Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау



Кіріспе
І тарау. Әдебиеттерге шолу.
1.1.Рапс өсімдігіне жалпы сипаттама
1.2.Өсімдік майлары және оның биологиялық құндылығы
1.3.Рапс мол өнімді тағамдық, малазықтық дақыл
1.4. Рапстың халық шаруашылығындағы маңызы

II .тарау. Рапстың агробиологиялық және агротехникалық ерекшеліктері
2.1. Рапстың систематикадағы орны мен морфобиологиялық ерекшелігі
2.2 . Рапстың агробиологиялық ерекшелігі
2.3. Рапстың агротехникалық ерекшелігі

ІІІ тарау. Рапстың маңызы, өсірілетін аудандары өнімділігі сорттары
3.1. Жамбыл облысының топырақ.климаттық жағдайы
3.2. Топырақты өңдеу, Рапсты себу мезгілі, мөлшері, әдісі және тереңдігі
3.3 . Егістікті күтіп . баптау, фенологиялық зерттеу жасау

ІV тарау. Зерттеу нәтижелері
4.1. Жалдап егу технологиясы бойынша егілген Рапс өсімдігінің
өнімділігі мен су режимдері
4.2. Әр түрлі технология бойынша өсірілген күздік рапстың
топырағының сулық режимінің динамикасы

Қортынды
Әдебиеттер
Егіншілік шаруашылығы саласының алдындағы негізгі міндеттердің бірі
Республика тұрғындарын жеткілікті мөлшерде өсімдік майымен қамтамасыз ету. Ол үшін, майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтумен қатар, олардың жоғары өнімді түрлері мен сорттарын пайдаланып, тұқым шаруашылығын жақсартып, ғылыми негізделген интенсивтендірілген өсіру технологиясын кеңінен қолдана отырып, өнімділікті және оның сапасын жоғарылату керек.
Бүгінгі таңда мал басының кемуі мен мал өнімдерін оның ішінде жануар майын пайдаланудың азаюы, өсімдік майына деген сұранысты арттыра түсуде. Елімізде өсімдік майына деген сұраныстың тек қана 15% өзімізде өндірілсе, 85% сырттан әкелінеді. Сондықтан бұл өнім түрінен мемлекеттік азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда Республика халқының өсуіне байланысты азық-түлікке сұраныс қажеттілігі тез қарқынмен артуда. Сондықтан ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологияны, жоғары және тұрақты өнім беретін, өнімділік потенциалы жоғары дақылдар сорттарын аудандастырып, өндіріске енгізу өте қажет. Бұл бағытта соңғы жылдары облыс көлемінде бұрын егілмеген немесе жете зерттелмеген дақылдарды егу қолға алына бастады. Сондай дақылдардың бірі рапс өсімдігі.
Республикада рапс өсімдігі негізінен екі бағытта, яғни май алу үшін және мал азығы үшін пайдаланылады. Осыған байланысты майлы дақылдардың ғылыми негізделген өсіру технологиясын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Республикада өсірілетін майлы дақылдардың өнімділігі мен май шығымы (24-60% аралығында) топырақ-климат, агротехника, сорт ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Алынатын өсімдік майы химиялық құрамына, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады.
Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын өсімдіктердің бірі Рапс (Brassica oleifera). Oleifera Metzger-шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл, ол әлем ауыл шаруашылығында негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Облысымыздың топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті дәрежеде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі салдарынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын дәрежеге жету үшін егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық рентабельдігі жоғары технологиялар жасап өнімділігі мен қоршаған ортаға бейімділігі жоғары майлы дақылдардың жаңа түрлері мен сорттарын өндіріске кеңінен енгізу қажет.
Скакун А.С. Бурда И.В, Брауэр Д. Рапс-культура масличная. Минск-1994
2 Анахин А.Н. Справочник агронома Уроджай. Минск,1982
3 Федотов В.А, Гончаров С.В, Савенков В.П. Рапс Россий . Минск 2008
4 Шпаар Д. Рапс и суперица. Вырашивание, уборка исследование., Минск 2007
5 Левин И.Ф. Рапс культура 21-века. Казань, 2005-185с
6 Палий В. Ф. Современные состояние и новые методы защиты растений. Ужгород, 1969г., с. 33-33
7 Макаров И.Л. Болезни рапса и методы их учета Ж. «Защита растений», М.1991 №6., с. 55-60
8 Нарижный И.Ф. Шевченко А.В, Рябов В.Г. и др.. Справочник по интенсивной технологий возделывания ярвого рапса Воронеж-Липецк. 1999.,49 с.
9 Буряков Ю.П, Москотин В.А, Ревкин Е.А, и.др. Рапс озимый и яровой. М. 1988.45 с
10 Федотов В.А, Гончарев С.В, Савенков В.П. Рапс в Росий-монография. М.Агролига Росии, 2008.336 с.
11 Солдатова В.В. Перспективный исходный материал ярвого рапса для селекции сортов, устойчивных к фузариозу. Рапс-культура 21-века: сб.научных докл. Всеросс. совещания-семинара по рапсу. Липецк 1985, с. 55-59
12 Андреева Н.В., Ратошный А.Н., Курдова Н.В. Спирулина и рапсовый в комбикормах –стартерах для телят. Материалы МНПК. Актуальные проблемы кормления с/х-х животных,-к 70 летию профессора М.П.Кирилова. Дубровицы, 2007 г.,с.71-73
13 Аналитический обзор АТФ Банка ‘’Подсолнечник Казахстана’’08.2010г.11с
14 Абуова А.Б. Рапс-мол өнімді тағамдық, малазықтық техникалық дақыл //Жаршы №3/2006ж. 22-26 б.
15 Сидорик И.В. Слабуш В.И. Мельников В.А. «Жаздық рапсқа экологиялық сорт сынау» //Жаршы №6/2007ж. 19-21 б.
16 Байбатыров Т.А. Рапс күнжарасын экструдерлеу процесінің оптималды параметрлерін негіздеу. Пищевая технология и сервис. А.2009ж.№6. 33-36.б
17 Жаңабаев Қ.Ш. Арыстанғұлов С.С. Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы, Астана 2007., 315 б.
18 Степанов В.Н. Киселев А.Н. Основы агрономии, Москва «Колос» 1967 г, 305с.
19 Карентаев А. Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы 1991-2006 жылдарда, Тараз қаласы 2006 ж, 33 б.
20 Степанов В.Н. Киселев А.Н. Третьяков Н.Н. Агрономия негіздері. Алматы., »Мектеп» 1992ж, 304 б.
21 Аубекеров Т.А. Жұмағұлов Ж.Ж Өсімдік щаруашылығы және селекция, Алматы «Қайнар» 1988, 129 б.
22 Әрінов Қ., Нағымтаев А.,Ысқақов М.,Серікпаев Н., Жұмағұлов И. Агрономия негіздері «Филиант» баспасы, Астана. 2007ж, 241б.
23 Сейітов И. Саудабаев Т. Әбдірашев Ш. Агрономия негіздері. Алматы «Ана тілі» 1991ж.
24 Гортлевский А.А. Макеев В.А. Озимый рапс Москва, Россельхоз 1983г. 73с.
25 Илялетдинов Ш.Н. Масличные культуры. Қайнар.,1976г., с.99
26 Шевченко В.П. Агротехника сельскохозяйственных культур на осушенных землях. Москва «Агропромиздат» 1985 г, с.222
27 Ващенко И.М. Основы сельского хозяйства. Москва «Просвещение» 1987г.,с.321
28 Вавилова П.П. Растениеводство. Москва «Колос»1975г.. с: 362-365
29 Косинский В.С. Никляев В.С Ткачев В.В. Сучилина А.А. Основы земледелия и растениеводства. Москва «Алропрмиздат» 1990г.,с: 345
30 Гольцов А.А. Рапс, суперица. М. Колос 1983.
31 Липашенко И.З., Абрамов В.Р. Технология вырашывания и использования рапса и суперицы М. Агро. 1989.
32 Кудрявцев В.А. и др. Выращивание ярового рапса и сурепицы на кормовые цели и семена (рекомендации). Алма – Ата , «Кайнар», 1982.
33 Джингильбаев С.С. Май дәнін сығуда шнекті майсыққыштың
қолайлы тәсілін ұсыну. //Жаршы. №3/2006ж. 586.
34 Лищенко В.Ф., Лищенко В.В., Лищенко О.В. Мировое производство, потребление и торговля жирами и маслами в 1999-2000г.г. -Масложировая промышленность. - №2/2002, 5с.
35 Ізтаев Ә.І.,Жиенбаев С.Т., Байбатыров Т.А. Рапс күнжарасы-бағалы азық. Материалы юбилейной междунар.науч.-практ-конф. АО « Казахский агротехнический университет»им. С.Сейфуллина. А.2008.№13.11-12 б.
36 Жиенбаев С.Т., Байбатыров Т.А., Малдыбаева Н. Әлем нарығындағы рапстың рөлі. Пищевая технология и сервис. А. АТУ, 2008.№3., 6-8 б.
37 Есқали Ө. Рапс осында өсіріледі. Егемен Қазақстан газеті.,№ 533-534 (26926)., 9 қараша. 2011 ж..
38 Артемов И.В. Расп / М: Агропромиздат, 1989.44с.
39 Захарова А.А. Рапс выгодная культура // Земледелие. №3. 1998. 16-17с.
40 Захаренко В.А. Система защиты рапса. Защита растений / В.С. Захаренко, П.В. Никонов 1998, 140 с.
41 Зыболов В.С. Применение рапса для очистки почвы от сорняков /В.С. Зыбалов // Земледение №3 2002, 21с.
42 Карпачев В.В. Основные задачи научного обеспечения отрасли рапсоводства в Россий /В.В. Карпачев // Кормопроизводство. №12. 2007, 17-19 с.
43 Константинова И.С Повышение качества продуктов переработки семн рапса // Кормопроизводство №4, 2003г, 19-21 с.
44 Кухнецова Р.Я. Рапс высококоурожайная культура / Ленинград: Колос, 1975. -84 с.
45 Курбанов С.А. Режим орошения и урожайность озимого рапса в равнинной зонеДагестане. Ислаилов И.Н. // Мелиорация и водное хозяйство №2. 2007г, 42-43 с.
46 Лукомец В.М. Биопотенциал возделывания масличных культур в России. Бочкарев Н.И. // Доклады Российской академии сельскохозяйственных наук.-2005г. №2, 7-10 с.
47 Мазитов Н.К. и др. Ресурсосберегающая технология и техника возделывания рапса. //Доклады РАСХН. №4.,2008., с.60-62
48 Мазяркина Т.В., Денисова Э.В. Улучшение качества рапсового масла по составу жирных кислот.//Кормопроизводство.2003 №7., с.10-11
49 Минкевич И.А. Масличные культуры. Борковский В.Е. Москва /Сельхозгиз, 1952. 580 с.
50 Милащенко Н.З. Технология Выращивания и использования рапса и сурепицы / абрамов В.Ф. Москва-1989г. 67 с.
51 Новоселов Ю.К. Факторы стабильности урожая ярового рапса. Ян Л.В.
// Кормопроизводство-2002г. №17, 17-20 с.
52 Оробченко В.П. Рапс озимый. М.1959.,159 с.
53 Орманджи К.С, Стефанский В.В., Марценко М.Н., Майстренко Г.С Интенсивная технология производства рапса. / Москва: Агропромиздат, 1990г, 160 с.
54 Пилюк Я. Э. Култура рапса в Беларуси // Земледелие №2, 1998г, 42 с.
55 Рекомендации по интенсивной технологии возделывания рапса / Общ. Редакция В.В Щугорева. Липецк 1987г, 70 с.
56 Савенков В.П. Урожай рапса зависит от технологий возделывания и погодных условий.. //Кормопроизводства. №2., 2008., с.19-21
57 Яама Э.О. О возможности возделывания рапса в Эстонии // зерновые и масличные культуры №6, 1969г. 40-42 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І тарау. Әдебиеттерге шолу.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...8
1.1.Рапс өсімдігіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 8
1.2.Өсімдік майлары және оның биологиялық
құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 14
1.3.Рапс мол өнімді тағамдық, малазықтық
дақыл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...24
1.4. Рапстың халық шаруашылығындағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 29

II –тарау. Рапстың агробиологиялық және агротехникалық
ерекшеліктері ... ...33
2.1. Рапстың систематикадағы орны мен морфобиологиялық
ерекшелігі ... ... ..33
2.2 . Рапстың агробиологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.3. Рапстың агротехникалық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

ІІІ тарау. Рапстың маңызы, өсірілетін аудандары өнімділігі
сорттары ... ... ... ..42
3.1. Жамбыл облысының топырақ-климаттық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3.2. Топырақты өңдеу, Рапсты себу мезгілі, мөлшері, әдісі және
тереңдігі ... ...46
3.3 . Егістікті күтіп – баптау, фенологиялық зерттеу
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ...47

ІV тарау. Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .50
4.1. Жалдап егу технологиясы бойынша егілген Рапс өсімдігінің
өнімділігі мен су
режимдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 50
4.2. Әр түрлі технология бойынша өсірілген күздік рапстың
топырағының сулық режимінің
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...54

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Кіріспе
Егіншілік шаруашылығы саласының алдындағы негізгі міндеттердің бірі
Республика тұрғындарын жеткілікті мөлшерде өсімдік майымен қамтамасыз
ету. Ол үшін, майлы дақылдардың егіс көлемін кеңейтумен қатар, олардың
жоғары өнімді түрлері мен сорттарын пайдаланып, тұқым шаруашылығын
жақсартып, ғылыми негізделген интенсивтендірілген өсіру технологиясын
кеңінен қолдана отырып, өнімділікті және оның сапасын жоғарылату керек.
Бүгінгі таңда мал басының кемуі мен мал өнімдерін оның ішінде жануар
майын пайдаланудың азаюы, өсімдік майына деген сұранысты арттыра түсуде.
Елімізде өсімдік майына деген сұраныстың тек қана 15% өзімізде өндірілсе,
85% сырттан әкелінеді. Сондықтан бұл өнім түрінен мемлекеттік азық – түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда Республика халқының өсуіне байланысты азық-түлікке
сұраныс қажеттілігі тез қарқынмен артуда. Сондықтан ауылшаруашылығы
дақылдарының өнімділігін көтеру, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жаңа
технологияны, жоғары және тұрақты өнім беретін, өнімділік потенциалы
жоғары дақылдар сорттарын аудандастырып, өндіріске енгізу өте қажет. Бұл
бағытта соңғы жылдары облыс көлемінде бұрын егілмеген немесе жете
зерттелмеген дақылдарды егу қолға алына бастады. Сондай дақылдардың бірі
рапс өсімдігі.
Республикада рапс өсімдігі негізінен екі бағытта, яғни май алу үшін
және мал азығы үшін пайдаланылады. Осыған байланысты майлы дақылдардың
ғылыми негізделген өсіру технологиясын зерттеу өзекті мәселе болып
табылады. Республикада өсірілетін майлы дақылдардың өнімділігі мен май
шығымы (24-60% аралығында) топырақ-климат, агротехника, сорт
ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Алынатын өсімдік майы химиялық
құрамына, биологиялық қасиеттеріне және тауарлық сапасына қарай әртүрлі
мақсаттарда пайдаланылады.
Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын
өсімдіктердің бірі Рапс (Brassica oleifera). Oleifera Metzger-шаршы
гүлділер тұқымдасына жататын майлы және малазықтық дақыл, ол әлем ауыл
шаруашылығында негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда. Облысымыздың
топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті
дәрежеде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі салдарынан еліміздің азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын дәрежеге жету үшін егіс
дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті биологияландыру, экологиялық
тазалығы мен экономикалық рентабельдігі жоғары технологиялар жасап
өнімділігі мен қоршаған ортаға бейімділігі жоғары майлы дақылдардың жаңа
түрлері мен сорттарын өндіріске кеңінен енгізу қажет. Осыған орай майлы
рапс дақылының халық шаруашылығы үшін құнды белгілері мен қасиеттерін,
тұқымның өнімділігі мен сапасын нақты топырақ-климат жағдайларына
бейімділігін бағалап Жамбыл облысының таулы-дала аймағында өсіруге лайықты
диверсификациялық түрлерін ұсынуға және жалдап егу технологиясының
агробиологиялық заңдылықтарымен су режимдерін зерттеу ғылыми жұмыстың
көкейтестілігін білдіреді.
Қазіргі кезде Қытай, Канада, Индия, Еуропалық одақ елдерінің рапсты
өсіру егістігі әлемдегі рапс өсіру егістігінің 90 пайызын құрайды. Оның
өндірісі Азияда – 46,8%, Еуропада – 30,36%, Солтүстік Америкада – 19,2%
құрайды. Рапс Ресей Федерациясында да қарқынды түрде өсіріле бастады, олар
жыл сайын 0,11 млн тоннадан астам рапс өнімін алады. Рапстың мұндай
қарқынды таралуына оның майының азықтық және техникалық қажеттіліктер үшін
қолдануы мен климаттық жағдайға тез бейімделе алатындығы себеп болуда.
Қазақстанның Бүкілодақтық сауда ұйымына кіруіне байланысты ауылшаруашылығы
өнімдерінің сапасына қатал талап қойылуда. Сондықтан жаңа жағдайдағы
бәсекелестікке сай болу үшін әлем нарығында сұранысы бар ауылшаруашылығы
өнімдерін шығару қажет. Осыған сәйкес еліміздегі АҚ Продкорпорацияның
рапс өндірісін дамыту бағдарламасына сәйкес Республика облыстарында
рапстың перспективті күздік және жаздық сорттарын өсіру танаптары
көбейтілуде.
Капуста тұқымдас майлы дақылдардың ішінде майының мөлшері (46-50%) мен
сапасы жөнінен күздік рапс бірінші орын алады. Рапс майының тағамдық және
техникалық маңызы бар, ол бағалы мал азығы болып табылады. Шаруашылықта
рапстың күздік және жаздық сорттары егіледі.
Ал біздің елімізде рапс жалпы егістік алқабының 12,5 пайызын құрап,
күнбағыс, мақтадан кейінгі орында тұр. Қазіргі кезде рапс Солтүстік
Қазақстан, Қостанай, сонымен қатар Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстанда
облыстарында өсіріледі. Рапсты пардан, дәнді, дәнді бұршақ, отамалы
дақылдардан кейін арамшөптерден тазартылған құнарлы, суармалы жерлерге
орналастырған дұрыс. Суармалы жерлерде топырақ өңдеу терең жыртудан
басталады. Көктемде беті қопсытылып себу алдында культивация мен топырақ
бетін тегістеу, зиянкестермен күрес, кең қатарлы егістікте қатараралықты
өңдеу, суару жұмыстарын жүргізу қажет.
Күздік рапстың климатқа талабы мықты, суыққа төзімділігі төмен, олар
құрғақшылық пен қысқы айларда жылының көп болғанын да қаламайды. Жаздық
рапс климаттық жағдайларды онша талап ете қоймайды, бірақ күздік рапсқа
қарағанда майлылығы төмен. Қәзіргі кезде әлем ауылшаруашылығында рапс
негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда, сонымен қатар ол тамақтық,
жемдік және техникалық мақсаттарға да қолданылады.
Зерттеу нысаны: Рапс өсімдігінің күздік Rоhаn сорты мен гибридтік
Ливиус (Livius) және Династи (Dunnastiе) сорттары.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл
облысында бейімделушілігін анықтау және оны өсіру мен жоғары өнім алу
агротехникасын зерттеу, рапстың биологиялық ерекшелігі мен шаруашылықтағы
маңызын анықтау. Жалдап себу технологиясы бойынша суармалы жерге егілген
күздік рапс сортының өнімділігін анықтау.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- рапс дақылының шығымдылығын лабораториялық жағдайда анықтау;
-рапс дақылының күздік сортының биоморфологиялық ерекшелігін анықтау;
- Жамбыл облысына Рапс майлы дақылының бейімделушілігін бақылау;
- рапс майлы дақылының тиімді өсіру агротехнологиясын зерттеу;
-рапс майлы дақылының жоғары өнімділігін арттыру мен халық
шаруашылығындағы маңызын зерттеу;
- рапстың құнды белгілері мен қасиеттерінің және өнім мөлшері өзгеруінің
агробиологиялық заңдылықтарын анықтау.
- Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы: рапс өсімдігінің
күздік сорты мен гибридінің тұқымы Германия мемлекетінен әкелініп Жамбыл
облысында Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында бейімделушілігі бірінші рет
сыналып жатыр.
Рапс майлы дақылының Жамбыл облысы жеріне бейімделушілігін анықтау
барысында 6 гектарға отырғызылды. Оның 80 қатары гибрид, 52 және 45 қатары
сорт. Топырақты жалдап қырына себу технологиясымен егілген күздік рапс
сортының өнімділігін арттыру және су ресурстарының тапшылығы жағдайында оны
тиімді пайдаланып, суды үнемдеу маңызды мәселе болып табылады.

І тарау. Әдебиеттерге шолу.
1. Рапс өсімдігіне жалпы сипаттама.
Raps-Paskul Рапс -өте бағалы майлық және мал азықтық дақыл, ол
жоғары сапалы өсімдік майы мен белок көзі. Рапс сөзінің шығуы Ерте Египет
тұрғындары Күн құдайы Ра-ға байланыстырады. Сондықтан Рапс –Күн өсімдігі
деген мағынаны білдіреді. Рапс өсімдігін өсіру экологиялық экономикалық
және агрономиялық көрсеткіштері жөнінен тиімді:
1. Экологиялық жағынан – бір гектар күздік рапс егістігі 10,6
млн.л. оттегін бөліп, қант қызылшасынан кейін 2-ші орынға иелік етеді. Бір
гектар орман алқабы бар болғаны 4 млн. л. оттегін бөледі, бұл рапс
егістігінің бір гектары бөлетін оттегінен 2,5 есе аз. Сонымен қатар
топыраққа төгілген Рапс майы 7-күн ішіеде 95% -ға дейін өздігінен ыдырап
қоршаған ортаны ластамайды, ол минералдық майлар осы уақыт (мерзім) ішінде
бар болғаны 16% -ғана ыдырап қоршаған ортаны ластайды. Бір литр минералдық
май 1 млн. литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етіп,
топырақты ластап оны өсімдік өсіру үшін көп жылдарға пайдалануға болмайтын
жағдайға келтіреді. Органикалық заттардан алынған бензин мен дизелдік
жанармай тракторлар мен автомашиналардың двигательдерінде жанып қоршаған
ортаға көптеген зиянды заттарды бөледі, ал рапстық жанармай жанғанда
экологиялық таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған
жанармайға экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ.
2. Агрономиялық көрсеткіші –потенциалдық өнімділігі жоғары,
ауыспалы егістікке жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейінгі егілген бидай
мен арпаның өнімділігін 10-15%-ға арттырады, топырақты органикалық
заттармен байытып, оның сулық және ауа өткізгіштік қасиетін жақсартады,
шикізат ретінде биожанармай мен биомоторлық май шығаруда және өте бағалы
мал азықтық жем ретінде қолданылады.
3. Экономикалық тиімділігі –рапсты өсіру рентабельділігі 50 %-дан
кем емес, сату бағасы тиімді болғандықтан ішкі және сыртқы рынокта
техникалық шикізат ретінде транспорт пен өнеркәсіпте кең түрде қолданылады.
Тағамдық және техникалық өсімдік майы ретінде әлемдік рынокта жоғары
сұранысқа ие.
Рапс – майлы дақылдарға жататын бағалы өсімдік. Оның дәнінде 43
пайыздан (жаздық рапс) 50 пайызға (күздік рапс) дейін май болады. Рапстың
майын тағам үшін және техникалық мақсатта пайдаланылады, сонымен қатар
сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері өндірісінде
қолданылады. Рапстың 100 кг. көк балаусасында 15,7 кг. малазықтық өлшем
бар және ол витаминдерге (әсіресе А,С) өте бай, жақсы қорытылады, жасұнығы
онша көп емес (11-13%). Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да
көтеріліп өсуге қабілеті бар өсімдік.[ 4,6,9,14-18,24-31]
Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға күз
айларында, немесе ерте көктемде жақсы жайылым. Осы қасиеттері жағынан рапс
жақсы мал азықтық дақыл. Май зауыттарында өңделгеннен кейін қалған
күнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сұлыға тең келеді, бірақ ондағы
қорытылғыш протейін мөлшері сұлыдағыдан үш есе көп. Рапс күнжарасын малға
таза күйінде емес, құрамалы азықтардың қоспасы ретінде берген дұрыс.
Егіншілікте рапс көптеген өсімдіктерге жақсы алғы дақыл болып
есептелінеді. [1-4,6,9-11]
Күздік рапс - күзде себілгенде ғана май алынатын негізгі
дақыл. Оның өсуіне қысы қарлы әрі жылы болатын , әсіресе қыстың
соңы мен ерте көктемде ауа райы ерекше құбылып өзгермейтін
аудандар қолайлы. Еліміздегі күздік рапстың жалпы егіс көлемі 50 –
60 мың га. шамасында. Алынатын өнім көк балауса 300 – 400 ц, тұқым
өнімі әр гектардан 15- 20 ц. Кең таралған сорттары – Кубанский – 1 ,
Дублянский және т.б.
Күздік рапс –жасыл жапырақты, жоғарғы жапырақтары сабақтарын
жартылай орап алады. Гүл шоғыры –шоқ . Климатқа қоятын талабы жоғары.
Маусымның басында гүлдеген рапстың ашық сары түсі араларды өзіне тартады,
олар рапстан шырын мен тозаңды жинайды. Басты шоғырындағы гүлдеу төменнен
басталып, жоғары көтеріледі. Басты шоғыр гүлдеген соң , екі жағындағы
шоқтары гүлдейді. Тозаңдары гүл ашылған соң ашылады. Тозаң қабығының тозаң
шығатын жағы күздік рапста әрбір аталығының қарсы бетінде қызыл нүктемен
танылады. Тозаң жарық ретінде жоғарыдан өте тар- майда екі ұзынша тесік
арқылы енеді. Қиылыса тозаңданады, төрт ұзындау келген аталықтар тозаң
қапты айналып, тозаңдаушымен бір биіктікте көтеріліп аналыққа түседі.
Кешке қарай жапырақтарының үстіңгі бөлігі анық көрінген гүлдері таңертеңгі
мезгілде ашыла бастайды. Одан әрі жапырақ үсті таралып, олардың арасында
аналық пайда болады. Гүл бұл кезде қоңырауға ұқсас болады. Күздік рапстың
гүлдеуі 25-35 күнге созылады [ 24-26]
Көп жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, рапс гүлінде шамамен
0,7 мг шырын, бар, ол 0,3 тен 0,9 мг аралығында ауытқып отырады.
Қанттылығы 12-14 пайыз. Рапстың шырындылығы мен қанттылығы қолайлы табиғат
жағдайларында ұлғаяды. Бұған табиғат жағдайлары, агротехника деңгейі, калий
тыңайтқыштары ықпал етеді. Рапстың бал өнімділігі 1 га жерден 50 кг
анықталады. Деректер бойынша бір бал ара ұясы рапстан бір күнде 3-4 кг
шырын жинайды. Рапс балы ақ түсті, кейде сары түсті, өте тәтті, рапс
гүлінің иісі бар. Ол тез кристалданады, суда еруі қиын, қоспасы қою болады,
сондықтан оны ара омартасында қысқа қалдыруға болмайды. Рапсты ара
ұяларының жанына себу тозаңдануына көмек береді.[ 8-11]
Күздік рапсты сепкенде, омарта жанындағы көктемде гүл жарғанда
өсімдіктің жоғарғы сабақтарын кесу қажет. Сонда оның жанындағы сабақтары
жақсы жетіледі, гүлдеуі ұзаққа созылады. Күздік рапс Атырау, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. [14,17-23,37]
Жаздық рапс Азияда кеңінен таралған дақыл. Үнді елінде ол 3,4
млн, Қытайда - 2,5 млн , Пакистанда – 500 мың га жерге егіледі. Азия
елдеріндегі әр гектардан алынатын рапс өнімі - 5,5 – 6 ц, рапс
тұқымын көптеп өндіретін Канада елі. Жаздық рапстың әр гектарынан 10
ц. өнім алынады. Оның сорттары: Юбилейный, галант, ратник, ритм, визит,
липецкий, рубеж, герос, золотоновский. Осының ішінде ең жоғары сапалы
Липецкий сорты болып табылады. Жаздық рапс (кольза) бал беруі күздік
рапстан қалыспайды. Ол шырын мен тозаң бөледі. Жаздық рапс Ресейдің
орталық және солтүстік аумақтары үшін маңызы бар, бұл жерлерде жаздық рапс
өсіріледі. Оны Сібірде, Оралда, Солтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстан,
Ақмола облыстарында өсіруге болады. [4,6-11,15,17-18,20-32]
Жаздық рапс өнімділігі жөнінен күздік рапспен салыстырғанда, қалыс
қалады, бірақ климат пен топырақ таңдамайды. Оны әдетте күздік рапстан
кейін себеді. Рапсты кеш себуге болмайды, себебі зиянкестер шыққанша рапс
топыраққа бекуі қажет. Рапс тұқымын аралығын 15 см етіп, кең қатарлы
әдіспен 1га. жерге шамамен 12-16 кг. есебінен шашады, 2-4 см. тереңдікте
себеді, себу үшін жақсы дәндер алу керек, бірақ сыртында тозаңы болуы тиіс.
Генетиктер үшін рапстың пайда болуы ерекше қызығушылық тудырады. Бұл
өсімдіктің жабайы түрі кездеспейді. Дақылдар арасында б. э. дейінгі IV
ғасырдан белгілі. Рапс бақшалық капуста мен қыша бастың шағылысуынан пайда
болған.[ 6,10,31]
Рапстың шыққан тегі туралы біртекті пікір жоқ. Ботаниктердің көбісі
Brassica туыстастарға жатқызған, нақтылап айтқанда рапс, Жерорта теңізінің
жағалауларында пайда болған мәдени өсімдіктерге жатады. Рапстың жабайы
өсетін түрі белгісіз, бірақ көптеген елдерде Европада, Азияда, Америкада
және Солтүстік Африканың далаларында рапс жабайы түрде арамшөп ретінде
кездеседі. [3]
Е.Н. Синскойдің пікірі бойынша, рапс Еуропадан шыққан. Оның отаны –
Англия мен Голландия, ол жақтан ХVІ ғасырларда Германияға тараған, одан
Польша мен Батыс Украинаға жеткен. Ресейде оны майлы дақыл ретінде XIX
ғасырда өңдей бастады.
Көптеген елдерде рапс деген атпен рапсты қышаны, сизияны біріктіріп
бір туыстас өсімдіктерге жатқызады.[1-3,10-11] Рапс - қыша (2 n = 20,
геном АА) және капуста (2 n = 18 геном СС) қатысқан бірден бір амфидиплоид.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай өзгеде шаршы гүлділер өсімдіктері секілді
Еуропада кеңінен тарады. Германияның өзінде оның аумағы 300 мың га. жетті.
Оның бұндай таралуына майының техникалық қажеттіліктер үшін кең түрде
қолдануы себеп болды. Ол кезде әліде мұнай өнеркәсібі жетіле қоймаған
болатын. [4,10-11,30,34,36]
1870 жылдары Ресейде рапс егу 25 мың га жетті, одан кейінгі 30 жылда 357
мың га жерді қамтыды. Алайда халықаралық рынокта арзан мұнай өнімдерінің
пайда болуы, әсіресе Еуропада рапс өңдеу көлемін төмендетті, рапс егетін
жер аумағы 178 мың га –дан 92 мың га –ға кеміді. Азияда рапс өсіру біршама
деңгейді ұсталды. [10]
ХІХ ғасырда орыс бидайына деген сұраныстың ұлғаюына байланысты рапс
егетін жер кеми түсті. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Ресейде рапс өсіру
тоқтатылды. Мұның негізгі себебі – күнбағыс өсірудің жедел дамуы болды,
онымен экономикалық бәсекелестікке рапс түсе алмады. Рапс өсіру 1980
жылдары қайтадан қолға алына бастады, 1990 жылдары оның аумағы 258 мың
гектарға жетті.
В.Н Степанов еңбегі бойынша, майды тазарту әдістерінің жетілдірілуі,
оның қоректік зат ретінде пайдалануды дамытты. Әсіресе бірінші дүниежүзілік
соғысы кезінде Орта Еуропада оған сұраныс ұлғайды. [18]
ХХ ғасырдың 30 жылдарында рапс Ұлыбританияда, АҚШ, Жаңа Зеландияда,
кейінірек Батыс және Шығыс елдерінде, Қытайда кеңінен таралды. Оны мал
азығы ретінде пайдаланды, бұл 1999 жылдары рапстың дүниежүзілік өндірілуін
42,5 млн тоннаға жеткізді. Қытайда, Индияда, Канадада мол өнім алынды. [9-
11,34]
Қазіргі таңда рапсы өсіруден Канада мен Индияны артқа тастап, жетекші
орында Қытай болып отыр, бұл үш ел әлемдік өнімнің 57 пайызын береді.
Келешекте Қытай, Индия, Канада рапс өсіруді ұлғайтады, Шығыс Еуропада
рапстан мол өнімді Чехия мен Польша алуда. Рапс дақылын өсірудің басты
аймақтары –Азия үлесіне 46,8 %, Еуропаға -30,3 %, Солтүстік Америкаға
-19,2 % үлес тиеді.
ТМД елдерінде жылына 0,16 млн тонна өндіріледі, Ресейде - 0,11, Украина
- 0,02, Белоруссияда - 0,02 млн тонна. 1989 жылдан бастап Ресейде рапс себу
аумағы қысқарды. Бұған себеп - өнімді өңдейтін материалдық техникалық
базаның жоқтығы. [1,3,4-6,10]
Бүгінгі таңда рапс майлы дақыл ретінде кеңінен өңделуде, әсіресе мұндай
дақылдар көп өнім бере қоймайтын табиғи зоналарда кеңінен таралуда. Екпе
дақыл ретінде жаздық рапс немесе Кольза және күздік рапс түрінде кездеседі.
Май беретін шаршы гүлділер өсімдіктерінің ішінде рапс тұқымы майының
көптігімен ( 45 – 50 % ) және сапасы жөнінен бірінші орын алады.
Күздік рапстың климатқа талабы мықты, аязға төзімділігі төмен, олар
құрғақшылық пен қысқы айларда жылының көп болғанын да қаламайды. Жаздық
рапс климаттық жағдайларды талап ете қоймайды, бірақ күздік рапсқа
қарағанда майлылығы төмен.
Мысалы, Канадада жаздық рапс себу кең тараған, ал Еуропа елдерінде
күздік рапсты өңдейді, олардың өнімділігі жоғары. Швецияда рапстың екі
түріне де үлкен көңіл бөлінеді.
Шығыс Еуропаның континенталды климатында күздік рапс өсіру үлкен
тәуекелдікті талап етеді. Ресейдің, Украинаның және өзге де ТМД елдерінде
жаздық рапс өсіріледі.
Рапсты экспорттаушы басты елдер – Еуропа, Канада, Австралия. Импорттаушы
елдер – Қытай, Мексика, Жапония, Бангладеш, Пакистан және өзге де елдер.[
34 ]
Солтүстік Қазақстанда ерте пісетіндіктен жаздық рапс өсіріледі. Аймақта
соңғы жылдары оның егістігі 45 – 48 мың гектарға дейін өсті, ал тек қана
Көкшетау мен Қостанай облыстарының әрқайсысында ол жыл сайын 18 – 20 мың га
жерге себіледі. Сонымен қатар рапс Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстанда да
өсіріледі. [14-17,19,20-23,37]
Т.А Аубекеров [21 ] пікірі бойынша, халықты азық-түлікпен қамтамасыз
етуде өсімдік майларының маңызды орын алатыны мәлім. Елімізде май
дақылдарының өндірісі өсуде. Бірақ оның үлес салмағы 2000-шы жылғы 73,8
пайыздан өткен 2009-шы жылы 48,9 пайызға төмендеді. Өндіріс рапс өндіруден
-28,7 есе, шашақты зығырдан – 6,7; қытай бұршақтан – 3,4; мақсарыдан
(сафлор)– 2,2 есе өсті. (1-кесте)

1-кесте. Республикада май дақылдарын өндіру (мың тонна)

Жыл2002 2003 2004 2005
дар
1 Германия 15.913 50% 443
2 Белгия 6008 19% 445
3 Англия 3500 11% 379
4 Литва 2984 9 511
5 Турция 2014 6 325
6 Иран 1314 4 320
7 Қазақстан 10 1% 569
Барлығы 31744 100%

Украинада рапс дақылы негізінен қызылша өсірілетін оңтүстік
аумақтарында себіледі, солтүстік жақтарда ол өліп қалады. Украинаның басты
аумағында өсірілген күздік рапстың бал шаруашылығы үшін маңызы бар.
Рапс өте жақсы бал беретін өсімдікке жатады, 25-30 күннің ішінде
бал арасы әр егілген гектардан 90 кг дейін бал жинайды.
Агротехникалық жағдай бойынша рапс өсімдігі көптеген дақылдарға
өте жақсы алғы дақыл болып саналады, егілген егістікті ерте босатып,
топырақ құрылымы мен құнарлығын жақсартып, алқаптың ластануын азайтады.
Рапстан кейін егілген дәнді дақылдардың өнімділігін 10-15%- ға арттырып еш
қосымша материалдық шығынысызақ өсімдік шаруашылығының тиімділігін
арттырады.
Бүкіл дүние жүзінде майлы дақылдардың ішінде рапс өсімдігі
өсірілетін көлемі жағынан соя дақылынан кейін екінші орын алады (Бочкарев
2006). Рапс дақылы өсімдік майы мен мал- азықтық белок көзі болып табылады,
өйткені оның дәнінде күнбағыс дәніндегідей 40-48% және 50-55% май бар
(Палий 1961). Ал дәндегі белок мөлшері жөнінен күнбағыстан 5-17 % артық
өнім береді.(Суханов,Нарижний т.б.1987 Федотов, Коломейченко және т.б. 1998
). Бұл дақылдың эруковтық және төмен глюкозинолатты сорттары жоғары
биологиялық бағалылығы мен сапасы және дәмдік қасиеттері жөнінен оливкалық
(зәйтүн) майына өте жақын. (Гареев,1996).
Соңғы жылдары Украина егіншілері бидайдың орнына Рапс өсімдігін
көптеп егуде, өйткені оның рыноктағы құны көп пайда әкелуде. 2010 жылы
шілде айында рапстың бір тоннасы 330-350 доллар тұрса, 2011жылы бұл баға
640-650 долларды құрады. (М.Колесник -2010). Бұған рапс өсімдігінің әлемдік
рынокта биожанармай өндіруде зор сұранысқа ие болып отыруы себеп болуда.
Оның бағасы мұнай бағасының өсуімен байланысты өсуде.
АҚШ-ауылшаруашылық министірлігінің мәлімдемесі бойынша 2010-
2011 жылы барлық әлем елдері 57,2 млн. тонна рапс өндірген, бұл 2009 жылмен
салыстырғанда 3,2 млн. тонна аз, оның басты себебі қуаңшылық. Рапсты ең көп
мөлшерде Еуроодақ елдері өндіруде, оның үлесіне әлемдегі өндірістің 34%
келеді. Одан кейінгі орындарда Қытай, Индия, Австралия, ал Украйна 6- шы
орында. Немістің аналитикалық агенттілігі OiL World-ың мәліметі бойынша
2011 жылы рапстың өнімділігі 19,5 млн. тоннаға дейін кеміген (2010ж-
20,59млн. тонна болатын). 2012жылы бұл аналитикалық орталықтың болжамы
бойынша ЕО-та рапсты өсіру бұдан да аз болады деп күтілуде. Бұл алдағы
уақытта осы техникалық дақылға деген сұраныстың өсуімен оның бағасының тым
жоғары болатындығын көрсетеді.[34-36]

1.2.Өсімдік майлары және оның биологиялық құндылығы

Ш.Н. Илялетдинов пікірі бойынша, өсімдік майлары үшглицерид пен май
қышқылдарының қоспасы мен өсімдіктердің май алу кезіңде қосылатын заттар
жиынтығында тағамдық және биологиялық құндылығын өсімдік майларының
үшглицеридтер 98-99% айқындайды, олар майдың түріне тән және өсімдік
майының түрін анықтағаңда пайдаланылады. Әртүрлі майлардың май қышқылдары
әртүрлі. Сұйық өсімдік майларының соя, күнбағыс, жүгері, мақта
ерекшеліктері болады. Олар да алмастырылмайтын май қышкылдарының линол
және линолен 50-ден 60 мг % көп мөлшерде болып, организмде көптеген зат
алмасу процесіне қатысып, соның ішіңде организмнен артық холестеринді
шығарып адамның иммунитетін жоғарылатады. [25]
И.М Ващенко еңбектерінде сұйық өсімдік майларының (соя, күнбағыс, кокос,
мақта) ерекшеліктері:төменгі молекулалық май қышқылының (капрон, каприл)
майдың құрамында болуы кокос немесе пальмоядро майларының қосылғанын
көрсетеді, өйткені бұл май қышқылдары аталған майларда көп мөлшерде
кездеседі. Арахис (жер-жаңғак) және мақта майларында қаныққан жоғары
молекулалы май қышқылдары (18 және 24%) көп мөлшерде соған байланысты 10-
12°С-та майланады, ал 0-5°С-та тұнба түзіп қатады, бұл майдың сапасыздығын
көрсетеді. [27,33-34]
В.Н. Степанов пікірі бойынша, салаттық мақта майы, тазартылған сұйық
фракциясын кұрайды, ол майды 7,5-8°С-та салқыңдатқаннан кейін алынады, сол
себептен салқыңдатқаңда тұнба түзілмейді. Рапс майының басқа майлардан
өзгешелігі құрамында 30% эрук қышқылы бар, осыған байланысты май
организмде нашар ыдырайды да қиын сіңеді, сол себептен тағамдық бағалылығы
және шын қауаттылығы да төмен.[18]
Пальма және пальмоядро майларының құрамында тіпті жаңа өндірілген көп
мөлшерде бос май қышқылдары бар, ол сақтау мерзімі ұзартылған сайын қөбейе
береді, сол себептен майдың жағымсыз дәмі болады. Ал майдың өздігінен
гидролиздену қасиеті глицеридтердің ыдырауына қатты әсер ететін заттар.
Осыған байланысты сақтауға шыдамдылығын көтеру үшін тағамдық пальма және
пальмоядро майына ангиоксидант, синергистер және басқа тағамдық қоспалар
қосады. [13]
Ш. Әбдірашев еңбегінде өсімдік майларының биологиялық қасиетін
сипаттайтын факторлардың бірі, оның құрамындағы фосфатидтер глицериннің,
май қышқылдарының және фосфор қышқылы мен азоттық негіздердің күрделі эфирі
фосфатидтер маңызды физиологиялық роль атқарады: торшааралық зат алмасу,
нерв және ми ұлпаларының құрылуына қатысады, адамның қаны мен ішкі
ағзаларының құрамына кіреді, қан тамырларының кабырғаларында холестериннің
қабаттануын қамтамасыз етеді. [23]
П.П. Вавилова өсімдік майларында фосфатидтердің мөлшері 0,02 ден 4,5%,
ал алу рафинадталу тәсіліне байланысты одан да көп болады, әсіресе
тазартылмаған майларда көп екенін анықтады.[28].
Фосфатидтердің болуы, майдың лай сияқты болуын көрсетеді, тұнбаның пайда
болуына әсер етіп, өнімнің тауарлық түсін төмендетеді. Фосфатидтер ауадағы
оттегімен тез тотығады, қатты күңгірттенеді, ол майдың тұтыну қасиетін
төмеңдетеді және бұзылуын тездетеді. Соңдықтан, сапа көрсеткіші тұнба
белгілі бір шамадан 0,1-0,2% асырылмайды. Фосфатидтерден тазарту үшін
майды гидратациялайды. Барлық өсімдік майларының ішінде стериңдер жоғары
молекулалы циклды спирттер бар, бірақ олар азғантай мөлшерде 0,1-
0,4%.[13,16,25,33-34]
Май- организмге қуат береді, ол белоктарды, минерал тұздарды,
майды ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтың
рационында майдың болуы әр түрлі тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті
арттырады. Оның біраз бөлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға
жұмсалады. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың түрі мен
сапасына байланысты. Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін толықтыра
түсетіні белгілі.
Биологиялық жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын
майдың 70 % -ы мал майы, 30 %-ы өсімдік майы болғаны қолайлы. Майды артық
пайдалану нерв жүйесіне, қан айналымына кері әсер етеді, тәбетті
төмендетіп, тамақты сіңіруіде нашарлатады. Тамаққа әр түрлі мал майын, сүт
майын, сондай-ақ өсімдік майын пайдаланады.
Тамақ рационы құрамына май тектес заттар –Холестерин және лецитин
кіреді. Холестерин –организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, нерв
жүйесі үшін маңызды роль атқарады. Ол мал майында, жұмыртқаның сары
уызында, уылдырықта, бауыр, бүйректе едәуір мөлшерде болады. Бірақ мұндай
азық-түліктерді көбірек тұтыну бауырдың қызметінің нашарлауына әкеліп
соғады, өтке тас байлана бастайды, атеросклероз ауруын асқындырады.
Лецетин – организмнің дамуына, қан құрылымына жәрдемдеседі, нерв
жүйесінің, бауырдың қызметіне пайдалы әсер етіп, организмнің уландырғыш
заттарға қарсыласуын күшейтеді, майлардың сіңімділігін жақсартып
атеросклероздың өріс алуына кедергі жасайды. Лецитин жұмыртқаның сары
уызында, балықтың уылдырығында, қарақұмықта, салат түрлерінде едәуір
мөлшерде болады. Соя, асбұршақ, басқада бұршақ дәнді өсімдіктерде лецитин
көп болады.
Майлы дақылдардың дәндері: Біріншіден өсімдік майын алуға
шикізат ретінде және олар азық-түлік өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте, лак,
краска өндіруде, фармацевтік өнімдерді пайдалануда қолданылады.Екіншіден
өсімдік майы органикалық жанармайды ауыстыратын таза экологиялық биодизель
өндіруде шикізат ретінде қолданылады. Үшіншіден майлы дақылдарды өңдеуден
кейін қалдық ретінде қалатын күнжара белоктық компанент ретінде
малшаруашылығының рационына қосылатын қоспа жем ретінде өте бағалы болып
есептеледі.
Қазақстанда соңғы жылдары дәстүрлі өсірілетін майлы дақылдар-
күнбағыс, мақтамен қатар активті дамып келе жатқан соя, рапс, сафлор т.б.
өсімдіктер егілгенімен олардың өсірілетін жер көлемдері өскеніне
қарамастан халықтың тұтынуымен өндірістің қажеттілігін толық қанағаттандыра
алмауда. Сондықтан өсімдік майы мен дәндерінен алынатын май мөлшері жөнінен
Қазақстан импортер елге жатады.
Майлы өсімдіктер әр түрлі тұқымдастарға жататын көптеген
дақылдар тобынан тұрады. Олар бір-бірінен сыртқы құрылысымен биологиялық
ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. Қазақстанда май алу үшін кеңінен
өсірілетін өсімдіктердің негізгі сорттарын қарастырайық ;
1. Күнбағыс-(Helianhus annus) бір жылдық күрделігүлділер
тұқымдасына жататын өсімдік, ол вегетативтік мүшелелерінің қуатты өсуімен
ерекшеленеді. Тамыры кіндікті 2-3 м-ге топырақ тереңдігіне бойлайды. Сабағы
тік, майлы сорттары бұтақты, биіктігі 1,5-2,5 м-ге дейін жетеді. Жемісі
шекілдеуік, қысыңқы жұмыртқа пішінді, жеміс қабығы мен тұқымнан тұрады.
Майлы сорттарында 1000 шекілдеуіктің салмағы 40-80г. ал шағылатындарында
170 г-ға дейін болады.
Қазақстанда күнбағыстың ең көп жақсы өсетін жерлері Шығыс
Қазақстан, және Павлодар облыстары онда жалпы жиналатын май алынатын
сорттарының 90% орналасқан. Ауылшаруашылық министірлігінің ұсынысымен бұл
майлы дақылдың әр түрлі сорттары. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан,
Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанда
өсірілуде.
Күнбағыс майының иісі кетірілген, қоспадан тазартылған түрлері
шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар
мөлдір, сары, ашық сары түсті болып келеді. Оның құрамында организм үшін
өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60-70) % болады. Оны тағамдық және
салаттарға қосуға пайдаланылады.
2. Рапс- біржылдық шөптесін өсімдік капуста тұқымдас. Оның жаздық
және күздік сорттары өсіріледі. Жаздық формасы біржылдық өсімдік-Brаssia
napus oleifera annua Мetzg. Күздік рапс –Brassia napus oleifera biennus
metzg-биіктігі 100-130 см жапырағы күлгін- жасыл түсті, сыртында воскілік
қатпары бар. Гүлдері-ақшыл-сары. Жемісі тұмсықты бұршаққын ұзындығы
бұршаққынның 15 -16 бөлігін құрайды. Тұқымы шар тәрізді, сырты ұсақ
торлы, қара, қара-сұр, күңгірт қара. Тұқымның диаметрі 1,5-2,5 мм, 1000
тұқымының салмағы 3-7 грамм. Рапс майын тазартылған түрінде тағамдық
өсімдік майларының бірі ретінде пайдаланылады. Майлы және азықтық дақыл
ретінде өсіріледі. Жаздық рапс –Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,
Павлодар облыстарында, ал күздік рапс Оңтүстік облыстарда өсіріледі.
3. Қыша (Brassica)-біржылдық шөптесін өсімдік –капуста тұқымдас.
Кіндік тамырлы, сабағы бұтақты. Жемісі –жіңішке бұршаққын, ұзындығы 3-5
см, ұзынша біз тәріздес тұмсықты.Тұқымы шар тәріздес, диаметрі 1,2-1,8 мм.,
1000-дәнінің салмағы 2-4 грамм.
Майлы крестгүлділердің ішінде қыша мен рапстың атқаратын рөлі орасан
зор. Қышаның өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: сареum қышасы, қара қыша, ақ
қыша.
Сареum қышасы бір жылдық шөп тектес өсімдік. Оның отаны Оңтүстік-Батыс
Азия. Одан май алу үшін Ресейдің Волгоград, Саратов, Ростов және басқада
Оңтүстік облыстарда өсіріледі. Қыша майы ұзақ уакытқа дейін сақталынады,
құрамы бұзылмайды, тағамдық сапасы жоғары келеді.Қыша майы маргарин,
парфюмер, консерв жасау және фармацевтика өнеркәсібінде кең қолданылады.
Қыша дәнінде 35-47 процент май бар оны суық қысу түрінде өндіріп алады.
Жмықтар майын алғаннан кейін қалатын қалдық. Оны ақ ұнтақ етіп ұсақтап
тағамға қажетті қыша жасайды. Неше түрлі горчичниктерді шығарып, ауырған
жерлерге басады. Жмықтарын аздап кана малға беруге болады. Өйткені
жмықтардың қүрамында глюкозид синтрим кездеседі. Ол ас қорыту органдарын
тітіркендіріп қолайсыз жағдай туғызады.
Қара қышаны біздің елімізде аз өсіреді. Ақ қышада онша көп өсірілмейді.
Ол кара топырақты аймақтарда егіледі, одан май алынады. Ақ қыша бал
араларының жайылатын өсімдігі. Жақсы бал береді. Бір гектар жерге егілген
ақ қышаның көлемінен 100 кг бал алынады.
Қазақстанда өсірілетін жері –Ақмола, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары. Қыша майын оның дәнін
престеу арқылы алады, түсі сары –көкшіл, өзіне тән жағымды дәмі мен иісі
болады. Оны нан пісіру өнеркәсібінде нан, бөлкелер, пряник, печенье т.б.
тағамдарын әзірлеу мақсатында пайдаланылады. Өзіне тән дәмімен түсінің тым
айқындығы оны кулинарияда кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді. Оны салат
майы ретінде аздаған тағамдарға (винегрет, ашыған капуста) пайдалануға
болады, себебі ол көп қосылса көптеген азықтардың дәмін бұзады және түсін
сарғайтып өзгертеді.
4. Соя –біржылдық шөптесін өсімдік, бұршақ тұқымдас –майлы
дақыл. Соя майын экстрациалық тәсілмен соя бұршағынан алады, тағамға тек
қоспасынан тазартылған түрін пайдаланылады. Тазартылған соя майы ақшыл-сары
түсті, өзіне тән дәмі мен иісі болады, онда 50-75% линоль қышқылы бар.
Кулинарияда күнбағыс майының орнына пайдаланылады. Қазақстанда өсірілетін
аймағы –Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары.
5. Мақсары –Carthamus linctorius L-күрделі гүлділер немесе астра
тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, биіктігі 40 -90 см., түксіз бұтақтары
әр түрлі биіктікте пайда болады. Жемісі тұқымша, 1000 тұқымының салмағы 40-
50 грамм. Оның 13 түрлері бар негізінен Жерорта теңізі мен Азияда дамыған.
Қазақстанда өсірілетін аймағы Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда,
Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
6. Зығыр- біржылдық өсімдік, тік сабақты, биіктігі 1м-ге жетеді,
сабағы тегіс, цилиндр тәрізді жіңішке, жапырағы ланцет тәрізді, үшкірлеу,
түксіз кезекпен орналасқан. Жемісі жұмырлау, ұшы үшкірленген қауашақ.
Қаушағы бес ұялы, әр ұясының өзі екі бөлікке бөлінген, әр ұяда бір дәннен
болады. Сонда қаушақта барлығы 10-дән тұқымы бар. Тұқымы –жұмыртқа
тәріздес, құс тұмсықты, тегіс жылтыр сусымалы, диаметрі 3-6 мм, 1000 дәннің
салмағы 9-22 гр. Зығыр майын дәнін престеу немесе экстракциялау арқылы
алады, оның майы мөлдір сары түсті, иіссіз болады. Құрамында өте қаныққан
қышқылдың мөлшері 60-80 %, оның 30-60%-і линоль қышқылы тамақ әзірлеу үшін
пайдаланылады. Ұзақ сақтағанда және ұзақ қыздырғанда тез тотығады,
тұтқырланады. Олиф иісі шығып дәмі күйік татитындықтан кулинарияда
пайдаланылмайды.
7. Мақта –Gossupium-көпжылдық және біржылдық дақыл ретінде
өсірілетін тамыры -1,5-2 метр тереңдікте бойлайтын кіндік тамырлы, жақсы
бұтақталатын өсімдік. Жемісі әртүрлі, домалақ жұмыртқа кескінді 3-4-5
ұяшықтардан тұратын қауашақ. Қаушақтың әр ұяшағында 5-11 тұқым болады.
Мақта дақылы өсімдігі 50-ге дейін жақсы дамыған қауашақ бере алады. Тұқымы
жұмыртқа немесе алмұрт тәріздес, ұзындығы 2 ені 6-8 мм. Оның тұқымында 30-
35% май болады, 1000-дәннің салмағы 60-125 грамм. Казір мақтаның 21-түрі
белгілі, соның тек бес түрі мәдени, ТМД елдерінде кеңінен тараған екі түрі
өсіріледі. Мақта майын оның дәнінен алады. Тағамға оның тазартылған түрі
пайдаланылады, өзіне тән дәмі мен иісі болады, түсі сары болып келеді.
Мақта майы шамамен 0ºС-та қата бастайды, қыздырғанда ериді де,
мөлдір түс береді. Оның құрамында 33-55% линоль қышқылы болады. Кулинарияда
күнбағыс майының орнына пайдаланылады. Орта Азияда, бізде Оңтүстік
Қазақстанда өсіріледі. Сонымен өсімдік майлары өсімдіктердің тазартылып,
ұнтақталған майлы дәндері мен жемістерінен еріткіштердің көмегімен немесе
престеу жолымен алынады. Олар тазартылған (рафинирование) және
тазартылмаған (нерафинирование) түрінде шығарылады. Тазартылмаған майда
әр түрлі ілеспе қоспалар мен заттар болады. Тағамға қоспалардан ажыратылған
тазартылған май пайдаланылады. Өсімдік майларын салқын жерде, мерзімі 6-
айға дейін сақтауға болады.
Қазақстанда майлылығы жөнінен күнбағыс, рапс, және қышаның
көрсеткіштері жоғары.(3-кесте).

3-кесте. Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері

№ Дақыл түрі Май Белок Май мен белок
қосындысы
1 Күнбағыс 51-63 15-23 66-86
2 Рапс 35-50 19-31 54-81
3 Қыша 43-45 24-27 67-72
4 Соя 20-24 37-43 57-67
5 Талшықты зығыр32-34 23-25 55-59
6 Софлар 29-32 19-20 48-52
7 Мақта дәні 15-19 22-25 37-43

Күнбағыс дақылын бір егілген жерге қайтадан егу 7-8 жылдан кейін ғана
жүзеге асыруға болатындықтан, ауыстырып егетін егістік жерлерді көп қажет
етеді. Өнімділігі жөнінен суармалы егіншілікте егілетін соя өсімдігінің
көрсеткіштері жоғары.
Соя майлық, азықтық және тағамдық бағытта қолданылатындықтан
оны табиғи-климаттық жағдайға сәйкестендіріп рыноктағы өтімділігіне және
пайдалылығына байланысты өсіреді. Өздерінің пайдаланылу көрсеткіштері
жөнінен соя майы-1%-пен жүгері майы 4,9 % аралығында жатыр. Отандық
өндірілген өсімдік майларының сапалары жақсартуды қажет ететіндіктен,
сапалы майлар импорт түрінде басқа елдерден әкелінеді.
Қазақстанда күнбағыс майын 95,4% халық тұтынатын
болғандықтан,ол басқа өсімдік майларына қарағанда кең түрде өсіріледі.
Халық жүгері, зәйтүн және соя майларын өте аз мөлшерде пайдаланылады.(4-
кесте).

Кесте-4 Қазақстан тұтынушыларының өсімдік майларын қолдануы
жылдар 2004 2005 2006 2007 2008
Өсімдік 159271 167547 212711 237268 188903
майлары
Күнбағыс 123438 113854 141091 155563 117218
Мақта 28504 38395 38269 27914 27338
Сафлор 5861 3745 1352 1748 620
Рапс 26 926 12201 22918 20673
Соя 490 9525 17534 25704 20816
Жүгері 697 500 786 1167 743
Басқада 255 602 1478 2254 1495
майлар

Өсімдік майын қай елден көп аламыз десек 1-ші орында Ресей олардан
келетін май-барлық импорттың 70% -ын құрайды, 2-ші орында тұрақты түрде
Украина содан кейінгі орында Малайзия (1-сурет, 5-кесте)

Сурет-1 Әлем елдеріндегі өсімдік майын импорттау құрылымы
Бүкіл әлемдегі өндірілген өсімдік майлары бұл дақылдарды өсірудің
тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді. Соңғы 10-жылда олардың
өндірісінің дамуы 54%-ға өскен, бұл өсім әлі де жалғасуда. Мұның себебі
азық-түліктік және тағамдық түр ретінде оларға сұраныстың өсуі және
өнеркәсіп саласында мұнайдан алынатын органикалық жанармайдың орнына оған
конкурент ретінде өндірілетін биодизельдік жанармайдың кең түрде сұранысқа
ие болуында. 2005-2006 жылдары әлемде дәндік майларды өндіру 402,9 млн
тонна болды. (2-cурет)

Сурет-2 Әлемдегі өндірілген дәндік майлар

Кесте-5 Әлем елдері бойынша импорт мөлшері.

2005 2006 2007 2008 2009
Өндіру мөлшері, т Құны, мың Өндіру Құны
Елдер долл. мөлшері,т мың долл.
Соя майы 15,7 35,9 228,7 27,3 29,2
Пальма майы 11,5 37,7 327,8 20,0 30,6
Рапс майы 8,2 18,2 222,0 14,2 14,8
Күнбағыс майы8,1 10,7 132,1 14,1 8,7
Арахис майы 3,7 5,0 135,1 6,4 4,1
Мақта майы 3,8 4,7 123,7 6,6 3,8
Кокос майы 3,4 3,3 97,1 5,9 2,7
Пальмоядролы 1,7 4,6 270,6 3,0 3,7
майы
Зәйтүн майы 1,5 3,0 200,0 2,6 2,4
Барлық 57,6 123,1 213,7 100,0 100,0
өсімдік
майлары

Майлы дақылдардың ішінде ең көп көлемде өндірілетіні және
импорттық түрде әкелініп халықтың ең көп қолданатыны бұл күнбағыс майы, 2-
ші орында пальмалық май –ол негізінен тамақтық өнеркәсіпте кеңінен
қолданылады.
Әлемде соя майын өндіруде алдыңғы орында Бразилия мен АҚШ алуда,
Ресей -6 орында,Қытай-8 орында. (7 кесте)[13]
Қазақстанның сырт мемлекеттермен жасаған сауда-саттық нәтижесінде 2009-
жылы сырттан әкелінген өсімдік майының мөлшері 105,9 мың тонна болса,
сыртқа шығарылған экспорт өнім -25 мың тонна. 2004-2009 жылдар аралығында
импорттың мөлшері 2,2 есе өскен (3-сурет).
Ал 2004-2009 жылдар аралығында өсімдік майын сыртқа шығару 1,8 есе
өскен. Сыртқа шығарылған майлардың мөлшері кең көлемде ауытқып тұрғандықтан
2009-жылы 2008-жылға қарағанда экспорт 5-еседен астам өскен. Бұл ауытқу
сауда-саттық жасайтын тұрақты кәсіпкерлердің жоқ екенін немесе өндірілген
өнімнің сапасының тұрақты емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Тұқымды себуге әзірлеу
Дәнді дақылдарды стандарттау
Күріш ауыспалы егістері
Рапс зиянкестері түр құрамы
Жаздық бидайдың агротехникасы
Рапс - өскелең, құрамында ақуызы көп қырыққабат тұқымдастарына жататын өсімдік
Май алынатын күнбағыс
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Пәндер