ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қолжазба құқығында
МОЛЛАҚАНАҒАТҰЛЫ САЙПУЛЛА
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мамандығы 6N0206
Дінтану магистр академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші: ф. ғ. д., профессор Д. Т. Кенжетаев
қолы
Түркістан 2010 ж.
Мазмұны
Кіріспе
І бөлім: Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларының мазмұндық сипаты
А. Диуани Хикмет тақырыптары
Ә. Мират ул қулуб
Б. Фақрнама
ІІ бөлім: Қожа Ахмет Ясауидің «Рисала дар адаби тариқат» рисаласы
А. Исламның этикалық негіздері
Ә. «Рисала дар адаби тариқат» рисаласының қазақ мұсылмандық түсінігіндегі орны
Қорытынды
Қосымша: мәтін, аударма, факсимиле, сөздіктер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Түркілік ислам өркениетіне жол салып, түркілік дүниетанымдық ойлау қабатында иман нұры арқылы жаңа құндылықтар әлемін ашқан кемеңгер әулие Қожа Ахмет Ясауи халқымыздың жадынан, киелі тарихи сахынасынан өшпестей орын алған[1, 308 - б. ] . Қожа Ахмет Ясауи - жалпы түркілік мәдениет кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, ойлау қалыптарымыз бен дүниетанымдық жүйемізге исламдық құндылықтар негізіндегі ар түзейтін ғылымның моральдық-этикалық арнасы мен үлгісін көрсетіп кеткен тарихи тұлға. Оның тұлғасы дәстүрлі түрік философиясындағы циклдік ойлау жүйесі мен сопылық дүниетаным негізінде тарихи жадымыз бен рухани құндылықтарымызды топтастырған «Аталар жолы теориясының» орталық ұстынына айналады. Өткен тарихымыздың өн бойында, ұлттық діліміздің тұғыры болған түркілік рухани құндылықтар әлемі осы аталар жолы шеңберінде мәдени танымдық болмысымызды сақтап келеді. Кейінгі ғасырларда Ясауи мұрасын насихаттау барысы мен зерттеулер нәтижесінде ерекше дәстүр қалыптасты[1, 4 - б. ] деп жазады танымал ясауитанушы Профессор Досай Кенжетай. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «сындарлы он жыл» атты кітабында: «Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға - Қожа Ахмет Ясауи, оның кесенесі байырғы Түркістанға орналасқан. Ясауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында ислам канондары мен далалық дәстүр үндестік тапты»[2, 104 - б. ] деп жазды. Ғалымның түйінді ойы мен Елбасының жазған пікірі айтылмай келген талай шындықтың беташары сықылды, ізденушілерді «ясауитануға» қызықтыры хақ. Қ. А. Ясауидің өміріне байланысты әр түрлі пікір айтылып келеді. Ғалым Зікірия Жандарбектің 2006 жылы жарық көрген «Ясауи жолы және қазақ қоғамы» атты ғылыми зерттеу еңбегіндегі түйінді пікірі бабамыздың жасына байланысты әр түрлі пікірге нүкте қойғандай. Аталмыш кітапта: Қожа Ахмет Ясауи ХІ ғасырдың бірінші жартысында көне Сайрам қаласында дүниеге келеді. Ясауия тариқатының тарихы болып табылатын «Насаб-нама» нұсқаларында Қожа Ахмет ясауидің 120 - 125 жыл өмір сүргендігі жазылған. Ал «Насаб-наманың» ХІХ ғ. Соңында Ташкентте жарияланған нұсқасында, Қ. А. Ясауидің 125 жыл өмір сүріп, 562/1166-67 ж. қайтыс болғаны жазылады. Осы дерекке сүйенген белгілі зерттеуші М. Жармұхамедов Қ. А. Ясауи 1040-41 жылы дүниеге келген деп есептейді [3, 26 - б. ] делінген. Ахмет Ясауидің жақсы оқымысты екендігі, араб тілі мен парсы тілін және ислам ілімдерін терең меңгергендігі анық. Әхлі Сүннет уал жамағаттің ішіндегі Ханафи мәзхабында болған. Жастайынан Қожа Ахмет кереметтерімен, одан кейін жеңіл тілдік әдісті пайдаланып айтқан хикметтері арқылы Түркістандықтарға таныла бастады. Ясауидің бұл әрекеті көшпелі халықтың көңілінен шықты[166 - бет] .
Ясауи ілімі - адам және оның психологиялық ерекшеліктерін, рухани арылу концепциясының практикалық ұстанымдары мен моральдық ұстындарын қамтитын ілім. Ясауи адамның мәнін «рух» деп танып, оның психологиялық ерекшеліктерін Құранның аяттарымен үндестікте, ал рухани жетілу концепциясының практикалық ұстанымдары мен мораьдық ұстындарын адаммен және қоғамдық өмірмен тұтастықта қарастырған. Ясауи ілімі - адамның ішкі тәжірибесінің де табиғат сияқты берік таным көзі екендігін көрсеткен даналық (хикмет) философиясы. Оның хәл (хикмет) ілімі адамдық санамен «меннің» қуаттарын бір орталыққа жинау қабылетін көрсетіп, адамның кемелдігін рухани еркіндік арқылы анықтайды. Мысалы «кемел адам» концепциясында «өлмес бұрын өл» және «өзіңді таны» ұстанымдары арқылы адам рухының сипаттық тұрғыдан кемелденуін танымдық-гносеологиялық жеті «йақин» категорияларымен ашып көрсеткен. Жалпы сопылық дүниетанымда құдайлық ақиқатты танудың үш дәрежесі болса (илм ал-йақин, айн ал-йақин, хақ ал-йақин), ал Ясауи ілімінде ақиқатты танудың жеті дәрежесі бар, (исм-ул йақин, илм-ул йақин, айн-ул йақин, хақ ул-йақин, хақиқат-ул хаққ-ул йақин, Аллаһул хаққ-ил йақин) . Осы «йақин» арқылы адам онтологиялық тұрғыдан болмыстың бірлігінің мәніне жетеді. Бұл - түркілік сопылық дүниетанымды басқа сопылық мектептерден ерекшелеп тұрған маңызды құбылыс[1, 310 - б. ] . Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани Хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты мұраларынан көрінеді. Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершлік ахлақи мәртебесіне және «инсани камил» дәре-жесіне жету мәселесін қарастырады. Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теориялық негізі шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні - «адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты тануы». Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) - «тәуба», соңғысы «құлдық» (убудийат, абд) . Бұл жолдағы адам «жаратылған - мен» «екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парзы - «Алла мен адамның және адам мен қоғамның» арасында «көпір - жол» болу екендігін ұғынады. Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам. Адам «кемелдікке» жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары - хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы - Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай - су мен топыраққа телінеді. «Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа» - дейді ол. Сопылық мағынада «топырақ» - адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымшылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік - адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер Ясауидің кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін симбодық ұғымдар қолданылады: «Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ: Хаққа қауышар ма екем деп - рухым муштақ». Бұл сопылық мағынада «уи-сал» мақамы білдіреді, Топырақ болу «, нәпсіден арылу - Хақка кауышудын бірінші шарты. Осыдан ксйін адам ақикаткд жетіп. инсани кәміл дәреже-сіне үласып, өзінің Хақка бастар «жол» екендіпнін мө-ніне қанығады. «Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін» дегсндегі мақсат осы- 5 ған саяды. Өйткені сопылық атауда вулиелер мен пірлер-дің клбірін де «топырақ» дей-ді. Ясауи дүниетанымында әулие - даңғыл жол, өйткені ол - халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға. Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты - топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. «Дертсіз адам адам емес, мұны анла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда». Осы хикмет жолынндағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамыңн күйттейтін жан. «Ашқсыз адам» - илаһи фитраттан, яғнн Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға. табиғатқа осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде «Білімің - шырақ, халің - пілте, көз жасың - жағатын май» болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты - Хаққа құлшылық ету (ибадат) . Ол «Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін» - дейді. Бұл ибадат (убудийат) - Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. «Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар» деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсет, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Ясауи ілімі - дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Ясауи даниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», соңдай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбзсары ретінде бағалайды (қ. Сопылық) . Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын Һәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде» - деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Адладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаһи ашқ - Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік - адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сан-сыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдес, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық талдау. Сондықтан да Ясауи «Қай жерде ғаріп көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали «өлімнің ақиқатын түсіну үшін өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың» дейді. Оның ілімінде нәпсі - жамандықтың, рух - жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту «ашқ» мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. «Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен . . . » «Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни . . . » Бұлар - «өлмес бұрын өлу» философиясына тән хикметтер. Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, «шынайы өмір» деп, рухтың нәпсіден арылып, илаһи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды «өлілер» және «тірілер» деп қарауға болады. Бұл жердегі «өлі» және «тірі» ұғымы рухқа байланысты. «Өлілер» - дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. «Тірілер» - нәпсілерін жою арқылы рухтарына «өмір», сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер, Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ, Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі - еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан, Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның «ішкі еркіндігі» шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында «моральдық еркіндік» дейді Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады, Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы - зухд. Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы «халдер» мен «мақамат» категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі - дін. Ал дін адамзатқа «ішкі құлдықтан құтылу және ішкі еркіндікке» жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаһи жол. Ясауи ілімі бойынша, «өлілер» мен «тірілер» үғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ - «еркіндікті аңсаушылар». Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ - «еркіндіктен қорқатындар». Бұлар - нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т. б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы - Алланы бар және бір деп білу. Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанды өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласынна ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі - Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам - микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс - макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам - рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай «Зікір» арқылы үнемі есте сақтаушы, Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша «инсан», яғни «ұмытшақ» екендігін ескергенде. Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста «қалу бәла» серті (« . . . мен сендердің Жаратушың емес пе едім» деген Тәңірнің сұрағына рухтардың «Ия, әлбетте» деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтологиялық және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән Бұл теориялық-тұжырымдамалық ұстанымды Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді үғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған «сопылық ағым» ресми діндегі (кәлам мен фиқһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымының негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла - ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, гашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімін, иман, т. б. асыл құндылық, -тарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір «адамша тіршілік ету өнерін» меңгере алады (қ. «Диуани хикмет») . Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі - ахлақ (моралъ) . Ахлақ - хикметтің нәтижесін-де қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады. Ясауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету - тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады. Көшпелі Түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Ясауи, ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистик. ) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменолигиясы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі, ұстындар мистикалық институттар мен тұтасып. «халық діндарлығы» түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Ясауидің сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның «құрма» символизмі арқылы Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбарға байлануы, осы құбылықа Арыстан бабтың «себеп» болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей «жерасты мешітіне», яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістеме-лік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Ясауи шығармалары сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. «Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады» деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл - шағатай тіліне сөйлетті. Қасиетті кітаптың арапша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгілерін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіншілігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның:жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оның түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидақтик сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығарма әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Ясауи шығармалары түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Ясауи сарыны байқалды. 12 ғ-дан бері түркі халқынынң дүниетанымына елеулі ықпал еткен Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі Қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Қожа Ахмет Ясауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен танымал шығармаларының қатарына «Диуани Хикмет», «Миратул Қулуб» және «Пақрнама» жатады. Енді міне солардың қатарына «Рисала дар адаби тариқат» еңбегі қосылғалы тұр. Мысалы Диуани Хикмет алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Сондықтан біз де «Рисаланы» зерттеуді басты мақсат етіп, ондағы рухани дүниемен оқырмандарды табыстырсақ басты міндеттің орындалғаны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz