Жұмыр құрттар класы. Беогельминттер, практикалық маңызы


Тақырып: Жұмыр құрттар класы. Беогельминттер, практикалық маңызы.
Мақсаты: Жұмыр құрттар класы, биогельминт тобының практикалық маңызы және жіктелуі, жалпы сипаттамасын оқу.
Оқытудың міндеттері:
1. Экологиялықжіктелуі бойынша, геогельминт және беогельмент сипатаның ерекшеліктерін ажырата білу.
2. Географиялық таралуы бойынша беогельминттің, морфологиялық құрылымы.
3. К. И. Скрябиннің дегельминтизация және девастацияілімі. Қазіргі кездегі гельминттермен күресу шаралары.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.
Жұмыр құрттар - биогельминттер . Биогельминттердің экологиялық жіктелуі. Зақымдануы аралық иесінің ұлпасымен бірге личинкаларды жұтқанда болатын биогельминттер. Трансмисивті берілетін биогельминттер. Бұл топтың барлық нематодтары тірі туатындар және тіршілік циклінің көп бөлігінадамның ұлпасында өткізеді. Бұл гельминттер тудыратын ауру табиғи ошақты. Соңғы иелері жабайы және үй жануарлары. Аралық иелері: циклоптар, жәндіктер және адам. Тұрақты орналасу жеріне түсу үшін бұл гельминттер лимфа және қан тамырлармен миграциялайды (тасымалданады) . Олар иесінің иммунды жүйесімен әсерлеседі, сондықтан клиникалық сүретінде басты белгілер токсико-аллергиялық реакциялар, сонымен қатар механикалық және жергілік токсикалық әсерлер болып табылады. Биопсия және иммунды реакциялар әдістері қолданылады. Алдын-алу зақымдану жолына байланысты. Зақымдануы аралық иесінің ұлпаларымен бірге дернәсілдерді жұтқанда болатын биогельминттер. Бұл гельминттер үшін біріншілік орналасуы адам ішегінде, болуы кейін қанға өтуі тән. Өкілдері: ришта, трихинелла.
Ришта - Dracunculus meinensis - дракунулез қоздырғышы. Аналығының ұзындығы 120 см, аталығынікі 2см. Ауру тропикалық және субтропикалық климатты аймақтарда таралған, ежелде Орталық Азияда кездескен. Риштаның тіршілік циклі сулы ортамен байланысты. Риштаның соуғы иесі - адам, маймыл, үй және жабайы сүтқоректілер, құрттар терініу астында орналасады. Адамда кобінде аяқ терінінің астында, буындарының аймағында кездеседі. Дракунулез өте ежелден Орталық Африка, Аравия, Индия және т. б мемлекеттерде белгілі болған. Қазіргі кезде дракунулез зақымдалуы бөлек ошақтарда 50-83% дейін жететін Африка континентінде таралған. Сонымен бірге Индия мен Афганистанда да кездеседі. Бірінші рет дракунулезді Орталық Азияға экспедиция құрып, бірнеше зерттеулер жүргізген 1869 ж. Федченко ашқан және мынандай үлгі ұсынған:1) дефинитивті иесі-адам; 2) аралық иесі-циклоп; 3) циклоптар науқастан суға түскен личинкалармен зақымдалады; 4) адам инвазирленген циклоптарды сумен жұтқанда зақымдалады. Федченканың бұл жұмыстарына назар аударылмады, тек 1923 ж. дракунулез ошақтары бар Бухарада кеңес паразитологы Исаев Л. М. жою жолдарын анықтау үшін дракунулезді зерттей бастады. Ол бухарада паразиттің биологиясын талдап қарау, тіршілік циклін зерттейтін тропикалық институт құрды. Ол дракунулезбен күрес үшін шаралар ұсынды. (сол кезде Бухарада зақымдалу 30% болды) . Орналасуы - тері асты клечаткасы және дәнекер ұлпа. Жиі аяқтың буын аймақтарындағы терісі астында. Асқазанның серозды қабығының, ми қабықтарының астында, өңеш қабырғасында табылған жағдайлар болған. Тіршілік циклі - сулы ортамен байланысты. Соңғы иелері - адам, маймыл, сүтқоректілер. Аналығы личинкаларын туу үшін терінің үстінде ойық, сосын тері өпіршігі пайда болады. Сумен әрекет жасағанда адамда қышыну пайда болғаның сезеді. Аяқты суға салғанда көпіршік жарылады да одан тірі микроскопиялық личинкалар шығады, оларды аралық иесі цилоптар жұтады. Циклоптарды жұтқан кезде инвазионды личинкалар ішекке түседі, содан кейін тері астына ауысады. Тіршілік циклі 1 жылға созылады. Инвазирленген адамдарда паразиттің дамуы синхронды жүреді-аналықтары. Бір уақытта личинкаларды тууға қабілетті, ол циклоптардың көп мөлшерін, содан кейін негізгі иелерінің зақымдалуына ықпал етеді. Патогендік әсері - есек жем (кропивница), шыдамсыз қышыну, интоксикацияның нәтижесінде ентігу, локальды қабыну реакциялары; зақымдалу аймағына жататын буындардың қызметінің бұзылуы. Личинкалар туғаннан соң барлық белгілері жоғалады. Жарылған қапшықтың ортасына-тесік одан аналықтың басы шығып тұрады. Егер паразит алынып тасталынса, жазылу тез жүреді. Екіншілік инфекциялар қатерлі - патагенді микробтардың енуі, жараның инфицирленуі абцесстерді, флегмоналарды, гангреналарды, артриттерді шақырады. Диагностикасы - жергілікті белгілер пайда болғанна кейін ғана қойылады., тері астында рельефті бейнеленуі. Емі - эффективті - паразитті басынан ұстау белгілі бір қарсылықты сезгенше таяқшаға орау. Келесі күні тағы да тартады, паразитті толық алып тастамайынша. Профилактикасы - Исаевпен ұсынылған шаралар. 1) Науқастарды табу және емдеу. 2) Циклоптарды жою, су қоймаларын инвазиядан (личинкалардан) тазалау, суды ауыстыру. 3) Тұрғындарды риштаға қарсы шаралармен таныстыру, жалпы және жеке алдын алу, ішуге тек қайнатылған суды пайдалану, жеміс-жидектерді жуу.
Бұл гельминттердің бірінші орналасу орны адамның ішегі, одан кейін ішек қабырғаларымен қанға енеді.
Трихинелла Trichinella spiralis - трихинеллез қоздырғышы ұсақ гельминт, ұзындығы - 4 мм. Трихинеллез табиғи-ошақтық инвазия. Бұл гельминтоздың ареалы өте кең, барлық континеттерде кездеседі. Үй жануарларының ішінде үлкен эпидемиологиялық қауіп туыдыратындар-шошқалар, иеттер және мысықтар. Олар негізінде бұл инвазияның антропургиялық ошағын құрады. Бірақ бірінші орында - трихенеллалармен залалданған көптеген хайуандар (жабайы хайуандардың 60-тан астам түрі), яғни табиғи ошақ синантроптық және антропургиялық ошақты үнемі қамтамасыз етеді. Табиғи ошақтарда тағы хайандардың заладануы өлген жануарлардың өлексесін жеуіне немесе жыртқыштық қимылына байланысты болады. Синатроптық ошақтарды үй жануарлары, соның ішінде иттер мен шошқалар, сойылған малдың ағзаларын, тамақ қалдықтарын, өлі малды, мал нәжістерін жұтқанда заладанады.
Инвазияның табиғи ошақтан антропурялық ошаққа ауысуы аңшылық кезінде үй жануарларын өлген тағы жануарлардың етімен қоректендіргенде іске асады. Инвазияны таратуда қаңғыған иттермен шошқалардың өлген үй жануарлары өлексесін жеуінің де маңызы бар. Егеуқұйрықтарға трихинеллалармен залалданған өлген үй жануарлары мен тағы хайандардың терісіндегі ет қалдықтарын жегенде жұғуы мүмкін. Трихинеллез антропургяилық ошақтан табиғи ошаққа тағы хайандар (қасқыр, қарсақ және т. б. ) шошқаларды және басқа үй жануарларын немесе малдардың өлігін жегенде ауысады.
Адам алиментарлық жолмен тек қана инвазияланған жануарлардың (әсіресе шошқаның, қабанның, ит балықтың, аюдың және т. б. ) шала піскен етін тамаққа пайдаланғанда залалданады. Адамдар арасында трихинеллезді қабылдаушылық өте жоғары. Трихинеллезбен сырқаттанушылық көп жағдайда топтылығымен сипатталады, яғни залалданған жануардың шикі немесе шала пісірілген етін (мысалы, шошқа) тамаққа пайдаланған жанұяның барлық мүшелері немесе оданда көбірек адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.
Қазақстанда трихинеллездің тұрақты синантроптық ошақтары Батыс Қазақстан облысында және солтүстік, шығыс аймақтарда кездеседі. Трихинеллез ауруының клиникалық өтуі барысындағы көріністер негізінде паразиттің зат алмасуы өнімдерінің және ол өлгеннен кейінгі заттардың организмге сенсибилизациялық әсерімен, соған байланысты, дамыған аллергиялық реакциямен анықталады. Бұларға ие ұлпалары бұзылғаннан кейін аутосенсибилизация қосылады. Аурудың ішкі ағзаларында инфильтраттар, қан тамырларының аллергиялық асқынулары байқалады. Ауыру алдымен аяқтың, сонан соң бөксе, арқа, қарын, қол мойын, шайнау, тіл, жұтқыншақ, көз еттерінде пайда болып, 1-3 аптаға созылады және оқтын-оқтын қайталануы мүмкін. Дене қызуы көтеріліп, кесел қайталануы мүмкін. Дагноз қою диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнезін, берілу факторы ретіндегі қауіпті етті, ауру белгілері пайда болған кезден 9-11 күн өткеннен кейін науқастың бұлшық етін биопсиялық және бұлшық ет кесінділерін микроскопиялық әдіспен тексеру керек.
Трансмиссивті берілетін биогельминттер.
Трансмиссивті берілу гельмиттер арасында өте сирек. Ол тек қана осы топтың нематодтарына тән. Бұл топтың паразиттері тропикада таралған. Олар Filanoidea тұқымдасына жатады ол - филяриатоз ауруын қоздырушы. Бұл гельминттер тудыратын ауру табиғи-ошақты. Соңғы иелері жабайы және үй жануралраы. Аралық иелері цклоптар, жәндіктер және адам. Тұрақты орналасу жеріне түсу үшін бұл гельминттер лимфа және қан тамырларын миграциялайды. Филяриатоздың дигностикасы - тасымалдаушылармен күресе отырып, ауруларды емдеу.
Адам ағзасында тек миграция жасайтын жұмыр құрттар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz