Махмұт Қашқари
1 Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі
2 Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы
3 Атa сөздігіміз рухани кенішіміз
4 Қашқари кесенесі
5 Махмұт Қашқаридің «Диуаи лүғат ат.түрік» сөздігі
6 Алаштың Ұлы Ұс елі
7 Қазақстан әдебиеті, қазақ әдебиет, қазақ өнері
8 ТҮРКІСТАН АЙМ АҒЫНДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЬНЫҢ ТАРИХЫ
9 Сөздіктің алгы сөзінен үзінді

Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат түрктен» («Түркі тілінің сөздігін») ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029- 1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашкар қаласы - Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны - бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді, Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.

1. Н.Келімбетов, Ә.Қанафин. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы «Рауан» 1996
2. Сүйіншалиев X. ІХ-ХІІ ғасырлардьщ әдебиет ескерткіштері. Алматы, 1977
3. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.
4. Стебелева И.В. Развитие тюрских поэтических форм в XI веке.
5. Наджип Э.Н. Исследования по истории тюрских языков ХІ-ХIV вв. 1989
6. Халидов А.Б. Словари Исхака әл-Фараби и Махмуда әл-Кашгари истории лексикографии в средней Азии Х-ХІвв.) -- Письменные памятники
проблемы истории культуры народрв Востока. XXI годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР. 1987 часть IV, Москва 1987
7. Махмұт Қашқари. Түркі сөздерінің жинағы. «Лениншіл жас» газеті, 1991, №3-12 (4-18 қаңтар).
8. Ғ. Айдаров. Орхон-Енисей жэне көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы 1995.
9. А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Ә.Дербісәлиев. Қазақ даласының жұлдыздары, Алматы 1995.

Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридың
өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы
Диван-и лұғат ат түрктен (Түркі тілінің сөздігін) ғана біле аламыз.
Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған
және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-
1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ
Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-
Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып,
Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның
немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін,
Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі -
Қашқарға ауысқан. Махмұттың Қашқари ныспысын алуы да осы қалада тұруына
байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол
заманғы Қашкар қаласы - Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы
еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес Құтты
білігін жазғаны - бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді,
Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де
мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ
Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара,
Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін
кеңейтеді.
Өз тіліне, өз халқына деген сүйіспеншілігі Махмұтты жер-жерге
апарады. Талай ел кезіп, керекті деректер жинап, соңында өзінің данышпан
еңбегін жаза бастайды. Кейбір ғалымдардын жорамалдары бойынша, бұл кітап
Бағдатта жазылған-мыс. Бірақ осыншама әрі құнды еңбек Бағдаттағы
кітапханаларда тіркелмегені, орта ғасырлық арабтың білімі мол ғалымдарьшың
бұл Диванды білмегені, сонымен қатар Диванда Бағдаттың еш аты
аталмағаны бұл жорамалдың дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан Махмұт
Қашқари Диванды жазуға 1072 жылы Қашқарда кірісті деген дұрыс болар.
Диванды жазып бітірген жыл туралы да ғалымдар арасында ауызбірлік жок.
Дегенмен, ең дұрысы 1083 жылы октябрьдің 27-де аяқталғанын айта аламыз,
бұған Диванның ішінде де дәлелдер бар.
Түркология тарихында тұнғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі
тілдері тарихы диалектологиясының негізін салды. Оның мәліметтерін түркі
тайпаларығының XI ғасырда отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағанын
көреміз. Ол сол заманғы түркі тайпаларын географиялық орналасу ретімен
батыстан шығысқа карай санап көрсетеді және олардың орналасу картасын
береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіру үстінде этнографиялық,
тарихи, географиялық мәліметтерді де келтіріп отырады. Ол мәліметтерге
сүйене отырып, XI ғасырда түркі тайпаларыньщ мекен еткен жерін, кімдермен
көрші болып араласқанын білуге болады. Махмұт Қашқари Оғыз тайпасының ұсақ
руларына дейін атап көрсетеді, олардың әрқайсысының қолданатын таңбаларын
атайды. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді.
Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы
ретінде танылады.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын
жасаған, грамматикасьн түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін
кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол түңғыш тарихи
салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының
негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл
Шығыс тілшіл
еріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп
болып қалыптасты.
Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері,
этнологияық ерекшеліктері Диуани лүғат ат түркте нақты тарихи деректілік
сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін
саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет
ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың,
тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының
байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі
түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз,
Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел
дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық
анықтамалығы десе де болады.
Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран,
шариат пен хадис бойынша білім алды. Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен
мәдениетін меңгерді. XI ғасырда Диуани луғат-ат-түрік еңбегін жазып,
түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп
жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалым бұл кітапта Бағдад
оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII ғ.) Китабул айни атты еңбегі
негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А.Абулфатхтың 1266 жылы
жасаған көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының
арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. 3
томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге
түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орга ғасырлық түркі халқының
энциклопедиясы сияқты. Ол түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-
салыстырмалы әдісті қолданып, диалектология ғылымының негізін салды. Түркі
тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу,
жазылу, заңдылықтарын қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеу
ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262
мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау (Алып Ер Тоңға өлді
ме?), айтыс (Жаз бен қыстың айтысы) үлгілерін де қамтыды. Кітапта ерлік
істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғаш эіқтықты жырлаған жыр
шумактары кездеседі. Түркі топырағында Яссауиден басталады деп танылып
келген сопылық поэзия үлгілерін Махмұд Қашқаридің сөздігінен табуға болады.
Ғалым өз сөздігінде 29 тайпаның этноним, гопонимдерін, туыстық атаулары мен
киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсак
рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының
дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен қүндылықтары, өзін-өзі ұстау
әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени
байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи
оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды
мәліметтер келтіріледі. Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы
ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралым аймағын көрсетеді.
Кітапты түзуде бірнеше жылын сарп етіп, 1072-1078 жылдары Бағдад қаласында
жазып бітірген. Бұл кітап 1997-1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді.
Махмұт Қашқаридың "Түрік сөздігі" түрік тіліне 1939-1941 жылдары
тәржімаланды. 1960 жылы Қашқари сөздігі Ташкентте өзбек тілінде араб және
кириллица әліппесімен басылып жарияланды Сөздіктің біз үшін және бір
құндылығы, сонау Орхон бойында VI ғасырда құрылған Түркі қағанаты кезінде
тасқа ойылып жазылған ескерткіштердегі жазулармен "Түрік сөздігі" іштей
туыс. Бүгінгі ұлтымызды құрайтын қазақ рулары мемлекеттерінің бұдан мың,
мың жарым жылдық тарихында жасакталған рухани кеніштер (Орхон өзені бойын
қазақ тайпалары мекендеген) түгел өз мұрамыз. Оны түсініп жеткенімізде
кәдімгідей марқайып қаламыз. Түркияда өткізілетін Симпозиумда талқыланатын
баяндамалардан Мұхтар Әуезов институтына тақырып жағынан тікелей қатыстысы
"Дивани лұғат-ит түріктегі" әдеби элементтер" дейтіні. Бұл үлкен тақырыпты
қаузауға материал жетіп-артылады. Махмұт Қашқари кітабындағы көптеген
көркем сөз орамдары, өлең шумақтары, мақал, мәтелдері - біздің алтын
қорымыз. "Түрік сөздігіндегі" әдеби құндылықтардың беймәлім авторларының
шығармаларында біз жатырқайтындай ешнәрсе жоқ. Сөздіктен казақ лирикасының
ата тарихымен танысасың. Тақырыбынан бастап идеялық-эстетикалық мазмұнына,
поэтикалық өрнегіне дейін етене мұрамыз екеніне көз жеткізесің.
Бұдан оншақты ғасыр бұрынғы ақын жүрегін тебіренткен тақырып объектісі
-сол бәз баяғы ұлан-байтақ даламыз, өрістегі алалы жылқы, ақтылы қойымыз.
Өлең сөз өрнектеудің бүгінгі қолданыстағы көп құрал, тәсілдерін де баба
жұртымыздың сол кездің өзінде-ақ іске жаратқаны байқалады. Көне түрік
ақыны.
ATA СӨЗДПГІМІЗ РУХАНИ КЕНІШІМІЗ
Махмұт Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуына орай Егемен Қазақстан
№213-214 (25185) 15 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2008 ЖЫЛ Көне заманымыздың кітаби
қоймалары құрдымға кеткен. Азын-аулағы ғана қолға тиді. Орхон-Енисей
ескерткіштері, оның бер жағындағы қайсыбір асыл мұра Құдай иіп аман қалған.
Солардың бірі туғанына 1000 жыл толуы тойланғалы отырған Махмұт Қашқаридың
Дивани лұғат-ит түрік еңбегі "Түрік сөздігі".
"Түрік сөздігі" - түрік сөздерінің жинағы. Махмұт Қашқари - Махмұт
Құсайын ұлы Талас, Шу бойындағы Барсған каласында туып өскен. Еңбек біздің
жыл санауымызша 1072 не 1078 жылдардың бірінде жазылған деп есептеледі.
Жалғыз қолжазбасы: Түркияның Ыстамбұл қаласында сақтаулы. "Диуани лүғат-ит-
түрік" сөздігінің аудармалары көп. Солардың ең үздігі - түрік ғалымы Басым
Аталайдың аудармасы саналады. Махмұт Қашқаридың туғанына 1000 жыл толуы
2008 жыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтсе, "Түрік сөздігі" авторының туған жылы
1008 жыл деген тоқтам жасалған деп есептейміз. Яғни, Махмұт Қашқари ұлы
еңбегін жетпісті маңайлап жетіп пісіп тұрған шағында аяқтаған деп санаймыз.
Оның жөні бар. Сөздік құрастыру қыруар уакыт кетіруді керексінеді. Владимир
Даль "Толковый словарь живого великорусского языка" атты еңбегін
табандатқан 53 жыл құрастырған.
Махмұт Қашқари атақты сөздігін құрастыру барысында сан атырапқа сапар
шеккен. Түрік тайпалы елдерді түгел аралап, олардың тіл байлығын гүл
шырынынан бал алған арадай жинаған. Тіл ерекшеліктерін саралаған, айтылу,
жазылу заңдылықтарын тексерген. Онымен де шектелмеген. Махмұт Қашқари араб,
парсы һәм түрік елдерінің қоғамдық мәдени-эстетикалық дүниесін салыстыра
зерттеген. География, тарих, философия, мәдениет, фольклор, ауыз жэне жазба
әдебиеті, тіл, т.б. туралы ұлан-асыр мағлұмат беретін әмбебап кітап
тудырған. Бұл еңбек жалпы түрік елдерінің мәдениеті мен әдебиетінің рухани
қайнар көз есепті. Біздің қазақ үшін "Түрік сөздігінін" құндылығы тіптен
ерекше. Осы кітап арқылы сөздік қорымыздың да, көркем ойымыздың да түп
тамырларына көз жүгіртуге мүмкіндік алып отырмыз. Мағжан Жұмабаев
"Түркістан" атты өлеңінде түрік рухани құндылықтарының болашақ тағдыры
хақындағы ойларын былайша қорытады: Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па? Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ калған жоқ па? "Қара шаңырақ" — Тұран атты
атамекеніміз. Түрік тілінің мәйегі осы Тұранда аллитерация деген төркіні
латын терминін естімесе де, өлең сөз өрнегін бірыңғай дауыссыз дыбыстарды
үстемелеп қайталай отырып, өлең-жырында табиғат көрінісін ғана емес, дала
дауысына дейін салып берген.
Түмен шешек тізілді,
Бүкүнден ол иазылды.
Үкүш иатыл үзелді,
Иерде қоба адзрышұр.
Үш жолы екпіндетіп, төртіншісінде тыныстайтындай. Ұйқасы келісімді,
жарасымды, әр жолының ызылдаған үнімен табиғаттың жазғы шыбынды шағын еске
түсіреді. Ең бастысы - бүгінгі қазақ өлеңінің құрылымы сонау көне заманнан
келе жатқан дәстүрлі силлабикалық құрылым екені көрініп тұр. Асқар Егеубаев
аударған қазақшасы сол силлабикалық өлшемдік құрылымда шумақтың жеті буынды
түзілісін сақтап, былайша келтірілген.
Мың-мың шешек тізілді,
Бүршігінен жазылды,
¥зақ жатып (жер астында) қиналды,
Жерде тұрып (өсіп шығып) ажырасты.
Бұл жерде жақшаға алынғанды өлең сөзге жатқызбауға керек. Оны Асқар
сөзбе-сөз аударманың түсіндірмесі ретінде қолданған.
Жазды күнгі табиғаттан алған әсерін белгісіз лирик өз уақытының
ұғымында "түмен" деген сөзбен берген. Ол кездің ұгымында түмен - кең
құлашты, кемел сипатты ауыстырма (метафора). Атойлап шапқанда талай жерді
алып кететін он мың әскер (түмен) - ауыр қол. Сондықтан көктемгі шақ жалпақ
далаға қаптай шығатын гүл бәйшешектен алған әсерін "мың-мың" сан бейнелі
ауыстыру арқылы берген.
Өлеңнің эстетикалық бітіміндегі лирикалық кейіпкер табиғатты
тамашалаушы да, тексеруші де. Ұзақ уақыт яки қыс бойы гүл ұрық күйінде
жерде жатып құмығып есеңгірегендей еді, енді топырақтан бой көтеріп
бүршігін жазып, қатар түзеп қаптап тұр дейді.
Махмұт Қашқариден кейін сөз өнері сатылай өрлей түсіп, талай
ғасырларды артқа тастағаннан бергі жерде қазақ өлеңі, әсіресе Абай
поэзиясында биік сапалы стилистикалық өрнекке ауысты, өлеңнің ішкі ажарына
ден қойып, адам жан жүрегінің тұңғиықтарына сүңгіді, тылсым құбылыстарына
тіл бітірді. Алайда ол өстіп шырқау биікке көтерілсе де, өсіп өнген
топырағынан ажырап көрмеген.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
¥зарып өсіп толғанда...
Салыстырып көріңіз. Баба өлеңінің екпіні мен Абай өлеңінің екпіні бір-
бірінен айнымайды. Қарқыны әр жол сайын үстей түседі. Далада гүл жарған
көкорай шалғын бәйшешек сол бәз баяғы сақырада тізіліп иін тіресіп тұрған
мың-мың гүл шешек.
Ежелгі заман жыршысы көктемді де өстіп ағындата жырлайды.
Иашын атып иашнады,
Тұман түрып тұшнады,
Адзғыр, қашқыр кішнеді,
Үгүр алып оқрашұр.
Жасын жарқылдап, тұман түнерген, көктемді сезінген айғыр, қысырақ
кісінесіп, үйірде оқыранысқандары, жазғытұрымның осы бір ояну, серпілу
романтикасы қазақ тілінде былайша беріледі:
Жасын атып жайнады,
Тұман тұрып қайнады,
Қысырақ, айғыр кісінеді,
Үйір алып оқыранды.
"Ш" әрпіне негізделген көне ақын аллитерациясына дәл сол дыбыс
болмағанымен басқа дауыссызды табуға "Түрік сөздігін" аударған ақынымыздың
өнері жетпегендігінен емес. Асқар Егеубаев ғылыми дәлдік мақсатында ондай
"жетілдіруге" саналы түрде бармаған. Осы себепті түпнұсқадағы үшеме үйқас
пен соңғы ырғағы күрт өзгерген бөлек ұйқасты жол жөнді сақтала қоймаған.
Поэзия дәстүрі су астымен жүретін жылым ағыс тәрізді. Көзге көрінбесе
де өз ырқына көндіреді. Ұлы ақынымыздың "Жазғытұрым" өлеңі табиғат
лирикасының шыңы. Мұндағы сурет табиғат сыры, әлеумет ахуалы мен ақындық
көңіл шабытын астастырып бөлекше көрінеді. Бірақ сол жаңашыл биігінен де
сіңісті дәстүрге қарайлайды. Табиғаттың ақ көрпесін серпіп тастап оянғаны,
төңіректі у-шуға толтыруы бәз баяғы малды ауылдың азан-қазаны: "Түйе
боздап, қой қоздап - корада шу"...
Махмұт Қашқари кітабы біздің көп сөздеріміздің этимологиясын, төркінін
түсіндіретін өзінше бір анықтамалық. Абай: "Сағынғанда сені ойлап, Келер
көзден ыстық жас" дейді. Көз жас градусының ыстық-суықтығында не тұр дейтін
емес. "Ыстық жас" образы оқығаныңда, әнге салып айтқаныңда ерекше күшті
әсер етеді. Неге? Сауалға Қашқари сөздігін оқығанда анық жауап аламыз.
"Махаббат" - сүйіспеншілік, құштарлық сезім дейміз. Ал осы сөз Махмұт
Қашқари сөздігінде "ісіглік" делінген. "Көңіл ісіглігі керек" деген
сөйлемнің қазақшасы - "көңіл ыстықтығы (махаббат) керек". "Ісіглік", ыстық
сезім – ғашық жүрек, ыстық жас. Махаббат сезімінің нақтылы бейнесі.
Мағжан ақын: "Дүниеде күшті нәрсе екеу-ақ қой: өлім һэм махаббат. Адам
өзгені айналып өтсе де, өлім мен махаббатты айналып өте алмақ емес", - деп
жазған.
Бұл махаббат туралы дастандардың бәрінің шекесіне жазып қоюға лайық
поэтикалық формуланы ол Ақан серінің тағдыры туралы зерттеу жазу үстінде
айтқан. Шын махаббатқа бөгет жоқ. Ал, ғашықтық сезімнің осы бой бермес
күштілігін ерте заман ақындары да аңғарған.
Айтты; сенің ізіңде,
Толған бейнет тізілген.
Көңілім саған жүгірді
Биік таулар бүгілді.
Махмұт Қашари әр өлеңге түсініктеме беріп отырады. Бұл шумаққа
түсініктемесінде былай депті: "Сүйіктісін көргенде: "Біздің жаққа
сондай биік таулардан қалай өтіп келдің?" - дегенде: "Сенің соңыңда, ізіңде
бейнет, машақат толы екен. Көңілім саған алып ұшып тез жүгіргендіктен,
биік: таулар пәс тартып, аласарып кетті" - деп жауап береді.
Махаббат - дерт дейтін де түсінік ерте пайда болған.
Ілінді менің аяғым,
Жасырын көрмей тұзағын.
Ауырдым содан мен ұзақ,
Емдесін енді шырайлым.
Махаббат тұзағына түстім. Сүйіктім, емім өз қолыңда, деп жалбарынады
сорлы асық.
"Түрік сөздігінде" түсіндірме мысал ретінде алынған өлең шумақтары
әлдебір ұзақ дастанның үзіндісіндей әсер қалдырады. Соғыс тақырыбына
жазылған өлеңдер сондай ойға бөлейді. Лирикалық кейіпкер тауға көтеріліп
жан-жақты барлайды. Тұтасқан шаң көреді. Жау екенін біліп, аттан салады.
Қырғын шайқас басталады. "'Ерен ерлер шақырысты, Қыңыр көзбен бағысты, бар
қарумен қағысты, қылыш қынға күшпен сыйды". Осы шумақтьщ өзі-ақ соғыс
суретін көзге айқын елестетеді. Жекпе-жекке шыққан батырлардың көзқарастары
суық, ызалы. Ер бойындағы бес қару. Қолданбай, жұмсалмай қалғаны жоқ.
Қылышқа қабат-қабат қан үйып, долырғаны сонша, қынға күшпен сыяды. Аят
берісіп, бітімге келісетіні де бар (519-6).
Махмұт Қашқари кітабы XI ғасырда, Орхон ескерткіштері тұрғызылғаннан
үш-бес ғасырдай кейін жазылған. Сондағы түрік бабаларының мінез-құлқы, әдет-
ғұрпы арасынан ұқсастық іздеуіміз әбден заңды. Қашқари "Бұлын" (тұтқын)
деген сөздің мәнісін түсіндіру үшін жыр жолдарын келтіреді.
Егер қаласам ізінен барып,
¥стар едім, әскерін шашып,
Тұтқын қылып, басын жарып;
Тоқтатты беріп маған барша дүние малын.
Жеңілген жаудың жанынан сауға сұрағаны жөнінде айтылған. Барша малын,
өтемін бермегенде, күлпаршасын шығарар едім, дейді.
Иоллығ тегін жазған Білге қаған (Могилян) ескерткішінің мәтінінен
мынадай сөздер кезігеді. "Бес балық ішіндегі қай кісіге, мүлкіне тимегенім
үшін кісі(лер) Балық (қаласынан) маған бағынғалы келді. Бес балық каласы
соның үшін (қираудан) аман калды" (Ғ.Айдаров. Орхон ескерткіштерінің
тексі". Алматы. "Ғылым". 1990. 83-6.).
Екі ескерткіштен де біз бірінші мыңжылдықтың басындағы соғыс
ережесімен танысқандай боламыз. "Егер жау берілмесе, оны құртар болар"
деген Горький сөзі ежелгі әдеттен екен дейміз.
Махмұт Қашқари сөздігі музейде қоятын экспонатқа жатпайды. Оның
қазіргі сөздік қорымызды толықтыруға, байытуға тигізер септігі ұшан-теңіз.
Бұл жерде "септігі тиеді" дегек тіркес те аздық етеді. Тіл қолданыстағы
бағытымызды айқындайтын компас десе ләзім. Самолет деген сөзді ұшақ деп
жүрміз.
Махмұт Қашқари сөздігінде "ұшақ" деген сөз бар, бірақ қазақша
аудармасына қарағанда оның ұшу деген етістікке еш қатысы жоқ. Ұсак,
өсек деген мағынаны білдіреді екен. Біз ондаған жылдар бойы "тауар" деп
жазып келдік те, тәуелсіздік ала салысымен "тауар" деп жазатынды шығардық.
Өзін айтуға да қиын үш дауысты дыбыс қатар тұр. Ал өйтіп қиналмауға да
болады екен. Өйткені, бұл - түрік тексті сөз. Сөздікте тауар емес, тауар
делініп тұр. Мұның әу бастағы нұсқасы "табар", яғни, іздеп, табар нәрсе,
зат, бұйым дегеннен шықканы мәлім.
Махмұт Қашқари кітабы - сөздік қорымызды байытатын ен қойма. Орыстың
заңғар жазушысы Антон Чеховтың "Хамелеон" деп аталатын атақты әңгімесі бар.
Соның қазақша аудармасын қалай алған екен деп "Орысша-қазақша сөздікке"
(1981) қарасам, Хамелеон - ыстық жақта болатын түсін өзгерткіш кесіртке
делініпті. Соны "ұжлаң" деп аударуға болады екен. "Түрік сөздігінде"
"ұжлаң" -түсін құбылтып тұратын кесіртке делінген.
Көне түрік сөздігі қорының қазақ тілінде көбірек сақталғанын ондағы
мақал, мәтелдер де айғақтап тұр.
"Қашада лақ туса, арықта шөп өседі" дейді. Қазақтың "қой егіз туса,
шөп басы айырық шығадысы".
Қонақ келсе құт кепер Қонағын құдайдай күтетін қазақтың сөзі.
"Көрпеден артық көсілсе аяқ үсір". Мұны қазақ кейіндер "көрпеңе қарай
көсіл" деп жетілдірген.
"Екі бура үйкесер, ортасында шыбын жаншылар". ''Ата баласы атаға
тартып туар". Бұл мақалдардың қазақша баламалары жұртқа белгілі. Тарихи
құжат - біздін ұлттық қаруымыз. Орнымен пайдалана білсек, қазақ рухын
көтеруге пайдасы шаш етектен. Құдайға шүкір, отаршылдықтың іздері
географиялық картамыздан бірте-бірте аласталып келеді. Бәйкен Әшімов ағамыз
"Егемен "Қазақстан" газетіне жуықта (2008, 1 шілде) берген бір сұхбатында
"Астананың айбын асыруының арқасында солтүстіктегі іргеміз бекіп, кеудеміз
бұрынғы биігін тауып, кәнеки, Петропавл мен Павлодар атауларын қазақи
қалыпқа көшіру жөнінде де Елбасымыз нық талап қойып, нығыз нұсқауды уәлі
аузымен қадап айтуы қуандырады. Осы орайда өз пікірімді айтсам, Петропавлға
Қызылжар аты лайық. Ал енді Павлодарды Керекуді деп өзгертер болса, ол өзі
орыс көпесінің фамилиясынан шыққан сөз дейді ғой. Бір өкініштен екіншісіне
ұрынып қалмайық" - депті.
Бәйкен аға ойласуға шақырады. Соған үн қосқанда өз тарапымнан айтарым,
"Семипалатинск" деген орыс сөзін халқымыз "Семей" деп меншіктеп алып, "Ахау
Семей, тіл мен көмей" деп ән-жырына да қосып жіберді ғой. Сондықтан орысша
қойылған атты қойып қаланың атының қазақшалануына баршамыз қошеметтегі қол
соқтық. Осы ретте Керекуді де жатсынбаймыз. Коряков деген көпес пе,
шенеунік пе тарихта болсын, болмасын, одан келер кетері не? Әкесінің аты да
түп орыстікі емес, Камчаткада тұратын коряк халқының есімін иеленген. Мұны
бір дейік. Екіншіден, аңыздың да аңызы бар. Шындыққа негізделетіні де бар,
Ескендірдің екі мүйізін көріпті деген секілді көрікті өтірігі де жетерлік.
Коряков деген фамилияны бұл өңірдің архивінен жолыктырған ешкім жоқ.
Үшінші, қазақта керегетас аталатын жер көп. Жартас па, жар ма, Павлодарға
тиіп тұрған жерде Кереку деген жартас бар деседі. Қаланы жергілікті тұрғын
халық сол атпен атауы әбден мүмкін. Төртіншіден, кереку түрік тілінде
негізі бар сөз. Махмұд Қашқаридың еңбегінде "Керегү" деген сөзді
кезіктіреміз. Көшпенді бабаларымыз қыстық үйді "керегү" деп атаған. Тағы
біреулері киіз үйді де солай депті. Қашқари осы сөзге байланысты мақал да
келтіреді. "Кек көрді керегү иүдізті - Бейнет көрді. киіз үйін өзі артып
алды" (Түрік сөздігі. 1 том. 506-6.) деген. Керегү уақыт оза өзгеріске
ұшырап Кереку аталған деп жорамалдауға да негіз бар. Мені орыс көпесі
туралы алып-қашты аңыздан гөрі бұдан 1000 жыл бұрын қағазға жазылған
әлемдік рухани құжаттың дерегі көбірек иландырады. Ендеше, өлең-жырға, әнге
сұранып тұрған сұлу сөз Кереку Павлодар атының орнын басса, бұл қазақ
ұлтының мерейін өсіретін, зор қуаныш болмақ. Қорыта келгенде айгарымыз:
"Түрік сөздігі" түрік тайпаларының ойлау, сезіну мәнерінің бірлігін паш
етеді. Бүгінгі түркі тілдес елдердің әрқайсысының игілігі үшін қызмет ете
беретін еңбек. Үш томдық аударманың беташарын жазған Президент Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев: "Тәуелсіздік туын көтеріп, егемендік өрісіне өз
бағытымен шыққан жас мемлекетіміз үшін тарих - көне дәуірлердің куәсі ғана
емес, сонымен бірге ол осы жерді мекендеген халықтың зердесі, парасат-
пайымы, бүгінгінің - негізі, ертеңгінің - бағдары. Ұзақ уақыттар бойы
бұрмаланып келген халқымыздың тарихын егемен еліміздің жалпыұлттық мүддесі
тұрғысынан қайта жазудың аса маңыздылығы да осында" — деп, еңбектің
аударылуын еліміздің түзелуге бет алған алғашқы қадамдарының бірі деп
бағалайды.
Үлкен мәдениет, биік таным, терең білім адамзат жетістіктерін игерумен
қоса, өз қазынамыздың көл-дариядай көзінен нәр алудан көгермек. Махмұт
Қашкаридың 1000 жылдығы - біздің ата сөздігіміздің, рухани асыл
кенішіміздің мың жылдығы.
Авторы: Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, филолология ғылымдарының докторы,
профессор.
Түрік тіпілінің тұцгыш сөздігі болып табылатын Диваны Лүгат-ит Түрік
тің, тұңғыш грамматика кітабы Китабу Жевахир-ин Нав Фи Лүгат-ит Түрік тің
жазушысы, ұлы ойышыл Махмұт Қашқари туылғанына мың жыл толуына орай
Түрікменстанда еске алынды.
Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен ЮНЕСКО тарапынан
Махмұт Қашқари жылы деп жарияланған 2008 жылдың аяғына келгенде мәдени іс-
шаралардың Түрікменстанда ұйымдастырылған соңғы бөліміне ықылас көп ауды.
Махмұт Қашқари Диваны Лүгат-ит Түрікті шамамен 20 жылда жинақтақан
материалдары арқылы екі жылда жазган. Он-мың бүрын бүкіл түркі өңірлерін
аралап, түркі қогамдары арасында өмір сүріп, түркі тілі, тарихы,
географиясы, фолъклоры және мифологиясымен байланысты мағлұматтарды бізге
сыйлаған дана.
Хакание, үйғыр, оғыз, қырғыз, түрікмен, қыпшақ, чигил, яғма, apғy және
басқа да түркі халъщтарын Түрік деген атпен жинаған тұңгыш Тюрколог.
Түріктер өмір сүретін елдерді, қалаларды, аудандарды, ауылдарды
таныстыратын, егжей-тегжейлі мағлұмат беретін карта сызып, тұңгыш түрік
географы деген атқ алған бір данышпан.
Мәдениет және туризм министрлігі оны баршага таныстыру мақсатымен
көптеген ғылыммен бірге Түрікменстанда болатын. Ұйымдастырылган
конференцияда Махмұт Қаищари және оның өлмес туындысы Диваны Лүгат-ит
Түрік жан-жақты қолға алынды. Мерәсімде сөз сөйлеген Еуразия Жазушылар
одағының төрага орынбасары Лутфи Шахсуеароглу болса Махмүт Кашцаридің
алғашқы мың жылдыққа таңбасын басып, екінші мың жылдыққа жарық түсіргенін
айтты. Мерәсімде Махмұт Қашқари Әңгіме сайысында жецімпаз болғандарға
жүлделері тапсырылды. Мәдениет министрлігі Түркі Әлемі музыка тобыныц
концерті де ықыласпен тыңдалды.
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ
Жүсіп Хас Хажиб кесенесінен кейін Ұлы Махмұт Қашқари жатқан жерге жол
тарттық. Қашқари кесенесі қаладан шамамен 20-30 шақырымдай қашықтықта.
Қашғарлық диқандар ауылының үстінен өтіп, Махмұд ибн әл-Құсайын ибн
Мұхаммед алым жатқан төбе түбіне келіп тоқтадық та әрі қарай жаяу
көтерілдік. Шағын ұйғыр аулының жоғарғы жағында тұрған Қашқари кесенесі
мемлекет қамқорлығына алынған. Сыры кеткен кесененің сынын бұзбай бірнеше
рет жөндеу жүргізгені байқалады. Кесенеге көтерілер тұска Махмұт Қашқаридың
төбесі әкпен ұштасқан алып ескерткіші қойылған.
Ыстықкөл маңындағы Барысқан қаласында туып, Қашғарда білім алып,
Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған, түркі халықтарын түгелге жуық
аралап, заң ілімі, арифметика, Құран Кәрім мен шариат Хадис бойынша білім
алған ғұлама ғалым 3 том, 8 кітаптан тұратын "Диуани лүғат-ат-түрік'*
сөздігінде 6800 түркі сөзін ғылыми жүйеге түсірген. Түркітанушы ғалымдардың
пікірінше ол осы еңбегі арқылы түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-
салыстырмалы әдісті қолданып, диалектология ғылымының негізін салған.
Сонымен қатар Махмұт Қашқари жасаған дөңгелек карта түркі халықтарының
таралым аймағын көрсететін ең ежелгі түркі картасы болып саналады.
Қашқари қабірінің басында тұрып, ұйғыр тілінде түсінік берген шырақшы
"Махмұт Қашқари — ұйғыр ғалымы" деген сөзді жиі айтады. Біздің әл-Фарабиді
меншіктеп жүргеніміздей жергілікті халық та Махмұт Қашқариді кызғыштай
қориды. Қырғыздар да қалыспай Жүсіп Баласағүн мен Махмұт Қашқари екеуін
қатар тұрғызып 1995 жылы Бішкекте алып ескерткіштің лентасын қиғаны есте.
"Түркімін" деп түркінің сөзін түзіп, картасын жасап кеткен, бір ұлт, бір
халықтың құшағьна сыймайтын мұндай ғұламаларды кім де болса қадірлеп,
қастерлей берсе дейсің.
Қашқари құлпытасы үстіндегі алтынмен зерленген қара жібек матада
ғалымның туған, өлген жылдары 1005-1102 деп нақты көрсетілген. Ал біздегі
зерттеулерде өмірге келген жылдары шамамен 1029-1039 жылдар
аралығы көрсетіліп, қайтқан жылы белгісіз делініп жүр.
Махмұт Қашқари жатқан қыраттың үстінен қарағанда Памир тауы қол
созымда тұрғандай.
МАХМҰТ ҚАШҚАРИДІҢ ДИУАИ ЛҮҒАТ АТ-ТҮРІК СӨЗДІГІ ТҮРКІ ТІЛДЕС
ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МҰРАСЫ.
Нургалеева Гаухар. ЕФУ ЭЮК Руководитель: Тайкпанова Д.А. преподаватель
казахского языка
Қалармұра - сөз, кісіден кісіге
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
Жүсіп Баласагұн Құтты білік
Тіл - қоғамдық құбылыс болғандықтан, ол қоғамның тууымен бірге туып
қоғамның дамуымен бірге дамиды. Қоғамдағы адамдар тілді бір-бірімен пікір
алысатын құрал ретінде пайдаланады.
Тіл бір ғана дәуірдің жемісі емес, ол - талай ғасырдың, талай дәуірдің
жемісі. Тілді және оның даму заңдарын тек қоғамның
тарихымен, оны пайдаланушы халыктың тарихымен тығыз байланысты
зерттегенде ғана түсін болады қазіргі кездегі біз қарым-қатынас жасап, бір-
бірімізбен пікір алысып жүрген тілдердің шығу тегі өте ерте кездерге барып
тіреледі. Тілдің негізі болып есептелетін сөздердің коры мен
олардың бір-бірімен байланысқа түсетін грамматикалык құрылысы өте
тұрақты болғандықтан, біздің заманымызға дейін көп өзгеріске ұшырамай келіп
жеткен. Қазіргі кездегі тілдердің қайсысын алсақ та, оның негізгі сөздік
қоры мен грамматикалық құрылысынан баяғы заманна келе жатқан көптеген
ерекшеліктерді кездестіреміз. Осындай ерекшелікке қазіргі қазақ
халқының әдеби тілінде де, ауыз екі сөйлеу тілінде де ұшырайды.
Қазіргі казақ тіліне негіз болған жалпы түркі тілдеріне ортақ жалпы
ескерткіштері көптеп саналады. Мұндай көне жазу нұсқаларының қатарына көне
түркі (Орхон-Енисей), көне ұйғыр жазба ескерткіштері, Жүсіп Баласағұни
Құдатғу білік, Кодекс куманикус, Махмүт Қашқари сөздігі Диван лұғат ат-
түрік, араб жазуымен жазылған жалпы түркі тілдеріне ортақ көптеген тарихи
ескерткіштер жатады. Осы аталып отырған жазба ескерткіштердің бірі Махмұт
Қашқаридің сөздігі Диван лұғат ат-түрік шығармасына тоқталып кетемін.
Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзентерінің бірі
Махмұт (Махмуд) әл-Кашқари, Ол Жүсіптің тұстасы, замандасы. өкінішке орай
күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. В.В.Бартольд, С.Е. Малов,
А.Б.Халидов, И.В.Стеблева оның атақты шығармасы Диуан лұғат ат-түрік
(Түркі сөздерінің жинағы) 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап
жүр. Ұйғыр ғалымдары Махмұд Қашкариды Қашқари деген ныспысына қарап
бірауыздан ұйғыр әдебиетінің өкілі, тек ұйғыр халқының перзенті деп жазады.
Бұл пікірдің шындық аулынан алыс екендігі жайлы Мәскеулік белгілі
түркітанушы, атақты ғалым Әмір Нәджиб: Сөздіктен біз шығарма авторының
Махмуд бин Хусаи-і екенін білеміз. Өкінішке орай оның туған жері мен жылы.
өлген кезі белгісіз. Бірақ оның Балағұнмен байланысты болғаны күмәнсіз.
Онда ол ұзақ жылдар ғұмыр кешкен. Сонда туылуы да мүмкін. Оның Қашқари деп
лақап аты Қашқарда дәріс алып, сонда өмір сүргендігін ғана білдіреді.
Авторды өз сөзіне қарағанда ол ортаазиялық әскери басшы, белгілі бек
отбасынан яғни оғыз ортасынан шыққан. Ол туралы автордың өзі: Біздің бек
бабамыз әмір деген сөзді хамир деп айтады. Өйткені оғыздардың әмір деген
сөзді айтуға тілі келмейді. Сондықтан да олар оны міндетті түрде хамир деп
айтады-деді.
Махмұт Қашқари - тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасьшан
шыққан Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халыктарының ортақ
перзенті. Сол себепті оның шығармасы да ортакқ қазына, ортақ классикалық
мұра екендігін ескерткен жөн.
Махмұт өз шығармасына материал жинау кезінде түркі
әлемін көп аралаған. Көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре
берген.
Махмұт өмір сүрген кезде бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені
өтіп, тасы кері домалай бастаған болатын. Махмұт түркілер тарапынан
туындысынын ескерусіз қалмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз
еңбегінің атын мазмұнына сай етіп Диуан лұғат ат-түрік (Түркі сөздерінің
жинағы) деп атаған.
Ғалымның Диуани лүғат ат-түрік құрылысы туралы айтқан тұстары да өте
қызық. Мен бұл кітапты құрастыру үстінде сөздерді әліппе тәртібімен
орналыстыра отырып, оны нақыл сөздер, ырғақты қара сөз (садж), мақап, өлең,
ұйқасты қара сөз (раджаз) немесе көркем прозамен әшекейледім. Сөйтіп
қолжетпес қиынды оңайлаттым, құпия, тереңдегіні түсінікті еттім.
Үйренушілер мен талапкерлердің өзіне қажетті сөздерді оңай табуы үшін біраз
жыл машақаттанып, әр сөзді өз орнына қойдым.
Бұл тіл (туркі тілі) сөздерін мен сегіз кітапқа сыйдырып, түгел
қамтыдым... Әрбір кітаг: есім және етістік секілді екі бөлімнен тұрады.
Есімдерді етістіктен бұрын келтірдім. Сонан соң етістіктерді түрлеріне орай
рет-ретімен тараула бөліп кәрсеттім кітаптар мен тарау аттары һәм жүртқа
белгілі терминде араб тілінен алдымх деп жазған.
Диуанның (Жинақтың) көпшілік бөлігі, Махмұттың өзі жоғарыда
көрсеткеніндей, түркі тілдерінің өзекті мәселелеріне арналған. Дәлірек
айтсақ, ол Сөз құраған әріптер жайлы сөз, Есімдерге қосымша
жалғанатын сөз. Етістікке жалғанатын қосымша және олардың
құрылысы жайлы сөз. Сызбалардың (схема) орналасу тәртібі жайлы сөз,
Әріптер жүйесі жайлы сөз, Осы тұста аталмаған сын есімдер жайлы сөз,
Осы тұста аталмаған масдарлар (іс-қимыл атаулары) жайлы сөз, Осы кітапта
аталған немесе аталмағандар жайлы баска сөз, Түркілердің түрлері мен
тайпаларын түсіндіру жайлы сөз сияқты он екі тараушадан тұрады.
Ғалым бабамыз алғашқы тараушадан түркілер тілінде негізгі
де саналатын 18 әріп бар, түркі жазуы сол 18 әріпке негізделген. Одан
басқа да екінші кезекте келетін 7 әріп бар. Ол хатқа түспегенімен, көптеген
сөздер i оларсыз күні жоқ, - дей отырып, ол әріптерді де келтіре кеткен.
Махмұт Қашқаридің түркі тілдері жайлы ойлары тек жалаң теория емес. өзінің
ой пікірi сол нақты мысалдармен дәлелдеп отырады. Мысалы, түркі тілдерінің
дыбыстық ерекшеліктері туралы айта келіп, былай дейді: Түркі тілінің
сөздерінде (арап тілінің) са және эмфатикалық та. за, сад және
дад, сондай-ак көмей арқылы шығатын ха, һа және айн секілді
дыбыстар жоқ. Мысалы үшін жапалақтм увһий (үни) деп атайды. Алайда нағыз
түркі сөзі каф әрпімен жазылатын увһий (уки), бұл қыпшақ сөзі. Шақпақ
жана деп аталады. Бұл бұрмаланған кеншек сөзі... кейде һа (дыбысы)
кедергі кезінде пайда болады. Мысалы сүңқарды тан-тану қүлынды куррин-
қуррин (құру-қүру) деп шақырады. Бірақ әдетте сөз арасында на дыбысы
мүлдем айтылмайды. на үнділіктер әсерінен хотандықтар тілінде ұшырасады.
Осындай жағдай кеншектер тілінде де кездеседі Кеншек тілі - түркі тілдеріне
жатпайды.
Махмұт түркі тілдерінің түрлі тауарлары жайлы айта келіп, мысал реті
11 берген сөздерінің ішінде қазіргі қазақ тілінде де айна-қатесіз
қолданылып жүр. Мысалы: арьщ, ақыр, қар, қара, азық, қозы қыз, қашты,
көліді, білді, тірі, өлік, су,топырац, ат, ер, барды, келді, ер оқ атты, оқ
атылды, бөз тоқылды. Осыған қарағанда, қазақ тілі де түркі тілдері ішінде
ата сөздерін iзі сақтаған таза тілдердің бірі деп айталамыз.
Махмұт Қашқаридің түркі халықтарының мекен-жайлары мен тау-теңіздері
туралы айтқан мағлұматтары.
Мысалы, еділ жайлы ол: Қыпшақ еліндегі өзен. Бұлғар (Каспий) теңізіне
құяды. Бір тармағы орыс елінен бастау алады, Бұл сөз жыр жолдарында былайша
айтылған:
Еділ суы ағып тұрар,
Жарқабакқа соғып тұрар.
Балтық, бақа толып тұрар.
Көлшіктерді де тасып тұрар.-
Десе, Іле мен Ертіс өзендері туралы: Ила-Іле, екі жағалауына түркі
тайпаларының яғма, тохси рулары жэне шігілдердің бір түрі орналасқан. Бұл
өзен түркі елдерінің Жейхуны... Әртіш (Ертіс) - Йамак даласындағы өзеннің
аты. Бірнеше тармақты осы өзен сондағы үлкен көлге барып құяды. Әртіш – мәк
етістігінің түбірі әртіш - ерту болады. Судан тез өту үшін маған еріп,
менімен бәстес, қанеки, кім тез өтер екен деген мағына білдіреді, - дейді
ол.
Диуан лүғат ат-түрік оқи отырып, талас маңындағы Атлұқ, Баласағұнға
жақын жерде Орда секілді шаһарлар да болғанын білдік. Ғалым осы күнге дейін
тілімізде қолданылып келе жаткан кент сөзі мен соған байланысты айтқан
деректері есте қалады: Оғыздар мен оларға жақын жерлердегі халықтар
тілдерінде кент ауыл деген сөзді білдіреді. Түркі елдерінің көпшілік
тайпалары шанар дейді. Ферғана шаһарына Өзкент деген ат берілген. Бұл өз
шаһар деген мағынаны білдіреді. Үлкен болғандықтан Семізкент деп аталатын
шаһарды парсылар Самарқан дейді.
Махмұт Қашқари Талас-Тараздың екі шаһар екені, бірншісінің ұлы Талас-
үлкен Талас..., екіншісінің Кәми Талас-Кіші Талас деп аталатынына да
тоқталған.
Сыр бойындағы Сауран, Қарнақ, Қаражұқ, Сығанак, Сүткентті ол оғыздар
шаһарына жатқызған. Шынында ІХ-Х ғасырларда Сыр бойын оғыздар мекен еткен.
Ал Ташкент жайлы ол: Ташкент - Шаш шанарының аты. Ташкент Тасқала деген
ұгымды білдіреді. Сайрам - Исфиджаб деп аталатын Байда атты (Аққала)
шаһардың аты. Кейде ол Сариям деп те аталады.- дейді.
Диуанда туркі халыктарының кісі аттары мен олардын жыл қайыру
дәстүрі, тағамдарьның түрлері де тәптіштей жазылған. Ал енді Түркі
халықтарының кеп қолданылатын сөздері деген айдармен берілген тараушадағы
ол, үн, ону өрт, от, он, ін, ой, атыз, ошақ, үзақ, үтік, атан, аш, азу һу
ау, ақ, ақсақал, ай, аяку үя, amaf apaf ана, іні, іңір, ортақ, аңшам, үрді,
үрдьіу үттьіу өеті, ашты, озды, оидыу атылды, ішілді, ашытты, ысытты,
үнатты, уқтырды, үялды, айтылды, алдады, аулады, қүт, қыр, біз, түз, қыз,
күзу тоң, тіл, күл, түн, қырыцқ жігіт, бақыр, қысыр, цымыз, ңорыц, балық,
қабақ, қонақ, білік, қызыл, тізім, қулын, қарын, күзен, тауар, қалқан,
балдыз, сырмақ, қолтық, тарғын, сарқынды, барды, тұрды құрды, көрді, тізді,
сөз, түз осы сөздер арада мың жыл өтсе де қазақ тілінде еш өзгеріссіз,
бастапқы қалпында қолданылып жүргенін байқаймыз. Түркі тілдері ішінде қазақ
тілі араб, парсы және де басқа тілдер әсеріне аз ұшырап таза сақталған
дегенде жазба деректеріне сүйене айтамыз.
Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын
осы бір үлкен классикалық шығарма - қазіргі қазақ тілінің негізін,
әдебиеттің ескі арнасының көзін танытатын мәнді де маңызды, түркі
халықтарыньң мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тарихында
лайықты орны бар ескерткіш. Маңызы мен көркемдігі жағынан бұл ескерткіш -
шын
Қолданылған әдебиеттер:
Н.Келімбетов, Ә.Қанафин. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы Рауан 1996
Сүйіншалиев X. ІХ-ХІІ ғасырлардьщ әдебиет ескерткіштері. Алматы, 1977
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.
Стебелева И.В. Развитие тюрских поэтических форм в XI веке.
Наджип Э.Н. Исследования по истории тюрских языков ХІ-ХIV вв. 1989
6. Халидов А.Б. Словари Исхака әл-Фараби и Махмуда әл-Кашгари
истории лексикографии в средней Азии Х-ХІвв.) -- Письменные памятники
проблемы истории культуры народрв Востока. XXI годичная научная сессия ЛО
ИВ АН СССР. 1987 часть IV, Москва 1987
Махмұт Қашқари. Түркі сөздерінің жинағы. Лениншіл жас газеті, 1991, №3-12
(4-18 қаңтар).
Ғ. Айдаров. Орхон-Енисей жэне көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі.
Алматы 1995.
А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Ә.Дербісәлиев. Қазақ
даласының жұлдыздары, Алматы 1995.
Алаштың Ұлы Ұс елі
23-Наурыз. 2009 Пікірлерді көру
Қазақ жайлы қалам тартқандардың барлығы дерлік Алаш, Үш жүз атауларына
соқпай өте алмайды. Алаш турасында "Қазақ совет энциклопедиясыида" "Алаш"
"Алаш мыңы"— ежелгі казақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы
"казак" деген бұрынғы елдің жалпы аты" — деп жазады, Шынында да Алаш
Қазақ сөзінің мэн-мағынасы не? Бұл турасында біз неге бір тоқтамға келе
алмай жүрміз? Неге біз Алаш сәзінің мән-мағынасын, шығу негізін білмей
тұрып осындай күйде тұрған Қазақ сөзімен бір синонимді сөз дейміз, тек
бұл атаулардың әр кезеңдерде бір-бірінің орнына қолданылғаны үшін ғана ма?
Ел аузына тараған:
Алаш Алаш болғанда,
Ала тай ат болғанда
Таңбасыз тай
Енсіз қой болғанда
Алаш хан болғанда — деген сөздердің бірінші жолы неге "Алаш Алаш болғанца -
деп тұр? Егер Алаштың Алаш екендігі әу бастан-ақ белгілі болса, онда Алаш
Алаш болғанда демей - ақ, Алаш болғанда деп бастап аяғында Алаш хан
болғанда десе де түсінікті болар еді ғой. Үлы Абай атамыздың Сонымен бұлар
өзін-өзі де өзге жұрттарда Қазақ атап кетіпті, бұрын ездерін ¥лүс дейді
екен де жүре береді екен деуінің астарында не жатыр? Бұрын біз өзімізді
Алашпыз, Қазақпыз, Үш жүзбіз деуші едік, енді Үлы Абайдың дерегінен біз
өзімізді Үлыс деп те атакғанымызды білдік. Бұдан әздігінен бұл төрт
атаудың қайсысы алғашқы бастапқы атауымыз болмақ? — деген сұрақ туады. Осы
арада
мен, наурызды Үіыстың Үлы күні деп мейрамдап той тойлау дәстүріміздің
негізінен мүсылман мен христиан дінінен әлдеқайда бұрын болғанын алға
тартамын. Наурыз мерекесінің бұл күнде бес мың жылдық тарихы айтылып жатса,
данышпан Абай атамыз Ол күнде наурыз деген бір жазғытүрым мейрамы болып
наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін "Ұлыстың Ұлы күні"-
дейді деуінен менің түйгенім біздің қазақтардың ол күнді, яғни жер жаһанның
жаңарған, қыстың ызғары кетіп табиғаттың бусанып жыл басының басталуына
себепкер күн мен түннің теңелуін "наурыз" — яғни "жаңа күн" демей өздерікше
бұл күнге ерекше мән беріп "Үлы күн" деп атап, той тамаша қылғанына көзім
жетті. Сондықтан қазақ үшін бұл күн шын мәнінде ерекше сағынышпен тосып
ататын ұлт мейрамы. Түркілер бұл күнді Үлы күн (¥лы күн) - деп тойлап
қана коймай ¥лык күнмен басталған жыл он екі айды үлүғ ай, кішіг ай, деп
бастап бірінші ай, екенші ай, үшінші ай, төртінші ай, бесінші ай, алтыншы
ай, жетінші ай, сегізінші ай, тоғызыншы ай, оныншы ай деп жіктеген. Бұл
ескі түркі күнтізбесі Бируни мен Ұлықбектің кітаптарында жазылған. Ал осы
¥лы күн неге Ұлүстың ¥лы күні — деп тойланған. Мен бұл жұмбақтың сырын
ашу үшін ¥лұс сөзін ¥лы және ¥с (күс) деген екі сөзден құралған атау деп
қарауды ұсынамын. Ал екі жуан дауысты "ы" мен "ү", "ү" мен "ү'1 қатар
келгендіктен біреуінің естілмей түсіп қалуы заңды құбылыс. Мысалы:
Айтылғанда және естілгенде ¥л Отан, ¥л Абай, ¥л ¥стаз деген сөздер
жазылғанда Үлы Отан, ¥лы Абай:, ¥лы ¥стаз деп жазылады, мен айтып
отырған ¥лыс атауы да дәл осылай. Жалпы қазақ халқының ауыздан-ауызға
тараған ауыз әдебиетінде, аңызға айналтан тарихи әңгімелері мен хатқа
түскен шежірелерінде түгелдей дерлік Алаш атанған хан болғаны жайында
баяндалатынына жоғарыда көз жеткіздік. Демек табиғатпен үндес өмір сүруді
мұрат еткен, көшпелілер, жақсылары мен жайсаңдарының басын қосып
баталасқанда, өздерінің жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп жүретін көшпелі
өмір тіршіліктерін көк пен жердің ортасында қалықтап еркін ұшқан құстарға
теңеп біз бейне бір лоп-топ болып үшқан ісүстар секілдіміз. Құстар да
өздеріне аян құс жолымен қыста жылы жаққа көшіп, жазда сол іздерімен кері
қайтып келіп отырады. Әрі құсты көктің, символы санаған көшпелілер өздерін
көк тәңірінің ұланымыз деп танығандықтан біз өзімізді қалықтап еркін ұшқан
құс еліміз деп ортамыздан тәңірі құсына, көктің құсы қыранға балаған
ханымызды көтеріп, бәріміз бір жағадайы бас, бір жеңнен қол шығарып, өзіміз
ұлылап тәңірі құсы қыранға балағанның ұрпағымыз, соның әулетіміз деп бір
ханнан, бір әулеттен, бір тектес ғана тарататын болайық деп ант берісіп
орталарынан өзінің батырлығымен, ақылдылығымен көзге түскен бірін ел
басшысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz