Хіх екінші жартысындағы түркістан қаласында отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сандыбаева А. Д. т. ғ. к, доцент

Мырзабаева А. магистрант

А. Ясауи атындағы ХҚТУ

Түркістан қаласы

ХІХ екінші жартысындағы Түркістан қаласында отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі

Республикамыздағы әрбір қаланың тарихи даму сатыларын, әсіресе кеңестік дәуірдегі жетістіктерін көрсететін өзіндік биографиясы, бетбейнесі бар. 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістан қаласының да осындай жеке биографиясы бар. Ортағасырлардан бастап қазіргі күнге дейін бұл қала күллі қазақ халқының ең ірі рухани орталығы болып табылады.

Тарихшылардың зерттеу жұмыстарының басты бағыты нақты тарихи құбылысты қарастыру болып табылады. Осылайша, Түркістан қаласының саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу арқылы барлық шым-шытырық қайшылыққа толы кезеңдердегі жалпы Қазақстан аумағының тарихына тереңінен талдау жасауға мүмкіндік туындайды. Түркістан ел тарихындағы орны әрқашан да елеулі болған. Өңірдің географиялық орналасуы, ерекше табиғи-климаттық жағдайлары оның басқа аймақтарға ұқсамайтын өзгеше экономикалық, әлеуметтік, этно-демографиялық және мәдени тұрғыдан даму бағытын да ерекшелей түсті.

ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістан да Қазақстанның басқа қалалары сияқты, патшалық Ресейдің шет аймақтағы отарына айналды. Олардың барлығында біртұтас әскери-отарлық басқару жүйесі қалыптасты.

Ресей құрамына енген соң, қала территориясы да, халқы да тез өсе бастады. Қаланың жаңа аудандары қорған сыртынан шығысқа қарай жалғасын тапты. Қорған маңында жаңа көшелер пайда болды, олардың салыну жобасы "ескі" қаладағылардан өзгеше еді [1] . Түркістан тарихында қаланың әрі карай дамуына өзінше ықпал еткен жаңа тарихи кезең басталады.

1864 жылы қалада 5 мыңдай тұрғыны болды, 22 су диірмені, 2 медресе, базар, 21 тері илейтін зауыт, 15 ұстахана, 5 зергерлік орын, 6 тігінхана, 18 наубайхана, 8 шаштараз болған [2] .

Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы нәтижесінде өлкедегі экономика мен сауданың дамуына бөгет болған тайпа, руаралық қақтығыстар мен феодалдық бытыраңқылық жойылып, өлкенің жекелеген облыстарында мүшкіл экономикалық жағдай қалпына келе бастады. Жалпы ресейлік және әлемдік сауда-саттыққа қосыла отырып, өлке шаруашылық тұрғыдан да дамыды.

Осылайша, ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістан өлкесіндегі отырықшы және көшпелі халықтардың сауда-экономикалық байланысы дамып, соның нәтижесінде ішкі нарық қалыптасады, қазақ және өзбек халқы арасындағы еңбек айырбасы дамып, олардың арасында өзара байланыс дамиды.

XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.

1870-1880 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б. ) көтеріңкі бағамен сатылды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресейдің маңызды сауда-экономикалық аймағына айналды. Түркістан уезінде 1885 ж. - 6 базары болды. Түркістан қаласында генерал-губернатор К. Кауфманның 1879 ж. рұқсаты бойынша әр жұма сайын базар күні болып белгіленді [3] .

Патша үкiметiнiң 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы жүргiзген әкiмшiлiк реформаларына сәйкес Түркiстан генерал-губернаторлығы құрылып, бiрнеше облыстармен бiрге бүгiнгi Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстарын бiрiктiрген, орталығы Ташкент қаласы болған Сырдария облысы оның құрамына ендi. Түркiстан өлкесi патша өкiметiнiң стратегиялық маңызы зор аймағына айналды.

Қазақ даласын бiрыңғай басқару жүйесiн енгiзуге дайындық жүрiп, арнайы комиссия құрылды. 1867 жылы 11 шiлдеде “Жетiсу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”, ал, 1868 жылдың 22 қазанында “Орынбор және Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекiтiлдi. Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторлыққа бөлiндi. Әр генерал-губернаторлық облысқа, облыс уездерге, уезд болыстарға, ең соңында, болыстық ауылдарға жiктелдi.

Сөйтiп, Түркiстан генерал-губернаторлығына сонау ғасырлардан бергi тарихы мол шежiрелi Оңтүстiк өңiрiндегi Жетiсу және Сырдария облыстары ендi. Сырдария облысына Әулиеата, Шымкент, Түркiстан, Қазалы, Перовск, Ташкент, Ходжент және Жизақ уездерi кiрдi. Жергiлiктi жерде бүкiл билiк уезд бастықтарына берiлдi, болыстар рулық емес, территориялық негiзде құрылды. Уезд бастықтары орыстардан, әскери офицерлерден тағайындалды. Болысты болыстар, ауылды старшындар басқарды. Олар қазақтардан сайланып қойылды.

Оңтүстiк өңiрiндегi бүкiл билiк бiраз жыл Түркiстан генерал-губернаторы, жергiлiктi халық “Жарты патша” деп атаған Константин Петрович фон-Кауфманның қолында болды. Түркістан қаласын басқаруды ұйымдастыру 1868 жылы 1 тамызда аяқталды. Оны ұйымдастырушы К. П. фон-Кауфман болды. Халықты басқаруда әлеуметтік салықтар жинау, билік тармақтарын тағайындау секілді күрделі мәселелерді патшалық үкімет басшылары өз бетімен шешуге кірісті. Жергілікті жерде елді бағындырып ұстау үшін патша әкімшілігі беделді ру ақсақалдарынан басшылар сайлады. Әр ақсақалға жылына 350 сом ақша төленетін болып келісілді. Арық-ақсақалдарының 13-не 10 сомнан жылына төленсе, қазыларға ештеңе төленбеді. Әкімшілік басқаруда Түркістан қаласына маңайындағы қалашықтар, басқа елді-мекендерде тұратын сарттар да бағынышты болды. Олардың барлығынан зекет, жер салығы және қоғамдық салық түрлері жиналды. Түркістан уезінің аумағы 50 шаршы шақырым, солтүстіктегі шекарасы Шу өзені, Саумал көлмен дәлірек айтқанда Ақмола облысының Сарысу уезімен шектесіп, батысында Саумал көлдің оңтүстік жағалауымен Жабай көлге дейін, одан Ақсүмбе және Перовскі уезінің шекарасындағы Сунақата бекінісінің ескі орнымен, оңтүстігі Перовскі уезінің Төлтартпа деген жерінен Сырдарияға дейін созылды. Сыр бойымен Шымкент уезіндегі Арыс өзеніне жейін, солтүстік шығысқа қарай Шілік қышлағымен, Шошқа көлмен, Шолақ қорған және Шу өзеніндегі Көкмоламен шекараласып жатты.

Қалаларда және iрi елдi мекендерде iшкi құрылымдағы басшылық жүргiзетiн ауыл ақсақалдары болды. Әрине, олар сол қалалардағы уезд бастықтары - әскери адамдардың жер-жерлердегi орындаушылары едi. Мысалы, Түркiстан қаласында сол кездегi жергiлiктi басқару жүйесi бойынша 13 ауыл ақсақалдығы, Шолаққорғанда - 4, Иқанда - 9, Қарнақта - 4, Созақта - 9, ал Бабайқорғанда 1 ақсақалдық болды. 1872 жылдан бастап Түркiстан уезi Шымкент уезiне қосылды.

1867 ж. құрамына Жетісу және Сырдария облыстары кіретін Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы өлкедегі әскери-саяси жағдайды өзгертуге септігін тигізді. Қазақстанның Ресей қоластына кіру үдерісінің аяқталуы патшалықтың өлкедегі әскери-отарлау саясатына өзгерістер алып келді. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы нәтижесінде өлкедегі экономика мен сауданың дамуына бөгет болған тайпа, руаралық қақтығыстар мен феодалдық бытыраңқылық жойылып, өлкенің жекелеген облыстарында мүшкіл экономикалық жағдай қалпына келе бастады. Жалпы ресейлік және әлемдік сауда-саттыққа қосыла отырып, өлке шаруашылық тұрғыдан да дамыды.

1872 жылдан Түркістан уездік қала аталды. Патша үкiметi болыстар мен ауыл ақсақалдарына белгiлi бiр мерзiмге сайлау науқандарын жүргiздi. Соның бiрi - 1874 жылғы сайлау барлық жерде бiрдей жүргiзiлсе, 1876 жылы өткiзiлген қайта сайлауда көптеген болыстар мен ауыл ақсақалдары қайта сайланды. Ал, 1882 жылғы Шымкент уезiндегi 16 болыста 158 ауыл және ақсақалдық болса, Түркiстан уезiнде 6 ақсақалдық, 11 болысқа барлығы 76 ауыл қарады [4] .

1873 жылы Түркістан жерінде халықтық мектепті Александр Тихомиров ашты. Ол 1879 жылы екі жылдық қалалық училище болып өзгертілді. Онда жергілікті халықтың балалары оқып білім алды. 1884 жылы кешкі оқу курсы үлкендер үшін жұмыс жасап, 1886 жылға дейін тұрды. 1887 жылы түстен кейінгі ауысымда қыз балалар білім алады. Ол уақытта училищені ұстап тұру үшін жылына 8500 сом ақша бөлініп, оның 2360 сомы қазынадан, 400 сом қалалықтардың салығынан, 5515 сом жерден және 400 сом оқушылар үшін жиналған салықтардан құралды.

1878 жылы Түркістанда мемлекеттік мекемелер саны - 6, қоғамдық мекемелер - 1 болды. Жылдық сауда айналымы - 17 рубльді құрады [5] .

Орыстар мен жергілікті халықтарға арналған мектеп 1888 жылы, шіркеу жанындағы әйелдер училищесі 1890 ж. құрылады. Түркістан станциясы жанындағы Темір жол училищесі 1877 ж., Медресе 1812 ж. бері жұмыс істейді. Мектептер саны - 30. Қыз-келіншектерге арналған бір өзбек мектебі бар.

1888 жылы орыс-уездік екі кластық училищесі, 1888 жылдан 1 сыныптық болып жұмыс істеп келіп, 1911 жылы ғана 2 сыныптық болып өзгерді. Оқу орыны қазыналық мекеме үйінде орналасты. Оқушылар саны - 5 адам болып, оған қоса кешкі курстарда да 30 дан 60 адамға дейін ересектер білім алды.

1872 жылы Түркістан уезінің ұлттық құрамы; қазақ - 61400, сарт - 9905, орыс - 270, бұхарлық еврей - 61, татар - 67, адамды құрады. 1867 жылғы «уақытша Ережеге» сәйкес мемлекеттік салық түрінен қазақ түтін салығын, сарт жер салығын төледі, сондай-ақ земстволық салық, түземдік әкімшілікке, қалалық училищеге, егу жұмысына да салық төлеуге міндеттелді. Олар бұдан бөлек әр түрлі еңбектен өтейтін міндеткерліктер атқарды; пошта жолдарын, кішігірім арықтардың үстінен салынған 27 көпірді жөндеу т. б. 1873 жылғы Хиуа жорығына Түркістан уезінің қазақтары 1100 түйе беріп және 158 лаушы шығарды.

1873 жылы Алты ата, Божбан, Жаңақорған болысындағы жүзге кірмейтін қожа, сунақтардың жеке болыс құруға берген өтінішіне байланысты, келесі жылдың қаңтарында Сырдария болысы құрылады. Сол жылы құрамы арғын, қыпшақ, наймандардан тұратын Шу болысы ашылады. Бұл болыста Кенесарының ұрпағы және басқа да сұлтандар отбасы кірді. 1874 жылдан 1886 жылы Түркістан уезі жойылғанға дейін оның құрамында 11 болыс болды [6] .

1878 ж. ішімдік орындарынан Түркістанда 1 шарап көтерме қоймасы және 8 «ренсковые погреба» деп аталатын 8 қойма жұмыс істеген. 1879 ж. осыған қоса 1 қонақ үй ашылды [7] . Қала құрылыс нысандарын жөндеу үшін арнайы қаражат бөлінгенімен өте аз болды. Соның салдарынан көп үйлер жарамсыз жағдайға келіп ұшырады. Жөндеу жұмыстарына 1880 ж. 1411 сом жұмсалды, оның ішінде түрменің жөндеуіне - 133 сом, түрме бастығының пәтеріне - 70 сом, дәрігер мен аптека, аурухана жөндеу жұмыстарына - 35-40 сом [8] .

Түркістан уезіндегі негізгі су көздері және Кеңкүрек, Теке, Шілік өзендерінің жағалауындағы егіншілікке қолайлы жерлердің барлығы да сарттың иелігінде болса, керісінше егін шықпайтын Мойынқұм, Шу өзенінің жағалауындағы қамысты құрақтар, Саураннан Жаңақорған станциясына дейінгі жерлер қазақтарға тиесілі болған. Олар Хантау, Сүйіндік шатқалы мен Жиделі, Бесарық сайындағы аз бұлақ көздерін пайдаланды. Су көзінің кем болуы және егістікке қолайлы жердің жетіспеуіне қарай қазақтардың аз бөлігі егіншілікпен айналысты және мұның өзі де қымбатқа түсті. Біріншіден қарапайым шығырдың өзіне 30 сом, екіншіден тәулігіне жұмысшыға 2-3 сомнан төлеуі тиіс болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
Патшалық Ресейдің отаршылдық билік жүйесінің құрылуының тарихи және саяси алғы шарттары
ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақстан жаңа заман тарихы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz