Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Жоспар.
Кіріспе.
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Негізгі бөлім.
А) Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
Б) «Қазақ» термині туралы
С) Қазақ жүздері. Этникалық аумақ.
Қорытынды.
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдерін барша халыққа насихаттау.

Қазақстан Аумағында Этносаяси
Қауымдастықтың Қалыптасуы
ХIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты қазақ атауымен деректемелерде басқа да:өзбек,өзбек-қазақ,моғолдар, ноғаилар ,ұғымдарыда аталады.Бұл атаулар осы кезеңде Қазақстан аумағында өмір сүрген Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай ордасы мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты айтылады. Олар халықты емес, этгосаяси қауымдастықты құрады. Тарихи-этнографиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақ шебінде құрылған мемлекет тұрғынының этносаяси қауымдастық деп аталатынын білеміз. Қандай халық болса да, өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында көбіне көп әр түрлі феодалдық мемлекеттер шеңберінде оқшауланып қалады да, басқа халықтар бөлшектерімен бірге өзднрінің жекелеген құрамаларымен әр түрлі этносаяси қауымдастық құрайды. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шеңберінде уақытша этносаяси қауымдастық құрған рулардың, тайпалар мен өзге де этникалық бөлімшелердің көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезіндегі этникалық қоныстануының өзгермелі шекараларымен сәйекс келе бермеді. Пайда болып, жойылып кеткен мемлекеттер мен туыс тайпалардың этникалық орналасу шекараларының сәйкес келмеуі олардың этникалық жағынан жақындасуын қиындатты, өйткені саяси бөліну ежелден қалыптасқан шаруашылық, мәдени, этникалық байланыстардың сақталуы мен орнығуына кедергі жасады. Бұл жағдайдың қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңінде деXIII ғасырды айтпағанның өзінде, XIV-XV ғасырларда едәуір дәрежеде әсері болды. Олар әсіресе XV ғасырдың екінші жартысының аяғына қарай, кезінде жергілікті халықтың этникалық, мемлекеттік дамуында зор рол атқарған мемлекеттер құлдырай бастап, қалыптасқан халықтардың барлық бөліктерінің мемлекет болып бірігуіне обьективті қажеттігі пісіп-жетілген кезде ерекше айқын аңғарылды.
Қазақстан аумағында белгілі бір этносаяси қауымдастық қалыптасқан халықты түгел қамтымай, оның бір бөлігін ғана қамтығандықтан,қазақ халқының тарихы тек Ақ Ордамен және оның өзбек, өзбек-қазақ, сонан соң қазақ этносаяси қауымдастығымен ғана байланысты емес.Қазақ халқын құрған тайпалардың бәрі Ақ Ордаға ғана кірген жоқ. Қазақтардың этникалық тариқы Әбілқайыр хандығы мен оның көшпелі өзбектерінің этносаяси қауымдастығымен де, Ноғай Ордасы мен оның этносаяси қауымдастығыменқазақ,ноғайде ақырында Моғолстан мен оның этносаяси қауымдастығымен монғолдар де байланысты.

Әдебиеттер
1 Исмагулов О. Этническая антропология Казакстана. Саматологическая иследование. Алма- Ата, 1982
2 Пищулина К.А. Юго- Васточный Казакстан в середине XIV- начале XVI в. Вопросы политеческой и социально- эканомической истории. Алма- Ата, 1977.
3 Гинзбург В.В Хронологические материалы из Северного Казахстана и вопросы происхождения ранных тюркских кочевников \\ Доклады советской делегации на VI Международном конгресе антропологов и этногрофов. М., 1960.
4 Грач А.Д. Древние кочевники в центральной Азии. М., 1980, 94-б
5 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алматы , 1992, 30-б
6 Аманжолов Алтай. Түркі филасофиясы және жазу тарихы. А., 1996
7 Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман- наме- йи Бухара. М,.1976, 123-б
8 Рашид ад- Дин. Сборник летописеи, т, М.- Л,. 1952, 123-б

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Орындаған:Қалмырзаева Н.
Тексерген:т.ғ.к., доцент
Жылқышыбаева Қ.Қ.
АЛМАТЫ - 2008
Жоспар.
Кіріспе.
Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Негізгі бөлім.
А) Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
Б) Қазақ термині туралы
С) Қазақ жүздері. Этникалық аумақ.
Қорытынды.
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдерін барша халыққа насихаттау.
Қазақстан Аумағында Этносаяси
Қауымдастықтың Қалыптасуы
ХIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты
(қазақ( атауымен деректемелерде басқа да:(өзбек(,(өзбек-қазақ(,(моғолдар( ,
(ноғаилар (,ұғымдарыда аталады.Бұл атаулар осы кезеңде Қазақстан аумағында
өмір сүрген Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай ордасы
мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты айтылады. Олар халықты емес, этгосаяси
қауымдастықты құрады. Тарихи-этнографиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-
этнографиялық аймақ шебінде құрылған мемлекет тұрғынының этносаяси
қауымдастық деп аталатынын білеміз. Қандай халық болса да, өзінің ұзаққа
созылған қалыптасу жолында көбіне көп әр түрлі феодалдық мемлекеттер
шеңберінде оқшауланып қалады да, басқа халықтар бөлшектерімен бірге
өзднрінің жекелеген құрамаларымен әр түрлі этносаяси қауымдастық құрайды.
Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шеңберінде уақытша этносаяси
қауымдастық құрған рулардың, тайпалар мен өзге де этникалық бөлімшелердің
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезіндегі этникалық
қоныстануының өзгермелі шекараларымен сәйекс келе бермеді. Пайда болып,
жойылып кеткен мемлекеттер мен туыс тайпалардың этникалық орналасу
шекараларының сәйкес келмеуі олардың этникалық жағынан жақындасуын
қиындатты, өйткені саяси бөліну ежелден қалыптасқан шаруашылық, мәдени,
этникалық байланыстардың сақталуы мен орнығуына кедергі жасады. Бұл
жағдайдың қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңінде де(XIII ғасырды
айтпағанның өзінде, XIV-XV ғасырларда( едәуір дәрежеде әсері болды. Олар
әсіресе XV ғасырдың екінші жартысының аяғына қарай, кезінде жергілікті
халықтың этникалық, мемлекеттік дамуында зор рол атқарған мемлекеттер
құлдырай бастап, қалыптасқан халықтардың барлық бөліктерінің мемлекет болып
бірігуіне обьективті қажеттігі пісіп-жетілген кезде ерекше айқын аңғарылды.
Қазақстан аумағында белгілі бір этносаяси қауымдастық қалыптасқан
халықты түгел қамтымай, оның бір бөлігін ғана қамтығандықтан,қазақ халқының
тарихы тек Ақ Ордамен және оның өзбек, өзбек-қазақ, сонан соң қазақ
этносаяси қауымдастығымен ғана байланысты емес.Қазақ халқын құрған
тайпалардың бәрі Ақ Ордаға ғана кірген жоқ. Қазақтардың этникалық тариқы
Әбілқайыр хандығы мен оның көшпелі өзбектерінің этносаяси қауымдастығымен
де, Ноғай Ордасы мен оның этносаяси қауымдастығымен(қазақ,ноғай(де ақырында
Моғолстан мен оның этносаяси қауымдастығымен (монғолдар( де байланысты.
Этникалық бірлесу Моғолстанға қарағанда Ақ Ордада (және Әбілқайыр
хандығында( жылдам жүрді. Ақ Ордадағы этникалық топтасу сырттай да, шын
мәнінде де Моғолстанға қарағанда неғұрлым айқын жүрді. Ол деректемелерде
айқынырақ көрсетілген, өйткені мемлекеттердің біріншісіне – Ақ Ордаға
негізінен алғанда қыпшақ одағының этникалық жағынан жақын рулары мен
тайпалары негіз болса, екіншісі екі қауымдастық – қазақ (үйсін( және қырғыз
қауымдастықтарының, ал кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр халқын қоса, үш
қауымдастықтың да саяси бірлестігіне негізделді. Мұның өзі бұл топтардың
этникалық дамуын қиындатты. Қолда бар деректемелерде Моғолстан халқы
Моғолдар деп аталған, сондықтан зерттеушілер оны бірде этникалық
қауымдастық, бірде тайпалар одағы, енді бірде халық деп санайды. Алайда осы
атаудың артында Жетісу қазақтары да, Тянь- Шань қырғыздары да жатыр, оны
моғолдардың рулық – тайпалық құрамы ғана емес, Сонымен қатар Мұхаммед
Хайдардың қырғыздар да моғол тайпаларына жатады деп тікелей көрсетуі
дәлелдейді. Жәнібек пен Керей көшіп келгенге деиін Жетісуда қазақтар тұрған
деп корсетілмеуі мыналарға әкеп соқты: сол кезде қазақ халқы мен қазақ
мемлекеттігінің даму процесінде Ақ орданың елеулі рол атқарғанына күмән
келтірмейді, Моғолстан, бір жағынан, Қазақстанның орта ғасырлардағы
проблемаларының тарих намасында әлі де тиісті орнын алған жоқ, ал екінші
жағынан, Жетісу ауданына қатынасы жағынан қазақтар әлі де әдебиетте осы
ауданға сырттан (көшіп келген( келімсектер деп саналып жүр, қалыптасқан
халықты іздестіргенде оны құрған этникалық компоненттерді емес, қазақ
терминінің ізінен қалмайтын дәстүрлі қате пікір осыған байланысты. Шынына
келгенде, қаралған материалдың корсеткеніндей, XIV-XV ғасырлардағы
Қазақстан аумағындағы этносаяси тарихтың бүкіл барысы Ақ орданың, Әбілқайыр
хандығының ғана емес, сәл кейініректе қазақтардың Ұлы жүзіне келіп
тірелетін тайпалар, әсіресе Жетісу ауданындағы халқының құрамдас бөлігі
болған Моғолстанның да саяси, шаруашылық және әлеуметтік өмірімен
байланысты еді.
Қатар дамыған Ақ Орда мен Моғолстан Шыңғыс- ханның Қазақстан мен
Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде пайда болған қырық ру монғол
ұлыстарының халық болып қалыптасқан тайпаларының саяси жағынан бөлінуін XIV
ғасырдың өзінде- ақ қамтамасыз еткен еді. Олар өздерінің даму кезеңінде
монғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын жоюға жәрдемдесті, Қазақстан
аумағындағы этникалық процестерді тездетті. Бірақ үш жүзде халықтың
қалыптасуына осы мемлекеттер ықпал жасағаны анық.
Қалыптасып жатқан қазақ халқының жекелеген бөліктерінің саяси
жағынан Моғолстан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы мемлекеттеріне бөлшектеліп кетуі
қазақтардың этникалық тариқының барысына ықпал етті – ол қалыптасқан
халықтың ертедегі этникалық орталықтар аумақтарының табиғи- географиялық
жағынан оқшаулануы себепті ежелден айқындалған жүздерге бөлінуін
орнықтырады.
Ежелгі тарихи – этнографиялық аймақтар жерінде – Қыпшақ және
Үйсін одақтарының тайпалары қоныстанған аймақта пайда болған Ақ Орда мен
Моғолстан XIV- XV ғасырларда ежелгі Қазақстанның автохтондық тайпаларының
негізгі этникалық құрамын сақтап қалды. Бұл мемлекеттердің және қазақтардың
Ұлы жүзі мен Орта жүзінің этникалық негізі белгілі бір этникалық аумақта
ірге тепкен белгілі бір жергілікті түркі тайпалары болды, олардың
төңірегіне күрелі этникалық өзара байланыстар нәтижесінде жергілікті және
сырттан келген, туыс және туыстығы жоқ, тұтас және шашыраңқы, түрік және
түріктенген (сіңісіп кеткен( тайпалар, рулар және олардың бөлімшелері
ғасырлар бойы топтаса берген.Мұның өзі Ақ Орда мен Моғолстанның ежелгі
Қазақстанның этнотарихй аймақтарының нақ жоғарыда аталған аумағында пайда
болуының заңдылығын , бұл феодалдық – көшпелілер мемлекеттерінің айқындаушы
этникалық негізгі жергілікті түрік халқы болғанын көрсетеді.
Тайпалық бірлестіктердің этникалық ұйытқысы меилінше
тұрақтылығымен ерекшеленеді және Ақ Орда мен Моғолстан кезеңінде де өзінің
ежелгі жерінде мекендеді. Мәселен, қыпшақтар әрқашанда ертедегі және орта
ғасырлардағы Қазақстанның орталық бөлігінде негізгі халық болып , ғасырлар
бойы қалыптасқан халықты құрушы негізі болып қала берді.Олар XI-XIII
ғасырлардағы қыпшақ мемлекеттік бірлестігінде ғана емес, Алтын Орданың кең
байтақ аумағында сонымен қатар XIV ғасырда Орда – Ежен мен Шайбани
ұлыстарын біріктірген Ақ орда да сондай болды. Деректемелерде көшпелі
өзбектер мемлекеті делінетін Әбілқайыр хандығының тайпалары арасында да
қыпшақтар аталды , ақырында, олар қазақтың Орта жүзінің едәуір бөлігі
болды. Шығыстың барлық деректемелерінде орасан зор аумақтың ғасырлар бойы
Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшақ( деп аталатыны да кездейсоқ емес.Кейініректе
орта жүз құрамында аталатын тайпалардың бәрі дерлік, соның ішінде Моғолстан
ханның бодандары арасында да аталатын арғындар мен керейлер Батыйдың қыпшақ
әскері құрамына (оларды Махмұд ибн Уәли арғын, оғыз, найман, бұйрақ, ойрат,
қарлық, қосшы, үйсін, минг, қоңырат, керей және барластар деп атаған(
енгені көптеген жағдайларда қыпшақ аталатындарды нақ қыпшақ тайпасы ғана
деп санамай, бұл терминді қыпшақтар бас болған тайпалар одағына, этносаяси
қауымдастыққа қатысты жинақтаушы мағынасында ұғыну крек деген ойды
қуаттайды.
Аталған тайпалар бірлестіктердің сан ғасырлық тұрақтылығы,
біріншіден, оларды құрған бөліктердің, рулардың, тайпалардың автохондық
болғанын және екіншіден, қазақ халқының қалыптасу процесінің жалпы алғанда
(агрессиялар,соғыстар, қалыптасқан байланыстардың(
Қалыптасқан байланыстардың үзілуі түріндегі сыртқы кедергілердің
баріне қарамастан( тұрақты, үздіксіз жүргендігін көрсетеді.
Ақ Орданың тұрақтылығын оның негізінде ірі бөліктерінің бірі-
Орта жүзде іс жүзінде қалыптасқан халықтың этникалық орнықтылығы жатқанымен
түсіндіруге, ал ол халықтың айқындалуын Ақ Орданың өзінен- ақ көруге
болады. Феодалдық иеліктердің, ұлыстардың, жаңа мемлекеттік құрылымдардың
коп,тіпті олардың ең ірілері шекараларының тұрақсыз болуы халықтың
этникалық қауымдастығы болмауының салдарынан емес, феодалдық мемлекеттің
әлсіздігі, феодалдық талас- тартыстар, үлестік билеушілердің дербестікке
ұмтылу саясатын, феодалдық, әсіресе көшпелі қоғамдағы шаруашылық
байланыстардың жеткіліксіздігі салдарынан болған.
XV ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақтың- XV ғасырдың бірінші
ширегіндегі көптеген ұсақ ұлыстардың және Ақ Орда,Әбілқайыр хандығы, Ноғай
Ордасы, Қазақ хандығының Орта және Кіші жүздері сияқты ірілері саяси
бірлестіктерінің этникалық құрамы іс жүзінде бірдеи болды. Олардың құрамына
мәдени- тұрмыстық,тіл, шаруашылығы жағынан айырмашылығы жоқ деуге болатын
белгілі түрік және түркіленген тайпалардың бөліктері белгілі бір мөлшерде
енген. Деректемелерде қыпшақ, найман, қоңырат, қарлұқ, үйсін, керкй, маңғыт
сияқты ірі тайпалардың өкілдері меилінше жиі аталды. Онша елеулі емес
бүркіт, қият, қосшы, отаршы, жат, шымбай, кенегес, дұрман, күрлеүіт,ұйғыр,
қытай, таймас, шабақты, ойрат, мажар және басқалар сияқты тайпалармен
рулардан шыққандар да айтылады. Бұлардың бәрі- Орта Азия мен Қазақстанның
түркі халықтарына ортақ, 92 көшпелі (өзбек(тайпаларының ең кейінгі тізімі
бойынша белгілі, XIII- XIV ғасырлардағы буырқанған оқиғалар (монғолдардың
шапқыншылығы мен Жошы және Шағатай ұлыстарындағы өзара талас тартыстар(
Орта Азия- Қазақстан аймағының кең- байтақ аумағына шашыратып , араластырып
жіберген түркі және түркіленген тайпалар мен рулар.
XV ғасырдың 50- 60 жылдарынан Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті Қыпшақ
аумағын мекендеген тайпалар қыпшақтардың орнына көбінесе өзбектер деп атала
бастады. Соңғы жылдардағы тарихи әдебиетте ол кезде, XIV және XV ғасырларда
өзбек атауының этноним ретінде емес,Шығыс Дешті Қыпшақтың жергілікті түркі
және сіңісіп кеткен монғол тайпаларын көрсететін жиынтық, саяси атау
ретінде қолданылғаны жөнінде әбден негізделген пікір анықталды. Бұл кезеңде
Шығыс Дештә Қыпшақта өзбек атауының этнонимі анықталды.Бұл кезеңде Шығыс
Дешті Қыпшақта өзбек атауының болмағаны XVI ғасырдың басындағы әр оқиғадан
хабары автор Рубзихан Исфахани берген түсіндемеде айқын көрінеді. Ол саяси
бағдарымен ғана емес, этникалық дамуы оқшаулануының ежелгі дәстүрімен де
бөлінген (үш халықты( үш тайпа тобын өзбекткрге жатқызған, олар(
Шайбанилер, яғни көсемдері Мұхаммед Шайбаниге бағынған шығыс-қыпшақ
тайпаларының бөлігі немесе олардың бөлімшелері және қазақтардың өздері,
Жетісуды жайлаған қазақ руларынан басқа Еділден Сырдарияға дейінгі ұлан-
байтақ далада көшіп жүрген,қазақ хандарының бодандарын қазақтар деп
түсінген. Мехман-наме авторы маңғыттарды да –Ноғай Ордасы халқының Батыс
Қазақстан аумағында мекендеген және XV-XVI ғасырлар шебінде жетекшілері
қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресіне
араласқан бөлігін де өзбектерге жатқызған. Зерттеушілер ноғай тайпаларының
арасынан өзбектердің Әбілқайыр хандығына, қазақтардың Орта жүзіне ғана
емес, қырғыздардың да құрамына енген он шақты рулары атайды. Олардың
қатарында- найман, қыпшақ,қоңырат,қаңлы,қытай,қатаған және басқалар.
Шын мәнінде бұрын қалыптасқан жағдайды баяндағанымен, Мұхаммед
Шайбанидің саясатын білдіруші ретінде Рузбихан Исфахани дала тұрғындарын
бұрынғысынша Шайбаниден тараған өзбек ханының бодандары деп көрсеткісі
келсе де, өзбек тайпаларының осы үш тобынан қазақтың екі жүзіне
Орта жүзі мен Кіші жүзіне және Мұхаммед Шайбаниді қолдап, онымен
бірге Мауараннахарға барған және ол жаққа өзбек атауын әкеткен тайпалар мен
рулар тобына бөлінген этносаяси топтар аңғарылады. Оны жақтаушылар саны көп
емес еді.
Жалпы алғанда Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының өзбектер деп аталған
халқының этносаяси қауымдастығын түркі тілдес халықтың қалыптасқан үлкен
тармағы деп санауға болады. Осы тармақтың қалыптасу процесінің аяқталу
барысында XIV- XV ғасырларда қыпшақ, өзбек, өзбек- қазақ, қазақ деген
жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы қазақтар днген этникалық атау
анықталып орнықты. Әулеттер өзгеріп, олардың әрқайсысы Жошы ұрпақтарының
белгілі бір тектермен тайпа көсемдері қолданған өзіндік басқару бағытын
нығайтты, бәрақ шын мәнінде Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының хандығы
кезінде ақ қалыптасқан қазқа халқының мемлекті болған еді. Оңтүстік- Шығыс
Қазақстанмен Моғолстан, Қырғыстандағы сияқты, бұл мемлекеттер де
автохтондық негізде пайда болды; олардың әрқайсысы этникалық қауымдастықтың
азды- көпті бөлігін қамтиды. Бұл орайда халықтың бір әулетке бодандықтан
екіншісіне ауысып отыруы жиі кездеседі. Бұл әсіресе көшпелі және жартылай
көшпелі жағдайда оңай еді, мұның өзі халықтың іс жүзінде қалыптасқан
этникалық тұтастығын қалыптастыруға кедергі жасайды. XVI ғасырдың орта
шенінде жекеленген рулардың қосып алынуы, 1514 жылы Жетісудан Қашғарияға
әкетілген жекеленген топтардың XVI ғасырдың 20- 30 жылдарында қайтып оралуы
халықтың шағын бөлігін ғана қамтыған, ал қалыптасқан халықтың негізі бөлігі
орнында қалып, XV ғасырдың екінші жартысынан қарай этносаяси тұрғыда әбден
айқындалған еді.
Орта жүзде шын мәнінде халық болып қалыптасқан бір ғана халқына
биләк жүргізу жолындағы күресі мәліметтерге толы. Егер XVI ғасырдың
басындағы деректемелерде Шығыс Дешті Қыпшақтың халқына қазақтар деген атау
барған сайын айқын қолданыла түсетін болса, бұл халықтың сол кезге қарай
ғана қалыптасқанын және қазақтардың Жетісуға өзбектер Мауераннахрға
кеткеннен кейін қайтып келгенін көрсетпеиді, Шығыс Дешті Қыпшақ пен
Түркістан сол кездің өзінде-ақ этникалық жағынан гөрі саяси жағынан
қазақтар деп аталып кеткен халқына саяси билік жүргізудің Жошы ұрпақтарынан
тараған Ақ Орда хандарына көшкенін ғана көрсетеді. Мауаранахрға Әбілхайыр
хан бодандарының Мұхаммед Шайбани өз ықпалын орнықтыра алмай- ақ қойған
негізгі бұқарасы кетәп қалмағандықтан, осы әулеттік шын өзгерістерден кеиін
де, шын мәнінде, Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезіндегіден өзгеріс болған
жоқ. Айырмашылығы сол кезге деиін Моғолстан хандарының бодандығында болған
Жетісу халқынан сүйеніш тапқан хандардың жеңіп шығып, олардың бодандары
санының ұлғайғандығында ғана болды.
4. Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
Қазақ халқының құрылу этникалық- әлеуметтік организмдер ретінде
халықтар қалыптасуының жалпы заңдылықтар негізінде, таптық, феодалдық
қатынастардың қалыптасуымен және нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық
және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты.
Халықтың құрылуына XIV- XV ғасырларда Қазақстан аумағында қайта өрлей
бастаған дәстүрлі шаруашылық, еөшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығының отырықшы егіншілікпен өзара әсері де ықпал етті.
Жедел қалыптасып келе жатқан халықтың белгілі бір бытыраңқылығы
және сонымен қатар бірігу бағыты қазақтар мен қазақ жүздерінің шығуы туралы
көптеген аңыздар көрініс тапқан.
Белгілі бір тайпалар топтарының өзі бір уақыттарда түрлі
мемлекеттік құрылымдарда (Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай
Ордасы және басқалары) болатындай этникалық - саяси жағдай қалыптасып
отырды, олар мекендеитін аумақ сырттан қысым көрудің немесе феодалдық
соғыстардың, тартыстардың, ауа көшіп кетудің әсерімен өзгеріп отырды, бірақ
қалай болғандн да бірігу жөніндегі басты бағыт өзіне жол ашты, түптеп
келгенде өз халқының бір бөлігі екенін ұғыну тайпалық сана- сезімнен басым
түсті. Соған қарамастан зерттеушілер бұл жердегі монғол мемлекеттеріне
деиінгі және олардан кеиінгі тайпалық топтармен тайпалардың көпшілігінің
тілдерінің сабақтастығына атап еөрсетеді.
XIV- XV ғасырларда тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген
мемлекеттер жүиесіне - бұрынғысынша монғол ұлыстарына ену жоғарыда аталған
факторлардың ықпалын күшеите түсті, соның салдарынан Қазақстан аумаында
этникалық шоғылданудың үш жүздеріндегі әр қилы таптары пайдща болды. Ұлы
жүз Жетісудан Сырдарияға деиінгі жерлерге орналасты, оның құрамына ;
үйсіндер, қаңлылар,д дулаттар, албандар, суандар, сіргелілер, ыстылар,
ошақтылар, шапыраштылар, жалайырлар және т.б енді. Орта жүз Орталық және
Солтүстік - Шығыс Қазақстан аудандарын мекендеді; оның құрамына -
қыпшақтар,арғындар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, қарлұқ рулары және т.б
енді. Кіші жүз Батыс Қазақстанды, Сырдария сағалалалрын Арал теңізі, Каспий
жағалауларындағы ойпаттардың солтүстігіндегі жерлерді мекендеді. Оның
құрамына алшын сияқты тайпалық бірлестіктер мен адай, алаш, байбақты,
жаппас, таздар, қарасақал, қаракесек және т.б тайпалар енді. Жүздердің
құрлыған уақытымен механизімі белгісіз.
Монғол шапқыншылығынан кеиінгі Қазақстанның этникалық тариқының
негшізгі мазмұны халық болып қалыптасудың аяқталуына, қазақ жүздерінің
құрамына еіретін тайпалар санын анықтауға, ежелгі этникалық өзекті
толықтыратын тайпалар мен рулардың XVII- XIX ғасырлар деректемелерінде
көрсетілген кеиінгі аумақтарға жылжуына саяды. Жүздер XV-XVI ғасырларға
рулық-тайпалық құрамы жөнінен де, орналасқан аумағы жағынан да қалыптасқан
түрде келеді. Бірнеше мемлекеттік құрлымдаодың құрамына кірген оның тарихи
қалыптасқан жекелеген бөліктерінің бытыраңқылығы этникалық шоғырлану
процесінің түпкілікті аяқталуын кешеуілдетті. XVI-XV ғасырларда есепсіз
играциялық процестің одан әрі жалғасқанын атап айту керек. Мысалыға, Темір
соғыстары кезінде моғол топтар Жетісудан Орта Азияға ауысты. Әбілқайыр
тұсында қалуштар және бұлғашы тайпалары Моғолстаннан соның қарамағына
көшті; керейлер аз уақытқа Жетісудан Орта жүзге, маңғыттар (ноғайлар)
батыстан Сырдарияға ауысып барды; ХVғасырдың аяғында көптеген рулар мен
тайпалар Шығыс Дешті Қыпшақтан Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп, Орта Азияға
кетті. Осының барлығы саяси жағдайды тұрақсыздандырып, Қазақстанның кең-
байтақ аумағында тұрғындардың этникалық шоғырлануын қиындата түсті.
Ғасырдың екінші жартсы мен XVI ғасырда мемлекет болып бірігуі
халықтың шоғырлну процесінің аяқталуын тездетті. Әбілқайыр мен АқОрда
хандықтарындағыдай, сондай- ақ Моғолстандағыдай емес, Қазақ хандығының
неғұрлым берік этникалық негізі қалыптасып қалған қазақ халқы болды. Шығыс
Дешті Қыпшақтың, Түркістан мен Жетісудың барлық түрік рулары мен тайпалары
дерлік монғол шапқыншылықтарынан кейін тұңғыш рет бір мемлекетке бірікті.
Қазақстанның отүтігіндегі және қазақ этносы мекендеген басқа
аумақтардағы тұрғындрдың этникалық қауымдастығы проблемасының маңызы аса
зор. Жазба және археологиялық материалдар бұл аудан тұрғындарының Шығыс
Дешті Қыпшақ пен Жетісуды мекндеушілермен саяси- шаруашылық және мәдени
даму дәстүрлерімен ғана емес, этногенетикалық туыстастығымен, ортақ
этносаяси тағдырларымен де байланысты болғанын дәлелдейді. Қазақ халқын
қалыптастырған этникалық басты өзек, ежелгі Қазақстанның аса ірі екі
этносаяси қауымдастығы – Орта және Ұлы жүз қазақтарына арқау болған
Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы Қыпшақ тайпалар одағы мен
Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы үйсін одағы байырғы заманнан Оңтүстік
Қазақстан мен Оңтүстік – Батыс Жетісу аумағында тоғысқан болатын. Олардың
этникалық аумақтары солтүстік пен солтүстік – шығыста Ортаңғы Сырдария мен
Қартау алабында көсіліп жатты. Сырдарияның төменгі сағасынан солтүстік –
батысқа солтүстікке қарай созылған кең – байтақ жерді,қазақтың Кіші Жүзі
иеленді.
Қазақ хандығының нығаюымен және халықтың шоғырлануы процесінің
шапшаңдауымен бірге оның құрамына Моғолстан, Сібір хандығы, Ноғай Ордасы
билеушілерінің қол астында болған қазақ рулары мен тайпалары енді. Ноғай
Ордасының күйреуі, ноғайлардың қазақтарға аумақтық және этникалық жақындығы
ноғай ұлысы шығыс тобының Қазақ хандығына қосылуына және ноғайлықтардың бұл
тобының Кіші Жүз құрамындағы қазақ этносына енуіне қолайлы жағдай жасады.
Бұл қалыптасқан халық көршідері мен өз кезеңінің оқиғаларын баяндайтын
деректемелерде XV ғасырдың екінші жартысынан қазақтар деген атпен таныс
боған. Қазақ этнонимінің шығу тегі ұзақ уақыттар бойы зерттеушілер
арасында айтыс туғызды, өз шығу тегіне байланысты баяндалатын толып жатқан
халық аңыздарында көрсетілген. Бұл атау түркі –парсы деректемелерінде
алғашқы әлеуметтік мәнде қолданылып, өз руынан,тайпасынан бөлініп
кеткен,кезбе,қаңғыбас адам деген мағынаны білдірген. Қазақтық жасауға
мәжбүр болғандар көбіне басқа, бөтен билеушілерге барған Тарихи Рашиди
және басөа деректемелер бойынша қазақтар атауы әуелде өзбек-қазақ, кеіиін
ретінде Жетісуға көшкен, Жәнібекпен Керей бастаған топтарды білдіру үшін
қолданылған. өзбектер және қазақтар атауларының XV ғасырда нақты
айқындалған этникалық мағынасы жоқ. Фазлаллах ибн Рузбиханның жоғарыда
аталған мағлұматын толық келтіре кетелік. Шыңғыс хан иеліктерінде ерекше
мәртебелі болған үш тайпа өзбектерге жатады. Қазір біреуі –Шайбани әулеті
мен оның бірнеше ата-бабаларынан кейінгі билеушісі ұлы хан болды және болып
отырды. Екінші тайпа бүкіл әлемге өздерінің қуатымен және өжеттігімен
даңқы шыққан қазақтар,ал үшіншісі- маңғыттар,ал олардан қол Астрахан
патшалары шыққан Жәнібекпен Кереи хандықтарының нығаюына орай олардың
қол астындағы барша халық қазақтар деп аталды. Қазақ атауы бірте-бірте
этникалық мәнге ие болды. Ол этникалық аумағы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу
мен Оңтүстік Қазақстан жерлері болған, әлдеқашан қалыптасқан біртұтас түркі
халқын білдіру үшін қолданыла бастады.
Қазақ хандығының саяси шеңберінде қазақ мемлекеттігі дамуының
шынайы тарихи нәтижесі біртұтас қазақ халқы болып табылады. Қазақ хандығы
дәуірінде,XV-XVII ғасырларда Қазақстанның кең- байтақ аумағындағы
тұрғындарға іс жүзінде ортақ, негізгі белгілері мен қазақ этносының өзіне
тән материалдық және рухани мәдениетібекіп жетілді. Өзінің этникалық
тұтастығын түсінген халық оны эпикалық шығамаларында көрсете білген.
Қазақ халқы сонау XVI ғасырладағы жазба дерктемелерде- ақ Қазақстан
деп аталған өздерінің байырғы этникалық атамекендерін Мауараннахрда Шайбани
және Аштархани әулеттеріне, Ертіс жағалауымен Алтайда Сібір және Орыс
өкметіне, Жетісу және Шығыс Қазақстан жерлерінде Жоңғар тайшаларына қарсы
кескәлескен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz