Костюм өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттау


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы тәуелсіз еліміздің болашақ бағыт-бағдарын айқындап беріп және даму жоспары мен оны іске асырудың алғышарттарын белгілеп берді. «Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci». Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!
2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда [1] .

Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі әйел киімдерінің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі казіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Адамға киім- тамақ өнімдерінен кейінгі, ең қажетті бұйымы. Сонымен қатар киім адамды моральдық және рухани жағынан ашатын құбылыс. Ұлттық нақыштағы киім мәдениетінің ерекшеліктері біздің дәстүрлі мәдени руханилығымыздың дамуына зор рөл атқарады [2] .

Қазақ ұлттық киімдері өз бойына ғасырлар бойы дамып өнердің өнерлі адамдардың тек жақсы жақтарын сіңірді. Қазіргі кезде мәдениет киімге деген көп көңіл бөледі. Мәдени мұра мәселесі мемлекеттік саясат мәртебесін иеленіп отырған қазіргі шақта, тәуелсіз мемлекет ұлты ретінде қазақтардың өзіндік ұлттық сана сезімін қалыптастыруда рухани адамгершілік құндылықтардың, нормалар мен мақсаттарының өсіп-өркендеу қажеттілігі туралы ой пайда болады. Адамзаттық мәдени мұрасын сақтап қалу дегеніміздің өзі, біздің дәуір мен кейінгі ұрпақтардың өмірлік маңызды ісі болып саналады, ол ұлт болашағы үшін өрлей түсуі қажет. Мемлекеттік саясатта мықтап орын алатын мәдени мұра мәселесі. Н. Ә. Назарбаев атап өткендей «Мәдени мұра» атты орташа мерзімдік арнайы бағдарламаның алғашқы кезектегі мақсаттарының бірі «халықтық мол мәдени мұрасымен танысудың, оны зерттеудің тұтас бір жүйесін құру, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениеттің, фольклордың, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жүйесін жасау» болып табылады. [3]

Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі ұлттық костюм үлгілері казір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді киімдері мен әшекей бұйымдар, казіргі заманауи киімдерде көрініс тауып жатыр. Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем өзіне ғана тән стилі қалыптасқан. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады [4] .

Ой-қиялымды қанағаттандыру, қажет материалдар мен конструкторлық шешімдерді табу үшін, жалықпай іздену нәтижесінде туған бұл киім ұлттық киімдерімізді өркендетеді. Сән әлеміне өркендей отырып, өз қиялымдағы киімді тігіп алуда үлкен жетістік еді.

Өз ұлтымыз қазақ қыз киімдерін жаңарту мақсатында шеберлердің өнерлерінің шығармаларына жазба жұмыстарына сүйене отырып монғол халқының ұлттық нақышта «BORTE FUDJIN» атты тақырыбымды таңдадым.
Ендігі міндет - ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу [5] .

Диплом жобасының мақсаты:

Костюм өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттап, қазіргі заман талабына сай етіп қайта жаңарту, ұлттық элементтердің мәні мен маңызын ашу.

Диплом жобасының міндеті:

1. Қазақ халқының ою-өрнегінің түрлері мен қолданылу мақсатын зерттеу, сондай-ақ келешек қазақ елдерінің салт-дәстүрімізді өзгеріссіз сақтағанын ескере отырып, киім технологиясындағы материалдар жайлы, киім дизайн өнеріндегі ғылыми ой-пікірлер, материалдар, шығармалар жинақтау, салыстыру, жүйеге келтіру.

2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының киім дизайны өнеріне өз тарапымыздан үлес қосу.

3. Жас жеткіншектерге қазақ халқының ою салу өнері мен күнделікті көйлектердің үлгісін жаңа қырынан таныту.

Диплом жобасының нысаны:

• Тігін өнеріндегі киім дизайны кешеніндегі жаңа туындылар.

• Костюм дизайнында қазақ халқының өзгеріссіз сақтаған ою-өрнектердің үлгілері.

• Жақсы киім - жетілген қоғам белгісі.

Диплом жобасының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, сызбалар, зскиздер мен портфолиядан тұрады.

1. «BORTE FUDJIN» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «BORTE FUDJIN» сән үлгілерінің шығу тарихы

Тәуелсіздік тұрғының бір қыры - сән өнері «Киімге қарап бағалау» - бүгінгі дүниенің ерекшелігі. «Қазақ жұрты қандай?» - дегенге беретін жауабымыздың біреуі - ұлттық киім болуы тиіс. Әрине баяғы уақыттың белгісі болып музейлерде тұрған киімдер емес, ұлттық ерекшелік пен осынау жиырмасыншы ғасырдың соңындағы сән талаптары үйлестіріле тігілген киімдер. «Енді оны кітаптан, көңілден көргеннен, көшеде көзбен көруге жеткізсін- депті, Шерхан Мұртаза - Қазақстан халық жазушысы [6] .

Жақсы киім - жетілген қоғам белгісі. Бұл - қоғамның, білім және мәдениет, этикет дәрежесіне қатысты екені түсінікті. Қазіргі өркениетті заманда ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін егделерімізге де, жастарымызға да күнде - күн, той - думандарда киіп жүруге әбден жарасымды ұлттық киімдер етек алуда [7] .

Енді міне тәуелсіз мемлекет атанып, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, алақанымызға төл теңгеміз түсіп, барлық мемлекеттермен тереземіз тең болып жатқан тұста ұлттық сана - сезіміміз өсіп, ұмытыла бастағанымызды іздеуге мүмкіндік туып, даңғыл жол ашылды. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны, кейінгі ұрпаққа қайтаратын кез жетті деп ойлаймын.

«BORTE FUDJIN» атты киім топтамасы моңғол халқының мәдениетінен бастау алды. BORTE FUDJIN, латын тілінен аударғанда Борте ханым деп аударылады. Бөрте - (шамамен 1154 - 1230/31) - Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішіндегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып, ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады. Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қалып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізеді. Тек ержеткеннен кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып қайтады. Бірақ осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер шабуыл жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әкесінің андасы Керей хандығының ханы Тұғырыл (Уән хан) мен жажират руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөртені босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелдерінен көптеген балалар тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған 4 ұлын: Жошыны (1182 - 1227), Шағатайды (1183 - 1242), Үгедейді (1185 - 1241), Төлені (1193 - 1256) өз мұрагерлері ретінде таныған. Бөртеден туған 4 ұл мен олардың ұрпақтары Шыңғыс ханның серіктері болып қана қоймай, ол бастаған істі әрі қарай жалғастырушылар ретінде түркі-моңғол халықтары тарихында үлкен із қалдырды. [8]

Өзімнің киім саласындағы ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибеме сүйене отырып, алдымен киім, оның ішінде ұлттық киімдердің күнделікті өмірімізге ену тарихына да азда тоқталып өтпекпін. Мен, Монғол халқының киімдерінің кей бір элементтерін қазақтын ұлттық киімдерімен араластыра отырып казіргі заманауи нақышта күнделікті киетін киім топтамасын жасап атырмын.

Ықылым заманнан адамдар алғаш аң терісін алып, өздеріне жамылуды, одан түрлі нәзік талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап санада «киім» деген ұғым пайда болды. Бұлдыр - бұлдыр уақыттар керуені берірек жылжыған сайын сахарадағы халықтардың киім жөніндегі түсінігі кеңейе түсті.

Әуел баста тек суықтан қорғану, бойды жылыту үшін керек болған киімдердің өмірде алатын орны анағұрлым кеңейді. Адамзат тарихындағы мың -мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім - қорғаныш құралы болды [9] .

Талай тарихымыз жыр кестесіне төгілген қазақтың «Батырлар жырын» қарасаңыз, «ақ берен», «сауыт», «кебе» деген сөздер көптеп кездеседі. Олар - батырлардың киімдері. «Еруліге - қарулы» дегендей, содан кейін «көбебұзар» деген жебелер де жасалғаны белгілі. Алдымен суықтан кейін дұшпаннан қорғану үшін қажет баған киімдер жетілген сайын қоғамдық мәнге де ие бола түсті. Ол сән мен салтанатты байқататын бірден - бір құралға айналды. Моральдық және рухани жағынан адамды ашатын дүниенің бірі де осы киім екендігін қазір әркім іштей мойындайды. Міне, алғашқы қажеттілік пен қазіргі талғамның тарихи даму жолдары. Жұмыр жер дөңгелеп жүр десек, оның алып төсін мыңдаған ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Сол сан нәсілдегі, тектегі және ұлттағы халықтарды бір - бірінен ерекшелейтін нәрсе де - киім. [10] .

Қаншама ұлт болса, соншама ұлттық киім үлгілері қалыптасқан. Өйткені, әрбір ұлт өзінің тұрып жатқан жер жағдайына, ауа - райына, тарихи жолдарына, қолындағы малы мен кәсібіне және басқа да әлеуметтік жағдайларына өздерінің киім үлгілерін қалыптастырған. Бұл киім үлгілері бір күнде, бір шебердің қолынан шықпағаны да оны қазіргі сән үлгілерінен ерекшелендіреді.

Жылдар көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түскен, үнемі байытылы отырған. Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. «Гүл жердің көркі, қыз елдің көркі» деп әдемілік деген ұғыммен егіз жаратылғаны анық [11] .

озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.

Елімізде қазақ ұлттық киімдерді кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алына бастады. Арнайы зерттеулерге көз жүгіртетін болсақ, қазақтың ұлттық киімдерінің бізге жетпеген көптеген түрлері мен үлгілері бар. Қазіргі таңда қазақ қыздары бір ғана бүрмелі көйлек түрін киіп, ер азаматтары шапан жауып жүре берген деген жаңсақ пікірлер де бар. Дегенмен, ұлан байтақ қазақ даласында бірімен-бірі жақын қарым-қатыныста араласпаған үш жүздің, тіпті, киімдері де ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп танылып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен аталады. Мәселен, қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т. с. с. Қазақтың ұлттық киімдері географиялық аймағына байланысты Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те бөлінеді. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Бұл қазақ ұлттық киімдерінің алуан-түрлілігінің дәлелі емес пе? Ата-баба аманатын жоғалтпай, керісінше толықтырып, заманға сәйкестендіріп шығару, Кеңес одағының кертартпа саясатының салдарынан ұмытылып, тіпті, қолданыстан шығарылып тасталған киім үлгілерін жаңғырту үлкен міндет болып отыр.

Ұлтының киімдері мен ою-өрнектерін сақтау және қайта жаңғырту әр бір қазақ пендесіне үлкен міндет деп қарау керек. Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз.

XV-XVII ғасырларда қазақ халқының өсіп, өркендеп, үздіксіз дамып келе жатқан бай заттық сипаттағы мәдениеті болды. Оның басқа нұсқалары ежелгі қазақ жеріндегі ірі сауда-саттық орталығы болған Яссы, Отырар, Өзгент, Сауран, Сайрам сияқты қалалардағы сәулет өнерінің туындылары, ғажайып ғимарат құрылыстар, ескерткіш белгілер болды. Олар сол шаһарлардағы халық шеберлерінің қолынан шығып, ұлттық сипат алған ою-өрнектер, онымен безендіріліп істелген сәндік, әсемдік бұйымдар, тұрмыстық тұтыну заттарымен толықты. Бұл игіліктің жемісін қала тұрғындарымен бірге сағымды сахарада мал өсіріп, қойын құрттап, айранын ұрттап көшіп-қонып жүрген көшпенділер де пайдаланды. Киім-кешек, құрал-жабдық, ыдыс-аяқ сияқты күнделікті ұстап тұтынатын заттар көбінесе даладағы мал өсіретін бақташыларға, егінші диқаншыларға да қаладан ауысып отырды. Көшпенділердің қаламен, сауда-саттық орталықтарымен тығыз қарым-қатынасы, үзілмейтін байланысы болды. Сондықтан олар қала халқының тұрмыс-тіршілік дағдыларын игеріп, керек жарағын қаладан алып отырды. Көшпелілердің қысқы қоныстарындағы тұрағы қыстаулардағы шымнан, саз-балшықтан, тастан қалап көтерген немесе ағаштан қиып жасаған үйлері де қала үйлеріне ұқсас болды. Жазға қарай көшпелілер киіз үйде немесе доңғалағы бар арба тектес жылжымалы үйлерде тұрды. Олардың қай-қайсысы да сәнді мүлікке, кілем, текемет, киіз, алаша, әдемі сандық, абдыраға, жібектен істелген бұйымдарға толы болды .

Көшпелі қазақтардың киім-кешектері қала тұрғындарына қарағанда біраз бөлектеу болған. Жалпы қазақтар қысқы киімнің жел, суық өткізбейтін жылы, жазғы киімнің әдемі, әсем, тартымды болуына көңіл бөлген. Қысты күні ер адамдар қойдың, түйенің жабағысынан сырған, қалың матамен тыстаған, кең тігілген тон, қасқыр, тауешкі сияқты аңдардың терісінен жасалған сыртын тыстаған жағалы ішік, құлын терісінен тігілген жарғақ, түгін ішіне қаратып, қой, киік терісінен істеген жылы шалбарлар киген.

Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол - әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді [12] .

Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп ықшамдап тіккен. Қыпшақтардың ішкі-сыртқы киімдері көшіп-қонуға, еркін жүріп-тұруға, ауа-райының барлық жағдайларына қолайлы етіп тігілген. Негізінен, Еуропаға шалбар киюді де үйреткен - қыпшақтар. Олардың киімдері төзімді де ыңғайлы, қарапайым да әсем болған, мұндай киім киген адамдарға қыстың қаһарлы аязы, жаздың аптап ыстығы, күздің қара суығы, жауын-шашын ешбір қауіп-қатер төндіре алмаған. Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұқанов былай деп жазады: «Адамға ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет [13] .

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Орнамент - көп елдің тіліне сінген интернационалдық термин. Мағынасы - сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан - жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.

Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы VII - IV ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүсті Сібір жерлерінде бір - бірімен тығыз байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген. Олар - сақтар, ғұндар мен үйсіндер. Яғни, біздің ата - бабаларымыз болатын. Олардан бізге жеткен ою өнерінің бір жұрнағы - Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанынан табылған сырмақ пен кілем, яки үй жиһаздары.

Оюдың мән - мағынасы. Оюдың әрбір элементінде, көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса, солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынатын ою бір басқа да, жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше. Ұзатылатын қызға арналып басылған текемет, сырылған сырмақ, тігілген көрпе түрлері, олардың бояулары өзгеше болып келеді.

Демек ою-өрнектердік шығу тарихы олардың сюжеттік мазмүны мен атаулары туралы мәселе әлі де -болса көп зерттеуді талап етеді.

Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол ою-өрнектердііс 200 шамалы түрлерімен жүртшылықты кеңірек таныстырып және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті болу жағын карастырдық.

Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. "Ырғақ", "сағат бау", "түйе табан", "жүрекше", "қаз табан" деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында олпы-солпы болып шығып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осыңдай бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.

Қазақтын ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К. Бәсеновтің "Орнамент Казахстана в архитектуре" деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінін шығуы, оның қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған [14] .

«Өнер - таусылмас қазына, жұтамас байлық» - дейді дана халқымыз. Ертеде қазақтар ою-өрнектерді адам ойын бейнелі жеткізу үшін де салған. Мысалы, жазу-сызу пайда болмаған ерте кезенде ұзатылған қыз өз жағдайын ата-анасына ою-өрнек арқылы хабарлаған. Егер қыз орамалға құсқанат оюын кестелесе (көрсетіледі), әке-шешесі қызының барған жерінде құстай ерікті, бақытты өмір сүріп жатқанын ұғатын болған.

«Сыңарөкше». Жоғарыдағы "сыңармүйіз" оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, жетесінен өкше шығарылады.

Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданында түратын Сертпен деген қарт етікшінің айтуы бойынша, "сыңарөкше" оюының шығу тарихы былай болса керек, Бір үйде отырған шебер қыз екінші үйде отырған етікшінің балға ұрған дыбысын есітіп отырып: "Пәлі-ай, ана жігіт ертең сыңар екше жүретін болды-ау", - депті. "Оны қайдан білдің"- деп сүрағандарға: "Бір өкшесіне ылғи жаңа былғары қақты, екінші өкшесіне ылғи шіріген қасаң былғары қақты", - дейді. Ісмер адам алыстан-ақ балғаның бірде нық, бірде бос ұрылганын аңғарып отырған екен. Қыздың әлгі сөзі рас болады да, кесте тігіп отырған қыздар тігіп келе жатқан қошқар мүйіздің бір тармағын тастап кетіп, оны "сыңарөкше" деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнері және ұлттық киімдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра
Қазақ ұлттық киімінің заманауи тенденциялары
Киімде болған киізден
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Қазақ халқының өрнектерының өзге ұлт өрнектерінен ерекшелігі
Қазақ мемл
Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
«ТҰМАР» АТТЫ ПРЕД-О-ПОРТЕ СТИЛІНДЕГІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КИІМ ЖИЫНТЫҒЫН ЖОБАЛАУ
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Қазақы киім - көненің көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz