ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Жалпы «Сұлулық, сымбаттылық, көркемдік тәрбиесіндегі ұлттық ерекшелік» туралы курстық жұмыс 40 беттен тұрады. Курстық жұмыстың жобасы кіріспеден, І, ІІ тараудан, қорытындыдан тұрады Курстық жұмыста 1 кесте және «Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалану» деген тақырыпқа ашық тәрбие сағаты жазылған. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Кіріспе бөлімінде сұлулық сымбаттылық, көркемдік ұғымына және эстетикалық тәрбие туралы қысқаша түсінік берілген.

І тарауда эстетикалық тәрбиенің маңызды құралдары, эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері, отбасында эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселесі жайлы қарастырылған. Сонымен қатар курстық жұмыстың І тарауында табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т. б. өнерге деген сүйіспеншілігі ашып көрсетілген. Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді.

ІІ тарауда ұлттық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері, қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу, оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық тәрбие беру жолдары ашып көрсетілген. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты қаралған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23.

Мазмұны.

І. КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері

1. 1 Эстетикалық тәрбиенің маңызды құралдары . . . 5

1. 2 Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері . . . 9

1. 3 Отбасында эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселесінің көкейкестілігі . . . 14

ІІ ТАРАУ. Ұлттық ерекшеліктер арқылы тұлғаны сұлулыққа, сымбаттылыққа, көркемдікке тәрбиелеу.

2. 1 Ұлттық тәрбие жүйесінің негізгі ерекшеліктері . . . 18

2. 2 Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеу . . . 20

2. 3 Оқушыларға сабақтан тыс кезінде эстетикалық

тәрбие беру жолдары . . . 25

2. 4 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары . . . 28

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . 34

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36

V. ҚОСЫМШАЛАР . . . 37

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты: Жеке тұлғаны жаны мен тәні үйлесімді дамыған, салауатты, жан-жақты кемелденген, дене тұлғасы келбетті етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Жаңа қоғамның талаптарына сәйкестендіре жүйеленген қазақ халқының қыздарға эстетикалық тәрбие берудегі озық дәстүрлері арқылы бүгінгі заман жас буынның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Сұлулық, сымбаттылық, көркемдік ұғымына жан-жақты түсінік беру.
  • Эстетикалық тәрбие берудің міндеттерін анықтау.
  • Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы сұлулыққа тәрбиелеудің негіздерін анықтау.

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.

Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала - ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса маңызды міндетіне айналып отыр.

Біз келешек ұрпақ тәрбиесін, соның ішінде қыз бала тәрбиесін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едік. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі түзелсе, яғни келешекте әрбір ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз. Жаны мен тәні үйлесімді дамыған, дене тұлғасы келбетті, салауатты, жан-жақты кемелденген жастар ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.

Курстық жұмыстың практикалық мәні:

Адамның мәдениетi мен тәрбие деңгейi оның сырт бейнесiнен, киiне бiлуiнен де көрiнедi. Жас ұрпақты тәрбиелеудің этикалық-эстетикалық мақсаты - сырт көрiнiстiң әдемiлiгi мен рухани кемелдiлiктiң табиғи бiте қайнасуы. Адамның келбеті неғұрлым көркем әрі сымбатты болса, соғұрлым ол өзіне-өзі сенімді бола түседі. Батыл әрі жігерлі жастардың ғылым мен өнердің қай саласында болмасын, мол табысқа қол жеткізуге мүмкіндіктері мол.

Курстық жұмыстың теориялық мәні:

Қазіргі заманғы педагогиканың озық әдістерін қолданумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың рөлi ерекше. Бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттер үнемі табылатын, яғни жаны мен тәні үйлесімді дамыған бойжеткен қыздарды тәрбиелеу - қазіргі едагог қауым мен отбасының алдында тұрған үлкен міндет. Ал қазақ отбасындағы тәрбиенің негізі - ұлттық салт-дәстүрлер болып табылады.

І ТАРАУ. Эстетикалық тәрбие және тұлғада әсемдік сезімін дамыту мәселелері

1. 1 Эстетикалық тәрбиенің маңызды құралдары

Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті қыз бала тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (І993), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде.

Педагогика интерактивтік технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға өмірлік жауапты мінез-құлық дағдыларын үйрете отырып, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың эстетикалық көзқарасын қалыптастырудың бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді.

Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан - жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны және т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы анықталады. Осыдан келіп әрбір жас ұрпақтың әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі қарастырылады.

Эстетикалық тәрбие адамның жан-жақты даму факторының бірі бола тұра, жас ұрпақтың өз өмірлерін «Әдемілік заңы» бойынша құра білуге шақырады.

Балалардың эстетикалық сезімі мен ұғымын, көркемдік шығармашылық қабілетін үздіксіз дамыту әрбір ата-ананың, педагогтың борышы.

Эстетикалық тәрбие - тұлғада әсемдік сезімін дамытады. Адам әсемдікті сезінуден, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиесімен тығыз байланысты.

Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем сурет және т. б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы зор. Әсемдік рахаты әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді.

Әсемдік тәрбиесіне байланысты оқушылар эстетика теориясы білімдерін меңгеруге тиіс. «Эстетика» термині гректің «эстезис» - сезімталдық деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізді. 1750 ж. Оның «Эстетика» деген еңбегі жарық көрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика ұғымының өзі ертеректе туған. Оның бастауының өзі ерте заманға кетеді. Өркениет өрісінде адам өзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. Ол еңбек процесіне орай дамиды және кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын, әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырып отырады.

Тәрбие процесінде эстетикалық білім дамыту шаралары - бұл конкурс, викторина, мектеп мерекелері, үйірмелер, шығармашылық топтар т. б. Оқушылар олардан қысқаша мәлімет алып қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай түсінуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға эстетикалық таным заңдары мен заңдылықтарынан, өнердің жалпы принциптерінен ақпараттар береді.

Тәрбие ісін ұйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық заңдылықтарын ескеру керек, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, эстетикалық форма мен мағына жағдайларының қиын да күрделі сәттерін пайымдауға бағыттап барған жөн.

Эстетикалық қабылдаудың маңызды тұсы - шындықты бейнелеумен бірге жүретін адамның көңіл шарпулары. Жоғары көркем өнер шығармаларын қабылдай отырып, оқушы қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт сезінеді. Бұл сезімдер балаларды әсемдік заңымен өмір сүруге бағыттайды.

Эстетикалық тәрбиенің көптүрлі құралдары көркемдік жұмыстарда көрінеді. Тәрбиенің эстетикалық бағыттағы құралдары сан алуан: табиғат, еңбек, адам қатынасы, өнер және т. б. тәрбиелеу көздері - қоршаған орта, оқу - үйрету еңбегі, өнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т. б.

Бастауыш сынып оқушыларына төңіректегі әлеммен таныстыруды, олар үшін белгілі де түсінікті және таныс нәрселерден: мектеп, мектеп маңындағы учаске, мектепке жақын көшелер, сол көшелер кімнің атымен аталады, дүкен, почта, кітапхана, дәріхана, балабақша, өндіріс орындары, шеберханадан бастау қажет. Мұнда үлкен кісілер, яғни оқушылардың ата-аналары жұмыс істейді. Олар не істейді? Не үшін? Қалай?

Экскурсиялар кезінде балалар осы сұрақтарға жауап табады. Сөйтіп, олар құрылысшының шофердің, сатушының, кітапханашының, шаруаның, кәсіпкердің еңбегімен танысады.

Баланың байқағыштығын, көз алдына елестету қабілетін, сезімдерін дамытуға табиғаттың әсері өте күшті. Бала табиғатты алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды, оның көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Экскурсиялар бүкіл жыл бойына жүргізіліп тұрғаны абзал, себебі жыл мезгілдеріне орай болатын табиғаттағы өзгерістерді оқушылар байқап, салыстырып және қорытынды жасауға тәрбиеленеді.

Балалардың эстетикалық сезімі мен ұғымын, көркемдік шығармашылық қабілетін үздіксіз дамыту әрбір ата-ананың, педагогтың борышы. Мысалы, бала бойында байқалған әңгіме құрастыру, өлең шығару, ән айту, сурет салу, жапсыру т. б. талпыныстарын байқап, жетелеп отыру керек.

Эстетикалық тәрбиенің құралы болып табылатын өнердің көп салаларының ішінде адамның ішкі жан дүниесіне, жүрек сезіміне, эмоциясына күшті әсер ететін музыканың алатын орны ерекше.

Музыка - адамзаттың тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдігі және маңыздылығымен баланың жанын баулап, ақыл-ой сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізеді. Сондықтан мүмкіндігіне қарай баланы музыкаға жастайынан баулыған жөн. Өйткені, ән мен күй ана сүтіндей бала бойына ерте сіңсе, онда ол балаға ауа мен су секілді күнделікті қажетіне айналады. Ал, мұндай қажеттілік баланың сезімталдығын, мәдениеттілігін қалыптастырумен қатар бала бойына туа біткен дарынның ерте көктеп, гүлденіп, жеміс беруіне себебін тигізеді.

Халық музыкасының асқан шеберлері - әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындар көшпелі күн көрістегі қазақ арасында зор әлеуметтік қызметте атқарды. Мұндай тума таланттар жалпақ жұртшылық арасында өз елінде ағартушы, тәрбиеші де болатын. Олардың көзі ашық, көңілі сергек, ой өрісі өзгелерден озық болды. музыкалық дарыны мол қазақ халқы басқа тарихи профессионалдық дәстүрі бар елдер сияқты балаларының айрықша қабілетіне байланысты семьяда белгілі бір музыкалық аспапта нота арқылы білім беріп, мектепте оқытып эстетикалық білім, тәрбие бермегенмен өз жеткіншектерін өз ортасынан шыққан тума таланттардан өнерпаздықты үйренуге, олардан үлгі өнеге алуға баулып отырған. Халық музыканы да, оны орындаушыны да қастерлеп, қадір тұтқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкалық дәстүрі бүгінгі Егеменді еліміздің профессионалдық музыка өнеріміэдің нәрлі бұлағы болып, арнасын кеңейтіп, өрісін биікке көтеріп отыр. Халық мұрасы негізінде мәдени тарихымыздың бұрын-соңды болып көрмеген профессионалдық жанрлар симфония, кантата, оратория, опера, балет сияқты биік мәдениетті танытатын жанрлар тудырды. Ұлттық музыкалық қазыназымызды насихаттап, ел өміріне айналдыратын мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрі, филармония, хор копелласы, вокальды аспапты ансамбльдер сияқты творчестволық топтар қалыптасты.

Эстетикалық тәрбиенің келесі бір құралы - ол халықтың қол өнері болып табылады.

Зергерлік өнер ерте заманнан келе жаткан әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып сәндік-салтанат үшін әшекейлі жиһаз қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару жарақ, сауыт сайман, ер тұрман зерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылған. Түркістандағы тайқазан, Семей мұражайындағы Бөгенбай батырдың айбалтасы, Алматы облысы Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі т. б. зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегені айғақ.

Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға ажар, жігітке жігер беретін болғандықтан, батырдың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған.

Халық педагогикасында әсемдік тәрбиесін үлкендердің ата аналардың жеке басының үлгі өнегесі, күнделікті өмірде «ұят», «ар», «намыс» сияқты ұғымдарды пайдалана отырып үйрету, жазалау, жаттықтыру, әдеттендіру, сендіру, мадақтау, көтермелеу, мақұлдау, қоштасу әдістері арқылы біртіндеп іске асырып отырған.

Міне, осындай сәби көзін ашып, жарық дүниені сезіп, тіршілікке қол созған сәттен тәрбие нәрін анасының ақ сүтімен бірге қабылдап тал бойына сіңірген. «Әлди, әлди, ақ бөпем» - деп, басталатын бесік жырының өзі-ақ ананың әуезді үні арқылы жас нәрестені беймазалықтан, шыдамсыздықтан сақтандырып, мейірімділікке, сабырлылыққа баулыған. Міне, бұл мінез құлық эстетикасының, әсемдіктің басы болып табылады.

Балаға өзін қоршаған дүниені өнер арқылы танытудың бірден бір жолы - бейнелеу өнері болып табылады. Бейнелеу өнері -деп өмір шындығын, біздің өзімізді қоршап тұрған дүниедегі жанды- жансыз заттарды көре отырып тікелей кескіндеп, не мүсіндеп түсіруді айтамыз. Оған көркем өнердің кескіндеме (живопись), мүсіндеме (скульптура ), графика, сән (декаративное) және қол өнері, тағы басқа түрлері жатады.

Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Адамдар бейнелеу өнерімен қоғамның алғашқы даму сатыларында-ақ шұғылданған. Олар жартастарға, өздері тұрған үйдің қабырғаларына суреттерді ойып салған. Ол суреттер адамдардың сол кездегі негізгі кәсібін бейнелеген. Оған Жасыбай және Ұлытау жартастарына ойып салынған суреттер қазбасы дәлел болады. Мұның өзі ертеде өткен ата- бабаларымыздың арасында да талай шеберлердің болғандығын айқындай түседі. Қарғалы және Жамбыл көнбелерінен табылған құмыра ыдыстарындағы, зергерлік бұйымдардағы хайуанаттар суреттері осының айғағы. Өнер иелерінің еңбектері арқылы жастар өз өлкесінің сұлу табиғатын, өз республикасының өткені мен бүгінгісін, халқымыздың тұрмысы мен әдет ғұрпын тани түсуге мүмкіндік алады.

1. 2 Эстетикалық тәрбие беру және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері

Уақыт педагог-ұстаздарға жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол - өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны ұлттық ерекшеліктер, яғни ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыруға болады.

Республиканың егемендігі, ұлттық сана-сезімінің өсуі, мәдени және рухани дәстүрлердің, тіл мен діннің қайта өркендеуі жағдайында эстетикалық тәрбиедегі ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап жасауға қажеттілік қана өсіп қоймай, сонымен бірге оларды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайды.

Тәрбиеші педагог баланың намысына тимей, қиялын ұштап, айналадағы болып жатқан құбылысты барынша түсіне білуге ұмтылдыруы тиіс. Қыдыру, саяхат жасау, серуендеуге шығу жұмыстарын ұйымдастырғанда туған ауыл, аудан, облыс орталығы, республика астанасында ұмытпау керек. Қаладағы жаңа құрылыстар, әдемі көше, бау-бақша, архитектура ескерткіштері, әртүрлі көркем көріністер, көше тәртібі мен тазалығы, жүріс-тұрыс ережелері жас бала сезіміне тез ықпал етеді. Туған өлкенің көрнекті орындарына серуен жасау, онымен жүзбе-жүз танысу баланың эстетикалық ұғымын молайтып, жақсыға еліктеу ынтасын қозғаумен қатар Отанды сүюге, оны құрметтеуге үйретеді.

Педагог-зерттеушілер қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез - құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т. б. Жалпы эстетикалық мәдениет - бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т. б.

М. Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын былай түсіндіреді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды жұмыстарға жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам - адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» - деген.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таңқаларлықтай (домбыра, шертер, аса таяқ, шаңқобыз, ұран, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т. т. ) . Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Этикалық тәрбие істері
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Тәрбиенің комплекстілігі
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Жалпы баланы еңбекке тәрбиелеудің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz