Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздері

6М030100- Құқықтану

Магистрлік диссертацияның авторефераты

Қазақстан Республикасы

ТҮРКІСТАН, 2013ж .

Магистрлік диссертация Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ “Азаматтық құқық және іс жүргізу ” кафедрасында орындалған.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Магистрлік диссертациялық зерттеу егеменді Қазақстанда нарықтың қалыптасу және даму жағдайында сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны ашылған, осы қатынастардың субъектілері мен объектілерін анықтаудың тұжырымдамалық мәселелері талданған, берілген қатынастардың субъектілерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері анықталған, сақтандыру саласындағы құқықтық қатынастарының негізгі қағидаларына сипаттама берілген. Зерттеу нәтижесінде қолданыстағы заңнама және оны қолдануды жетілдіруге байланысты теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.

Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен, меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.

Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру саласында тәжірибе жинады.

Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты » атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.

«Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек». Осы міндетті шешуде сақтандыру қызметі де өз орнын алатыны байқалады.

Бірақ қоғам, көптеген кәсіпорындардың (ұйымдар, мекемелер) басқарушылары, жеке кәсіпкерлер, және де әртүрлі билік пен басқару органдарының өкілдері сақтандыру немесе оның жеке түрлерінің рөлін, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен маңызын қажетті деңгейде бағаламайды. Нәтижесінде нарық жағдайында сақтандыруды дамыту ойына күмән тудыртады, ал сақтандыру көптеген дамыған нарықтық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Экономиканы нарыққа бағыттау, Республиканың саяси және экономикалық тәуелсіздігі, халықаралық қатынастардың дамуы сақтандырудың орны, рөлі мен сипатына жаңа көзқараспен қарауды мәжбүрледі. 1992-1995 жж. елдің сақтандыру нарығындағы ретсіздіктен кейін кейінгі жылдары сақтандыруды дамыту қажеттілігі туындады. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше, «сақтандыру бизнесі арнайы реттеуді талап етпейтін қызмет туралы ойдан арылу қажет. Сақтандыру ұйымдары - банктер, брокерлік компаниялар және зейнетақыны басқару ұйымдары сияқты қаржылық делдалдар және солар сияқты мемлекеттік реттеу объектісі болулары тиіс» [1] .

Сондықтан, стратегиялық мақсаттарды белгілеген кезде, біз азаматтан бастап мемлекеттің мүдделерімен аяқтап өміріміздің барлық жағдайын қамтитындай барлық қол жетімді шараларды қолдана отырып әртүрлі келеңсіз жағдайлардан бір уақытта сақтандырылуымыз қажет. Яғни, «объективті заңдылықтары бар нарықтың билігі кезінде тәуекел орын алады, демек сақтандыру қызметінің қажеттілігі туындайды».

Сақтандырудың өзекті мәселелері нақтырақ Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың VI Қазақстан қаржыгерлер конгресінде сөйлеген сөзінде айтылған (Астана қ., 15 қараша 2006 жыл) . Ол, «қаржылық сектор құрылған күш, кәсіптілік және батылдылық төмендемеу керек. Құрылғандарға сүйене отырып, біз ары қарай стратегиялық мақсатымызға жылжуымыз қажет - Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіруі» деп атап өтті.

Ол, отандық қаржы секторының дамытудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде сақтандыру нарығын кеңейтуді көрсетеді. «Сақтандыру нарығы үлкен әлеуетке ие халықтың сақтандыру ұйымдарына деген сенімін, сонымен қатар сақтандыру қатынастарының субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру қажет. Міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Халықтың әлеуметтік қорғану құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту қажет» [1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жыл 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында да «ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру және міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн» деп атап өткен болатын [2] .

Қазақстанның Ұлттық банкінің жанындағы қаржы нарығын реттеу және қадағалау комитетінің хабарлауынша, 2013 жылғы қаңтардың біріне шаққанда елде 35 сақтандыру компаниясы бар болды. Олардың жиынтық активтерді 442 млрд. 647 млн. теңгені құрап отыр. 2012 жылдың 12 айында жиналған сыйақылардың ауқымы 9, 7 пайызға артып, 159 млрд. 75 млн. теңгеге жетті. Өмірді сақтандыру бойынша, көрсеткіштер 52 млрд. 438 млн. теңге болды, бұл өткен жылғыдан 72 пайызға артық.

Көріп отырғанымыздай, сақтандыру мәселелері өзектілігін жоғалтпайды.

Бүгінде сақтандыру пайда табу мақсатында капиталы мен өз күшін салатын негізгі сала ретінде кәсіпкерлерді қызықтырады. Екінші жағынан, сақтандыру халықтың әртүрлі топтарын қызықтырады - әртүрлі апаттардан, болжауға келмейтін қоғамдық құбылыстардан болатын зиянның орнын толтыруға, өз коммерциялық қызметінің сәтсіздіктері, коммерция бойынша контрагенттік міндеттемелерді орындамау, банктердің дәрменсіздігі кезінде салымдарды жоғалтпауға кепіл беретін жүйе ретінде әртүрлі тауар өндірушілер, тұтынушылар, шаруаларды да қызықтырады.

Шаруашылық айналымның дамуына қарай азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша құқықтар мен міндеттердің еркін айналыс мәселелері тым өзекті сипатқа ие болуда. Бұл тұрғыда сақтандыру шарты да өзгеше бола алмайды, бұл салада цессия институты әзірге біршама сирек қолданылады. Заттардың бұндай жаағдайы белгілі бір дәрежеде келісілетіні сонда, сақтандыру мәмілесі бұл мағынада сақтандыру міндетемелері бойынша талап ету құқығын шартты түрде беру туралы мәселелерді арнайы игеру қажеттілігін туғызатын біршама маңызды ерекшеліктерге ие.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 345-бабына сәйкес талапты беру деп міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың (талап) мәміле бойынша басқа тұлғаға өтуі түсіндіріледі. Құқық беретін кредитор цедент, ал жаңа кредитор - цессионер аталады.

Сақтандыру қатынастарындағы цессия шарты негізінде ауысатын құқық субъектілері, құқықтарды тапсырудағы мүдде сақтанушыда сақтандыру жағдайы басталғанға дейін де, сақтандыру оқиғасы өткеннен кейін де сақтандыру мәмілесінің әрекет ету кезеңінде пайда болуы мүмкін. Бірінші вариантта шарттық цессияның мақсаты сақтанушының барлық құқықтар кешені болуы мүмкін. Құқықтарды шарттық беруден цессияны ҚР АК 840- бабының тәртібі бойынша ажырата білу керек, сақтанушының құқығы немесе пайда алушының құқығы заң күші бойынша сақтандырылған мүлікке құқығы өткен жаңа несие берушіге ауысады. Сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін шарттық цессия көбінесе басқа тұлғаға сақтандыру төлемін өндіруге күш салу мақсатында жасалады, осыған байланысты басқа бөлімдерде сақтанушы өзінің мәміле тараптары мәртебесін сақтап қалады. Жағдайлар қатарынан бұндай мүдде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді талап етуді үшінші тұлғаға беруге қатысты сақтандырушыда да бар болуы мүмкін.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Сақтандыру құқығы ғылымындағы ғалымдарымыздың ғылыми ізденістегі жеткен жетістігін бағалай отырып, сонымен бірге оның нарықтық жолындағы көптеген теориялық мәселелері айтарлықтай зерттеліп, шешімін таппағандықтан сақтандыру құқығы әлі де ғылыми зерттеу жұмыстарының табандылықпен жүргізіле беруін талап ететіндігін мойындауымыз қажет.

Қазақстандық ғалым-заңгерлердің сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздері әртүрлі қырларынан ашуға негіз болған көптеген құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының түсінігі, объектілері мен субъектілері, қағидалары, қайта сақтандырудың түсінігі мен түрлеріне байланысты Ю. Г. Басин, А. И. Худяков, Г. А. Жайлин, М. К. Сулейменов, А. Г. Диденко, М. Б. Смирнова, В. В. Шахов, В. А. Белов, В. И. Серебровский, Ю. Б. Фогельсон, В. В. Байбак, Бремер, М. И. Брагинский, Д. А. Братусь, М. Винавер, Е. Б. Осипов, И. А. Покровский, Б. В. Покровский, В. В. Почуйкин, Ф. Релельсбергер, В. Ровный, Ф. К. Савиньи, Н. Г. Сарсенов, Е. А. Суханов, В. И. Сенчищев, Н. Г. Сарсенов, Самонд, В. С. Толстой, Б. Хаскельберг, З. М. Черниловский, Л. А. Чеговадзе, Б. Б. Черепахин, Г. Ф. Шершеневич, Е. Е. Шевченко, Л. Эннекцерус, Б. А. Жұмаділов және т. б. ерекше атауға болады.

Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын құқықтық реттеу тетігі табылады.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу, осы саладағы заңнаманы жетілдіру және оны қолдану тәжірибесіне байланысты тұжырымдамалық негіздер, теориялық ережелер, тұжырымдар, тәжірибелік ұсыныстар дайындау және негіздеу.

Диссертацияда зерттеудің мақсатына негізделген міндеттер қойылады. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеудің міндеттерін мыналар құрайды:

- сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының құқықтық табиғатын талдау, заңдылықтарын және нарық жағдайында олардың ерекшеліктерін анықтау;

- сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының қағидаларының жүйесін талдау;

- Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының түсінігі мен түрлерін анықтау және мазмұнын ашу;

- Қайта сақтандырудың цессиядан, ретроцессиядан айырмашылығына жалпы сипаттама беру.

Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеу пәнін кешенді зерттеу негізінде, зерттеу танымның жалпы ғылымдық әдістері, қоғам мен табиғаттың ара-қатынасының тұжырымдамасына сүйенді, қисынды-заңдылық, құрылымдық-функционалдық және салымтырмалы-құқықтық әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық негіздері. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің қайнар көздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлттық және шетел сақтандыру заңнамасы, басқа құқық салаларының нормалары, сақтандыру қатынастарын реттеуде қолданылатын халықарарлық шарттар мен келісімдер құрайды.

Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Магистрлік диссертациялық зерттеуде ғылыми жаңалығы зерттеудің мақсаты және міндеттерімен тығыз байланысты. Ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартының құқықтық негіздеріне арналған кешенді түрде алғаш рет зерттелген еңбек болып табылады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Жүргізілген зерттеу негізінде қорғауға мынадай ережелер мен тұжырымдар ұсынылады:

- сақтандыру саласындағы мемлекеттік ретеудiң рөлi мен мағынасын айкындау кажет;

- әлеуметтiк, медициналық және экологиялық салаларда міндетті мемлекеттiк сақтандыруды енгiзудiң делелдемесiн айқындау және олардың нормативтiк-құқықтық базасын казiргi заман талаптарына сай болатындай етiп құру қажет;

- сақтандыру және кайта сақтандыру ұйымдарының каржылық орнықгылығын және төлем қабiлеттiлiгiн қамсыздандыру, ұйымдық құқықтық нысандарын, жарғылық капиталдары мен өз қаражаттарының ең аз мөлшерiн калыптастыруды заң жүзiнде көздеу, сақтандыру қызметiн жүзеге асырушыларды лицензиялау, сақтандыру ұйымдары мен басқа да катысушыларына мiндеттi пруденциалдық және өзге де нормативтер мен лимиттердi белгiлеу, инспекциялау, сақтандыру кадағалауын жүзеге асыру, санкциялар қолдану мемлекеттік ыкпал ету шаралары ретiнде қарастырылды;

- сақтандыру қатынастарының және сақтандыру құқықтық қатынастарының өздерiне тән белгiлерi мен ұғымдары жаңадан калыптастырылды;

- «Сақтандыру қьгзметi туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылданылуына байланысты жүзеге асыру шаралары мен механизмдерi заң жүзінде айқындалмаған міндеттi сақтандыру түрлерi бойынша Ұлттық Банк пен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қатысуымен әзiрленiлетiн заң жобаларын жасауға кажетті ұсыныстар берiлді;

- сақтандыру құқықтық қатынастары сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға және пайдалануға байланысты экономикалық сақтандыру қатынастарын, сондай-ақ сақтандыру iсiн ұйымдастырып, дамытуға байланысты ұйымдастырушы сақтандыру қатынастарын құқықтық реттеу нәтижесiнде туындайды деп тұжырымдалған;

- сақтандыру саласында туындайтын шарттарға негiзделген сақтандыру қатынастарын азаматтық құқық нормалары реттесе, ал мемлекеттiк - өктем талаптарға негiзделген қаржылық- сақтандыру қатынастарын қаржылық құқық нормаларын реттейдi;

- сақтандыру құқықтық қатынастары Ұлттық Банктің Сақтандыруды қадағалау департаментi мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - сақтандырушылардың арасындағы лицензия беруге, сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және орналастыру ережелерiн белгiлеуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткiштерi мен есеп беру нысандарын белгiлеуге, сақтандыруды тоқтатып қоюға немесе шектеуге, сондай-ақ лицензияны қайтарып алуға байланысты туындайтын қатынастар.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасында дайындалды.

Зерттеу нәтижесінің негізін қалаушы басты ғылыми тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстары әртүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, ғылыми хабарламаларда баяндалды. Магистрлік диссертацияның зерттеу бағыты бойынша жасалған тұжырымдар магистрдің “Сақтандыру полисінің тұтвнушылары арасында міндеттемелрді ауыстыру аспектісі” атты мақала Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысында және “Сақтандыру заңнамасы бойынша цессия шартын қолдануды экологиялық таза ауаға әсері” атты мақала Халықаралық ғылыми-теориялық конференция еңбектерінің жинағында жарық көрді .

Дисертацияның құрылымы мен көлемi Магистрлік диссертация көлемі 80 бетті құрайды. Магистрлік диссертацияның құрылымы зерттеудің негізгі мақсат міндеттеріне сай. кіріспеден, сегіз бөлімшені қамтитын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Негізгі бөлім

Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, зерттеу жұмысында қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы қамтылған.

Диссертациялық зерттеудің “Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың теориялық негіздері” деп аталатын бірінші бөлімі төрт бөлімшеден тұрады.

“Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы” деп аталатын бірінші бөлімшесінде сақтандыру қызметінің жалпы түсінігіне талдау жасалынады.

«Сақтандыру» деген сөз "сақтан" не «үрей» деген сөзден шыққан. А. И. Худяковтың пікірінше, «сақтандыру термині «үрей» деген сөзден пайда болды. Кез келген саналы адам өзінің тіршілік жағдайлары мен шарттарының нашарлауынан қорқады (өмір жағдайының, өндіріс шарттарының және т. б. ) және өзінің келешектегі қамын ойлай барынша өзін қауіпсіздендіруге ұмтылады (сақтандырады) » [3, 7 б. ] .

Сонымен қатар, «сақтандыру» деген сөз (сақтандыру, сақтандырылу) қандай болмасын істе кейде сүйеу мағынасында қолданылады, қай кезде де сәттіліктің кепілдіктері және т. б. Қазіргі уақытта осы терминді барлық жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау құралы ретіндегі мағынада жиірек қолданылады.

Сақтандырудың алғашқы түрлері ерте заманда пайда болды. Қазіргі уақыттағы қайнар көздерге сүйенсек, сақтандыру сипаты бар келісімдер құл иеленушілік қоғамда да кездескен. Бұл келісімдер жылжымайтын мүлікке, саудаға, қарыз шарттарына, сонымен қатар теңізде кеме жүзуде кездеседі. Келісімдердің ең басты мәні болып, теңіз кемелері және теңіз жүктерін тасуға байланысты мүмкін болатын зиянның тәуекелін осы келісімдерге мүдделі тұлғалар арасындағы бөлу. Сақтандырудың ең ертедегі ережелерінің бірі Талмуд кітаптарыда баяндалған. Егер бір малшының малы жоғалып кетсе, Талмуд басқа малшыларға жоғалған малдың орнына тек мал беруге бұйрық берді, бірақ не болса да ақша емес. Сол кезде негізгі қағидалар қаланған болатын: сақтандыру - тәуекелден сақтану, ол еш жағдайда байытуға қызмет ете алмайды.

Сақтандыру қызметі саласындағы қатынастың ұғымын сипаттай келе, біз келесідей анықтама ұсына аламыз:

Сақтандыру қатынасы - бұл келісім-шартта немесе заңнамада қарастырылған сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандырылған тауар өндірушілерге мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғау ретінде сақтандырушымен өндірілген сақтандыру сыйақысын төлеу және басқа да төлемдер төлеу бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сақтанушы - сақтандырушыға сақтандыру қорғанысын алу мақсатында сақтандыру төлемін төлейтін тұлға.

Сақтандырушы - сақтандырылған тұлғаға сақтанушыдан сақтандыру төлемі есебі негізінде сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ететін тұлға.

Сақтандырылған - оның мүддесі сақтандыру объектісі болатын тұлға. Біздің жағдайымызда сақтандырылғандар болып ауыл шаруашылық тауар өндірушілер табылады. Сақтанушы мен сақтандырылған бір адам ретінде орын алуы мүмкін, алмауы да мүмкін (егер сақтанушы басқа бір тұлғаның мүддесін сақтандырса) .

Сақтандыру төлемі - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушымен сақтанушыға (пайда алушыға) төленетін ақша сомасы. Сөйтіп, сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлетін ақшалай сомасы болып келеді.

Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногенді сипат және нақта адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілерін иемдену керек. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт тараптарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, егер соңғысы орын алса ол жағдай кездейсоқтық болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын жағдайларға қолданылмайды. Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттармен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.

Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң есептеулерiн жүзеге асыруға байланысты қызметтi атқаратын жеке тұлға.

Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.

Сақтандыру ережелерi - белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.

Қайта сақтандырушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тəуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.

Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейiннен өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сəйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тəкеуелдерiнiң бəрiн немесе бiр бөлiгiн беруге байланысты қызмет жəне соған байланысты туындайтын қатынастар.

Сақтандыру сыйақысы - сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемiн жүргiзудiң соңғы мiндеттемелерiн қабылдау үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншiк құқығына жатады.

Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған жəне сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершiлiктiң шектеулi көлемiн ұсынатын ақша сомасы. Сақтандыру төлемi - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келiп түсуiнде немесе мерзiмнiң келiп түсуiндегi сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетiн ақша сомасы. Сөйтiп сақтандыру төлемi сақтандырушы iс жүзiнде төлейтiн ақшалай сома болып келедi. Осыдан сақтандыру төлемнiң сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрiнедi.

Сақтандыру объектісі сақтандыру қорғанысына (яғни, сақтандыру неге бағытталған) жататын сақтандырылғанның мүдессі болып табылады.

Сақтандыру пәні - сақтандыру объектісі болып табылатын материалды құндылықтар, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
Жедел іздестіру қызметінде қоданылатын техникалық құралдар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану
Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі саласында заңнаманың қалыптасу және даму кезеңдері
Азаматтардың табысына салынатын салық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz