Солтүстік Қазақстан



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Солтүстік Қазақстан облысы жалпы мәлімет
ә) Солтүстік Қазақстан облысының аудандары
б) Петропавл қаласы
в) Солтүстік Қазақстанның туристік.рекреациялық сипаты
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавлқаласы, 1752 жылы негізі қаланды.Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.
Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған.Аумағы- 97,99 мың ш. км, республика аумағында үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.
1. Қазақ энциклопедиясы,10 том
2. Солтүстік Қазақстан облысының ресми сайты
3. www.google.kz

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Солтүстік Қазақстан облысы жалпы мәлімет
ә) Солтүстік Қазақстан облысының аудандары
б) Петропавл қаласы
в) Солтүстік Қазақстанның туристік-рекреациялық сипаты
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.Облыс 1936
жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде
бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика
аумағының 3, 6% құрайды.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы –
Петропавлқаласы, 1752 жылы негізі қаланды.Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5
қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер –
Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және
Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы
облыстарымен шекараласады.

Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған.Аумағы- 97,99 мың ш. км,
республика аумағында үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.
Халқы:
Тұрғындар саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 588,9 мың адамды, немесе республика
тұрғындарының жалпы санынан 3,6 пайыз құрайды.Қала тұрғындарының саны
238,5 мың адамды немесе 40,5 пайызды құрайды, ауылдық — 350,4 мың адамды
немесе 59,5 пайызды құрайды.Ұлттық құрамы бойынша ол келесі
сипаттағы түрде* (2010 ж.01.01. жағдай бойынша облыс бойынша
санға қатысты — 643,3 мың адам):
қазақтар 218,0 мың адам или 33,9 пайыз
орыстар 310,4 мың адам или 48,3 пайыз
украиндер 35,7 мың адам или 5,5 пайыз
немістер 23,8 мың адам или 3,7 пайыз
поляктар 15,3 мың адам или 2,4 пайыз
татарлар 14,4 мың адам или 2,2 пайыз
Басқа ұлттар 25,7 мың адам или 4,0 пайыз

Облыс тұрғындарының орташа тұрғындары 1 ш. км 6,0 адамды құрайды
(СҚО Статистика департаментінің жедел мәліметі бойынша).
• Облыс орталығы — Петропавл қ., 1752 дылы қаланған, 2011 жылғы 01.01.
203,3 мың адамды құрайды.
• Әкімшілік-аумақтық бөлу (2011 жылғы 01.01.):
Ауылдық аудандар 13
Облыстық бағыныстағы қалалар 1
Аудандық бағыныстағы қалалар 4
селолық (ауылдық) округтер 208

Облыстың аудандары
1. Айыртау ауданы
2. Ақжар ауданы
3. Аққайың ауданы
4. Мағжан Жұмабаев ауданы
5. Есiл ауданы
6. Жамбыл ауданы
7. Қызылжар ауданы
8. Мамлют ауданы
9. Ғабит Мүсiрепов ауданы
10. Тайынша ауданы
11. Тимирязев ауданы
12. Уәлиханов ауданы
13. Шал ақын ауданы
14. Петропавл қ

Айыртау ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы
әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған.Ауданның аумағы 9,6 мың шаршы километр.
Аудан орталығы - Саумалкөл ауылы. Облыс орталығы мен Саумалкөл ауылының ара
қашықтығы 250 километр; ең жақын темiр жол станциясына дейiн 0,4 километр.
Ауданда 15 ауылдық округ, 88 ауылдық елдi мекен бар. Аудан батысында
Мүсiрепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде - Есiл ауданымен және
шығысында Ақмола облысымен шектесiп жатыр.Аудан тұрғындары негізінен
егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер
көлемі 735,5 мың га, оның ішінде егістік жері 437,1 мың, шабындығы 13,4
мың, жайылымы 285,0 мың. Орманды алқап 142,0 мың га, 29,9 мың га жерді өзен-
көл алып жатыр. Аудан әкімшілігі орталықтар мен Саумалкөл село арқылы
Қостанай — Көкшетау — Қарасу темір жолы өтеді. Автомобиль жолы Саумалкөл
селосын ішкі елді мекендер арқылы Көкшетау, Новоишим, Тайынша темір жол
бекеттерімен, шалғайдағы селолармен байланыстырады.

Табиғаты

Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты
қара топырақты. Аудан аумағының рельефi қара топырақты жазық дала, сортаң
топырақты жерлер де кездеседi. Жер қыртысы батыста Есіл өзенінің
Аққанбұрлық, Иманбұрлық салаларымен, солтүстігінде қазаншұңқырлармен
тілімденіп, ойлы-қырлы болып келеді. Батысында Имантау (661 м),
Жақсыжаңғызтау (730 м) және Сырымбет сияқты таулы-жоталы әсем аймақ
орналасқан. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық келеді. Қаңтардың
орташа температурасы — -17- 18°С, шілдеде 18-20°С. Жауын-шашынның жылдық
орташа мөлшері 300-350 мм, орманды-таулы бөліктерде 370 мм. Аудан аумағынан
Аққанбұрлық, Бабынбұрлық, Иманбұрлық (Есіл өзенінің оң жақ салалары) ағып
өтеді. Жақсыл, Жаңғызтау, Имантау, Шалқар, Саумалкөл, Үлкен Қоскөл т.б.
тұщы көлдер орналасқан. Аудан жері орманды-далалық аймаққа жатады. Топырағы
— қаратопырақты, орманды жерде күлгін болып келеді. Далалы жазықта
шоққайың, қарағай, шалғын, қыратты жерінде қарағайлы-қайыңды тоғайлар, өзен
бойларында қызыл селеу т.б. аралас шөптер өседі. Ашық дала негізінен
егістікке, шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Аңдардан далаларда:
қасқыр, түлкі, қоян; ормандарда: елік, бұлан, тиін; өзен-көлдерде
құстардан: қаз, үйрек, аққу, қызғыш, құр, тауқұдірет, жылқышы мекендейді;
балықтан: табан, шортан, алабұға бар.
Ақжар ауданы - Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Аудан орталығы
Талшық кенті.Аудан 1997 жылы құрылды. Ақжар ауданы Ленин және Ленинград
аудандарының қосылу нәтижесiнен құрылды.Аудан аймағы - 8,04 мың шаршы
километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 21,4 мың адамды құрады.
Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 2,7 адам.Әкiмшiлiк орталығы -
Талшық селосы, облыс орталығынан 285 шақырым қашықтықта орналасқан.Ауданда
- 12 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар.Солтүстiгiнде Ресей
Федерациясымен, батысында Тайынша ауданымен, оңтүстiгiнде Ақмола облысымен,
оңтүстiк-шығысында Уәлиханов ауданымен шектесiп жатыр.Аудан өсiмдiк
жамылғысынан дала зонасында орналасқан, бетең, бiркелкi бетең және құрғақ
дала зонасында. Аудан аумағының негiзгi топырақ түрлерi: қара топырақ,
оңтүстiк қара топырақ, шалғынды, шалғынды қара топырақты, шалғынды-батпақ,
сортаң болып келедi.Аудан аумағымен бастауын тыс жерден алатын аудан арқылы
өтетiн ұзындығы 80 километр Ащысу өзенi ағып жатыр. Сонымен қатар бiрнеше
кiшкене көлдер бар, олар жаңбыр, қар және жер асты суларымен толықтырылады.
Аққайың ауданы — Солтүстік Қазақстан облысы. Аққайың ауданы 1928 жылы
құрылды. [2] Аудан аумағы 4,71 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға
халқының саны 26,9 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (1 шаршы
километрга) 5,7 адам.Ауданның орталығы - Смирново кентi, ол аудан-ның
оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде, темiр жол бойында орналасқан. Петропавл қаласы
мен Смирново кентiнiң ара қашықтығы 60 шақырым.Ауданда 12 ауылдық округ, 33
ауылдық елдi мекен бар.Аудан орманды дала зонасында орналасқан. Негiзiнен
жер көңдi қара топырақтан тұрады.Аудан аумағының 13 516 га жер көлемiн
көлдер алып жатыр, өзен жоқ.Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес
корпорация секторы) 568,4 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi
0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 103,2% құрайды.Бөлшек
тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 229,1 млн.теңге сомасын
құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 68,0% құрады.2009
жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 6 337,7
млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 29,8% болды.
Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-
шығысында орналасқан, 1928 құрылды. 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен.
2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды.Ауданның
аумағы 7,81 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының саны
41,8 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4
адам.Аудан орталығы Булаев қаласы 1893 жылы құрылған, 1969 жылы қалалық
статус алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106
километр.Ауданда 24 ауылдық округ, 69 ауылдық елдi мекен бар.Солтүстiгiнен
және шығысынан Ресей Федерациясының Омбы және Түмөн облыстарымен, батысынан
- Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнен - Тайынша және Ақжар аудандарымен
шектесiп жатыр.Топырағы қара топырақ және сортаң топырақ болып таралған.
Өсiмдiктер негiзiнен орманды далалы.

Есiл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі
әімшілік аудан. 1997 жылдың 17 сәуіріне дейін әуелі Ленин, содан кейін
Мәскеу аудандары аталып келді. Жерінің аумағы 5,14 мың км2. Тұрғыны 38,3
мың адам (1999). Құрамындағы 60 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округке
біріктірілген. Орталығы — Явленка ауылы. Есіл ауданының жері түгелдей жазық
және оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді, теңіз деңгейінен 150 —
200 м жоғары жатыр. Климаты тым континенттік: қаңтарда ауаның орташа
температурасы –19ºС, шілдеде 20ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300
— 350 мм. Жер беті суларын аудан жерінің оңтүстік-батысынан солтүстік-
шығысына қарай ағып өтетін Есіл өзенінің орта бөлігі мен сирек кездесетін
көлдер құрайды. Ірі көлдері: Есілдің сол жағындағы Алба, Кіндікті, Қамысты,
оң жағындағы Жалтыркөл, Таранкөл, Сарыкөл, Жыланды, Балықты. Есіл
жайылмасында көптеген ескі арналар да кездеседі. Ауданның жері орманды-дала
белдеуінде орналасқандықтан, жері, негізінен, қара топырақты болып келеді.
Көларалық жазықтарда карбонатты қара топырақ, далалық өңірде сортаң қара
топырақ, орманды жерлерде күлгін қара топырақ тараған. Есілдің жағалауында,
негізінен, әр түрлі шөп аралас боз, бетеге, жағалаудан алшақтау жерінде
терек пен қарағай аралас қайың шоқтары, көл жағалай шалғынды-батпақты
өсімдіктер, өзен жайылымында дәнді-дақылды өсімдіктер өседі. Жануарлар
дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, дала
тышқандары, көлдер мен өзендерде ондатра, құстардан: бүркіт, кезқұйрық,
тұрымтай, қырғи, қаз, үйрек, аққу, балықшы, қызғыш, тауқұдірет, бөдене,
тырна, балықтардан: шортан, шабақ, алабұға, табан, т.б. бар. Аудан жері
сирек қоныстанған. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,5 адамнан
келеді. Ірі елді мекендері: Явленка, Амангелді, Петровка, Николаевка,
Покровка, Ильинка, Бесқұдық, Бұлақ, т.б. Есіл ауданы, негізінен, ауыл
шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің аумағы
454,9 мың га. Егіс аумағының 70%-ке жуығын дәнді дақылдар құрайды. Мал
шаруашылығы сиыр, жылқы, қой және шошқа өсіруге маманданған. Ауданда
өндірістік және тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 2 май зауыты, ет-сүйек
зауыты, нан комбинаты, баспахана, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 ауыл
шаруашылық колледжі, 54 орта мектеп, 56 дәрігерлік пункт, 3 аурухана, 10
дәрігерлік амбулатория, 43 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.
Жамбыл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының солт.-батысындағы әкімш.
бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда
болды. Жер аум. 7,46 мың км2. Тұрғыны 32 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге
4,2 адамнан келеді (2009). Аудандағы 63 елді мекен 16 ауылдық әкімш.
округке біріктірілген. Ж. а. Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл мен
Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер
бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән.
Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда
ауаның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С
аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық
орташа мөлш. 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың
жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солт. және батыс желдер,
қыста оңт.-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылд. 4 – 4,5 мс, ал
жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылд. 6 – 10 мс, қысқы бұрқасын
күндері 15 мс-қа дейін барады. Ж. а-ндағы көлдердің жалпы саны 150-ден
астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз
байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Ж. а. орманды және
орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты
қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас
ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас
өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта
бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр,
сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек,
аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай,
көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. А. ш. жерінің аум.
600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық,
278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан
жерімен батыстан шығысқа қарай мемл. маңызы бар Қостанай – Петропавловск
автомоб. жолы, солт-тен оңт-ке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді.Аудан
1970 жылы құрылды.Ауданның аумағы 7,47 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1
қаңтарға халқының саны 31,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр
шаршы километрге) 4,2 адам.Аудан орталығы - Пресновка селосы. Облыс
орталығына дейiнгi қашықтық 136 километр. 1997 жылы Преснов және Жамбыл
аудандарын бiрiктiргеннен кейiн 1928 жылғы шекара қалпына келтiрiлген.Аудан
солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында Мамлют және
Есiл, оңтүстiгiнде Шал ақын және Тимирязев аудандарымен, батысында
Қазақстан Республикасының Қостанай облысымен шектеседi.Ауданда 16 ауылдық
округ, 60 ауылдық елдi мекен бар.
Мамлют ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-батысында
орналасқан, 1932 құрылды.Аудан аймағы 4,10 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1
қаңтарға халқының саны 25,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр
шаршы километрге) 6,1 адам.Батысында Жамбыл ауданымен, солтүстiгiнде Ресей
Федерациясының Қорған облысымен, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар
ауданымен, оңтүстiгiнде Есiл ауданымен шектесiп жатыр.Аудан орталығы
Мамлютка қаласы, облыс орталығына дейiнгi қашықтық 41 километр.Ауданда - 11
ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар. Мамлют ауданы Батыс Сібір
ойпатының оңт-ндегі Есіл жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер
бедері негізінен жазық. Тек оңт.-батыс жағы көл қазаншұңқырларының
көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді. Климаты айқын континенттік,
қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа темп-расы — 18°С, аса суық күндері
–50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа темп-
расы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның
орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды,
қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солт. жағын
ормандар, оңт.-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала
белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян,
борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан
бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш,
тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б.
мекендейді. Аудан өсiмдiктерi бiркелкi емес: дала, дала-шалғынды, орманды
болып келедi. Топырақтың негiзгi түр қара топырақты.
Ғабит Мүсiрепов ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстік-
батысында Есiл жазығында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1969 жылы
құрылды.Аудан аймағы 11,1 мың км2. 2010 жылғы 1 қаңтарға ауданның халқының
саны 48,2 мың адамды құрады. Ха-лықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,3
адам.1997 жылы Целинный ауданына үш аудан қосылды, ал 2002 жылы ол 1170абит
Мүсiрепов ауданы болып қайта аталды. Аудан орталығы - Новоишимка кентi,
облыс орталығынан қашықтығы 270 километр.Ауданда 19 ауылдық округ, 68
ауылдық елдi мекен бар.Аудан дала және орманды дала зонасында орналасқан.
Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты.Аудан аумағында (Есiл (ұзындығы 130
километр), Шырақ, Ақан-Бұрлық, Битүк, Шанақсай) өзендер және екi үлкен
(Қалмакөл - 1258 га, Ұлыкөл - 1640 га) көл бар.
Тайынша ауданы.Ауданның аумағы 11,43 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1
қаңтарға халқының саны 56,6 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр
шаршы километрге) 5,0 адам.Аудан орталығы - Тайынша қаласы. Облыс
орталығымен аралығы 150 километр.Аудан орталығында 20 ауылдық округ, 90
ауылдық елдi мекен бар.Аудан негiзiнен дала зонасында орналасқан, ал
оңтүстiгi және оңтүстiк-шығысы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң
үстiңгi қабаты қара топырақты.
Тимирязев ауданы- Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Облыстың
оңтүстiк-батыс бөлігінде орналасқан, 1963 жылы құрылды.Аудан аймағы 4,51
мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 17,1 мың адамды
құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 3,8 адам.Климаты тым
континенттік. Қаңтардағы аураның орташа температурасы –18°С, шілдеде
20°С.Аудан орталығы - Тимирязев селосы, облыс орталығымен аралығы 236
километр.Ауданда - 16 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар.Аудан орман
зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақ.Аудан аумағында 10
көл бар, олардың көлемi 85,5 м2. Москворецкий селолық округiнiң аумағында
аудандағы ең үлкен көл "Как" көлi (37,5 м2) орналасқан.
Уәлиханов ауданы 1928 жылы Қызылту ауданының негiзiнде құрылған.Аудан
аймағы 12,88 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 23,2
мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 1,8
адам.Әкiмшiлiк орталығы Кiшкенекөл кентi, облыс орталығы Петропавл қаласына
дейiнгi қашықтық 340 километр.Ауданда - 11 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi
мекен бар.Аудан Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында
орналасқан. Солтүстiгi мен солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы
облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында
Ақмола облысымен, батысында Ақжар ауданымен шектесiп жатыр.Аудан аумағы
орманды дала зонасында орналасқан. Аудан аумағының топырағының бедерi
негiзiнен әдеттегi оңтүстiктiң қара топырағы болып келедi.
Петропавл (қазақ БАҚ-тарында Қызылжар деп те аталады)[3] - Солтүстік
Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі
Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.Петропавловск, Қызылжар —
қала (1825 жылдан), Солтүстік Қазақстан облысының орталығы (1936 жылдан),
автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір
ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл
өзененнің оң жағасындағы Қызылжар деп аталатын ежелгі қазақ қонысының
орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырға.)

Тарихы

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына
сәйкес Петр І-нің әскери бекінісі ретінде қаланған. Алғашында әскери
форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің
Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне
айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына
еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавловск Сібір мен
Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия
хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы
болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және
Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда
орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан
жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-
саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда
орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп,
онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды
(1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер,
т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі
болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер
етті.
Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың
басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды.
Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады.
Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада
қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік
соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 — 36 жылдары Қарағанды
қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі
орталыққа айналды. 1932 жылы “Казстройматериал” кірпіш зауыты іске қосылды.
Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары
өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында
Петропавловскте коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2-
дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға
жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін
қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде
көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру
және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.90-жылдары нарықтық экономикаға
өтуге байланысты Петропавловск қаласындағы ірі өнеркәсіп орындары өз
жұмыстарын біршама баяулатты. Шаруашылық байланыстар үзіліп,
кәсіпорындардың жұмысы тоқтай бастады. Тек 90-жылдардың соңынан бастап ел
экономикасымен бірге Петропавловск қаласының да экономикасы біршама
жақсарды.Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп
орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның
ішінде ірі кәсіпорындарға “Еуразия”, “Вита”, “Молочный союз” АІ-тары, нан
комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус” т.б. жатады. Қала бюджеті
қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың
үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35
кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс
кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім
беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5
арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік
Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі)
жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа
қызмет көрсетеді. Петропавловскте 3 театр, филармония, 3 музей, кинотеатр,
4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4
стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер,
жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3-телерадиокомпания жұмыс
істейді.
Экономикасы
Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы
құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың
адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.Қалада жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көлік дәлізі (ТРАСЕКА)
Қазақстанның климатына сипаттама
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Қазақстанда мөлшерден тыс ылғалдану қалыптасуының синоптикалық жағдайлары
Сарыарқаның климаты
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Жалпы аймақтық өнім ішіндегі шикізат өндіру бөлігін экспортқа бағытталған өндіріске ауыстыру негізінде экономика салаларын диверсификациялау арқылы аймақтың экономикалық өсуін болжамдау
Қарлы-боранның пайда болуынның метеорологиялық және аэрологиялық жағдайлары
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Пәндер