Өмір өлшемін бағалау



1 Тұтыну бағасының индексі
2 ТБИ.дің өмір бағасының өлшемі
3 Бағаның жалпы деңгейінің көрсеткіштері
4 Әр түрлі уақыт мезетіндегі доллардың сатылып алыну қабілеті
5 Пайыздық ставкадағы нақты және номиналды деңгейлердің арасындағы
1931 жылы Ұлы дағдарыс кезінде, танымал американдық бейсболист Бейб Рут $80 мың табыс алды. Ол кезде бейсбол жұлдыздарының мұндай суммада жалақы алуы таңқалдырарлық жайт. Бізге сұхбаттасу бір жаңалық келіп жетті. Сұхбаттасу кезінде сұхбаттасушының спортсменнің мұндай жалақы алуының себебі неде? АҚШ президенті Герберт Гувердің табысының өзі небары $75 мың-ды құрайды деген сауалына Б.Руттың жауабы: «Биыл мен одан жақсы ойнадым».
Бүгінгі күнде орта деңгейлі бейсболист-профессионал Б.Руттың 1931 жылғы жалақысына қарағанда он есе, ал мықты ойыншылар жүз есе артық алады. Алғашында бейсбол соңғы 60 жылдағы ең бір пайдалы жұмыс болып көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл уақыт аралығында тауар мен қызмет көрсетуге деген бағаның өскендігін де ұмытпау қажет: 1931 жылы 5 центке бір стакан балмұздақ, ал 25 центке киноға билет алуға болатын. Біз Б.Руттың өмірлік деңгейі қазіргі ойыншылардікінен жоғары немесе төмен болды деп айта алмаймыз.
Алдыңғы тарауда біз экомомистердің тұтынушылар талғамының көрсеткішін экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы құнын өлшеу үшін қолданатынын білдік.Бұл тарауда біз өмір деңгейінің орташа көрсеткіштері қалай анықталатынын білеміз.Б.Рута мен қазіргі бейсболисттердің гонорарларын салыстыру үшін доллардың осы күнгі және 60 жыл бұрынғы сатылып алыну қабілетін анықтау тәсілін табу қажет.Ол үшін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) деп аталатын арнайы экономикалық көрсеткіш пайдаланылады.Алдымен біз оның қалай кемитінін,ал кейін оның долларды әр түрлі кезеңде сатылып алыну қабілетін салыстыру үшін қолдану мүмкіндігін талқылаймыз.

ТБИ өмір бағамының өзгеруін қадағалау үшін пайдаланылады:оның өсуі орташа американдық жанұяның өзінің әдеттегі өмірлік стандартын қанағаттандыру үшін көп мөлшерде ақша жұмсайтынын білдіреді. Экономисттер бағалардың өсуін суреттеу үшін инфляция түсінігін қолданады.Инфляция қарқыны белгілі бір уақыт аралығындығы баға деңгейінің өзгеруін процентпен сипаттайды.Келесі тарауларды көретініміздей, инфляция- экономикадағы істердің жағдайын көрсететін, макроэкономикалық политиканың қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын өте маңызды көрсеткіш.Бұл тарауда біз ТБИ-дің көмегімен экономикада баға өсуінің қарқынын өлшеуді үйренеміз.
Тұтыну бағасының индексі
Тұтынушылар бағасының индексі (ТБИ)-тұтынушылардың пайдаланылатын тауарлары мен қызметтері жалпы құнның көрсеткіштері.Ай сайын АҚШ еңбек министірлігі статистикалық еңбек Бюросы ТБИ-дің көрсеткішін анықтап баспаға шығарады.Бұл тарауда біз оның кему әдістерімен және содан туындайтын проблемалармен танысамыз.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
11 тарау
Өмір өлшемін бағалау

Бұл тарауда сіз:
♦тұтыну бағасының индексі қалай анықталатынын көресіз
♦ТБИ-дің өмір бағасының өлшемі ретіндегі кемщіліктері неде екендігін
білесіңдер
♦бағаның жалпы деңгейінің көрсеткіштері ретіндегі тұтынушылар талғамының
дефляторы мен ТБИ-дің мүмкіндігін салыстырасыңдар
♦әр түрлі уақыт мезетіндегі доллардың сатылып алыну қабілетін салыстыру
үшін ТБИ-дің қалай қолданылатынын қарастырасыңдар
♦пайыздық ставкадағы нақты және номиналды деңгейлердің арасындағы
айырмашылықтарды білесіңдер

1931 жылы Ұлы дағдарыс кезінде, танымал американдық бейсболист Бейб Рут $80
мың табыс алды. Ол кезде бейсбол жұлдыздарының мұндай суммада жалақы алуы
таңқалдырарлық жайт. Бізге сұхбаттасу бір жаңалық келіп жетті. Сұхбаттасу
кезінде сұхбаттасушының спортсменнің мұндай жалақы алуының себебі неде? АҚШ
президенті Герберт Гувердің табысының өзі небары $75 мың-ды құрайды деген
сауалына Б.Руттың жауабы: Биыл мен одан жақсы ойнадым.
Бүгінгі күнде орта деңгейлі бейсболист-профессионал Б.Руттың 1931 жылғы
жалақысына қарағанда он есе, ал мықты ойыншылар жүз есе артық алады.
Алғашында бейсбол соңғы 60 жылдағы ең бір пайдалы жұмыс болып көрінуі
мүмкін. Дегенмен бұл уақыт аралығында тауар мен қызмет көрсетуге деген
бағаның өскендігін де ұмытпау қажет: 1931 жылы 5 центке бір стакан
балмұздақ, ал 25 центке киноға билет алуға болатын. Біз Б.Руттың өмірлік
деңгейі қазіргі ойыншылардікінен жоғары немесе төмен болды деп айта
алмаймыз.
Алдыңғы тарауда біз экомомистердің тұтынушылар талғамының көрсеткішін
экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы құнын өлшеу үшін
қолданатынын білдік.Бұл тарауда біз өмір деңгейінің орташа көрсеткіштері
қалай анықталатынын білеміз.Б.Рута мен қазіргі бейсболисттердің
гонорарларын салыстыру үшін доллардың осы күнгі және 60 жыл бұрынғы сатылып
алыну қабілетін анықтау тәсілін табу қажет.Ол үшін тұтыну бағасының индексі
(ТБИ) деп аталатын арнайы экономикалық көрсеткіш пайдаланылады.Алдымен біз
оның қалай кемитінін,ал кейін оның долларды әр түрлі кезеңде сатылып алыну
қабілетін салыстыру үшін қолдану мүмкіндігін талқылаймыз.

ТБИ өмір бағамының өзгеруін қадағалау үшін пайдаланылады:оның өсуі орташа
американдық жанұяның өзінің әдеттегі өмірлік стандартын қанағаттандыру үшін
көп мөлшерде ақша жұмсайтынын білдіреді. Экономисттер бағалардың өсуін
суреттеу үшін инфляция түсінігін қолданады.Инфляция қарқыны белгілі бір
уақыт аралығындығы баға деңгейінің өзгеруін процентпен сипаттайды.Келесі
тарауларды көретініміздей, инфляция- экономикадағы істердің жағдайын
көрсететін, макроэкономикалық политиканың қалыптасуында маңызды рөл
ойнайтын өте маңызды көрсеткіш.Бұл тарауда біз ТБИ-дің көмегімен
экономикада баға өсуінің қарқынын өлшеуді үйренеміз.

Тұтыну бағасының индексі
Тұтынушылар бағасының индексі (ТБИ)-тұтынушылардың пайдаланылатын тауарлары
мен қызметтері жалпы құнның көрсеткіштері.Ай сайын АҚШ еңбек министірлігі
статистикалық еңбек Бюросы ТБИ-дің көрсеткішін анықтап баспаға шығарады.Бұл
тарауда біз оның кему әдістерімен және содан туындайтын проблемалармен
танысамыз.

ТБИ қалай анықталады
Статистикалық еңбек бюросы ТБИ мен инфляция қарқынын анықтағанда көптеген
мың тауарлар мен қызметтердің бағалары туралы мәліметтерді қолданады.Бұл
көрсеткіштердің қалай анықталатынын түсіну үшін, қарапайым гипотетикалық
экономикадағы әрекеттерді қарастырамыз.Бұл жерде тұтынушылар өнімнің екі
түрін ғана тұтынады- хотдогтар және гамбургерлер.ТБИ мен инфляция қарқынын
анықтау үшін статистикалық еңбек Бюросы орындалатын әрекеттердің ретін 11.1
кестеде көрсеткен.
1.Тұтынушылар қоржынының сандық құрамын анықтау. Сатып алу көлемі мен
тұтынушыларда үлкен сұранысқа ие тауарларды анықтау ТБИ-ді анықтаудағы
бірінші қадам болуы қажет.Егер тұтынушы гамбургерге қарағанда хотдогты n
рет көп мөлшерде тұтынатын болса, бұл қатынас статистикалық еңбек Бюросы
арнайы зерттеулер арқылы анықтайтын және өз кескінін тұтынушылар
қоржынының құрамынан да табады.Біздің мысалымызда тұтынушылар қоржыны 4 хот-
дог пен 2 гамбургерден тұрсын.
2.Тұтынушылар қоржынынан өнімдерге деген бағаларды анықтау. Келесі қадам-әр
түрлі уақыт кезеңіндегі тауарлардың әр түріне баға тағайындау.Кестеде соңғы
үш жылдағы хот-дог пен гамбургердің бағалары туралы мәліметтер берілген.
3.Тұтынушылар қоржынының бағасын анықтау.ТБИ-ді анықтаудың үшінші қадамы
тұтынушылар қоржынының жылдық бағасын анықтаумен сипатталады.Оныңсоңғы үш
жылдағы сандық құрамы тұрақты (4 хот-дог,2 гамбургер),тек қоржындағы
тауарлардың бағасы ғана өзгеретініне көңіл аудару қажет.
4.Базалық жылды таңдау және ТБИ-ді анықтау.Базистық жылды анықтау
қажет,яғни салыстырулар жүргізіледі.ТБИ-ді анықтау үшін базистық жыл мен
қарастырылып отырған тұтынушылар қоржынының меншікті бағаларын санап, 100-
ге көбейтеміз.Біздің мысалымызда тұтынушылар қоржынының бағасы базалықта
2001 жылы-$8, ал ТБИ-де 100.ТБИ 2002 жылы-175,

1 қадам. Тұтыну қоржынының құрамын анықтау мақсатымен тұтынушылар нарығын
зерттеу
4 хот-дога и 2 гамбургера
2 қадам.Қарастырылып отырған жылдағы өнімнің әр түрінің бағасын анықтау
Жыл Хот-догтың бағасы$ Гамбургердің бағасы$
2001 1
2
2002 2
3
2003 3
4
3 қадам.Тұтыну қоржынының бағасын табу
Жыл Тұтыну қоржынының бағасы
2001 $1 хот-дог* 4 хот-дог+$2 гамбургер* 2 гамбургер=$8
2002 $2 хот-дог*4 хот-дог+$3 гамбургер*2 гамбургер=$14
2003 $3 хот-дог*4 хот-дог+$4 гамбургер*2 гамбургер=$20
4 қадам.Базистық жылды (2001 ж.) таңдау және әр жылғы ТБИ-ді анықтау
Жыл ТБИ
2001 ($8 $8) * 100=100
2002 ($14 $8) *100=175
2003 ($20 $8) *100=250
5 қадам.Инфляция қарқынын анықтау
Жыл Инфляция қарқыны
2002 (175-100) 100 *100%=75%
2003 (250-175) 175 *100%=43%

ал 2003 жылы-250.Бұл қарастырылып отырған уақыт мезетіне сай баға өсуін
көрсетеді.
5.Инфляция қарқынын анықтау.Соңғы қадам-инфлиция қарқынын анықтау,өткен
уақыттағы ТБИ-дің проценттік өзгеру ретінде кемуі.Соңғы екі жылдағы
инфляция қарқыны былай анықталады:

2-
ші ж\ғы ТБИ - 1-ші ж\ғы ТБИ
2-ші жылдағы инфляция қарқыны=
*100%

1-ші ж\ғы ТБИ

Біздің мысалымызда ТБИ 2001 жылдан 2002 жылға дейін 75%-ке өсті, ал
2002 жылдан 2003 жылға дейін 43%-ке.Сәйкесінше инфляция қарқыны 2002 жылы
75%,
2003 жылы 43 % құрады.Біз нақты экономиканың жеңілдетілген моделін шегіне
дейін қарастырдық (екі тауар), дегенмен ол статистикалық еңбек Бюросы ТБИ
мен инфляция қарқынын анықтауға көп көңіл бөлетінін көрсетеді.Бұл мекеме ай
сайын көптеген мың тауарлар мен қызметтердің бағасы туралы мәліметтерді
жинап, өңдейді, ал сосын жоғарыда көрсетілген әдісті пайдалана отырып, орта
деңгейлі американдықтардың тұтынушылық қоржынының бағалық өсуін санайды.Ай
сайынғы ТБИ туралы мәліметтер барлық АҚШ-тық масс-медиямен таралады.
Бюро жалпы ТБИ-мен қоса басқа да баға индекстерін санайды, мыс. АҚШ-
тың жеке региондары үшін (Бостон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес) неесе тауарлар
мен қызметтердің
Нақты түрлері бойынша (киім, азық-түлік, энергия көздері), ТБИ-ден басқа
бизнес мекемелермен тұтынылатын орташа жиынтықты тауарлар мен қызметтердің
бағасын
көрсететін тұтынушылар үшін баға индексі бойынша есеп айырысу
жүргізіледі.Бұл жиынтықтың бағасы бөлшектік сауда арқылы өткізілетіндайын
өнімнің бағасына әсер
ететіндіктен, алынған мәліметтер ТБИ-дің динамикасын болжау үшін
қолданылады.

Ойға түйін

Тұтынушылар қоржыны немен толтырулы?
ТБИ-ді анықтау кезінде статистикалық еңбек Бюросы тұтынушылар қолданатын барлық
тауарлар мен қызметтерді ескеруге тырысады.Сонымен қатар ол осы тауарлар мен
қызметтердің тұтынылуының жалпы көлемінің үлесін бағалауға тырысады.11.1 суретте
тұтынушылар шығындарының жалпы суммасына енгізілген әр түрлі тауарлар мен
қызметтердің проценттік үлесі бейнеленген.Ең үлкен үлесін, дәлірек айтқанда 40%-ін
тұрғын үйді қамтамасыз ету және төлем шығындары құрайды.Оған пәтер үшін төлеу (30%),
жылу жүйесі мен коммуналдық қызмет (5%), сонымен қоса жиһаз сатып алу және кішігірім
ремонт (5%) кіреді.Келесі өсуі бойынша шығындар- жалпы суммадан 17%-ға-жеке
автомобильдерді эксплуатациялау бағасын қамтитын, жанұяның траспорттық шығындары,
бензинді сатып алу, қоғамдық көліктегі жол ақысы.Сол мөлшерге жақын -16%- азық-түлік
пен сусындарға шығындар құрайды, үй заттарын қолданудың ақшалай шығыны 9%, үйден тыс
пайдалануға-6%, және ішімдіктер-
1 %. Медицинаға-6%, демалуға-6%, киім сатып алуға-5%, коммуникацияны іске асыруға-5%
(соңғы сатысына, мысалы: дербес компьютерді пайдалану және колледждегі оқу ақысын
төлеуге байланысты шығындар жатады).
Сонымен, суретте көрсетілгендей, 5%-ін басқа да тауарлар мен қызметтерді өтеу үшін
төлем шығындары

Өмір бағамын өлшеу проблемалары
ТБИ тұтынушылар қоржынының бағасының өзгеруін анықтау үшін қолданылады.
Басқаша айтқанда, тауарлар мен қызметтердің бағасы өскен жағдайда, өзінің
өмір сүру деңгейін тұрақта деңгейде ұстап тұру үшін,тұтынушы табысының
қаншаға өсу керектігін түсінуге көмектеседі. Дегенмен, қазір біз
қарастыратын себептердің салдарынан ТБИ-ді мұндай бағалауда сенімді
критерий деп санауға болмайды.
Бірінші себеп-тұтынушылар қоржынында тауарларды ұқсас тауарлармен
ауыстыру. Іс жүзінде түрлі өнімдерге баға әр түрлі жылдамдықпен өзгереді,
сондықтан бағасы тез қымбаттайтын тайарларды аз мөлшерде, ал бағасы жәй
өсетін тауарларды көп мөлшерде пайдалана отырып, тұтынушылар бұл процеске
өзінше көзқарасқа ие болады. Тұтынушылар қоржынының құрамының негізінде
саналған бұл өзгерістер ТБИ-да ескерілмейді. Дегенмен, тауардың бір түрін
басқалармен алмастыру мүмкіндігін ескермей, ТБИ оның жылдық өсу бағасын
жоғары бағалайды.
Қарапайым мысалды қарастырайық. Қандай да бір біз таңдаған базистық
жылда алмалар алмұрттан арзан болды делік, осының салдарынан тұтынушылар
оларды көп мөлшерде сатып алып отырды. Бұл статистикалық еңбек Бюросының
мәліметтерінде ескерілді. Келесі жылы жеміс-жидектің бағасы өзгерді. Енді
керісінше алмұрт алмадан арзан болған жағдайды қарастырсақ, онда алмұртты
сатып алу көлемі өскенін байқаймыз. Дегенмен, жеміс-жидектерді сатып алу
пропорциясының өзгеріссіз болатындығына сеніп, Бюро тұтынушылар қоржыны
құрамының өзгермейтініне көңіл аударады. Нәтижесінде ТБИ тұтынушы
шығындарының өсуінің мәнін шын мәнісінен әлдеқайда жоғары бағалайды.
Екінші себеп-тұтынушылар таңдауын кеңейтетін ұдайы жаңа тауарлардың
пайда болуына байланысты. Тұтынушылардың таңдауы түрленген сайын, доллардың
сатылып алыну қабілеті жоғарылайды, соның нәтижесінде өмір сүру үшін аз
мөлшердегі ақшалай қаражаттар жеткілікті болады. Бірақ ТБИ тұтынушылар
қоржынының бекітілген ассортиментінің негізінде санайды. Бұл ақшалардың
сатылынып алыну қабілетінің өзгеруін ескермейтіндігін білдіреді.
Мысалға көңіл аударайық. Видеомагнитафондардың пайда болуымен біз
сүйікті кинофильмдерді үйден шықпай-ақ көру мүмкіндігіне ие болдық. Жаңа
тауар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша
мүмкіндіктер тудыра отырып, олардың материалдық жағдайының өсуіне әсер
еткендігі сөзсіз. Бірақ бұл ТБИ-дің төмендеуіне әкеліп соқтырған жоқ.
Нәтижесінде Бюро ешнәрсеге қарамастан видеомагнитафондарды тұтынушылар
қоржынының құрамына қосты, ал олардың бағаларының өзгеруі индексте өз
көрінісін тапты. Дегенмен, нарықта жаңа тауарлардың пайда болуынан
туындаған өмір бағасының өзгеруі, ТБИ мәніне ешқашан әсер етпейді.
Үшінші проблема өнім сапасының дәл есеп динамикасын таба алмаудан
туындайды. Мысалы: егер тұтынушылар қоржынына кіретін тауарлардың сапасы
жылдан жылға артатын болса, сәйкесінше оған деген баға да өседі. Сол сияқты
өнімнің тұтынушылық қасиетінің әрдайым нашарлауы кері нәтижеге әкеліп
соқтырады. Статистикалық еңбек Бюросы тұтынушылар қоржынын құрайтын
тауарлар сапасының өзгеруін есептеу үшін қолынан келгенін істеуде.Мысалы,
егер автомобильдер двигательдерінің күші жоғарласа немесе жанармай шығыны
төмендесе, Бюро қызметкерлері өз есептерін сәйкесінше өзгертулер енгізеді.
Соған қарамастан бұл проблема әлі де бар, өйткені өнім сапасын өлшеу қиын
тапсырма.
Экономисттер арасында ТБИ-ді өлшеудің әдістері мен оның дәлдігі
туралы пікірталастар тоқталмауда. Тапсырманың маңыздылығы: көптеген
үкіметтік бағдарламаларды қаржыландыру. Мысалы, әр түрлі әлеуметтік
жәрдемақы төлеу ТБИ-дің маңызын ескерумен құралады және де кейбір
мамандардың пікірі бойынша түзетулер енгізуді қажет етеді. Сөйтіп, көптеген
зерттеушілер ТБИ инфляция қарқынын 0,5-2,0% арттырумен анықталады деген
қорытындыға келді. Осы қорытындыларға сүйене отырып АҚШ конгрессі
жәрдемақының жылдық деңгейін инфляция қарқынынан 1%-ке төмен болатындай
етіп әлеуметтік көмек бағдарламасына өзгертулер енгізбекші. Бұл қадам сапа
проблемасын қатаң қадағалауға және мемекеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік
береді.

Дефлятор тұтынушылар талғамы ма әлде ТБИ ма?
Бұл тарауда біз ішкі өнімнің номиналдық және нақты қатынасына тең, баға
деңгейінің басқа жалпы көрсеткішімен-ВВП-ның дефляторымен танысамыз.
Номиналдық ВВП ағымдағы жылдық бағамен, ал нақтысы-базистық жылдық бағамен
өлшенетіндіктен, ВВП дефляторы ағымдағы және базистік жылдардағы баға
деңгейінің қатынасын көрсетеді.
Экономисттер баға жағдайын бақылау үшін бір-біріне ұқсас бұл екі
көрсеткішті қолданады. Дегенмен олардың арасында кейбір айырмашылықтар бар.
Бірінші айырмашылығы ВВП дефляторының ішкі өндірушілермен өндірілген
тауарлар мен қызметтердің баға деңгейін, ал ТБИ-тұтынушылармен тұтынылған
тауарлар мен қызметтердің баға деңгейін көрсететіндігінде. Мысалы, егер
Boeing компаниясы шығарған және АҚШ-тың әскери-әуе күштері сатып алған
тікұшақтардың бағасы өскен кезде, ВВП дефляторы өссе, онда ТБИ тұрақты
болып қала береді, өйткені мұндай тауар тұтынушылар қоржынының құрамына
кірмейді.
Volvo шведтік компаниясы өз автокөліктеріне бағасын өсіргендегі
мысалды қарастырайық. Бұл өнім АҚШ ВВП-на кірмегендіктен, бірақ американдық
тұтынушылармен қоржынындағы тауар, ТБИ өседі, ал ВВП дефляторы өзгеріссіз
қалады.
Бірінші айырмашылық әсіресе мұнайға деген баға өзгерген кезде айқын
байқалады. АҚШ-тың өз мұнай кен орындары болғанымен, мұнайдың көп бөлігі
Таяу шығыс қалаларынан импортталады. Сондықтан мұнай және бензин мен мазут
сияқты мұнай өнімдеріне бағаның өзгеруі көбінесе валовтық көрсеткіштер
өндірісіне қарағанда тұтынушылар шығындарының артуына әсер етеді. Бұл ВВП
дефляторына қарағанда ТБИ жылдам өсетінін білдіреді.

Жаңалықтар

Индекс үшін дүкенге
Әрбір макроэкономикалық көрсеткіш мыңдаған мәліметтерді өңдеу нәтижесімен
анықталады. Келесі мақалада осы мәліметті жинайтын адамдар жайында.

ТБИ-ға сенуге болады ма?- Бұл туралы инспектордан сұраңдар
Кристина Дафф
Жеке меншік емхананың директоры күмәнсіз болып көрінеді, бірақ ол да медициналық
қызметтердің кейбір түріне деген нақты бағаны білгісі келетін, қаржы инспекторы
Сабина Блюмға мәлімет беруге мәжбүрлі. Директор: Бізде ешнәрсе өзгерген жоқ ,-
деп қайталайды, бірақ инспектор одан клиенттердің төлеген шоттары мен қызметтеріне
прейскурант көрсетуін талап етеді. Шынымен де, хирургтық бөлімше палатасындағы
күндік ем 7538$ тұрады. Бұл алдыңғы айға қарағанда 4 центке арзан. ТБИ-ді есептеу
үшін мәлімет жинаумен айналысатын статистикалық еңбек Бюросындағы 300 қызметкердің
бірі миссис Блюмның қорына тағы бір ұпай.
Оның жұмысы туралы есеп берулері кейде кәдімгі детективтық романдарға ұқсайды.
Ол ай сайын 150 сауда үйлерін аралап, 1200 км-ге жуық жол жүріп, 18 айда 3 жол
апаттарына кез болады. Оның тапсырмасы әр түрлі заттардың бағасы және олардың өзгеру
себептері туралы мәліметтерді жинау. Ай сайын 90 мыңға жуық әр түрлі тауарлар туралы
мәліметтер Вашингтонға жіберіледі. Олар ол жерде топталып, сарапталып маусымдық
түзетулердің ескерілуімен өңделеді. Соңында ТБИ-дің жағдайы туралы ай сайынғы есеп
берулерге айналады.
Кейбіреулер қарастырылып отырған тауарды таңдау оңай деген ойда болуы мүмкін, Бірақ
шын мәнісінде ол толық зерттеуден өтеді. Тұтынушылар талғамын сараптағаннан кейін,
статистикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам денсаулығының көрсеткіштерін зерттеу
Өлшемдер шамаларыныц эталондары
«УАТ» ЖШС сабын комбинатының еңбек өнімділігін талдау
Жалпы ұлттық өнімді шығындар, табыстар бойынша есептеу
Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері
Менеджменттің бақылау функциясы
Денсаулық және физикалық белсендiлiк
Жетыбай кен орны
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы
Өлшеулер теориясының негізгі түсініктері
Пәндер