Тимур және оның командасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ТИМУР ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМАНДАСЫ

Сауытты дивизионның командирі полковник Александровтың өз үйінде болмағанына міне үш айға жақындады. Тегі ол майдана болуы керек.

Шілденің орта шенінде жіберген телеграммасында ол өзінің қыздары Женя мен 0льгаға демалыстарыңның қалған уақытын Москваның қасындағы дачада өткізіңдер деген еді.

Гүлді орамалын желкесіне ысырып жіберіп, сыпырғыштың сабына сүйеніп түнерген Женя Ольганың алдында тұр. Ольга оған былай дейді:

- Мен нәрселерді ала кетемін, ал сен үй ішін жинастырып қой. Қабағыңды тыржитып, ерніңді жаламасаң да болады. Содан соң есікті кілттеп қой. Кітаптарды кітапханаға апарып тапсыр. Дос қыздарыңдікіне кірмей-ақ, тура вокзалға бар. Сол жерден мына телеграмманы папама жібересің. Содан кейін поезға отыр да дачаға кел . . . Евгения, сен менің тілімді алуың керек, мен сенің апаңмын ғой.

- Мен де сенің бауырыңмын ғой.

- Бауырым екенің рас . . . Бірақ мен сенен үлкенмін . . . Ашық айтқанда, папам солай деп бұйырған.

Қорадан шығып бара жатқан машина даусы естілген кезде Женя бір күрсінді де, жан-жағына қарады, Үйдің іші қалай болса солай шашылып жатыр. Ол беті тозаңытқан айна алдына барды, айнадан әкесінің қабырғаға ілулі суреті көрініп тұр еді.

Жарайды! Ольга үлкен-ақ болсын, сол себепті әзірше оның тілін алу керек дейік. Бірақ оның есесіне Женяның мұрны да, аузы да, қасы да әкесіне тартқан. Ендеше мінезі де әкесіне тартуға тиіс.

Женя басына орамалын тартып, аяқ киімін лақтырын тас-тады да, қолына шүберек алды. Столдан дастарқанды бір-ақ тартып түсірді. Шелекті шүмектің астына итере салды. Сүйтті де, сыпыртқыны ала салып, бір құшақ қоқсықты табалдырыққа қарай ығыстыра жөнелді.

Лезде-ақ керосинка лапылдап, примус дүрілден бастады.

Еден көлкіген су. Кір жуатын қалайы астауда сабын көбіктері бір көтеріліп, бір басылады. Үйдің үшінші қабатындағы терезе алдына шығып алған жалаңаяқ, қызыл көйлекті кішкене қыздың қорықпай ашық тұрған әйнектерді құлшына сүртіп жатқанына кешеден өткен адамдар таң қалысты.

Күн сәулесі мол түскен кең жолдың бойымен бір жүк машинасы зымырап келеді. Ольга шетен орындықта аяғын чемоданға тіреп, жұмсақ түйіншекке сүйеніп отыр. Оның тізесінде жатқан кішкентай қызыл мысық бір шоқ гүлді аяғымен түртіп, ойнап қояды.

Содан отыз шақырымдай жер жүргенде, бұларды арттарынан қызыл әскерлер мотоколоннасы қуып жетті. Ұзын ағаш орындықтарға қатарласа тізілген жауынгерлер мылтықтарының аузын аспанға қарата, тізелерінің арасына қысып отырған бойларында қосыла ән шырқап келеді.

Әннің әуені естілген шақта қатарда қалып бара жатқан үйлердің терезелері мен есіктері шалқасынан ашылады. Ауладан, шарбақтардан секіре түсіп тұра жүгірген қуанышты балалар қызыл әскерлерге қолдарын бұлғайды, олар шала піскен көк алмаларды лақтырады да, артынан «ура» деп айқай салады, сөйтеді де сол арада соғыс ашып, қалың жусан мен калақай-ларға атты әскерлерше қирата шабуыл жасайды.

Жүк машинасы оқшаулау поселкаға бұрылды да, бір кішіректеу, шырмауық басқан үйдің алдына тоқтады.

Шофер мен сның көмекшісі машинаның жантақтайларын ашып тастап, нәрселерді түсіруге кірісті де, Ольга жерге түскен бойында үйдің әйнектелген ішкі есігін барып ашты.

Анадайдан күтімсіз үлкен бақша көрінді. Бақшаның түп жағында арбиған қос қабат сарай тұр. Сарай шатырынң үстінде кішкентай қызыл жалау желбірейді.

Ольга машинағаа қайтып келді. Сол арада оған әлі де кайраты қайтпаған, қунақы егде әйел жетіп келді. Бұл - осында сүт сатып жүретін көрші әйел болатын. Ол жазғы үйдің еденін, қабырғалары мен терезелерін жуып-шайып, мұнтаздай етуге ықылас білдірді.

Көрші әйел шелекті, шылапшып мен шүберекті тауып алғанша, Ольга кішкептай мысықты қолына алып, бақшаға тартты. Алмасын торғайлар шоқып тастаған ағаштың сабақтарында шайыр моншақтары жылтырайды. Қарақат, шытыр, жусан исі мұрныңды жарады. Арбиған ескі сарайдың шатыры шұрық тесік. Сол тесіктерден созылған сым сияқты бір жіңішке жіптер ағаш жапырақтарының арасына кіріп, көрінбей кеткен.

Ольга бұта-бұтаның арасымен өтті де, бетіне жабысқан өрмекшінің өрмегін сипырып тастады.

Бұл немесе? Жана ғана шатыр үстінде желбіреп тұрған қызыл жалау көрінбейді, оның орнында тек сидиған сырық қана қалыпты.

Ольга біреулердің асыға, аптыға сөйлескен сыбырын есітті. Бір мезгілде сарайдың шатырындағы терезеге сүйеулі тұрған салмақты баспалдақ ағаштардың бұтақтарын күйрете, түйе жапырақтарды жапырып, салдыр-гүлдір ете, жерге құлап түсті.

Шатырдың төбесінде тұрған жіңішке жіптер дыр ете түсті. Ольганың қолтығында келе жатқан мысық оның қолын бұлқыин тырнап алды да, қалақайдың арасына бір-ақ секірді. Ольга тандана жан-жағына қарап тың тыңдады. Бірақ не көгалдың арасынан, не қарсыдағы дуалдан, нс сарайдың төрт бұрышты түнек саңлауынан ешкім көрінбейді, ешбір дыбыс естілмейді.

Ольға кері қайтып есік алдына келді. Сүт сататын әйел оған мынаны айтты:

- Жұрттың бау-бақшасына түсіп, бүлік салатын балалар бар. Бұл - солар. Қеше көртілердін екі алма ағашын тонап, алмұртын сындырып кетті. Сондай бір пенделер пайда болды. Әрине бұзақылар. Қалқам, мен ұлымды Қызыл Армияға аттандырдым. Әскерге әзірленген сәттен бастап ол арақ ішуді қойды. «Мама, қош бол» деді де, әндетіп кете барды құлыным. Сүйтіп, мен жалғыз қалдым. Кеш болған соң кәдімгідей ішім елжіреп кетті де, біраз жылап алдым. Ал түнде бір оянып кеткенімде әлде біреулер қорада сыбдыратып, дыбдыратып жүрген сйяқтанды. Солай, мен енді жалғызбын, мені қорғайтын ешкім жоқ деп ойладым . . . Мендей алжыған адамға көп күш керек пе? Кірпішпен төбеден нұқып қалса болғаны, қатамын да қадамын. Әйткенмен құдай сақтаған, іштемемді ұрламапты. Тіміскілеп тімтініп жүріп-ті де кетіп қапты. Қорада еменнен жасалған кеспегім тұратын, оны екеуміз жабылсақ та қозғалта алмаймыз, соны қақпаға жиырма қадамдай жақын әкеп тастапты. Міне, бар болғаны осы. Мұны істеп жүрген қандай жұрт, нендей адамдар, ол жағы қараңғы.

Ымырт жабыла, үй жиналып болған соң Ольга есік алдына шықты. Ол сол арада былғары кұндақтан жалт-жұлт еткен сырнайды (бұл туған күніңе деп әкесінің жіберген сәлемдемесі еді) қолына алды.

Ольга сырнайды тізесіне сүйеп, оның қайыс бауын иығына ілді де, жақында естіген бір елең сөздеріне әуен іздей бастады.

Шіркін, енді бір рет

Сізді қайтып көрер ме ем,

Шіркін, енді . . . Бір рет . . .

. . . Екі қайта . . . Үш қайта.

Сіз ұқпайсыз алайда,

Самолет ұшқыр қарай ма,

Сізді күттім таң атқанша.

Я солай!

Ұшқыр - пилоттар! Бомбылар,

пулеметтер!

Алысқа ұшып кеттіндер.

Сіз қашан қайтасыз

Біле алмаймын оншасын.

Оралғайсыз . . . Аман-есеі" әйтеуір.

Ольга осы өлеңді ыңылдап айтып отырған кезінде аула ішім-дегі дуал жанында қарауыткан бұталарға бірнеше рст елецдеп көз қырын сала отырған еді, Ол епді әндетуін тоқтатып орнынан атып тұрды да:

- Ау, ! Сіз неге жасырынасыз, сізге не керек, бүл арада? -
деп дауыстады.

Бұтанңң арасынан үстінде жұпыны ак киімі бар біреу шыға келді де басын иіп, сыпайы түрде жауап қанырды:

  • Мен жасырынған жоқпын. Мен өзім артистеу адам едім, сізге бөгет жасамайын деп тасада тұрып тындағаным ғой. Солай-ақ делік, бірақ көшеде тұрып та тыңдауыңызғаболатын еді ғой. Ал сіз неге дуалдан қарғып түстіңіз.

- Мен бе? Дуалдан дейсің бе?-деп тосын кісі жйбірленіп қалды. - Ғапу етіңіз, мен мысық емес пін. Анау дуалдың бұрышында тақтайлары сынған екен, мен көшеден келіп, сол тұстан кірдім.

- Түсінікті, - доп Ольга мырс етіп күлді. - Бірақ есік анау
тұр. Өркеніңіз өссін, сол есіктен көшеге кайыра шығып тұр-
саңыз.

Кісі тіл алғыш екен, бір ауыз сөз айтпастан тысқа шықты да, есікті жауып қойды. Мұнысы Ольгаға ұнап кетті.

  • Тоқтаңызшы, - деп Олъга басқыштан түсіп оны бөгедіде, - сіз кімсіз? Артиссіз бе?Жоқ, - деді ол кісі. - Мен кәдімгідей инженер-механик-пін, бірақ қолым бос уақытта өзіміздің завод операсының ойын-дарына қатысам, ән саламын. Тыңдаңыз, - деді Ольга оған кенеттен инабатты пішін-мен. - Мені вокзалға дейін апарып салыңызшы. Мен сіңлімді то-сып алайын деп едім. Күн кешкіріп, түн болып барады, ал ол әліжоқ, әлі жоқ. Есіңізде болсын, мен ешкімнен қорықпаймын, бі-рақ мен бұл араның көшелерімен таныс емеспін. Е, тоқтай тұры-ңыз! Шарбақтың есігін неге ашасыз, сіз мені дуал жанында тұ-рып та күтуіңізге болады ғой.

Ольға сырнайын апарып қойды да, иығына орамал жауып, шықтың, гүлдің исі аңқыған қараңғы көшеге шықты. .

Ольга Женяға кеюлі еді. Сондықтан ол қасындағы серіктесімен жөндеп сөйлеспеді. Ал ана кісі аты-жөнін айтты: Аты Георгий, фамилиясы Гараев, өзі автомобиль заводында ннженер-механик болып істейді екен.

Женяны тосып олар екі поезды өткізді, ақырында ең соңғы үшінші поезд да өтті.

- Бұл оңбаған қыз сорды кайнататын шығар!-деп Ольга кейіді. - Ал мен қырық, ең болмаса бір отыз жаста болсам бір жөн ғой. Ол он үште, мен он сегіздемін, сондықтан ол мүлде менік тілімді алмайды.

- Қырық жастың керегі жоқ, - деді Георгий бірден қыздың пікіріне қосылмай. - Он сегіз жасқа жететін не бар дейсіз. Тегі сіз бекер-ақ мазасызданып тұрсыз, сіңлініз таңертең-ақ келіп қалар.

Перрон босады. Георгий темекі сауытын қолына алды. Сол кезде оның қасына ширақтау ересек екі бала таяп келді де, оттың тұтануын күтіп, екеуі папиростарын суыра бастады.

Георгий шырпыны тұтатып үлкендеуінің бетіне сәуле түсірді де:

- Жас жігіт, маған қарай папиросыңды ала жүгірместен
бұрын амандасуың керек қой, үйткені мен сізбен парктың жаңа
дуал тақтайын бұзып жатқан жеріңізде танысқанмын. Сізді Ми-
хаил Квакин деп атайды ғой. Солай емес пе? - деді.

Бала мұрнын пысылдатып шегіне бастады, Георгий шырпыны сөндірді де Ольганы қарынан үстап, кейін алып кетті.

Олар ұзаңқырай бергенде, екінші бала уқаланған папиросын қүлағына қыстырды да, жаратпаған пішіммен:

  • Бұл қайдан шыққан үгітші? Осы жердікі ме өзі? - депсұрады. Осы жердікі, - деп Квакин көңілсіздеу жауап берді. -Ол - Тимка Гараевтың нағашысы. Тимканы ұстап ап төпеу ке-рек. Ол топ жинап апты және олар бізге қарсы бір әрекет жа-самақ көрінеді.

Екі сыбайлас сол арада платформаның аяқ жағындағы фонарь түбінен таяғына сүйеніп, басқыштап түсіп келе жатқан бір сақал-шашы аппақ маңғаз адамды көрді.

Бұл осы жердің тұрғылықты адамы доктор Ф. Г. Колокольчиков еді. Екі жүгермек:

- Шырпыңыз жоқ па?-деп шалдың соңынан жүгірді. Бірақ бұлардың кескіндері де, дауыстары да егде кісіге ұнамады. Сол себепті ол буылтық таяғын көтере шошаңдатып, апаларға анбат көрсетті де, өз бетінше маң-маң басып кете барды.

Москва вокзалынан әкесіне телеграмма беруге Женяның мұршасы келмеді. Сондықтан ол жанама поездан түскен соң, поселкелік почтаны іздемекші еді.

Ескі парктың ішімен келе жатып Женя торсылдақ гүлдерді жұлумен болды. Ол сүйтіп келе жатып, айналасын бау-бақша қоршаған екі көшенің түйіскен жеріне шыққанын бір-ақ байқады. Бұл көшелердің қаңғыр-күңгірсіз қанырап тұрғанын көргенде Женя өзінің жүретін жолы емес, басқа жаққа шығып кеткенін сонда ғана білді.

Ол жақын жерде, бір тырысқақ ешкіні шүу-шулеп, соны мүйізінен сүйреп, соған ұрсып-сөгіп бара жатқан кішкентай пысық қызды көрді.

- Әй қыз, айналайын, айтшы, - почтаға қай жермен барсам екен? - деп Женя оған айқайлады.

Бірақ сол арада ешкі мүйізін шайқап-шайқап жіберді де, бақшаға карай жұла жөнелді, ал кішкентай қыз соның соңынан ойбайлап ілесе жүгірді. Женя жан-жаңына қарады: күн кешкіріп қалған, айналада жай көрінбейді. Ол әлдекімнің екі қабат сұрғылт дачасының шарбақ есігін ашты да, соқпақ арқылы соның басқышысына қарай жүрді.

Женя есікті ашпай тұрып сыпайы ширақ дауыспен:

- Ау, өркенің өскірлер, айтыңдаршы, бұл арадан почтаға
қалай өтсем екен?-деп сұрады.

Оған ешкім жауап бермеді. Ол біраз ойланып тұрды да, есікті ашып коридор арқылы бөлмеге кірді. Үйдің иелері жоқ екен. Содан Женя именніңкіреп қалды да, шығуға айнала беріп еді, үстелдің астынан жүиі жылтырағап үлксп кызыл пт сып етіп шыға кслді. Абыржып қалғап кішксптаіі кызға ит қадала қарап, ақырып ыр ете түсті дс, ссік алдьша көлдеиоц жата кетті.

Жспя қорыкканынан итке саүсақтарын ербепдетіп:

- Ссп ақымақсыц! Меи үры смссіііп? -деді. - Мсн сеидер-
діц түктеріцді де алғапым жсж. Мынау, мспіц қолымдағы кілт
біздіц үйдікі. Лл мыпау папама жібсретін тсмогпамма. Моіііц па-
пам командир, сеп түсінемісіц?

Бірақ итте үн жоқ, қозғалмастан жата берді. Ал Женя біртіндеп ашық терезеге жақындай түсіп, сөйлей берді:

  • Жарайды! Жатасың ғой солай? Жата бер . . . Тіпті жақсы ит екенсің . . . ТҮріңе тқарағандаөзін сондай ақылды, сондай сүйкімді көрінесің.

Алайда терезенің алдыңғы тақтайына Женяның қолы тие беруі мұң екен, сүйкімді ит арыс етіп түрегелді. Женя үрейленгендіктен диванға секіріп шықты да, жүресінен отыра қойды.

Тым-ақ таңырқалық қылық, жыларманға жақындаған Женя:

- Сен қарақшылар мен шпиондарды ұста, ал мен . . . адаммын. Иә, солай! - деп итке тілін шығарды да, - ақымақсың! - деді.

Үй иесін еріксіз тосуға тура келгендіктен Женя кілт пен телеграмманы үстелдің шетіәне қойды.

Содан бір сағат, екі сағат өтті, үй іші қараңғылана бастады. Ашық терезеден алыстағы паровоздың үні, иттердің үргені волейбол добының торсылдаған дыбысы естілді. Әлдеқайда біреулер гитар ойнайды. Жалғыз-ақ мына сұрғылт дачаның айналасында ешбір дыбыс жоқ.

Женя диванның қатқыл қанатына басын салды да, солқылдап келіп жылады. Жылап жатып ұйықтап кетті.

Ол таң атқанда бірақ оянды.

Терезе тұсында, түнде жауын шайған күлте жапырақтар судырлайды. Жақын арада құдықтың шығыры шықырлайды. Тақауда ағаш кескен араның ызыңы естіледі. Алайда, дача бұрынғысындай әлі де тыныш.

Женяның басы астында енді жұмсақ былғары жастық жатыр, аяғына жеңіл ақ шүберек жауып қойыпты. Үйде кешегі ит те жоқ.

  • Ендеше мұнда түндге қарай біреу болған екен ғой!

Женя ұшып түрегеліп, жалбыраған шашын серпіп тастады. Қыртыстанып қалған көйлегінің етегін төмен түсірді. Содан соң үстелде жатқан кілт пен телеграмманы қолына алды да, қашпақшы болды.

Ол сол арада, үстел үстінде жатқан бір тарақ қағазды көрді. Қағазға көк қарындашпен былай деп жазу жазылған:

  • «Кішкентай қыз, кетеріңде есікті қаттырақ баса жап» Хаттың соңына «Тимур? Тимур деген кім? Бұл адаммен дидарласып, оған алғыс айтқанда болатын еді».

Женя көрші бөлменің есігін қарады. Мұнда жазу үстелі, оның үстінде сия сауыт сияқты жазуға керекті құралдар, күл салғыш пен кішіректеу айна тұр. Оң жақта, былғары қолғаптың жанында тозығы жеткен ескі тапанша (револьвер) жатыр. Ал стол жанында, қолының әр жері мүжілген, қажалған түріктің қайқы қара қылышы сүйеулі тұр. Женя кілт пен телеграмманы былай қойды да, қылышты ұстап көрді. Сонан соң оны қынынан суырып алып, жоғары көтеріп тұрып айнаға қарады.

Сонда кескіні өзіне өте айбынды, сұсты боп көрінді. Осылай тұрып суретке түссе, сөйтіп сол суретті мектепке алып барса қандай тамаша болар еді, ә! Бір кезде мені әкем майданға апарған еді деп мақтануына әбден болады. Сол қолға тапаншаны ұста, Міне, былайша, сонда тіпті, ернін жымырып, айнаны сығалап тұрды да, бауыр тартпаны басып кеп қалды.

Сол-ақ екен үйдің іші шатыр-күтір етті. Терезе әйнектерін түтін қоршады. Күл салғыштың үстіне қол айна құлап түсті. Есі шыққан Женя кілтті де, телеграмманы да үстел үстіне қалдырып, мынадай қауіпті бөтен үйден шыға қашты.

Сол бетінде қандай жолмен жүргенін өзі де білмейді, әйтеуір өзен жағасынан бір-ақ келіп шықты. Қазір оның қолында Москвадағы үйдің кілті де, жөнелтілер телеграмма үшін алынған квитанция да, тіпті сол телеграмманың өзі де жоқ. Женя енді осы көргендерінің барлығын: ит туралы да, сұрғылт дачадағы түнгі уақиға жайында да, қайқы қара қылыш жөнінде де, ең ақыры мылтық атылғанын да Ольгаға бастан-аяқ айтуы керек. Хал нашар! Папасы болса, ұғар еді. Ольга қайдан ұқсын. Ольга ашуланады немесе ашуланғаннан келістіре жылайды. Ал бұл қылық бәрінен де сорақы. Жылауды Женяның өзі де біледі. Ал Ольганың көзіндегі жасты көргенде, Женя әрқашан телеграф бағасына, биік ағаш басына, немесе үйдің төбесіне шығып кеткісі келетін.

Батылдау болу үшін ол суға сүңгіп алды да, өзінің дачасын іздеуге кірісті.

Женя басқышпенен жоғары көтерілген кезде, Ольга ас үйде примус тұтатып тұр еді. Басқан аяқ дыбысына Ольга шұғыл бұрылды да, Женяға оқты көзбен қадала қарады. Басқыштың жоғарғы сатысына тоқтап тұрып, бетіне күлкі жинауға тырысқан Женя:

  • Оля, амансың ба! Оля, сен маған ұрыспайсың ба? - деді.
  • Ұрысамын! - деді апасы, сіңлісінен көзін аудармастан.
  • Мейлің, ұрыссаң ұрыс, - деп Женя монтия қалды. - Білесің бе,

сондай бір кездейсоқ, таң - ғажайып оқиға болды! Оля, мен сенен қабағыңды тыржитпауыңды сұраймын, түршігетін түк те болған жоқ. Мен әлдеқайда үйдің кілтін жоғалттым, папама телегармманы жібере алған жоқпын.

Женя бәрін түгел айтып шығу үшін, көзін тарс жұмған күйінде демін бір-ақ алды.

Бірақ осы екі арада үй алдындағы шарбақ есігі сарт етіп ашылдыда, үсті-басын шөп-шалам басқан бір сабалақ жүнді ешкі мүйізімен жер сүзе қораға қойды да кетті. Ал соңынан жүгірген, әлгі Женяға таныс, жалаңаяқ кішкентай қыз бажылдап өте шықты.

Осы кенет уақиғаны пайдаланған Женяға қатерлі әңгімені доғарды да, ешкіні ұстасу үшін, бақшаға қарай тұра ұмтылды.

Кішкентай қыз ентігіп, мүйзінен ұстап тұрған кезде ғана оны қуып жетті. Ол Женядан:

  • Әй қыщ, сен іштеңе жоғалтқан жоқсың ба? - деп сұрады, ешкіні тепкілей жүріп.
  • Жоқ, - дедіЖеня ештеңеге түсінбей.
  • Онда мынау кімдікі! Сенікі емес пе? - деп кішкентай қыз оған үйдің кілтін көрсетті.

Женя есік жаққа жалтаңдады да, ақырын ғана: «Менікі

- деді.

- Мә, ұста: міне кілт, міне хат, міне квитанция, ал теле-
грамма әлдеқашан жіберілген, -деп кішкентай қыз тез-тез айт-
ты да, Женяның қолына бір шумақ қағазды ұстата салды. Сүйтті
де ешкіні бүйірден бір түйіп жіберді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аркадий Гайдардың шығармашылығы
Футбол
Сигналды ұстау
WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
Спорттың және сайыс дайындықтарындағы жылдамдық - күш орны
«Информатика» пәнінен практикалық жұмыстар
Оймен басқару
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі
Фильм идеясын іздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz