рөлін күшейту және басқа да міндеттері болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бюджеттік көздерінен белсенді
қаржылық-кредиттік қолдау, сонымен қатар мемлекеттік емес қаржылық
институттардың қаражаттары есебінен жүргізілді.
2007 жылы жергілікті бюджеттен кәсіпкерлік қызметті дамытуды қолдауға
49,7 млн. теңге бөлінді, олар толығымен игерілді. Екінші деңгейлі банкілер
сомасы 79,4 млрд. теңгеге 8272 жобаға кредит берілді, бұл 2006 жылғы
деңгейден 1,5 есеге артық.
Республикалық бюджеттің 2,6 млрд. теңгеден артық қаражаты ауыл
шаруашылық өндірісін қолдауға бағытталды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау
қорларымен 2007 жылы сомасы 739,3 млн. теңгеге әр түрлі бағыттар бойынша
500 артық жобаға кредит берілді.
Тұрғындардың аз қамтылған қабатын қолдау, шағын бизнесін дамытуға
оларды ынталандыру үдерісінде ерекше орынды шағын кредит беру жүйесін
дамыту мәселесі алады.
Барлық ШКҰ 2007 жылы жалпы сомасы 629,3 млн. теңгеге 1892 шағын кредит
берілді немесе 2006 жылғыдан 2 есеге көп.
Жалпы барлық қаржылық институттармен сомасы 81,1 млрд. теңгеге
кредиттік ресурстар берілді, бұл 2006 жылғыдан 1,5 есеге көп.
Қабылданған шаралар бизнестің жеделдетіп дамуына және облыстағы
шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштерінің өсуіне ықпалын
тигізді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2007 жылы 36,8 мың
бірлікті құрады ( 2006 жылмен салыстырғанда өсім 13,5%).
2006 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 65,9 мың адамға
жетті немесе 2006 жылмен салыстырғанда 20% өсті.
Шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнім көлемі ( жұмыс, қызмет)
1,3 есеге ұлғайды және 64,9 млрд. теңгені құрады.
Салық тәртібінің процедурасын жеңілдету бөлігінде жүргізілген саясаты
бюджетке түскен салық төлемдерін 2006 жылғыға қарағанда 2 есеге ұлғайтуға
мүмкіндік берді.
Бағалау бойынша 2008 жылы шағын бизнес субъектілерінің саны 1098
бірлікке, шағын бизнес құрылымдарында жұмыспен қамтылғандар саны 6,0 мың
адамға, шығарылатын өнім 20,7% ұлғаяды.

1.1.5. Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісі облыс экономикасының негізі болып табылады.
Өнеркәсіптің жалпы аймақтық өнімге салған салымы 54,0% құрайды және жыл
сайын өсу қарқыны бар.
2007 жылы сомасы 655,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты
көлем индексі 101,4% құрады. Облыс өндірген көлемі бойынша республиканың
өңірлері арасында бес көшбасшы қатарына кіреді.
Қаңтар-қазан айларында сомасы 798,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі
өндірілді. Нақты көлем индексі 101,8% құрады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес таукен-металлургиялық саласын тиімді
дамыту және бәсеке қабілеттілігін көтеру бойынша шаралар қабылдануда.
2006-2007 жылдарда 15,4 млн. тонна мұнай, 6,7 млрд.куб.м. газ, 7,1
млн. тонна хром рудасы және концентраттар, 1,8 млн. тонна мыс рудасы
өндірілді.
Жалпы өнімнің негізгі түрін шығару бойынша өңір өткен жылдардың
деңгейін біршама артқа тастады. Ферроқорытпа өндірісі төртжүздік мәреден
асты және 408,3 мың тоннаны құрады. Хром концентраттарын шығару деңгейі
3,5 млн. тоннаға жетті, мыс концентраты 13,4 есеге, мұнай өңдеу өнімдері –
1,2 есеге өсті.
Өнеркәсіптің таукен өндіру саласында өндіріс көлемі 2006 жылы 435,4
млрд. теңгені, 2007 жылы 503,3 млрд. теңгені құрады.
Облыста өндірілетін мұнайдың негізгі үлесі (34) СНПС Актөбемұнайгаз
АҚ келеді.
Қазахойл Ақтөбе ЖШС кенорындарында 10 жаңа скважина енгізді, 20,4
млрд. теңге игерілді.
Қазхром ТҰК АҚ Дөң ТБК Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы
шахтасының бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс жұмыстары
жалғастырылды.
Құрылыс басынан бері 8,1 млрд. теңгеден артығы игерілді, соның ішінде
2007 жылы 1,0 млрд. теңгесі игерілді.
Қызыл Қайың Мамыт ЖШС көмір өндіру кәсіпорны 2007 жылы 6,2 мың тонна
көмір өндірді.
Өңдеу өнеркәсібінде 2006 жылы 96,2 млрд. теңге өнім өндірілді, 2007
жылы - 126,0 млрд. теңге.
Салада резина және пластмасс бұйымдары өндірісінің өсімі 2,4 есеге,
машина құрылысы 14,8%, ағаш өңдеу – 31,4% қамтамасыз етілді.
ҚазхромТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты әртүрлі маркілі және
фракциялы хромдық және кремний қорытпалардың ферроқорытпаларын өндіруді
және іске асыруды қамтамасыз етеді. 2007 жылы сомасы 51,8 млрд. теңгеге
тауарлы өнім өндірілді (өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемінен 42%).
Тәулігіне өнімділігі 50 тонна шлак шығаратын тұнбалау кешені салынды
және пайдалануға берілді, ол шлактан қалпына келтірілген феррохромды
толығымен алуға мүмкіндік береді. Жоғарғы көмірсутекті феррохромнан
өндірілген шлак толық көлемде қиыршық тас етіп іске асырылады.

Шоқаш кенорнындағы байыту фабрикасынан алатын рутил-циркондық
өнеркәсіптік өнімдерін қайта өңдеу бойынша таукен байыту цехы салынды.
Ақтөбе хром қосындылар зауыты АҚ 10,8 млрд. теңгеге өнім
өндірілді, бұл 2006 жылғы деңгейден 2,3 млрд. теңгеге көп. Хром тұздары
94,2 мың тонна, хром қышқылы 22,0 мың тонна, хром ангидриді – 20,7 мың
тонна, хром дубителі – 22,8 мың тонна, натрий бихроматы - 62,6 мың
тоннасы шығарылды.
2007 жылы электр энергиясының өндірісі 6,1% ұлғайтылды және 1847,7
млн. кВт.сағ. құрады. 2007 жылы электр энергиясын тұтыну 5% өсті және
сағатына 3319,0 млн. кВт. құрады. Жылу энергиясы 5334,0 мың Гкал өндірілді,
бұл 2006 жылғыдан 8,5% артық.
2008 жылдың қорытындысымен бағалағанда облыстың өнеркәсіп
кәсіпорындарында сомасы 884,5 млрд. теңгеге өнім өндірілетін болады, бұл
2007 жылғы деңгейден 229,1 млрд. теңгеге артады.
Соның ішінде таукен өндіру саласында – 650,4 млрд. теңге (өсім 147,1
млрд. теңгеге); өңдеу саласында – 202,7 млрд. теңге (өсім 76,8 млрд.
теңгеге); электр энергиясын, газды және суды өндіру және таратуда – 31,4
млрд. теңге (өсім 5,2 млрд. теңгеге).

1.1.6. Құрылыс

2005-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдарының, бұйымдарының және
конструкцияларының өнеркәсібін дамыту бағдарламасы шеңберінде облыста
құрылыс материалдары өндірісінің индустриясы серпінді дамуда, мұнда 132
кәсіпорынды қамтыды.
2006-2007 жылдары құрылыс материалдарының әр түрін шығару бойынша
жаңа 58 өндіріс іске қосылды. Салаға тартылған инвестицияның жалпы көлемі
8,5 млрд. теңгені құрайды.

2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы керамикалық плиткі бұйымдарының
өндірісі 1,6 есеге, кірпіш, черепица және блоктары 1,9 есеге,
пластмассадан жасалған бұйымдар (есіктер, терезелер, жақтаулар, қораптар)
1,2 есеге, құрылыс металл конструкциялары 1,7 есеге, ағаш бұйымдары 1,6
есеге ұлғайды.
Бүгінгі күні облыс құрылыс материалдарының ірі жеткізіп берушісі болып
табылады. Іс жүзінде, облыс құрылыс материалдарының барлық негізгі
түрлері бойынша қажеттілігін қамтамасыз еткен. Облыстың ішкі рыногында
отандық өнімнің үлесін ұлғайтуға қол жеткізілді, бұған өнімнің жекелеген
түрлері (бетоннан жасалған бұйымдары, құбырлар, құбыршалар және
пластмассадан жасалған профилі) бойынша құрылыс материалдары импорты
көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Өндірістердің техникалық деңгейін арттыру, шығарылатын өнімнің түрін
және сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын
өнімнің жаңа түрлерін игеру жоспарында міндеттерді шешу жөніндегі шаралар
іске асырылды. Құрылыс материалдары рыногында үлкен сұранысқа ие жаңа
жоғарғы сапалы өнім түрлерін өндіруге бар өндірістерді қайта бейімдеу
жүзеге асырылды. Сонымен қатар, қаржылық дағдарыс құрылыс саласындағы
жағдайға жағымсыз әсер етті. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс
индустриясы кәсіпорындарының өнім өндірісінің көлемі 16,3% қысқарды.
2008 жыл басынан бері силикат кірпішін шығаратын, қуысты бетоннан
блоктар өндірісі, газбетоннан блоктар өндірісі бойынша, металл-полимер
құбырлары өндірісі бойынша, шиыршық тас – ұсақтау зауыты, гипсокартон
өндірісі бойынша комбинаты және т.б. зауыттары іске қосылды.
Елбасының тапсырмасы шеңберінде 21 серпінді жобалардың тізбесіне
құны 70,0 млрд. теңгеден астам құрылыс материалдары өндірісі саласындағы
8 жоба кіреді, соның ішінде әйнек ыдысы (тара) және флоат-әйнек;
силикат кірпішін, газбетоннан және базальт талшығынан блоктарды шығаратын
зауыттары; қуысты бетон шығаратын екі зауыты және т.б. бар.
Облыста қабылданған шаралардың нәтижесінде және өнеркәсіптік құрылыс
материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын дамытудың өңірлік
бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстың негізгі қорытындысы,
ол нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар құру
болып табылады - яғни бәсекеге қабілетті өнімді өндіру, бұл

әрбір кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға және жалпы өңірдегі
экономиканы дамытуды жеделдетуге көмегін тигізеді.

1.1.7. Ауыл шаруашылығы

Облыс экономикасының аграрлық секторын дамыту 2006-2010 жылдарға
арналған облыстың агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты даму бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар
бағдарламасына қамтамасыз ету жөніндегі шараларға сәйкес жүзеге асырылуда.
Облыстың ауыл шаруашылығын дамыту қорытындысының 2007 жылғы талдауында
ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері өндірісінің көлемін өсіру
тенденциясы сақталғандығын көрсетеді.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 3728,3 млрд. теңгені
құрады, бұл 2006 жылғыдан 1,3 есеге көп.
Соның ішінде республикалық бюджеттен 2959,4 млн. теңге (өсім 30,1%),
жергілікті бюджеттен 768,9 млн. теңге (өсім 11,9%) бөлінді.
Тұқым мен ЖЖМ сатып алуға бюджеттік және бюджеттік емес
қаражаттардың 1,4 млрд. теңгесі бөлінді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі заманғы технологиясын игеру
бойынша мақсатты жұмыстар атқарылды. Машина-трактор паркін жаңартуға 972,1
млн.теңге бағытталды, соның ішінде Қазагрофинанс АҚ арқылы жалпы сомасы
630,1 млн. теңгеге 4 егін кешені, 18 МТЗ тракторы, 7 КАМАЗ жүк автокөлігі
және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Кредиттік қорларға қол жетімділігін қамтамасыз ету ауылдық кредиттік
серіктестіктердің және шағын кредиттік ұйымдардың кредиттік портфелін
ұлғайту және желісін дамыту есебінен шешілді.
Облыста 10 ауылдық кредиттік серіктестіктер жұмыс жасайды, оларға
сомасы 928,6 млн. теңгеге кредит берілді, бұл 2006 жылғыдан 1,4 есеге
көп.
2007 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын егу агротехнологиясын елеулі
жақсартуға мүмкіндік берді. Алаңы 332,5 мың га немесе егістіктің 50,3%
дәнді-дақылдар өндірісінің ылғалқор сақтайтын элементтері игерілді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде алғаш рет соңғы 3 жылда жақсы астық
алуға мүмкіндік берді. Астықтың 459,2 мың тоннасын бастырды, бұл 2006
жылғыдан 3,6 есеге көп. Дәнді-дақылдардың шығымдылығы гектардан 8,4
центнерді құрады.
Соңғы жылдары майлы дақылдардан жақсы астық жиналды, ол 3,1 мың
тоннаны құрады, бұл 2006 жылғы деңгейден 2,0 есеге көп.
Мал шаруашылығын қолдауға 767,4 млн. теңге бағытталды, бұл 2006
жылғыдан 1,8 есеге көп.
Мал шаруашылығы өнімі өндірісін субсидиялау бойынша бағдарламалар
әзірленді және табысты іске асырылуда, бұл үшін 126,5 млн. теңге бөлінді.
Асыл мал тұқымын қолдауға 54,9 млн. теңге субсидияланды. Облыста
сиырды қолмен ұрықтандырудың 116 пункті жұмыс жасайды. Гендік қорын
жақсарту үшін облысқа республиканың басқа облыстарынан таза асыл тұқымды
мал әкелінеді.
Жүргізілген жұмыс 2006 жылмен салыстырғанда еттің өндіріс көлемін
3,6%, сүтті – 4,1%, жұмыртқаны – 5,8% және жүнді – 5,9% өсімін қамтамасыз
етуге мүмкіндік берді.
Ірі қара мал басы 3,4%, қой мен ешкі 6,2%, шошқа 22%, жылқы 4,8%, түйе
1,4%, құс 9,8% ұлғайды.
Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту бойынша мақсатты
бағытталған жұмыс жүргізілуде.
Соңғы екі жылда қайта өңдеу саласын дамытуға 3,0 млрд. теңге
инвестицияланды. Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу бойынша жаңаларын
енгізу және жұмыс жасап тұрған қуаттарды жаңғырту жөніндегі жобалар іске
асырылады. Құс етін өндіретін және өңдейтін Ақ-Құс құс фабрикасы өндіріс
көлемін ұлғайтуда, Туркуаз Эдибл Ойл Индастриес ЖШС өсімдік майын құю
жөніндегі жаңа желісі енгізілді. Жаңа Әлжан ұн комбинаты АҚ
реконструкция жүргізілді.
Өнімді қайта өңдеуде инновациялық технологиялар ендірілуде. Мысалы,
Франко-С ЖШС жаңа ЭлМо (жастық эликсирі) сүт сусынын шығаруды ретке
келтірді; Адель и М ЖШС етті деликатестерді шығаруды бастады.
Нұрсат ХХІ ЖШС цитрустық және жеміс-жидектердің пісуі үшін
4 камералы қойма құрылысы аяқталуда.
Қайта өңдеу кәсіпорындарына сомасы 600,0 млн. теңгеге жеңілдікті
кредит алуға мемлекеттік қолдау көрсетілді, олар бойынша субсидиялар 32,8
млн. теңгеден асты.
Халықаралық сапа стандарттары бойынша қайта өңдеудің 8 кәсіпорны
жұмыс жасайды.
Жалпы облыстың агроөнеркәсіптік кешеніне 2007 жылы 2,8 млрд. теңгеден
артық инвестиция тартылды.
Аграрлық өнімді өткізу бойынша сауда инфрақұрылымы дамытылуда. 2007
жылы Ақтөбе қаласында Орталық базар ЖШС мал мен жем-шөп сататын базары,
Фриком ЖШС көтерме - бөлшектеу сауда базары, Достық әмбебап базары
пайдалануға берілді.
Жүргізілген жұмыстың арқасында 2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы
өнім көлемі 40,0 млрд. теңгені құрады.
2008 жылы аграрлық секторды мемлекеттік қолдау көлемі 4,8 млрд.
теңгені (өсу қарқыны – 130,0%) құрады. Дәнді-дақылдардан жақсы астық
алынды. 647,6 мың га. алқаптан 590,0 мың тонна астық бастырылды. Бұл өткен
жылғы кезеңнен 22,5% көп. Дәнді-дақылдар өнімділігі 1 гектардан 9,4
центнерді құрады (2007- жылы – 8,3 центнер).
Сондай-ақ, майлы дақылдардан, картоптан, көкөніс пен бақша өнімдерінен
жақсы өнім алынды. Облыста алғаш рет тамшылатып суару технологиясы
ендірілуде.
2008 жылғы бағалау бойынша ірі қара мал басы – 3,4 пайызға, қой мен
ешкі – 6,3 пайызға, шошқа – 22 пайызға, жылқы – 4,7 пайызға, түйе -1,3
пайызға және құс – 9,8 пайызға өседі.
Ет өндірісі 7,1 пайызға, сүт – 3,6 пайызға, жұмыртқа – 7 пайызға, жүн
– 2,6 пайызға ұлғаяды.
Облыстың 5 қайта өңдеу кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесінің мен
өнім қауіпсіздігінің стандарттары ендірілетін болады. Нәтижесінде
кәсіпорындар саны 13 бірлікті құрайды.
2008 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі сомасы 59,6 млрд.
теңгені құрап , бұл 2007 жылғыға қарағанда 110,3% құрайды.

1.1.8. Көлік және коммуникация

Ақтөбе облысы тарихи құрылған дамыған теміржол инфрақұрылымымен,
қолайлы географиялық орналасуымен тек қана батыс аймағының өңірлік
көліктік орталығы ғана емес, сонымен қатар Батыс Қазақстан өңірін
республиканың басқа облыстарымен байланыстыратын звеносы болып табылады,
бұл облыс экономикасы үшін көліктік сала рөлінің өскендігін көрсетеді.

Автокөлік жолдары
Автокөлік жолдары көліктік-коммуникациялық кешеннің ең маңызды
элементтерінің бірі болып табылады.
Облыс автожолдарының жалпы ұзындығы 5977,7 км., соның ішінде
республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар 1872 км., облыстық
және аудандық мағынадағы жолдары 4105,7 км. құрайды.
Автожол саласының 2006-2012 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы ауқымында 2007 жылы Самара - Шымкент халықаралық маңызы
бар автожол учаскесіне реконструкция жүргізілді.
2008 жылы Орал-Ақтөбе учаскесінің 526-590 км. реконструкцияны аяқтау
және Қарабұтақ – Ырғыз – Қызылорда облысының шекарасы учаскесінің 1025-
1132 және 1132-1240 км. жұмыстар жалғастырылатын болады.
Жергілікті мағынадағы жолдарды дамытуға және жөндеуге 2007 жылы
2105,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттің
трансферттері 485,0 млн. теңгені құрады. Хромтау станциясына кіре беріс
жолының құрылысы және Ойыл өзені арқылы өтетін көпірге реконструкциялау
басталды. Ақтөбе қаласының Бұтақ және Сазды өзендері арқылы өтетін
көпірлерінің құрылысы аяқталды. Қобда-Ойыл учаскесінде жолдың 43 км.
күрделі жөнделді, Қобда ауылынан Жиренқопа ауылына дейін және Жиренқопа
ауылының көшелеріне ұзындығы 99,8 км. жолға орташа жөндеу жүргізілді,
жолдардағы жасанды құрылғылардың 17 бірлігі жөнделді.
2008 жылы жергілікті мағынадағы автомобиль жолдарын дамытуға және
жөндеу жұмыстарын орындауға жалпы сомасы 5051,8 млн. теңге қаражат бөлінді,
бұл 2007 жылғыға қарағанда 2,4 есеге көп.
Хромтау ауданының Хромтау қаласынан Хромтау теміржол станциясына кіре
беріс жолының құрылысы және Шұбар-құдық – Ойыл – Қобда – Соль-Илецк
автожолының 163-169 шақырымдағы Ойыл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы
аяқталды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында Елек өзені арқылы
және Қобда ауданындағы Батпақты өзені арқылы өтетін көпірлер құрылысы
аяқталды.
Ырғыз ауданының Ырғыз - Нұра автожолында Ырғыз өзені арқылы
өтетін көпірді реконструкциялау жалғастырылуда.

Автомобиль көлігі
2007 жылы облыстың жолаушылар автокөлігі 1186 бірлік техникасы
есептелді, бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 10,7% көп, оның ішінде автобус
- 330 бірлік, микроавтобус – 591, троллейбус – 11, жеңіл автокөлік – 254
бірлік.
Тұрақты жолаушылар көлігімен (автобустар, микроавтобустар) 148,6
млн. жолаушы тасымалданды. 2007 жылғы жолаушыайналым 6850,7 млн. жкм.
құрады. Жолаушылар мен жүкті тасымалдау 33 ішкі облыстық және 49 қалалық
маршруттар бойынша жүзеге асырылды.
Жолаушылар мен жүкті тасымалдауға әр түрлі меншіктегі 24 тасымалдаушы
іске қосылған болатын. Автокөлікпен жолаушыларды тасымалдаудың жалпы
көлемінен облыстық орталығында қалалық маршруттардың үлесіне 32% келеді
немесе 47,6 млн. адам.
Облыста халықаралық және облысаралық жолаушылар тасымалы қарқынды
дамуда. Негізгі тасымалдаушы Экспресс ЖШС болып табылады, ол 8 маршрутта
қызмет көрсетеді, оның ішінде Ақтөбе – Санк-Петербург, Самара, Тольятти,
Казань, Орынбор, Орск, Краснодар, Екатеринбург қатынастары бар.
2007 жылғы жүкайналымы 2448,2 млн. ткм. құрады. 2008 жылдың бағалауы
бойынша 2509,4 млн. ткм. (102,5%).
2008 жылы облыстың жолаушылар автокөлігі 1200 техника бірлігін
құрайды, бұл 2007 жылғымен салыстырғанда 1,2% көп, сонымен қатар облыстың
жолаушылар автокөлігімен 151,1 млн. жолаушы тасымалдау жоспарлануда, бұл
2007 жылғыдан 2% көп.

Теміржол көлігі
Соңғы жылдары Хромтау-Алтынсарин теміржол желісі, ұзындығы 80 км.
Жаңажол-Жем теміржолы сияқты облыс үшін әлеуметтік маңызды инвестжобалар
іске асырылды.
2007 жылы теміржол көлігімен 3,5 млн. жолаушы тасымалданды (Ақтөбе
тасымалдау бөлімінің деректері бойынша).
Облыстың қала маңындағы қатынастары бойынша теміржол көлігімен
жолаушыларды тасымалдау бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылды, олар:
- қала маңындағы әлеуметтік маңызды маршруттары: Ақтөбе-Шалқар және
Қандыағаш-Никельтау;
- теміржолшылар –жолшыларды тасымалдау үшін маршруттар: Шалқар-
Сексеуіл, Шұбарқұдық-Сағыз, Әйтеке-Никельтау және Жем-Шалқар.
2007 жылы жолаушыайналымы 746 млн. жолаушыкилометрді құрады,
жүкайналымы 18447 млн. ткм.
2008 жылы бағалау бойынша 3,4 млн. жолаушы тасымалданады (2007 жылғы
деңгейге 105,3), жолаушыайналымы 1885,0 млн. жолаушкм (108,0%),
жүкайналымы 19740 млн. ткм (107%) құрайды.
Әуе көлігі
2007 жылы жолаушы тасымалының өсімі 35% құрады, 95,7 мың жолаушы
тасымалданды. Өсім Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Москва бағыттары бойынша
авиақызмет көрсетуге сұраныстың ұлғаюы, сондай-ақ Эйр-Астана, Скат,
Starline KZ авиакомпанияларының, Сабиха, Анталья жаңа маршруттары бойынша
рейстарын орындауымен, Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Москва бағыттары
бойынша рейстарының жиілігі ұлғайды.
Телекоммуникация және пошта байланысын дамыту
Облыста жергілікті телефон байланысымен 5 оператор қамтамасыз етеді.
Облыстың елді мекендерін байланыспен қамтамасыз ететін негізгі оператор
Қазақтелеком АҚ болып табылады. Тұрғындарда орнатылған негізгі телефон
аппараттары 165,6 мың дананы құрайды. 2007 жылы облыстың телекоммуникация
желілерін салуға және реконструкциялауға 1506,1 млн. теңге бағытталды.
Сомасы 734,2 млн. теңгеге инвестициялық жобалар іске асырылды.
Пошта байланысы. Қазпошта АҚ Ақтөбе ФБ құрылымына пошта
байланысының 140 бөлімі, 61 ППС, 12 РУПС, 1 ГУПС, орталық операциялық
учаскесі, мөрді экспедирлеу жөніндегі учаскесі, автобаза, поштаны сорттау
және тасымалдау учаскесі, ОССС жатады. Филиал заңды және жеке тұлғаларға
іс-жүзінде қаржылық және пошталық қызметтердің барлық түрін ұсынады.
Филиалдың алдындағы мақсаты алдағы үш жылда жоғарғы сапалы деңгейде
ұсынылатын, пошталық-жинақтау қызметтеріне еркін қол жетімділігін
қамтамасыз ете алатын, аймақтық инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту болып
табылады.
2007 жылы Қазпошта АҚ Ақтөбе филиалымен 2,78 млн. дана хат
корреспонденциясын өңдеді, кезеңді басылымдардың 20,3 млн. данасы
жеткізілді.

1.1.9. Сыртқы экономикалық қызмет

2007 жылғы сыртқы сауда айналымы 2006 жылғы деңгейден 30,9% асты және
7,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
Экспорттың өсу қарқынына қарағанда импорттың жедел өсу қарқыны
белгіленді. Импорт 2006 жылғы деңгейден 1,5 есеге өсті және 2,0 млрд. АҚШ
долларын құрады. Өнімді экспорттау 1,3 есеге өсті және 5,1 млрд. АҚШ долл.
жетті.
Сыртқа сауда айналымының сальдосы оң – 3,0 млрд. АҚШ долларын құрады.
Әлемдік рынокта сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің өз
позицияларын нығайту және өткізу рыногының жаңаларын игеру есебінен
қатынас жасайтын елдер көбейді, облыстың сауда - экономикалық
әріптестерінің саны 93 құрады.
2008 жылдың қаңтар - қыркүйегінде сыртқы сауда айналымы 7859,9 млн.
АҚШ долларын құрады немесе 2007 жылғы кезеңнен 1,6 есеге ұлғайды, соның
ішінде экспорт – 6334,3 млн. АҚШ доллары (1,8 есеге), импорт – 1525,6
млн. АҚШ доллары (105,4%).
Сыртқа сауда айналымының сальдосы оң – 4808,7 млн. АҚШ долларын
құрады.
Өнімді негізгі сатып алушылары: Нидерланды (25,9%), Италия (11,8%),
Қытай (6,2%), Швейцария (8,0%), Жапония (8,5%), Франция (5,8%) болып
табылады.
ССА жалпы көлеміне шаққанда ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 18,8%
құрайды. Экспорт құрылымы бойынша минералды өнімдер 44,5%, металлургиялық
өнім – 36,9% құрайды. ТМД елдерінен импорт үлесі минералды ресурстар
бойынша 27,3%, машина мен жабдықтар – 19,4%, металлургиялық өнім – 16,6%,
азық-түлік тауарлары – 19,4% құрайды.
Облыста тіркелген, бірлескен және шетел кәсіпорындарының саны өсуде,
олар 500 асады. Бағалау бойынша 2008 жылы сыртқы сауда айналымы 9700,0 мың
АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде экспорт 7612,0 мың АҚШ доллары, импорт
2088,0 мың АҚШ доллары құрайды.
Ішкі сауда
Сауда – кәсіпкерлік қызметтің біршама үдемелі түріне жатады, ол
тұрғындардың барлық қабатын қамтиды және Қазақстан экономикасының серпінді
дамушы салаларының бірі болып табылады.
Ішкі сауданың негізгі анықтайтын көрсеткіші сауда айналымы болып
табылады. Тауар айналымы - сауда қызметінің қаржылық-экономикалық
тиімділігінің көрсеткіші, тауарларды сатып алуға сатып алушылардың ақшалай
шығыстарының мөлшері, сондай-ақ тауар массасын тұтыну көрсеткіші және
өмір сүру деңгейінің әлеуметтік индикаторы сияқты көрінеді.
Бөлшек тауар айналымы.
2007 жылы облыстың бөлшек тауар айналымы 2006 жылмен салыстырғанда
12,9% өсті және 99,2 млрд. теңгені құрады.
2008 жылды бағалау бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 95,3 млрд.
теңгені құрайды немесе 2007 жылға 96,1%.
Болжамды деректер бойынша 2011 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі
110,0 млрд. теңгені немесе 2008 жылға 15,4% өсімді құрайды.
Бөлшек тауар айналымының көлеміне жаңа сауда объектілерін енгізу және
қолданыстағыларын реконструкциялау есебінен қол жеткізілетін болады. 2008-
2011 жылдарда мына объектілер енгізілетін болады:
- Ақтөбе қаласында жалпы алаңы 7 мың шаршы м. көкөніс сақтау қоймасымен
көтерме азық-түлік рыногының 2 кезегі құрылысы;
- Ақтөбе қаласында бөлшек сауда базарымен көкөніс сақтау қоймасы
құрылысы;
- Ақтөбе қаласында коммуналдық мал мен шөп сататын базарды кеңейту;
- Ақтөбе және Шалқар қалаларында Алтай және Саясат базарларын
реконструкциялау;
- Мәртөк ауылында мал мен жем-шөп базарының құрылысы;
- Алға қаласында азық-түлік рыногының құрылысы;
- Қандыағаш қаласы және Бадамша ауылының коммуналдық базарларының
құрылысы;
- Хромтау және Шұбарқұдық қалалары, Ырғыз ауылындағы жұмыс жасап тұрған
базарларды кеңейту.
Егер 2006 жылы бөлшек тауар айналымының көлемін 43% жеке кәсіпкерлер
құраса, 2007 жылы олардың үлесі 36% дейін қысқарды және тиісінше ірі
сауда кәсіпорындарының үлесі 57%-дан 64%-ға дейін өсті.
Облыста бөлшек тауар айналымының өсімі тұрғындардың жан басына
шаққанда 1,1 есеге өсті (2006 жылғы 127,2 мың теңгеге қарағанда 2007 жылы
138,8 мың теңге).
Көтерме тауар айналымы
Көтерме тауар айналымы құрылымында өсу серпіні байқалуда.
2007 жылы Ақтөбе облысының көтерме тауар айналымы 2006 жылмен
салыстырғанда 1,2 есеге өсті және 168,3 млрд. теңгені құрады.
2008 жылы (бағалау) көтерме тауар айналымының көлемі 170 млрд. теңгені
немесе 2007 жылғыға 101% құрайды.
Болжамды деректер бойынша 2011 жылы көтерме тауар айналымының көлемі
195,5 млрд. теңгені немесе 2008 жылға 15% өсімді құрайды.
Сауданың серпінді дамуы инфрақұрылымда сапалы құрылымдық өзгерістері
мен бөлшек сауданың жаңа технологияларын ендірумен жалғастырылады. Жыл
сайын саудаға салынған инвестиция деңгейі өсуде. Мысалы, 2006 жылы сауда
объектілерін салуға және реконструкциялауға 4,7 млрд. теңгеден аса, 2007
жылы 5,6 млрд. теңге бағытталды.

1.1.10. Туризм

Туризмнің бірегей объектілерінің бар болуы, географиялық жағдайдың
қолайлы орналасуы, көліктік коммуникациямен қамсыздандырылуы облыстың
туристік рыногының әлеуетін құрайды.
Туризм саласын жандандыру үшін Ақтөбе облысының туризм саласын
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыс жасауда.
Бағдарламаны іске асыру үшін 2007 жылы 12,0 млн. теңге, 2008 жылы 14 млн.
теңге бөлінді.
Орныққан туристік имиджі құрылды, еліміздің ірі туроператорлары
облыстық орталықта филиалдарын ашуда, облыстың кәсіпкерлерінде және
халқында туризмге деген тұрақты қызығушылығы белгіленуде.
Көптеген турфирмалар шет елдердің туроператорларымен тікелей келісім
шарттары бар, бұл көптеген ақтөбеліктерге шетелге шығу туризмінің
жолдамаларына қолжетімді болады.
2007 жылы турфирмалар мен орналастыру объектілерінің қызмет көрсеткен,
ішкі туризм бойынша жалпы қызмет көлемі 6110,5 млн. теңгені құрады, 59,3
мың туриске қызмет көрсетілді. Инфрақұрылымның жаңа объектілері салынуда.
Қазіргі уақытта облыста орналастырудың 52 объектісі, 22 қонақ үй, 1
демалыс аймағы, 3 жол бойындағы кемпинг, 7 сауықтыру лагері, 3 санаторий-
профилакторий, 1 палаткілік турбаза қызмет көрсетеді. Облыста 20 турфирма
(3 туроператор, 17 турагенттік) қызметін атқаруды.
Әртүрлі объектілердің санын 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 18,5%,
20011 жылы 1,5 есеге ұлғайту жоспарлануда.
Облыстық туристік кластерінің, оны іске асыру бойынша шебер-
жоспарының, туризм инфрақұрылымы объектілерін орналастыру кестесінің
картасының жобасы әзірленді.
Облыс территориясындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жол
жиегінде жол бойы инфрақұрылымының 56 объектісі орналасқан және жаңалары
салынуда.
Жаңа автожолдарды салу, ескілерін жаңарту, жол жиегіндегі
инфрақұрылым объектілерін және сервисті әрі қарай дамыту туризм саласына
облыстың жаңа аудандарын тартады және ішкі және келу туризмінің
автосаяхатының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бұл өз кезегінде туризм саласында жұмыскерлердің санын ұлғайтуға
ықпал етеді.
Ақтөбе облысы ірі өнеркәсіптік аймақ, көліктік торап, сондықтан
облысқа әртүрлі мақсаттармен келетіндердің саны тұрақты артуда. Тек қана
алыс шетелден жыл сайын 10,0 мың адам келеді. Олардың санын 2009 жылы
11,5%, 2011 жылға 1,4 есеге ұлғайту жоспарлануда.
Шығу туризмі бойынша 5,6 мың адамға қызмет көрсетілді. Тұрғындардың
тұрмыс жағдайының өсуі, тікелей чартерлік рейстардың ұлғаюы туристердің
санын 8,5%, 2011 жылға – 18,6% өсуін ұлғайтады.
Ішкі туризм бойынша келушілердің саны жыл сайын 60 мың адам.
Бүгінгі күні облыста екі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар: Торғай
мемлекеттік табиғи қорығы және Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи
резерваты. 2010 жылға олардың санын 8 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.
Саланы ақпараттық қамсыздандыру үшін облыста туристік сайт құрылды
және жұмыс жасауда, мұнда облыста өткізілген іс-шаралар туралы
материалдар тұрақты жаңартылып тұрады, фотоматериалмен көрсетілген
облыстың туристік саласын дамытудың әртүрлі аспекталары жөніндегі
материалдар орналасқан.
Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасымен
көзделген шараларды орындау нәтижесінде жыл сайын туристердің жалпы ағыны
орта есеппен 12%, көрсетілетін қызмет көлемі 2 есеге ұлғайтылатын болады.

1. Тұрақты даму, адами қорды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын
арттыру

1.2.1. Демография және миграция
2004 жылдан бері тұрғындар санының тұрақты өсуі белгіленуде. 2007 жылы
облыс халқы 8,2 мың адамға ұлғайған, 2006 жылғы деңгейге өсім көрсеткіші
– 101,2%. Халықтың табиғи өсімі 11,1% 1000 адамға 11,07 құрады, туу
5,6% өсті және 1000 туылғанға 20,59 құрады.
Облыста шағын және орта бизнестің белсенді дамуы, жаңа кәсіпорындарды
құру азаматтардың көшу белсенділігін төмендету үшін қолайлы жағдайларды
құрайды. 2006-2007 ж.ж. қорытындысы бойынша көші-қонның оң сальдосы
құрылды: 2006 жылы – 1764 адам, 2007 ж. - 459 адам. Облысқа көшіп
келушілердің саны: 2007 жылы – 15375 адам, 2006 жылы – 15 048
адамды құрады.
2007 жылы облысқа ұсынылған квота бойынша 880 оралман отбасы немесе
4538 адам көшіп келді (2006 жылы – 862 отбасы). Соның ішінде Өзбекстаннан –
753 отбасы (2006 ж. - 777), Түркменстаннан – 86 отбасы (45), Ресейден – 31
отбасы (30) және Моңғолия мен Қытайдан 5 отбасыдан келді.
2006-2007 жылдар бойы оралмандарға біржолғы жәрдемақыны төлеуге және
көліктік шығындарды өтеуге – 300,3 млн. теңге және тұрғын үй алуға – 994,1
млн. теңге бөлінді. Жеке тұрғын үй құрылысына 81 жер телімі бөлінді.
Оралмандардың көші-қон квотасы туралы ҚР Президентінің Жарлығына
сәйкес 2008 жылы біздің облысқа 950 отбасы көлемінде квота бөлінді.
2008 жылғы 1 қазандағы облыс тұрғындарының саны 710,1 мың адамды
құрады. Тұрғындардың саны 8,5 мың адамға ұлғайды, негізінен табиғи өсім
есебінен (2007 жылы 5417 адам).
Тұрғындардың көшу процесінде ү.ж. қаңтар – қыркүйегінде теріс сальдо
қалыптасты - 552 адам.
Осы кезеңде облысқа барлық жақтан келушілер 9750 адам (2007 жылғы осы
кезеңде - 11672), кеткендер саны 10302 адам (10985).
Үстіміздегі жылдың жарты жылдығында облысқа келгендердің арасында
қазақтардың үлес салмағы 86,5%, басқа ұлттар – 13,5% құрайды. Облыс
аумағынан кеткендерден басқа ұлттардың үлес салмағы 20,2%, қазақтар 79,8%
келеді.

1.2.2. Еңбек қорлары
Еңбек рыногы күйінің талдауы облыстың экономикалық белсенді
тұрғындарының саны 2006 жылға қарағанда 2007 жылы 1,7% ұлғайғандығын
көрсетеді, ол 387,4 мың адамды құрады. Осы уақытта ауылдық жердегі
экономикалық белсенді тұрғындардың саны 14,6% ұлғайды, қалаларда сәл ғана
төмендеді, бұл ауылдан қалаға еңбекке жарамды тұрғындардың кету ағыны
қысқарғандығын көрсетеді.
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2007 жылы 358,5 мың адамды
құрады, соның ішінде 225,7 мың адам жалдамалы қызметшілер.
Жұмыспен қамтылғандар тұрғындардың өсімі 2006 жылы нақты 10,3 мың
адамды құрады, бұл жалпы жұмыссыздықты 32,5-тен 28,8 мың адамға дейін
төмендетуге мүмкіндік берді, сонымен экономикалық белсенді тұрғындар
санынан жұмыссыздар үлесі 2006 жылғы 8,5% қарағанда 7,4% құрады.
Тіркелген жұмыссыздардың саны 35% төмендеді және 2006 жылғы 3,9 мың
адамға қарағанда 2,5 мың адамды құрады.
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2006 жылғы 1,0%-дан 2007 жылы 0,7%
төмендеді.
Облыс экономикасының дамуына, жаңа кәсіпорындардың ашылуына байланысты
2008 жылы жұмыспен қамтылған тұрғындардың өсімі жалғасатын болады деп
күтілуде.

1.2.3. Гендерлік даму

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29
маусымдағы № 600 қаулысын іске асыру жөнінде облыста мақсатты бағытталған
жұмыс жүргізілуде.

Әйелдердің саяси жауапкершілігін арттыру, олардың өкілеттілігін билік
органдарында кеңейту – облыс әкімі жанындағы отбасы және гендерлік саясат
істері жөнінде облыстық комиссияның басымды мәселелері мен қызметінің
бірі болып табылады.
Өңірдегі әйелдердің саяси жауапкершілігінің көтерілуі атқарушы
органдарда әйелдер өкілдігінің өскенін көрсетеді.
2007 жылдың 1 қаңтарындағы күйі бойынша облыста әр түрлі мемлекеттік
органдарда 4974 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды, оның 2882 әйел (57,9%).
Облыста 75 аса ҮЕҰ (НПО) жұмыс жасайды, дегенмен тіркелгендер саны
одан да жоғары. Балалар мен жастарды, кәсіпкерлікті, әйелдерді қолдау
жөніндегі ҮЕҰ, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту, рухани-мәдени мұраны,
салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ұйымдары біршама дамыды. ҮЕҰ
мүшелерінің көбін әйелдер құрайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы белгілі әлеуметтік
сұрақтарды шешуге қатысты әлеуметтік жобаларды қаржыландыру деңгейі жыл
сайын өсуде. Үздік әлеуметтік маңызды жоба атты облыстық конкурстың
2006 жылғы қорытындысы бойынша 24 облыстық бірлестік қатысты, оның 3
әйелдердікі, олар өз әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік алды. Осы
мақсаттарға облыстық бюджеттен 11,0 млн. теңге бөлінді.
Биліктің барлық деңгейлерінде әйелдердің отыз пайыздық өкілдігіне қол
жеткізуді ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылғы 1 тоқсандағы қорытындылары
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары
Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кезеңдері
Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдар аралығында әлеуметтік -экономикалық даму нәтижелерін талдау
Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Қазіргі таңдағы меншік формаларының дамуының тенденциялары
ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь