Қоршаған ортаны ластанудан қорғау


Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Тіршілік ортасы және экологиялық факторлардың адаптациясы.
  2. Экожүйелер

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлардың адаптациясы

Тіршілік ету ортасы дегеніміз - организм мекен ететін табиғат бөлігі. Тірі организдер қоршаған ортамен тығыз байланысты; бір-бірінен және сыртқы ортамен қарым-қатынасуралы ғылым экология (грекше «ойкос»-үй, «логос»- зеттеу немесе ғылым) деп аталады.

Ортаның организмге әсер ететін құрамдас бөлектері орта факторлары немесе экологиялық факторлар деп аталады. Бұлардың барлығының организм үшін маңызы бірдей емес: біреулерінсіз организм тіршілік ете алмайды, екіншілері оған зиянды, ал енді бір факторлардың баржоғын организм «байқамайды».

Экологиялық факторлардың үш тобын ажыратады. Өлі табиғат факторлары немесе физикалық факторларға жарық, ылғалдылық, жылу жел, жаңбыр, бұршақ, топырақ пен судағы тұз және газ құрамы жатады. Тірі табиғат факторлары тірі организмдердің тіршілігімен байланысты. Үшінші, ерекше фактор ретінде адамның қызметін, оның табиғатқа әсерін қарастырады.

Орта факторлары алуан түрлі. Дәл сол сияқты тірі организмдер бұлардың әсеріне түрліше жауап қайтарады.

Өлі табиғат факторларының әсері тірі организмдердің біздің ғаламшарымызда таралуына анықтайды. Көптеген өсімдіктермен жануарлар үшін осындай маңызды фактор ең алдымен жарық болып саналады.

Жасыл өсімдіктер жарықты ғана органикалық заттарды түзе алады. Осы түзелген органикалық заттарды айналып келгенде барлық тірі организмдер пайдаланады. Жарықтық әсерінен өсімдіктер мен жануырлардың тіршілігіндегі тәуліктік және маусымдық өзгерістер басталады. Мысалы, жаздың ортасында қорек пен жауып шанынның болуына қарамастан өсімдіктер өсуіне бәсеңдетеді не тоқтатады. Бұларда тұқым және жеміс пісе бастайды, қоректік заттар жиналады.

Жануарларда да осыған ұқсас өзгерістер жүреді. Мысалы: құстар мен сүт қоректілерде күзгі түлеу басталады, ал кейбіреулері, мысалы: кеміргіш сұр тышқан қысқа азық қорын жинайды, басқалары қоректік заттарды денесіне май қабаты түрінде жинайды, басқалары қоректік заттарды денесіне май қабаты түрінде жинайды, жыл құстары үйір болып жинала бастайды.

Осы өзгерістердің басталуына қандай жағдай әсер етті? Белгілі болғандай, бұған күн ұзақтығының қысқаруы әсер етеді екен. Мұндай қарым - қатынас жыртқыштық деп аталады.

Жыртқыштар өсімдік қоректі жануарлар санын реттеуде маңызды рөл атқарады: олардың шамадан көп таралып кетеуін тежейді. Сонымен бірге жыртқыштар - «табиғат санитарлы», олар алдымен жануарлардың ауру, әлсіздерін жейді. Осылайша өз жемтіктерінің арасында аурудың таралуына жол бермей, тек дені сау әрі мықтыларының тіршілік етуіне мүмкіндік туғызады.

Соңғы кезде адам қызметінің тірі организмдерге әсері күрт жоғарлап кетті. Бұған адамның әр түрлі жануарларды аулап тікелей әсер етуі жатады. Немесе жанама түрде, ағаштарды кесу, далалық жерлерді жырту, батпақты кептіру және тағы басқа шаралар сол жерде тіршілік еткен жануарлар жағдайының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе алмай тіршілігін жоюы жатады. Қоршаған ортаның ағынды сулармен, улы химикаттармен, өндіріс қалдықтарымен ластануы тірі атаулының барлығына үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайлар көбінесе өсімдіктер мен жануарлардың өлуіне, ақырында бұлардың көп түрлілігінің азаюына алып келеді. Алайда өсімдіктер де жануарсыз тіршілік ете алмайды. Мысалы: тозандырғыш бунақденелер болмаса, көптеген гүлді өсімдіктерде тұқым түзілмеген болар еді. Құстар мен бунақденелілерсіз өсімдіктер тұқымдарының таралуы үлкен проблемаға айналар еді. Ал, саңырауқұлақтарсыз ормандарымыздың үлкен ағаштары - қайың, емен, шырша, қарағай сондай ұзын әрі мықты болып өспейтін еді. Өйткені, саңырауқұлақтардың күшті жіпшесі арқылы ағаштар өздерін қосымша ылғал мен минералды заттармен қамтамасыз етіп отырады.

Жануарлар арасында да көп түрлі байланыстар орнауы мүмкін. Бұлар пайдалы болуы мүмкін, мысалы, құмырсқа мен біте; бітелердің тәтті шырынымен қоректеніп, құмырсқалар бұларды қорғайды және таратады, ағаштардың биіктігі жас өркендеріне апарады, көп құмырсқалар бітелерді өздерінің илеулеріне өсіреді.

Сонымен қатар жануарлардың байланысы бір жақты ғана пайдалы болуы мүмкін, мысалы; акула мен жабысқақ балық. Бұл қарым - қатынас тек жабысқақ балыққа пайдалы өйткені жабысқақ балық акуланы тек көлік ретінде ғана пайдаланады.

Егер жануарлардың бір түрі екіншілерін ұстап, ын жансыздандырып жейтін болса онда бұларға көп түрлі омыртқасыздар, сондай - ақ балықтар, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар жатады. Салқын түсімен бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер аз қозғалады, ал қыста зұйқыға кетеді. Көктемде күн жылына бастаған кезде кесіртке, жыландар күнге шығып, жылынғанды ұнатады.

Құстар мен сүтқоректілер - жылы қанды жануарлар, олардың дене температурасы тұрақты, сондықтан да сыртқы орта температурасының өзгеруіне шыдамды келеді. Олар жыл бойы белсенді тіршілік етеді, дегенмен оларда да қыстың қиын жағдайларынан қорғайтын қосымша бейімделу құралдары бар. Солтүстік ендіктерінде қыстауға қалатын құстарды аяздан дененің мамықты жабыны, сүтқоректілерді қалың жүн мен тері астындағы май қабаты қорғайды. Қыста қорегін тауып жей алмайтын аңдар, мысалы; аю, борша, тышқандар қысқы ұйқыға кетеді, ал құстар жылы жаққа, қорек көп жаққа ұшып кетеді.

Тірі организмдер бір - біріне де белсенді түрде әсер етеді. Барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың көпшілігі жасыл өсімдіктер түзетін органикалық заттармен қоректенетіндіктері белгілі.

Су да өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде үлкен рөл атқарады. Оның жеткіліксіздігі тіршілік процестерінің тоқтауына, тіпті организмнің өліміне алып келеді. Сондықтан да жануарлар мен өсімдіктердің суды табу мен оны үнемді пайдалануға бейімделген алауан түрлі құрылымдары болады. Шөл өсімдіктерінің тамыры суды терең жерден сіңіруге бейімделген (жантақтың тамыры 16 метрге дейін жетеді) . Сексеуілдің қабыршақ тәрізді немесе кактустың ине тәрізді жапырақтары судың булануын күрт азайтуға мүмкіндік береді.

Көптеген шөл жануарларына қорек құрамындағы су да жеткілікті, кейбіреулері суды ішкі май қорынан алады, мысалы, түйе. Ал, енді біреулері жазғы ұйқыға кетеді, бұларға ең алдымен әр түрлі кеміргіштер мен тасбақалар жатады.

Құрлық жануарлары мен өсімдіктерінің көпшілігі үшін маңызды фактор - температура. Тірі организмдер төмен температураға шыдай алмай тіршілігін жояды, ал олардың шыдайтын ең жоғарғы температурасы көбіне - тан аспайды.

Температураның өзгеруіне негізінен салқын қанды, яғни дене температурасы тұрақсыз жануарлардың тіршілігі көбірек тәуелді болады.

  • Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.
  • Сулы орта.
  • Су - тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді, яғни, қысымы жоғары, қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы, күн сәулесін күшті сіңіреді.
  • Сулы ортада өмір сүретін ағзалар - гидробионттар деп аталады.
  • Гиробионтар - суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын -планктондар (өсімдіктекті ағзалар -фитопланктондар, жануартекті ағзалар - зоопланктондар) жатады.
  • Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар -нейстондардеп аталады.
  • Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарларнектондардеп аталады.
  • Су түбінде мекен етуші ағзаларбентостардеген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар - фитобентос, жануартекті ағзалар - зообентостар) .
  • Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері.
  • Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы. Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация -дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер) )

Экожүйелер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама
Табиғат ты қорғау әр бір адамнын міндеті
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Табиғи орта, экономикалық дамудың негізі ретінде дамуы
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық экологиялық құқықтың негіздерін қарастыру мен негіздеу, қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері және қоршаған ортаны халықаралық қорғауда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қатынастары және олардың маңыздылығы
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz