Болашақтың соққысы



Сіз таңертең оянғаныңызда ұзақ жылдардан бері өмір сүріп келе жатқан әлеміңіздің өзгергенін көресіз. Үйреншікті болған жайттың бәрі өте аз уақыт ішінде мүлдем өзгеріп кеткен. Айталық, өткен жылы ғана осы күн ұлы мереке саналатын. Сіз көгілдір экран алдында отырып, мерекелік шеруді тамашалағансыз. Достарыңыз қоңырау шалып, түрлі-түсті құттықтау хаттарын алғансыз. Бұл күн сіз үшін әлі де мереке саналады. Бірақ ешкім қоңырау шалып, құттықтаған жоқ. Мереке сырттай қараған адамға ғана өмір сүріп тұрған сияқты. Ал, іс жүзінде ешкім тойламайды. Онда оның керегі не?
Сіз дүкенге барып, ондағы бағаның шарықтап кеткеніне қайран қаласыз. Жоқ, бүгінгі күннің мереке емес екендігіне көндігуге болар, ал мұндай бағаға!.. Кім ойлаған, пияздың бір бумасы... Немесе вазелиннің бір құтысы... Шамасы, алда бұдан да көп сынақтар бар болғандықтан, келісу керек те шығар. Бірақ жаныңыз мұндай өзгерістерге бой үйретіп үлгермейді. Әлем сізге дұшпан секілді көрініп, түсініксіздігімен үрейлендіреді...
Өзі мекен ететін кеңістігі кенеттен тарылып кеткенін сезген қасқыр инфаркт алады екен. Ал, кенеттен өзге ұлт өкілдері жайғасқандықтан көрші ауданға бара алмайтынын білген адамға не болуы мүмкін? Барлық құндылықтар бірден өзгеріп кетті. Мұғалім кей кездері балаларға не айтарын білмейді – уақыт өзгерген. Ғалым қоғамдық дәрежесін жоғалтқанына қынжылады. Сәл уақыт бұрынғы болашағы бар мекеменің қызметкері күтпеген жерден жұмыссыз қалады. Үш рет марапатталған қызыл шырайлы директор өз орныма қайтып келетін шығармын деп үміттенеді. Алайда, үміттің өзі түгесіліп барады...
Адамзат баласы – өзінің әсер етуі жағынан қатерлі дертке тең, бұрын байқалмаған психологиялық күйге душар болып отыр. Бұл ауру – «футурошок», яғни «болашақтың соққысы» деп аталады. Адамзат – жер асты байлығының түгесілгендігінен, атом энергиясы бақылаудан шығып кеткендіктен немесе табиғаттың бұзылуынан өлмеуі мүмкін. Олар психологиялық ауырлықты көтере алмағандықтан өледі...
Бұл – басына өзгерістер селі төнген кезде адамдар қандай күйге тап болатыны жайлы, яғни, біз болашаққа қалай үйренісеміз немесе үйреніспейтініміз туралы кітап. Болашақ туралы көп жазылды. Менің болашақ әлем туралы жазылған көптеген кітаптарымда қатқыл сарын басым. Ал бұл беттер ертеңгі күннің жұмсақ жағына арналған. Бұған қоса бұл кітап – біз ертеңгі күнге қалай бара жатқандығымыз туралы баяндайды. Достық пен отбасылық өмірдің болашағы зерттеледі. Түрлі жаңа бұқаралық мәдениеттер мен өмір сүру дағдылары қарастырылады. Кітаптағы секілді, өмірде де мұның бәрін қазіргі кездегі ең күшті өзгерістер тасқыны біріктіреді. Бұл тасқын дәстүрлі институттарды төңкеріп, құндылықтарды қозғалтып, тамырымызды құрғатады. Өзгеріс – біздің өмірімізге болашақты енгізетін процесс. Сондықтан оған тек ұлы тарихи көрініс деп қана қарамай, оны сезінетін, өмір сүріп отырған тұлғалар тарапынан да мұқият қарау маңызды. Біздің уақытымызда өзгерістердің шапшаңдауы – өзінше бір апатты күшке айналып отыр. Бұл күштің өзіндік психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік зардаптары бар. Кітап – егер де адам өз ісіндегі және тұтас қоғамдағы өзгерістердің жылдамдығын бақылауға алуды тез үйренбейтін болса, жаппай бейімділік кері кететінін сенімді түрде дәлелдейді.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Элвин Тоффлер

Болашақтың соққысы

Сіз таңертең оянғаныңызда ұзақ жылдардан бері өмір сүріп келе жатқан
әлеміңіздің өзгергенін көресіз. Үйреншікті болған жайттың бәрі өте аз уақыт
ішінде мүлдем өзгеріп кеткен. Айталық, өткен жылы ғана осы күн ұлы мереке
саналатын. Сіз көгілдір экран алдында отырып, мерекелік шеруді
тамашалағансыз. Достарыңыз қоңырау шалып, түрлі-түсті құттықтау хаттарын
алғансыз. Бұл күн сіз үшін әлі де мереке саналады. Бірақ ешкім қоңырау
шалып, құттықтаған жоқ. Мереке сырттай қараған адамға ғана өмір сүріп
тұрған сияқты. Ал, іс жүзінде ешкім тойламайды. Онда оның керегі не?
Сіз дүкенге барып, ондағы бағаның шарықтап кеткеніне қайран қаласыз.
Жоқ, бүгінгі күннің мереке емес екендігіне көндігуге болар, ал мұндай
бағаға!.. Кім ойлаған, пияздың бір бумасы... Немесе вазелиннің бір
құтысы... Шамасы, алда бұдан да көп сынақтар бар болғандықтан, келісу керек
те шығар. Бірақ жаныңыз мұндай өзгерістерге бой үйретіп үлгермейді. Әлем
сізге дұшпан секілді көрініп, түсініксіздігімен үрейлендіреді...
Өзі мекен ететін кеңістігі кенеттен тарылып кеткенін сезген қасқыр
инфаркт алады екен. Ал, кенеттен өзге ұлт өкілдері жайғасқандықтан көрші
ауданға бара алмайтынын білген адамға не болуы мүмкін? Барлық құндылықтар
бірден өзгеріп кетті. Мұғалім кей кездері балаларға не айтарын білмейді –
уақыт өзгерген. Ғалым қоғамдық дәрежесін жоғалтқанына қынжылады. Сәл уақыт
бұрынғы болашағы бар мекеменің қызметкері күтпеген жерден жұмыссыз қалады.
Үш рет марапатталған қызыл шырайлы директор өз орныма қайтып келетін
шығармын деп үміттенеді. Алайда, үміттің өзі түгесіліп барады...
Адамзат баласы – өзінің әсер етуі жағынан қатерлі дертке тең, бұрын
байқалмаған психологиялық күйге душар болып отыр. Бұл ауру – футурошок,
яғни болашақтың соққысы деп аталады. Адамзат – жер асты байлығының
түгесілгендігінен, атом энергиясы бақылаудан шығып кеткендіктен немесе
табиғаттың бұзылуынан өлмеуі мүмкін. Олар психологиялық ауырлықты көтере
алмағандықтан өледі...
Бұл – басына өзгерістер селі төнген кезде адамдар қандай күйге тап
болатыны жайлы, яғни, біз болашаққа қалай үйренісеміз немесе
үйреніспейтініміз туралы кітап. Болашақ туралы көп жазылды. Менің болашақ
әлем туралы жазылған көптеген кітаптарымда қатқыл сарын басым. Ал бұл
беттер ертеңгі күннің жұмсақ жағына арналған. Бұған қоса бұл кітап – біз
ертеңгі күнге қалай бара жатқандығымыз туралы баяндайды. Достық пен
отбасылық өмірдің болашағы зерттеледі. Түрлі жаңа бұқаралық мәдениеттер мен
өмір сүру дағдылары қарастырылады. Кітаптағы секілді, өмірде де мұның бәрін
қазіргі кездегі ең күшті өзгерістер тасқыны біріктіреді. Бұл тасқын
дәстүрлі институттарды төңкеріп, құндылықтарды қозғалтып, тамырымызды
құрғатады. Өзгеріс – біздің өмірімізге болашақты енгізетін процесс.
Сондықтан оған тек ұлы тарихи көрініс деп қана қарамай, оны сезінетін, өмір
сүріп отырған тұлғалар тарапынан да мұқият қарау маңызды. Біздің
уақытымызда өзгерістердің шапшаңдауы – өзінше бір апатты күшке айналып
отыр. Бұл күштің өзіндік психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік зардаптары
бар. Кітап – егер де адам өз ісіндегі және тұтас қоғамдағы өзгерістердің
жылдамдығын бақылауға алуды тез үйренбейтін болса, жаппай бейімділік кері
кететінін сенімді түрде дәлелдейді.
1965 жылы Horizon басылымында жарияланған мақаламда мен –тұлғалардың
бойында өте аз уақыт ішінде аса үлкен өзгеріс тудыратын бүлдіруші стресс
пен бағыттан адасушылықты бейнелеу үшін, алғаш рет болашақтың соққысы
деген терминді қолдандым. Бұл идеяға құмартқандықтан, келесі бес жылымды
университеттерге, зерттеу орталықтарына, зертханалар мен үкіметтік
агенттіктерге барумен, сансыз мақалалар мен ғылыми баяндамаларды оқумен,
болашақ пен өзгерістердің түрлі аспектілерімен айналысатын жүздеген
сарапшылармен әңгімелесумен өткіздім. Нобель сыйлығының иегерлері,
хиппилер, психиатрлар, дәрігерлер, бизнесмендер, кәсіби футурологтар,
философтар және білім саласындағы мамандар — өзгеріске, бейімделуге
қатысты өз пікірлерін, болашаққа қатысты үрейлерін білдірді. Осы
тәжірибенің арқасында мен өзімді мазалаған жайттың екі қорытындысын
шығардым.
Біріншіден, болашақтың соққысы – болар-болмас әлеуетті қауіп емес,
ересек адамдардың барлығы ауыратын нақты дерт екендігі белгілі болды. Бұл
психобиологиялық күйді медициналық, психиатрлық терминдермен түсіндіруге
болады. Бұл – өзгерістің ауруы.
Екіншіден, мен – қоғамды кең көлемді өзгеріске шақырып, бізді сол
өзгеріске дайындайтындардың іс жүзінде бейімделгіштік туралы өте аз
білетіндіктеріне көзім жеткенде абыржитын болдым. Салмақты зияткерлер
өзгеріске бағытталған білім немесе адамдарды болашаққа даярлау туралы
батыл атқан болады. Бірақ, шынына келгенде, біз мұны қалай жүзеге асыру
керектігі туралы түк те білмейміз. Жылдам өзгеріп жатқан қоғамда өмір сүріп
отырғандықтан, бұл проблемалардың шешімін таба алмаймыз.
Қазіргі психологтар мен саясаткерлер өзгеріске деген кейбір тұлғалар
мен топтар көрсететін сыртқы иррационалды қарсылықтарға абдырап қалады.
Бөлімді қайта жасақтағысы келген корпорация басшысы, жаңа әдіс қолданғысы
келген оқытушы, өз қаласындағы бейбіт нәсілдік интеграцияға ұмтылған мэр –
барлығы да осындай іштей қарсылыққа тап болады. Қалай десек те, біз мұның
қайдан шыққаны туралы аз білеміз.
Мұндай жағдайда бұл кітаптың мақсаты – болашақпен келісімге келуге
жәрдемдесу. Яғни, біздің түсінігімізді тереңдете отырып, жеке және
әлеуметтік өзгерістердің барлығына да өзгелер секілді жауап қата білуге
көмектесу. Осыдан барып бұдан бейімділіктің жаңа, жалпы теориясы шығады.
Ол сондай-ақ жиі байқала бермейтін, бірақ маңызды айырмашылыққа назар
аударады. Өзгерістің әсері саласындағы зерттеулерде басымдық –өзгерістің
жылдамдығына емес, сол өзгеріс бізді қайда апарады дегенге көбірек
беріледі. Ал бұл кітапта мен өзгерістің жылдамдығы – оның бағытына
қарағанда әлдеқайда маңыздырақ екендігін көрсетуге тырысамын. Бұл факт
мойындалмаса, бейімділікті тану талпынысының ешқайсысы жемісті бола
алмайды. Өзгерістің мазмұнын айқындайтын кез-келген әрекет осыны басшылыққа
алуы керек.
Уильям Огберн өзінің атақты мәдени артта қалушылық теориясымен
қоғамның түрлі бөлігінде орын алатын өзгерістің теңеспеген жылдамдығынан
әлеуметтік стресстің қалай туатынын көрсетіп берді. Болашақтың соққысының
тұжырымдамасы мен одан шығатын бейімділік теориясы – түрлі бөліктегі
өзгерістердің жылдамдығы арасында ғана емес, орта өзгерісінің жылдамдығы
мен адамзат әсерінің шектелген жылдамдығы арасында да тепе-теңдік болу
міндетті екендігін айқын дәлелдейді. Өйтпеген күнде, болашақ соққысының
себебі – олардың арасындағы ұлғайған жікке айналары сөзсіз.
ХХІ ғасырда миллиондаған қарапайым, жүйке жүйесі қалыпты адамдар
болашақпен шапшаң қақтығысқа түседі. Әлемдегі ең бай және техникалық
дамыған елдердің азаматы болған олардың көбісі – біздің заманымызға тән
өзгерістердің талаптарына үлкен еңбекпен ілесіп отырады. Олар үшін болашақ
өте тез келеді.
Батыс қоғамы соңғы үш жүз жылда өзгеріс тасқынының астында қалды. Бұл
тасқын қазір күш жинап жатқанға ұқсайды. Ол сөйтіп өзгерістер жоғары
дамыған елдер арқылы айтарлықтай ықпал ететін болады. Сондай-ақ, олар
(өзгерістер) он екі жасында балаға ересек адамға ұқсайтын балалар секілді,
елу жасында он екі жасар баладай болып көрінетін ересек адамдар сияқты
таңқаларлық жандарды дүниеге әкелді.
Қазір бізге қол жетпейтін болып көрінетін нәрсенің көбісі – шындық
кейде калейдоскоп секілді болып көрінетін өзгерістердің жылдамдығымен
қарасақ, түкке тұрмай қалар еді. Өйткені, өзгерістердің шапшаңдауы тек
өндіріс пен елдерге ғана соққы болмайды. Бұл – біздің жеке өмірімізге
тереңдей еніп, рухани тепе-теңдігімізді бұзып, психологиялық ауруға
ұшыратып, жаңа қауіппен бетпе-бет келтіріп, жаңа бір рөлде ойнауға мәжбүр
ететін нақты күш. Бұл жаңа ауруды болашақтың соққысы деп атауға болады.
Оның белгілері мен себептерін білу көп нәрсені түсінуге көмектеседі.
Болашақтың соққысы терминіне параллель мәдениеттің соққысы термині
де жалпы қолданысқа ене бастады. Мәдениеттің соққысы – ештеңеден бейқам
саяхатшы жаңа бір жерге келіп түскенде, сол жердегі өзге мәдениеттің
саяхатшыға ететін ықпалы. (Ғаламдық Корпустың еріктілері бұл ықпалды Борнео
мен Бразилияда сезінген. Марко Поло да бұдан Катаиде зардап шеккен болса
керек). Яғни мәдениеттің соққысы – саяхатшы кенеттен иә деген сөз жоқ
дегенді білдіретін, келісілген бағаның айналасында келіссөздер
жүргізілетін, қабылдау бөлмесінде күту қорлық болып есептелмейтін, күлкі –
ашуды білдіретін жерге тап болғанда бастан кешетін күй. Бұл соққы қарым-
қатынастарға сызат түсіріп, жағдайды еркіне бағындырудан айырып, ақиқатты
қате түсінуге алып келеді. Соған қарамастан, мәдениеттің соққысы өзіне
қарағанда салмақты дерт болашақтың соққысына қарағанда әлдеқайда
жұмсағырақ. Болашақтың соққысы – бас айналдырарлық адасуға бастайтын,
болашақтың мерзімінен бұрын келу оқиғасы. Ол ертеңгі күннің ең қатерлі
ауруы болуы әбден мүмкін.
Сіз болашақтың соққысын Index Medicus-тан немесе қандай да бір
психологиялық ауытқулардың анықтамалығынан таба алмайсыз. Бірақ, онымен
күресуде оңтайлы қадамдар жасалмаса, миллиондаған адамдар жоғары дәрежеде
бағыттарынан адасып, өз орталарымен тиімді байланыс жасауға қабілетсіз бола
бермек. Егер біз түсініп, бұл дертті емдемесек қазіргі өмірден көріп
отырғанымыздай, келешек өмірімізде бетпе-бет келетініміз –
қанағаттанбаушылық, жаппай жүйке ауруы, тиімсіздік пен кеңінен қанат жайған
зорлық-зомбылық болады.
Болашақтың соққысы – қоғамдағы өте жылдамдап бара жатқан өзгеріс
қарқынының өнімі. Ол ескі мәдениетке жаңа мәдениетті әкеліп таңғанда
туындайды. Былай қарағанда мәдениеттің соққысына келіңкірейді. Бірақ оған
қарағанда әлдеқайда жаман. Өйткені, ғаламдық Корпустың қатысушылары (ескі
саяхатшылардың көпшілігі) өздері шыққан мәдениет олар ол жерге қайта
оралғанда да өмір сүріп тұратынын біледі. Ал болашақтың соққысына ұшыраған
адам мұны білмейді.
Тұлғаны өз мәдениетінің тамырынан айырып, кенеттен өз ортасынан уақыт,
кеңістік, еңбек, махаббат, төсек қатынасы, дін және басқа да құндылықтар
жөніндегі түсінігі айтарлықтай өзгеше ортаға орналастырып, өзіне біршама
таныс әлеуметтік көрінісін қайта көруге деген үмітін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Команда құрамы және ойыншыны айырбастау
Жылу соққысы - жедел экзогендік гипертермия
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Құрылыс жұмыстарына арналған цемент
Ойыншыларды алаңға орналастыру
Күй функциясы
Ракетканың жабық жағынан жоғарыдан соққы
Электрқауіпсізідігі
Волейболда допты берудің тәсілдері
Лазер
Пәндер