Шаруашылық серіктестіктер корпоративтік құқық субъектісі ретінде



1 КІРІСПЕ
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3 ҚОРЫТЫНДЫ
4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
РЕЗЮМЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен оның құқықтық саясаты жаңаша ілгері дамып келеді. Ұйымдар мен адамдардың бостандық қағидасына негізделген азаматтық қоғамды қалыптастыру–негізгі айқындалған бағыттардың бірі. Бұндай саясат Елбасының өзінің бастауымен көрінісін табуда. Алайда, аталмыш өзгерістер тарихта салыстырмалы түрде жақын арада ірге тасын қалап отыр. Егер бұрын қоғам меншіктің тек қана мемлекеттік нысанын таныса, қазіргі уақытта жеке меншікке өткелі, құқықтық саясаттың бағдары мен оның түпкілікті идеясы өзгерді. Мемлекеттік құзырлы органдармен қабылданған заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер ретінде көрінісін тапқан мемлекеттің еркі–құқық деп түсіндірілсе, сол мемлекеттің өктемдігінен босаған, сондай–ақ өзін-өзі басқаруға көшкен ұйымдар, өз қызметінің негізгі салаларын өздері айқындап, нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жүріс–тұрыс ережелерін қалыптастыра бастады. Аталмыш жағдай корпорациялардың құқықтық жағдайын айқындауға тікелей серпіліс беретін түрткі болды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Корпорация–белгілі бір әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыратын, біріккен капитал негізінде құрылған заңды тұлғалар. Пайда табу мақсатын басшылыққа алатындардың ішіндегі басым көпшілігі кәсіпкерлік ұйымдар болып табылады. Өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында кәсіпкерлік корпорациялар үлкен тәуекелге ұшырауы ықтимал. Бұндай тәуекелге тіптен өздерінің әрекеттіліктері де салынуы мүмкін. Демек, иеленушілер өздері және қызметкерлері үшін белгіленген тәртіптегі ережелер мен жүріс–тұрыс нормаларын бекітуге мәжбүр болады. Осы нормалардың өзара жүйелендірілуі корпоративтік құқықтың қалыптасуындағы өзекті мәселелер қатарында жатыр.
Корпоративтік нормалар құқықтық сипатты иеленеді, себебі аталмыш нормаларды орындамаған жағдайда, не болмаса тиісті тәртіпте орындамаған жағдайда, сондай–ақ орындаудан жалтарған кезде немесе бұл нормаларды бұзғанда, корпорацияның өз кезегіне белгілі бір санкцияларды қолдануға мүмкіншілігі бар. Егер жауаптылыққа тарту деңгейі жеткіліксіз болғандағы сотқа жүгінуі ықтимал. Сот шешімін шығару мемлекет өз тарапынан корпорацияға қорғау мен қолдау көресеткендігін белгілейді. Осының барлығын дамыта келгенде, Кеңестік құқықта болмаған, цивилистикада жаңа бір құқықтық саланың пайда болуын талап ететін кез келгендігін белгілейді. Бұл сала – корпоративтік құқық деп аталады.
Қазақстанның Ресей қол астында болғандығы, елімізге оңды және теріс әсерін тигізді. ТМД мемлекеттерінде және шетелде корпоративтік құқықтың дамуы әр түрлі, не болмаса қарама – қарсы бағыттарда дамып келеді деп те айтуға мүмкіншілік бар. Дамып келе жатқан және дамыған өндірістік мемлекеттерде бұқаралық құқық нормаларының әрдайым өсуі мен кеңеюі байқалса, бізде корпоративтік құқықтың «тар» бағытта даму тенденциясы басым. Бәрімізге белгілі болғандай, жария құқық нормалары әдетте мемлекет экономикасының бағдарламалы–нысаналық бағытын, қаржы–бюджеттік, салықтық, әкімшілік және сот өндірістік бағыттары мен құқықтарын, сонымен бірге мемлекет қауіпсізідігін қамтамасыз ету мәселелері, медициналық, экологиялық қатынастардың құқықтық реттелуін дамытуға түрткі болады. Бірақ, қазіргі заманғы капиталистік мемлекеттердің тәжірибесін саралайтын болсақ, мемлекеттік институттардың тек қана бұқаралық құқықтық қатынастарға ғана емес, сонымен қатар әдетте жеке деп танылатын қатынастарға белсенді араласуын дәріптеуге болады. Бұндай қатынастарға мысал ретінде корпоративтік және келісім–шарт қатынастарын келтіру мүмкіншілікке толы. Бұндайға мемлекеттің адалсыз бәсекеге қарсы енгізілген ережелерді, соттық және әкімшілік қадағалауды және тағы сол сияқты басқаларды да атап көрсетуге болады.
1. Корпоративтік құқық пен корпорациялардың тарихы: ежелгі заман және орта ғасыр // Молодежь и многовекторная политика Республики Казахстан: Сборник материалов республиканской научно–практической конференции. Астана, 27 марта 2010 года. – 15-17 беттер;
2. Корпоративтік құқықтың Қазақстан Республикасында қалыптасуының кейбір мәселелері // Научно–информационный журнал Право и государство №4 (45) Астана, 2009 год. – 190-195 беттер;
3. Корпоративтік нормалардың Қазақстан Республикасының азаматтық айналымында қолданылуы // Наука и её роль в современном мире: Сборник материалов международной научно–практической конференции. Қарағанды, Болашақ-баспа 2010 жыл.– 150-153 беттер;
4. Корпоративтік құқықтағы медиация мен өкілдік ұғымдарының арақатынасы туралы мәселесіне // Совершенствование института представительства: вопросы правотворчества и правоприменения: Сборник материалов международной научно – практической конференции (при участии МГЮА им.О.Е.Кутафина, Российской Академии Правосудия). Астана, 2010 год. – 385-390 беттер;
5. Шаруашылық серіктестік корпоративтік құрылым ретінде // «Повышение качества юридического образования в свете Послания Президента Республики Казахстан народу Казахстана на 2010 год». Сборник материалов республиканской научно-методической конференции (при участии Карагандинского университета «Болашак» и Казахского Гуманитарно-Юридического Университета). Караганды, 2010. – 187-190 беттер;
6. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы корпоративтік құқықтың жалпы ережелері // ҚР Тұңғыш Президенті қорының «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» атты IV Халықаралық ғылыми конференциясының мақалалар жинағы. – Алматы, 2010. – 186-189 беттер;
7. Корпоративтік құқық пен шаруашылық серіктестік мәселелері дамуының тарихи кезеңдерім // Научно–информационный журнал Право и государство №3 (48) Астана, 2010 жыл. – 130-137 беттер;
8. Толық серіктестіктер корпоративтік құқықтың субъектісі ретінде // Научно-правовой журнал «Вестник Института законодательства Республики Казахстан» №4 (20) Астана, 2010 жыл. – 176-179 беттер;
9. Дамыған мемлекеттердегі заманауи корпорациялардың дамуы туралы қысқаша сипаттама // Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының «Қазақстан Республикасы конституциясы: 15 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қарағанды, 2010 жыл. – 476-478 беттер;
10. Корпоративтік құқықтың субъектісі ретіндегі сенім (коммандиттік) серіктестігі // «Қазақстандық даму жолы: тәуелсіздікке 20 жыл» Жас ғалымдар (Ph.D докторанттар, магистранттар және ізденушілер) республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Астана, 2011 жыл. – 153-154 беттер;
11. Юридические лица в национальном и зарубежном законодательствах: сравнительный анализ // Материалы республиканской научно-практической конференции молодых ученых (докторантов Ph.D, магистрантов и соискателей). Астана, 2011 год. – 155-158 беттер;
12. Сенім (коммандиттік) серіктестігі корпоративтік құқықтың субъектісі ретінде // Материалы международной научно-практической конференции «Совершенствование законодательства в свете Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года». Астана, 2010 год. (басылымда);
13. Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттердегі корпоративтік құқықтың салыстырмалы сипаттамасы // Материалы международной научно-практической конференции «Правовые и административные механизмы функционирования единой таможенной территории: Казахстан, Россия, Белоруссия». Астана, 2010 год. – 87-91 беттер.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қолжазба құқығында

СИДАКОВ АНУАР АЛИМЖАНОВИЧ

Шаруашылық серіктестіктер корпоративтік құқық
субъектісі ретінде

6N0301 – Заңтану

Заң ғылымдарының магистрі
академикалық дәрежесін алу үшін ұсынылған
диссертация авторефераты

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақстан Республикасы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің
Азаматтық құқық кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекшісі: Заң ғылымдарының докторы,
профессор Қаудыров Т.Е.
Ресми оппонент: Заң ғылымдарының
кандидаты, доцент
Қаскеева А.З.

Қорғау 2011 ж. ____ _____________ күні сағат _______ Қазақ
Гуманитарлық Заң Университетінің мемлекеттік аттестациялық комиссия
отырысында өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана
қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.

Диссертациямен және авторефератпен Қазақ Гуманитарлық Заң
Университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2011 жылы __________________ таратылды.
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық
заңнамасы мен оның құқықтық саясаты жаңаша ілгері дамып келеді. Ұйымдар мен
адамдардың бостандық қағидасына негізделген азаматтық қоғамды
қалыптастыру–негізгі айқындалған бағыттардың бірі. Бұндай саясат Елбасының
өзінің бастауымен көрінісін табуда. Алайда, аталмыш өзгерістер тарихта
салыстырмалы түрде жақын арада ірге тасын қалап отыр. Егер бұрын қоғам
меншіктің тек қана мемлекеттік нысанын таныса, қазіргі уақытта жеке
меншікке өткелі, құқықтық саясаттың бағдары мен оның түпкілікті идеясы
өзгерді. Мемлекеттік құзырлы органдармен қабылданған заңдар және өзге де
нормативтік құқықтық актілер ретінде көрінісін тапқан мемлекеттің
еркі–құқық деп түсіндірілсе, сол мемлекеттің өктемдігінен босаған,
сондай–ақ өзін-өзі басқаруға көшкен ұйымдар, өз қызметінің негізгі
салаларын өздері айқындап, нарықтық экономика талаптарына жауап беретін
жүріс–тұрыс ережелерін қалыптастыра бастады. Аталмыш жағдай
корпорациялардың құқықтық жағдайын айқындауға тікелей серпіліс беретін
түрткі болды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Корпорация–белгілі бір әлеуметтік
пайдалы қызметті жүзеге асыратын, біріккен капитал негізінде құрылған заңды
тұлғалар. Пайда табу мақсатын басшылыққа алатындардың ішіндегі басым
көпшілігі кәсіпкерлік ұйымдар болып табылады. Өздерінің қызметтерін жүзеге
асыру барысында кәсіпкерлік корпорациялар үлкен тәуекелге ұшырауы ықтимал.
Бұндай тәуекелге тіптен өздерінің әрекеттіліктері де салынуы мүмкін. Демек,
иеленушілер өздері және қызметкерлері үшін белгіленген тәртіптегі ережелер
мен жүріс–тұрыс нормаларын бекітуге мәжбүр болады. Осы нормалардың өзара
жүйелендірілуі корпоративтік құқықтың қалыптасуындағы өзекті мәселелер
қатарында жатыр.
Корпоративтік нормалар құқықтық сипатты иеленеді, себебі аталмыш
нормаларды орындамаған жағдайда, не болмаса тиісті тәртіпте орындамаған
жағдайда, сондай–ақ орындаудан жалтарған кезде немесе бұл нормаларды
бұзғанда, корпорацияның өз кезегіне белгілі бір санкцияларды қолдануға
мүмкіншілігі бар. Егер жауаптылыққа тарту деңгейі жеткіліксіз болғандағы
сотқа жүгінуі ықтимал. Сот шешімін шығару мемлекет өз тарапынан
корпорацияға қорғау мен қолдау көресеткендігін белгілейді. Осының барлығын
дамыта келгенде, Кеңестік құқықта болмаған, цивилистикада жаңа бір құқықтық
саланың пайда болуын талап ететін кез келгендігін белгілейді. Бұл сала –
корпоративтік құқық деп аталады.
Қазақстанның Ресей қол астында болғандығы, елімізге оңды және теріс
әсерін тигізді. ТМД мемлекеттерінде және шетелде корпоративтік құқықтың
дамуы әр түрлі, не болмаса қарама – қарсы бағыттарда дамып келеді деп те
айтуға мүмкіншілік бар. Дамып келе жатқан және дамыған өндірістік
мемлекеттерде бұқаралық құқық нормаларының әрдайым өсуі мен кеңеюі
байқалса, бізде корпоративтік құқықтың тар бағытта даму тенденциясы
басым. Бәрімізге белгілі болғандай, жария құқық нормалары әдетте мемлекет
экономикасының бағдарламалы–нысаналық бағытын, қаржы–бюджеттік, салықтық,
әкімшілік және сот өндірістік бағыттары мен құқықтарын, сонымен бірге
мемлекет қауіпсізідігін қамтамасыз ету мәселелері, медициналық, экологиялық
қатынастардың құқықтық реттелуін дамытуға түрткі болады. Бірақ, қазіргі
заманғы капиталистік мемлекеттердің тәжірибесін саралайтын болсақ,
мемлекеттік институттардың тек қана бұқаралық құқықтық қатынастарға ғана
емес, сонымен қатар әдетте жеке деп танылатын қатынастарға белсенді
араласуын дәріптеуге болады. Бұндай қатынастарға мысал ретінде
корпоративтік және келісім–шарт қатынастарын келтіру мүмкіншілікке толы.
Бұндайға мемлекеттің адалсыз бәсекеге қарсы енгізілген ережелерді, соттық
және әкімшілік қадағалауды және тағы сол сияқты басқаларды да атап
көрсетуге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасында корпоративтік
құқық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктестіктерді кешенді түрде арнайы
ғылыми тұрғыдан зерттеген ғылыми жұмыстар жоқ. Қазіргі таңда экономикасы
берік мемлекеттерде корпоративтік құқық нормаларын азайту арқылы бұқаралық
құқық нормаларын арттыру үдерісі байқалады. Жария құқық – бұл адамзат
дамуының негізгі және өзгермес кепілі, себебі жеке мүдделерді көздеу
барысында жаһандық мүдделердің нақты бір бағытын айқындау қиындыққа соқпақ.
Демек, бұқаралық құқықтың дамуы, өркениеттің бір сатыға болса да ілгері
дамығандығының бірден бір көрсеткіші. Корпоративтік құқыққа қарағанда
бұқаралық құқық, қоғам мүшелерінің өзара бағыныстылық–байланыстылығын
сөреттейді. Ал қоғамдық құқықтық қатынастар әрдайым кеңейген, тығыз және
көптектес жағдайда болғандықтан бұқаралық құқықтың әсері басым. Бұл үрдіс
өте баяу дамиды.
Дегенмен, Кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде бәрі де өзгеше
жағдайда қалыптасты.
Аталмыш қатынастар мен құбылыстарға қатысты жазылған отандық
ғалымдарымыздың ғылыми мақалалары, ғылыми түсіндірмелері және жалпы
ережелерге қатысты жазылған еңбектері бар екендігін атап кеткен орынды. Бұл
тұрғыда азаматтық құқық саласындағы белгілі қазақстандық заңгер цивилист –
ғалымдар: Ю.Г. Басин, Т.Е. Қаудыров, И.В. Амирханова, С.П. Мороз, А.Г.
Диденко, К.М. Ильясова, Ф.С. Карагусов, М.К. Сүлейменов, И.У. Жанайдаров,
С.И. Климкин, Г.И. Тулеугалиев, К.С. Мауленов, И.П. Грешников, В.А.
Грибанова, А.Т. Жусупов, И.С. Михалкин, К.В. Мукашева, К. Осакве, Л.А.
Сахипова, М. Толибаев, Б. Тулегенов, Ф.К. Шакировтердің еңбектері аталған
диссертациялық зерттеудің теориялық және ғылыми негізін құрайды.
Зерттеуде сонымен қатар азаматтық құқық саласындағы кеңестік және
ресейлік заңгер цивилист ғалымдардың еңбектері негіздеме болды. Олар: Т.Е.
Абилов, М.И. Брагинский, В.В. Доминская, О.И. Садиков, О.С. Иоффе, Т.В.
Кашанина, М.И. Кулагин, В.И. Добровольский, Ю.Д. Борисов, Е.А. Дубовицкая,
А.В. Мелькумянц, И.С. Шиткина, Е.Г. Афанасьева, В.Ю. Бакшинкас, Е.П. Губин,
Д.И. Дедов, С.А. Карелина, А.Е. Молотников, В.К. Андреев, В.В. Витрянский,
Е.А. Суханов, М.М. Агарков, Я.М. Миркин, М. Лернер, Э. Янг, О.Н. Сыродоева,
Г. Ласк, Л. Фридман, В. Катин, И.Н. Сенякин, Р.И. Кондратьев, С.И. Архипов,
Л.И. Антонова В.К. Самигуллин жариялаған шығармалары қарастырылды.

Зерттеу жұмысының пәні мен объектісі. Жұмыстың зерттеу пәнін қазіргі
кездегі Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтың даму үрдісі және
заңнамасы бойынша корпоративтік құқықтық қатынастардың туындауы мен
реттелуіне байланысты туындайтын құқықтық мәселелер, сондай–ақ еркіндіктің
бір нышаны ретінде танылатын шаруашылық серіктестіктердің корпоративтік
құқықта алатын орны туралы және оны құрылым тұрғысынан пәні мен объектісі
ретінде алып қарастыру сияқты өзекті мәселелер топтарын айтуға мүмкіндік
бар.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Аталмыш ғылыми жұмыстың
мақсаты азаматтық құқықтың танылған тұлғасы ретіндегі заңды тұлғалардың,
олардың ішіндегі шаруашылық серіктестіктердің корпоративтік құқықты
қалыптастырудағы ролін түбегейлі зерттеп, корпоративтік құқықтың маңызын
және өзіне тән ерекшеліктерін тиянақты түрде ашып көрсету болып табылады.
Оған қоса корпоративік құқықтың субъектілері ретіндегі шаруашылық
серіктестіктерге ғылыми–теориялық талдау жасау, тәжірибе жүзінде оларды
ұйымдастыру барысында туындайтын мәселелерді шешу, аталған тақырыптық
мәселеге қатысты заңнама нормаларын талдау және оларды жетілдіру, заң
ережелеріне ғылыми–тәжірибелік ұтымды ұсыныс жасау және түсіндіру болып
табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне: корпоративтік құқықтың көрінісі
ретіндегі шаруашылық серіктестіктердің даму тарихына талдау жасау;
корпоративтік құқықтың түсінігіне және ондағы қатынастарға талдау жасау;
шаруашылық серіктестіктер корпоративтік құрылым ретінде болғандағы
түсініктер мен ойларды айқындау; Қазақстан Республикасы және басқа
мемлекеттердегі корпоративтік құқықтың салыстырмалы сипаттамасын зерттеу;
шаруашылық серіктестіктерді құру кезінде туындайтын корпоративтік
мәселелерді анықтау; жалпы жиналыстардың корпоративтік мәселелерін айқындау
мен талдау; шаруашылық серіктестіктердегі тұрақты органдардың қызметтерін
талдау; шаруашылық серіктестіктерді қайта құру мен тарату кезінде
туындайтын корпоративтік–құқықтық мәселелерді ашып қарастыру және тағы
басқа түсініктер мен кездесетін құбылыстарды саралау болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Аталған зерттеу жұмысы
диалектикалық, функционалдық, құрылымды–жүйелілік, салыстырмалы зерттеу
сияқты танымның жалпы ғылыми және тарихи, салыстырмалы талдау,
формальді–құқықтық кешенді зерттеу, құқықтық модельдеу, іс тәжірибесін
анықтау және зерттеу сияқты арнайы заңды әдістерді қолдану арқылы
орындалды.

Диссертация жұмысының теориялық негізін қазақстандық және шетелдік
ғалымдардың Ю.Г. Басин, Т.Е. Қаудыров, А.Г. Диденко, К.М. Ильясова, Ф.С.
Карагусов, М.К. Сүлейменов, И.У. Жанайдаров, С.И. Климкин, М.И. Брагинский,
В.В. Доминская, О.И. Садиков, О.С. Иоффе, Т.В. Кашанина, М.И. Кулагин, В.И.
Добровольский, Ю.Д. Борисов, Е.А. Дубовицкая, А.В. Мелькумянц, И.С. Шиткина
сынды ғалымдардың еңбектері құрады.

Зерттеудің нормативтік негізі. Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілері, ҚР
Президентінің заң күші бар жарлықтар, ҚР Үкіметінің қаулылары, сонымен
қатар бұрынғы Кеңестер Одағы мен ТМД мемлекеттерінің нормативтік құқықтық
актілері мен бірқатар шетел мемлекеттердің азаматтық заңнамаларының
құқықтық нормалары құрайды.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Нарықтық қатынастардағы бұқаралық –
құқықтық қатынастар бәсекелестікті қадағалайды, бәсекелестіктің басқыншылық
және қиратқыштық әсерін алдын алып, өндірістен келген зиянды болдыртпау
немесе мүлдем жою сияқты мәселелерді бірден лезде шешуге тырысады.
Дегенмен, нарықтық қатынастарда заңнамалық реттеу де болуы тиіс. Бұл реттеу
Кеңестік кезеңдегідей тым шектен шықпауы да қажет. Корпоративтік реттеу–бұл
субъектілер құрамын қыспаққа салмайтын мемлекеттің қадағалау функциясын
талап ететін, азаматтық–құқықтық құбылыс. Осылайша, тәуелсіз сарапшылардың
болжауына көз жүгіртсек, Қазақстандағы корпоративтік құқық әлі де дамиды
және реттеуді күрделендіртіп тереңдетеді. Бірақ, бұған да құқықтық сана
қажет. Егер де қоғам корпоративтік идеалогияны басшылыққа алса, онда
корпоративтік құқық қызметкерлердің өзіндік ынтасы мен еркіндігін
тұншықтыратын болады. Сондықтан, корпоративтік нормалар ұйым ұжымының тек
қана басты және негізгі сұрақтарын реттеуге салуы тиіс. Алайда бұның өзі
мемлекеттік үстемдік сиқты ұжымдық басқару өктемдігіне келіп соғуы мүмкін.
Демек, осы жұмыста қарастырылатын түбегейлі сұрақтар ғылыми зерттеуге
жаңаша басымдылық беріліп отыр.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Қалыптасқан жағдайды түзету үшін заңды тұлғалар туралы заңнаманы
шаруашылық серіктестіктер туралы бөлігінде одан әрі жетілдіру мақсатында:
1) қолданыстағы шаруашылық серіктестіктер туралы заңның және ЖШС
туралы заңның күшін жою арқылы біріздендіру және көрсетілген нормативтік
құқықтық актілердің ережелерін бір Қазақстан Республикасының Шаруашылық
серіктестіктері туралы біріктірілген Заңның жобасының мазмұнына енгізу
қажет;
2) шаруашылық серіктестіктердің барлық түрлеріне ортақ нормаларды және
шаруашылық серіктестіктерінің кейбір ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының
ерекшеліктерімен байланысқан арнайы реттеу ережелерін бір нормативтік
құқықтық актіде қосу арқылы шаруашылық серіктестіктерінің қызметін
реттейтін заңнамалық нормаларды шоғырландыруды жүзеге асыру;
3) шоғырландырудан өзге бар нормаларды жетілдіру келесі себептерге
байланысты. Мысалы, қолданыстағы шаруашылық серіктестіктер туралы заңнамада
екі қатысушының шешім қабылдауы, атап айтқанда, бұл мәселе бір қатысушы
иә, келесісі жоқ деп дауыс берген жағдайда өзекті мәселесі реттелмеген.
Дауды шешудің көрсетілген соттық тәртібі барлық уақытта қолдануға келмейді.
Аталмыш мәселені шешудің құқықтық негізінің болмауы шаруашылық
серіктестіктерінің тиімді қызметіне кедергі болуда;
4) серіктестік екі қатысушымен құрылған жағдайда міндетті түрде тақ
санды мүшелі басқылау кеңесін құру туралы ережені ендіруді қарастыруға
ұсынамыз;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаруашылық серіктестіктері толық
серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершігі шектеулі серіктестік,
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрыла алады. Бірақ,
бүгінгі күні ЖШС туралы заң нормаларын қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктерге қолдану тәжірибесі Қазақстанда тіркелген және әрекет етуші
қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің саны көп емес екендігін
көрсетеді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету комитетінің заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік
тіркелім деректері бойынша 2010 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша
Қазақстанда бар болғаны 155 ғана қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
тіркелген, олардың ішінде көрсетілген ұйымдастырушылық нысаннындағы заңды
тұлғаны соңғы тіркеу 2003 жылғы 19 мамыр күні жүргізілген;
6) қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің құқықтық мәртебесі
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәртебесінен елеулі түрде
өзгеленбейді, соңғыны құқықтық реттеу ережелері қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктерге қолданылады (ҚР АК 84-бабының 3-тармағы). Осыған
байланысты шаруашылық серіктестіктің қосымша жауапкершіліг бар серіктестік
сияқты нысанын алып тастау ұсынылады;
7) ҚР АК 41-бабының 1-тармағына сәйкес бір адам құрған заңды тұлғаның
құрылтай құжаттары болып жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде
ресімделген шешімі (жалғы құрылтайшының шешімі) табылады. Бірақ,
қолданыстағы Шаруашылық серіктестіктері туралы заңының ережелерінде (4-
баптың 2-тармағы) шаруашылық серіктестіктің құрылтайшы құжаттары ретінде
жалғыз құрылтайшының шешімі жоқ. Заңнамалық акті нормаларын ҚР АК
нормаларына сәйкес келтіру үшін құрылтай құжаттары құрамына жалғыз
құрылтайшының шешімін енгізу ұсынылады;
8) кәсіпкерлік қызметтің тәжірибесін ескере келе, Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын шаруашылық
серіктестіктерінің алғашқы жарғылық мөлшерін кем дегенде 50 АЕК-ке дейін
көтеру ұсынылады, себебі қолданыстағы ЖШС туралы заңда көрсетілген 10 АЕК
мөлшеріндегі сома номиналды болып табылады деп санаймыз.
Диссертациялық жұмысты жазудың мазмұнынан жекелеген шаруашылық
серіктестіктер нысанындағы корпорациялардың ұйымдастырушылық-құқықтық
нысандары ерекшеліктеріне қатысты шаруашылық серіктестіктерінің барлық
түрлеріне ортақ және арнайы реттеу ережесін барлық шаруашылық
серіктестіктерінің қызметін реттейтін заңнамалық актілерді бір нормативтік
құқықтық актіде шоғырландыруды жатқызу керек. Бұл осы саладағы заңнамалық
нормаларды тиімді пайдалануға ықпалын тигізеді.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік және теориялық маңызы.
Диссертациялық зерттеудің нәтижесінде қорытынды тұжырымдар шаруашылық
серіктестіктердегі корпоративтік қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған
нормаларды жетілдіру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ішкі
бірлігімен сипатталатын аяқталған ғылыми зерттеуді білдіреді.
Диссертациялық зерттеуде шығарылған нәтижелер жалпы алғанда жүйелілігімен
әрі қисынды құрылымымен сипатталады. Корпорацияларға қатысты туындайтын
қатынастарды құқықтық реттеу мәселесін методологиялық шешу өз еліміздің
және шетелдік авторлардың еңбектеріне сүйене отырып жүргізілген. Сонымен
қатар көптеген нормативтік құқықтық актілер мен тәжірибе деректеріне
негізделген. Диссертациялық зерттеу азаматтық құқықтағы корпорациялар
туралы құқықтық мәселелерді шешу мен дамытуға қатысты білімді кеңейтеді.
Оның үстіне бұндай мәселелер төңірегіндегі отандық заң ғылымында
бұрын–соңды арнайы ғылыми ізденістер қазақ тілінде түбегейлі
қарастырылмаған. Сондықтан аталмыш ғылыми еңбектің нәтижелері осы
мәселелердің төңірегіндегі болашақтағы ғылыми жұмыстарға әдістемелік негіз
бола алады.
Ізденушінің ғылыми жаңалықтары мен қол жеткен нәтижелері Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарында азаматтық құқық және кәсіпкерлік
құқық пәнін оқытуда, ғылыми еңбектер жазуда, оқу құралдары мен оқулықтар
жазуда, уәкілетті орган тәжірибесінде пайдалануға болады.
Жүргізілген диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы осы
ғылыми зерттеуде берілген теориялық қорытынды және тәжірибелік ұсыныстар
азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстанның заңдарын әрі қарай
дамуын жетілдіруге оң ықпалын тигізеді.
Диссертация Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті Ұлттық құқық жоғары
мектебінің Азаматтық құқық кафедрасында орындалды және осы жерде талқыланып
сын пікір берілді. Негізгі ғылыми тұжырымдар жарияланған мақалаларда,
ғылыми тәжірибелік конференцияларда, ғылыми хабарламаларда көрсетілген.

Зерттеу нәтижелерін апробациядан өткізу. Диссертациялық зерттеудің
негізгі нәтижелері, қорытындылары және тұжырымдары құқықтанудың түрлі
мәселелері бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі
конференцияларда баяндалды. Оларға: Молодежь и многовекторная политика
Республики Казахстан атты республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясы.
(Астана, ҚазГЗУ, 2010); №4 (45) Құқық және мемлекет атты ғылыми-
–ақпараттық журналы (Астана, 2009); Наука и её роль в современном мире
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Қарағанды, Болашақ,
2010); Совершенствование института представительства: вопросы
правотворчества и правоприменения (при участии МГЮА им.О.Е.Кутафина,
Российской Академии Правосудия) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясы (Астана, ҚР-ның Жоғарғы соты, 2010); Повышение качества
юридического образования в свете Послания Президента Республики Казахстан
народу Казахстана на 2010 год (при участии Карагандинского университета
Болашак и Казахского Гуманитарно-Юридического Университета) атты
республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы (Караганды, КарГУ, 2010); ҚР
Тұңғыш Президенті қорының Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және
ғылымның қажеттілігі атты IV Халықаралық ғылыми конференциясы (Алматы,
2010); №3 (48) Құқық және мемлекет атты ғылыми-–ақпараттық журналы
(Астана, 2010);
8. Вестник Института законодательства Республики Казахстан атты
ғылыми-құқықтық журналы №4 (20) (Астана, 2010); Б.Бейсенов атындағы
Қарағанды заң институтының Қазақстан Республикасы конституциясы: 15 жыл
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, 2010);
Қазақстандық даму жолы: тәуелсіздікке 20 жыл Жас ғалымдар (Ph.D
докторанттар, магистранттар және ізденушілер) республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы (Астана, 2011); Республиканская научно-
практическая конференция молодых ученых (докторантов Ph.D, магистрантов и
соискателей) (Астана, 2011); Совершенствование законодательства в свете
Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020
года атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Астана, ҚР-ның
Жоғарғы соты, 2010); Правовые и административные механизмы
функционирования единой таможенной территории: Казахстан, Россия,
Белоруссия атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Астана,
ҚазГЗУ, 2010).

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация құрылымы зерттеу
мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, сегіз
бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан
құрылған, жалпы көлемі – 92 бет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Төрт бөлімшеден тұратын Шаруашылық серіктестіктер қызметінің
азаматтық құқықтық, теоретикалық және тәжірибелік негіздері деп аталатын
бірінші тарауда жаһандық экономиканың дамуына байланысты азаматтық құқықтың
бір субъектісі болып табылатын заңды тұлғалардың симбиоздары әрбір
кезеңдерде әртүрлі аталып, құқықтық нысандары мен құрылу тәртіптері
өзгеріске ұшырап отырғандығы, сондай-ақ олардың корпоративтік құқықты
түзудегі алатын орны қарастырылған.
Посткеңестік аймақтағы дамып келе жатырған азаматтық құқықтың өзара
бір саласы ретінде, кейіннен жеке сала роліне айналуына алғышарттары бар
корпоративтік құқық ұлттық ғылымның назарын аудара бастады. Осыған
байланысты корпоративтік құқықтың түсінігі мен идеясын қарастырмас бұрын,
корпорациялар деген не және олардың пайда болуы неліктен қоғамда
айтарлықтай кең резонансты иеленеді–деген сұрақтарға жұмыстың осы тарауында
жауаптарын іздестіріп көргелі отырмыз.
Қазіргі кезде корпорациялардың пайда болуы туралы бірнеше көзқарастар
қалыптасып отыр.
Олардың ішіндегі мейлінше көп таралған пікір бойынша, корпорациялар
салыстырмалы түрде кейінірек - XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Алайда,
отандық ғалымдардың пайымдауы бойынша кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда
құқығының пайда болуына байланысты тарихи қалыптасты. Бастапқы сауда құқығы
Батыс Еуропа мен Азия арасындағы сауда–саттық дамуында делдалдық қызмет
атқарған ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Италияда пайда болды. Осының негізгі және
басты экономикалық өзгерістер себептеріне: сауданың, теңіз істерінің және
тағы басқа әлеуметтік қажеттілігі бар кәсіптердің дамуы болды.
Басқа көзқарасты жақтаушылардың айтуынша корпорациялардың пайда болу
алғышарттарын Көне Римнен іздеу керек деген пікірді білдіріп отыр. Көне
Римдегі мемлекеттік құрылымды жасауға қолынан келген азаматтар, жеке
бостандықпен келісіп, қауымдастықтардың жасалуына қабілеттілігі жетуі тиіс
болған. Аталмыш көзқарасты растау мақсатында, бұл пікірді жақтаушылар
компаниялардың пайда болуының негізі-үкіметтік заемдардың жүйесі болып
келеді деген пікірді ұсынып отыр. Яғни үкіметтік заемдар–компания пайда
болуының қайнар көзі. Бұл нақты анықталған серіктестіктердің ішкі ұйымынан
құн өтеумен шартталған жанама салықтарды төлеу үрдісімен көрінісін
тапқан.

1.1 Корпоративтік құқық пен шаруашылық серіктестік мәселелері дамуының
тарихи кезеңдері

Бірлестіктер пайда болуының қайнар көзі–бұл сауда мақсаттарымен
белгілі бір елдерге бірігіп саяхат жасау үшін сауда гильдиялардың пайда
болуымен сипатталатын жалпы жұртпен танылған пікір болып есептеледі. Мұндай
саяхаттар жолаушыларға (кәсіпкерлерге) аса тәуекелді және жоғары қауіпті
төндірген: хабарлау жолдарының жайсыздығы, табиғат күштерінің алдында
қорғансыздығы, теңіз қарақшыларының шабуылдары, тұрмыстың нашар жағдайы
және т.б.
Саяхатта жалғыз болып келген көпес жол жүру кезінде ғана емес, сондай-
ақ келген елде де қорғаусыз қалған. Тайпаластардың қауымдастығында ғана
азамат өз тауарымен жолға шыға алатын еді. Бұл ассоциациялар
ынтымақтастықта, бірігіп әрекет етудің анықталған бір тәжірибелеріне
сүйеніп, тауар керуендері белгіленген ережелерге бағынды. Алайда,
қауымдастықтар істі бірге жүргізуді немесе бір шоттан басқаруды мақсат
етпеді.
Бірігіп қызмет етудің жалпы шарттарына негізделген қатысушылардың
ынтымақтас жауаптылығы бар тауар гильдиялары, толық шаруашылық бірліктері
бола алмады. Сауда гильдиясы өз мүшелерінің қарыздары үшін бір ұлттың
мүшелері жат елде біріне-бірі жауап алатындай немесе қауым міндеттерінің
артынан бірігіп жауап беретін азаматтар сияқты қарыздарды өтейтін еді.
Экономиканың дамуымен және өндірудің жаңа тәсілдерінің пайда болуымен
жаңаша құқықтық нысандар дамыды. Теңіз серіктестіктері пайда болды. Олардың
капиталистік сипаттары бірден көзге түсетіні анық: серіктестіктердегі жеке
қатынастар екінші кезекке тұрғызылды, капитал жөніндегі қатынастар басым
сипатқа иеленді. Капитал негізі–кеме болып табылды. Теңіз серіктестігінің
бастапқы және негізгі мақсаты - тауар тасымалдау болып саналды. Кеме
жасауды бастаған тұлға–патрон деп аталды. Патрон кеменің және пай мөлшерін
өзі анықтап, оны жариялайды. Әдетте пай мөлшерлері өзара тең, шығыстары
жалпыға ортақ болып саналған. Қосымша төлемдердің бекітілгені де белгілі:
кеме жөндеуге кеткен төлемдер; алыс жүзуге арналған жабдықтауларды сатып
алуға кеткен төлемдер; кеме мөлшерін ұлғайтуға кеткен төлемдер және тағы
басқа. Көріп отырғанымыздай, корпорацияның негізгі қағидалары осы кезеңде
едәуір артқандығын байқауымызға мүмкіндік бар, бірақ қатысушыларының
шектеулі жауаптылығы әлі де орын алмаған.
Қазіргі заманғы шаруашылық қоғамдастықтардың алғышартты бейнесі болып
тау серіктестіктері саналады. Бұл құқықтық нысандарда корпоративтік
ұйымдардың туындауын ғана емес, сонымен қатар олардың белсенді дамуын
байқауға болады. Тау серіктестіктерінде істерді басқару жалпы жиналыстардың
қарауындағы басым дауыс бергендердің шешімдерімен жүргізілген. Пай (кукс)
сандары мейлінше көп болған, сондықтан жиналыстардың жүзден астам
қатысушылары болды. Тау серіктестіктеріне қатысу құқығы куксты сатып алумен
шартталып, куксты алып тастау мүмкіндігі қозғалмайтын мүлікті алып тастау
ережелерімен реттелген. Куксқа қатысты бағалар әрдайым құбылмалы болды.

1.2 Шаруашылық серіктестіктер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде

Толық серіктестік ұғымы шартты сипаттамаға иеленеді және қатысушылар
өзіне тиесілі барлық мүлкімен, бірлескен қызметіне әбден барлық күшін,
уақытын жұмсайтынын білдірмейді. Салымдары мен жеке өзінің жұмсайтын
күштері әртүрлі болады және қатысушылардың өздерімен айқындалады.
Егер толық серіктестік пен кооперативті (артель) салыстыратын болсақ,
кооперативтің тұлғаны толықтай тартатынына көзімізді жеткізуге болады. Іс
жүзінде толық серіктестіктегі қатысушылардың жауаптылығы тек сыртта ғана
толық болып табылады.
ҚР-ның заңнамасы бойынша сенім серіктестігіне Азаматтық кодекстің сенім
серіктестіктері туралы ережелеріне қайшы келмегендіктен, толық
серіктестіктер туралы ережелері қолданылатындығын айтып кету орынды деп
санаймыз. Корпоративтік құқықтағы негізгі қағидаларға сүйеніп сенім
серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Сенiм
серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу
тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi.
Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ
сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм
серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық
серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.
Коммандитисттердің зияткерлік салымдары да қарастырылмағаны емес, оған
тыйым салынған. Ешбір жағдайларда сенім білдірген салымшыларды
серіктестікті басқаруға жіберілмейді. Серіктестікті үшінші тұлғалар алдында
міндеттендіретін қандай-да бір әрекеттеріне де жол берілмеуі тиіс. Салымшы
шектелген жауаптылықта болып, кредиторлар алдында толық жауаптылықта
болғаны туралы ойды қалыптастырудан алыс болуы тиіс. Оның ынтымақтас
жауаптылықты тек қана толық қатысушы ретінде болғанда ғана басталуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп – бастапқы капиталы
қатысушылардың анықталған мөлшерлі үлестері түріндегі, жауаптылығы шектеулі
үлес бойынша ғана болатын корпорациялардың түрін айтамыз.
Бұл корпорациялардың түрлері акционерлік компаниялардың жеткіліксіз
дамуы мен толық серіктестіктердегі шектелген мүмкіндіктердің пайда болуымен
шартталған тәжірибеде жүрген кәсіпкерлердің талабы бойынша ХІХ-ғасырдың
соңында Германия заңгерлерінің ойлап тапқан құқықтың нысаны. 1892 жылдың
12 сәуірінде Рейхстаг Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы Заңын
қабылдады.
Бұл жаңа құқықтық институтты Германиядағы қалыптасқан барлық нормаларды
сақтай отырып Австрия да өзінің саясатында ұстанды. Кейінірек Ресейге
рецепцияланып тәуелсіз Қазақстанға мұра ретінде қалдырылып орнықтырылған.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік өзінің құқықтық реттеушілігі
бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестікке ұқсас. Жауапкершілігі
шектеулі серіктестегідей құрылтай құжаттарымен үлестері бөлініп анықталған
жарғылық капиталы бар. Құрылымы күрделі болғандықтан, біріншісіндегідей
басқару органдары бөлініп қарастырылады. Оны құру кезінде жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті құру барысындағы ережелер мен нормаларды ұстануға
тура келеді.
Бұл корпорациялар түрлерінің айырылмашылықтары келесіде айқындалған.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікте серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда қатысушылар өзіне тиесілі мүлкімен жауап береді (ҚЖБС-тің
мүлкін толықтыратын сияқты әдіс). Алайда, мұндай толықтыру әрбіреуінің
салған салымының көлемінен әлдеқайда артық болуы мүмкін. Қатысушылар
өздерінің мүлкімен қаншалықты дәрежені өтей алатындықтарын жарғыда
көрсетеді (екі есе, үш есе, бес есе және т.с.с.). ҚЖБС-тің қатысушылары
субсидиярлық жауаптылықты ынтымақты түрде өтейді. Демек, олар толық
серіктестегідей барлық мүлкімен жауап бермейді, алайда олардың
жауапкершілігі олар салған салымының көлемімен шектелмейді. Өздерінің
салымдарынан басқа ҚЖБС-тің мүшелері қосымша мүлкімен жауап береді. Бұл
жайт серіктестерге толық серіктестікке қарағанда қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктің қызметімен байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік
береді. Кредиторлар өз алдына ЖШС-ке қарағандағы іскерлік қатынастарда
барынша толық кепілдемелерге қолдарын жеткізеді.
Сонымен қоса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік кредиторларға
қатысушыларының біреуінің банкроттыққа ұшырамауына да кепілдік беруі
мүмкін. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктегі қатысушылардың біреуі
банкроттыққа ұшыраған жағдайда, серіктестіктің мідеттемелері бойынша оның
жауапкершілігі басқа қатысушылардың салған салымы көлемінде бөлінеді.
Алайда, бұл әдетке байланысты жарғыда басқа бір нормалар қарастырылуы да
мүмкін.

1.3 Шаруашылық серіктестіктердің корпоративтік құрылым ретіндегі
нормаларының азаматтық айналымда қолданылуы

Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік
түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес
заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
(жеке кәсіпкерлер) саналады. Олардың ішінде ерекше орынды корпоративтік
құрылым болып табылатын шаруашылық серіктестіктер иеленеді.
Ендеше, шаруашылық серіктестіктерді корпоративтік құрылымдар қатарына
жатқызуға қандай себептер қомақты септігін тигізгендігін және олардың
шығарған нормаларының азаматтық айналымдағы әрекеттерін қарастырайық.
Біріншіден, корпорацияның категориялары ұлттық құқықтық жүйелерде түрлі
мазмұнда ажыратылады немесе заңды тұлғалардың нысандарын анықтаған кезде
мүлдем қолданылмайды. Екіншіден, мазмұнында ұйымның ішкі қызметін
ұйымдастыру болып табылатын қатынастар корпорация деп аталатын ұйымдарда
ғана емес, сондай-ақ басқа да ұйымдарда пайда болуы мүмкін. Үшіншіден,
корпорация атауларын алып жүрген заңды тұлғаларда корпоративтік қатынастар
туындамауы да мүмкін. Сондықтан, корпоративтік қатынастар туралы сөйлеу
корпорацияларға байланысты емес, корпоративтік түрдегі ұйымдарға
қатыстырылып айтылуы қажет, ондайларға ең алдымен мүшелік қағидасындағы
ұйымдардың түрлері жатқызылады.
Қазақстандық құқықтық жүйеде корпоративтік ұйымдардың қатарына
шаруашылық серіктестіктер жатқызылуы мүмкін.
Сонымен қатар, қазақстандық азаматтық заңнама бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық серіктестік түсінігі
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
ҚР заңнамасы бойынша заңды тұлға
Заңды тұлғаның органдары
Азаматтық құқықтың субъектілері
Заңды тұлға туралы ақпарат
Мемлекеттік меншікті басқару
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы
Акционерлік құқықтары мен міндеттері
Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі
Пәндер