Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру



КIРIСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың мазмұндық.құрылымы
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Сондай елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру міндетін шешу. Мемлекеттік саяси-құқықтық қайта құрудың маңызды құрамдас бөлігі – адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеруге тікелей тәуелді. Өйткені, құқықтық мемлекетке азаматтардың жоғары саяси және құқықтық білімділігі, құқық бұзушылыққа қарсы тұра білу қабілеттілігі мен дайындығы тән.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуы әрбір азамат бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан басталады. Оны қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды тәрбие қажет.
Осыған орай, құқықтық тәрбиенің мақсаты – оқушыны мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзбеушілікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу болып табылады. Тұлғаның аталған сапалары болашақ қоғам азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды.
Құқықтық мәдениет қамтамасыз етілмеген жерде шынайы бостандық пен жеке тұлғаның қауіпсіздігі, азаматтық белсенділіктің болуы мүмкін емес.
«Өркениетті қоғамда құқықтық мәдениет әр адамның жалпы мәдениетінің қажетті бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылар кәсіби талап болып табылады. Тиісті құқық тәртібін орнықтырмайынша, біздің экономиканы реформалауымыз, қоғам өмірінде демократиялық қалыпты өлшемдерді бекітуіміз неғайбыл» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аудартады.
Сондай-ақ, осы мақсатта мемлекеттік деңгейде басқа да маңызды шаралар жүзеге асырылды. Солардың бірі жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды іске асыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету болды.
1 Құқық негіздері //Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану–математика бағытындағы 10–сынып мұғалімдеріне арналған құрал. (Б. Жұбанышевпен авторлық бірлестікте).- Алматы, «Мектеп», 2006.- Б.112.
2 Құқықтық тәрбиеге байланысты отбасының қызметі //Білім берудегі менеджмент. - №1, Алматы, 2007ж. – Б.204-210.
3. Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері //«Аймақтық білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді басқару» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. II–ші бөлім.- Орал, 2008.- Б.95-98.
4 Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. 27-28 қараша. - Алматы, 2008. – Б.178-182.
5 Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы қоғам, мектеп отбасының өзара әрекеттестігі //«Білім-Образование» журналы. №5 -2 (41). Журнал «Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің даму мәселелері» Алтынсарин оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға арналып шығарылған. –Алматы, 2008 – Б.40-44.
6 Құқықтық тәрбиеге байланысты отбасының қызметі //«Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми–практикалық конференция материалдары. (30 сәуір.- Атырау, 2008. – Б.33-37.
7 Тарихи тұлғалардың идеялары - жас ұрпаққа тәрбие берудің қайнар көзі // Білім берудегі менеджмент, - №2.- Алматы, 2008. – Б. 148-155.
8 Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері //Қырғыз Республикасы білім және ғылым министрлігі «Известия вузов» журналы. №2. – Бишкек,2009 .- Б.212-217.
9 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері //«Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру: жағдайы: мәселелері және шешу жолдары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 29-30 қыркүйек .– Алматы, 2009. – Б.239-243.
10 Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыруда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. //II Халықаралық «ХХI ғасыр ұрпақтары даму тенденциясының неопедагогикалық һәм социокинетикалық парадигмалары» атты ғылыми-практикалық конференция.- Әйтеке би шаһары, Қызылорда, 21-23 сәуір, 2009. –Б.356-358.
11 Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық астарлары // «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет көрсетудің әдістемелік негіздері» атты Республикалық семинар 26-27 наурыз.- Алматы, 2009. – Б.62-66.
12 Құқықтық мәдениет ұғымының генезисі // «Ізденіс» «Поиск» журналы. №2 (1).- Алматы, 2009. – Б.224-227.
13 Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінің зерттелу жайы //Ұлт тағылымы» журналы. №2.- Алматы.- 2009. – Б.-98-102.
14 Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру //Әдістемелік құрал.- Алматы, «Қазақпарат», 2009.Б.-128.
15 Кәмелетке толмағандарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу //Әдістемелік құрал. (Р.С.Егізбаевамен авторлық бірлестікте). - Алматы, «Қазақпарат», 2010.- Б.-200.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 37. 013.43-057.874
Қолжазба құқығында

МАХАНБЕТОВА АҒИМА ӘБІЛҚЫЗЫ

Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде
орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы
Л.К.Керімов

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
С.Н.Жиенбаева

педагогика ғылымдарының кандидаты

Э.Т.Құрманалиева

Жетекші ұйым: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қорғау 2010 жылы 29 қазанда сағат 12.00 де Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінің
мәжілісінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2- қабат,
мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады. Мекен – жайы:
050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3 - қабат.

Автореферат 29 қыркүйекте 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы:
Ә.Н. Көшербаева

Кiрiспе

Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам
өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай
қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер
жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с.
жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Сондай елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру
міндетін шешу. Мемлекеттік саяси-құқықтық қайта құрудың маңызды құрамдас
бөлігі – адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеруге тікелей тәуелді.
Өйткені, құқықтық мемлекетке азаматтардың жоғары саяси және құқықтық
білімділігі, құқық бұзушылыққа қарсы тұра білу қабілеттілігі мен дайындығы
тән.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуы әрбір азамат
бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырудан
көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – адам, адамның
бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны
бағалай білуі аса маңызды. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың
маңыздылығы да осыдан басталады. Оны қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды
тәрбие қажет.
Осыған орай, құқықтық тәрбиенің мақсаты – оқушыны мемлекет заңдары мен
қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға
төзбеушілікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу болып табылады.
Тұлғаның аталған сапалары болашақ қоғам азаматының құқықтық мәдениетінің
мәнін құрайды.
Құқықтық мәдениет қамтамасыз етілмеген жерде шынайы бостандық пен жеке
тұлғаның қауіпсіздігі, азаматтық белсенділіктің болуы мүмкін емес.
Өркениетті қоғамда құқықтық мәдениет әр адамның жалпы мәдениетінің
қажетті бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылар кәсіби талап болып
табылады. Тиісті құқық тәртібін орнықтырмайынша, біздің экономиканы
реформалауымыз, қоғам өмірінде демократиялық қалыпты өлшемдерді бекітуіміз
неғайбыл деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі қоғамда құқықтық мәдениетті
қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аудартады.
Сондай-ақ, осы мақсатта мемлекеттік деңгейде басқа да маңызды шаралар
жүзеге асырылды. Солардың бірі жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды
іске асыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету болды. Мәселен:
• 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы
Конвенцияны қабылдады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Конвенция
ратификацияланды.
• 2002 жылы 8 тамызда ҚР Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы Заңы; 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы және осы жылы 9 шілдеде
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және
балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды.
• Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы өзінің Қазақстан
халқына Жолдауында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды
ерекше атап өтті.
Дегенмен, жоғарыда аталғандай, оқушының құқықтық мәдениетін
қалыптастыруға байланысты игі шаралармен қатар кемшіліктер де жеткілікті.
Соның бірі тәжірибе көрсеткендей, мектепте бүгінгі таңда құқықтық
мәдениетті қалыптастыру ісіне әлі де қажетті назар аударылмауы кездеседі.

Ғылыми зерттеу барысында мәселеге қатысты әдебиеттерді зерделеу
нәтижесі жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесі әр кезеңде де
өзекті болғанын көрсетеді. Мәселен құқықтық мәдениет мәселелері философ-
ойшыл, ағартушылар әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердиев және т.б. еңбектерінде әр қырынан көтерілген. Ал
психологиялық-педагогикалық тұрғыда құқықтық мәдениетті қалыптастыруды
В.Г.Баженов, Л.К.Керімов, В.В.Трифонов, Л.А.Байсеркеев, М.В.Лукьяненко,
Ә.Табылдиев, Г.П.Давыдов, В.М.Обухов, Р.Р.Бирюшев, Г.М.Дайрабаева,
Д.Р.Жарықбаевалар зерттеген. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы және
оның алдын алуды заң ғылымында К.С.Сапарғалиев, К.А.Бегалиев, Ө.Қопабаев,
М.С.Нәрікбаев, Е.К.Нұрпейісов, М.Нығметоллаев, А.Ибраева, А.К.Мұхтарова,
Д.Б.Бұғыбаева, Л.Қ.Ерінбетова, С.Б.Бейсебаева, Ш.Ж.Колумбаева т.б. жете
қарастырған.
Соның ішінде біздің зерттеу тақырыбымызға жақын зерттеулер қатарына:
Е.К.Нұрпейісовтің Құқықтық мінез-құлықты қалыптастыру механизмдері
туралы, Г.П.Давыдовтың Құқықтық тәрбие берудің тәрбиелік аспектілері
туралы, В.И.Обуховтың Жеткіншектердің әлеуметтік-құқықтық тәжірибесін
қалыптастыру туралы, В.Г.Баженовтың Мектеп оқушыларының құқық
бұзушылығының педагогикалық алдын-алудың теориясы мен әдістемесі, Е.В.
Пфейфердің Қиын оқушылардың отбасында жағымды тәрбиелік қарым-қатынасты
қалыптастыру, Л.К.Керімовтің Қиын жасөспірімдерді жеке дара қайта
тәрбиелеу теориясы мен практикасы, В.В.Трифоновтың Қиын жасөспірімдерді
тәрбиелеуге болашақ ұстаздарды даярлау, Л.А. Байсеркеевтің Жалпы білім
беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің
педагогикалық негіздері, Г.М.Дайрабаеваның Жалпы білім беретін мектептегі
жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, Д.Р.Жарықбаеваның Болашақ
мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау,
Б.Ш.Тұрғанбаеваның Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық
шарттары, заң ғылымынан С.Б.Бейсебаеваның Жастардың құқықтық мәдениеті,
А.О.Бейсембаеваның Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
мәселелері атты еңбектерді жатқызамыз. Демек аталмыш мәселе әр кезеңде де
әр қырынан біршама жақсы зерттелген деген қорытындыға келуге болады.
Дегенмен, жалпы білім беретін мектептердегі құқықтық мәдениетті
қалыптастыру жеткілікті зерттелген, оның тиімділігін көтеруге қажетті
педагогикалық жағдайлар туғызудың шарттары мен тетіктері анықталған деп
айта алмаймыз.
Педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді, ғылыми
зерттеулерді, жалпы орта білім беретін мектептердің тәжірибелерін зерттеу
нәтижесінде біз:
- қазіргі қоғамның белсенді, заңды құрметтеуші азаматтарға мұқтаждығының
артуы мен халықтың, оның ішінде жастардың құқықтық құзырлылығы мен құқықтық
мәдениет деңгейінің төмендігі;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру үрдісінің
тиімділігін арттыру мен осы саланың теориялық және әдістемелік қырларының
әлі де жеткілікті зерттелмеуі;
- оқу-тәрбие үдерісінде жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін
қалыптастыру қажеттіліктері, мүмкіндіктері мен жалпы білім беретін
мектептерде педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асырудың
жеткіліксіздігі;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қазіргі
сұраныстың өзектілігі мен оны ұйымдастырудағы педагогикалық ұжымның
дайындығының төмендігі мен оны жетілдіру жолдарының толық айқындалмағандығы
арасында қарама-қайшылықтардың әлі де бар екендігін анықтадық.
Аталған қайшылықтар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
мәселесінің өзектілігін дәлелдейді. Сол себептен, ғылыми-зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын: Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін
қалыптастыру деп таңдадық.
Зерттеу нысаны: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие
үдерісі.
Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін
қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін
қалыптастыруды ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны
тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін зерделеп, оның
ғылыми–әдістемелік негізі жасалса, жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып,
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалса, зерттеу мәселесі
бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалып, тәжірибеде жүзеге асырылса; онда
оқушылардың құқықтық мәдениетінің артуы негізінде жоғары сынып оқушыларының
құқықтық сана-сезімі молайып, жауапкершілігі жоғары, құқық бұзушылыққа
төзімсіздікпен қарайтын жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеудің міндеттері:
- құқық, құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбие ұғымдарының мәні
мен мазмұнын анықтап, теориялық негізін айқындау;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен
деңгейлерін анықтау;
- оқу-тәрбие үдерісіне құқықтық білім мазмұндарын кіріктірудің
әдістемесін дайындау;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың
мазмұндық-құрылымдық моделін тәжірибеде тексеру, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік кешенін теориялық және
практикалық тұрғыда негіздеу арқылы заң құндылықтарын бағалай алатын,
құқықтық мәдениеті жоғары, демократиялық қоғамның белсенді, саналы азаматын
тәрбиелеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық,
диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен іс-әрекет теориясы,
құңдылықтар, мәдениет туралы философиялық қағидалар, дидактикалық,
педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың
тұлғалық-бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу-тәрбие әрекетін
ұйымдастыру теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы, тәрбие
бағдарламалары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне қатысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәдениеттану бағытындағы
әдебиеттерге талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына
байланысты теориялық-әдістемелік тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім
беретін мектептегі оқу-тәрбиелік құжаттарды саралау, оқу-тәрбие үдерісін
бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу, мақсатқа сай тәжірибелік-
экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу
және қорытындылау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Бала құқығы туралы
Конвенция, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан
Республикасындағы баланың құқығы туралы, Мемлекеттік жастар саясаты
туралы Заңдары, Орта білімді дамыту тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім
беру тұжырымдамасы, Оқушы жастарға құқықтық білім беру тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары,
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді
бағдарламалары, зерттеу мәселесіне бойынша отандық және шетел ғалымдарының
(философтардың, заңгерлердің, саясаттанушылардың, педагог-психологтардың,
ғалым-әдіскерлердің) еңбектері жалпы білім беретін мектептердегі озық
тәжірибелер және автордың жеке педагогикалық іс-тәжірибесі.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004-2006 жж.) зерттеу мәселесінің мақсаты мен
міндеттері айқындалды, зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, заң,
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық зерттеулермен танысу, саралау,
жүйелеу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми зерттеу аппараты айқындалып,
проблеманың негізгілері нақтыланды, талданды. Жоғары сынып оқушыларының
құқықтық мәдениетін қалыптастырудың жолдары іздестірілді. Тәжірибелік-
эксперимент жұмысының бағдарламасы құрылып, жүзеге асырылу басталды.
Екінші кезеңде (2007-2009 жж.) жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі түзілді. Құқықтық
мәдениетті қалыптастыру таңдау курсының бағдарламасы дайындалды. Жоғары
сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі жасалып,
оқу-тәрбие үдерісіне енгізу бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2009-2010жж.) жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері сараланды, диссертациялық жұмыс
өңделді. Зерттеу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар дайындалып,
ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесінің түйінді құқық, құқықтық
мәдениет, құқықтық тәрбие ұғымдары нақтыланып, теориялық негізін
айқындалды ;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін
анықталды;
- жоғары сыныптың оқу-тәрбие үдерісіне құқықтық білім мазмұндарын
кіріктірудің әдістемесі дайындалып, тәжірибеге енгізілді;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделі тәжірибеде тексеріліп, тиімділігі дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыруға байланысты
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру таңдау курсының бағдарламасы дайындалды;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне
байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде құқықтық тәрбие және
білім беру үдерісін ұйымдастыруда, құқық пәні мұғалімдерінің практикалық
жұмыстарында, сондай-ақ құқық, құқықтық мәдениет туралы педагогикалық
оқуларда, ғылыми жұмыстарда, үгіт-насихат, саяси-көпшілік жұмыстарда,
аталған мәселе бойынша педагогтардың білімін жетілдіру, біліктілігін
арттыру курстарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-
теориялық, педагогикалық негіздері;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделі (мотивациялық, танымдық, мінез-құлықтық компоненттерінің)
даму деңгейінің көрсеткіштері және тәжірибелік-эксперимент нәтижелері;
- құқықтық білім мазмұнын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктірудің әдістемесі;
- жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыруды оқу-тәрбие
үдерісінде жүзеге асыруды (таңдау курсы, факультативтік курс, оқушылардың
ғылыми қоғамы бағдарламаларын жасау, сыныптан тыс іс-шаралар бойынша
әдістемелік нұсқаулар дайындау) қамтамасыз ету оқушылардың азаматтық
жауапкершілігін, құқықтық мәдениетінің деңгейін арттырады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі және сенімділігі: жоғары сынып
оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін ғылыми-
педагогикалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу мақсаты пен міндеттеріне сәйкес
әдіс-тәсілдерді қолданумен, теориялық және әдіснамалық негіздерді дұрыс
талдай білуімен, диссертанттың тәжірибелік жұмысымен сипатталады.
Зерттеу базасы: Диссертацияның негізгі тұжырымдары Алматы қаласындағы
№3 кәсіптік лицейдің, №140 мектеп-гимназиясының оқу тәрбие үдерісінде,
білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін
арттыратын республикалық институтында дәрістер оқуда жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің негізгі қағидалары әдістемелік нұсқауларда (Алматы, 2006, 2009,
2010) ғылыми баяндама түрінде халықаралық (Орал, Алматы 2008, Қырғызстан,
Қызылорда, Алматы 2009) және республикалық ғылыми-практикалық семинарларда
(Атырау 2008, Алматы 2009), Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-
педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институтының
тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасында, баспасөз беттерінде
жарық көрген ғылыми мақалаларында баяндалып, талқыланды.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектілігі,
зерттелу жайы, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, әдіснамалық
негізі, зерттеу әдісі, ғылыми болжамы, негізгі идеясы, зерттеудің ғылыми
жаңалығы, практикалық мәні, теориялық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын
негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі, оның мақұлдануы,
тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-
теориялық негіздері атты бірінші бөлімде құқықтық мәдениет ұғымының
генезисі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайына
тарихи кезеңдер бойынша тарихи-педагогикалық талдау жасалды. Философиялық,
психологиялық, педагогикалық, заңдық еңбектердің тәлімдік-тәрбиелік
мүмкіндіктері жан-жақты сараланды. Жоғары сынып оқушыларының жас
ерекшелігін есепке ала отырып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты,
тәрбиелік міндеттері, мазмұны мен нысаны, оқушылардың тәрбиелік деңгейінің
өлшемдері, педагогикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен
технологиялары, жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, оны тәжірибеге
енгізудің жолдары көрсетілді.
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың
әдістемесі атты екінші бөлімде құқықтық білім мазмұнын оқу-тәрбие
үдерісіне кіріктірудің жолдары, қоғамдық пәндер мазмұнына құқықтану
материалдарын кіріктіру үлгісі, Құқықтық мәдениетті қалыптастыру атты
таңдау курсының бағдарламасы мен әдістемесінің мазмұны жан-жақты талданды.
Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері, оның
негізінде жасалған тұжырымдар берілді.
Диссертацияның қорытынды бөлімінде жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру жайлы нақты тұжырымдар мен дәлелді пікірлер, ғылыми-
зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде туындаған ұсыныстар берілді.
Қосымшаларда құқық пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға
нұсқаулар және тестік тапсырмалар үлгісі берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Еліміз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қарым-қатынасты
жаңарту, құқықтық жүйенің жаңа типін қалыптастыру жолына түсті. Оның
табысты жүруі бір жағынан, заңшығарушылық пен мемлекеттік басқаруды
жетілдіруді қажетсінсе, екінші жағынан, субъективті фактор – жеке тұлғаның
жаңа өмір жағдайларына дайындығы, әр адамның заң үстемдігін қабылдауы мен
жүзеге асыруы, азаматтардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейімен
қамтамасыз етіледі. Ғылыми зерттеу жұмысымыздың түйінді ұғымдарының бастысы
құқықтық мәдениеттің шығу, қалыптасу тарихына тоқталмас бұрын, құқық және
құқықтық тәрбие ұғымдарына тоқталған жөн. Өйткені, құқықтық мәдениет
жүйелі жүргізілген құқықтық тәрбиенің жемісі екені түсінікті. Ал құқық
ұғымының мәнін әр қырынан түсініп алмай, құқықтық тәрбиені жүргізу мүмкін
емес.
Зерттеушілердің пікірінше, құқық мемлекетпен бірге пайда болған.
Құқықтың пайда болуының бірнеше негіздері бар: әлеуметтік негізі -адамдар
мінез-құлқы мен психологиясындағы өзгерістерге байланысты.. Экономикалық
негізі - бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда айналымының өсуі алынған өнімді
жеке иелену тәжірибесін дүниеге әкелді, яғни жеке меншік пайда болды. Жеке
меншіктік қатынастарды реттеудің ең икемді құралы ретінде құқық дүниеге
келді. Өйткені моральдық, діни нормалар мен дәстүр өз табиғатында жеке
меншіктік қатынастардан аулақ болды. Саяси негізі - қоғамдық қатынастардың
дамуы өмірге мемлекет, әлеуметтік топтар және т.б. адамдардың ұйымдасу
құрылымдарын әкелді. Нақты басқару жүйесі бар мемлекет бір қалыпты жүйеге
түсірілген мінез-құлық ережелерін бекітті. Құқықтың саяси негізі осылайша
қаланды. Мораль, дін, не дәстүр ережелері өздерін сақтау үшін күш қолдануды
қажет етпейтін, тіпті олар көптеген жағдайларда күш қолдануға қарсы болды.
Сондықтан олар мемлекетке құқық сияқты тірек бола алмады.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады: -
біріншіден, құқық – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға
сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету
бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
Бұл субъективтік мағынада қолданылуы деп түсінеміз; - екіншіден, құқық
дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік
мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты
емес;- үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық т.б.;- төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық
пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған
байланысты құқық жүйесі деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда
елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Біздің тұжырымымыз бойынша, құқық - мемлекет бекітіп, жүзеге
асырылуын қадағалайтын, жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің жиынтығы және
қоғам өмірінде тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет етуінің көрсеткіші деген
анықтама ұсынамыз.
Мемлекеттік құқық жүйесінің тарихы туралы сөз еткенде ежелгі заң
ретінде Вавилонның Хаммурапи заңы, Үндінің Ману заңы, көне Римнің ХІІ
кестесі заңдары айтылады.
Құқық жүйе болып қалыптасқанға дейін оның дамып, қалыптасуына белгілі
тұлғалар ықпал етіп, үлес қосып отырды. Периклдің тұсында мемлекеттік
құрылысты, сот құрылысын және сот ісін жүргізу жүйелерін жетілдіру заң
шаралары белгіленген. Платон – саяси ғылымның, құқық пен заң ғылымының ең
алғашқы негіздерін жасады. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бөлу
идеясы – Аристотельдің негізгі құқықтық тұжырымдамасы. Цицерон мемлекетті
барлық еркін адамдардың келісілген құқықтық қатынасы деп түсінеді. Юстиниан
таққа отырған екінші жылы-ақ Азаматтық құқықтар жинағын жасауға кіріскен.
Джефферсон Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін соғыс жүріп жатқан тұста
Конгресс қабылдаған атақты Тәуелсіздік декларациясының авторы. Джефферсон
Декларациясының негізгі қағидалары барлық кезеңде, барлық халықтар үшін
пайдалы болып шықты.
ХVІІ-ХІХ ғғ. қазіргі заманғы құқықтық жүйелердің негізі қаланды деуге
болады. Жаңа дәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет, жалпыға бірдей бостандық
пен теңдік ұстанымдарына шақырған Адам және азамат құқықтарының
Декларациясы өмірге келді. Ол 1789 жылы қабылданды.
Жасы, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Жеті
Жарғы заңдары көшпелілердің талай мың жылдар түзген, адамның адам ретінде
өмір сүруіне кепілдік беретін ережелерге негізделген еді. Бұл ережелер
мыңдаған жылдар көшпелілердің мемлекет пен құқықтық кодекстеріне, билеріне
үлгі болып келді, көшпелілермен қарым-қатынасы бар көптеген отырықшы
елдердің заң ережелерінің қалыптасуына ықпал етті. 1867-1868 жылғы Уақытша
ережелердің енуі қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымын түбегейлі өзгерістерге
ұшыратып, қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші заң жүйесінің де өзгерісін
талап етті. Осы уақыт талабына сай, 70-ші жылдардан бастап Ережелер
келді. Кеңес империясы және коммунистік-тоталитарлық режим қалыптастырған
Жеке адамның басына табынушылық, бір партиялық жүйенің диктатурасы,
мемлекеттің демократиялық институттары құзырларының шектелуі, адам
құқығының аяққа тапталуы сияқты көріністер мемлекеттік құқықтық идеяларға
тікелей әсерін тигізді. Тәуелсіз Қазақстанда құқықтық реформаларды іс
жүзіне асыруда прогрессивтік, халық мүддесіне сай келетін мемлекеттік-
құқықтық идеялардың рөлі өлшеусіз мағынаға ие болып отыр.
Мемлекеттік-құқықтық идеялардың дамуы мемлекет пен құқықтың пайда
болуымен тікелей байланыстылығын айта отырып, құқықтанушы отандық ғалым
Сәкен Өзбекұлы құқық ұғымының генезисіне талдаудың нәтижесін, бірнеше
кезеңге бөліп қарастырған жөн деген қорытынды жасайды.
1 кезең. Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі аралықта Қазақстан
территориясында қалыптасқан әскери демократия санатындағы мемлекеттік
құрылымның мемлекеттік-құқықтық идеялары.
2 кезең. Қазақ хандығы кезінде дамыған мемлекеттік құқықтық идеялар. ХV-
ХVІІІ ғасырлар аралығында дамыған мемлекеттік – құқықтық идеяларды қамтыған
заң жинақтары дүниеге келді.
3 кезең. Ресей империясының отарына айналған Қазақстанда қалыптасқан
мемлекеттік – құқықтық идеялар ХІХ-ХХ ғасырды қамтиды.
4 кезең. Кеңес империясы және коммунистік-тоталитарлық режим қалыптастырған
мемлекеттік-құқықтық идеялар. (1917-1991ж.ж.)
5 кезең. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік-құқықтық идеялары.
(1991жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін)
Оқу-тәрбие үдерісінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек оқушыларды
құқықтық білім және түсініктермен қаруландыруды ғана білдірмейді, сонымен
қатар іс-әрекетте жүзеге асатын күнделікті заңды мінез-құлық дағдылары,
біліктері мен әдеттері негізінде құқықтық салада белсенді ұстанымдарын
тәрбиелеуді білдіреді. Құқықтық тәрбие – бұл тәрбиеленушілерде терең және
тұрақты сенімдер мен сезімдерді, жоғары құқықтық мәдениетті, заңдық қарым-
қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың санасына,
психологиясына, барлық қоғамдық өмір құрылысына, идеологиялық факторларға
нақты бағытталған жүйелі әсер ету.
Құқықтық мәдениет мазмұны жалпыадамзаттық рухани мәдениет мазмұнына
енеді. Оны екі тұрғыда қарастыруға болады. Біріншісі – кең мәнінде
алғанда, құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер
әрекетінің ауқымын қамтиды. Ал екіншісі – тұлғалық, психологиялық және
педагогикалық мәнінде қарастыру. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық
мәдениетімен тығыз байланысты.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қатысты заң, философия ғылымдары
саласында мейлінше жақсы зерттелсе, педагогика, психология, әлеуметтану
ғылымдары саласында әлі де әр қырынан зерттеуді қажетсінеді деп
есептейміз.
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру дегеніміз –
олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, құқықтық мәдениет элементтерін
қоғамдағы шынайы құбылыс ретінде қабылдатуды мақсат ететін, арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. Жоғары сынып оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың табысты жүруі оның жалпы мәдениетінің даму
деңгейі мен осыған сәйкес білім беру ұйымында оларға өзін-өзі танытуға және
шығармашылығына мүмкіндік беретін, құқықтық кеңістіктің болуымен тікелей
байланысты.
Жоғары сынып оқушыларының бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру
олардың құқықтық санасы мен құқықтық мінез-құлқын жетілдірудің басты жолы
болып табылатындықтан, оның негізі құқықтық білім беруде десек,
гуманитарлық пәндер шеңберінде құқыққа ерекше орын береміз. Құқық пәнінің
тәрбиелік әлеуеті де өте жоғары.
Мектепте құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмысының жүйесі білім беру
технологияларын, оқу іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды, жеке тұлғаға бағдарланған амал, жобалар әдісі және т.б.
қолдану арқылы жүзеге асырылды. Тәрбие жұмыстарында өткізілетін іс-шаралар
бағыттары белгіленіп, педагог мамандармен, ата-аналармен, қосымша білім
беру жүйесі, қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар жоспарланды және
жоғары оқу орындарымен өзара байланысқа құрылды.
Зерттеу мәселесін зерделеу барысында құқықтық тәрбие берудің түрлері
мен әдістері одан әрі жетілдіруді талап ететіндігене көз жеткіздік. Жоғары
сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру жұмысының тиімділігін
диагностикалау әдістері теориялық жағынан әрі қарай зерттеуді қажетсінеді.
Педагог ғалымдар К.Қожахметова, М.Демеуова және т.б. еңбектерінде:
Құқықтық мәдениет – қоғамның қазіргі даму кезеңінде құқықтық жетістіктерін
айқындайтын азаматтардың құқықтық білімінің мазмұны, сипаты, деңгейі мен
дағдысы деп атап көрсетеді. Теориялық әдебиеттерде оқушының тәрбиелік
деңгейін өлшеуде үш - жоғары, орташа, төмен деңгейлер алу қалыптасқан.
Дамудың жоғары деңгейі деп біз, осы барлық көрсеткіштердің қойылатын
талаптарға сәйкес келуін, ал орташа деңгей деп осы өлшем көрсеткіштердің
жартысына немесе жартысынан көбірегіне сәйкес келуін, төмен деңгейде
өлшемнің жалпы санының жартысынан азымен немесе олардың мүлдем болмауы деп
қарастырамыз. Ол белгілердің маңыздылық деңгейі әрбір өлшем көрсеткішінен
тұрады. Көрсеткіштер мотивациялық (бағалаушылық), танымдық және мінез-
құлықтық салада қарастырылады.
Құқықтық мәдениетті құқықтық сана мен іс-әрекеттің бірлігі ретінде
анықтаймыз, яғни мотивациялық (қажеттілік, түрткі, қызығушылық), танымдық
(білімдік), мінез-құлықтық (іс-әрекет, қылық, тәртіп) компоненттерін
қалыптастыру арқылы жүзеге асатын, адамдардың қылықтары, сөздері және
істерінде заттанған сана ретінде сипаттаймыз.
Тәжірибелік жұмысымыздың айқындаушы кезеңінде біз теориялық,
әдістемелік зерттеулерімізге сүйене отырып, жоғары сынып оқушысының
құқықтық мәдениетін қалыптастырудың мазмұндық-құрылымдық моделін
құрастырдық және осы моделді жүзеге асырушы тәрбие институттарының өзара
байланысын анықтадық. Аталған моделді төменде ұсынамыз.

1- сурет - Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделі
10-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы, Құқық, Әдеп және жантану
пәндерінің мазмұнына құқықтану материалдарын кіріктіру тақырыптары мен
кіріктіру формасын ендіру арқылы оқушының бойында құқықтық мәдениеттің
артуына мүмкіндік туды деп санаймыз. Оны біз зерттеу жұмысының алғашқы
кезеңінде жүргізілген сауалнамалардың нәтижесін есепке ала отырып, жүзеге
асырдық. Яғни, сауалнамадан айқындалған олқы тұстардың орнын толтыратындай
материалдар әр пәнге іріктеліп жасалды, төменде бағдарламаға кіріктіру
тақырыптарын ұсынамыз.

1 - кесте - Қоғамдық пәндерге құқықтық білім мазмұндарын кіріктіру
үлгісі

Оқулық Оқулық тақырып Кіріктіретін тақырыптар Кіріктіру формасы
Пән аты авторы тары
Қазақстан Ә.ТөлеубаевЕжелгі Қазақстан тарихыКөне парсы, грек, қытай жазба Баспасөз, көркем әдебиет, зерттеу
тарихы , жазба деректерде деректері материалдарын жинап, кітапша
10 сын Ж.Қасымбаев Скиф данасы - Анахарсис құрастыру
,
т.б.Мектеп,
2006
Сақтардың қоғамдық Идеология Алтын адам, Құс, Қазақстан рәміздерімен
құрылымы және аспан мен Күн, Күн Құдайы, байланыстыру
идеологиясы белгілі бір түстің мифологиялық
пайымдаулары
Қазақ халқының Халықтың шығу тегі, мәдениеті Кітапша және сызба деректер жасау
этногенезі мен тілі, түр – сипаты
Көшпелілер өркениеті Көшпелілердегі қоғамдық Қазақтың ел басқару тарихы
қатынастар (туыстық, рулық тақырыбына ғылыми конференция
қатынастар, хандық басқару) өткізу
Қазақстан аумағында Қазақ мемлекетінің әлеуметтік Құқықтың қайнар көздері
мемлекеттіліктің пайда саяси құрылымдары Қазақ тақырыбына
болуы, қалыптасуы, хандығы. ғылыми-зерттеу жұмыстарының
дамуы Қасым, Есім, Тәуке хандардың байқауын ұйымдастыру
құқықтық еңбектері
Көшпелілердің рухани Қазақ ұлыларының құқықтық Кітапша дайындау, тарихи-құқықтық
мәдениеті. ой-пікірлері кеш ұйымдастыру
Қазақстан Ресей Хандардың, билердің ел Даналар мектебі тақырыбында жыр
империясының құрамында басқарудағы рөл сайысын өткізу
1 - кестенің жалғасы
ХІХ ғас. 60-90 жж Сот жүйесіндегі өзгерістер, жерҚазақ тарихындағы ақтаңдақтар
әкімшілік және сот мәселесі тақырыбындағы танымдық-тарихи кеш
реформалары өткізу
Құқықтану А.Ибраева, Конституциялық құқық Ата Заң – құқықтық мәртебең Конституцияның тарихи бастаулары
10 сын Г.Әлібаева мен маңызына байланысты реферат,
(қоғ.-гум.т.б. шығармалар жазу.
б) Мектеп,2006
Сайлау құқығы Менің елімнің болашағы – менің Сайлау жүйесі туралы сызба
қолымда құрастыру.
Әкімшілік құқығы. Әкімшілік құқық субъектілері Қоғамдық бірлестіктер, атқарушы
билік, әкімшілік жауапкершілік
туралы мамандармен кездесу өткізу
Отбасылық құқық Отбасы мүшелерінің құқықтары Отбасы – бақыт, байлығым
мен міндеттері тақырыбына кеш ұйымдастыру
Еңбек ету бостандығы Менің еңбек ету құқығым Еңбекті әлеуметтік қорғауға
құқығы қатысты мамандармен дөңгелек үстел
өткізу
Экологиялық құқық Қоршаған орта, табиғат байлығынКітапша, сөзжұмбақ құрастыру.
көздің қарашығындай сақта
Құқық нег.Ө.Қопабаев, Азаматтық құқық Мен - азаматпын Азаматтық құқық, меншік құқығы,
10 сын Қ.Айтқожин, міндеттемелер, жауапкершілік
(жарат.-мат.б.Мектеп, ұғымдарына байланысты сауалнама,
т.бағ) 2006 тест құрастыру
Қылмыстық құқық Қылмыс пен жаза Арыңды жасыңнан сақта тақырыбына
пікірталас өткізу
Құқық қорғау Құқықтық тәртіпті қорғау Құқық қорғау органдары
органдары қызметкерлерімен сұхбат өткізу
Әдеп және Қ.Жарықбаев,ӘЖантану, әдеп және Ұлттық тәрбие - әдептіліктің Малым – жанымның садақасы, жаным
жантану .Табылдиев тәлім-тәрбиенің бастауы. Халықтың дәстүрлік – арымның садақасы тақырыбына
10 сын Атамұра,1994 ұлттық астарлары заңдары құқықтық тәрбиелік кеш өткізу
Іс-әрекет, Менің өмірім - өз қолымда Ауру қалса да, әдет қалмайды
қарым-қатынас Психолог мамандармен кездесу
Ел мен ердің намысы Құқық бұзушылықтың алдын алу Жат қылықтан аулақ бол
мәселелері (дөңгелек үстел ұйымдастыру)
1- кестенің жалғасы
Жастық шақтың қызығы Жоғары сынып оқушыларының жас Ата-аналармен дөңгелек үстел
ерекшеліктері ұйымдастыру
Ұлттық тәлім Тәрбиенің қайнар көздері Қоғамдық ұйымдармен, мамандармен
бастаулары жүргізілетін іс-шара

Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тағы
бір тиімді жолы ретінде болашақ мамандық иелері өз қалауымен таңдау
жасайтын, құқықтық білімдерін кеңейтуге жол ашатын элективті курсты жүргізу
мектепте жүзеге асырылды.
Элективті курстар саралап оқыту мен тәрбиелеудің тиімді формасы
болып табылады. Біздің элективті курсымыздың мақсаты құқық туралы тарих,
әдебиет, Адам. Қоғам. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Бастауыш мектепте
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемесі ІІ бөлім
Оқушылардың тәрбие жұмыстарының адамгершiлiк сипатының педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі
Пәндер