«ЛЕОНТЬЕВ ПАРАДОКСЫ» ТЕОРИЯСЫ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

3. 3. «ЛЕОНТЬЕВ ПАРАДОКСЫ» ТЕОРИЯСЫ

Экономикалық өсім өндірісте пайдаланылатын факторлар санына ғана емес, сонымен қатар, олардың сапасына, үйлесу тиімділігіне, техникалық прогреске, сұранысқа, нарықтың сипаттамасына және ел мен конъюнктураға қарай өзгеретін басқа да көптеген элементтерге байланысты болады.

Оның халықаралық айырбасқа да қатысы бар. НОЗ тео-ремасының кемшіліктері жаңа классикалық бағыттағы эко-номистерге өндіріс факторларының сапасы мен ұлттық на-рықтардың сипаттамасын және тауарлардың ұлттық әр түрлі сұраныс ерекшеліктеріне біртіндеп бейімделуін ескере оты-рып, салыстырмалы басымдықтар теориясын жетілдіру қажеттігі жөнінде ой салды.

Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын прак-тикалық тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, 20-жылдардағы Жоспарлау комитетінің қызметкері, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. 1954 жылы оның сол кездегі капитал молшылығымен ерек-шеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындағы еңбек пен капиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хек-шер-Олин теориясын тексеруге қадам жасаған мақаласы жа-рық көрді. Басқа ірі елдер ішінен бұл елге екінші дүниежүзілік соғыстың орасан зардабынан жеткілікті капи-талмен шығудың сәті түсті. Бұл кезде Еуропада капитал же-тіспеушілігі мен жұмыс күшінің салыстырмалы ар-тықшылығы байқалды. Сондықтан АҚШ капитал сыйымды-лығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек шығыны көп тауарларды шет елден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісінше немесе бұған қарама-қайшы болды да, теория «Леонтьев парадоксы» деп аталды. Елдегі капиталдың салы-стырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және ка-питал сыйымдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.

Леонтьев өз есептеулерін жүргізу үшін американ эконо-микасының 1947 жылғы «шығындар шығарылымы» салаара-лық балансын пайдаланды. Сол арқылы өнеркәсіп 50 сек-торға бөлініп, оның 37-і өз тауарларымен сыртқы нарыққа шықты. Өндірістің еңбек пен капитал сияқты екі факторы есепке алынды. Бұдан әрі қарай жалпы құны 1 миллион доллар болатын тауарлар қоржыны бөлініп көрсетілді. Олар-дың әрқайсысында импорттық және экспорттық тауарлардың типтік жиынтығы сақталынды. Мәселен, егер тамақ өнеркәсібі экспорттың жалпы сомасының 10%-ін құраса, он-да бұл құны 1 миллион долларға тең болатын қоржында тамақ өнеркәсібіндегі құны 1 миллион сомаңың 10%>-і, яғни 100 мың доллар бар екендігін білдіреді.

Шет елден әкелінетін құны 1 миллион доллар тұратын тауарды өндіруге қажет болатын еңбек пен капитал шыгынының сомасы да осыған ұқсас үлгімен есептелінді.

Зерттеу нәтежесі шет елге шығарылатын құны 1 милли-он доллар және шет елден әкелінетін құны 1 миллион дол-лар тұратын тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек сомаларын өзара салыстыру арқылы алынды (2-кесте) .

2-кеcте

Қажет шығындар: Қажет шығындар
Экспорт: Экспорт
Бэсекелес импорттық тауарлар: Бэсекелес импорттық тауарлар
Қажет шығындар: Каиитал, 1947 жылғы баға, АҚШ доллары (С)
Экспорт: 255
Бэсекелес импорттық тауарлар: 3091000
Қажет шығындар: Енбек, адам/жыл (Ь)
Экспорт: 182
Бэсекелес импорттық тауарлар: 170
Қажет шығындар: С/Ь арақатысы, 1 адам/жылға жұмсалған АҚШ долларының С/һ арақатысы
Экспорт: 14011
Бэсекелес импорттық тауарлар: 18182

Құны 1 миллион доллар тұратың экспорттық тауарларды өндіру үшін 2, 5 миллион долларға жуық капитал қажет бол-са, ал осыған ұқсас бәсекелес импорттық тауарлар үшін 3, 09 миллион доллар қажет. Еңбек шығынына қатысты алғанда, бұган керісінше жағдай туындайды: бәсекелес импортқа жұмсалған 170 адам/жылмен салыстырғанда экспорттық тау-арлардың еңбек сыйымдылығы неғұрлым артығырақ болып, 182 адам/жылға жетті. , Осылайша, импорттың капитал сыйымдылығы 30%-тен артып кетеді де, экспорт сыйымды-лығы 25%-тен көп екендігі байқалады. Мұндай қайшылықты жағдайды, ең алдымен, 1947 жыл соғыстан кейінгі екінші жылмен тұспа-тұс келетінімен, сон-дықтан жағдайдың ерекше екендігімен түсіндіруге болады. Леонтьев аталмыш қайшылықтарды жоққа шығару мақсаты-мен 1956 жылы 1951 жылдың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып, өз есептеулерін қайталап шықты. Соның нәтижесінде американдық экспорттың еңбек сыйымдылық деңгейі американдық импорттың еңбек сыйымдылығы деңгейінен 6%-ке жоғары болып шықты. Әйтсе де қарама-қайшылық азайтылғанымен, ол толық жойылмады.

Келесі түсініктеме елге әкелінетін тауарларды шектейтін және осыған ұқсас тауарларды өз елінде өндіруді ынталан-дыратын импорттық тарифтермен байланысты. Кеден тариф-терінің құрылымын талдау АҚШ-та еңбек сыйымдылығы басымдау тауарлардың көбірек қорғалғанын көрсетті. Әйтсе де, есептеулер бойынша тарифтерді жойған жағдайдың өзінде де өзгерістердің «Леонтьев парадоксына» әсері жет-кіліксіз болады.

АҚШ-қа әкелінетін тауарлардың біраз бөлігі өз дайын-даушысы үшін Америкада жоқ арзан табиғи ресурстардың елеулі көлемін қажет ететіні жөңіндегі қарсылық дәлелді болып шықты. Капитал сыйымдылығы бар тауарлардың им-портын былайша түсіндіруге болады: АҚШ өндіруі өте жоғары капитал сыйымдылығын қажет ететін шикізат түріндегі тауарларды сырттан әкелуге күш салады.

Леонтьевтің өзі салыстырмалы басымдылықтар теория-сына сәйкес келетін мынадай дәлелдерді ұсынды: американ-дық экспорт құрамына кіретін еңбек факторының өзіндік ерекшелігі болды, себебі ол кезде АҚШ өз серіктестерінің көпшілігіне қарағанда, мамандануы жоғары деңгейдегі жұмыс күшіне ие болатынГ

Леонтьевтің болжамы бойынша, капиталдың аталған са-нымен кез келген комбинацияда американдық еңбектің 1 адам/жылы - шетелдік еңбектің 3 адам/жылына тең болады, яғни американдық еңбектің жоғары өнімділігі американдық жұмысшылардың жоғары деңгейдегі мамандануымен бейне-ленеді. Бұл өз кезегінде «жұмыс күшінің мамандануы» мо-делінің пайда болуының негізін қалады.

Осы теорияға сәйкес өндіріске 3 емес, 4 фактор қатыса-ды: маманданған еңбек, мамандандырылмаған еңбек, капитал және жер. Кәсіби персонал мен жогары маманданған жұмыс күшінің салыстырмалы молшылығы дайындалуына маман-данған еңбек күшін жұмсауды қажет ететін тауарлар экспор-тына әкеледі. Мамандануы төмен жұмыс күшінің молшы-лығы өндірісіне жоғары мамандануды қажет етпейтін тауар-ларды экспортқа шығаруға көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторларының арақатынасы теориясы
Халықаралық сауда классикалық теориясы
Әлем рыногының инфрақұрылымы
Халықаралық сауда тұжырымдамалары
Халықаралық сауданың жан-жақты жүйесі
Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Халықаралық сауда теориясы туралы
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz