«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
КІРІСПЕ
Лекция 1 Ғылым және оның қоғам өміріндегі рөлі
Лекция 2 Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері
Ғылыми.танымдылық әдістемелер. Ғылыми білімнің дамуы
Лекция 3 Ғылымның даму тарихы
Лекция 4 Ғылымның даму тарихы (жалғасы)
Лекция 5 Физика ғылымының концепциясы.
Әлемнің физикалық картинасы
Лекция 6 Физикалық әрекеттесу
Лекция 7 Кеңістік және уақыт теориясының мәселелері
Лекция 8 Шексіз әлем: қазіргі астрофизикалық және
космологиялық тұжырымдамалар
Лекция 9 Химия ғылымының концепциялары
Лекция 10 Химияның қазіргі кездегі мәселелері
Лекция 11 Биология ғылымының концепциялары
Лекция 12 Тіршілік пайда болу кезеңдері
Лекция 13 Органикалық дүниенің даму мәселелері
Лекция 14 Адамзат пайда болуы мен эволюциясы
Лекция 15 География ғылымдарының пәні, зерттеу обьектілері
Лекция 16 География ғылымының методологиясы

«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» жоғарғы оқу орындары бағдарламасында енген жаңа пәндердің бірі. Бұл пәннің оқу бағдардамасына енгізілуі жоғары білімді мамандардың кең ғылыми көзқарасты болып даярлануын мақсат етеді.
Сонымен қатар, өмірдегі жаратылыстану ғылымының барлық жетістіктері жалпы ғылымдық маңыз алып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда да кеңінен қолданылады.
Мемлекеттік тілде жазылған қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттердің жоқтығынан бұл курсты қазақ бөлімі студенттеріне оқыту біраз қиыншылықтар тудырады. Осыған байланысты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әдістемелік кеңесі ұсынған типтік оқу бағдарламасын, Ресей жоғарғы оқу орындарында пайдаланып жүрген «Қазіргі жаратылыстану концепциялары» бойынша жазылған әдебиеттер мен оқулықтарды негізге ала отырып, осы дәрістер курсы құрастырылды.
Дәрістер курсының мазмұнына мынандай негізгі тақырыптар енгізілген. Адамзат дүниетанымы мен қызметіндегі ғылымның алатын орны мен ерекшеліктері. Ғылыми теориялардың мазмұндық және логикалық құрылымы. Антикалық уақыттан қазіргі кезеңге дейінгі ғылыми зерттеу бағдарламалары мен қазіргі жаратылыстану салаларының тарихы. Жаратылыстану дамуының қазіргі кезеңіндегі физика, химия, биология, география ғылымдарының негізгі концепциялары. Қазіргі ғылымның интеграциясы мен космизиясы және жаңа биосфералық дүниетанымның қалыптасуы.
Жаратылыстану ғылымының негізгі мәселелерін осындай жүйемен беру арқылы бүкіл әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесімен таныстыру, табиғаттың біртұтастығы мен даму заңдылықтарын, қазіргі жаратылыстану концепцияларын түсіндіру мақсат етіліп қойылды.

1. Кедров Б.М. Предмет и взаимосвязь естественных наук / Б.М. Кедров. – М.: Наука, 1967.
2. Горелов А.А. Концепции современного естествознания / А.А. Горелов. – М.: Центр, 1998.
3. Данилова В.С. Основные концепции совеременного естествознания / В.С.Данилова, Н.Н. Кожевников. – М.: Аспект Пресс, 2001.
4. Кузнецов В.И., Идлис Г.М., Гутина В.Н. Естествознание / В.И. Кузнецов, Г.М.Идлис, В.Н.Гутина. – М., 1996.
5. Концепции современного естествознания / Под ред. В.Н. Лавриенко и В.П. Ратникова. – М., 2000.
6. Карпенков С.Х. Основные концепции естествозания / С.Х. Карпенков. – М., 1998.
7. Грушевицкая Т.Г. Концепции современного естествознания / Т.Г.Грушевицкая, Садохин А.П. – Калуга, 1997.
8. Идлис Г.М. Революция в атрономии, физике и космологии / Г.М.Идлис. – М., Наука, 1985.
9. Рачков П.А. Науковедение / П.А.Рачков. – М., 1974.
10. Ахнезер А.И. Современная физическая картина мира / А.И.Ахнезер, М.П.Рекало. – М., 1980.
11. Ровинский Р.Е. Развивающиеся Вселенная / Р.Е.Ровинский. – М., 1996.
12. Ровкин В.И. Естествознание для гуманитариев / В.И.Ровкин. – Омск, 1993.
13. Дягилев Ф.М. Из истории физики и жизни ее творцов / Ф.М.Дягилев. – М., 1986.
14. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли / Л.Н.Гумилев. – М., 1994.
15. Жатқанбаев Ж. Биосфера / Ж.Жатқанбаев. – Алматы: Қазақстан, 1981.
16. Жұбанов М. Физиканың негізгі заңдары / М.Жұбанов. – Алматы: Мектеп, 1989.
17. Бектенов М. Физика курсы / М.Бектенов. – Алматы: РБК, 1996.
18. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н. Химия әлемінде / Б.А.Бірімжанов, Н.Нұрахметов. – Алматы: Мектеп, 1973.
19. Соловьев Ю.И. История химии / Ю.И.Соловьев. – М.: Просвещение, 1983.
20. Дербісалиев А. Қазақ даласының жұлдыздары / А.Дербісалиев. - Алматы: Рауан, 1995.
21. Жекулин В.С. Введение в географию / В.С.Жекулин. – Л.: ЛГУ, 1989.
22. Саушкин Ю.Г. Географическая наука в прошлом, настоящем и будущем / Ю.Г.Саушкин. – М., 1980.
23. Забелин И.М. Географическая наука в современном естествознании / И.М.Забелин. – М., 1978.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін:
Оқу ісі жөнідегі проректор
___________ Е. Щербик
___ _________ 2003
Қазіргі жаратылыстану концепциялары
дәрістер курсы
Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған
оқу құралы
Өскемен
ШҚМУ Баспасы
2003
УДК 5 (075.8)
Пікір жазғандар:
биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.У.Мамутов
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Н.Чукотаев
Забенова Г.Б.
Қазіргі жаратылыстану концепциялары: оқу құралы. – Өскемен: ШҚМУ
Баспасы, 2003. – 123 бет.
Дәрістер курсына “Қазірігі жаратылыстану концепциялары” пәні бойынша
оқылатын дәрістер (материалдары) бірнеше тақырыптар бойынша жинақталып,
құрастырылған.
Сонымен қатар, негізгі тақырыптар бойынша жүргізілетін семинар
сабақтарының сұрақтары, реферат, баяндамалар тақырыптары, қажетті
әдебиеттер тізімі берілген.
Дәрістер курсы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
КІРІСПЕ
Қазіргі жаратылыстану концепциялары жоғарғы оқу орындары
бағдарламасында енген жаңа пәндердің бірі. Бұл пәннің оқу бағдардамасына
енгізілуі жоғары білімді мамандардың кең ғылыми көзқарасты болып даярлануын
мақсат етеді.
Сонымен қатар, өмірдегі жаратылыстану ғылымының барлық жетістіктері
жалпы ғылымдық маңыз алып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда да кеңінен
қолданылады.
Мемлекеттік тілде жазылған қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттердің
жоқтығынан бұл курсты қазақ бөлімі студенттеріне оқыту біраз қиыншылықтар
тудырады. Осыған байланысты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің әдістемелік кеңесі ұсынған типтік оқу бағдарламасын, Ресей
жоғарғы оқу орындарында пайдаланып жүрген Қазіргі жаратылыстану
концепциялары бойынша жазылған әдебиеттер мен оқулықтарды негізге ала
отырып, осы дәрістер курсы құрастырылды.
Дәрістер курсының мазмұнына мынандай негізгі тақырыптар енгізілген.
Адамзат дүниетанымы мен қызметіндегі ғылымның алатын орны мен
ерекшеліктері. Ғылыми теориялардың мазмұндық және логикалық құрылымы.
Антикалық уақыттан қазіргі кезеңге дейінгі ғылыми зерттеу бағдарламалары
мен қазіргі жаратылыстану салаларының тарихы. Жаратылыстану дамуының
қазіргі кезеңіндегі физика, химия, биология, география ғылымдарының негізгі
концепциялары. Қазіргі ғылымның интеграциясы мен космизиясы және жаңа
биосфералық дүниетанымның қалыптасуы.
Жаратылыстану ғылымының негізгі мәселелерін осындай жүйемен беру
арқылы бүкіл әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесімен таныстыру, табиғаттың
біртұтастығы мен даму заңдылықтарын, қазіргі жаратылыстану концепцияларын
түсіндіру мақсат етіліп қойылды.
Дәріс курсын құрастыру кезінде автор баяндалатын материалдарды әр
түрлі мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін түсінікті, қарапайым
тілмен беруге тырысты. Курсты оқытуды терең әрі мазмұнды ету үшін дәрістер
мәтініне қоса семинар сұрақтары және көптеген әдебиеттер мен оқулықтар
тізімі ұсынылды.
Курс мазмұнының күрделілігіне байланысты, бұл еңбекті құрастыру
барысында берілген ескертпелер мен кеңестер үшін автор өз ризашылығын
білдіреді.
Лекция 1 Ғылым және оның қоғам өміріндегі рөлі
Ғылым анықтамасының мәселелері
Ғылымның, философияның және діннің арақатынасы
Ғылым құрылымы, атқаратын функциялары
Ғылымға қойылатын критерийлер
Ғылым анықтамасының мәселелері
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің
және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз
ғылымды жатқызуға болады. Ғылым-қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами
келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі қоғамдағы сан-
салалы мәселелер ғылымның көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін
аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың,
талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда
болуымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен
ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен
қатар, ғылымның білім жүйесі әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму
заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі – латынша
Scientia сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы білім дегенді
білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім –
адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан,
экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым – тәжірибе
жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін
қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бұл әлемнің субъективті
элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл
бөлінеді (бұл үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра
отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында
байланыстырушы тізбек болып саналады.

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып
ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бұл орта ғасыр мен жаңа
уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты.
Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның
жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені
белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты
ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетінде басымдылыққа ие болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған
дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету құқығына ие
болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сұрақтарға жауап беріп,
адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ
ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен
тоқшылықты білдіретін ХХ ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты
тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мұндай көзқарас бұқара халық
тұрмақ. Саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар,
суретшілер) түсініксіз боп қала берді. ХХ ғасырдың басында философтар мен
мәдениеттанушылардың аз бөлігі бұл жолдың апатқа бастайтынын ашық айтты.
Бұл ХХ ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі
арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары ғылымның жалғыз
ғана құтқарушы екендігіне сену – осы уақытқа дейін сақталып келеді.
Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бұндай
көзқарас ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден
жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы
сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы –
мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне,
технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Сөз жоқ, ғылым – адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып
саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді
және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерекшеліктері мен
мақсаттары бар, бұларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым
жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол – тек
адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана.
Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де,
адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын
табылады.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама
бере аламыз.
Ғылым – жаратылыс туралы обьективті білім жиынтығы болып саналатын
адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бұл түсініктің мазмұнына сонымен қатар
білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының
түрлері мен механимздері кіреді.
Ғылымның құрылымы және атқаратын функциялары
Обьективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және
адамды қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне
білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты
ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы
білім жүйесі, қоғамтану-қоғамдық өмірдің түрлері мен формалары туралы білім
жиынтығы, сонымен қатар адамзатты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде
қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі,
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады.
Оның құрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс
ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Мұнда заттармен олардың құрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі,
химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және
Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы обьектілерінен
іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады.
Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу
формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу обьектілері
болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады
және басқа да білім салаларын қамтиды.
Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары
химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек
байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы- физикалық химия, химиялық
физика тағы басқа пайда болды.
Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың
зерттеу обьектілері клетка мен клеткадан пайда болған барлық ағзалар.
Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады.
Жоғарыда айтылғандай мұнда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика,
биохимия тағы басқа дамиды.
Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің
зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың құрылысы мен дамуын
зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика,
палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.
Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да
қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер,
олардың зерттеу пәні – Ғаламшар. Космология – космостық обьектілердегі
жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты – қоғамтану. Оның пәні болып
қоғамдық құбылыстар мен жүйелер, құрылымдар, жағдайлар процестер табылады,
қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жеке түрлері мен
барлық жиынтығы туралы білім береді.
Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар
жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын
әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық
өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық
қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-
құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде
қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы
туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып,
көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына –
гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика
жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зерттейтін
ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары ХХ
ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат
өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді.
Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып
саналады.
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере
алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз – арнаулы қоғамдық
қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей
тәжірибелік күшіне айналған обьективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз
байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру-табиғат обьектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін
ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу-жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге
енгізу;
3) суреттеу-қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін көрсету;
4) болжам жасау – дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму
дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қортынды жасау – табиғаттағы болып өткен, қазіргі кезде жүріп
жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми
негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу-табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар
шығару;
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру-алған білімді өндірісте,
әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық – алған білімді әлемнің обьективті картинасымен
байланыстыру.
Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жинақтады,
ғылыми білім – сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып саналады. Сондықтан
ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.
Ғылымға қойылатын критерийлер
Ғылымилықтың ең басты критерийі – жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан
белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу
принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бұл жүйеге аталған ғылым
үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, эксперименттер, тәжірибелік
қорытындылар мен ұсыныстар енеді.
Ғылымға қойылатын тағы бір критерий – онымен айналысатын (қоғамда) бір
дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.
Ғылымилықтың үшінші критерийі – ғылыми танымның мақсаты. Яғни,
мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адамзат игілігіне
айналуы шарт.
Тағы бір төртінші критерий – рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр
түрлі (әдістемелерін ) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап
алу.
Ғылымға қойылатын бесінші критерий – зерттеудің тәжірибелік
әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа
уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа
сипаттар әкелді.
Лекция 2 Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері.
Ғылыми-танымдылық әдістемелер. Ғылыми білімнің дамуы
Теория – ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.
Ғылыми теорияның құрылысы.
Ғылыми теориялардың классификациясы.
Ғылыми түсініктер және олардың пайда болуы жағдайлары
Ғылыми-танымдық әдістемелер.
Ғылым заңдары.
Ғылыми білімнің дамуы. Ғылыми революциялардың ерекшеліктері.
Теория – ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар
Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы
нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру – толық емес және
аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы
мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы
ғылыми теориялар деп санайды.
Теория ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалық
жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған
формалардан кейін пайда болды. Сондықтан, теориялар сондай программалар мен
парадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма – дегеніміз – нақты бір
ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде
танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда
қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру
мен ғылыми білімді ұйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері
қарастырылады. Ал бұл базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми
программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.
Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи
біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен
бірге бір ғылыми теориялар тудырады. Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете
түсінбеу – ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін
себептерді анықтаудың мүмкін еместігі мәселесіне әкеліп соғады.
Ғылыми теорияның құрылымы
Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмұндық және
формальдық жақтарын да ескеру қажет.
Мазмұны жағынан теория – ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап
айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде
қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның
логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар
мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған
тұжырымдамалардан тұрады.
Дегенмен теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бұл жағдайда
теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама
береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып,
дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.
Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық тұрғыдан оның қалған
терминдерімен сөйлемдерді толықтырып тұратын негізгі термин сөздер мен
сөйлемдер жатады.
Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа
бөлінде:
1) Семиотикалық негіздер – теорияның тілін қалыптастыру ережелері.
Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген)
қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы компьютерлік
бағдарламалардың тілдері) қолдану қолайлырақ болады.
2) Методологиялық негіздер – сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар
басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.
3) Логикалық негіздер – бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық
түрде жүйелеу.
Қазіргі теориялар көпке әйгілі аристотельдік логиканы ғана
пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес
логикаларды да қолданады.
Прототеориялық логикалар – бұлар белгілі бір теорияның негізі болып
саналатын теориялар негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін
математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін – барлық жеке жаратылыс
ғылымдары тағы басқа.
Философиялық негіз – теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге
арналған философиялық принциптер мен категориялар. Философиялық негіздер
белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі
тиіс.
Ғылыми теориялардың классификациясы
Ғылыми теориялардың мәні және пайда болуы туралы зерттеген кезде
оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зерттеушілер әдетте
ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.
Бірінші түрге жататындар – сипаттамалық (эмпирикалық) теориялар
жатады. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық
теориясы тағы басқа көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің
негізінде бұл теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.
Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми
теорияларды құрайды. Теориялардың бұл түріне теориялық физика саласындағы
теориялар жатады. Көп жағдайда бұл теориялар аксиомалар түрінде беріледі.
Үшінші түрге жататындар – дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.
Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің Бастамалары. Бұл теориялардың
негізгі мазмұны ең басында беріледі де, ал бұдан шығатын қорытындылар
теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты
тілмен беріледі.
Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмұны мен ерекшеліктері – олардың
пайда болуы – ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Түсінік дегеніміз – заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен
қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды
жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.
Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге болады.
Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ.
Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы құбылыстар
мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теориялық түсініктер де
объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байланысты, бірақ олардың
негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері
алынады.
Мысалы, температура деген түсінікке біз эмпирикалық және теориялық
тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде бұған сынап бағанының
биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теориялық деңгейге келетін
болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына
пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін
бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер
мен қатынастрады пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да
жеткілікті.
Ғылымның мақсаты - әр түрлі заттар мен құбылыстардың қайталанып
отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды
анықтау.
Ал бұл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады.
Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.
Ғылыми танымдық әдістемелер
Әдістеме дегеніміз – қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер
жиынтығы.
Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі
философы Р.Декарт өзінің Әдістеме туралы талдау атты еңбегінде атап
көрсетті.
Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін
де біркелкі жүйеге түсіреді, ал бұның өзі барлық зерттеушілердің бірдей
нәтижелер алуына көмектеседі.
Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән
зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген
неміс философы Гегель.
Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке
әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық
әдістемелер болып бөлінеді.
Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мыналарды
жатқызуға болады:
1) формальды – зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-
математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет
етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме –
бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.
Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау – объективті
жағдайдың құбылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау –
объектілер тәралы мәліметтерді тіл құралдары арқылы жеткізу; өлшеу –
объектілерді ұқсас қасиеттері мен жақтары бойынша салыстыру; эксперимент
(тәжірибе) – құбылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және
бақыланған жағдайларды зерттеулер жүргізу.
Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:
1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас
бөліктерге бөлу;
2) синтез – заттың бұрыннан жіктелген жеке құрамдас бөліктерін бір
тұтас жүйеге біріктіру;
3) астракциялау – зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен
қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып
қарастыру;
4) қорытындылау – нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен
белгілері анықталатын ойлау тәсілі;
5) индукция – жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу
әдістемесі;
6) дедукция – жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау
тәсілі;
7) аналогия – объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы бойынша, келесі
бір белгілерінің де ұқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;
8) жобалау – объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;
9) классификациялау – барлық зерттелетін заттарды маңызды бір
белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.
Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор,
олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын орташа мәндерді анықтауға
мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі жаратылстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері
алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.
Ғылым заңдары
Ғылыми танымның мақсаты – шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын
құру. Табиғатта заттар мен құбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып
тұратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті
заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта
болады, яғни объективті дүниенің құбылыстарын байланыстыратын реальды
процестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ортақтық
дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның
шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми
салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).
Заңның негізгі белгісі – әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.
Ғылыми революциялардың ерекшеліктері
Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде
пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше
құбылыстар.
Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп
қарастыруға болады:
1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,
2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;
3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар
талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта
құру.
Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың
түрлерін бөліп қарастыруға болады.
1. Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;
2. Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын
революция;
3. Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.
Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды
еске алу қажет:
1) ғылыми революциялардың аумағы;
2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;
3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар
ашу;
4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;
5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;
6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,
7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта
құрулар.
Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана
әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы
революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.
XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының
механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол
классикалық жаратылстанудың негізін қалады.
XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды.
Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың
ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі,
химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара
байланыс тұрғысынан қарастыру.
Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол
салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.
Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына
енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы
революциялармен тығыз байланысты.
Лекция 3 Ғылымның даму тарихы
Ғылымның басталу мәселелері
Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық
ғалымдар
Антикалық ғылым
Ғылымның басталу мәселелері
Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бұл сұраққа байланысты екі түрлі
көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни
адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, абстрактылы білімі болған кезде дамыған
деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылстану
пайда болған кезде (XV-XVII ғғ.) деп айтады.
Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін
бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша – ғылым – білім
жиынтығы: қоғамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі
қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйесі тағы басқа.
Осы аспектілер бойынша ғылым:
- ХІХ ғасырдың ортасынан бастап – мамандар дайындаудың жүйесі;
- ХХ ғасырдың екінші жартысынан – қоғамның негізгі қозғаушы күші;
- Жаңа уақытта - әлеуметтік институт
- Ежелгі Грецияда – қоғамдық сананың формасы;
- Адам мәдениетінің бастауында – білім және білімді өндіру қызметі.
Әр уақыт бойында әр қилы салалары пайда болды. Антикалық қазір әлемге
математиканы берді, Жаңа уақытта – қазіргі жаңа техникалар пайда болды, ал
ХІХ ғасырда қоғамтану келді.
Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.
Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы,
дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:
1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;
2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір адамдардың
бөлініп шығуы;
3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық түрде кес-кіндеу
немесе хабарлау (жазудың болуы тағы басқа болуы керек. Осындай жағдайлар
б.ғ. VII-V ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.
Ғылымның критерийлері:
1) теориялық;
2) ғылыммен айналысатын ерекше адамдар тобының болуы, қажетті
материалдар мен технологияның болуы;
3) рационалдық (тиімділік);
4) жүйелілік.
Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі (Египет,
Шумер) цивилизациясы, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ.
Бұл кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған
білімнің алғашқы бастаулары болды.
Индия мен Қытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті және діни
ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.
Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теориялығы
болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан
денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын
анықтау үшін, гороскоп немесе жұлдызнама құрастыру үшін қажет болды.
Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жұлдыздар құдайлардың бет-бейнесі
есебінде қарастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп
есептеді.

Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті
жоғары басқа елдеродің Мысырдың, шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия
елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.
Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары әл-
Мансур, парун ар-рашид әл-мамундар (VIII-IX ғасырлар) ғылымды дамыту
мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар
салдырылады. Парун ар Рашид даналық үйі (“Байт әл-хикма”) деп аталатын,
жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын
құрады.
Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының эәне Гиппократ,
Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, менелей, Аполоний, Птолемей сияқты
грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл
зерттеле бастайды.
Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады.
Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.
Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың
қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді, .қазіргі
кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте
ертеде ойлап тапқан болатын. қазіргі математикада қолданып жүрген араб
цифрлары – үнді математиктерінің жетістігі.
Бағдат обсерваториясы мен !Даналық үйінің! ғылыми жұмыстарының басты
ұйытқысы Орта Азия мен қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен
айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мұхаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас
жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.
Бұлардың ішінен теңдесі жоқ ұлы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік ұлы
ғұлама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол –
“Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Әбу Нәсір өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын,
оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған.
Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің “Метафизикасын”
қырық, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан.
Әбу Нәсір Аристотельдің “Категория”, “Бірінші және екінші Аналитика” сияқты
фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Өзі де “Кемеңгерлік меруерті”, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”,
“Мәселенің түп мазмұны”, “Ғыылмдардың шығуы” тағы басқа трактаттар жазған.
Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен
аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні
бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.
Америкадағы Паттсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен
бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып
келеді.
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидіңас үлкен,
әрі терең мағыналы “Әуездің үлкен кітабы” атты трактатын француз тіліне
аударған.
ІХ ғасырда Хорезм қаласында математика Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми
өмір сүрді. Ол арфиметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері
туралы кітап жазды. Ол кітап “Китаб әл-Джебр” деп аталып, қазіргі алгебра
ғылымының атына негіз болды.
973-1048 жылдары ұлы астроном, тарихшы, географ Бируин өмір сүрді. Әл
Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының тұрған
орындарын анықтауға көмектеметін астролеия аспабын жасады. Бируни жердің
шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің ұзындығының шамасын анықтады.
Сонымен, араб ғылымының жаратылыстану ғылымдары тарихындағы алатын
орыны ерекше, олар ғылым эстафетасын ежелгі гренктерден алып, оны бірнеше
ғасырлардан кейін Европаға берді.
Антикалық ғылым
Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан
басталды делінеді.
Яғни б.э. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. Жер өңдеу
экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру,
сауда ақша қатынастары жылдам дами бастады, құл иеленушілік құрылыс негізгі
болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң
түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.
Құл иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық
бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат
еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді
Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір
әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.
Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері,
өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады
Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан
математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми
программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір
тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен
салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар
теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер
геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық
заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша
байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа
бағынды.
Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол
әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан
жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы дамиды, оның өзі
математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттардың өздерінің сыртқы
пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от - өткір әрі
қозғалмалы, яғни пирамида, ауа – сегіз жақты көпбұрыш тағы басқалар).
Антикалық дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы
болады. Ол грек философиясы ғұрыптарының қорытындысы болды, элеаттар
философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды
Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін
барлық өзгерістердің механикалық себебі – атомдар қозғалысымен
түсіндіріледі. Табиғи құбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар,
оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.
Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті
арқылы түсіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі
атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық,
физикалық теориялар осылай түсіндірілді.
Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми
программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Демокриттің де,
Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.
Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан
құралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін ұсынады:
олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің
атақты Органон трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып
табылады.
Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі
қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байланысты болды. Бұл
программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке
дамыды, табиғи құбылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.
Гректердің жаратылыстануы абстрактылы – түсіндірмелі ғана болды,
жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.
Лекция 4 Ғылымның даму тарихы (жалғасы)
Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның
дамуы
Классикалық ғылымының ерекшеліктері
Ғылымдағы жаңалықтар
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің аумағында
болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен
қабылданды.
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге
қызығушылық орта ғасырда антикалық уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша
болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп,
олрадың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы,
Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып
дегеніміз – ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жаратуы туралы
догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.
Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты.
Бұдан келіп ортағасырлық толымның негізгі бір сиптаы – моральдық символизм
пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми
қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моралдық және діни нәрселерін
символлы ретінде қарастырылды. Ай – шіркеудің символы, жел – рухтың,
аруақтың образы тағы басқаар.
Орта ғасыр символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты.
барлық заттар бір-бір үлкен заттардың символы болып табылады.
Универсализм - орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі.
Дүние мен адамның құдай жаратқан бірлігі.
Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:
1. Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі..
табиғатқа деген көзқарас библия концепцияларының цензурасынан өтті.
2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр
дүниенің картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.
Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға
шегінді. Дегенмен орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік
маңызы бар салалары – астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда
болды. Олар өазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық тұрғыдан
түсіндірудің алғашқы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу
сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.
Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрологияның дамуы да
бұған себеп болды.
Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың
математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты
астрономдар – Коперник, Кеплер, Галилей тұрды.
Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі – дүниенің аяқталғанын
шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни
дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.
Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына
бағындыратын діни әдет-ғұрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта
ғасыр мектеп мен университет, тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана
оқып-үйрену емес, магикалық ойлауды да жоғары бағалады.
Дегенмен орта ғасыр дүниетаным ғылымдары шектеп, дамуын тежеді.
Сондықтан жаңа уақытқа дейін көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу
дәуірінде жүзеге аса бастады.

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол
математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды.
Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін
көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит,
ауа, термометр, барометр және басқалар
Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану гректер
жүргізе алмаған өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Галилей дененің
жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір
көзқарастарын жақтамады.
Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады.
Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп
жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық
фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін
салды.
Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы
сұрақтар толық шешілмеді.
Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
Классикалық ғылым деген түсінік ғылым дамуының XVIII ғасырдан бастап
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.
Ғылым дамуының бұл сатысынын өз ерекшеліктері болды:
1. Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне ұмтылыс. Бұл
классикалық механикалық дүниені өз заңдылықтары арқылы түсіндірумен, бағыт
беруімен байланысты болды. Сондықтан механика қоршаған дүниені түсіндірудің
негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.
2. Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар
заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі
классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттар болды.
Элементаризм – күрделі құрылымдардың қарапайым элементтерін бөліп
алып, анықтама беру.
Статизм – бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа
шығару
Антиэволюционизм – реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда
болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.
Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адамзат ақыл-
ойы және табиғаттың тәәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен
Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен
дүниетаным екіге бөлінді.
Дүние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола отырып, дін мен
философияға да өз қатарынан орын берді.
Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дүниетаным адамзатқа сенімді өмірлік
жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен,
ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын
тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен
метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.
Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және
метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген метафизикалық көзқарасты
бірте-бірте жоғалта бастады. XVII-XVII ғасырларда математикада шексіз кіші
шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық
геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалық ілімі, Кант-Лапластың
космогониялық гипотезасы алдымен жаратылыстану ғылымдарына сосын қоғамдық
ғылымдарға даму идеясын енгізді.
Сонымен, XVIII ғ. аяғында ХІХ басында көптеген ғылым салаларын
қамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады.
Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика
мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы
(Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюциялық теориясы пайда болды,
сонымен қатар палентология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр сияқты
ғылымдар дами бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен
байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:
1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;
2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы;
3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.
Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар
бірінен кейін бірі ашылып жатты:
- 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы
теориясы;
- 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;
- 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;
- 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы
ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер
ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол
заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым
болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни
ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика –
термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа
салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.
ХІХ ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясын алғашқы белгілері шықты,
ол ХХ ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралық зерттеулер жүргізіле
бастады (биохимия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар).
Жаратылстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге
көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенеді.
Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары
қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы
келіспеушілік көзқарастар болды.
Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы болды. Геоцентрлік
теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына
сенімсіздікпен қарады.
Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамның өз мүмкіндіктерін пайдалану
үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік
тудырды.
Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді.
Құдай жаратқан деген ұғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты
бағындырушы жағынан айрылды. Христиандық теология бойынша табиғат адамның
өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі деген антропоцентристік
көзқарасты ұстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz