Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу



Кіріспе

I.Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы және олардың теоретикалық негіздері

1.1 Инфляция . мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.10
1.2 Жұмыссыздық . мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10.14
1.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы. Оукен заңы, Филипс қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.16

II. Қазақстан Республикасындағы инфляция процестері және жұмыссыздықтың қалыптасу ерекшеліктері.

2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестердің қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.20
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау ... ..20.23

III. Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу.

3.1. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты ... 24.27
3.2. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30.31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда Президентіміз Н.Ә Назарбаев айтқандай,“бізге ауқымды міндет–бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты”.
2006 жылғы 1 наурыздығы ҚР Презтидентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономмикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою және жұмыссыздықты төмендету жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды және де «ақша – несие саясатының негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 5 – тен 10% - ға дейін шекте ұстау» болады, мұның өзі ел экономикасында экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқынына қол жеткізуге жәрдемдеседі.
Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғалымдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ал теориялар жасауға (болжам жасауға) әрекеттер ғана бар, оларды «дәлелдеуге» болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққо шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғылымдарда да жаратылыстану ғылымдарында да дүниетанымға білім саны («норматвтік сараптық») ықпал жасайды, бірақ соңғысының қалыптасу негізін дүниетаным, яғни «позитивті» білім қалайды.
Инфляцияның әлеуметтік құрылымы бұзылған, ол шамадан тыс жоғары жұмыссыздықты, ресурстарды ысырап етуді туындатады және адамның еркіндегіне нормативтік нұсқаулардың осындай салдарға әкелетіндігінен емес, жаңсақ дүниетанымның оларды алдын ала болжауға мүмкіндік бермейтін себебінен қатер төндіреді.
Позитивті экономиканың соңғы жетістіктері инфляцияның жұмыссыздықпен байланысын айқындайды. Осы өзара байланыстың зерттеуі үш сатыдан өтті, жеделдеу арқылы осы сатылардан инфляцияның өзі де өтеді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан 2030 стратегиясы».
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2005 ж. 18 ақпан.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2006 ж. 1 наурыз.
4. Актілер жинағы 2007 жылы №115, 116 бет
5. Ә. Алдабергенов. «Жұмыссыздық жайында» // Егемен Қазақстан 29 қараша 2006 жыл. 4 бет
6. Әубәкіров Ә.Я. «Экономикалық теория», Алматы: «Экономика», 2001
7. Е. Жангелдин. «Инфляция» // Егемен Қазақстан. 24 сәуір 2004 жыл 5 бет.
8. Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Алматы 2005жыл. 506 – 513 бет
9. Қ. Аймахан « Жұмыссыздық. Адам тағдыры» // Алматы ақшамы 27 қаңтар 2005 жыл 2 – бет
10. Мамыров Н.Қ. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы.Экономика, 2004. 59 – 91 бет
11. Интернет. www. Coogle. kz.
12. Расулов.Н. «Инфляцияның дамуы және көрсеткіштері» // Қаржы қаражат 2007 ж . Алматы № 6 24-27 б.б
13. Шеденов «Экономикалық теория негіздері», Алматы: «Экономика», 1999.
14. Хабаршы // 2007 №3 (61)
15. С. Райымқұлұлы «Экономикалықтеория негіздері» Алматы 2003 154 – 163 бет.
16. Студенттік 10 – шы конференция // 200 бет 2001ж
17. Статистикалық бюллетен. №2 2006ж. 80 – 81 бет
18. Статистикалық жинақ «Тәуелсіз Қазақстан 10 жыл» 16 – 226 бет.
19. «Экономика әлемдік классика» 4 том. Алматы 2006 жыл 304 - 309 бет.
20. «Экономика әлемдік классика» 6 том. Алматы 2006 жыл 472 – 478 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I.Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы және олардың теоретикалық негіздері

1.1 Инфляция – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі...7-10
1.2 Жұмыссыздық – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...10-14
1.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы. Оукен заңы, Филипс
қисығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14-16

II. Қазақстан Республикасындағы инфляция процестері және жұмыссыздықтың
қалыптасу ерекшеліктері.

2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестердің қалыптасу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17-20
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау ... ..20-23

III. Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді
мемлекеттік реттеу.

3.1. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты ... 24-27
3.2. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...27-29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .30-31
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық
технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің
экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда
және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда Президентіміз
Н.Ә Назарбаев айтқандай,“бізге ауқымды міндет–бәсекеге қабілетті жағынан
әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу
қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты”.
2006 жылғы 1 наурыздығы ҚР Презтидентінің халыққа жолдауында
Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру
туралы міндеті жөнінде экономмикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез
келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны
жою және жұмыссыздықты төмендету жөнінде барлық шараларды міндетті түрде
қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте
ұстап тұруды қатаң қадағалауды тапсырды және де ақша – несие саясатының
негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 5 – тен 10% - ға дейін шекте ұстау
болады, мұның өзі ел экономикасында экономикалық өсудің ең жоғарғы
қарқынына қол жеткізуге жәрдемдеседі.
Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де
қоғамдық ғалымдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ал теориялар жасауға
(болжам жасауға) әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алайда
олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққо шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғылымдарда да жаратылыстану ғылымдарында да дүниетанымға білім
саны (норматвтік сараптық) ықпал жасайды, бірақ соңғысының қалыптасу
негізін дүниетаным, яғни позитивті білім қалайды.
Инфляцияның әлеуметтік құрылымы бұзылған, ол шамадан тыс жоғары
жұмыссыздықты, ресурстарды ысырап етуді туындатады және адамның еркіндегіне
нормативтік нұсқаулардың осындай салдарға әкелетіндігінен емес, жаңсақ
дүниетанымның оларды алдын ала болжауға мүмкіндік бермейтін себебінен қатер
төндіреді.
Позитивті экономиканың соңғы жетістіктері инфляцияның жұмыссыздықпен
байланысын айқындайды. Осы өзара байланыстың зерттеуі үш сатыдан өтті,
жеделдеу арқылы осы сатылардан инфляцияның өзі де өтеді.
Бірінші сатыда жұмыссыздықтың деңгейі жалақы деңгейіне кері
пропорциянал өзгереді деп ұйғарлыған еді: жоғары жұмыссыздық жалақының
төмендеуімен,ал төмен жұмыссыздық жалақының өсуімен қатар жүреді. Осы
байланыс Филипстің қисық сызығымен көрінеді. Бұл ретте үкімет жоғары
инфляциялы төмен жұмыссыздық пен төмен инфляциялы жоғары жұмыссыздық
арасында таңдау жүргізе алады. Бірқатар елдердің тәжірибесі осындай
байланыстың болуын ылғи да растаған емес. Кейбір экономистер бұған қарсы
теориялық дәлелдер де қозғады. Сондықтан баламалы болжам (екінші саты)
ұсынылды: ақшаның жалпы санына сұраныстың тосын секірмеліліктері әкелетін
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелерді ажырату керек. Жұмыссыздық
әншейін инфляциямен емес, тосын инфляциямен байланысты;тек жеделдей түскен
инфляция ғана жұмыссыздықты тибиғи деңгейден төмен ұстап тұруға қабілетті,
ол еңбек рывногының жағдайлардың өзгеруіне бейімделу қабылетімен
анықталады (ішетін адамның организімі барған сайын өсе түскен мөлшерлерге
үйрену шамасына қарай алкогольді көбірек қажетсінетіні сияқты). Ұзақ
мерзімді Филипстің қисық сызығы осылайша вертикальға айналады:
инфляцияның тұрақты деңгейі жұмыспен қамтуды көбейтпейді. Табиғи деңгейдің
болжамалы, немесе жеделдеудің болжамалы, немесе тағы да оларды
күтулерге бейімделу болжамы деп аталатындар осындай.
Үшінші саты – инфляцияның өсуі енді жұмыссыздықты азайтуға апармайды
(бірінші сатыдағы сияқты) және оны белгілі бір деңгейде тұрақтандырмайды
(екінші сатыдағы сияқты), бірақ оны күшейтеді – демек көшкін жүреді.
Үшінші сатыны түсіндіру үшін позитивті экономиканы одан әрі жалпылау қажет;
саяси факторларды сыртқы факторлар есебінде қарамастан, оларды
экономикалық үдеріс теориясына енгізу керек (экономика тілінде ол мына
мағынаны білдіреді, оларды экзогенді емес, эндогенді деп есептеу керек).
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы өзара байланысты түсінудегі және
оларды бақылауға арналған үкіметтің саясатқа деген қөзқарастарындағы осы
аталған өзгерістер саяси ізденістердің нәтижесі емес, ал ғылыми болжамдарды
тексерудің және соңғыларды оң экономикалық талдауға енгізудің қорытындысы
болып табылады. Қателіктер экономистердің немесе саясатшылардың
қаскүнемдіктерінен емес, ал экономикалық ғылымның кемістіктерінен
туындайды.

I.Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы және олардың теоретикалық негіздері

1.1 Инфляция – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі

Инфляция термині латын сөзі – inflatio – вздутие – қампию – деген ұғым
білдіреді.
Инфляция ыдымзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775
– 1783 жылдары солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың
құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1774 ж.ж. революция кезеңінде
өндірілген қағаз ассигнанттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғаш рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та азамат
соғысы кезінде (1851 – 1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына
қолданылған күміс кесек (450 млн доллар) шығарылуына байланысты қолданыла
бастады, ал оның төлем қабылеті 2 жылдың ішінде 60% ға дейін төмендеді.
Инфляция дегеніміз қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы басқаша айтқанда айналыстағы
ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп,
осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы
инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік.
Айталық, тауар айналымы 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20
млрд. доллар шамасында шығарлды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе
құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына
зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал
мемлекет жалақыны бұр0ынғы дәрежесінен арттыруға тырысады. Ақшаның
құнысызануы халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы
базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.
Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999
жылдың) баға индексін алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып,
айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін
оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы
тауарлар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы - 158,2 болды.
Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен аңықталады:

158,2 – 154,5
Инфляция қарқыны = _________________________ х 100 = 2,3%
154,5

Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар
тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық – түлікті белгіленген
норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляциянның негізгі себептері. Инфляция тауар бағаларының өсуінен
көрінгенімен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік –
экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы
ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген
елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір мәселелерінің бірі.
Жалпы алғанда инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты, оның ішіндегі
ең бастылары:
1) Мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе — теңдігінің бұзылуы,
баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер
дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша
айтқанда ақша көп шығарылып белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді.
2) Экономиканы милитаризациялаумен байланысты инвестиция инфляцияны
өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес
шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар
бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен
қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың
өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік
қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
3) Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал олигополист
(жетілмеген бәсеке) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны
өсуді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ұмтылады. Жетілмеген
бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар
ұсынуды қысқарту жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін
олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа
өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистарге жалпы сұраныс пен
ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
4) Импроттық инфляцияның пайда болуы елдің экономикасының ашық болуы.
1997 жылы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан
әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар
бағасының қымбаттауына әкеледі. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі
шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвацяилау ұлттық валютаның құнын
жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация
отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қыматтатады, ал бұл дүниежүзілік
рынокта бәсекелестік қабылетті төмендетеді.
5) Инфляция – инфляцияны күту нәтижесінде пайда болады. Баға
деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның оан
әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап
етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да
өсуі мүмкін. өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп
қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер т.б. қымбаттайды.
Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы
факторларды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту
себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Батыс экономистері жасаған теорияларында инфляция болуының әртүрлі
себептерін айта келе, оның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс
және шығын инфляцияларын атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың
ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі
өндіріс құрал – жабдықтарын сұраныстың өсуі, өнірістік қуаттардың толық
жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу
қабілетінің жоғарлауы ( алақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға
тауар көлемінен артық ақша, бағалар өседі. Мұдай жағдайда өндірісте
жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар
ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем
қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысын тап болады, сөйтіп бағаның
жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляция бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен
түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын, шикізат
бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады.
Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір –
бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс
инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде өндіріс қуатын толық
пайдаланбауына байланысты бағалар үнемі өсіп отырады. Мысалы, ХIХ – ХХ
ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің кезінде барлық
бағалардың бірден өсуі орын алды. Мұндай құбылысты стагфляция деп атайды
Стагфляция – экономикалық дағдарыс пен өндірістің тоқырауы (стагнаця)
жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
Инфляцияның түрлері.
Инфляция бағаның өсу қарқынына байланысты үш түрге бөлінеді: жай,
қарқынды, ұшқыр.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10 – 20% дан аз) ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекеттте де
төтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2 – 3%
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1993 жылы инфляция
Францияда – 2,7%, Гермения мен АҚШ – да – 3,8% құрады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 – 20 % дан 200 – 300 – ға
дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп
соқтырады.
Ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен
500 – 1000% – ға дейін жоғары өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап,
бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих
ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы
Боливияда – 3400%, 1990 жылы Аргентинада – 2000% құрады.
Нарықта болатын инфляциялық тепе – теңдік нысандарына байланысты
инфляцияны ашық және жасырын деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына
тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде
көрінеді.
Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын – оқтын
төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сайыса береді. Ашық
инфляцияның ранық механизімін едәуір бұрмалағанымен әцтсе де оны толық
бүлдіре алмайтын көрінеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының
нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартарлык
айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем
қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе –
теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда
болады. Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып
отыр.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның
жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылап, уақытша конъюктураны
жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі
келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.
Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндей шаруашылықтың шырқын
бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол
бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі, экономика салаларының арасындағы
сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта
тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция, тұтынушының ақшадан тауарға
ауысуын күшейтіп бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға
тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып ақша – несие жүйесінің
қызметін бұзады. Бұдан басқа да халықтың жинағы құнсызданады, банктер
несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интерноционалдық бір елден
екіншісіне аударылады, халықаралық валюта және несие қатынастары
күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды бағаның күрт өсуінен
кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.

1.2 Жұмыссыздық – мәні, мазмұны, түрлері, экономикадағы ролі.

Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс еүшіне
сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан,
капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне – деген сұранысты төмендетеді. Мұндай
жағдай нарықтық экономикадағы қорлау заңының іс әрекетінің нәтижесі
объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін
өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің
әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы
пайда болады.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе
уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыспен қамту мәселесін экономиканы зертеушілер әртүрлі көзқараста
қарастырады.
1) Ағылшын священигі Мальтус халықтың өсу заңын қалыптастырады, ол
заңға сай өндірісте тамақ өнімдерін өндіру арифметикалық прогреспен
көбейеді (1,2,3,4,5, т.с.с.), ал адамдардың өсуі геометриялық прогреспен
өседі (2,4,6,8, т.с.с.). Мальтузиандықтаржұмыссыздықтың негізгі себебі осы
тамақ өндірісі мен адам өсуінің арасындағы тәуелділікте – деп, адам санын
табиғи әдістермен: соғыс, эпидемия, түрлі апаттар т.с.с. реттеуді ақтады.
2) Классикалық саяси экономия нарықты өзін өзі реттейтін жүйе деп,
онда жұмыссыздыққа мәжбүр етпейді, жұмысшыныөз еркімен жұмыс істемейді:
жалақының төмендігінен, жоғары жалақылы жұмыс іздейді т.с.с.
3) Маркстік теория жұмыссыздық капитализмге тән құбылыс, капиталдың
органикалық құрылымының өсуіне байланысты өндірістен жұмысшылар
ығыстырылады, солар жұмыссыздықтарды құрайды – деп түсіндіреді. Маркстік
экономикалық теория капитализімді жаңа қоғамдық құылыспен ауыстыру қажет
деп тұжылымдайды. Олардың тұжылымдамасына сай жұмыссыздықтың ағымдағы,
тоқырау және көріәнбейтін (аграрлық) түрлерін келтіреді.
4) Кейнсиандық теория. Кейнстің тұжырымдауынша, біріншіден, еркін бәеке
тұсындағы нарық өзін өзі реттеуші бола алмайды; екіншіден, нарық тепе –
теңдік толық жұмыспен қамтуға кепілдік бере алмайды.
5) Неоклассикалық теорияны жақтаушылардың айтуынша жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі болу керек, одан құтылу мүмкін емес.
Жүмыссыздықтың төмендегідей түрлері бар:
Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздық. Адамдар бір жұмыстан екінші
жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді, жұмыс іздейді, оны күтеді.
Осы себептерге байланысты жұмыссыз болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы
жұмыссыздар – дейді. Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті
қажеттілікпен қозғалысына байланысты.
Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс орнының
құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.
Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным құрылымын
өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрлымы бұрынан келе жатқан (ескі
технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай келмейді, осыған байланысты
жұмысшылардың белгілі бір бөлігі өндірістен ығыстырылып, құрылымдық
жұмыссыздарды құрайды.
Егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және құрылымдық түрлері болса,
онда жұмыссыздық жоқ – деп есептеледі.
Технологиялық жұмыссыздық – ғылыми – техникалық прогреспен байланысты
(ҒТП). ҒТП – жоғары қарқынмен дамыған кезде жұмыс орындары босайды, оның
саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП – тің ерекшеліктері де бар.
Технологиялық зерттемелердің еңбек сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет
жасау үшін жұмыс күші тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуін
алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуде әсер ететін
шараларды қарастыру қажет.
Циклдық жұмыссыздық – экономикалық дағдарыста өндірістің төмен
құлдыраған кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі жалпы тұтынушы
және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен сипатталады. Тауар мен
қызметтерге жалпы сұраным қысқарып, жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы
себепке байланысты, оны сұраным ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит)
байланысты жұмыссыздық деп те атайды.
Көрінбейтін немесе маусымдық жұмыссыздық – белгілі бір уақытта жұмыс
істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристерге
қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.
Аймақтық жұмыссыздық – жеке аймақтарда тарихи, демографиялық,
әлеуметтік – психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Мысалы, көмір
өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтары. Әлемдік тәжірибе бойынша
жергілікті мемлекеттік органдар бұл мәселені шеше алмайды. Оны жалпы
мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді.
Жұмыссыздықтың оның деңгейімен өлшенеді.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттілер
санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – деп атайды.
Жұмыссыздық деңгейі елдің экономикалық жағдайының негізгі
көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны өте тура көрсеткіш деп толық айтуға
болмайды. Себебі, ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек
алады, солар ғана есептейді.
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасы
жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде
есептеледі.

Жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі = _______________________________ Х
100%
Жұмыс
күшінің саны

Жұмыс күші дегеніміз – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы.
Ол мына төмендегі формула бойынша есептеледі:

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.

Экономикалық теорияда жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – деген ұғымды
пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әртүрлі 2
пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден
асырмау бағытында іс – шаралар жүргізуге міндетті.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1. ЖҰӨ нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін
пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірден
бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та
қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің араласуы
қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек
биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек
көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың әйелдер, зейнеткерлер, жастар)
ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны
осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы өзгешелеу.
Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы
әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса
жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтатпайтын нақты тұрған еңбек
нарығы болмай түр. Мысалы, көмір және тау – кен өндіру, мұнай өңдеу
аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін
қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі
жұмыссыздардың үштен екісі әйелдер құрайды. Осыған сай республикада біршама
іс – шаралар жүргізілді. Мысалы, 2000 ж 1 қаңтарынан бастап Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы жаңа Заңы,
Халықты жұмыспен қамту туралы Заңдар қабылданып күшіне енді. Ол заңдар
Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбек еріктілігіні деген
конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек
қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықты
жұмыспен қамту салаларындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизімі құқықтық
негізіндегі, арнайы мемемелер бөлімшелерін, экономикалық тетіктер жүйесін
ендіреді. Осы жағдайда мемлекет әлеуметтік саясатында міндетті шаралар
жүргізуге міндетті: әсірес, жұмыссыздарға жәрдем төлеу, біліктілікті
арттыру мен жаңа жұмыс орнын құру және әлеуметтік саясат және т.б.
Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары (тұрғындарды
жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет
жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіперкер
арасындағы делделдіқ іс – әрекет жүзеге асады.

1.3 Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы. Филипс қисығы, Оукен
заңы.

Жұмыссыздықпен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс
болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп аталады
(ағылшын экономисі А.В. Филипстің атымен аталған және жұмыссыздықты
қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің заңдылығын ол алғаш рет
1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). Бұл Филипс қисық сызығы
график түрінде былай көрінеді:
Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің
өзара өзгеруін көрсетеді. Бұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық
жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді, және керісінше,
жұмыссыздықтың азайуы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуін
итермелейді.
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы
өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық
саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі (салықтар нарық және басқа
тұтқалар) жасалып шығарылады. Швед экономист – ғалымдары Еста Рен (1913
ж.туылған) және рудольф Мейднер (1914 ж. туылған) 50 – жылдары
жұмыссыздыққа қарсы әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін
ұсынды. Ол тарихта РенМейднер моделі деген атпен белгілі. Бірақ Филипс
қисық сызығындағы қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша,
көп еңбекпен қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес.
Инфляция баға индексі (екі әр түрлі уақыт кезіндегі тауарлар мен
қызметтердің ара қатынасын білдіретін көрсеткіш) арқылы өлшенеді. Ағымдағы
жылдың инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

Pa Pµ
U = _______________ х 100%


Мұндағы:
U – инфляция деңгейі
Pa – ағымдағы мерзім бағасы
Pµ өткен мерзімдегі баға

Инфляция деңгейі, әдетте, бір жылға есептеп шығарылады. Тіпті егер ол
бір ай үшін есептелседе, онда алынған шаманы жылма – жылғы деңгейге дейін
жеткізу керек. Мысалы, 1995 жылдан қаңтар айында инфляция ішіндегі инфляция
деңгейі 1176,0% ды құрайды.
Инфляцияның бірте – бірте тереңдеуіне байланысты экономиканы уақытша
жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға
айналады.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің
пропорциясы бұзылады, ақша – несие, қаржы және механизімі бүлінеді, елде
әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық
экономикалық қарым – қатынастарды, жұмыс күші ұдайы өндіру шарттарын
бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады,
экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді. (сурет
1)

Филипс қисық сызығы



‌.

Сурет 1

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелдік бар? Жұмыс
істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты
жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты
жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін
тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз
тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур
Оукеннің есімімен Оукен заңы деген аталды (сурет 2).

Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы

Сурет 2.

Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі. Сурет
пиктограмма болып табылады, ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі
болып табылады (бұл жағдайда – белгілі бір жыл бойынша). Горизонталь осы
бойынша өткен жылмен салыстырылған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі
көрсетілген, ал аертикаль ось бойынша – пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің
өсімі қарқыны көрсетілген. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты
ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген.
Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады, яғни
мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен,каптиалдың
жиналуымен және ғылыми – техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп, 30%
құрайды. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарлануына 1% ға,
нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2% ға төмендетеді. Сол себепті,
жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8% ға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай
құрайды: 3 – 2 х (8 – 6) = 7%.
Осыған байланысты Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты
ЖҰӨ көлемі 1% төмендейді.
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:

Ү – Ү*
_______________ – β (U – U*)
Ү*

Мұндағы:
Ү – нақты өнім көлнмі;
Ү* - потенциалды ЖҰӨ;
U – нақты жұмыссыздық деңгейі;
U* - табиғи жұмыссыздық деңгейі;
β – эмпирикалық коэффицент.

II. Қазақстан Республикасындағы инфляция процестері және жұмыссыздықтың
қалыптасу ерекшеліктері.

1.2. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестердің қалыптасу
ерекшеліктері

Ресми баға көрсеткіштерінде мемлекеттік органдар әкімшілік – белгілеген
бұрынғы Кеңес Одағы дәуіріндегі экономиканың айрықша түрі болатын. Оларды
көтеру жөніндегі мәселе мерзім сайын қайта қаралғанымен, ашық инфляцияның
жалпы деңгейі аса жоғары болмады. Кеңес Одағыыдырап, тәуелсіздік алған
Қазақстан бағаны еркін ырықтандыруға өтетін нарықтық қатынастарды дамыту
негізінде ірі көлемді реформалар бағдарламаларын жүзеге асыруға кірісіп
кетті. Өйткен кезеңдегі бағалардың өзгеруіндегі түрлі қарқындар нақты
мерзіммен сипатталатын инфляцияның пайда болуының көптеген түрлеріне жол
берді. Олардың басымдары: бағаны босату мен бағаны белгілеудің шығынды
сипаттары, нарықта бәсекеге қабілетті орта құру және табиғи монополистар
саласындағы өнімдердің қымбаттауын шектеу, сондай – ақ инфляциялық
болжамдар мен ұлттық валютаның девальвациясы.
1991 жылы бағаларды әкімшілік реттеу әлі де болса сақталған кезде, оны
көтерілуі жасырын сипатқа ие болып, жылына 247,1% құраған болатын
(желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға). Бағаны босату саясатына (Бағаны
босату шаралары туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің
1992 жылға 3 қаңтардағы №3 Қаулысы) ақшалай эмиссиямен бірге өту халықтың
жеке тұтынуы үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтеріне бағалардың
бақылауысыз өсіміне әкелді. 1992 – 1993 жылдары елімізде гиперинфляция
байқалды, бұл жағдайда бағалардың ай сайынғы өсімі екі санмен өлшенетін
деңгейде бір қалпын ұстап тұрды. 1992 жылы жылдық инфляция 3061% құрады,
1993 жылы – 2265%.
Инфляцияны жаншуға бағытталған ақшалай – кредиттік саясатты шектеу
шараларын қабылдау. Ұлттық валютаны енгізу және бағалардың негізсіз өсуін
ескерту бойынша іс – шараларды жүзеге асыру мен теңгенің тұрақтылығын
қамтамасыз ету (Ұлттық валюта енгізу жағдайында бағаның өсуін шектеу
бойынша төтенше шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1993 жылғы 12 қарашадағы №1121 Қаулысы) келесі жылдары оның өсу
қарқынын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. 1994 жылы республикамызда
жоғары инфляция мерзімі аяқталады. Оның деңгейі 1258% құады, ал 1995 жылы
ол 60,3% - ға дейін баяуланды.(сурет 3)

Қазақстан Республикасындағы инфляция

пайыздық
өсім

Сурет 3

1996 жылдан бастап , дағдарысқа қарсы шаралар қабылдау нәтижесінде,
валюталарға қатысты теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, республикадағы
макроэкономикалық жағдай айтарлықтай жақсарып, инфляциялық процестердің
баяу өшуге бетбұрыс байқалды. Бағаның жылдық өсімі 1996 жылы 28,7% құрады,
1997 жылы – 11,2%, ал 1998 жылы республиканың тәуелсіздігі кезеңінде
инфляцияның ең төмен деңгейі тіркелді – 1,9%.
1999 жылы республикамызда сәуірден бастап теңге бағамын еркін аумалы
айырбастау режиміне көше бастағаннан кейін инфляцияның көтерілуі қайта
байқалды. Ұлттық валютаның девальвациясының едәуір қарқыны, Азия мен Ресей
дағдарыстарының салдары, инфляциялық болжаулар мен халықтың тұрақсыз төлем
қабілеттілігінің сұранысы осы жылғы тұтыну рыногында бағаның 17,8% өсуіне
ықпал етті. Теңгенің айырбастау бағамының салыстырмалы тұрақтылығы,
әлемдік қаржы және тауар рыногындағы жайлы конъюктура,өндірістің
айтарлықтай өсімі 2000 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
Жұмыссыздықпен күрес
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Қазақстандағы инфляциялық процесстер
Пәндер