Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1.Депозит туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Депозиттің сыныпталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
• Жарғылық капитал;
• Резервтік капитал;
• Қосымша капиталдар;
• Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
• Бөлінбеген банк пайдасы;
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.
Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;
• Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;
• Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу.
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
3. «ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
5. Виноградова Т. Н. Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
6. Қалғұлова Р.Ж. «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 ж.
7. Миржакыпова С.Т. “Банковский учет в РК” Часть1 г.Алматы, Экономика 2002г.
8. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 1999
9. «Банки Казахстана» журналы №10 2005 жыл
10. «Қаржы қаражат» журналы №2 2005 жыл
11. Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2007 жыл. №9-2бет
12. Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2006 жыл. №11-4бет
13. Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2005 жыл. №10-16бет
14. Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2005 жыл. №12-6 бет

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру
тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның 10
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру 22
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Банктің меншікті капиталының 32
жеткіліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау 40
2.1.Депозит туралы 42
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
...
2.2.Депозиттің
сыныпталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары ... ... ... ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

Кіріспе

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық
активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда
табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған
қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен
банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер
ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптар құрайды:
• Жарғылық капитал;
• Резервтік капитал;
• Қосымша капиталдар;
• Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылған қорлар (резервтер);
• Бөлінбеген банк пайдасы;
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының
қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.
Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының
жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер
және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы
отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын
пруденциялдық нормативтерді көрсету;
• Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер
жүргізу;
• Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау
жүргізу.
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР Банк және банк қызметі туралы Заңы, ҚР
қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР
Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен
қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат
көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым

I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы,орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы.

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының
ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін
маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің
қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және
банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып
табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі
қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
• Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден
сақтайды;
• Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
• Ағымды шығындарды жабады;
• Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
• Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын
қанағаттандырады және т.с.с.
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін
әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы
мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу
агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі
санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың
мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын
мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының
жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын
банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік
операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық
операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен
қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв
құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар,
шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады,
сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің
тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен
өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің
қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті
құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы
болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің
болдырмауына өз ықпалын тигізеді.
Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған
ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады.
Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда
сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі
мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде
резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде
және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк
жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар
болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк
қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.
Банктер Резервтік талаптардың ең төмеңгі мөлшері атты нормативке сай,
тартылған несиелік ресурстардің бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге
міндетті. Бырақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған
кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің
айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бырақ оның жарғылық
капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасыан
кем болмауы керек.
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі
бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан
қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп
айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған
активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың
сомасының арасндағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау
және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне
сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша
топтастырады. Тәукелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы
қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент
түрінде көрсетілген. Бұл көрсетткіштер курсттық жұмыстың қосымша
мәліметтер атты бөлімінде толық көрсетілген.
Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады.
Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі
жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен
нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен
банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын
нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды
мөлшерін ұлғайтты.
Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті
капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге
болады:
1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;
2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;
3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер
құрылымын өзгерту;
Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік
шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі
жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың
ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен
банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар
болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен
өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.
Резев капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған
ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді
активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер
бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып,
капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.
Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің
көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен
міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы
нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.
Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының
мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті
капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке
тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары
мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті
қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы
қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы
қадағаланады.
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі
баптардан тұрады:
• Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар),
ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
• Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды
жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын
жабуға арналады;
• Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың
сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
• Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
• Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға
жинақталатын кіріс сомасы;
1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы.

1.2 Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі

Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді
формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:
1. Жарғылық капиталды көбейту;
2. Таза кірісті көбейту;
Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған
теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін
қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:
1. Қорғаныс қызметі;
2. Шұғыл қызметі ,
3. Реттеуіш қызметі;
4. Айналым қызметі;
5. Резервтік қызметі;
1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның
капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей
байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған
жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне
жардем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған
жағдайда, зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.Сондықтан да, оның азаюі
банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі – меншікті
капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне
қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың
шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті
қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына
байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік
қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ
мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз
етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл
қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды
жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк
капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер
қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне
қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен
активтерді сатып алу шарттарын қамтиді. Пруденциялдық нормативтерде банктің
меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік
және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды
пайдалаланады.
4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не
болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты
комерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен
байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел
дәрежесін есепке алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады.
Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды.
Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар,
несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды
сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға
жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана
емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті
операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер
тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте
резервтерін құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын
резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын туекелдердің орнын
толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі –
резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына
байланыссыз, банк каиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер
негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы
қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк
капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында
қолданылатын құрал ретінде жатқызады.
Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып
тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі
функцияларына көңіл аударады:
• Капитал, барктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем
қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
• Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық
ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
• Тәекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;

Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет
етуінде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады:
егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз мінднттемелерін орындауды
тоқтатса,лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының
түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық
болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін
сақтайды.Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады,себебі ол
міндетті шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан,
акциялар бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады.Ал банк қарызы
бойынша пайыздар төлеу міндетті. Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша
акциялар мен міндеттемелер шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың
орнын жаңа қаражаттармен жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк
капиталы жоғары болса, соғұрлым банк төлем қабілетсіз болғанға дейін,
активтердің көп бөлігі төленуі мумкін және соғұрлым банктің тәекелділігі
төмен болады.
Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке
қарыз алуға мүмкіндік береді.
Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын активтердің тәуекелдігінің
өсуін азайтады және шектейді. Бұл қызметтер капиталдың ативтерге белгілеген
мемлекеттік органдардың нормативтерімен тығыз байланысты. Егер банк қарыз
мөлшерін көбейтуді немесе басқа активтерді сатып луды жоспарласа, онда олар
жарғылық капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен өсімді ұстап отыруы
керек.
Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей,
меншікті капитал – банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің
тәуелсіздігіне жәе оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі
қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады. Меншікті
капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы маңызды
екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен
қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды.
Банктің жарғылық капиталының шамасы акционер-қатысушылардың акция
ұстаушылардың жарнасынан жинақталады. Жарғылық капиталды қалыптастыру және
көбецту меншікті акцияларды шығару мен орналастыру арқылы жүргізіледі.
Бағалы қағаздардың шығарылуы тіркелуі тиіс, проспект эмиссиясы жарияланады,
одан кейін теңгеге және шетел валютаға өткізіледі немесе материалдық
құндылықтармен төленеді.
Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капитализациясы жасалуы
мумкін, ол бұрын шығарылған конвертацияланатын облигацияларды акцияға
ауыстыру жолымен де іске асырылады. Шығарарылған бағалы қағаздарды толық
орналастырған соң, банк талдау жасап, шығарылған бағалы қағаздар туралы
қорытынды есеп жасацды. Ол Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен
бекітіледі. Ұлттық банк шетел валютасындағы капиталдың күшін заңды түрде
жоюды және оны ұлттық теңгемен қайтта шығаруды ұсынды. Мұндағы негізгі
проблема – курс, себебі онымен айырбас жүргізіледі, айырбас түрінен түскен
табыстар мен шығындардың есебі жасалады. Кез келген табысты дивидент
ретінде акционерлерге үйлестіруге болмайды. Ең басты мақсат- қандай
бухгалтерлік есеп әдісі қолданылса да, бінші деңгейлі капиталға әсер
етпейтінін қамтамасыз ету.
Конвертацияланатын курсы ретінде – ақша шығару кезінде тарихи курс
болуы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі теңге түріндегі жаңа акцияның теңгедегі
бірнеше номеналды шамасын алуға алып келеді, сол себепті тарихи курсты
келісу кезінде кейбір қиындықтар туындайды.
Ұлттық банк белгілеген айырбастау өтетін күнінің датасын көрсету балама
нұсқа болуы мүмкін және онда осы күнгі ресми курс пайдаланылады. Бұл
әдістің артықшылығы айырбастан болған шығын немесе табысты есептеу де оңай.
Конвертацияланған акциялары мен тарихи немесе ресми курстың бастапқы
құны арасындағы айырмашылық, бөлінбеген резервге жатқызылуы тиіс, яғни
акциялар бойынша премиялар шотына. Егер де бір кездейсоқ себептермен заңды
күшін жою және конвертация шығынға алып келсе, онда оны акциялар бойынша
премиялар есебіндегі қандай да бір кредиттік қалдыққа жатқызу керек. Егер
олардың олардың сомасы жеткіліксіз болса, онда шығынды ағымдағы жылдың
табыстары мен шығындары шотына жатқызу керек.
Шетелдік валютадағы капиталдың заңды күшін жою бойынша және теңгедегі
капиталын шығару бойынша бухгалтерлік өткізбелерді валюталық позиция шоты
арқылы өткізгені дұрыс. Бұл үшін нарықта теңгені сататын және валюталық
позицияны сатып алатын сатып алушы болуы керек. Мұндай банктер үшін Ұлттық
банк соңғы инстанциядағы сатып алушы болуы мүмкін.

1.3 Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі.

Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал деп аталатының себебі,
меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың
көлемі акция ұстаушылар – акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады.
Банктің жарғылық капиталы заңды және жеке тұлғалардың толық салымдарынан
қалыптасады. Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру
және көбейту үшін, жай және артықшылығы бар болып бөлінген акциялар
шығарады.Меншікті капитал құрамында банктің жарғылық капиталы маңызды
меншікті салмаққа ие.
Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар,
артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен
оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.
Акционерлік коммерциялық банктің акциясы, оның иесінің банктің жарғылық
капиталыедағы үлесін және дивиент алуға құқығын, сондай-ақ банкті басқару
ісіне қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Жай акциялар акционерге акционерлер жиналысымен белгіленген мөлшерде
дивидент алуға, сондай –ақ банк жойылған жағдайда банк мүлкінің бөлігін
алуға құқық береді. Бұл жерде үлес пропорциялды жүргізіледі: бір акция –
бір дауыс қағидасы бойынша олар бірдей бастапқы баға құнына ие болуы тиіс.
Артықшылығы бар акциялар акционерге дивиденттерді бірінші кезекте
алуға, банк жойылған жағдайда оның мүліктерінің бөлігін алуға құқық береді
Банктің жарғылық капиталын қалыптастыру бірнеше кезеңнен өтеді:
• Бағалы қағаздар эмиссия проспектісінің дайындықтан және
сараптамадан өтуі;
• Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;
• Шығарушы банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
• Эмиссия проспектісінің қорытындыларын тіркеу және бағалы
қағаздарды орналастыру;
Қазақстан Республикасында банктің жарғылық капиталын қалыптастыру
процессі төмендегі заңдар мен нормативтік актілермен реттеледі: Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі, заң күші бар Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы, Акцияларды шығаруды
рәсімдеу, заңды күшін жою тәртібі туралы ереже және Қазақстан
Республикасында акциялар шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есепті
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарц 1996 жылғы
29 қарашадағы №141 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық
комиссиясының бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында жегелеген банк
операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаратын акциялар мен
облигацияларды эмиссия проспектілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінде сараптамадан өту тәртібі туралы 1995 жылғы 15 мамырдағы №251
уақытша нұсқау, Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының
Заңы.
Акциялардың эмиссиясын жүргізу кезінде банктер Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкінде сараптаудан өтуі тиіс. Ол бағалы
қағаздардың шығарылымы бойынша шығарылым көлемі, инвесторлар саны және
орналастыру тәсіліне қарамастан және шығарылым мен орналастыру
қорытындылары есебі бойынша жузеге асырылады.
Ұлттық банктегі сараптама және қорытынды төмендегідей жағдайларда
өткізіледі:
• Банкті ашқанда және акцияларды оның құрылтайшылары арасында
орналастырғанда;
• Банкті қайта ұйымдастыру (қосу, бөлу, біріктіру, оқшаулау, қайта
құру);
• Қосымша акция шығару жолымен банктің жарғылық капиталының көлемін
көбейткенде немесе акцияның номеналдық құнын көбейткенде;
• Банк капиталының мөлшерінің өзгермегені кезінде немесе акцияның
номеналдық құнынын өзгерген жағдайында;
• Акцияның номеналдық құнын азайту жолымен немесе акциялардың жалпы
санын азайту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін сатып алу
жолымен жарғылық капиталының мөлшерін азайту жағдайында;
• Облигациялар шығарған кезде;
Бағалы қағаздар шығару проспектілерін сараптаудан өткізу үшін банк,
Ұлттық банкке төмендегі құжаттарды ұсынады:
1. Еркін түрде жазылған және банк басшысы қолымен куәландырылған өтініш;
2. Бұдан бұрыңғы бағалы қағаздарды шығарылуын тіркеу және оның
қорытындысы туралы қабылданған есептер құжаттарының көшірмелері;
3. Банктің жарғысы мен құрылтай шартына өзгерістер еңгізу туралы банктің
өтініші және жарғы мен құрылтай шартына енгізілген нотариалды
рассталған өзгерістер (егер ондайлар бар болса);
4. Бағалы қағаздар шығару түрі көрсетілген (құжатты және құжаттсыз),
заңдылық талаптарына сәйкес толтырылған, акциялар шығару туралы шешім
қабылданған, акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі,
сондай-ақ жарғылық капиталдың қалыптастыру көздері;
5. Банктер үшін өкілетті орган белгілеген нысан бойынша құрылған эмиссия
проспектісі (үш данада);
6. Банк қызметін аудиторлық тексеруге құқылы лицензиясы бар, соңғы қаржы
жылынжағы банктің табысы мен шығындары туралы есеп пен баланстың
сенімділігін растайтын аудитор немесе аудиторлық ұйымның есебінің
көшірмесі;
7. Құрылтайшылар мен акционерлердің өкілетті аудиторлық қызмет пен
аудитор растаған соңғы қаржы жылындағы баланстың есебі мен табыстар
мен шығындар туралы есебі, бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған,
ұйымның мөрімен расталған соңғы есептік күндегі табыстар мен шығындар
туралы есеп;

Бағалы қағаздарды эмиссия проспектісін сараптамадан өткізу кезінде
банкті қайта ұйымдастырған жағдайда, Ұлттық банкке төмендегі қосымша
құжаттар ұсынылады:
1. Қосылу, бірігу жағдайында - өткізу-қабылдау актілері көшірмелері,
қосылу туралы шарттар, белгіленген заңды тәртіппен толтырылған
шоғырлама балансы;
2. Бөлінген, оқшауланған жағдайда – бөліну балансы;
3. Қайта құрған жағдайда - өткізу-қабылдау актісі және жаңа құрылған
банктің тіркелген күнгі балансы;

Ұлттық банк жағымсыз қорытынды беруі де мүмкін. Оған мыналар негіз бола
алады:
• Ұсынылған құжаттардың заңдылыққа сәйкессіздігі;
• Эмисся проспектісіне кіргізілген мәліметтердің бағалы қағаз
шығарушының нақты қаржылық жағдайына сәйкессіздігі;
• Ұлттық банктің келісімінен өтпеген банктің басшы қызметкерлерінің бар
болғаны: директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы және бас
бухгалтер;
• Салымшылар мен кредиторлардың мүддесін қорғау үшін Қазақстан
Республикасының қажылық ұйымдар мен қаржы нарығын қдағалау мен реттеу
агенттігімен белгілеген пруденциялдық нормативтерді бұзуына алып
келетін, жарғылық капиталын азайту туралы шешімінің қабылдануы;
• Құрылтайшылар мен акционерлердің қаржылық жағдайы нашар болуы;

Бағалы қағаздардың эмиссия проспектісі жөнінде жағымды қорытынды
беруден бас тарту туралы Ұлттық банктің мәліметі банкке жазбаша түрде
беріледі.
Шығарушы банктердің әрбір бағалы қағаз шығаруы, орналастыру тәсілінен
тәуелсіз, оларды шығару үшін проспекттер құру мен эмиссия проспектінің
сараптамадан өтуіне алып келеді.
Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола алады. Жекелеген банк операцияларын іске
асыратын банктер мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және
аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.
Акцияларды одан әрі (қосымша) шығарғанда:
• Өтініш;
• Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының
шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
• Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
• Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген
статистикалық карточканың көшірмесі;
• Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы
көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы
акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан
көшірме);
• Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай
мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық
түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген
өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);
• Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі
данада;
• Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның
біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу
туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы
шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);
• Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс
операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының
көшірмесі;
• Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару
шарттары) екі данада;
• Аудиторлық қорытынды;
• Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы
куәліктің көшірмесі;
• Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші
акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;

Шығарушы банк бағалы қағаздарды тек эмиссия жарияланып, проспект
тіркелгеннен кейін ғана өткізеді.
Банк тәжірибесінде бағалы қағаздарды өткізудің бірнеше әдістері бар:
1. Акционерлердің акцияларды материалдық құндылықтармен, материалдық
емес активтермен, сондай-ақ ұшінші тұлғалар шығарған және нарықтың
белгісі бар бағалы қағаздармен төлеу. Акционерлер өздері шығарған
бағалы қағаздармен акцияларді төлеуге құқығы жоқ;
2. Акцияның белгілі бір санына келісім-шарт сатып алушысымен
келісілген негізде акцияны теңгеге немес ешетел валютаға сату. Бұл
жағдайда шығарушы банк бағалы қағаздар нарығының делдалының
қызметін пайдалана алады. Қазақстан Республикасында қаржылық
делдалдарының қызметі бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және
диллерлік лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1997 жылғы 4 наурыздағы №293 қаулысымен бекітілген Ережемен
реттеледі;
3. Акционерлердің арасында тиістімөлшердегі акцияларды бөлу арқылы
банктің басқа да меншікті қаражатын капиталға айналдыру (мысалы,
жай акцияларды бөлінбеген табысқа немесе дивиденттерді қайта
капиталға айналдыру);
4. Банктің бұрыңғы шығарған айырбас акцияларын акцияларға айырбастау;

Бағалы қағаздарды өткізгенде шығарушы банк оның нәтижелерін сараптайды
және эмиссия бойынша есеп жасайды. Есепке банк басқармасының төрағасы, бас
бухгалтер қол қояды, банктің мөрімен бекітіледі және тіркеуші органға
ұсынылады. Бағалы қағаздарды өкілетті органда тіркеу үшін ұсынғанға дейін
оларды нақты орналастыру нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкімен бекітілуі тиіс.
Шығарушы банк акцияларының төленгенін растайтын құжаттар қатарына
келесілер жатады: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде шығарушы
банктің жинақтау шотына ақша қаражаттарының төленгені туралы растайтын
төлем құжаттарының көшірмелері; банк басшысы мен бас бухгалтер қол қойған
және мөрмен расталған жарғылық капиталының бөлігінің шығарушы банк ақша
қаражатымен төленгені туралы банк анықтамасы; акциялар төлеміне мүліктік
салмдар салынғанын растайтын қабылдау-өткізу актілері мен басқа да
құжаттар; жарғылық капиталын қалыптастыру туралы аудиторлық қорытынды.
Бағалы қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы
қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден өткізген соң өкілетті
орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға
және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат
береді.

1.4 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол
олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз
ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті
қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына
несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады.
Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін
ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе
бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге
болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты
қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті
деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар,
несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің
қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк
өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар
банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесі туралы
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Коммерциялық банктердің негізгі қызметтерін топтастыру
Банк салымдарын міндетті сақтандыру жүйесінің негізгі міндеті - халықтың банктерде салымдар мен шоттарда орналасқан жинақ ақшасын қорғау
Коммерциялық банктегі кірістер мен шығындар және оларды оңтайландыру жолдары
АҚ «БТА» банктердің қаржылық нәтижесін талдау
Банктердің депозиттік саясатын факторлық талдаy
Банк балансын құрылымдық талдау
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Пәндер