ХХ ғасырдағы Қазақстанның жастар саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

институтының ізденушісі Тақабаева Б. М.

байланыс телефондары: үй тел. 2984912,

сот. 7017231323

ХХ ғасырдағы Қазақстанның жастар саясаты

Қазақтың саяси пікірінің тарихы - қазақ жастарының тарихы. Қазақ халқының ішінде шын саяси қозғалыс жастар оянып, жастар ұйымдасқаннан кейін ғана бар. Жастар - өткен заманның айнасы, келешектің нысанасы жастарға қарап біз алдымыздағы болашақты болжаймыз .

Смағұл Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің аса күрделілігіне қарамастан оның мемлекет ретінде қалыптасуы халықтың ұлттық менталитетіне және мемлекеттік дербестік алып, нарықтық қатынастарға бет бұрған кезде, әсіресе жастар мәселесі және жастарды жаңа экономикалық реформаларға бейімдеу мәселесінің аса маңызды міндеттерінің біріне айналып отырғандығы даусыз.

Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген жастардың ынтасының азаюы т. б. проблемалар жастар мәселесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр.

Тарихи дамудың барысында мақсат сабақтастығы қоғамды үнемі жетілдіре түсудің негізі болып табылады. Өйткені, әрбір жас ұрпақ алдыңғы толқын жүріп өткен жолмен қайта жүруі мүмкін емес. Олар бұрынғы істерді іріктеп, дамытады және одан әрі жетілдіреді. Сол себепті өткенге, тарихи мұраларға арқа сүйемейінше, жастардың болашаққа елеулі үлес қосуы, қазіргі мен болашақты түсінуі мүмкін емес.

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер - ықпалы болмай қалған жоқ (1) .

Жастар саясатының тарихына көз жүгіртетін болсақ, ХХ ғасырдың басындағы жастарға байланысты жеке мемлекеттік өлшемдерге қарамастан мемлекеттік жастар саясатының бағыты айқындала алмады.

Бірінші империалистік соғыс жылдарында патша үкіметі, бір жағынан, шаруалардың қолындағы малын зорлықпен тартып алса, екінші жағынан, осындай ауыр кезеңде - 1916 жылы болған көтеріліске қазақтың демократияшыл жас интеллигенциясының өкілдері қатысты. Қазан төңкерісі кезінде Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов, Әділбек Майкөтов, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіп шығу жолындағы күресіне белсене қатысты.

1917 жылы августа шақырылған партияның VІ съезі жастар одақтарының саяси сипаты, олардың ұйымдарының құрылымы және олардың жұмысының мазмұны туралы толық нұсқау беріп, қаулы алды. (2) .

Нәтижесінде, 1917 жылғы төңкерістен кейін халықаралық коммунистік жастар ұйымдары құрылады.

Ал, Европалық мемлекеттерде жастарға қамқорлық кедейлерге христиан дінінің көмегі ретінде көрініс тауып отырды. Осы кезде әлемдік деңгейде жастар қозғалысы дами бастады. Мәселен: 1923 жылы Ресейде жаңа Социалистік Жастар Интернационалы (СЖИ) құрылды. Коммунистік Жастар Интернационалынан (КИМ-нан), Социалистік Жастар Интернационалының (СЖИ-дың) айырмашылығы негізінен саяси тәжірибеден гөрі ағартушылық сипатта болды. Оның мүшелері қоғамның демократиялық институттарының мүмкіндіктерін кеңейте отырып, біртіндеп алға жылжи берді. Негізгі мақсаттары әлеуметтік-экономикалық күрестерінің әдістерін, парламент пен үкіметке ұсыныстары мен петицияларын беру және өздерінің 1926 жылы жариялаған бағдарламаларында еңбекке байланысты халықаралық ұсыныстар мен келісімдердің жүзеге асырылу мәселесін бірінші орынға қоя отырып шешу болды.

Конгресте Ғани Мұратбаев Коммунистік Жастар Интернационалының (КИМ-ның) Атқару Комитетіне мүше және оның Шығыс жастары бөлімінің меңгерушісі болып сайланады (3) .

Осындай оқиғалардан кейін қазақ жастары да алдыңғы қатарлы Ресей жастарымен бірігіп жұмыс жасайды.

1945 жылы жастардың демократиялық конференциясының жұмысына 63 мемлекеттің өкілдері қатысып, олардың шешімімен Бүкіләлемдік демократиялық жастар федерациясы құрылады. 60-шы жылдардың соңындағы студент жастардың қоғамның саяси мәселелеріне белсене араласып, ашық демонстрациялар өткізуі олардың саяси белсенділігінің артқандығын көрсетті (4) .

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кеңес Одағының Коммунистік партиясы өзінің саяси ұйым ретіндегі функциясынан басқа, мемлекетті басқару жүйесімен қатар бұйрықпен басқарылатын құрылымға айналды. Саяси мәселелерді ұйымдастыру, жас мамандарды іріктеу мен орналастыру, үгіт-насихат жұмыстары назардан тыс қалмады. Қазақстанда да жас комсомолдар саяси, мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс істерінің барлық салаларындағы көмекшісі болды. Олар екпінді құрылыстарға, ірі кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге көп үлес қосты. Ол жылдары комсомол жастар арасында беделді болды және қазақстандық комсомол бірқатар отаншыл бастамаларға түрткі болды.

Қоғамның әлеуметтік жағдайы коммунистік тәрбие жүйесінің мектеп, семья сияқты буындарына тағы бір буын - пионерлер ұйымын қосты (5) .

Пионерлер ұйымы жас ұрпақ тәрбиесін қадағалайтын балалардың коммунистік құрылымы болды және комсомол ұйымы пионер ұйымының жұмысына бақылау жасап отырды.

Осындай іс-шаралардан кейін кеңестік жастар саясатының негізі қалыптасты.

Кеңестік жастар саясатының моделі жастар мәселесін қамтыған, ірі көлемдегі мемлекеттік және қоғамдық механизмдердің жүзеге асырылуы мен жастар саясатының демократиялық құқықтық принциптеріне негізделген сипатта болд. Коммунистік тәрбиені ұсынды және мектеп табалдырығынан бастап, октябрят, пионер, комсомол сияқты саты-сатыға бөлінген тұрақты жүйеге бағынды. Өзінің сипаты жағынан үлкен күш пен беделге ие болған кеңестік қоғамдық саяси жүие идеологияның бір бөлігіне айналды.

Жастарға коммунистік тәрбие беру жұмысына КПСС-тің ХХІІІ съезінің шешімдері нақтылы талаптар қойды, жастар тәрбиесін өнімді еңбекке айналдырамыз және партияның бағдарламаларын жүзеге асыра отырып Кеңес үкіметінің ұлдары мен қыздарын коммунистік рухта тәрбиелейміз деп сендірді. Қазақ жастары да өздерінің күнделікті жұмыстарында кеңес адамдарының коммунизм орнату ісінде алдыңғы қатарлы топ екендіктерін көрсетуге тырысты. Мысалы: 1970-1975 жылдардағы қазақ жастарының екпінді құрылысы, студенттер құрылыс отряды мен штаптары, экономикалық талдау топтары, техникалық және шығармашылық кеңестер - міне, осындай «комсомолдық институттар» пайда болды. Сондай-ақ, коммунистік идеология ықпалымен жастардың мемлекет ісін басқаруға және қоғамдық ұйымдардың ісіне араласа бастауы көрініс таба бастады.

Коммунистік құрылыстың кезеңінде миллиондаған адамдардың топтасқан қоғамдық орталығы - жастар ұйымының рөлі арта түсуде. Бұл ұйымдардың, әсіресе, мәдени-тәрбиелік, шаруашылық-ұйымдастыру маңызды мемлекеттік органдардың жұмыстарымен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің барлық саласында, мәдени және экономикалық, саясат саласында жастардың рөлі артып отыр. Республика Жоғарғы Советінің депутаттығына да қаншама жастар сайланды. Жергілікті Советтердің депутаттығына 21 мыңнан аса (немесе жастардың 19, 2 проценті, оның 14894-і комсомол мүшелері) жастар ұйымының мүшелері сайланды, 2290 комсомол мүшесі атқару комитеттерінің құрамында жұмыс істейді (6) .

Міне, осы мәліметке қарасақ жастардың коммунистік идеологияға қатты бағынғандығын және сол идеологияның сенімінен шыға отырып жұмыс жасағандығын көруге болады.

Жастар жөнінде кең көлемді теория ұсынған ғалымдардың бірі - Е. Косенко болды. Оның ойынша, жастар саяси мәселелерге тез назар аударады және әлеуметтік қозғалыстарға бейім келеді, әсіресе қоғамның демократиялық дамуында көрінеді. Біріншіден - жас ерекшелігінің психологиялық жағдайы оның қоғамдық өмірдің әрбір құбылысында белсенді әрекет етуіне әсер етсе, екіншіден - қоғамдық өндірістік жүйеде белгілі бір орны болмағандықтан жастардың көп бөлігі (әсіресе жұмыссыздардың) мемлекеттегі түрлі идеологиялық бағыттағы ойдың жетегінде кетуіне алып келеді (7) .

60-шы жылдардың аяғында студент жастар нақты ұжымдық іс-әрекеттері арқылы көріне бастады. Олар американдықтардың Вьетнамға басып кіруін сынға алды, азаматтық құқық үшін күресіп, нәсілдік дискриминацияға қарсы болды, әлеуметтік жағдайларын көтеруді талап етті (8) .

Нәтижесінде, Батыс Еуропа мен Америкадағы жастар толқуы әлем саясаткерлерінің назарын жастар мәселесіне аударды.

ХХ ғасырдың соңына қарай қазақ жастары, американдық студент жастары сияқты қоғамда болып жатқан саяси жағдайлардан тыс қала алмады. Олар әлемнің Еуразиялық бөлігін тұтастай алып жатқан кеңестік қызыл империяның іргесін шайқалтқан, төрткүл дүниеге серпін берген әйгілі 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Кеңестік сұрқия саясатқа қарсы бас көтерді. Ұлт республикаларын жетпіс жылдам астам уақыт бойы тас бұғауда ұстап, сан мыңдаған адамның тағдырын күйреткен тоталитарлық мемлекеттегі ең алғашқы бас көтерген, ұрпаққа ұран болған тәуелсіздік қарлығаштары - қазақ жастарының саяси мәселелерге ашық түрде араласуы еді. Сондай-ақ, бұл оқиға әлемді елең еткізген, қазақ топырағына ұлттық санасын жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі және КСРО-да басталған қайта құру ұрандарына сай демократиялық қозғалыстардың Қазақстандағы бастамасы болды. Желтоқсандағы қазақ жастарының бейбіт шеруі ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол - жастардың билік басындағылардың әлеуметтік-экономикалық саясатына наразылықтары және әлі буыны қатпаған демократия мен тоталитарлық жүйенің қақтығысы болды.

А. Н. Тесленко атап көрсеткеніндей, КСРО құлағаннан кейін, идеологиялық және басқарушылық функциясын атқарып келген жастар институттары да (әсіресе жастардың қоғамдық бірлестіктері түріндегі ) ыдырап кетті. Жастар саясатының билігі, қандайда бір мемлекеттік атқарушы биліктің қолына берілмеді. Қысқасы, 1991-1993 жылдары мемлекет жастар мәселесімен мүлдем шұғылданбады, осының салдарынан ең алдымен жастардың әлеуметтік еңбегі жанданып келе жатқан материалдық база біршама шығынға ұшырады (9) .

Десек те, дүниежүзінің тарихи даму сахнасында Кеңес үкіметінде болып жатқан оқиғалар Қазақстанда етек алған демократия үшін күрес жастарымыздың саяси белсенділігінің артуына ықпал етті. Еліміз тарихында орталықтың билігінсіз, компартияның рұқсатынсыз, түрлі қозғалыстар мен бірлестіктер пайда бола бастады. Тәуелсіздік алған мемлекетіміз жастар мәселесін жаңаша қарауға мүмкіндік алды, жастардың әр түрлі саяси партиялары мемлекет әкімшілігіне жастар мәселесі туралы бағдарламалар ұсынды, мемлекет тарапынан жас отбасыларына жеңілдіктер көрсетілді.

«Қазақстан ССР-ның мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы 1991 жылы КСРО құлағанға дейін қабылданған болатын. Сондықтан бұл заңның жүзеге асуында кедергілердің болуы кездейсоқтық емес еді. Көп ұзамай заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар түсе бастады. 1993 жылы 22 сәуірде жастар ісі жөніндегі ҚР Мемлекеттік комитетінің Коллегисы «Жастар ісі жөніндегі комитеттің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттары мен әрекеттері туралы» қаулысында осы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс тобын құруды және оны 1993 жылдың 1 тамызына дейін бітіру туралы шешім қабылдады (10) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қозғаушы күштері мен барысы
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz