Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР:
Кіріспе
I - тарау Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен
түрлері, заңдылық сипаттамасы
II - тарау Контрабанда - экономикалық қызметтің
саласындағы қылмыстық әрекет ретівде.
III - тарау Кеден саласыңдағы қылмыстықтың алдын алудың
өзекті мәселелері
- Қазақстан Республикасының Кеден ісі саласындағықұқық бұзушылықгың талдамасы.
- Кеден саласындағы қылмыстық алдын-алудың өзекті
мәселелері.
3. 3. Қазақстан Республикасының Кеден органдарының негізгі міндеттері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Заңның үстемділігін толық орнату және заңға бағынған азаматтарды қылмыстан қорғау, сонымен катар билік пен заң күштерін кұқыққа қарсы жолдармен өздерін байлықпен қамтамасыз еткендермен аяусыз күресу стратегиялық маңызды міндеттің бірі ретінде аталды. 1 Бүл міндеттер мен құқық қорғау органдарының ғана емес, басқа да барлық мемлекеттік институттардың күшімен шешілуі тиіс, себебі Қазақстандағы криминогендік жағдай әлі де ауыр күйде қалып отыр және бақылаудан шығып кету қаупі де жоқ емес.
Қазақстанда қылмыстық факторлардың өсуіне әсері ретінде әлеуметтік-экономикалық потенциалға маңызды көңіл бөлінеді. Сонымен бірге мынаны естен шығармау керек, мемлекеттің көлемінде қандай бір әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралардың ол қаншама жағымды болғанымен бәрібір криминалдық көрініс береді. Мәселен, 2003-жылдың 9 айында еліміздің құқық қорғау органдары экономикалық бағыттағы 11401 қылмысты анықтады. Соның ішінде кедендік құқық қатынастары төңірегінде. Экономика саласындағы жасырын қылмыстылықтың парақорлық, контрабаңда, заңсыз кәсіпкерлік және басқа да түрлері бойынша жоғары екенін ескерсек 90 пайызға жетеді екен, ал олардың шын мәніндегі көлемі 3-4 есе көп. Мәселен, мемлекеттік емес меншік түрлеріне қол сұғушылық қылмыстарының анықталған саны бірнеше есеге өскен.
Қазақстанның кеден органдарының анықтама жүргізу органдарының құзырына жататын қылмыстардың құрамында контрабанда үстемдік жағдайды алып отыр. Қазақстан заңгерлерінің жүргізген көптеген зерттеулері, контрабандалық заттарды жасырудың тәсілдерін таңдауда қылмыстық әрекеттің мынадай элементтері бойынша анықталады, олар:
а) Қолсұғушылық қылмысының заты
б) Кеден шекарасы арқылы өту тәсілдері (автомобиль,
темір жолдарын, пошта байланыстарын пайдалана отырып,
контрабандашының өзімен) .
в) Контрабандашының жеке қасиеті.
Сонымен, қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыспен күресудің негізгі бағыттарының бірі - контрабандамен күресу болып табылады. Қазакстан Республикасының контрабандаға, әсіресе оның ұйымдасқан түріне байланысты қылмыстың өсуі жоғалуда. Жоғары лауазым иелерінің қамқорлығының арқасында, ел мүддесіне мүлдем қайшы стратегиялық маңызды ресурстарды пайдаланып, заңсыз капитал айналымына ие болу контрабанданың өсуіне әкеліп соғады және де бұл халықаралық, трансұлттық сипат алуда.
Осы санаттағы қылмыстардың саяси, экономикалық және әлеуметтік кауіптілігі ерекше көп жоспарлы. Ол тек ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін тауарлардың немесе басқа қундылықтардың белгіленген алмасу тәртібіне қол сұғушылық кана емес, ол елдің кредиттік-қаржы жүйесін де бұзады. Контрабандистер өздерінің практикалық қызметінде өшпелі кезеңнің қиыншылықтарын белсенді түрде пайдаланып қалуда, экономикада, мәдениетте, өздерінің ықпалын кеңейтуді тырысуда, мемлекеттің халықаралық аренадағы саяси беделін тусіруде, ҚР шикізат ресурстарының тонауда тікелей ат салысуда. Бұл жөнінде соңғы кездегі шет жерге шикізаттардың контрабандалық жолмен, контрабандалы, тусті металдардың, бағалы мәдени заттардың және т. б. тасымалдануы куә.
Көптеген ұйымдасқан қылмыстық топтар өз қызметтерін есірткі саудасына топтастыруда. Бар деректерге сәйкес, халықаралық есірткілік кылмыс өзінің кең көлемді және үзақ мерзімді есірткі тасымалдау жөніндегі акциясын Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азиядан ТМД арқылы (бірінші кезекте Қазақстан) Европадаға және Америкаға өткізуге жанталасып, әрекеттенуде. Апиын мен героинді өндіретін жер мен өткізілетін аудандардағы баға айырмашылығы есірткілік заттарының контрабандалық жолмен жеткізіліп беруі қылмыстық әрекеттің ең пайдалы түрі болып отыр.
Қазақстанның есірткі рыногіндегі бүгінгі дабыл қағатындай жағдай, ол Қазақстан үшін беймәлім есірткілер -героин, какайн, ЛСД, "экстази" және т. б.
Контрабанда - мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы өтетін, кедендік бақылаусыз, оның қатысуымен немесе жалған күжаттарды пайдалану арқылы, болмаса тауарлар мен бағалы заттардың декларациясын көрсетпеуі немесе жалған ақпарат беру. 3
Контрабандаларды жасау обьективті түрде кеден органдары алатын төлемдер мен салықтардан бас тарту. Құқықтық мемлекет кұру процесінде және барлық шаруашылық қызметінде еркін кәсіпкерлікпен нарықтық экономикаға өтерде Кызақстан сыртқы экономикалық қызметке монополиялықтан бас тартты. Осындай жағдайларда мемлекет пен оның институтарының өзінде экономикалық кызығушылықтары мемлекеттік еріксіз көндіру құралдары арқылы қамтамасыз етуге дайын еместігін байқатады. Жаңадан сыртқы экономикалық катынастарға өту практикасы көптеген жағымсыз құбылыстарды анықтап берді. Нәтижесінде кедендік және қылмыстық заңнамаларының бұзылуы едәуір өсті, мемлекетке экономикалық шығындар мен саяси залал келтіруде.
Егер де бұдан бұрынырақ контрабандистер ұдттық мәдениетімізді тонаумен ғана "шектелген" болса, сыртқы экономикалық қызмеіттің ықшамдалуына орай еліміздің экономикалық ресурстарын тасымалдауы иек артуда.
Елбасының және Казақстан Республикасы Үкметінің мемлекеттік құқықтық жүйесін одан әрі реформалау бағытындағы кабылдаған шаралары осындай көріністерге ұлттық денгейде және мемлекетаралық қызметтестік пен өзара қарым-қатыңастық негізінде карсы тұруды ескереді.
Казақстанның шет елдермен сыртқы байланысын кенейту жағдайында шетелдік әріптестермен контрактіге тұру отандық өнім өндірушілердің сыртқы рынокқа шығуы және бірлескен кәсіпорындардың құрылуы мен тауарлардың контрабандалық жолмен кедендік шекара арқылы өтіп кету жолдарын кеңейте түсуде.
Бюджетке түспеген көп саладағы кедендік төлемдер мемлекетке орны толмастан экономикалық зиян келтіруде. Контрабандалық әрекетке күрес жүргізілгенде негізінде жоғары лауазымды түлғалардың және жемкор шенеуніктердің, өзінің жағдайын кең көлемді контрабанданы үйымдастыруға пайдаланатыны белгілі болды.
Қазақстан арқылы шет елдерде жүк және адам тасымалдауда бүған үлкен септігін тигізуде, көпшілігінде ҚР кедендік шекарасынан тауарларды заңсыз өгкізуге тырысады. Контрабандалық операцияларды жасарда көпшілігінде қүжаттарды, лицензияларды, рээкспорттарды пайдаланады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығында тақырыпты
зерделеудің актуальді екендігін көрсетіп отыр. Себебі контрабанда
барлық мемлекетке катысты және де өтпелі кезеңде шын
мәшіндегі ғылыми ой тиянақтылығын қажет етеді. Осы жұмыстың
актуальді екендігін біздің жас мемлекетіміз өз басынан өткеріп
отыр себебі ұиымдасқан қылмыстық ''кереметін" көрді.
Трансұлттық қылмыстың қоғамдағы бір ғана мемлекеттің емес,
көптеген мемлекеттердің экономикалық, саяси қызығушылықтарының жазылуына кауіп төндірді. Осы бітіру жұмыстың айрықша жаңалық контрабандалық қылмыстар туралы істер бойынша теориялық және эмпирикалық материалдардың жинақталуы болып табылады2.
Жұмыстың негізгі мақсаты кедендік қылмыстармен күресудің 'Құқықтық-қылмыстық проблемаларын қарау. Жүмыстың тағы бір жаңалығы, онда аз зерттелген контрабандалық қылмыспен күресудің өзекті мәселелері қарастырылған.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізін тағлымдық және кескіндік теориясы, жалпы ғылыми принциптер, зерделеудің әдістері құрайды.
Автор жұмыс барысында отандық және шетелдік ғалымдардың кұқық криминология, қылмыстық, саясат, қылмыстық іс жүргізу, кедендік және әкімшілік құқық жөніндегі жұмыстары пайдаланылды. Сонымен бірге Қазақстанның және Ресейдің көрнекті ғалымдары: Т. С. Әлібеков, А. Н. Ахпанов, И. Ш. Борчашвили, Л, И, Гуров, С. Е. Еркснои, Е, И. Кайыржанов, М. Ч. Қоғамов, М, 0. Нүкенов, Б. М. Нұрғалиев, И. И. Рогов, Б. Х. Толеубекова, Н. П, Яблоков т, б, еңбектері пайдаланылды.
Нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы кұрады, қылмыстық заңдылық сонымен қатар кеден саласындағы заң актілері мен заңдылықтар, құқықтық және жедел-іздестіру қызметі.
Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттердің библиографиялық тізімінен түрады. Бірінші тарауында контрабандалык іс-әрекеттің ұғымы ашылып, оның құқығы қылмыстық және криминалистикалық сипаттамасы беріледі, кедендік кылмыстардың түрлері қарастырылады.
Екінші тарау кедендік органдардың құқық корғау кызметінің мәселелеріне арналған. Казақстан Республикасының экономикалық, саяси кауіпсіздігіне едәуір нұқсан келтіретін контрабандалықпен күресудің мемлекеттік маңызы барлығы атап көрсетілген.
Кедендік органдардың жедел-іздестіру қызметіне ерекше көңіл аударылды.
Үшінші тарау кеден төңерегіндегі қылмыстың алдын-алудың өзекті мәселелерін карастыруға арналған.
I - тарау. Кеден ісіне катысты кылмыстардың ±ғымы мен
түрлері, зандылық сипаттамасы
Кеден органдары арнайы құзырлы мемлекеттік басқару органы немесе атқарушы-басқарушы органы болып табылады. Жергілікті органдардың шешімдерін орындауда кеден ісі бойынша басқарманың актілерін жасауға құқы бар. Олардың кедендік қатынасты әкімшілік-құқықтық реттеуге катысу бағыты осында байқалады.
Осындай реттеудің екінші бағыты кедеңдік, әкімшіліктік, қылмыстык, мемлекеттік, халықаралық қаржылық азаматтық және басқа да сыртқы экономикалык іс әрекетке және лауазымдық тұлғалар мен кеден органдарының катысуымен болған іс жүргізулерде кұқықтық қатынастар саласында нормаларды реттеу болып табылады.
Кеден саласындағы істерде мемлекеттік тетік бөлігі ретіндегі кедендік органдармен сыртқы экономикалық іс-әрскттерге катысушылардың арасындағы катынастарда жүздеген нормативті актілер бар.
Қүқықтық нормалары - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет тарапынан белгіленген немесе санкцияланған және міндетті ережесі қорғалынған тәртіп.
Құқықтық нормалары тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің мүддесін білдіреді, анықтайды және қорғайды, олар құқық субьектілерінің ара-қатынастарын істерін тиімді қолдануға бағытталған.
Казақстан Рсспубликясында кеден ісі Қазақстан Республикасының заң актілсрі мен, Казақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен басқа да Казақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өз құзырының шегіндегі Кедендік Кодекс қарастырылған актілермен реттеледі,
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауда қабылданған күн болып нақты өткен күн есепке алынады.
Егер де Қазақстан Рсспубликасы мен басқа да мемлекеттер арасында халықаралық келісім-шарт бойынша басқа да ережелер белгіленген болса, онда Казақстан Республикасының Кедендік Кодексінде қарастырылған басқа кеден ісінде халықаралық
келісім-шарттың ережелері қолданылады. Бұдан басқа да тәртіп бұзушылықтан кұқық корғау органдарына (прокуратураға, сотқа, 11М, ҮҚК, қаржы полициясына, кеден органдарына) жүктелген.
Сонымен, құқықтық нормаларды қорғау функциясы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде құқықтық нормаларды бұзушыларға мемлекеттік еріксіз көндіру шараларын қолдану жолдары. Мемлекеттік еріксіз көндіру - дегеніміз жеке немесе лауазымдық түлғадан келтірілген залалды өндіріп алу, оның кейбір жеке құқықтардың - мемлекеттік, кедендік органдардың немесе лауазымдық тұлғалардың кайсібір міндеттерін орындау болып табылады.
Кеден органдарының құқық қорғаудағы қызметі кеден төңерегіндегі кұқықтық катынастардың мемлекеттік ішкі және сыртқы функциясының айқындалуы болып табылады.
Бұл кызметтің мақсаты кеден органдарының төңерегіндегі қызметте адамзаттық, кедендік, әкімшілік, мемлекеттік нормалардың сақталуын, қолданылуын қамтамасыз ету.
Кеден органдарының саласы қызметінде құқықтық
нормаларды пайдалану - ол субъектілердің кеден
органдарындағы лауазымдық тұлғалардың және сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылардың арасындағы осы нормада қарастырылған құқықтық қатынастарын жүзеге асыру.
Құқықтақ нормаларды орындау - ол жеке, лауазымдық немесе заңды тұлғаның өзіне жүктелген норманың міндеттерін орындаудағы іс-әрекет.
Сонымен, кеден органдарының қызметі, зандардың шеңберінде жүзеге асыруда творчестволық құкықтық, құқық қолдану, құқықтық орындаушылық, мемлекеттік құқыққорғау қызметі аспектері бар,
Кедендік органдарында кұқыққорғау қызметі әртүрлі формада - құқықтық - әкімшілік, құкықтық - қылмыстық (кұқықтық - іс жүргізу, жедел-іздестіру және т. б. ) жүзеге асырылады.
Құқыққорғау қызметі құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуден басқа Казақстанның заңдарын және халықаралық келісім-шарттарын бұзушылықты анықтаумен де айналысады.
Кедендік органдарының құқықтық қорғаудағы қызметінде құқықтық - әкімшілік формасы айқындалады: кедендік және
валюталық бақылауды жүзеге асыруда анықталған жолмен, тарауларды кедендік дайындықтан өткізуден және әкімшілік тарапынан тәртіп бұзушылықты және қылмыстық, кедендік, валюталық, салықтық және басқа заңдылықтардың түрлері бойынша кедендік органдарының құқық қорғау кызметінде әкімшілік іс-жүргізу формасы әкімшілік іс-жүргізу іс-әрекетімен айкындалады және құқықтық-әкімшілік нормаларын кедендік ережені орындаудан бас тарту фактілерін тексеруге бағытталады.
Бұл іс-әрекеттер кедендік ереже мен әкімшілік
нормаларының бұзылғанын байқаған жағдайда тиісті үлгіде хаттама толтырылады.
Кедендік органдарының құқық қорғаудағы кылмыстық іс-жүргізу формасы тергеу органы ретінде қылмыстық белгілері бойынша, дерекгерге сүйене отырыл, олармен күресу кедендік органдарының құзырына жүктелген (контрабанда және т. б. ) жағдайда қылмысты істі ашуымен айқындалады. Кедендік органдарының кызметінің маңызды формасы болып өзінің және кызметкерлері мен оның отбасы мүшелерінің кауіпсіздігін камтасыз ету болып табылады.
Кедендік органдарының қызметінің бір түрі кұкық корғаудың элементтеріне енетін (криминалистикалық) арнаулы (іздестіру, барлау) кызметі жедел-іздестіру кызметі болып табылады.
Бұндай қызмет түрінің тағайындалуы кедендік бақылаудың-қылмыс жасаудың алдын алудың, кедендік ережелердің орындалу тиімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарлар мен көлік кұралдары тасымалданарда Қазакстанның азаматтығы барлығына қарамай сыртқы экономикалық іс-әрекетке (жеке және занды тұлғалар) қатысушылардың барлығы да кеден заңдылықтарының ережесінде көрсетілген ескертпелерге ілесуі керек.
Осы ережеге мынадай кажетті шарттар енеді, тиісті кеден режимдерін анықтау, кеден бақылауынан өту, кеден құжаттарын даярлау, кеден төлемдері мен салықтарын жинау, кедендік жеңілдіктерді пайдалану мен басқа да ережелер « Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы » заң күші бар Президенттің Жарлығына сәйкес Казақстанның әкімшілік заңына арнайы сілтеме жасамай-ақ тәртіп бұзушылыққа жауапкершілігі
карастырылған. Кеден ережесінің бұзылғандығы жөніндегі істері кеден органдарының лауазымды түлғалары арқылы жүргізіледі.
"Тұлға" үғымына заң шығарушылар жеке және заңды тұлғаларды (отандық және шетелдік заңды түлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жеке түлғаларды) сонымен қатар лауазымдық тұлғаларды жатқызады.
Лауазымдық тұлғалар егер де олардың қызметтік міндеттеріне белгіленген талаптарды орындауды қамтамасыз ету болса, ал оның орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлердің жауапқа тартылуы лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартудан босатпайды.
Әскери қызметшілер мен басқа да тұлғалардың әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып табылады. Себебі, олар кеден ережесін бұзған жағдайда оларға жарғының күші жүргізіледі. Бұл санатқа жататындар : әскери қызметкерлер және қарулы күштердің жиынына шақырылған әскерміндеттілер, шекаралық және әскери қызметкерлер, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ішкі істер органдарының басшылық және қатардағы құрамындағы тұлғалар.
Шетелдің заңды және жеке тұлғалары жалпыға бірдей негізде жауапкершілікке тартылады.
«Кеден ісі туралы» Заңды тәртіп бұзушылыққа жауапкершіліктің 40 белгіленген кеден ережесі қарастырылған. Айыппұл мөлшері бұрынғыға қарағанда көбейтілген. Бүдан басқа да 13 баб әкімшілік құқық бұзушылықты қамтиды.
Кедендік құқық бұзушылықтың негізгі объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілеу, кеден шекарасы арқылы жасырын орындарды пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарын жасырын өткізу жөнінде тәртіп бұзушылыққа жауапкершілік туралы "Кеден ісі туралы" Заңның тоғызыншы бабында қарастарылған (270, 277, 282, 284, 287-291 баптар) . "Кеден ісі туралы" Заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартудың мерзімі айкындалған (258 бап) .
Өте маңызда мәселе ол кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларының қолданған кезде заңдылықты қамтамасыз ету. Ешкімді де кеден ережелерін бұзғаны үшін Казақстан Республикасының заңдарымен көзделген, негізден және тәртіптен өзгеше ықпал ету шаралары қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау камтамасыз етіледі:
- жоғарғы кеден органдарының және оның лауазымды тұлғаларының тарапынан жүйелі бақылау болғанда;
- прокурорлық кадағалаумен;
- кедендік құқык бұзушылық туралы істер бойынша кеденоргандарының қаулыларына, шешімдеріне, әрекеттеріненемесе әрекетсіздігіне шағым жасаумен. Кедендік құқық бұзушылнқ жағдайларын белгілеудегі іс жүргізу және басқа да іс-әрекеттерді шартты түрде екі топка бөлуге болады. Бірінші топтакеден органдарының лауазымды түлғаларының өндірістегі кеден ережелерін бұзғандағы туралы істің қаралуыныңпроцесуалды іс-әрекеті жатқызылады, атап айтқанда:
- кеден ережесін бүзғандығы үшін жауапқа
- тартылушы
- тұлғадан сұрақ алу;
- куәден сұрақ алу;
- кедендік зерделеу;
- тануға ұсыным;
- сараптама;
- тауарлар мен көлік кұралдарын алу. Екінші топқа кеденоргандарының кеден ережесін бүзғаны туралы істің өндіріске жіберілуін қамтамасыз ететін өкілетті мазмұнды тұлғаның іс-жүргізу және басқа да іс-әрекеттері жатқызылады, олар:
- құжаттарды талап ету;
- ақпараттар алу;
- тұтқынға алу;
- ревизорлар, тексерулер, түгелдеулерді өткізу;
- тұлғаны кеден органына әкелу;
- әкімшілік тарапынан ұстау.
«Кеден ісі туралы» Заң кеден ережелерін бұзғаны үшін жаза қолданудың жеңілдетілген нысанын белгілейді. Қарастырылған 40 бұзушылықтың 19 құрамы бойынша егер осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін ескерту немесе айыппұл ретінде жаза қолданылатын болса Заңның 370 бабы бойынша тұлға өзінің кеден ережесін бұзғандығын мойындағанда жаза қолданудың жеңілдетілген нысанын қолдануға сәйкес, құқық бұзушы сол мезетте айыппұлын төлеп бітімге келе алады.
"Кеден ісі туралы" кеден ережелерін бұзғаны туралы істердің бірігуі мен бөлінуінің іс-жүргізу мүмкіндігін қарастырушы ҚР кеден органдарының лауазымды тұлғасының каулысы бойынша өндірістегі қарауға алынған кеден ережелерін бұзғаны туралы істің бірігуі мен бөлінуі жүргізіледі. 4
Кеден органдарының, басқа да құқыққорғау органдары сияқты жедел-іздестіру қызметімен айналысуға құқылы. Жедел-іздестіру қызметінің мазмұны, сипаты ҚР қылмыстық-процессуалдың Кодексінде ІІЖедел-іздестіру қызметі туралы", Кеден кодексінде айқындлған.
Аталынған 4'Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңда, жедел-іздестіру қызметі заңдылытқтың конституциялық принцптеріне, адамдардың ерекшелігі мен құқығының салынуына, реттелуіне, сонымен катар құпиялылығына негізделеді.
Кеден органдарының жедел-іздестіру қызметінің өзгешелігі, қылмыс жасаушыларды ұйымдастырушы тұлғаны анықтау, кеден органдары анықтама жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар халықаралық кеден ұйымдарының басқа да шетелдік құзырлық орындардың сұрауы бойынша ҚР кеден мәселелері бойынша халықаралық келісім-шарттарына сәйкес жұмыстармен айналысу болып табылады.
Жедел-Іздестіру қызметінің өзіндік бағьты болып табылатыны, ол өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 8 бабы жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдарының өкілеттігін толық әшекелейді. Осы заңның, 11 бабының, негізінде кеден органдары мынадай жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады, олар азаматтардан жауап алу; анықтамалар жүргізу; анықтамалар жүргізу; салыстыра зерттеу үшін үлгілерді жинау; заттар мен құжаттарды зерттеу; бақылау; тұлғаның бірдейлігін анықтау; ғимаратты, жергілікті учаскені және көлік құралдарын тексеру; жеткізіп беруді бақылау. Оларға пошта, телеграф басқа да байланыстарды бақылауға, сонымен бірге телефондағы нөмірлерін тыңдауға құқық берілген3.
Қазақстан Республикасының шикізаттың, қару-жарақтың, есірткі контрабандасының тасымалдау масштабы кеңіген сайын кеден органдарының жедел-іздестіру қызметінің де маңызы арта түсуде, Жедел-іздестіру шараларын өткізу үшін негіздеме болып табылатындар: қылмысты істің қаналғандығының барлығы; қылмыстық жазадан бас тартушы немесе соттан, тергеуден жасырынып жүрген тұлғалар жөнінде түскен ақпараттар; тергеушінің тапсырмасы: сот анықтамасы немесе прокурордың нұсқауы; халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің тактикасы мен ұйымдастырылуы мемлекеттік құпиялылықты кұрайды. Осындай шараларды өткізу барысында ақпараттық жуйелер, бейне және аудио жазбалар, кино, фото түсірімдер пайдаланыуы мүмкін. Кеден органдарының практикасында заттар тығылған жасырын орындарды табу үшін рентген аппараттары мен металдарды анықтайтын приборларды дәл қолданады.
Меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың телефонмен сөйлескен сөздерін тыңдау үшін мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардын станциялық аппаратына қосылуы КР ҰҚҚ органдарының техникалық-жедел іздестіру құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады,
Азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін жедел-іздестіру шараларын өткізу тек прокурордың тиісті санкцясы болғанда ғана жүргізіледі.
Кейінге қалдырған жағдайда ауыр қылмыс жасауға әкеліп соғатын болса (мысалы. контрабанда ауыр қылмысқа жатады), сонымен бірге ел қауіпсіздігіне қауіп төнуі жөнінде деректер табылса онда органның басшысының қаулысы бойынша жедел-іздестіру шараларын өткізуге болады, бірақ міндегті түрде прокурорға ескертуі қажет және жедел-іздестіру шаралары жүргізілген кезден бастап 24 сағаттың ішінде прокурордың санкциясын алуы тиіс,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz