Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІ. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық реттеу ... ... ... .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Қолданылған нормативтік құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Бітіру жұмысында жасалған сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
КІРІСПЕ


Зерттелетін мәселенің өзектілігі.
Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.
Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып, өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның гуманизациялану идеясын қабылдайды.
Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық, санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек жаюынан көреміз. Тарихи дамудың осы бір кезеңінде аталған мәселені шешуге қажетті барлық объективті жағдайлардың жетілгені осы мәселенің өткірлігін және зерттелуге қажеттілігін анықтайтын фактор болып табылады.
Мәселенің ғылыми жетілдіру жағдайы. Еңбекті қорғаудың әлеуметтік негіздерінің жеке аспектілері техникалық, медициналық, әлеуметтік және өзге салалық ғылым салаларымен зерттелген. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесіне көптеген ғалым-заңгерлердің де еңбектері арналған. Аталған мәселені жетілдіруге байланысты түрлі ғылым салалары ғалымдарының салған үлесін мойындай отырып, осы мәселеге қатысты барлық кешенді қамтитын арнайы зерттеудің әлі де жоқ екенін айта кеткен жөн. Әрине, бірқатар монографиялар мен жеке мақалаларда бекітілген өткен күн тәжірибесі осы мәселенің негізін құрайды, бағыт береді. Алайда, кейбір тұстарда зерттеулердің арасында қарама-қайшылықтар туындайды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу материалдарының қазіргі жағдай мен туындаған мән-жайларға сәйкес келмеуі аталған бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастырудың себебі мен негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының қабылдануына дейін әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектердің еңбегін қорғау кезінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер белгілі бір еңбек жағдайларын белгілеуден көрініс табатын. Еңбек заңнамасында жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін құқықтық реттеудің дифференциялық әдістемесі болған. Одақтас республикалардың ЕтЗК-інде бұл санаттағы қызметкерлердің еңбегін реттеуге қатысты жеке-жеке бөлімдер арналып, бөлек қарастырылатын.
Қазақстан Республикасының қазіргі әрекет етуші еңбек заңнамасы кеңес үкіметінде сияқты әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектерді бірқатар жеңілдіктерді иеленетін еңбек құқығының ерекше субъектісі ретінде бөлмеген. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда тіпті олардың еңбек қатынастарын реттейтін жеке бөлім (тарау) да жоқ. Аталған заңда әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты бірнеше бап қана қарастырылған. Ал мүгедектер тіпті назардан тыс қалған.
Осы негізінде Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін түзету мен толықтыруға қажеттілік туындады деуге негіз бар. Бұл ақтаңдақтар мен олқылықтар Еңбек Кодексімен назарға алынып, дұрыс жолға қойылады деген үміттеміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауды құқықтық реттудің теоретикалық мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Еңбекті қорғаудың жалпы ұғымын және оның мәнін ашу;
2. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздерін анықтау;
3. Өндірістегі әйелдер еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың кешенді жүйесі болып табылатын әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы сұрақтарын қарастыру және тек әйелдерге қатысты ғана қолданылатын арнайы құқықтық нормалардан тұратын әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу;
4. Еңбекті қорғауға байланысты кеңес үкіметінің және Қазақстан Республикасының заңнамаларын салыстыра отырып, кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген, қайшылықты мәселелерді анықтау;
5. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық реабилитациясы ұғымын құқықтық санат ретінде анықтау және оның негізгі бағыттарын көрсету.
Зерттудің методологиялық негізі. Зерттеудің методологиясын құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі, сондай-ақ салыстырмалы талдау жасау, тарихи-әлеуметтік, жүйелі, логикалық, кешенді және себеп-салдар мен себепті байланыс әдістері құрады. Мысалы, тарихи әдіс еңбекті қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің өзгеру динамикасын көрсетуге мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс еңбекті қорғаудағы өзге мемлекеттердің жетістігін анықтап, үлгі ретінде алынуы үшін қолданылды.
Зерттеудің теоретикалық негізін құқық, философия, экономика, социология, физиология, психология салаларындағы отандық және шетел мамандарының еңбектері құрады. Маңызды қайнар көз ретінде еңбек құқығы ғылымының өкілдерінің еңбегі қолданылды: Е.Н. Нұрғалиева, А.С. Пашков, Т.М. Абайдельдинов, В.Н. Уваров, А.М. Нұрмағамбетов, К.А. Шайбеков, А.А. Абрамова, Е.Г. Азарова, Э.Г. Қожахметова, Л.А. Николаева, В.Н.Толкунова және өзгелері.
Зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік маңызы. Зерттеудің теоретикалық маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген және қарама-қайшылықты мәселелерді ашу болып табылады. Зерттеудің тәжірибелік маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Диплом жұмысындағы теоретикалық қорытындыларды ғылыми –зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі кіріспеден, екі бөлім, бес тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.
1. Абайдельдинов Т.М. О генезисе трудового отношения: проблемы, поиски, решения // Вестник КазГУ. Серия юридическая 2000. №1 (14). С.1-11.
2. Абайдельдинов Т.М. Стороны коллективных соглашений // Конституция Республики Казахстан и вопросы совершенствования законодательства о труде: Сборник материалов международной научно-теоретической конференции. – Алматы: Общественный фонд политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001.
3. Абрамова О.В., Коршунова Т.Ю. Правовые проблемы организации надзора и контроля за соблюдением законадательства о труде. Институт законадательства и сравнительного правоведения при Правительстве РФ. Труды №60. 1995.
4. Абрамова О., Нуртдинова А. Защита трудовых прав работников // Хозяйство и право. 2002. №11; №12.
5. Азтаев Б. Государственная инспекция труда. – Правовой вестник. – 2002.- №32, сентябрь.
6. Время трудиться по другому. Парламентские слушания: «Об исполнении законадательства о безопасностии охране труда в Республике Казахстан». – Правовой вестник. – 2003.- №22, июнь.
7. Гусов К.Н., Курилин М.Н. Международно – правовое регулирование труда (в конвенциях и рекоменданциях МОТ). – Москва, 1993.
8. Димитрова С.А. правовые проблемы труда и занятости населения. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Жармахан Туякбай: «Только в прошлом году на рабочем месте погибли 355 казахстанцев». – Правовой вестник. – 2003. - №22, июнь.
10. Кужемуратов С. Если к Вам пришел инспектор. – Правовой вестник. – 2003. - №41, октябрь.
11. Кузнецов Н.Ф., Аргунова Ю.Н. Об эффективности уголовно-правовой охраны трудовых прав граждан // Государство и право. 1996. №10.
12. Қарақұсова Г. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе. – Егемен Қазақстан газеті. – 2004. – 28-ші сәуір.
13. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
14. Нургалиева Е.Н., Хохлов Е.Б. Проблемы трудового права в современных условиях. – Караганда, 1994.
15. Нургалиева Е.Н., Сериков О.Т. Коллективно-договорное регулирование труда (на примере нефтегазовой промышленности). – Алматы, 2002.
16. Нургалиева Е.Н., Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон трудового договора. – алматы: ТОО «Баспа», 2001.
17. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. – Алматы: ТОО «Баспа», 1998.
18. Обсуждаем законопроект Проект. «Об обязательном страховании ответственности работадателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей». Закон Республики Казахстан. – Правовой вестник. 2003. -№22, июнь.
19. Охрана труда. Минимальный комплект нормативных актов, необходимых для организации охраны труда. – Правовой вестник. – 2004. - №3, январь
Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов Республики Казахстан. Составитель: В.И. Скала. – Алматы: ИД «LEM», 2002.
21. Пашков А.С Проект нового трудового Кодекса // Государство и право. – 1995. - №3.
22. Создание системы управления охраной труда на национальном уровне – настоятельное требование времени. Из доклада парламентских слушаниях от 23.05.2003г. – Правовой вестник. 2003. - №22, июнь.
23. Таимбетов Б.Т. Прокуратура Алматинской области выявляет нарушения законодательства о труде. – Правовой вестник. – 2003. - №20, май.
24. Тогайбаев И.У. Практика работы по обеспечению безопасности труда. – Правовой вестник. – 2003. - №22, июнь.
25. Уваров В.Н. Государственная служба. – Алматы, 1996.
26. Чиканова Л.А. Организационно-правовые проблемы обеспечения безопасности труда на производстве. В кн. «Обеспечение безопасности населения и территорий». – Москва, РАН ИГиП, 1994.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН ҚОРҒАУ
(ӘЙЕЛДЕР, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР)

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Еңбекті қорғаудың жалпы
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Еңбекті қорғау түсінігі және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .7
1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .19

ІІ. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін
қорғау ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Кәмелетке толмағандардың еңбегін
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .38
2.3 Мүгедектердің еңбектік реабилитациясын құқықтық
реттеу ... ... ... .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

Қолданылған нормативтік құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қолданылған әдебиеттер мен мерзімді
басылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..59
Бітіру жұмысында жасалған
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

КІРІСПЕ

Зерттелетін мәселенің өзектілігі.
Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-ның
мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, 1991 жылы 16
желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап егеменді мемлекет
ретінде өз халқының мүддесі үшін экономикалық және әлеуметтік саясатын өз
бетінше анықтауда және жүргізуде. Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық өмірдің
барлық салаларын, соның ішінде заң саласын реформалау жалғасуда, кең
көлемді әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда.
Конституциямен өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан
Республикасы тұлғаның еркін дамуы үшін, оның өмір сүру деңгейінің жоғарлауы
үшін жағдайларды қамтамасыз етуден белгілі бір міндеттерді мойнына алып,
өзінің әлемдік құндылықтардың жолын ұстайтынын растады. Әлеуметтік мемлекет
теориясы жеке еркіндік пен теңдіктің, тұлғалардың еркіндігін қамтамасыз
етуге мемлекеттің қатысуының үйлесімділігін білдіреді. Әлеуметтік
мемлекеттік қорғалмаған адамдарды қолдау, қорғау, қамқорлыққа алу, қоғамның
гуманизациялану идеясын қабылдайды.
Ағзасының белгілі бір физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты еңбек нарығында анағұрлым әлсіз, бәсекеге түсе
алмайтын, соның салдарынан мемлекет тарапынан ерекше қолдау мен қорғауды
қажет ететін жалдамалы жұмысшылар тобын құрайтын азаматтардың белгілі бір
санаты бар. Бұл азаматтар олардың ағзаларының физиологиялық
ерекшеліктерінен көрінетін айрықша субъективті қасиеттерге ие. Сондықтан
олардың денсаулықтарына кері әсер ететіндіктен, олар еңбек функциясын
жалпы негіздерде атқара алмайды. Нақты осы жағдайда еңбек құқығына аталған
тұлғалардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен, қандай субъектілер мемлекет тарапынан
ерекше қорғауды қажет етеді. Аталған санаттағы азаматтарға еңбек құқығы
әйелдерді, кәмелетке толмағандарды және мүгедектерді жатқызады. Құқық әйел
ағзасының әлеуметтік ана болу функциясын, жасөспірімнің қатаймаған, даму
үстіндегі ағзасын, оның психикасының, жеке қасиеттерінің әлі
қалыптаспағанын, мүгедектердің шектелген еңбек қабілеттігін ескерген.
Осы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау
мәселесінің өзектілігі соңғы кездері белең алып отырған өндірістегі адам
шығынына алып келген жазатайым оқиғалардың жиілей түсуі, техникалық,
санитарлық-гигиеналық және өзге де қауіпсіздік талаптардың сақталмауы
салдарынан қызметкерлердің мүгедек болып қалу жағдайларының кең етек
жаюынан көреміз. Тарихи дамудың осы бір кезеңінде аталған мәселені шешуге
қажетті барлық объективті жағдайлардың жетілгені осы мәселенің өткірлігін
және зерттелуге қажеттілігін анықтайтын фактор болып табылады.
Мәселенің ғылыми жетілдіру жағдайы. Еңбекті қорғаудың әлеуметтік
негіздерінің жеке аспектілері техникалық, медициналық, әлеуметтік және өзге
салалық ғылым салаларымен зерттелген. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің
еңбегін қорғау мәселесіне көптеген ғалым-заңгерлердің де еңбектері
арналған. Аталған мәселені жетілдіруге байланысты түрлі ғылым салалары
ғалымдарының салған үлесін мойындай отырып, осы мәселеге қатысты барлық
кешенді қамтитын арнайы зерттеудің әлі де жоқ екенін айта кеткен жөн.
Әрине, бірқатар монографиялар мен жеке мақалаларда бекітілген өткен күн
тәжірибесі осы мәселенің негізін құрайды, бағыт береді. Алайда, кейбір
тұстарда зерттеулердің арасында қарама-қайшылықтар туындайды, сондай-ақ
ғылыми-зерттеу материалдарының қазіргі жағдай мен туындаған мән-жайларға
сәйкес келмеуі аталған бағытта зерттеу жұмыстарын жалғастырудың себебі мен
негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы Заңының қабылдануына дейін әйелдер,
кәмелетке толмағандар мен мүгедектердің еңбегін қорғау кезінде мемлекет
тарапынан жеңілдіктер белгілі бір еңбек жағдайларын белгілеуден көрініс
табатын. Еңбек заңнамасында жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін
құқықтық реттеудің дифференциялық әдістемесі болған. Одақтас
республикалардың ЕтЗК-інде бұл санаттағы қызметкерлердің еңбегін реттеуге
қатысты жеке-жеке бөлімдер арналып, бөлек қарастырылатын.
Қазақстан Республикасының қазіргі әрекет етуші еңбек заңнамасы
кеңес үкіметінде сияқты әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектерді
бірқатар жеңілдіктерді иеленетін еңбек құқығының ерекше субъектісі ретінде
бөлмеген. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңда тіпті олардың
еңбек қатынастарын реттейтін жеке бөлім (тарау) да жоқ. Аталған заңда
әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты бірнеше бап қана
қарастырылған. Ал мүгедектер тіпті назардан тыс қалған.
Осы негізінде Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы
нормативтік құқықтық актілерін түзету мен толықтыруға қажеттілік туындады
деуге негіз бар. Бұл ақтаңдақтар мен олқылықтар Еңбек Кодексімен назарға
алынып, дұрыс жолға қойылады деген үміттеміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының мақсаты
Қазақстан Республикасындағы жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін
қорғауды құқықтық реттудің теоретикалық мәселелерін кешенді зерттеу болып
табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Еңбекті қорғаудың жалпы ұғымын және оның мәнін ашу;
2. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздерін анықтау;
3. Өндірістегі әйелдер еңбегінің салауатты және қауіпсіз жағдайларын
қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралардың кешенді жүйесі болып
табылатын әйелдер еңбегін қорғаудың жалпы сұрақтарын қарастыру және
тек әйелдерге қатысты ғана қолданылатын арнайы құқықтық
нормалардан тұратын әйелдер еңбегін ерекше қорғаудың мазмұнын ашу;
4. Еңбекті қорғауға байланысты кеңес үкіметінің және Қазақстан
Республикасының заңнамаларын салыстыра отырып, кәмелетке
толмағандардың еңбегін қорғауға қатысты шешілмеген, қайшылықты
мәселелерді анықтау;
5. Мүгедектердің әлеуметтік-құқықтық реабилитациясы ұғымын құқықтық
санат ретінде анықтау және оның негізгі бағыттарын көрсету.
Зерттудің методологиялық негізі. Зерттеудің методологиясын құқықтық
құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі, сондай-ақ салыстырмалы талдау
жасау, тарихи-әлеуметтік, жүйелі, логикалық, кешенді және себеп-салдар мен
себепті байланыс әдістері құрады. Мысалы, тарихи әдіс еңбекті қорғауды
реттейтін нормативтік құқықтық актілердің өзгеру динамикасын көрсетуге
мүмкіндік берді. Салыстырмалы әдіс еңбекті қорғаудағы өзге мемлекеттердің
жетістігін анықтап, үлгі ретінде алынуы үшін қолданылды.
Зерттеудің теоретикалық негізін құқық, философия, экономика,
социология, физиология, психология салаларындағы отандық және шетел
мамандарының еңбектері құрады. Маңызды қайнар көз ретінде еңбек құқығы
ғылымының өкілдерінің еңбегі қолданылды: Е.Н. Нұрғалиева, А.С. Пашков, Т.М.
Абайдельдинов, В.Н. Уваров, А.М. Нұрмағамбетов, К.А. Шайбеков, А.А.
Абрамова, Е.Г. Азарова, Э.Г. Қожахметова, Л.А. Николаева, В.Н.Толкунова
және өзгелері.
Зерттеудің теоретикалық және тәжірибелік маңызы. Зерттеудің
теоретикалық маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғауға
қатысты шешілмеген және қарама-қайшылықты мәселелерді ашу болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы – жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін
қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша
ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Диплом жұмысындағы теоретикалық
қорытындыларды ғылыми –зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі кіріспеден, екі бөлім, бес
тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған қайнар
көздердің тізімінен тұрады.

І. Еңбекті қорғаудың жалпы негіздері

1.1 Еңбекті қорғаудың түсінігі және оның маңызы

Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы
мемлекетпен қорғалады. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері еліміздің ата
заңында көрініс тапқан. Яғни, Қазақстан Конституциясының 24–бабының 2-
бөлігіне сәйкес әрбір азамат қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек
ету жағдайына құқығы бар, ал 29-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары денсаулық сақтауға құқығы бар.
Қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-
құқықтық санат бола отырып, еңбекті қорғау тек қана заңгерлермен ғана емес,
өзге де техникалық, медициналық, әлеуметтік және т.б. салалық ғылымдармен
зерттелуде.
Еңбек заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына келесідей анықтама беріп
отыр, яғни еңбекті қорғау – бұл құқықтық, әлеуметтік – экономикалық,
ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және
өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
жүйе.
Шындығында да, еңбекті қорғау әр түрлі шаралардың, соның ішінде
барлық жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығы мен еңбек қабілетін
қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық шаралардың да жиынтығы болып
табылады. Еңбекті қорғау жүйесінің ең маңызды бөлігі еңбекті қорғау
жөніндегі заңнама сөзсіз, себебі еңбекті қорғауды бұлжытпай жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін барлық нормалар жүйесін қамтиды.
Еңбек құқығында қалыптасқан еңбекті қорғау ұғымы екі түрлі
жағынан берілген – аталған термин екі түрлі мағынада ажыратылған және оны
кең де, тар да мағынада талдауға болады. Кең мағынада аталған санат ретінде
құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-
гигиеналық, емдеу-профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектік
қызмет үрдісіндегі жұмысшы өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және еңбек
қабілетінің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі түсіндіріледі.
Қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына
құқық – қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі болып табылады
(Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 7-бабы 1- тармағының 3-
тармақшасы). Еңбек заңнамасы түгелдей еңбекті қорғау мақсаттарына
бағындырылған. Заңнама ұлттық саясаттың бұл саладағы негізгі қағидаларын,
өндірістегі тосын жағдайлардың, денсаулықтың зақымдануының алдын-алу
шараларын, шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінде және меншік нысанына
қарамай кез-келген кәсіпорында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды
барынша азайтуды қарастырады.
Тар мағынада еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және қолайлы
жағдайларын тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын
қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде
денсаулығына және өміріне келген зиян үшін жауаптылықты сақтау міндетін
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Бұл мәселелерді
реттейтін нормалар мен ережелер еңбек құқығының құрамдас бөлігі болып
табылады [1, С.296].
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілерді қатыстыра отырып барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы
органдардың бірлескен әрекетін көздейді. Бұл саясат мына қағидаларға
негізделген:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығының басымдығы;
2) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың
зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3) қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай
еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды
белгілеу;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік
реттеу;
6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен
қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы
ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8) мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізуге мемлекеттің
қатысуы;
9) қызметкерлер өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларынан тұратын нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеуге, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын
бақылауды жүзеге асыруға қатысуы (Қазақстан Республикасының Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңының 6-бабы)
Еңбекті қорғауға құқығы барлар: меншіктің және шаруашылық
жүргізудің әртүрлі нысанындағы жұмыс берушілермен, оның ішінде жекелеген
жолдаушылармен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер; кооператив
мүшелері; өндірістік тәжірибе өтуші және өндірістік оқудағы жоғары және
арнайы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары; әскери міндетті
атқарумен байланысты емес жұмыстарға тартылған әскери қызметкерлер; сот
үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, егер олар үкімнің орындалуын
басқаратын органдар анықтаған кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрсе, сондай-ақ
қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған кез-келген еңбекке
қатысушылар.
Халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде Қазақстан
Республикасының азаматтары мен кәсіпорындары шет елдерде жұмыс атқарған
жағдайда олар үшін еңбекті қорғау жөнінде халықаралық нормаларда
белгіленгеннен төмен емес талаптар көзделеді. Қазақстан Республикасының
аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істеуші шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты еңбекті
қорғауға құқығы болады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
республикада мемлекеттік саясат қағидаларының жүзеге асырылуын, бұл салада
заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің дайындалуын, сондай-ақ өндіріс
құралдарына, технологияға және еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың,
еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалар мен басқа нормативтік актілердің
сақталуына мемлекеттік қадағалаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге
бағытталған. Заңнамада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың мынадай негізгі міндеттері анықталған:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік
стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік,
салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен
жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу мен енгізу,
еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын
шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға
және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті
жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың
бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен
бақылауға;
8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің
құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге
асыруға жәрдемдесуге, және т.б. бағытталған (Еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы Заңының 5-бабы).
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті
өкілдік алған. Үкімет және басқа мемлекеттік басқару органдары еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады
және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғаудың және оның
жағдайын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді, министрліктер мен
басқа орталық атқарушы органдардың еңбектің қолайлы және қауіпсіз
жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерін анықтайды, еңбекті қорғауға кететін
шығындарды қаржыландыру тәртібін анықтайды. Арнайы өкілеттігі бар орган
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
болып табылады.
Ұйымдық –құқықтық нысанына және меншік түріне қарамастан әрбір
кәсіпорында еңбекті қорғау қызметі құрылады. Өзінің мәртебесі жағынан
еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі, ал
оның еңбекті қорғау мәселелері бойынша шешімдері барлық бөлімшелердің
басшылары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі белгіленген мақсаттарға сәйкес
еңбек қорғауды басқару жүйесінің жасалуын, енгізілуін және тиімді жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша
кәсіпорынның функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің жұмысын
үйлестіреді, кәсіподақ ұйымдарының еңбек қорғау жөніндегі өкілдерімен және
еңбек қорғаудың аймақтық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп әрекет
етеді, өндірістік құрал-саймандардың, ғимараттардың және құрылыстардың,
тұрмыстық жайлардың техникалық ахуалын және дұрыс пайдаланылуын бақылайды;
жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің кіріспе нұсқамасының
бағдарламасын жасайды, кәсіпорынға жұмысқа алғаш кірген қызметкерлермен
нұсқама өткізеді; ұжымдық шартта Еңбекті қорғау тарауының дайындалуын,
еңбекті қорғау жөніндегі номенклатуралық шаралардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз етеді, т.б.
Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің
талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жұмыс беруші қызметкерді еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті
жұмыстарға қабылдау кезінде кәсіби аурудың туындау мүмкіндігі туралы
ескертуге міндетті. Олардың арасында жасалатын жеке еңбек шартында қауіпті
және зиянды өндірістік факторларды қоса алған, жұмыс орнының шынайы
сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жұмыс
істегені үшін берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар көрсетілуге тиіс. Осы
жереде еңбекті қорғау ұғымын толығырақ ашу үшін кейбір терминдерге
тоқталуды жөн көрдік. Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы Заңының 1-бабына сүйенсек,
- зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік
факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне
немесе сырқаттануына әкеліп соқтыратын еңбек жағдайлары;
- қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері
сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін
тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе
жарақаттануына не өліміне әкеліп соқтыратын еңбек жағдайлары;
- кәсіби ауру – қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен
байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған
созылмалы немесе қатты ауруы;
- зиянды өндірістік фактор – оның әсері қызметкердің сырқаттануына
немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін
өндірістік фактор;
- қауіпті өндірістік фактор - әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына (еңбек жарақатына
немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін
өндірістік фактор.
Аталған анықтамалардың мазмұнын қорыта келгенде, еңбек қауіпсіздігі
және еңбек қорғау ережелерінің сақталмауы салдарынан белгілі бір өндіріс
факторларының әсерінен қызметкердің өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян
тигізетін қауіптің төнуі мүмкін екенін көріп отырмыз. Соныдқтан аталмыш
жағдайлардың алдын алу шарасы ретінде азаматтарды олардың денсаулық
жағдайына теріс әсер ететіні айқын жұмыстарға қабылдауға заңнамамен тыйым
салынған.
Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) және
қолайсыз өндірістік факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты
жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс беруші олар алдын ала медициналық
тексеруден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес
денсаулық жағдайларына қайшы келмейтіні айқындалғаннан жүзеге асырылуға
тиіс. Жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін
қызметкерлерді мерзімдік медициналық қаралудан және тексеруден өткізуді
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өз қаражаты
есебінен ұйымдастыруға міндетті. Ал медициналық қаралудан және тексеруден
өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі тиіс.
Ұйымдардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі
мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Қызметкерлердің еңбек қызметі үрдісіндегі еңбек қауіпсіздігіне және
еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктері берілген. Мәселен, ұйымның еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан
жұмысын тоқтатқан уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа
жалақысы сақталады. Қызметкердің өзінің немесе айналадағы адамдардың өмірі
мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас
тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеліп
соқтырмайды. Сонымен қатар, қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушінің
қызметкерден еңбек міндеттерін орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол
себептен бос тұрып қалған уақытта орташа жалақысы мөлшерінде ақы төлеуге
тиіс. Ал қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен
денсаулығына зиян келтірілген жағдайда оған келтірілген зиянды өтеу
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде
еңбек жарақаты, кәсіби ауру немесе зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік
факторлардың әсері салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілері
байқалған жағдайда жұмыс беруші медициналық қорытындының негізінде
қызметкерді өзінің келісімі бойынша денсаулығына теріс әсерін тигізбейтін
басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс (Қазақстан Республикасының Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңының 14-бабы).
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталмауы
өндірістегі жазатайым оқиғалардың басты себебі болып отыр. Қазақстан
Республикасының статистика бойынша агенттігінің берген мәліметтеріне
қарағанда Қазақстан Республикасында 2006 жылы еңбек қызметімен байланысты
жазатайым оқиғалардан зиян шеккен 3395 адам тіркелген. Зиян шеккендердің
жалпы санынан әйелдер 17,6% -ды, он сегіз жасқа дейінгі жасөспірімдер 0,2%
-ды құраған. Бұның ішінде 188 адам топтық жазатайым оқиғалардан, 291 адам
кәсіби аурулардың, 41 адам уланудан зиян шеккен [2, С.33]. Ал 2004 жылдың
соңғы бес айында тау-кен және өнеркәсіп орындарындағы еңбек қауіпсіздігі
мемлекеттік инспекциясынының бақылауындағы кәсіпорындарда ұзын-саны 147
қайғы-қасірет оқиға болыпты. Оның 13-і кісі өлімімен, 9-ы аса ауыр
салдармен тиянақталған. өткен жылғы осы уақыттағы жағдаятпен салыстырып
қарсақ, жалпы жарақаттану 13%-ға кеміп, ауыр салдарлы жарақаттану 47,1%-ға,
кісі өлімі оқиғасы екі есеге көбейген[3, С.39]. Бұл оқиғалардың орын
алуына кейде жұмыс берушінің кінәсі себеп болса, кейде қызметкердің
салғырттығы мен сауатсыздығы себеп болады. Сондықтан жұмыс берушінің
өнірістегі еңбекті еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарына сәйкес
ұйымдастырылуы бойынша жауапкершілігін арттыру қажет. Осы мақсатпен заңнама
жұмыс берушіге бірқатар міндеттер жүктеп отыр. Мысалы, жұмыс беруші
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; еңбек қауіпсіздігінің және
еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға; қызметкерлерді
ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік
факторлар туралы хабардар етуге; өндірістік жабдықтар мен технологиялық
үрдістерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру
жолымен жұмыс орындарында және технологиялық үрдістерде кез келген қатерді
болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі қызметкерлерді ережелер мен нормативтердің талаптарына
сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үрдістерді
енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге; өз қаражаты есебінен
қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе)
қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану
құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке және ұжымдық
қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды
жүзеге асыруға; өз қаражаты есебінен қызметкерлерге қажетті санитарлық-
гигиеналық жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу
және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрі-дәрмек қобдишаларымен,
сүтпен, уәкілетті орган белгілейтін нормалардан кем болмайтын емдеу-
профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киімді және аяқ киімді
жөндеумен қамтамасыз етуге және т.б. міндетті. Ал қызметкерге заңнама, өз
кезегінде, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың,
ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің
өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға; арнаулы
киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;
өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері
туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін
жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек
жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби
аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен
міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық
тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетін
жүктеген.
Еңбекті жан-жақты қорғаудың үлкен әлеуметтік, экономикалық және
құқықтық мәні бар.
Еңбекті қорғаудың әлеуметтік мәнінің маңызы келесіде:
1. Қызметкердің өмірі мен денсаулығын орын алуы мүмкін өндірістік
зияндардан қорғайды.
2. Қызметкердің еңбекке қабілеттілігін сақтауға бағытталған.
3. Қызметкердің мәдени-техникалық өсуіне жәрдемдеседі, себебі лас,
ауасы тар өндірістік бөлмелерде күні бойы жұмыс істеп шаршаған
қызметкер кешкісін оқуға, біліктілігін көтеруге, сауықтануға,
спортпен шұғылдануға, ой-өрісін дамытуға мүмкіндігі де, шамасы да
болмайды. Еңбекті қорғау еңбекті гуманизациялауға жәрдемдеседі
Еңбекті қорғаудың экономикалық мәнінің маңызы келесіде:
1. қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне жәрдемдеседі. Ал ол өз
кезегінде өндіріс пен экономиканың өсуіне әкеледі.
2. әлеуметтік сақтандыру қорын үнемдеуге және жұмыс уақытын жоғалтуды
қысқартуға жәрдемдеседі, себебі еңбектің жақсы қорғалуында
өндірістік жарақаттар, кәсіби аурулар азаяды және сәйкесінше
аурухана парақтары мен зиянның орнын толтыру, қызметкердің ауруы
үшін жұмыс уақытын жоғалту азаяды.
Еңбекті қорғаудың құқықтық мәнінің маңызы келесіде:
1. Ол еңбек жағдайының ауырлығын, әйел ағзасының физиологиялық
ерекшеліктерін, оның ана болу функциясын және жасөспірімдер
ағзасының психофизиологиялық ерекшеліктерін және мүгедектердің еңбек
қабілеттілігін ескере отырып, қабілеттілігіне қарай жұмыс атқаруына
жәрдемдеседі.
2. Азаматтың құқықтық мәртебесі оның еңбек қорғауға негізгі құқығын
және еңбек қызметінің үрдісінде ғана емес, сондай-ақ оларды жұмысқа
қабылдаған сәттен-ақ ерекше қорғауды қажет ететін тұлғалар үшін бұл
құқықтың заңдық мәртебелік кепілдіктерін қамтиды. Мысалы, әйелдер
мен кәмелетке толмағандарды медициналық негіздер бойынша оларға
тыйым салынған жұмыстарға қабылдауға болмайды.
3. Еңбекті қорғау бойынша мәселелер еңбек ұжымы мен профкомның
әкімшілікпен, жұмыс берушімен арасындағы ұйымдастыру-басқарушылық
қатынастардың, сонымен қатар салалық, республикалық және аумақтық
деңгейдегі әлеуметтік-серіктік қатынастардың объектісі болып
табылады.
4. Еңбекті қорғау қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбектік
құқықтық қатынсатың маңызды элементі болып табылады және ол бойынша
жұмыс беруші (әкімшілік) қызметкердің жұмыс орнында еңбектің
қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс[4, С.312].
Еңбекті қорғау түсінігі және оның маңызы бөлімі бойынша мынадай
қорытынды жасауға болады:
1. Еңбекті қорғау қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі
әлеуметтік-құқықтық санат болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына мынадай
анықтама беріп отыр: еңбекті қорғау –құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын
алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек
қызметі үрдісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.
3. Еңбекті қорғау ұғымы кең және тар мағынада қарастырылады.
Кең мағынада аталған санат ретінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-
профилактикалық және өзге де шараларды қамтитын еңбектік қызмет
үрдісіндегі жұмысшы өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және еңбек
қабілетінің сақталуын қамтамасыз ету жүйесі түсіндіріледі.
Тар мағынада еңбекті қорғау еңбектің қауіпсіз және қолайлы
жағдайларын тудыру мәселелерін, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын
қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде
денсаулығына және өміріне келген зиян үшін жауаптылықты сақтау міндетін
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді.

1.2 Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері

Еңбекті қорғауды құқықтық реттеуде еңбек заңнамасының еңбекті
қорғау бойынша құқықтық шаралардың минимумын белгілейтін
орталықтандырылған нормалары осы минимумды әлеуметтік-серіктестік
келісімдердің, ұжымдық шарттардың, сондай-ақ еңбек шарттарының
(контрактлердің) негізінде көтеретін, нақтылайтын шарттық әдіспен кең
үйлесімділік тапқан.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. Мемлекет адамның өмірі мен
денсаулығының ең жоғарғы құндылық екенін танып отыр. Қоғамдық өмірдің
қандай саласында болмасын, адамның өмір сүруге және денсаулыққа құқығы
мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Конституцияның 24-бабының 2-
бөлігіне сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талптарына сай еңбек
ету жағдайларына құқығы бар. Аталған норма қызметкердің еңбегінің
қорғалатынын жариялап, оған кепілдік беріп отыр.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы Заңының 7-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, қызметкердің
қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқығы бар. Бұл құқықты Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы Заңы да жариялап отыр. Яғни, аталған заңның
17-бабының 1-тармақшасына сәйкес, қызметкердің еңбек қауіпсіздігіне және
еңбекті қорғауға құқығы бар делінген.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңның 6-бабында көрініс
тапқан (бұл қағидаларды біз алдыңғы бөлімде атап өттік). Ескерте кететін
бір жайт, аталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары сәйкес мемлекеттік органдардың
заңшығарушылық қызметінде өзінің тиісті бейнесін таппады.
Еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру
жөніндегі мәселені шешкенде кешенді амалдар қолдану қажет. Яғни,
мемлекеттік бағдарламалар базасында еңбекті қорғау мәселелерін кешенді
түрде шешу секілді еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
қағидасы жүзеге асатындай қызмет етуі керек.
Біздің ойымызша, мұндай актілерді бірнеше мемлекеттік органдар
бірігіп жасауы керек. Оларға Қазақстан Республикасының еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, Қазақстан Республикасының
стандарттау мен сертификаттау органдары және Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрлігі (санитарлық-эпидемиологиялық). Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәселелері Қаулысына сәйкес [5].
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің негізгі міндеттері, қызметі және құқықтары анықталды,
оның ішінде – еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсартуға
бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жасау, еңбек жағдайлары мен
еңбекті қорғау бойынша жағдай мен шаралар туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндамалар ұсыну; еңбектің қауіпсіз
жағдайларын нормативті қамтамасыз ету. Аталған Қаулымен Қазақстан
Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің
еңбек инспекторы туралы ережесі бекітілді. Бұл ережеде Қазақстан
Республикасының еңбек жөнінде орталық атқарушы органның басты
мемлекеттік еңбек инспекторы заңшығарушылық және өзге де нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын жасауға қатысатыны, сонымен қатар еңбек
туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамлары мен
Министрліктің қызмет ету аясына қатысты өзге де нормативтік актілерлдің
орындалуына бақылау жүргізу туралы әдістемелік ұсыныстар жасауға
қатысатыны айтылған.
Әрине жұмыс беруші өз деңгейінде қызметкерлердің еңбегін
қорғау жөнінде ережелерді, нормалар мен нұсқауларды жасай алады, бірақ
жалпыға бірдей талаптардың (үлгілердің) болмауы оған мұндай актілерді
жасауда қиындық туғызады. Сондықтан мемлекет өкілетті органдары еңбекті
қорғау саласында белгілі бір стандарттарды жасауы керек. Әйтпесе әрбір
жұмыс беруші қызметкердің жағдайын нашарлататын және соның салдары
ретінде денсаулығына кері әсерін тигізетін өзінің талаптарын,
стандарттарын, нұсқауларын белгілеуі әбден мүмкін.
Сондай-ақ аталған нормативтік актінің құрамына кәсіпорындардың
әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғаудың стандарттары,
нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келуін регламенттейтін
норма кіреді.
Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік актілердің ішінде бүгінгі
күні 1997 жылы 3 қарашада Қазақстан Республикасының еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрілігімен бекітілген Еңбекті қорғау кабинеті
туралы типтік ережесі қызмет етеді [6]. Еңбекті қорғау кабинеті
қызметінің негізгі міндеті мен мазмұны ұйымға жұмысқа тұрған
қызметкерлерді, сондай-ақ өндірістік тәжірибеден өтуші орта және арнайы
мектептер мен лицейлердің оқушыларын, колледждердің және жоғары оқу
орындарының студенттерін еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқыту және нұсқау
беру; жеке қорғаныс құралдарын қолдану және алғашқы медициналық көмек
көрсету және т.б. бойынша инструкция беру болып табылады.
Берілген заңға тәуелді актінің мазмұнынан көріп тұрғанымыздай,
оның ұйымдарда еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын ұйымдастыруда негізгі
акт болып тұрғанын айта кету керек Оған дәлел 1.6 тармағы, яғни Типтік
ереженің негізінде салалық министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен
өзге орталық атқарушы органдар салаларға сәйкес еңбекті қорғау кабинеті
туралы ережелерді Қазақстан Республикасының еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігімен келісе отырып жасайды және бекітеді.
Одан әрі Еңбекті қорғау кабинетін жабдықтау атты 2-тарауда еңбекті
қорғау кабинеті еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілермен,
оқу бағдарламаларымен, әдістемелік, анықтамалық нұсқаулармен және еңбек
заңнамасы, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрттен қорғау
мен алғашқы медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша қызметкерлерді
оқытуға, нұсқау мен кеңес беруге де материалдармен жабдықталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау туралы Заңында кәсіпорын әкімшілігі барлық қызметкерлердің
еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты оқуын ұйымдастыруға, нұсқау
беруге және білімін тексеруге, қайта аттестаттауға міндетті және бұл
шаралар тиісті нормативтік актілермен бекітілген тәртіппен және мерзімде
өткізілуі тиіс екені жайлы айтылған норма бар. Сәйкесінше, өкілетті
органдар еңбекті қорғаудың сұрақтары бойынша жалдамалы жұмысшылардың
білімін тексеруді ұйымдастырудың тәртіптері мен нұсқауларын, оқытуды
өткізудің тәртіптерін регламенттейтін тиісті актілерді қабылдауы тиіс.
Осы жерде жұмыс берушілердің аталған шараларды орындамаған жағдайда
көтеретін жауапкершілігі (әкімшілік немесе қылмыстық) туралы норманы да
қарастыру керек. Қазақстан Республикасының заңнамасы еңбекті қорғау
талаптарының бұзылғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
қарастыратынын айта кеткен жөн. Мәселен, Қазақстан Рсепубликасының
Қылмыстық Кодексінің 152-бабына сәйкес, қауіпсіздік техникасын,
өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де
ережелерін осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр
немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеліп соқса; немесе абайсызда
адам өліміне әкелсе қылмыстық жазаға тартылатыны айтылған.
Жұмыс берушінің қызметкерлерді салауатты және қауіпсіз еңбек
жағадйларымен қамтамасыз етуі туралы мәселеге қайта оралсақ, біз жұмыс
берушінің қызметкерлерді салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларымен
қамтамасыз етуі үшін қандай стандарттар, ережелер мен нормаларды
қолдануы керек деген сұраққа жауап таба алмаймыз, себебі олар
мемлекеттік деңгейде әлі қарастырылмаған.
Кәсіпорындардың, ал дәлірек айтсақ жұмыс берушінің еңбектің
салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамаыз етуге экономикалық
қызығушылығын туғызу қажет. Біздің ойымызша, егер мемлекеттік деңгейде
еңбекті қорғаудың минималды талптары жасалатын болса, онда жұмыс беруші
қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
етуде экономикалық тұрғыдан қызығушылық танытып, жұмыс берушінің өзі
заңнамада көрсетілгеннен жоғары еңбек жағдайларын қарастыратын болады.
Ал мемлекет жұмыс берушінің экономикалық тұрғыдан қызығушылығы неден
көрінетіндігін анықтауы қажет: жеңілдетілген салық салу, пайызсыз
несиелер беру, инвестициялау, бюджеттен дотациялар бөлу, жұмыс
берушілерге еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін
гранттар беру. Берілген мәселеде мемлекеттік органдардың біріккен жұмысы
қажет: сәйкес нормативтік құқықтық базаны жасау (мысалы, 2002-2006
жылдар аралығында қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасап
отырған жұмыс берушілерге несиелеудің жеңілдетілген тәртібін ұсыну
туралы Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау
Министрлігі мен Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі бірлескен
Қаулысы), сондай-ақ қызметкерлердің еңбегін қорғау заңнамасының
орындалуын бақылау және қадағалау.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы еңбек
туралы Заңының Еңбек нормалары деп аталатын 75-бабының 3-тармағына
сәйкес, қызметкердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші
қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Заңшығарушы
қалыпты еңбек жағдайлары ұғымының мәнін ашпаған. Сонықтан әрбір
қызметкер қалыпты жағдайларды өзіне байланысты түсінуі мүмкін деген
нәтижеге келеміз. Бірақ Қазақстан Республикасынын Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы Заңына түсініктеме берген авторлар
қалыпты еңбек жағдайларының дұрыс тізімін ұсынғанын айта кету керек.
Яғни, машиналардың, станоктардың және құрылғылардың дұрыс жағдайы;
техникалық құжаттамамен уақытылы жабдықталуы; жұмыстар атқаруы үшін
қажетті материалдар мен құрал саймандардың тиісті сапасы және оларды
мезгілімен қамтамасыз етуі; өндірісті электр энергиясымен, газбен және
өзге де қуат көздерімен уақытылы жабдықтауы; қауіпсіз және салауатты
еңбек жағдайлары.
Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бір бағыты (Қазақстан Республикасының
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңының 5-бабына сәйкес)-
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа бағытталуы. Аталған бағытты дамыту мақсатымен Қазақстан
Республикасы 1996 жылы еңбекті қорғау саласындағы Халықаралық еңбек
ұйымының Еңбектің қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта
туралы №115 және Жұмыс орындарындағы ауаның ластануынан, шудан және
вибрациядан туындайтын кәсіби тәуекелден қызметкерлерді қорғау туралы
№148 Конвенцияларын ратификациялады [7]. Аталған Конвенциялар
экономикалық қызметтің саласына, яғни меншік нысанына қармастан барлық
ұйымдарға және барлық қызметкерлерге таралатынын айта кету керек. № 115
Конвецияның 14-бабы бойынша ұлттық жағдайлар мен тәжірибеге сәйкес оқыту
бағдарламалары мен кәсіби дайындықтың барлық деңгейінде, соның ішінде
жоғары техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларына еңбектің
қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта бойынша сұрақтарды
енгізуге жәрдемдесу үшін шаралар қабылдануда.
№148 Конвенция ерекше көңіл бөлуді қажет ететін ережелерді
қамтыған: Ұлттық заңнама жұмыс орындарындағы ауаның ластануынан, шу мен
вибрациядан туындайтын кәсіби тәуекелдің алдын алуға және шектеуге
бағытталған сондай-ақ аталған тәуекелден қорғайтын шараларды қабылдауды
және жұмыс орындарында ауаның ластануынан, шу мен вибрациядан туындайтын
кәсіби тәуекелдің алдын алуға және шектеуге бағытталған, сондай-ақ
олардан қорғайтын қауіпсіздік техникасының ережелерін қызметкерлермен
міндетті сақталуын белгілейді.
Сонымен, аталған халықаралық құжаттар ратификациялаған
мемлекеттерге еңбекті қорғау саласында тиісті нормативтік актілерді
қабылдауды жүктейді. Конвенциялар заңнама немесе ережелер бұзылған
тиісті санкция қабылдау жөнінде ережені қамтиды. Яғни, ұлттық деңгейде
инспекциялаудың мемлекеттік емес те құрылымдарынан тұратын тиісті
инспекция жұйесін құру қажет.
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері бөлімі бойынша мынадай
қорытынды жасауға болады:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасының әрбір адамға қауіпсіз
еңбек жағдайына кепілдік берген. Қызметкердің тазалық пен
гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқығын
еліміздің ата заңы – Конституция, Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
Заңы жариялап, өзге де нормативтік актілер мен заңға тәуелді деп
тапқан.
2. Заң актілерінен көрініс тауып отырған еңбекті қорғау саласындағы
ережелер мен нормалар, өкінішке орай көбінесе декларативті
сипатқа ие. Сондықтан, қазіргі таңда оларды қозғалысқа
келтіретін қозғаушы күш керек.
3. ХЕҰ деңгейінде қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты бірқатар
нормативтік құқықтық актілер жасалды. Қазақстан Республикасы
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастыққа бағытталғандықтан халықаралық
құндылықтарды өз заңнамасына енгізуді жолға қоюы керек.

ІІ. Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау

1. Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне
және Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заңның 4-бабының 1-бөлігіне
сәйкес әрбір азамат өзінің еңбек құқығын ешбір шектеусіз жүзеге асыруына
тең мүмкіндікті иеленеді. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана
қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999 жылы елімізде жедел
тәртіппен бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының
Парламентінде кейбір заң жобалары жедел графигімен қарастырылып өтті.
Бірақ халықтың және мүдделі органдар мен ұйымдардың арасында талқыға
салынбай заң қабылдаудың мұндай тәсілі көп балалы отбасылардың құқытырына,
мүгедектерге, кейбір санаттағы жұмысшыларға және әйелдердің құқықтық
жағдайына кері әсерін тигізді.
Мұндай негативті реформалауға көбінесе еңбек саласы ұшырады. 1999
жылдың аяғында Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заң қабылданды.
Бірақ ол Қазақстан әйелдерінің еңбек құқығын реттеуде оң өзгерістер
бермеді. Әйелдердің еңбек құқықтарына мемлекет пен заң шығарушы тарапынан
тиісті көңіл бөлінбеді.
Кейбір мамандардың бағалауы бойынша 2006 жылы халық
шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны 6127,6 адам, олардың ішінде
әйелдер саны 2806,4, яғни барлық жұмыспен қамтылғандардың 45,8%
құрайды. Бұның ішінде әйелдердің көп бөлігі денсаулық сақтау, дене
шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтіндердің
жалпы санының 82%-ын құрайды, білім беру саласында - 77%, қоғамдық
тамақтандыру және ақпарттық-есептеу қызметі саласында-76%, мәдениет -70%,
сауда-саттық - 63%, қаржы, несие және сақтандыру саласында - 66% [8,С.78-
79].
Әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау саласына мемлекет
пен заң шығарушы тарапынан тиісті көңіл бөлінбеудің салдары статистикадан
мынадай көрініс тапты. Қазақстанның халық шаруашылығының негізгі салаларына
әрбір оныншы әйел санитарлық-гигиеналы нормаларға сай келмейтін жағдайларда
еңбектенуде, 138 мыңға жуығы түнгі ауысымда жұмыс істесе, әр жүзінші әйелге
ауыр физикалық еңбек жүктелеген. 40 мыңға жуық әйел шу мен вибрацияның
жоғары деңгеінде, 64 мыңы ауасы лас және шаң жағдайда, 26 мыңы қолайсыз
температурада жұмыс істейді.
2001 жылы Қазақстанда әйелдер арасындағы өндірістік жарақаттың
төрт мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өндірісте жарақаттанғандардың жалпы
санынан 15% құрап отыр. 47 әйел қаза болды. Одан кейінгі өндірістік
жарақаттар жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ 2000 жылы өндірістегі әйелдердің
өлімі 6,1% пайыз құрағаны белгілі – 17 әйел қазаға ұшыраған.
Әйелдерге тек еңбек етуге ғана емес, сондай-ақ бұл құқығын толық,
жан-жақты жүзеге асыруына мүмкіндік беру қажет. Тамырымен жоймасақ та,
әйелдердің еңбек қызметін жүзеге асыруына кері әсер ететін мән-жайларды
барынша азайтуға шаралар қолдану қажет.
Жұмысшы әйелдердің ерекше бір санаты – бұл жүкті әйелдер және
жас балалары бар әйелдер. Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың
құқығын қорғайтын кейбір шаралар қарастырылған. Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы Заңның 23 бабы 3-бөлігіне сәйкес жүкті
әйелдердің медициналық қорытындыға сәйкес ауыр және қолайсыз өндірістк
факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы орташа айлық
жалақысы сақтала отырып ауыстырылуы қарастырылған. Бұдан басқа аталған
заңның 48-бабының 2-бөлігінде жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға
олардың келісімімен ғана жол беріледі делінген.
Аталған нормалар кеңестік заңнамада алғашқы қабылданған сәттен
айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Еңбек туралы заңдар Кодексіне сәйкес
жүкті әйелдер түнгі уақытта жұмысқа жіберілмеген, оларды орташа жалақысы
сақтала отырып жеңілірек жұмысқа ауыстырған. Сонымен бірге, жүкті әйелдерге
айтарлықтай мөлшерде жеңілдіктер қарастырылған. Нарықтық экономика мен
жұмыссыздықтың өсуі, еңбек ресурстарының үлкен мөлшері, өндірістің өсу
деңгейінің төмендегі жағдайында жүкті әйелдерге түнгі уақытта еңбектенуге
тыйым салу дәстүрлі әйелдер саласында еңбектенуді таңдау мүмкіндігін
шектейді. Сондықтан жүкті әйелдерге олардың келісімімен түнгі уақытта
еңбектенуге рұқсат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғаудың негіздері
Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу
Әйелдермен мен камелетке толмағандардын құқығы
Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың құқықтық мәселелері
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ЕҢБЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Қазақстан Республикасында бұзылған еңбек заңнамасы бойынша туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуі
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Пәндер