Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І . Қыпшақтар:саяси-экономикалық дамуы . . . 13

1. 1. Қыпшақтардың саяси тарихы және басқару жүйесі . . . 13

1. 2. Қыпшақ қоғамының экономикалық-әлеуметтік дамуы . . . 33

ІІ. Қыпшақтар тарихының зерттелуі . . . 41

2. 1. Қыпшақтардың этникалық және саяси тарихы туралы зерттеулер . . . 41

  1. Көрші елдермен байланысы және дүниежүзілік дамудағы орны туралы зерттеулер . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

Қысқартулар . . . 77

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 81


КІРІСПЕ

Өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Олардың гуманитарлық саладағы бірі - халықтың өзін-өзі рухани жаңартуы. Халықтың өзінің жаңа рухани жолын, рухани қуаты мен мүмкіндіктерін сезінуі, түпкі мақсат-мүддесінің бір екенін түсінудің мәні өте зор. Ұлттың өзін-өзі тануын өз халқы туралы, оның сол қоғамдағы ұлттық қатынастар жүйесіндегі орнын, әлемдік өркениетке қосқан тарихи үлесін тану деп түсінеміз.

Өз тарихын тану - ұлттың өзін-өзі тануының шыңы. Сондықтан оны қалыптастыру - жалпыға бірдей парыз.

Кез-келген ғылымның өзіне ғана тән даму жолынан өтетіндігі белгілі. Сондықтан, нақты ғылымның бұрын жүріп өткен жолының зерттелу дәрежесіне, яғни тарихының жазылуына - жеткен жетістіктері мен алдағы тұрған міндеттерінің дұрыс айқындалуына да байланысты. Мұндай іспен сол ғылымның тарихын зерттейтін ғылым саласы мен зерттеуші ғалымдар айналысады. Бұл тарих ғылымына да тән. Тарих ғылымының тарихын зерттеу ісімен сол ғылымның маңызды бір саласы - тарихнама мен тарихнамашылар айналысады. Ал, мәселені тарихнамалық жағынан қарастыратын болсақ, магистрлік зерттеуімізге арқау болып отырған қыпшақтар ХІ ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін, толық құқылы мұрагері болып, ежелгі түріктік құрылымды одан әрі жалғастырды. Сөйтіп, қимақтар қыпшақтардың саяси ықпалына түсті.

ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтардың Еділден батысқа қарай бағыттағы қозғалысы басталды, ал ол болса өз кезегінде, қыпшақтардың Шығыс Еуропа тайпаларымен; Русь, Византия және басқа елдермен қарым-қатынасқа түсуіне әкелді. Олар Балқан түбегінен Қытайға дейінгі, Египет пен Үнді жерінен, орыс жерлері мен Сібірге дейінгі территориялардың кең ауқымды бөлігіндегі дүниежүзілік маңызға ие оқиғалардың бәріне, саяси-этникалық өзгерістерге ықпалын тигізді. Қыпшақтар әсері тиген елдердің жазба тарихында әртүрлі атаумен кездеседі, мысалы: орыс жерлерінде оларды - половецтер, Византия мен Венгрияда - командар, ал түркі тілдес тайпалар арасында - қыпшақтар деп аталады.

Қыпшақ тайпаларының ХІ ғасырдың 30-40 жылдары осыншама зор аймақта этносаяси билік орнатуы жаңа бір дәуір қалыптасқан этносаяси жағдайды араб-парсы тарихшылары мен географтары тез аңғара білді. Олар бұрынғы «Маффазат ал-Гузия» ұғымының орнына «Дешті Қыпшақ» - қыпшақтар даласы атауын қолданады [1] .

ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген қыпшақ тайпалары қазақ халқына антропологиялық келбет, қазақ тілінің негізі болып табылатын - әдеби қыпшақ тілін қалыптастырады. Сонымен қатар, қыпшақтардың үстемдік еткен кезеңі - қазақ халқының халық болып қалыптасуында маңызды этаптардың бірі болуымен қатар, сол кезеңдегі көптеген халықтардың этногенезінде терең із қалдырды. Қазіргі күнде өмір сүріп отырған көптеген түркі тілдес халықтардың, атап айтқанда: татарлардың, өзбектердің, қырғыздардың, башқұрттардың, қарақалпақтардың, қазақтардың және тағы басқа түрік халықтарының халық ретінде тарих сахнасына шығуына бастау болды.

Сондықтан, ХІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген, қыпшақтардың тарихы мен тарихнамасын жан-жақты саралау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарында екені даусыз.

Мәселенің зерттелу деңгейі . Орыс тарихшыларының түрік тайпаларын зерттей бастауы ХҮІІІ ғ. соңына жатады. Бұл кезеңде В. Н. Татищев, М. И. Карамзин, С. М. Соловьев, В. Т. Василевский, Н. А. Аристов, П. В. Голубовскийлердің еңбектері баршылық. Бірақ та олар түркі халықтарының тарихын тікелей Киев Русінің тарихымен байланыстыра қарады. Тек М. Карамзин қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысын қарастырды [2] .

Неміс тіліндегі классикалық еңбекке айналған Маркварттың «Коман халықтары туралы» деген еңбегінде көптеген фактілі материалдар бар [3] .

Қазақстанның ортағасырларындағы қыпшақ тарихы лингвист, археолог, этнограф ғалымдардың сүбелі еңбектерінің арқасында қыпшақ тарихының кейбір мәселелері айқындала бастады деуге болады. Мәселен, А. Х. Марғұлан, А. Н. Кононов, Л. П. Потапов. Н. А. Баскаков, С. Г. Ағаджанов, Р. Г. Кузеев, Ю. А. Зуев және т. б [4] .

Әсіресе, қыпшақ тарихына қатысты деректерді талдап, оларды алғаш рет ғылыми айналымға енгізген В. В. Бартольдтің қыпшақтануға қосқан үлесі зор. Ол қыпшақтарға байланысты бұрын қолданылмаған Гардизидің «Зайн ал-ахбар», «Худуд ал-алам» және т. б. деректерді аударып, ортағасырлық Қазақстан тарихына үлкен үлес қосты [5] .

Қазақстанның ортағасырлық тарихы саласында В. В. Бартольдтың ісін тікелей жалғастырушылардың бірі, қең ауқымдағы зерттеуші, күрделі теориялық проблемалардың шешімін қарастырған А. Н. Бернштам болды. Оның археолог, этнограф және тарихшы ретіндегі еңбегі зор [6] .

М. Тынышбаев өзінің «Қазақ халқының тарихы» деген еңбегінде қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеалогиясы қысқаша баяндалып, тарихи түсініктемелер жасалған. Қыпшақтарды ол орта жүзге кіргізіп, оның ІХ-ХҮ ғ. д. тарихына қысқаша тоқталып өткен [7] .

Қазақстанның тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан С. П. Толстовтың ғылыми еңбектері біз қарастырып отырған мәселеге құнды пікірлер мен тұжырымдар береді. Әсіресе, Хорезм экспедициясына қатысып оның археологиялық, этнографиялық еңбегі көрші Қазақстан үшін де маңызы жоғары. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта Азия халықтары мәдениетінің ертедегі және ерекше бастауларын анықтауға мүмкіндік береді [8] .

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың алған орнын, олардың саяси әлеуметтік құрылымын, шаруашылығы мен наным-сенімдерін көптеген араб, парсы, түркі, орыс деректерінің негізінде кешенді зерттеген бірден бір ғалым Сержан Мұсатайұлы Ақынжанов. Оның зерттеу еңбегінің құндылығын көптеген ғалымдар жоғары бағалады. Ол түрлі деректерді, зерттеулерді пайдалана отырып, алғаш рет ХІІІ-ХІІІ ғ. ғ. Хорезмдегі хорезмшахтар мен қыпшақ хандарының қарым-қатынастарына тарихи талдау жасаған зерттеуші С. Ақынжанов өз еңбегін Кеңес өкіметі тұсында жазса да, ол қыпшақтардың Руске ықпалын жасырмады және қыпшақтарды қазақ халқының этногенезіндегі негізгі компоненттердің бір екендігін дәлелдеді. Ғалымның бұл еңбегінің құндылығы өте жоғары [9] .

Сонымен қатар, қыпшақтануда қалыптасқан қыпшақтардың этникалық шығу тарихына байланысты өзіндік тұжырымын ұсынған ғалым Б. Е. Көмековтың зерттеулерінің орны ерекше. Атап айтсақ, «Государства кимаков ІХ-ХІ в. в. по арабским источникам », «Арабские и персидские источники по истории кипчаков, куманов и кимеков ҮІІІ- начало ХІІІ в. в. по арабским источникам». Атынан көріп отырғанымыздай, ғалым еңбектеріндегі тұжырымдарын араб-парсы деректеріне сүйене отырып жасаған. Атап айтсақ, Әл-Хорезми, Ибн-Хордадбек, Ат-Табари, Ибн-Хаукал, Ибн-Халдун, Гардизи, Ан-Нувейри, тағы басқа ортағасырлық авторлардың жазбалары. Б. Көмеков өз тұжырымында қыпшақ тайпасының ірілігін баса көрсетеді. Қыпшақтардың қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, ноғай, Еділ жағалауы татарларының этникалық қалыптасуына ұйытқы болғанын атап айтады. Мемлекеттілік мәселесін зерттей келе ол қыпшақтарды тікелей түріктердің дәстүрін жалғастырушылар деп қорытындылар жасады және «қазақ» сөзінің өзі қыпшақ хандығы дәуірінде пайда болғандығын дәлелдейді [10] .

Қыпшақтардың Алтайдан сонау ғұн заманынан бастап көшіп-қонып оның көптеген Еуразия халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарғандығын көптеген зерттеулер мен деректер негізінде дәлелдеген К. Ш. Шаниязовтың еңбегі құнды. Ол қыпшақтарды өзбек халқының этникалық компоненттерінің бірі ретінде қарастырады. Бірақ та бір тарауында қыпшақтардың пайда болуынан бастап моңғол шапқыншылығына дейінгі тарихын жалпы талдаған. Ол бөлім біздің зерттеу жұмысымыз үшін құнды [11] .

Сонымен қатар, А. Қадырбаевтың қыпшақтар тарихын зерттеуге қосқан үлесі зор. Ол қытай, орыс, венгр, грузин, т. б. жылнамаларындағы материалдарды талдау барысында қыпшақтардың осы елдердегі саяси және мәдени өмірге ықпалын зерттеді және де көптеген мақалаларында ХІІ-ХІІІ ғ. ғ. қыпшақтардың саяси-әлеуметтік құрылымын мемлекеттік мәселесін талдайды [12] .

Археолог С. Жолдасбаев «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан» атты еңбегінде қыпшақтарға арнайы тоқталған. Ол археологиялық, жазба деректер мен зерттеулерге сүйене отырып қыпшақ сөзіне, олардың хорезмшахтармен қарым-қатынасына егжей-тегжейлі тоқталған [13] .

И. Н. Ундасынов «Қазақтар мен олардың ата-бабаларының тарихы» деген кішігірім еңбегінде қыпшақтарға арнайы тоқталған. Онда қыпшақтардың деректерде кездесуінен күшеюі, мемлекеттілік мәселесі қарастырылған [14] .

Соңғы кезеңдегі зерттеулер қатарына қыпшақтар туралы армян деректерін ғылыми айналымға енгізген Гарковецтің еңбегін ерекше атап өтуге болады [15] .

1884 жылы жарық көрген және осы күнге дейін маңызын жоғалтпаған П. В. Голубовскийдің «Печенеги, тюрки и половцы до нашествия татар» атты еңбегі қыпшақтар тарихына қатысты тарихнамалық еңбек болып табылады, автор осы тақырып төңірігінде қалыптасқан орыс тарихнамалық ойдың барлық жетістіктері мен кемшіліктерін айқындады [16] . Көріп отырғанымыздай, ортағасырдағы қыпшақтар тарихына қатысты отандық тарихшылардың, орыс ғалымдарының және т. б. елдердің тарихшыларының еңбектерінде айтылған. Қыпшақтар тарихына қатысты Ә. Марғұлан, А. Н. Кононов, Л. П. Потапов, Н. А. Баскаков, С. Г. Агаджанов, Л. Р. Кызласов, Г. А. Федоров-Давыдов, С. А. Плетнева, Р. Г. Кузеев, Ю. А. Зуев, С. Г. Кляшторный, Ф. А. Арсланова, Д. Г. Савинов, С. М. Ақынжанов, Б. Е. Комеков, К. Ш. Шаниязов, және т. б. Бұл тарихи еңбектерге тарихнамалық шолу болған. Ал, осы мәселеге қатысты тарихнаманың тарихнамасына келетін болсақ, С. М. Ақынжанов өзінің жоғарыда аталған еңбегінің кіріспе бөлімінде М. Н. Карамзин, В. Н. Татищев, П. В. Голубовский сияқты орыс ғалымдарының еңбектерін талдап жазады. «Егер М. Н. Карамзин мен В. Н. Татищевтің еңбектері қыпшақтардың Ежелгі Русьпен қарым-қатынасы аспектісінде ғана қарастырылатын болса, П. В. Голубовскийдің еңбегінің бұлардан айырмашылығы сонда, автор өз еңбегінде қыпшақтардың тарихына ғана емес, осы мәселеге қатысты орыс тарихнамалық ойдың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталады», -дейді. Сонымен қатар автор отандық қыпшақтанушы ғалым Б. Е. Көмековтың еңбегіне тоқтала отырып, бұл еңбектің құндылығын жоғары бағалайды: «Эта интересная работа, фундированная ценным материалом, является как бы основой для продолжения изучения кимако-кипчакской историии в последующие века, а именно в ХІ-ХІІІ в. в. » [9., 54бет] .

ХІ-ХІІІ ғасырларда Дешті-Қыпшақ территориясын мекендеген қыпшақтар туралы еңбектер мен олардың авторлары туралы, арнайы түрде болмаса да, отан тарихшыларының кейбір еңбектерінде жанама түрде айтылғандығын ескеруіміз керек. Мысалы, Б. Е. Көмеков өзінің Қазақ тарихы журналының бетінде жарияланған «О перспективах развития кипчаковедения» атты мақаласында автор орыс ғалымдарының еңбектеріне тарихнамалық шолу ретінде тоқталған [10., 12бет] . Дәл осындай шолу А. Ш. Қадырбаевтың, К. Ш. Шаниязовтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде бар [11., 12., ] . 1999 жылы К. Л. Есмағамбетов «Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасы (ежелгі уақыттан ХХ-ғ. 90-ж. басына дейін) » атты тақырыпта диссертация қорғады [17] . Төрт үлкен тараудан тұратын бұл еңбегінде автор шетел зерттеушілерінің номадизмге қатысты мәселеге көбірек көңіл бөлгенін сипаттайды. Бірақ, олардың ешқайсысында осы мәселеге қатысты еңбектерге тарихнамалық талдау жасалынбаған. Ол біздің еңбегіміздің құндылығын арта түседі.

Тақырыптың деректік негізі: Қыпшақ (половец, коман) тарихына арналған әдебиеттер оның этногенетикалық түп тамырын қарастырғанда, қыпшақтардың алғаш рет күшейіп, тарих сахнасына көтерілгендігі туралы тек ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб-парсы тіліндегі тарихи- географиялық еңбектерде кездеседі.

Маңыздылығы жағынан бірінші сатыдағы деректер қатарына ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб-парсы саяхатшылары, географтар мен тарихшылардың мәліметі мен кейінгі жылдарда жазылған компилятивті мәліметтер жатады. Ал, ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы оқиғаларды ашып көрсету үшін осы дәуірдегі өмір сүрген - Ибн ал-Асир, Мухаммед ал-Несеви, ал-Джузджани, Джувени, Рашид ад-Диннің тарихи еңбектері өте құнды. Орыс, кеңес, шетел тарихшыларының танымал еңбектерінде көптеген араб-парсы тілді авторлардың деректеріне шолу мен сипаттамалар беріліп өткен. Мәселен, В. В. Бартольдтің еңбегін атауға болады. Қазіргі Қазақстан тарихшыларының ішінде қыпшақтар тарихына арналған араб-парсы деректеріне толық күрделі талдау жасаған Б. Е. Көмековтің еңбегі зор. Әрине, араб-парсы саяхатшылары, географтар мен тарихшыларының негізгі мақсаты бізге керекті мәліметті талдау емес, өздеріне керекті ақпараттарды жинау болып табылады. Сондықтан да, деректерге аса мұқияттылықпен қарап, деректанулық сыннан өткізу қажет. Бірақ, қазіргі таңда біз үшін бірден бір дерек көзі осы араб-парсы деректері.

Ең алғаш қыпшақ тайпасы туралы жазған қытай тарихнамасының қалыптастырушы Сыма Цяннің еңбегін атап өтуге болады. Ол өз еңбегінің «Тарихи жазбалар» деген тарауында Ғұн державасының негізін салушы Мөде шаньюдың жорықтарын жазып, оның өзіне бағындырған тайпалары ішінде цюйше, дин лин, гэгундердің (қырғыз) болғанын атады. А. Н. Бернштам осы «цюйше» сөзін қыпшақ деп қарастыруды ұсынды[6., 122бет] .

Сонымен қатар, қыпшақ атауы алғаш рет ежелгі түркілердің Шине Усу ескерткішінде (760ж) кездеседі, онда қыпшақтардың түркілермен одақтасып, қазіргі солтүстік Монғолия жерінде тоғыз оғыздар мен ұйғырларды билегені айтылған[5., 62бет] .

Қазақтардың этникалық тарихында маңызды рөл атқарған қыпшақтар туралы мұсылман деректерінің ішінде Абу-л-Касим Ибн Хордадбектің (820-912жж. ) «Китаб ал-масалик-уа-л-мамалик» («Мемлекеттер мен жолдар кітабы ») еңбегінде кездеседі. Ибн Хордадбек парсы ақсүйегі еді, ол Бағдадта өсіп, аббасидтер Халифіне жақын тұрады. Сөйтіп, жас кезінен слотустік-батыс Ирандағы Джибал провинциясында мемлекеттік тыңшы қызметінің және пошта байланысының бастығы болып тағайындалады. Ол өз еңбегінде де осы мақсатқа арнап жазды[18] . Бұл кітапта аймақтар мен қалалардың, пошта бекеттері, экономикалық өмірі мен алым-салықтар туралы ақпараттармен қоса, көрші елдегі халықтар туралы мәліметтер келтіреді. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексіз келтірілетін тізімі де (тоғыз-оғыздар, оғыздар, қарлұқтар, кимектер, қыпшақтар, азкиштер, тургештер және т. б. ) ҮІІІ ғасырға жататын болса керек. Әл-Йакуби (ІХғ. ) мен Кудама Ибн-Джаффардың (Хғ. ) шығармаларының жанры жағынан Ибн-Хордадбектің еңбегіне жақын.

Әл-Марвазидің туындыларында түркі халықтары туралы бірегей этнографиялық мәліметтер бар. ХІ ғасырдың басында кимек, қыпшақ, оғыз тайпаларының қоныстануына елеулі ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы туралы хабар ерекше құнды. Әл-Марвазидің (ХІІІ ғ. ) «Жануарлардың табиғи қасиеттері» деген шығармасын Қазақстанның ортағасырлардағы тарихының құнды дерегі деп атаған жөн. Автор Селжұқ Мәлікшахтың (1072-1092 ж. ж. ) сарайында оның мирасқоры болған [19] .

ІХ-Х ғ. ғ. қыпшақтардың тарихынан құнды мәлімет беретін деректердің бірі Газневид сұлтаны Әбд ар-Рашидтің (1048-1053) кезінде парсы тарихшысы Гардизидің «Зейн ал-ахбары» ерекше еңбек [5] .

ХІІ ғасырдың орта шенінде арабтың географ-ғалымы Әл-Идриси арабтардың орта ғасырлары жөнінде «Аймақтарды аралап қажыған адамның көңілін көтеруі» деген аса ірі географиялық шығармасын жазды. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Оның географиялық шығармасында Еуропаның, Азияның, Африканың елдері егжей-тегжейлі суреттеледі. Ол Шығыс Еуропаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстан аумағында мекендеген түркі тайпалары: кимектер, қыпшақтар, оғыздар, қарлұқтар, түргештер, азкиштер туралы, олардың орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда жолдары, қолөнері туралы маңызды мәліметтер бар [18] .

Әсіресе, Қазақстан тарихының ХІ ғ. Зерттеуде маңызды орынды Махмұд Қашқаридің лингвистикалық еңбегі «Диуани лұғат-ат-түрік» алады. Мұнда түркі тілінің әртүрлі диалектикалары мен қоса, этнографиялық, материалдық мәдениет, ортағасырлардағы Қазақстан территориясындағы тайпалар мен халықтардың тарихы жайлы құнды мәліметтер бар. Сонымен қатар, қыпшақ тайпалары туралы мәліметтер өте көп; олардың ХІ ғ. тарих сахнасына көтерілуі, дәстүрі, шаруашылығы, со себепті оны зерттеуге аса бағалы еңбек деуге болады. Өйткені, автор сол кезеңде өмір сүрді және оны өз көзімен көрген болуы ықтимал. Оның еңбегін Н. Крачковский, С. М. Ахинжановтар өте жоғары бағалады [20] .

ХІІ ғ. соңында жазылған Мүбарак шах Мерверрудидің «Китаб ал-ансаб» көп қолданылмаған еңбектердің бірі. Онда түркі тайпаларының 60-тан аса этникалық атаулары мен олардың әдет-ғұрыптары туралы қызықты мәліметтер бар. Кимек, қыпшақ, ұран, йемек, байандур, татар тайпаларының тарихына тоқталған [21] . Хасан Али Ибн ал-Асир дүние жүзі тарихына арналған еңбегінде ол бізге жетпеген тарихи деректерді пайдалана отырып жазады. Онда Дешті-Қыпшақтың ХІ ғ. халқы, оның исламды қабылдауы, көшіп-тұруы, моңғол шапқыншылығы мен оған қарсы қыпшақтардың көтерілістері туралы құнды мәліметтер бар [22] .

Сонымен қатар, моңғол шапқыншылығы кезінде өмір сүрген тарихшы Мұхаммед Ибн-Ахмет ан-Несеви Хорезмшах Джелал ад-Диннің қарамағында болып, моңғолдарға қарсы күресті. Ол өзінің еңбегін «Сират ас-сұлтан Джелал ад-Дин Манкуберти» («Сұлтан Джелал ад-Дин Манкубертидің өмірі») деп атады. Онда хорезмшахтарға тәуелді елдердің тарихы, олардың Хорезммен қарым-қатынасы туралы құнды мәліметтер кездеседі [23] .

ХІІІ ғ. сүрген Ал-Джузджанидің «Табанат-и-Насери» еңбегі Дели сұлтаны Насыр ад-Дин Махмұдшахқа арналған. Онда моңғол шапқыншылығына дейінгі Орталық Азия тарихы, қыпшақ тайпалары туралы мәліметтер өте құнды [24] .

Қыпшақтардың тарихының көптеген тұстарын анықтауда парсы тарихшысы Фаззалах Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы» («Джами ат-таварих») еңбегі энциклопедиялық деп бағалауға тұрады. Оның мәліметтері құнды, өйткені ол ең бірінші, қолға түсе қоймайтын деректерді пайдаланды[25] .

Тарихта белгілі Ала ад-Дин Джувейни ғылымға «Тарих-и-Джахангушай» еңбегімен танымал. Бұл еңбек ХІІІ ғ. соңында жазылған. Онда қыпшақтардың Хорезмшах пен моңғолдардың алғаш кездесуі туралы, Хорезм мен қыпшақ елі арасындағы қарым-қатынастар тарихынан мәліметтерімен құнды [26] .

Қазіргі таңда тарих ғылымына танымал деректер баршылық. Бұл деректерді тізе берсек олар өте көп. Біз тек қана өте құнды және біздің тақырыпты ашуға көмектесетін деректерге ғана шолу жасадық. Бұл тарихи деректер болып табылады, ал, осы деректер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, олардың шынайылық дәрежесін, ғылыми маңызын анықтап, оларды оқырмандардың назарына ұсынған еңбектерді тарихнамалық дерек ретінде талдайтын болсақ, қазақ зерттеушілерінің арасында Дешті Қыпшақ тақырыбын арнайы тұңғыш зерттегендерінің бірі профессор Б. Е. Көмеков. 1987 жылы Алматыда шыққан «Арабские и персидские источники по истории кыпчаков ҮІІІ-ХІҮ в. в. », атты ғылыми-аналитикалық шолуы негізінен ондағы қыпшақ бірлестігіне, олардың этникалық құрылымына қатысты деректерге талдау жұмыстарын жүргізген [27] .

Қазақстан тарихының біз қарастырып отырған кезеңі мен тақырыбымызға қатысы бар елеулі еңбектерінің бірі ретінде Б. Б. Ермұхановтың 1997 жылы Алматыда жарық көрген «Прошлое Казахстана в письменных источниках 5в. до н. э. - 15 в. н. э. » атты зерттеуін атауға болады. Зерттеушінің пікірінше; «Жинақ Қазақстан тарихының ерте және ортағасырлар тарихын зерттеу ісінде маңызды көмекші материалдар қызметін атқару керек». Шындығында да, бұл жинақтың хронологиялық жағынан қамтыған екімыңжылдық кезеңі Қазақстан тарихын сипаттайтын араб жазба дерек көздерінен алынған үзінділер кіргізілуімен қатар, сло деректерге талдау жасалынды [28] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы
Қыпшақтар тарихы
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Қыпышақ мемлекеті
Қыпшақтардың этникалық және әлеуметтік - саяси тарихы
ҚЫПШАҚТАР
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
ХАЛЫҚ РУХЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ
МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz