Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері



Мазмұны:

Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3.4

I.Tарау. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
негіздері мен жалпы принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5.11
I.1. Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы...12.17..
I.2. Бухгалтерлік есепті жүргізу үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.21

II.Тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22.23
II.1. Бухгалтерлік есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер...23.27
II.2. Бухгалтерлік қызметтегі құжаттау мен есептік регистрлер ... ... ... ...28.30

III.Қорытынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру" деп аталады және бұл тақырыпты таңдауымдағы мақсатым, мен осы жұмысымда сан қырлы бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы, яғни нарық заманындағы атқаратын рөлі, маңызын, жалпы мәнін және мазмұнын ашып көрсету. Жылдан-жылға еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі даму үстінде. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қадылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Бұл мәселелерді шешудің жолын 1-ші тарауда, яғни, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері арқылы қамтуды қарастырмақпын.
Ал осы тараудың бірінші бөлімінде - бухгалтерлердің атқаратын міндеті мен бухгалтерия құрылымы олардың қалай ұйымдастырылу керектігі жайында болмақ. Мұнда кез-келген жағдайда бухгалтер өз міндетін адал атқарып, қабылданған заң актілері мен нормативтік ереже нұсқауларды қатаң сақтап және оларды дәлме-дәл сапалы түрде орындауы қажеттігі туралы жазылған. Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері қа-растырылған, яғни мұнда есеп үлгілерінің шаруашылықта қаншалықты маңызды рөл атқаратыны және оларды қалай жүргізу жөнінде. Жалпы, бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады. Есеп үлгісі ең әуелі есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру мен жеңілденуіне байланысты болуы керек, сонымен қатар, есеп регистрлары пайдалануға болып, мүмкін болатын қателер мейілінше азайтылуы керек.
Ал, екінші тарауға келер болсақ, бұл тарауда бухгалтерлік есепте ерекше рөл атқаратын кәсіпорындардың есеп саясаты. Аталған тарауда қарастырылатын мәселе есеп саясаты жөнінде елімізде бухгалтерлік есеп стандарттарының бірінші тармағында "Есеп саясаты және мұның маңызын шешу" туралы ресми құжат қабылданған. Бұл құжатта есеп саясатының мақсаты, қажеттілігі, тәсілдері мен ереже әдістері туралы айтылған.
Осы тараудың алғашқы бөлімі есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптері жайында, яғни кез-келген жүйеде өзінің принциптері мен әдіс-тәсілдері болатыны белгілі, мұнда есеп саясатында да бірнеше есеп принциптері қабылданған және бұларға қорғау барысында жеке-жеке тоқталып өтетін боламын.
Кез-келген ортада шаруашылық операциялары дұрыс жүргізілуі үшін оларды құжаттарға түсіру қажетілігі туындайды, ал осы операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып табылады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те атаймыз.Және бұл құжаттардың атқаратын міндетін, қызметін, оның түрлерін соңғы, яғни 2-ші тараудың екінші бөлімінде қарастыратын боламын
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әбдіманапов Ә. "Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері". Алматы 2003ж.
2. Әбдіхалықов Т. Ә "Аудит және бухгалтерлік есеп".Алматы 2003ж.
3. Бабаев Ю.А "Бухгалтерлік есеп теориясы". Москва 1999ж.
4. Ержанов М.С, Ержанов С."Есеп саясаты " Алматы 1997ж.
5. Жақыпов С.Ж " Тауарлы –материалдық құндылықтар есебі " Алматы 2001ж.
6. Күлімжаев "Бухгалтерлік есеп принциптері" Алматы 2004ж.
7. Любушина Н.П "Теория бухгалтерского учета" Москва 2002г.
8. Нидяз Б. Андерсон. Және басқалар "Бухгалтерлік есеп принциптері" Москва 1996ж.
9. Радостовец В.К, Ғабдуллин Т.Ғ "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп" Алматы 2003ж.
10. Салина "Принципы бухгалтерского учета" Алматы 2003ж.
11. Соколов Я.В. "Бухгалтерлік есеп туралы түсініктер және тарихы" Москва 1991ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-4
I-Tарау. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
негіздері мен жалпы
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5-
11
I.1. Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы...12-17..
I.2. Бухгалтерлік есепті жүргізу
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-21
II-Тарау. Бухгалтерлік есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-23
II.1. Бухгалтерлік есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер...23-27
II.2. Бухгалтерлік қызметтегі құжаттау мен есептік
регистрлер ... ... ... ...28-30
III.Қорытынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..30-32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33.

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру" деп аталады және бұл тақырыпты таңдауымдағы мақсатым, мен осы
жұмысымда сан қырлы бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы, яғни нарық
заманындағы атқаратын рөлі, маңызын, жалпы мәнін және мазмұнын ашып
көрсету. Жылдан-жылға еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі даму
үстінде. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық
қатынастарға түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты
талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қадылдау үрдісінде
бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Бұл мәселелерді шешудің жолын 1-ші
тарауда, яғни, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері
мен жалпы принциптері арқылы қамтуды қарастырмақпын.
Ал осы тараудың бірінші бөлімінде - бухгалтерлердің атқаратын міндеті
мен бухгалтерия құрылымы олардың қалай ұйымдастырылу керектігі жайында
болмақ. Мұнда кез-келген жағдайда бухгалтер өз міндетін адал атқарып,
қабылданған заң актілері мен нормативтік ереже нұсқауларды қатаң сақтап
және оларды дәлме-дәл сапалы түрде орындауы қажеттігі туралы жазылған.
Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері қа-растырылған, яғни
мұнда есеп үлгілерінің шаруашылықта қаншалықты маңызды рөл атқаратыны және
оларды қалай жүргізу жөнінде. Жалпы, бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп
регистрлары мен есеп кітаптарын айтады. Есеп үлгісі ең әуелі есеп
қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру мен жеңілденуіне байланысты
болуы керек, сонымен қатар, есеп регистрлары пайдалануға болып, мүмкін
болатын қателер мейілінше азайтылуы керек.
Ал, екінші тарауға келер болсақ, бұл тарауда бухгалтерлік есепте
ерекше рөл атқаратын кәсіпорындардың есеп саясаты. Аталған тарауда
қарастырылатын мәселе есеп саясаты жөнінде елімізде бухгалтерлік есеп
стандарттарының бірінші тармағында "Есеп саясаты және мұның маңызын шешу"
туралы ресми құжат қабылданған. Бұл құжатта есеп саясатының мақсаты,
қажеттілігі, тәсілдері мен ереже әдістері туралы айтылған.
Осы тараудың алғашқы бөлімі есеп саясатындағы ресми қабылданған
принциптері жайында, яғни кез-келген жүйеде өзінің принциптері мен әдіс-
тәсілдері болатыны белгілі, мұнда есеп саясатында да бірнеше есеп
принциптері қабылданған және бұларға қорғау барысында жеке-жеке тоқталып
өтетін боламын.
Кез-келген ортада шаруашылық операциялары дұрыс жүргізілуі үшін
оларды құжаттарға түсіру қажетілігі туындайды, ал осы операцияларды
құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып
табылады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те атаймыз.Және бұл
құжаттардың атқаратын міндетін, қызметін, оның түрлерін соңғы, яғни 2-ші
тараудың екінші бөлімінде қарастыратын боламын.

I-тарау. КӘСІПОРЫНДАРДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ МЕН
ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын
басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс
ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас
элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік
қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық)
арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін
(форма), есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар
бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін
қатаң сақтау қажет.
Кәсіпорьшдағы бухгалтерлік есеп жүйесін үйымдастырудың негізі, біздің
елімізде кабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 26
желтоқсан 1995 жылғы 2732-"Бухгалтерлік есеп жөніндегі" Жарлығында
салынған. Бүл заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі,
бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытьшды есеп
жасап, мүны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді
жасау жөнінде тиянақгы ұғым береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы
бағыт, кәсіпорын ішінде үстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу
жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан
жетідіріліп отырады.
Кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің
ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өз ішінде
ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері
бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады.
Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау,
дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу
т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Есеп үрдісін тұрақгы түрде ары карай жетіддіру бухгалтерлік қызмет
атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде
ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру
бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесі мен
талдау жүргізу үрдісіне экономика - математикалық әдістерді, әртүрлі
модельдерді, мақсатты - бағдарламалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті
ғылыми тұрғыда үйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде
арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы
керек. Кәсіпорындарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен
үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін
бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады.
Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы
құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактлерін іске асыру жөніндегі
қабылданған шешімді көрсетеді. Яғни бастапқы құжаттар шаруашылық
фактілерінің іске асқандығын мәлімдейтін ақпаратгық ағын болып табылады.
Шаруашылық фактілерінің орындалуын көрсететін құжаттар дәл және осы сәтте
жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қолдары қойылуы керек. Бастапқы
қүжаттар жасап, өз қолдарын қоюушы жауапты адамдар, құжаттардың өз
уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық
операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты
екендігін дүрыс түсіну кджет.
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық қүжаттар кәсіпорынның бухгалтериясына
өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттардың заңдылығы
тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды
қүжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру, жетілдірілген әдістер мен
амалдарды үғымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық
счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер
кезінде үйыаддастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақгап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық
жене синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалган есеп
регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру
бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты бухгалтерлік есеп жұмысының
маңызы мен сипаты өзгеріске түсті. Бухгалтерлік есеп объектілерінің
көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру,
жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін
жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке
алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың қүрамы мен маңызы,
тапсыру мерзімі, мүның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі
өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп
ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен
атқарылатын көптеген жүмыстардың көлемі азайып, компьютерлік жүйемен
атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын
пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп
принциптерін қатаң сақгау жөніндегі әдістер мен амалдар кеңінен
қолданылуда.
Мүның барлығын да сапалы даярлаған, іс-тәжірибеден өткен кәсіби
бухгалтерлер атқаратындығы, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар
бухгалтерлік есеп ұйымдастыруды жеттлдірудің жолдарьш белгілеуді, бақылау
мен тексеруді, талдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі бола
бастады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетіддірудің түпкі мақсаты қандайда
шаруашылық субъектілері болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мен нарықгық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды
сақгау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру
үшін, еліміз бойынша бухгалтерлік есепке тән төмендегідей кезеңді жұмыстар
атқарылуында бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің жолдары белгіленуі
керек. Бүларға:
1). Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен
нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану.
2). Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған
бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық
бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты
әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп
принциптерін сақтау.
3). Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы
бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір кәсіпорындарға тән
ұйымдастыру бағытын жасау.
4). Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап,
мұның өзін менеджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді
жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының
бағытын негіздеу.
5). Есеп пен есептеу жүмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік
технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшандату және
пайдаланушылар талабын орындау.
6). Көсіпорындардағы бухгалтерлік қызмет аткдрушыларды даярлау мен
қайта даярлау, бүлардың кәсіби білімін жетілдіру.

Ендігі жерде осы жоғарыда айтылған бухгалтерлік есеп жүмысын ары қарай
жетілдіруге байланысты қойылған талаптардың қысқаша маңызына тоқталған жөн.
Еліміздегі бухгалерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің
қүқығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің
жағдайын, сондай-ақ есеп үрдісін үйымдастырудың негізін салғандығын білген
жөн. Кімде-кім
болмасын есеп-хисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп
жөніндегі заңдар мен нормативтік актлерді күнделікті басшылықкд алып отыруы
керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бүлардың
жіктелуі, меншіктің түрлері акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң
актлерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен
байланыстыра білу қажет.
Бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі
әдістер мен есеп жүргізудегі бағыттар жөніндегі (принцип) жинақталған құжат
болып табылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мүның
маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу
объектілері орталықгандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп
объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда
нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің
жекелеген түрлерінің (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау,
өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде
қолданылады.
Кәсіпорындарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық
ерекшеліктерге сай, сондай-ақ бұлар өздеріне тән жәңе ыңғайлы болып
танылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен
нүсқаулар енгізуіне болады. Ішкі ереже-нүсқаулар жекелеген шаруашылық
операцияларына тікелей байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық кұпияның
сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана
бастады. Осыған орай еліміздегі есеп жүргізу үрдісі қаржылық есеп және
басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Кдржылық есеп пен баскарушы есеп
өрісі, бұларды қолдану мен қалыптастыру бағыты жекелей дамитын болды.
Қаржылық есеп қаржы жөніндегі қорытынды есеп (отчет) ақпараттарын
пайдаланып, арнайы шешімдер қабылдау мақсатында жасалынады. Есепгің бұл
түрі тиісті заң актілері мен стандарттарға, сондай-ақ мемлекетгік
органдардың ресми қабылданған басқа да нормативтік қүжаттары негізінде
жүргізіледі.
Басқарушы (өндірістік) есеп кәсіпорын қызметі мен өндірісін тиімді
басқару және осы және болашақтағы кезеңдерде арнайы шешім қабылдау сатылған
өнімдердің қаржылық нәтижесін шығару, жаңа технология енгізу мен мұның
тиімділігін есептеу, маркетингтік шешім кабылдап, өндірілген өнімдерді,
кімге, қашан, қаншаға сататындығы жөнінде шешім қабылдау мақсатында
жүргізіледі. Басқарушы есептің әдістемелік жолдары кәсіпорындардың өз
ерекшеліктеріне карай жасалынады.
Қаржылық және басқарушы есеп жүйесінің екі бағыттағы мақсатіы іске
асыруына байланысты бухгалтерлік есеп счеттары да екі қатарлы: бухгалтерлік
баланс жасау үшін қолданылатын қаржылық есептегі счеттар, басқарушы есепте
қолданылатын операциялық счеттар болып классификацияланады.
Есеп пен маркетингтік жүйе арасында үйлесімді негіз қалыптастырып, жүйелі
түрдегі есеп акпараттарын өндірілген өнімдерді сатуға байланысты негіз
қалыптастырудың атқаратын рөлі зор. Нарықтық қатынастар заңдылығына тән
әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші кәсіпорындар базарлы сауданың
жеңімпазы болғысы келетіндігі рас. Сондықтан кәсіпорындар тұрақгы сатып
алушылар іздеп, бүлардың төлём өтеушілік қабылеті мен беделі және атағын
зерттейтіндігі мәлім. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі
және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын халықтар тобын зерттеп, сату
нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің
бұларды жеке саудаға салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалық және
стратегиялық шешімдер қабылдау түрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен
маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік
есеп мәсіметтерін кеңінен пайдаланып, мүның негізінде нәтижелі талдау
жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы
кезеңіне жатады.
Бухгалтерлік есепті компьютерлік жүйеге көшіру, есеп жүмысына жұмсалатын
шығындарын азайтып, тез арада кажетті ақпараттар ағынын қамтамасыз етеді
Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықган
кәсіпорындар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеу
және т.б. ақпараттарды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын
кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы
айтылғандарды іске асыру үшін әрбір кәсіпорында бухгалтерлік есеп
мәліметтерін автоматтандыру мен өндеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау
қажеттігі туындайды.
Зерттеулерге қарағанда, алдымыздағы жақын кезеңде Қазақстан Республикасы
бойынша шамамен 200 мыңға жуық бухгалтерлер мен аудиторлардың білім
дәрежесін жетілдіріп, бұларды қайта даярлау керек. Қазіргі кезеңде
бухгалтерлік есеп пен аудит мамандығын тек жоғары жаңадан құрылып келе
жатқан кәсіби бухгалтерлердің институтында даярлаған жөн.
Сапалы және кәсіби жағынан білімді даярланған бухгалтерлер осы заманның
шешуші түлғасына айналды.
Бухгалтерлер мен аудиторлар, т.б. қаржы мен салық жүйесінде қызмет
атқарушы мамандар даярлау және бұларды қайта даярлау, білімін жетілдіріп
отыру үшін сапалы шығарылған оқулықтар мен оқу құралдар қажет. Бұл проблема
күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Әсіресе мемлекеттік тілде жазылған
іргелі оқу құралдары мен оқулықгар жүйесін жасай алмай келеміз.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне байланысты
халықаралық стандарт талабына сай мамандар даярлауға арналған оқулықтар мен
оқу құралдары жоқ. Бухгалтерлік есеп мамандарын даярлауды қалыптастырушы
жекелеген пәндер бойынша оқулықгар мен кітаптар шығару, оқыту процесіне
қажетті электронды оқулықтар пайдалану, аудио-көру, т.б. ақпараттық ағын
қалыптастыру мәселелерін шешіп отырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби түрғыда аса жоғары деңгейде болуы,
бұлардың ұйымдастырушылық қабылетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім
қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі,
нарықгық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.

I.1 Бухгалтерлердің атқаратын міндеті және бухгалтерия
құрылымы

Арнайы білімі мен тәжірибесі бар бухгалтерлер белгілі бір интеллекгуалды
ортада қызмет атқарады. Өзінің білімі мен тәжірибесіне сенген бухгалтер,
біріншіден сапасы және сенімді жұмыстар атқаруы, екіншіден, атқарған
жүмысының нәтижесіне қанағаттануы, үшіншіден, атқарған жүмысының маңызы мен
сапасына қарай өз еңбек ақысьн көбейтіп огыруды арттыруды мақсат тұтады. Ал
меншік иесі, немесе кәсіпорынның басшысы көп мөлшерде пайда табуды бірінші
кезекке қояды. Алайда түскен табысқа салынатын салық жүйесінің қатаңдығына
байланысты, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері салық төлеуден қашып,
түскен табысты жасырудың жолдарын қарастырады.
Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлер өз міндетін жақсы және сапалы
жұмыстар атқарып, қабылданған заң актлері мен нормативтік ереже-нұсқауларды
қатаң сақтауы керек. Бухгалтерлік есеп ережелері мен әдістемелерді дәлме-
дәл орындап, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін қатаң сақтау
кәсіпорындардағы бухгалтерлердің міідетті ісі болып табылады.
Жалпы сипаттаған жағдайда бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті
жұмыстар атқарып, есеп объектлеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын
ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мүның
өзін тиісті органдарға тапсырады. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін кез-келген
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысы жақсы және сапалы ұйымдастырылуы
керектігі бүрын да айтылды. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру
жауапкершілігі кәсіпорын басшысының құзырында болады.
Кәсіпорын басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен
мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, сондай-ақ есеп-хисап жұмысына
қатысты адамдарға бастапқы құжаттар жасаушы жауапты түлғаларға жақсы жағдай
туғызуы керек. Кәсіпорындар өздері еңбек ұйымдастыру және қаржы
қалыптастырудың түрі мен технологиялық ерекшеліктеріне, шаруашылық
қызметінің бағытына карай бухгалтерлік есеп жұмыстарын өздері қалаған әдіс-
тәсілдермен ұйымдастыра алады. Бухгалтерлік есеп ұйымдастыру кәсіпорын
бухгалтериясында іске асырылады. Бухгалтерияның аппаратын бас бухгалтер
басқарады. Кәсіпорын бас бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп
жүргізу, тауарлы-материалды құндылықтардың тиімді жұмсалуы, қаржы
ресурстарын қалыптастыру, экономикалық – қаржылық талдауды өз мәнінде
жүргізу, болашақгағы жағдай үшін ұсыныс енгізу т.б. экономикалық – қаржылық
мәселелерді үйымдастыру тапсырылады.
Бухгалтерияда атқарылатын жұмыстар немесе кәсіпорынның бухгалтерлік
аппараты өндірістік бөлімшелер және цехтар, баска да бөлімшелер мен
басқармалар және есеп беруге міндетті адамдармен тығыз байланыста болуы
керек. Нарықтық экономикалық қатынастар бағытын жетілдіру мақсатына сай
кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқарушы бухгалтерлер сыртқы қаржы
салымшы инвесторлар мен несиелендірушілер, қарыз беруші баска да
кәсіпорындар, салық органдары мен қаржылық баскармалар т.с.с. ұйымдармен
тығыз байналыс құруы кажет. Барлық бөлімшелерден, жауапты адамдардан,
сыртқы тұлғалардан, т.б. түскен қүжаттар, қорытынды мәліметтер, сондай-ақ
жоспарлы және сметалық нормативтік материал кәсіпорынның бухгалтериясында
өңделіп, белгілі нысандарға сай топтастырылып, сапалы деңгейде ақпараттық
жүйе қалыптастырудың негізін қалыптастырады. Сапалы жасалған ақпарат
көрсеткіштерін терең талдау, жүйелі түрде тексеру, шаруашылық процесіне
баға беру, орын алған фактлер тиімділігін анықтау арқылы кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі жөнінде арнайы шешімдер
қабылданады.
Бухгалтерлік есеп ақпаратының айырықша атқаратын міндетінің ең негізгісі
- тексеру мен бақылау міндетін орындау болып табылады. Бухгалтерлік
аппараттың орындайтын тексеру жұмысы алдын ала, ағымдағы және келесі
тексеру болып үшке бөлінеді
Алдын-ала тексеру деп - мүмкін болатын шаруашылық операцияларының
орьндалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Аддын-ала тексеру жұмысы
ақша-қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды
құндылықтар қозғалысы, қаржылық қорытынды нәтижесі, несие алу мен жұмсау,
т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да кәсіпорын басшысының және бас
бухгалтердің қойған қолымен бекітіліп расталады. Сондықтан, кәсіпорынның
бас бухгалтері немесе баска да өкілеттілігі бар жауапты адамдар бастапқы
қүжаттарға жазылған мәліметтердің зандылығы мен тиімділігін, алдын-ала
мүқият тексеруге міндетгі.
Ағымдағы тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтге немесе
мұның артынан іле-шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық
операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік
жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептеулер мен
бағалау амалдарының дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы
тексеруден өткен соң, мұндағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына
жинақталып жазылады.
Келесі тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен бастап
белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Келесі
тексеру есепті кезеңге сай жүргізіледі. Тексерудің бұл түрі кәсіпорынның
және осы кәсіпорын құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі
өрісінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша
орын алған шаруашылық операцияларының маңызын он күндік, айлық, тоқсандық,
т.с.с. кезеңдер бойынша да тексереді.
Кәсіпорындағы есеп пен тексеру жұмысын осы кәсіпорын бойынша құрылған
бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия кәсіпорынның
ұйымдық құрылымьның ең бастысы болып табылады. Бухгалтерия аппараты
кәсіпорын басшысына бағынышты болып, кәсіпорынның атқаратын жұмыстарының
көлеміне қарай міндетті қызметтер атқарушы бухгалтерлер тағайындалады.
Бухгалтерия жұмысын тиімді қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мұндағы
бөлімдерді дұрыс құрып, есеп қызметкерлерін, бұлардың білімі мен
тәжірибесіне қарай орналастырудың маңызы зор.
Кәсіпорында ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне (форма) сай
бухгалтерлік аппараттың құрылымы деп өзара байланыста болатын ұйымдық
тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне-
бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын функционалды міндеттерін
айтады. Яғни бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлімдер мен еңбектің
бөлінуіне, бухгалтерияда қызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен
тәжірибесіне қарай қалыптасады.
Кәсіпорын көлемі мен атқаратын шаруашылық қьізметінің ерекшеліктеріне
сай есеп жүргізу еңбегі функционалды түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі
өндіріске жұмсалатын шығындар есебін бухгалтерияның бір бөлігі жүргізсе,
жанама өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне
тапсырылуы мүмкін. Яғни, бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін
бір адам немесе бір бөлім орындайды.
Сонымен қатар, есеп жұмысын функционалды тұрғыда орта-лықтандырып
ұйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер біртектес шаруашылық операциялары
жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп
жүргізу үшін бір бухгалтер (топ) есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды
қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай
еңбек ақы есептейді, мұның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп
регистрларын жасап, счеттарды корреспонденциялайды. Бухгалтериядағы
атқарылатын еңбек пен атқарылатын міндеттерді бөлісу, кәсіпорынның
өндірістік немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Сонымен қатар,
бухгалтерлік аппарат құрылымы мен мұның күрделілігі кәсіпорындағы еңбек
етуші адамдар саны мен технологиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмыстардың
маңыздылығы мен күрделілігіне де байланысты.
Көлемі жағынан шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік аппарат құрылымы
қарапайым және жеңіл жолдармен қалыптасады. Мұндай кәсіпорындарда
атқарылатын бухгалтерлік есеп жұмыстарын жекелеген бөлімдер құрмай-ақ,
атқарушы бухгалтерлерге есеп объектілері мен жүргізетін счеттарды бөліп
беру мен тапсьру арқылы да орындауға болады. Көлемі жағынан үлкен және орта
кәсіпорындардағы есеп объектілері едәуір күрделі жағдайды қамтамасыз ету
үшін құрылады. Кәсіпорын қызметінің көлемділігі мен есеп объектілері
өрісіне қарай бухгалтерия аппаратын жекелеген бөлімдер құру арқылы
қалыптастырған жөн. Бухгалтерия құрамында арнайы бөлімдер кұру ісі есеп
объектілерінің негізгі учаскелеріне байланысты болады. Кәсіпорын
бухгалтериясында жүргізілетін есеп жұмыстарының күрделілігі мен көлеміне
қарай жекелеген бөлімдер мен секторлар құру ісі тәжірибеге енген.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі барлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау,
бухгалтерлік баланспен қорытынды есеп жасау, бухгалтерияның барлық
бөлімдері арасындағы жұмыстарды үйлестіру, кәсіпорындағы барлық есеп-хисап
жұмысын ұйымдастыру, қажет болған жағдайда бухгалтерлік есеп объектілері
бойынша ішкі әдістемелік құжатгар жасап, есеп саясатын жасау жинақтаушы
бөлімнің міндетіне жатады.
Жоғарыда келтірілген бухгалтерияның кұрылымы міндетті түрде осылайша
құрылып, ешқандай өзгеріссіз қалыптасуы мүмкін емес. Бухгалтерия құрылымы
кәсіпорынның көлемі мен техникалық және технологиялық ерекшеліктерге және
нарықгық қатынастар мен кәсіпорындардың ұйымдық түріне, халықаралық
экономикалық қатынастарға байланысты қалыптасады.. Кәсіпорын бухгалтериясы
қызметін жетілдіріп отыру, осындағы мамандар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Бухгалтерлі басқару есебінің заңнамалық негіздері
Сандық өлшем
Өңдірістің бухгалтерлік есеп негіздері және ерекшеліктері
Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру
Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз етуі
Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
Пәндер