Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Балалардың ой өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру


Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтан да ойын мән-мәнісі ерекше. Ойын - адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымдар да шұғылданады. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып берді.

Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі - ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат - мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қаблеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзегіндей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінен. Бұған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:

а) ойын- тәрбие құралы арқылы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді.

ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық тәрбие беру құралы

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Демек ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным - түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлт ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр - дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақ сүйек», «Тоғызқұмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болып, біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшандыққа баулиды. Ақыл-ойын дамытатын «Он бір қара жұмбақ» деген тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі бар. Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т. б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады.

Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихы, даму жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады. Демек: Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы құрылыс халқымыздың ұлттық ойындарын да туғызған. «Бес тас», «Асық», »Садақ ату», сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдар бұрын ойналғандығы жайында айта келіп ағылшын ғалымы З. Маккей «Бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды» - дейді.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік - экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп, өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдастық құрылыста қалыптасқан «Аң аулау», «Таяқ жүгірту», «Садақ ату», «Қақпа тас», «Қарагие» ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу процесінде «Аң аулау», «Құс салу», «Жамбы ату», болып аттары өзгеріп, мазмұны сақталып қалды.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: « . . . өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар . . . ». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т. б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т. б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет - ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады. Егер балабақшада жұмыс стилі ұлттық дәстүр, салт - санаға бағытталған болса, мысалы, барлық топ бөлмелері, залдар қабырғаларындағы тұскиіз, ою, сырмақ, домбыра, қамшы, ер сияқты заттардың өзі күнделікті баланың көз алдында болғандықтан осы бұйымдарға көздері қанық болып өседі.

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.

Бұл ретте ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн. Себебі осы пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл - қозғалыстар, жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту уақыттарын ұйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау сапасы да артады. Балалар ойын барысында еркін тапқырлық әрекет байқатады, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас, ерік және т. б. түрлі психикалық түйсік пен сезімділікке тәрбиеленеді.

Халық ойынын көп ойнаған, халық фольклорынан мол сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны және сол ойындар арқылы өз халқының салт - дәстүріне, туған жерінің географиялық жағдайына, яғни табиғат ерекшеліктеріне мән беріп өсері сөзсіз.

Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!


«Ақ серек, көк серек»

Ойынның мақсаты:

Ойынға деген балалардың қызығушылығын арттыру, көңіл күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету Ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.

Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарама - қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:

-Ақ серек те, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

Екінші топтың балалары:

-Ақ серек те, көк серек,

Бізге мұнда Азамат керек.

Деп бірінші топтағы бір баланың атын айтады. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Келесі кезекте ойынды екінші топ бастайды. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айрылып қалса, жеңілген болып есептелінеді Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіндіктері

Халық педагогикасына тән жалпы білім беретін мекемеде өнімді де өміршең сала - ойын. Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге, отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал. Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді қимыл-қозғалыс, тіл ұстарту, сөздік қорды молайту жағынан өте бай және педагогикалық заңдылықтар тапқырлықпен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты» деп санаған халқымыз тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойындарды тәрбие мәселесінен бөліп қарауға болмайды . Екеуі бірлестікте қарастырылады.

Ұлттық ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол - балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алқашқы машығы.

Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойындарының ежелден қалыптасқан түрлерінде ресми жағынан жасалмағанымен де, ойынның мазмұндық сипаты мен түріне қарай ажыратуға боларлық із - соқпақтар, белгілі жүйе сайрап жатады. Халықтың ұлттық ойындарына тән ерекшелік бала ойыны деп жалпы аталғанымен, жеткіншектің жасына қарай ішінара топтастыруға боларлық сипаттар баршылық.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Балалықтың базары шағындағы ойынның қайсысында мазмұнына қарай, өлең, тақпақ, ән араласады. Оның тікелей мазмұнында болмағанмен жеңіліс тапқан топ немесе ән, болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып айыбын өтеуге тиіс. Бұл -қазақтың ұлттық ойындағы басты ерекшелік. «Кім бұрын?» «Қаздар мен қасқыр», «Доп орталығы», «Доп үшін күрес», «Тартыспақ», «Ортаны тап», «Қоян мен қасқыр», «Қуыспақ», «Жұмбақ шеш», «Мерген мен үйрек», «Көмбеге кім бұрын жетеді?» «Кім байқағыш», «Қапы қалмас», «Кім жылдам?», «Допты көршіңе бер», т. б ойындарды ойнатуға болады. Ұлттық ойын қазақтың халықтық шығармасы - ауыз әдебиетімен біте қайнасып, бірге өрістеп, бір тамырдан нәр алғандықтан бұларға ортақ құбылыстар көп.

Бала ойынында жеңуші бар да, жеңілуші бар. Әрине, жеңген топ немесе бала табысын жұбаныш етсе, жеңілушінің айыбын өтеуі үшін айтатын тақпағы, биі, мақал-мәтелі, жұмбағы болуы керек. Сонда бала ойынның қай түрінде болсын - іс -әрекет, ән, би, өлең, жұмбақ, нақыл сөз араласа жүретіндіктен деп танимыз. Мұның педагогикалық мәні - баланы жан-жақты дамуға, тәлім-тәрбиенің арнасын кенейтуге мүмкіндік беретін тиімді жол екендігінде. Мәселен, мақал-мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі.

Он екі мүшең сау болса, сәулет емей немене,

Он саусағын сау болса, дәулет емей немене.

Денсаулық кепілі-тазалық.

Тәні саудың - жаңы сау.

Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық:

1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады

2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады.

3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.

4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т. б

Бала ойыны қоғамдық құрылыстың өзгеруіне, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңаруына, мазмұны мен сипаты жағынан тиісті өзгерістерге түсіп отырады.

. МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.

Қазақстан Республиасының Білім туралы Заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересектер арасында әр түрлі: спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы өзекті мәселелердің бірі.

Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі қоғамның басты міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы туралы М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне, оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, Е. Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә. Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: 1) рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындар; 2) дәстүрлі-қозғалыс ойындары; 3) спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ал, «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

- жалпы ойындар;

- қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

- ашық алаңқайдағы ойындар;

- қыс мезгіліндегі ойындар;

- демалыс ойындары;

- ат үстіндегі ойындар;

- аттракциондық-көрініс ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорт
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың дене шынықтыру дайындығын анықтау бойыншажүргізілген жұмыстардың нәтижесі
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
Дене шынықтыру пәнінде ойнатылатын ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz