Ауызекі сөйлеу стилі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 6

2 Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері ... ... ... ... 12
2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы ... ... . 15
2.3 Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... 27
2.4 Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксисі ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
Кіріспе

Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1 М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974. –185 б.
2 Д.Е.Розенталь. Практическая стилистика русского языка. М.: «Высшая школа», 1987.
3 М.Н.Кожина. Стилистика русского языка. М.: «Просвещение», 1977. –276 с.
4 Земская Е.А., Китайгородская М.В., Ширяев Е.Н. Русская разговорная речь: Общие вопросы словообразовная Синтаксис. М.: Наука, 1981. –276 с.
5 Лаптева О.А. Устная разговорная речь. М.: Наука, 1983. –136 с.
6 Сыздықова Р. Ауызша әдеби тіл. Абай Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 1995. –720 б.
7 Серғалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоционально – экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы: ПКО «Казснабобразования», 1995. –131 с.
8 Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы: Мектеп, 1985. –125 б.
9 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Алматы: Ғылым, 1995. –176 б.
10 Қалиев Б. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері // жинақ: Сөз өнері. Алматы, 1985. –25-42 бб.
11 С.Омарбеков, Н.Жүнісов, Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі, Алматы: «Мектеп», 1985. –206 б.
12 М.Балақаев. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. Алматы: «Ғылым» баспасы, 1984. –181 б.
13 Р.Сыздықова Қазақ әдеби тілінің тарихы ХVІІ-ХІХ ғғ. Алматы: «Мектеп» 1984. –245 б.
14 Қазақ диалектологиясы. Алматы: «Ғылым» баспасы, 1965. –292 б.
15 А.Тасымов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 2005. –158 б.
16 Б.Сағындықұлы. Қазіргі қазақ тілі. Лекискология. Алматы, 2003. –100 б.
17 Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: «Ана тілі», 1991. –199 б.
18 Авалиани Ю.Ю. К изучению разговорной фразелогии. // Исследования по рус. и слаыианскому языкознанию. Самарканд: СамГУ, 1971. –109-123 с.
19 Калашникова А.Ф. Учебный словарь наиболее употребительных фразеологизмов современного русского языка. Минск: «Вышэйшая школа», 1991. –208 с.
20 Быстрова Е.А., Окунева А.П., Шанский Н.М. Краткий фр-й словарь руского языка СПб.: «Просвещение», 1994. –271 с.
21 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы: «Мектеп», 1996. –128 б.
22 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы: «Мектеп», 1971. –112 б.
23 Жуков В.П., Жуков А.В. Школьный фразеологический словарь русского языка. М.: «Пресвещение», 1994. –431 с.
24 Жуков В.П., Сидеренко М.И., Шкляров В.П. Словарь фразеологических синонимов русского языка. М.: «Русский язык», 1987. –448 с.
25 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым, 1998.
26 Дегтерева Т.А. «Выразительная сила слова. // Язык и стиль. М.: «Мысль». 1965.
27 Баранникова А.И. Просторечие как особый социальный компонент языка. // Язык и общество. Саратов, 1974.
28 Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиялық мәселелері. Алматы, 1960.
29 М.Серғалиев. Синтаксис және стилистика оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 1997. –148 б.
30 Р.Әміров, Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері, Алматы: «Мектеп» баспасы, 1977.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ

Жұмыстың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі.

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 45 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 30.

Зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық
белгілерін айқындау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ауызекі сөйлеу стилінің функционалдық
стильдердің ішіндегі ерекше тілдік жүйесі мен белгілерін түсіндіру. Ауызекі
сөйлеу стиліне тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді
айқындау. Осы ерекшеліктерге байланысты мысалдарды келтіре отырып, оның мән-
мазмұнын ашып көрсету.

Жұмыста қолданылған дерек көздер: Ауызекі сөйлеу стиліне қатысты
ғылыми еңбектер, көркем әдебиеттер мен жергілікті тіл ерекшеліктерінен
мысалдар алынды. Сонымен қатар, стилистика саласы бойынша қорғалған Д.А.
Әлкебаеваның докторлық және Қ.Қ. Сарекенованың кандидаттық диссертациялары
қаралды.

Тірек сөздер: стиль, эмоционалды-экспрессивті, прагматикалық фактор,
стильдік фон, ситуация, контекст, коннотативтік мағына, жаргон, арго, табу,
эвфемизмдер, варваризмдер.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 6
2 Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері ... ... ... ... 12
2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы ... ... . 15
2.3 Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... 27
2.4 Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксисі ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44

Кіріспе

Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты
әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің
ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен
бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де
алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан
ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе,
басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді
құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден
басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-
шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза
халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына
да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым
Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде
сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет,
қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе
бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды.
Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән
беруін жоғары бағалады. Ол: Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат
нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем деп жазды. Қазақ тілі
жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский
де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше
атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін
арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық,
грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын
даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде
өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа
мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді.
Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер -
әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің
фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің
ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара
қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі,
негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық
өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің
рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді,
тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі
сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден
қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін
зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық,
грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді,
мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге
көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу
стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу
стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл
аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор
деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды
бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде
толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль
түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне
тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі
болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін
көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты
табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің
ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән
белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.

1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы

Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі
сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айырықша орын алады.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне
тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік еркшеліктері бар.
Ол тұрмыстың күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функционалдық
стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән
ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа
түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланысты жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилін Е.А.Заемская және т.б зерттеушілердің бірқатары
ауызекі сөйлеу стилі ерекше тіл деп санайды [4; 7]. Ал басқа ғалымдар тобы,
мысалы, О.А. Лаптева ауызекі сөйлеу стилінің жалпы ерекшеліктері
функционалдық стильдердің ауызша түрінің бәрінде ұшырасатындығын айтады [5;
7].
Қазақ ғалымдарының ішінде Р.Сыздықова ауызекі әдеби тіл, ауызша әдеби
тіл деп екіге бөледі. Ауызекі әдеби тілге қазіргі функционалдық стильдердің
ресми, ғылыми, публицистикалық стильдердің ауызша формасын жатқызуға
болады, себебі, ауызекі әдеби тілге Р.Сыздықова былайша анықтама береді:
“Ұлттық әдеби тілдің жазу өнері шыққанға дейінгі үлгісі, сөз өнері хатқа
түспей тұрған ерте дәуірдегі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік реттеу үшін
тұтынылған бейнелі, асқақ стильге құрылған сөз саптау үлгісі” [6; 10]. Олай
болса, ұлттық әдеби тілдің жазбаша түрі шыққанға дейін дамыған түрі бүгінгі
ауызекі сөйлеу стилінің негізі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлеу объектісі – адресант және қабылдаушы,
адресат. Адресат пен адресант прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль
түзуші тәсіл болғандықтан прагматикалық орталық категориясына кіреді.
Ауызекі сөйлеу стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа
ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеру қажет, ол стильдік фон деп
аталады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын
тыңдаушыға айырықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы ыстық десе,
тыңдаушы шөлдедің бе деп, айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны
білдірмейді, бірақ комуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын
тілдік емес ситацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады.
Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу силінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа
түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға
ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік
бірлік ретінде алынбайды, эктролингвистикалық факторлармен қоса стиль
жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып
келеді. Қарым-қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің
мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы,
сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т.б. тілдік қатынасына да
байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас
функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айырықша формасын құрайды.
Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын
анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
- бейресмилік;
- сөйлеу еркінділігі;
- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
- тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
- сөйлеудің автоматтығы;
- сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін ралды ситуация, сөйлеудің
заттық психологиялық жағдайы. Ситуация сөйлеудің шегін қысқартып отырады.
Сөйлемнің кейбір компоненттері қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің
коммуникативтік жағдай ондағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі
жасамайды. Мысалы, Астанаға екі билет, бір адамға екі орын, бір кісілік
т.б. (ауызекі сөйлеу тілінің материалдарынан).
Ауызекі сөйлеу стилінің күнделікті қарым-қатынасында сөйлеу сипатының
экспрессивтілігі тікелей ассоциативтік деректі ойлау қабілетінен туындайды,
сондықтан ауызекі сөйлеу стилі стилистикалық коннотацияның ерекше формасын
беріп отырады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер оның
композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктері мына
мәселелерге тікелей қатысты болып келеді: сөйлеудің еркінділігі,
бейресмилік, сенімділік, дауыс тоны оның астарындағы ашық және жасырын
прагматикалық бағдар кітаби стильге қарағанда, стилистикалық
мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.
Ауызекі сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы.
Ауызекі сөйлеу стилінде фониканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті,
орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше орфоэпиялық норманы сақтау, орфоэпиялық
норманы безендіру немесе әсем дыбыстау т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы эмоционалды-экспрессивті сөздердің
қатарын құрайтындығы М.Серғалиев еңбектерінде қарастырылып жүр [7].
Оккозионал сөздер, фамильярлық еркелету, ирониялық, эротикалық сөздер т.б.
жиі ұшырасады. Ауызекі сөйлеу стилінде хабарлаудағы ең маңызды сөз бірінші
орынға қойылып айтылады: Компьютер алдым, ақша керек, ақша ең бәлесі ақша
болып тұр, ең сұмдығын айтпайын, немесе Сіз домбырада тамаша ойнадыңыз
деген сөйлем ғажап, өте тамаша деген формада беріледі.
Ауызекі сөйлеу стилінде тілдік тәсілдерді үнемдеу заңы үстемдік етеді.
Сондықтан сөз-сөйлем ретінде қолданылады: келдім, жарайды, ат, жақсы,
әрине, мүмкін, келіс т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стильдердің ішінде өзіне тән
фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебеп стиль түрі болып
саналады.
Ауызекі сөйлеу стилі лексикасында сөйлеушілердің ең басты көп
қолданатыны – эмоционалды-эксперссивті лексика. Б.Қалиев: “Күнделікті
ауызекі тілде, көркем әдебиет тілінде де сөйлеу тіліне тән сөздер мен
қарапайым сөздер тобы жиі ұшырасады. Олар тілде экспрессивтік стильдік
қызмет атқарады”- дейді.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады,
фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады. Шошақай үйде тұрмас; қаңғыбас
қайда қаңғып жүр; ақымақ, өзі кінәлі; көк мылжыңды көргім келмейді; көз
сорасын ағызып отыр; еңірегенде етегі толады; көрсем көзім шықсын; қалтасы
қалың; несіне бұрқылдай береді; аш өзегіне түсуге айналды; қалтасы тесік;
қалтасы көріну; қалтасы жұқа; жүйкесі жұқарып жүру; жүйкесі тозу; жүйке
тамыры солқылдау; зықысы шықты; еті тірі; қойдан жуас; өлермен екен; өзіне-
өзі істеп жүр; амал жоқ; қайтсем екен; барсам ба екен (ауызекі тілден
жиналған материалдардан).
Р. Сыздық ауызша функционалды стиль деп әдеби тілдің құзырындағы
құбылыс, яғни ол әдеби тілдің ауызша жұмсау түрі, айталық, көпшілік алдында
ауызша ұсынылатын сөздерді айтады. Осы пікірлерді жинақтай келіп, ауызекі
сөйлеу стилі басқа стильдердің ауызша түрінің де стильдік қызметіне ортақ
деп тануға болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз
эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен
затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін
айтатындықтан қарама-қарсы көңіл күй сөздері қолданылып, олардың қолдану
үлес салмағы молынан ұшырасып отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ
емес. Мысалы, бір ғана жаңағы деген сөзді алайық, бұл сөз көп
айтылатындықтан жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған
уақытта жиі қолданылатын сөзі, мысалы, әр жерден ауызекі сөйлеуде жиналған
мәліметтер бойынша орфоэпиялық қатемен айтылатын тұстары кездесіп қалады:
жаңағы, жәнағы, жаңанеке, жаңеғы, жанеғы, жаңғы, жаңақы, жәнегі т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде кейбір грамматикалық тұлғаларының стильдік
қатемен айтылатыны оқта-текте ұшырасып отырады. Кешкісін, кештетіп,
кешкілік, кешкісін жолығармын, кештетіп келермін, кешкілік жолығармын
немесе таң азанмен жолығармын, таң атысымен, таңертеңгісін, таңертеңгілік
деген сияқты грамматикалық тұлғалардың әдеби тілдік нормадан ауытқыған
түрлерін кездестіруге болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар
– көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын
стилистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айтылған
ойға паралельдік қатар түзу үшін пайдаланылады.
Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да
өзгерді, ниеті де өзгерді, пиғылы да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір
жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді
сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың
сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол
бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-
құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу
мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл
мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады. Адамның
жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі, эрудициясы, ақыл парасаты, киімі, жан-
дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде яғни мәдениетті тілмен жеткізуі
болып табылады. Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем,
әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғни коммуникативтілік қажеттілік
пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды.
Ауызекі сөйлеу стилі тілдің лексикалық-семантикалық құрылысында
еркіндікпен қолданылатын сөздер тобы, сөз тіркестері басым болып келеді.
Сондықтан бір ғана амандасу сөзінің өзі әр түрлі орфоэпиялық немесе
орфографиялық жақтан әр түрлі вариантпен жарыса қолданылады. Бұл ежелгі
ауызша әдеби тілдің үлгісі, көркем үлгісі болып саналатын қазақтың қара
өлеңдерінде көптеп ұшырасады. Қазақтың қара өлеңінде амандасудың өзі сан
түрлі қолданыста айтылғанын көруге болады. Аманбысың, қалқатай, көрмесем де
жүрмісің аман-есен бұраң белім, жүрмісің аман-есен, сау-саламат. Аман-
саударсыздар ма, ағаларым, әріптес, алдыменен аманбысың? Жүрмісің аман-есен
жайың қалай? Барсың ба аман-есен қарашығым! Аман ба, құрдас, сырлас
құрбыларың? Аман-сау ма саңлақтары? Еліңнің есен-сау ма батырлары. Әріптес
мал-жаныңыз тегіс аман, Халайық ел-жұртыңыз есен-сау ма? Сен аман болсаң
болды ағатайым. Барсың ба, өзің аман, асыл затым? Аман-есен жүрсің бе сау-
саламат т.б.
Қазіргі амандасудың түрі сәлеметсіз бе, әр түрлі орфоэпиялық нормадан
ауытқыған: сәлематсыз ба, сәләмәтсіз бе, саламатсыз бе, сәлеметсыз ба т.б.
түрлері ауызекі сөйлеу стилінде көптеп айтылып жатады. Амандасудың
сәлеметсіз бе деп айтылу мәнерінде дауыс тонына қарай әр түрлі мағыналық
мән аңғарылады. Сәлеметсіз бе? дауыс тонының айтылу мәнеріне қарай әр түрлі
көңілді, сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен айтылады,
бірде менменсінген көкіректікті білдіреді, сынау мәні де, қуанышты үнмен,
бірде жарқын, шырайлы көңілмен айтылуы аңғарылса, бірде салқын көңілдің
ажары, бірде ілтипатты көңілдің шынайы ниетін танытатын стильдік мәнер де
айтылады.
Ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері адресат
пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-этикалық қызмет атқаратын
эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс
жылдамдығының әр түрлі қызметінің арқасында стильдік ерекшелігі айқындалып
тұрады.
Ауызекі сөйлеу стилінде эмоционалды-экспрессивті білдірудің ең көркем
амалының бірі –интонация. Зерттеушілер эмоционалды сипаттың ең озық
үлгілері (тіпті сөзбен айтып білдіре алмайтын түрлері) интонация арқылы
жеткізілетінін айтады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен
бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық
мағына жатқанын көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің
еншісіне ғана тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: әдемісін-ай – сұлулықты
паш ету мағынасында; өткірін-ай – оның мінезіне сүйсіну үшін айтылады;
әттеген-ай - өкіну мағынасын білдіреді; шіркін-ай – аңсау немесе дауыс
тонына қарай кейде кекету мағынасына қарай айтылады; күлкісін-ай – сүйсіну;
сұлуын-ай – дауыс тонына қарай сүйсіну, таң қалу, тамсану, қызығу, құмарту;
толассыз жаууын-ай – реніш пен кейісті аңғартады; жазуын-ай – ұнатпау,
жақтырмауды білдіреді. Ерекшелік тек оқшау сөздерде ғана емес, кез келген
тілдік бірліктерде дауыс тонын дұрыс қою арқылы сөздің прагматикалық-
стилистикалық қызметін жан-жақты тереңдетіп сөздің айтылу мәнеріндегі
эстетикалық өріс кеңейтеді. Мысалы: өткір сөзін алайық. Өмір, өшір деп
қайталап айтылғанда өмірдің бар тауқыметін түсіну, соны бағалау, түйіндеу,
саралау тіпті соған мойынсұну, кейде шарасыздық мағынасын танытса, сол
арқылы адресатты белгілі мақсатқа шақырады, өмір, еһ өмір, аһ өмір деген
тіркестерді айтқанда дауыс тонына қарай әттең өмір өкінішін толық сезіну,
өкіну, бармағын тістеу, өмірден жіберген қателіктерін түсіну сияқты
мағыналық реңкін білдіреді, өмірде не болмайды көндігуі өмірге өкініші жоқ
– ризалық, тоқмейілсу таныту мақсатында айтылады; өмір көрсетеді -
тағдырына сену, өз тағдырын уақыт еншісіне тапсыру мағынасымен айтылады,
өмір алда – үміттену, үмітін жоғалтпау мағынасын береді. Ауызекі сөйлеу
тілінің дауыс тонының жылдамдығы, созылыңқылығы, үнділігі де айрықша бояу
алады да тыңдаушыны стилистикалық әсерге бөлейді.
Ауызекі сөйлеу стилінің бір-біріне ұқсамайтын дауыс тоны, дауыс ырғағы
болса, көркем әдебиет стилінде осы қызметті автор өзі пайымдауы арқылы
жеткізеді: Қойшы, жаным. Жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз (Ш.Мұртаза).
Бұл келтірілген мысалдағы автордың жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деп
автор пайымдау береді, кейіпкер тіліндегі қойшы, жаным сөздің айтылу стилі
мәнері бойынша келші, жаным! Деген жасырын мағынасын беріп тұрғанын автор
жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деген пайымдау арқылы түйіндейді.
Ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық құрылымдардың экспрессивтілік не
стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстығанда елеулі өзгерістері мен
өзіндік айрмашылықтары бар.
Ауызекі сөйлеу стилистикалық ерекшеліктері жазба әдеби тіл нормасынан
өзгеше стильге құрылады. Мысалы жалғаулық шылаулар сирек қолданылады. Оның
орнын интонация немесе басқа грамматикалық тұлғалармен қолдану жиі
ұшырасады.
Ауызекі сөйлеу стилі синтаксисінің экспрессивтік және стилистикалық
ерекшеліктерінің қызметі сан алуан. Синтаксис саласынан бұл ерекшелік айқын
байқалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде клише сөздер көп қолданылады. Адамдардың
көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің, сөйлеу стереотипінің көмегімен
сөйлейді және жаза алады.
Клише ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, сондай-ақ әскери, ғылыми
публицистикалық стильдерге де тән.
Ауызекі сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында
қолданылатын жаргон сөздер сөздер көп қолданылады.
Студенттердің жаргон сөздері: танкісі бар, балмұздақ, балқаймақ,
крышасы бар.
Ұрылардың жаргондары: хирург, доцент, шапка.
Ауызекі сөйлеу стилінде дөрекі сөздер қарапайым, жергілікті сөздер мен
диалект сөздер жиі ұшырасады. Бөгде тілдік элементтер орыс тілінен енген
сөздер, табу мен эвфемизмдер жиі қолданылады.
Ал табу мен эвфемизмдер ауызекі сөйлеу стилінің сөздік қорынан орын
алады. Табу мен эвфемизмдер – сөздік құрамның лексикалық және семантикалық
жағынан баюдың бір жолы. Ә.Болғанбаев эвфемизмдері синоним тудыратын
тілдік қатарына жатқызады [8]. Ал табу мен эвфемизмдерді қолдану ауызекі
сөйлеу стиліне тән ерекшелік болып табылатындығын көруге болады дейді
Ә.Ахметов [9; 117].
Ауызекі сөйлеу стилі қоғамдық ортаның барлық саласында қолданылады. Екі
адамның қарым-қатынас әңгімесінде, телеэкранда жүргізушінің сөзі, кейіпкер
сөзі, радиода кез келген қоғамдық-әлеуметтік топ өкілі, дүкенде сатушы мен
сатып алушы, көлікте жолаушы, сотта айыптаушы мен айыпталушы, қорғаушы мен
куәгер, ғылыми ортада ғалым мен студент, ауруханада дәрігер мен науқас
осының бәрі ауызекі сөйлеу стилі болып табылады.

2 Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері

2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі

Әдеби тіліміз нәр алып сусындаған сан салалы бұлақ бар, солардың
ішіндегі ең бір сарқымасы деп халық тілін атасақ лайық. Талғауы тоқсан
қызыл тілді шын қастерлеп, оны өнер танып өскен халқымыз сөз жиһазының не
тамаша асылын жинап, көкейіне түйе білген, кейінгі нұсқа қалдыра білген.
Сан ғасыр бойы халқымызбен егіздің сыңарындай бірге жасасып келе жатқан ана
тіліміз ұзақ-ұзақ тарихы бар, ежелден ірге теуіп орныққан дәстүрі бар тіл.
Қазақтың халық тілі деп атап отырған тілімізді әр өлкенің жергілікті
жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік елгілер мен құбылыстардың
жиынтығын, басқаша айтқанда, халық диалектілері мен говорларын білдіретін,
ауызекі тілді білдіретін, бірақ ауызекі тіл болғанда да оның тек жергілікті
нұсқасын, жергілікті формасын ғана білдіретін ұғым деп түсінген дұрыс.
Халық тілі деген ұғымның бұл жердегі терминологиялық мәні әдеи тіл
деген ұғымға қарама-қарсы. Әдеби тіл деп, әлбетте, белгілі бір жүйеге түсіп
қырлалған, жанылған, ел-жұрттың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тілді
айтады. Жалпы халықтық сипаты болғандықтан әдеби тілдің нормаларын сақтай –
сол тілдің өкілі болып саналатын әрбір адам үшін парыз. Ал халық тілі деп
атап отырған тілде бұл секілді жұрттың бәріне бірдей міндетті норма деген
болмайды [11; 4].
Диалект, говор, наречие атаулының қай-қайсысын асақ та, ол – ең
алдымен халықтың ауызекі тілінің, адамдардың күнделікті тұрмыстағы бір-
бірімен сөйлесіп қарым-қатынас жасайтын тілінің жемісі. Бірақ ауызекі тіл
дегеннің өзінің де шеңбері аса кең ұғым. Мұның ауқымына осындағы біз айтып
отырған әр өлкенің жергілікті алқының тілі де (диаект, говор, наречие),
сондай-ақ осы тілдің барша өкілінің бәріне бірдей ортақ қызмет ететін,
белгілі нормаға, жалпы халықтық арнаға түсіп сұрыталған, әдеби тілдің
ауызша формасы да қоса сыйып кетеді. Ауызекі тілді халықтың ауызекі тілі
деп арнайы атап көрсетудің өзі, асылында жергілікті халықтың тілін әдеби
тілден ажырата білу мүддесінен туған.
Ауызекі тілдің сөз құрамында, грамматикалық құрылысында, сөздердің
айтылуында белгілі жүйе болғанмен, олардың жетілу, тұрақтану жағдайы халық
өкілдерінің бәріне бірдей үйреншікті болмағандықтан, оларда бірізділік бола
бермейді. Тілдің жүйелілік негізінде пайда болған грамматикалық нормалар
ауызекі тілде белгілі бір қалыпта жұмсалмай, ауытқып отырады [12; 29].
Қазақ тілінің жергілікті тіл ерекшеліктерінің ішіндегі бір саласы –
дыбыстық ерекшеліктер. Бұл шағын құбылыстың өзі қазақтың әдеби тіліндегі
әрбір дыбыстың өзіндік ерекшеліктерімен сәйкес келеді. Алайда дауысты және
дауыссыз дыбыстардың бірінің орнына бірінің қолданылуы бұл өңірдегі
қазақтар тіліндегі фонетикалық ерекшеліктің негізі болып саналады.
Енді осы айтылғандарымызды дәлелдейтін болсақ, Көкшетау
экспедициясының материалдарынан мысал келтіріп көрейік[14; 105].
Көкшетау облысында тұратын қазақстардың тіліндегі диалектілік
ерекшеліктерді жинау мақсатымен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл мен
әдебиет институты 1958 жылы май-июль айларында диалектологиялық экспедиция
ұйымдастырылған болатын. Көкшетау қаласының оңтүстік-шығыс жағында
орналасқан Қызылту ауданындағы тұрғындардың тіл ерекшелігін зерттеу
барысында мынандай фонетикалық ерекшеліктер байқалған.
1. Орыс тілінен еңген кейбір сөздердің соңындағы а дыбысы кейде
түсіріліп айтылады. Мысалы: Машин жөнді жүрмеді. Кімде карт бар ойнайтын.
Мұндай құбылыс әдеби тілімізде де бар (анкет-анкета). Бірақ әдеби тілде
және қазақ тілінің басқа говорларында а сақталып айтылатын сөздерде, бұл
жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде түсіп қалады.
2. ұ дыбысы кейбір сөздерде о болып айтылады. Мысалы: шорайлы -
шұрайлы. Мына жер шорайлы екен, қандай жақсы.
3. Сөз басында келетін ұ дыбысы кейбір сөздерде түсіп қалып отырады:
шан-теңіз (ұшан-теңіз), шұқтау (ұшықтау). Баламды бақсыға шұқтаттым, -
депті.
4. Сөздің екінші буынында келетін еріндік б дыбысы в болып
дыбысталады. Това-тоба, тава-таба, жова-жоба, төве-төбе, бава-баба.
Тавадағы нанды қарай сал, тағы да таваға нан салу керек.
5. Кейбір сөздерде мб, пм, мн дыбыстары алмасады. Меш-пеш, қынтау-
қымтау, ұмтақ-ұнтақ, банағы-манағы. Үйдің іргесін қынтау керек.
6. Кейбір сөздерде қ, ғ, г дауыссыздары сақталады: кигіз-киіз, емгіз-
еміз, дарағатшы-даяшы, шылғи-шыли, суғар-суар. Қадиша, баланы емгіз жылап
кетті ғой.
7. Кейбір сөздерде ңг дыбыстары алмасады: неңізі-негізі, төгерек-
төңірек. Әлгі жәберген атты төгерекке көз салып таба алмадым.
8. Кейбір сөздерде дт, тд дабыстары алмасады: тастарқан-дастарқан,
бадырақ-батырақ, дұзақ-тұзақ, дәрелке-тәрелке. Дәрелкеге құйып бергелі
жатырмын.
9. Кейбір сөздерде сш, шс дыбыстары алмасады: секер бал-шекер бал,
мұрса-мұрша, нақыш-нақыс, шәлі-салы. Ол бұрылуға мұрса бермеді.
Сөйлеу тілінің фонетикалық ерекшеліктері әр түрлі болады. Мысалы,
дыбыстардың амасуы, ауысуы, ұяңдануы, сақталуы мен түсіріліп айтылуы,
кейбір дауыстыардың ішінара бірде ашық, бірде қысаң дыбысқа бейімдеу
айтылуы, кейде о дыбысының а дыбысына жуық айтылуы, дауысты дыбыстарда
регрессивтік ықпалдың олуы, дифтонг дыбыстардың ұшырауы, буынның түсіріліп
айтылуы, сингармониз саласында кейбір ерекшеліктердің болуы (ерін
дауыстыларының соңғы буындарда сақталу), дауыс екпінінде де кейбір
ерекшеліктердің болуы т.б. [15; 147]. Осы айтылғандардың кейбірулеріне
мысалдар келтірейік:
Дауыссыз дыбыстардағы ерекшеліктер:
шч: шын-чын, шекпен-чекпен, шығу-чығу, т.б.;
бп: бал-пал, бұтақ-пұтақ, бітіру-пітіру, т.б.;
мс: тұрмыс-тұрмыш, тысқары-тышқары, ұқсау-ұқшай, т.б.;
ңн: қалың-қалын, өлең-өлен, өлеңдету-өлендету, т.б.;
жй: қай жаққа-қайаққа, бұ жерде-бұ йерде, келе жатыр-келе атыр, т.б.;
жш: ешкім-ежкім, былжырақ-былшрақ, т.б.;
зж: нәзік-нәжік, төзу-төжу, т.б.;
нм: менің-менім, шыңырау-шымырау, т.б.;
нл: нәпсі-ләпсі, жамандат-жамалдат, т.б.;
кг: киіз-кигіз, бітіру-біткіру, емізу-емгізу, бөтеге-бөтеке,
нөкернөгер, т.б.;
ңғ, г: төңірек-төгірек, маңыз-мағыз, т.б.
пб-у: кебек-кеуек, шалапшын-шылаушын, т.б.;
бв: төбе-төве, таба-тава, т.б.;
тд: тұз-дұз, тізе-дізе, түзу-дүзу, т.б.
им: зындан-зымдан, сену-сему, құрау-мұрау, т.б.;
лд: мандай-манлай, дуадақ-дуалақ, анда-анла, т.б.
Кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы: келген-кеген, болған-боған, бара
алмау-барамау, т.б.
қғ дыбыстарының сақталып немесе сақталмай айтылуы ұрығ-ұру (ру),
жамақ-жамау, суару-суғару, т.б. Кейбір сөздерге ғ дыбысының қатаң айтылуы:
қараңғы-қараңқы, жоғары-жоқары, т.б.
Бұл айтылғаннан басқа да дауыссыз дыбыстарды ерекшеліктер бар.
Мысалы: йу дыбысының алмасуы (оқтау-оқтай); рл дыбысының алмасуы (елең-
ерен, т.б.); р-дыбысының түсуі (жоқырышқа-жоқышқа, т.б.); н дыбысының түсуі
(мананман, келген соң-келгесін, т.б.).
Дауысты дыбыстардағы ерекшеліктер:
аы: сайыз-сайз, айқыра-айқара, арқылы-арқалы, т.б.;
оұ: домалақ-дұмалақ, қодау-құлдау, сұрау-сорау, т.б.;
аә: асылы-әсілі, қария-кәрия, жаутаңдау-жәутіңдеу, т.б.;
үі: үнемі-інемі, шүберек-шіберек, сүмбіл шаш-сімбіл шаш, т.б.;
ұы: бұлақ-былақ, бұқтыру-бықтыру, бұзу-бығу, т.б.;
әе: кәкпір-кекпір, дәмдеу-демдеу, зәмбіл-зембіл, т.б.;
өе: көңіл-кеуіл, көбе-кебе, т.б.;
үе: күкірт-кеуірт, күдір-кедір, т.б.;
еі: ешкім-ішкім, кәне-кәні, бәйге-бәйгі, т.б.
ұу-ұо: Ұуал – жабайы тырма, Ұот – кішкене арық, Ұуату-жұбату, т.б.;
а-қауын (қауын), абысын (абысын), ащы (ащы), т.б.
Ерін үндестігі: үймүй (үй сайын), үстүн (тіреу), шөлөркеу (шөлдеу).
Дауысты дыбыстарда бұлардан басқа да жергілікті ерекшеліктер бар.
Мысалы: бұйда-пидә, бүйтіп-битіп, әдірй-әбдіре, т.б. Жергілікті салықтың
тілінде метатещалық құбылыстар да бар. Мысалы, қақпан-қапқан, дорба-добра,
айналу-айлану, т.б.
Сөйлеу тілінде интонацияның маңызы ерекше, өйткені сөйлеу тілі
диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегімен тұрады да, қысқа, тұжырымды
болып келеді. Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі – сұрақ қоюшы,
екіншісі – жауап қайтарушы. Олар бірінің айтқанын бірі естіп, тез түсінеді.
Тез түсінісу сөйлеудің қандай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға
және басқа дене қимылдарымен тікелей байланысты. Интонация арқылы
сөйлеушінің көңіл-күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі.

2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы

Адамдардың күнделікті қарым-қатынаста, қызмет бабында (баяндама,
лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік
болуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Мысалы қай тілде
болмасын ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,
тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өздері де онша көп
кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын
белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді
қамтиды. Алайда мынадай жағдай есте болғаны жөн. Сөйлеу стиліне тән бұл
сөздер басқа стильдерде қолданылмайды деуге болмайды. Бірақ сөйлеу
стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы міне
осы жағдайға – қолдану аясына байланысты. Сөйлеу лексикасына функционалдық
сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшелігі
бар. Оған қатысты сөздер:
1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін
сұхбат әңгіме үйтінде қолданылады;
2) алдын ала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне
қарай туып отырады;
3) тақырыптық аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды,
қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-семантикалық, экспрессивті-
стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Сондықтан іштей
мынадай топтарға бөлінеді:
1. Тұрмыстық-қарапайым лексика;
2. Варваризмдер;
3. Әдеби-сөйлеу лексикасы.
1. Тұрмыстық-қарапайым лексика. Бұған күнделікті өмірде, тұрмыстық
қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі, сөйлеу тілінің
аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішінде бір
нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмендету мақсатында қолданылатын,
стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-
алғыс мәнді сөздер көп кездеседі.
Кемсітіп, мұқатуды, жаратпауды білдіретін сөздер: қортық, мыртық,
қатын, су мұрын, салпаң құлақ, шүйкебас, қисық мойын, төмен етек, бөз өкпе,
сорайған сорлы, сүмелек, таз, шойнақ, тажал, жаман неме, байғұс, қылқию,
шілтию, тәлтию, жалжию, жалпию, талтию т.б.;
Мысқал-мазақ мәніндегі сөздер: шолжақай, ерке тотай, бос белбеу, шикі
сары, құлқын сары, аттеріс, қайным, О қасқа!, үрит, соқсоқ, домалақ арық,
тәйірі, кәкір-шүкір, бықсық, қитұрқы, рақатизм, селтеңбай, жыртықбай,
қазақбайски т.б.;
Тұрпайы, дөрекі мәнді сөздер: қақбас, ит неме, иттің күшігі, бетім-ай,
қара бет, көкайыл, былшылдама, кет ары, миғұла, лағып кетті, қызыл танау
болды, сазайын берді, қарны қабақтай, бұты таяқтай т.б.
Қарғыс мәнді сөздер: адыра қалғыр, атың өшкір, бықпырт жегір, тіліңе
шоқ түскір, көзің шықсын, құрдым кет, өз обалың өзіңе, атаңа нәлет, көріңде
өкіргір, құдай атсын, садағаң кетсін, пышаққа іліңгір, топалаң келгір,
қасқыр жегір, шаңырағың ортаңа түссін т.б.
Алғыс-тілек мәнді сөздер: жолың болғыр, көп жасағыр, тәңір жарылқасын,
тілеуің берсін, жасың ұзақ болсын, көсегең көгерсін, бала-шағаңның игілігін
көр, Алла жар болсын, жағың түсіп, жамандық көрме, О тоба, жарылқай көр!
т.б.
Тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер бір-біріне өте ұқсас., бұлардың
арасына шек қойып ажыратудың өзі кейде тым қиынға соғады. Мысалы: Бензиннің
литрі үш тиын болғанда, көшеде сатылатын көгәлжім судың стаканы үш
болғанда, көшеде сатылатын көгәлжім судың стаканы үш тиын болатын не жөні
бар ? (Ғ.Мүсірепов). Әйтеуір бала-шағаға нәпақа іздеп жүрмыз ғой
(Ғ.Мұстафин). Ұры, жас жетім шпаналармен бірге оқып, балаларымыз үйіміздегі
нанды ұрлайтын болды (С.Адамбеков). Мен шақырады деп, қазақтың ырым-жырым,
ұят-сұятын қойсын (М.Әуезов). Осындағы көгәлжім судың, нәпақа, шпаналармен,
ырым-жырымын, ұят-сұятын сияқты сөздердің бәрі сөйлеу стиліне жатады. Бұл
тәріздес сөздерді әдеби тілде қолдану қолайсыздау. Алайда, қайсысы
тұрмыстық сөздер, қайсысы қарапайым сөздер екендігін ажырату онша оңай
шаруа емес, сол себепті бұлар бірге қаралып отыр. Сөйлеу тілінде ер адамды
кемісткісі келгенде – бұтында шалбары бар, бөрік киген, әйелді кеміткенде –
басында жаулығы бар дейді. Көлік дегеннің орнына бұт артар немесе аяқ
артар, киімнің орнына қабық немесе жабу, өтпейтін пышақты қырғыш, кір
киімді – тұтқыш, арақ дегеннің орнына ақмағамбет, тентек су, көк су, жынды
су, қолынан ештеңе келмейтін адамды – қарақшы, бойы аласа адамды – мыртық,
қортық, ергежейлі, өте арыған атты – тулақ, ыңыршағы шыққан, әбден жүдеген
адамды – тірі аруақ, жас баланы – шикі өкпе, жас әйелді – шүйке бас, төмен
етек, ұзын етек деудің бәрі де қазақ тіліндегі қарапайым сөздердің
нұсқалары. Бұлардың бірде-біреуі әдеби тілде қолданылмайды. Қарапайым
сөздер мен тұрмыстық сөздердің әлденеше түрлері фразалық тіркесте де
баршылық. Мысалы: ауыз шайымға келмейді, сіңбіруге қол тимейді, түкке
тұрғысыз, бетінің кірі бес елі, түк емес, беттің арын бес төкті, соқырға
таяқ ұстатқандай, жылан жалағандай т.б. Әдеби тілде бұлардың орнына
неғұрлым жағымды да сыпайы, неғұрлым стильдік мәні жағынан бейтарап деген
синонимдер жұмсалады.
2. Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген соншалықты зәрудігі жоқ
бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр
түрлі жолдары бар:
1. Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек
болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу иақсатымен варваризмдер
саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегенде
фрау, кухен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегенде сэр,
мистер тәрізді сөздерді, француз өмірін суреттенде мадам, франк, мосье
сияқты сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде шайхана,
шашлық, пәранжа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану орынды деп есептеледі.
Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да
варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің (Ақан сері)
3. Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда,
варваризмдер сол қалпында еш өзгертілмей алынады. Мәселен, Абай
шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынандай сөздер кездеседі: визит,
виноват, военный, образование, уезный начальник, военный губернатор,
назначение, закон, судья, дознание, элемент, счет, такт т.б. Сол сияқты
Абай шығармаларында араб-парсы тілдеріне тән сөз тіркестері де қалпында
келтіріледі. Мысалы: ағләмләнған фичлы құда (алланың салған ақ ісі), алла
тәбарака уә тағала (жарылқаушы және ұлы тәңірі), саллалаһу ғәләйһи уәссалам
(алланың сәлемі мен рахметі болғар), хайрун нас мәнинфәғұн-нәс
(адамшылықтың абзалы - адамға пайда келтірген) т.б.
4. Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз типтерді халыққа мазақ етіп
келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
Барымта мен партия,
Бәрі мастық, жұрт құмар.
Сыпыра елірме, сұрқия
Көп пияншік нені ұғар (Абай)

Нәпіл түгіл, намазы
Бәрі желге кетеді
Еннатайына кәлкаусар
Пошал дереу күнәкар,
Аяғын ойлап айтқаны,
Әні-шашы күләптар (Абай)
Абайдың алғашқы шумақ өлеңіндегі пияншік деген орыс сөзін ел ішінде
бүлік салып, қулық-сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларды мысқылдап, жұртқа мазақ
етіп көрсету үшін пайдаланған. Соңғы шумақтағы варваризмдерді қолдану
арқылы ұлы ақын құранның ең оңай деген бір ауыз сүресін де жаттай алмай,
бірді-бірге батыстырып, өз өзімен әлек болып жүрген надан байларды сықақ
етпек болған. Мұндағы еннатайыңа кәлкаусар деген сөз – арабша инна ағтайна
кә әлкәусар (кәусар суын саған береміз) деген сөзінің әбден бұзылған түрі.
Әні-шаны күлаптар дегені арабша иннә шәниана куәл сатар (олай болмаса
бәрінен сымпиып бос қаласың) сөзінің бұрмаланған түрі. Бұлардың арасында
орыстың пошал сөзінің жүруі бірді айтып, бірге кетіп отырған қас наданның
бейнесін көрсету еді. Абайдағы мәліш (мелочь) сөзі де осындай мақсатпен
қолданылған.
Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл
шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі
пайдаланады. Мысалы: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный еш нәрсені
жарыққа шығара алмадық (І.Жансүгіров) Марфуға: Вечно сендер маған
күлесіңдер. Попробуй қатын болып мұндай күнде тамақ жасауға. Марфуға не
хорошо! Заниматься етсем, орыс грамматикасын как нибуд білуге болады. Ал
ќазаќ тілімен миды ашытќанды, просто не терпимо!.. Марфуѓа
(Ќ.М±хамеджанов).
Ауызекі сµйлеу тілінде ќолданылатын тіл ш±барлайтын варваризмдер де
осылармен тектес: конечно, значит, что вы, давай, ну-ка, єйда т.б.
3. Ауызша єдеби сµйлеу лексикасы. Сµйлеу тілініњ лексикасы тек
т±рмыстыќ-ќарапайым, дµрекі, т±рпайы сµздерден, болмаса соларѓа жаќын
варваризмдерден т±рмайды. Адамдардыњ к‰нделікті ќарым-ќатынасы ќарапайым-
т±рмыстыќ дењгейде ѓана бола бермейді, µмірдіњ єр т‰рлі жаѓын ќамтиды.
Осыѓан орай, сµйлеу лексикасында т±рмыстыќ-ќарапайым, дµрекі, т±рпайы
сµздерден басќа єдеби (кітаби) сµздер де аз ќолданылмайды. Олардыњ
ќолданылу дєрежесі с±хбатасушы адамдардыњ ой-µрісініњ кењдігіне, инабатты,
салиќалы, сауаттылыѓына байланысты. Мєдениеті жоѓары, білімді, парасатты
адамдар ауызекі сµйлегенде єдеби тілдіњ нормалыќ белгілерін саќтап,
т±рпайы, дµрекі, былапыт сµздерді араластырмай, µз ойын мєдениетті т‰рде
жеткізіп отыруѓа даѓдыланады. Ондай адамдардыњ ауызша сµйлеу мєдениеті
салауаты тµмен, дµрекі адамдардыњ сµйлеуінен єлдеќайда жоѓары.
Ауызша єдеби сµйлеу адамдардыњ єр т‰рлі таќырыпта µзара с±хбаттасуынан
басќа лекция оќыѓан кезде, интервью бергенде, теледидардан сµйлегенде
ќолданылады. Біраќ ауызша єдеби сµйлеу лексикасыныњ ќолданылу реті оныњ
кітаби (жазба) т‰рімен тіпті де бірдей деуге болмайды. Біріншіден, ќаншама
мєдениетті сµйлегеннніњ µзінде ауызша єдеби тілге тєн ерекшеліктер (адамныњ
бет, ќол ќимылыныњ араласып отыруы, екпін, интонацияныњ ќ±былып отыруы,
‰зіліс, кідіріс (пауза) жасалып отыруы т.б.) ќалайда ќатысып отырады. Б±лар
жазба н±сќаларда м‰мкіндігінше тыныс белгілері арќылы кµрсетіліп отырады.
Екіншіден, ауызша єдеби сµйлеуде жазба єдеби тілде кµп кездесетін абстрант
сµздер мен арнаулы терминдер аз ќолданылады. Сµйлеуші µз ойын тыњдаушыѓа
тым к‰рделендірмей, ±ѓымды, т‰сінікті жеткізуге тырысады. Дегенмен, ондай
кейбір ќарапайым т±рмыстыќ сµздер (мысалы: лаѓып кету, тєйірі, бєсе,
бєрекелді, быќсыќ, ќит±рќы т.б.) орын алуы м‰мкін, біраќ дµрекі, т±рпайы
сµздер ќолданылмауѓа тиіс. ‡шіншіден, ауызша сµйлегенде сµздердіњ орын
тєртібі жазба тілдегідей ќатањ саќтала бермейді. Баяндауышы бастауышынан
б±рын, аныќтаушы аныќтайтын сµзінен кейін т.б. келе беруі м‰мкін. Сµйлемніњ
толыќ айтылмай ќысќарып, ыќшамдалып, толымсыз т‰рде айтылуы жиі кездеседі.
Ауызша сµйлеу тілініњ б±л сияќты ерекшеліктерін мынадай ‰зінді
мысалдардан байќауѓа болады:
1. – Сен бµлініп кетпегенде, аќ марал ќ±тылмайтын еді! – дей салды.
– Е, ол маѓан да кездесті. Жан-жануар болып жаралѓанныњ с±луы екен.
Елу ќадам жерден шілік арасынан атылып шыѓып еді, ќумадым.
¦лпан алѓысты кµзімен М‰сірептіњ ж‰зін бір сипап µтті.
– Мен ат терімді адал жан-жануарѓа ауыздандырмай ж‰рмін.
Сонша с±лу жаралѓанда, итке талатып, ќанѓа бояп соѓып алуды
обалсынамын. Меніњ ќ±марым ќасќыр мен т‰лкі ѓой...
Шыныњ ба? Наѓып? – дегендей ¦лпанныњ аз ѓана к‰лімдеген кµздері жарќ
етіп, М‰сірепке ќарай таѓы бір серпіліп ќалды (Ѓ.М‰сірепов).
2. – Бала деген ќорќар болар еді. Ес бар ма µзіњде, пєруардігер, –
деп Байтас бабын таба алмай басын шайќады.
3. Ж±мабай єбден болмаѓан соњ:
4. – Ќап, мынаныњ баласы!.. Мен бµрініњ бµлтірігімін деп келді-ау.
Ќой, не де болса ќалмайыќ енді. Байтас ж‰р! – деп шаба жµнелді
(М.Єуезов).
Келтірілген текстер ауызекі сµйлеу тіліне тєн диалог т‰рінде ќ±рылѓан.
Ондай т±рмыстыќ-ќарапайым сµз ќолданыстар (е, ќап, ау сияќты одаѓай сµздер,
шыныњ ба, наѓып, бала деген, пєруардігер, ќой т.б.) ыќшамдалѓан толымсыз
сµйлемдер кездеседі.

Ауызекi сөйлеу стилінің фразеологиясы

Ауызекi сөйлеу тiлiндегi фразеологизмдер сөйлеу тілінде емін-еркін
қолданылады. Себебі қазақ-тіліндегі, сондай-ақ Ю.Ю. Авалиани: "весь набор
фразеологических единиц, функционирующих в разговорной сфере определенных
языков в данном его синхронном состоянии, значительно шире" – деп
айтқанындай кез келген тілде кеңінен қолданылады [18; 111].
А.Ф. Калашникова: "Қазіргі орыс әдеби тіліндегі тұрақты тіркестердің
үлкен бөлігін ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер құрайды.
Олар күнделікті тұрмыстық тілде, сондай-ақ көркем әдебиетте жұмсалады" –
десе [19; 25]. Орыс тілінің қысқаша фразеологиялық сөздігінде "ауызекі
белгісі нақты, емін-еркін, дәлірек айтсақ, ауызекі сөйлеу тілінде
қолданылатын фразеологизмдерге қойылады делінген [20; 11].
Сонымен ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер дегеніміз күнделікті
тұрмыс тіршілігімізде, сөйлеу тілінің диалог формасында, көркем әдебиетте
кеңінен, еркін қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Мысалы,
Кегі кеткен жандайын әлдекімге,
Іш өртеніп, қайнайды қан бойдағы.
(М.Мақатаев. Таңдамалы шығармалары)
Биыл арқа қазағының көзінен бұл қызық бұл-бұл ұшады. ("Жас Алаш").
Осылай сынай ма екен, стіп сергелдеңге сала ма екен.
(М.Мағауин. Өмір жыры).
Бұл мысалдардағы іші өртену, қаны қайнау, көзден бұл-бұл ұшу,
сергелдеңге салу тұрақты тіркестердің барлығы ауызекі сөйлеу тілінде
қолданылатын фразеологизмдер.
Г.Смағұлова: "Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің бір тобы сөйлеу
тілінде қалыптасқан дағдыны фразеологиялық тіркестер (речевые штампы).
Бұлар көбінесе сөйлеу тіліне тән. Олара: ұзын сөздің қысқасы; атап
айтқанда; қорыта келгенде; аузыңа май, астыңа жорға тай; бәрін айт та бірін-
айт; о заманда бұ заман; абырой болғанда; обалы нешік; айтады деме; айтып
айтпай не керек; т.б. Бұлар сөйлемде қыстырма сөздердің орнына жұмсалады –
әрі ауызекі тілінде диалог үлгісінде жиі қолданылады", – деп, ауызекі
сөйлеу тілі фразеологизмдерінің бір түрін көрсетеді [21; 118-119].
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық белгілері мен
стилистикалық функциялары.
Фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілінде қолданылып
жалпыға танылады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің дені жазба тіл дамымай
тұрып сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан.
Ауызекі сөйлеу тілінің фразеологизмдеріне көбіне ауызша және көркем
шығарма тіліне тән, әдеби тілге қатысы жағынан төменгі деңгейде және ресми
емес, еркін айтылуымен ерекшеленетін фразеологиялық тіркестер жатады.
Ауызекі сөйлеу тіліне тән әдеби тілге қатысы жағынан төменгі деңгейде
болатынын олардың семантикалық белгісі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу тілі фразеологизмдерінің қайнар көзі халықтың образды
сөйлеуі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестерге эмоционалды
экспрессивті мағына тән. Бұлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стиль нормалары туралы түсінік
Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі
Ресми іс қағаздары мен стиль түрлері
Әдеби тілдің нормалары
Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Сөйлеу тілі
Ауызекі тілдің басты ерекшелігі
Сөйлеу тілінің лексикасы
Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Пәндер