Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрлігі

Алматы экономикалық және қазіргі технологиялар

колледжі

ТАҚЫРЫБЫ:"Меншік қатынастары және

олардың экономикадағы рөлі".

Орындаған:Қабаева Қымбат.

Тексерген:Шарипходжаева А. М.

Алматы 2007 жыл.

Жоспар:

1. Экономикалық жүйеде меншік қатынастарының орны.

2. Меншіктің экономикалық мазмұны.

3. Меншік құқықтарының теориясы.

4. Нарықтық экономикадағы меншік нысандарының көптүрлілігі.

“Не - қалай - кім үшін өндіреміз?” деген іргелі сауалдардан басқа, “экономикалық өкіметке кім қожалық етеді?” деген тағы бір негізгі сұрақ бар. Яғни, экономикалық ресурстар және өндіріс нәтижелері: тауар мен қызмет кімдікі болып саналады.

Меншік проблемасымен біздің әрқайсымыз өмір бойы күн сайын ұшырасып отырамыз. Адамдар “менікі” және “басқанікі” “біздікі” деген ұғымдарды айыра білу қажеттілігіне ұдайы ұшырасады. Басқаша айтқанда, бұл ұғымды экономикалық жүйенің орнығуына. Үкіметтің шараларына, табысты бөлуге меншік ықпалын талдай келіп түсінуге болады.

Меншік - адамдардың өндірістік және өндірістік емесзаттарды иемденуінің тарихы анықталған қоғамдық тәсілі. ол әрқашанда бұйымдармен байланысты (мүліктермен, иемдену нысандарымен) .

Меншік және меншік қатынастарының құқықтарын айыра білу талап етіледі.

Меншік құқығы заң санатының тұрғысынан алғанда иелік ету, ұйғарым жасау және мүліктерді пайдалану қатынастарының жиынтығы болып шығады. Меншік құқығы біздің қатысуымызбен қоғамдық өзара бірлескен әрекеттер реттейтін ереженің басым бөлігін құрайды.

Меншіктің шынайы қатынастары оның экономикалық жүйелерінің негізін құра отырып тарихи-мәдени, ұлттық, географиялық, демографиялық және қоғамның басқадай ерекшеліктерінен жинақталынады.

Өндіріс құралдарын меншіктену өндіріс процесінде болатын адамдар арасындағы экономикалық өзара қатынастар (өзара байланыс) сипаты ғана емес, сонымен бірге өндіріс өнімін (тауар, қызмет), оның айырбасталу және тұтыну формаларын да анықтайды.

Мемлекет заңнама негізінде “ойын ережесі” бекітеді: кім, қандай жағдайда, қандай жүріс жасай алады?

Сонымен қатар меншік құқығы өз мақсатынкөздеген адамдардың таңдау еркіндігін анықтай отырып, не және кімге тән, меншік иесінің ауысуы қалай қалай өтеді деген мәселелерді айырады.

Бұл ретте меншіктің объектісі мен ұғымдарды айыра білу қажет. Мәселен: “бұл - Абайдың үйі” дегенде, үй меншік объектісі болып, ал Абай - субъектісі болып саналады.

Меншік құқығы дегеніміз адамның “өзінікі сияқты” немесе “бөтендікі сияқты” заттарға қатынасын айтады және ол: “субъект → объекті” деген формулаға негізделеді.

Алйда, “бұл - Абайдың үйі” деген байламда, Абайдың үйге деген меншіктік құқығы қалай туды және ол енді қалай мойындалады.

Егер меншікті адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп қарайтың болсақ, онда жауап беруге болады. Меншіктік қатынас - заттарға байланыстыадамдар арасындағы: субъект ↔︎ субъект: объект деген формула арқылы айқындалады. Басқаша айтқанда, меншік қатынасы дегенімізмүлікті иемдену мен оны басқаның иелігінен алу жөнінен субъектілерарасындағы қатынастар жүйесі, ең алдымен өндіріс факторлары қатынастарының жүйесі болып шығады.

“Иемдену - иелігінен алудың” байланыс күші әртүрлі болуы мүмкін. Заттарды жай ғана пайдалануға болады, яғни оның иесі болмай тұрып-ақ оны белгіленгенжағдайға қолдануға болады. Меншік иесі заттардың пайдалы қасиеттері әрқашанда өз қызығы үшін алынуын қалайды. Заттарды иемденуге немесе соған жуықтау жағдайда белгілі бір мерзімге дейін, яғни толық иесі болмай тұрып-ақ тұтынуға немесе шектеусіз мерзімге дейін, яғни толық иесі ретінде пайдалануға болады.

Бірнеше жағдайларды ұсынамыз.

1 Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар, және өзіңіз сағат жөндеумен шұғылданасыз.

2 Жағдай. Меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызда жалданған қызметкер бар. Ол өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана табысын иемденеді. Ал, сіз оның жұмыс нәтижесін - жөнделген, тұтынуға болатын сағаттарын иемденесіз.

3 Жағдай. Сіздің өз шеберханаңызбен шұғылдануыңызға уақытыңыз жоқ, бірақ оны сатқыңыз да келмейді, сондықтан да оны 5 жылға жалға бересіз. Жалгер 5 жыл бойы шеберхананы өз қалауынша пайдаланады. Сіз жалдау төлемін табыстан аласыз, ал жалгер өз еңбегінің нәтижесінің иемденеді.

4 Жағдай. Барлығы 3-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс істемейді, сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын жұмыскерлерді жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек нәтижесін өзі иемденеді. Сіз өз шеберханаңыздың ақысы үшін табысты иемденесіз.

Осы жағдайларда кімнің меншік иесі, кімнің қожа екендігін, шеберхананы және шеберханадағы еңбек нәтижелерін кімнің пайдаланатындығын анықтаңыз.

Жағдай

Шеберхана

иесі

Шеберхана

қожасы

Шеберхананы

пайдаланушы

Еңбек нәтижесінің

Иесі

Жағдай: 1.
Шеберханаиесі: Сіз
Шеберханақожасы: Сіз
Шеберхананыпайдаланушы: Сіз
Еңбек нәтижесініңИесі: Сіз
Жағдай: 2.
Шеберханаиесі: Сіз
Шеберханақожасы: Сіз
Шеберхананыпайдаланушы: Жалгер
Еңбек нәтижесініңИесі: Сіз
Жағдай: 3.
Шеберханаиесі: Сіз
Шеберханақожасы: Жалгер
Шеберхананыпайдаланушы: Жалгер
Еңбек нәтижесініңИесі:

Сіз - жалдау төлемі,

жалгер

Жағдай: 4.
Шеберханаиесі: Сіз
Шеберханақожасы: Жалгер
Шеберхананыпайдаланушы: Жұмыскер
Еңбек нәтижесініңИесі:

Сіз - жалдау төлемі,

жалгер

Бұл жағдайлардан мынаны көруге болады: меншіктің өндіріс факторларына қатынастарынан меншік қатынастары және еңбекнәтижелері шығады. Меншік табыс әкеле бастаған сәттен өзін экономикалық жағынан ақтай алады. Меншік қатынастарын бір жағында - жеке меншік, екінші жағында - қоғамдық меншік бар екі полюс секілді түсінуге болады.

Капиталистік жүйе жағдайында материалдық қорлар үкіметтік емес, жеке институттар мен жеке адамдардың меншігі болып табылады.

Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша тауып, бақылап, қолданып және кәдеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынады, яғни жеке меншік иесі болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.

Бұл жеке меншік құқығының бұдан өзге де заңды шектеуі бар. Мәселен, есірткі өндіру үшін қажетті қандай да болмасын ресурстарды пайдалануға заң жүзінде тиым салынған.

Коуз теоремасы меншік құқығының мазмұны мен бөлінуінің қорлар бөлінуіне де, сондай-ақ, айырбастың көлемі мен жағдайына, табыстың бөлінуі мен деңгейіне, бағаның құрылу процесіне және сыртқы эффектіге ықпалын дәлелдеуге арналған. Бұл теорема 1960 жылы жарияланған “Әлеуметтік шығындар проблемалары” деген мақаласында тұжырымдалынған. Қазір ол Батыста соғыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық ойдың ең бір озық жетістігіндей қабылданған.

Коуз теоремасы төтенше (сыртқы) тиімділік проблемасына арналған. Ол меншік құқығын бөлісу арқылы рынок процесіне қатысушылардың ішкі шығындарын қалай өзгертуге болатындығын дәлелге келтіреді. Р. Коуз өзінің логикалық толғамын фермердің егінін көршілес орналасқан ранчо қожасының ірі қараға таптатуы арқылы түйіндейді. Егер ранчо қожайыны өзінің табындарымен егінді таптатқаны үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылмаса, онда ол өзінің мал басы мәселесін шешкенімен, біреудің зиян шекенің қаперіне де алмайды. Егер ранчо қожасыннан оның біреуге келтірген зиянына тең боларлықтай айыппұл төлеуін талап етер болса, онда ол өз ісінің терістігін сөзсіз түсінер еді. Ол мұндай жағдайда ранчо қожасы өзінің жасаған зиянкестігі үшін жауапкершілікке тартыла ма, тартылмай ма оның ешқандай мәні жоқ деп ойлайды.

Р. Коуздың айтуынша, егер мал өсіруші егіндікті малына таптатқандығы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмаса, оған одан келер зиян да бірдей болып шығады. Бұндай жағдайда диқангер тапталған егіннің “құны” үшін, оның бұдан былай мал басын өсірмейтіндігіне уәдесін алады. Коуз мынадай қорытынды жасайды: егер меншік құқығы айдай анық және түсінікті болса, егер адамдар өз еріктерінше жасалған алмасу нәтижесін нық сақтайтын болса, онда ешқандай сыртқы мәселе туындамайды. “Нарықтық ақсату” болмайды, олай болса, болған іске түзету ендіру мақсатында мемлекеттің араласуына ешқандай негіз жоқ.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабында меншік құқығының ұғымы мен мазмұны берілген. Нақтырақ айтқанда, оның 1-ші тармағында былай делінеді: “Меншік құқығы - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және иелік құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы”.

Меншік құқығы былай жіктелінеді:

1. иемдену құқығы;

2. пайдалану құқығы;

3. басқару құқығы;

4. табысқа құқығы;

5. егемен құқығы;

6. қауіпсіздікке құқығы;

7. игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

8. игілікті мәңгілік иемдену құқығы;

9. қоршаған ортаға зиян келтіретін тәсілдерді пайдалануға тиым салу құқығы;

10. жаза түріндегі жауапкершілікке құқығы;

11. қалдық сипатындағы құқық яғни бұзылған заңды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен рәсімдердің болу құқығы;

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабында былай айтылады:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудағы көлемі мен шегі, олардың қорғалу кепілдігі заңменен анықталынады.

3. Жер және оның қойнауындағы қазбабайлық, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады.

Жер, сондай-ақ, бекітілген негізге, жағдайға және ауқымға орай жеке меншіктік те бола алады.

Шынайы шындыққа келетін болсақ, “таза түрдегі” жеке және қоғамдық меншік сирек кездеседі. Мемлекеттік, әртүрлі топтық (кооперативтік, үлестік (пай), акционерлік) болып бөлінетін көп түрлі формадағы меншіктердің араласып, құраласқан, әртүрлі нұсқалары бар.

Сонымен, меншік дегеніміз экономика мен құқықтың тұтастығы болып шығады.

Әкімшілік-әміршіліктен нарықтық жүйеге өту үшін игіліктерді мемлекет иелігінен алу және жекешклендіруді жүзеге асыру талап етіледі. Меншікті мемлекет иелігінен алуды, мемлекеттік кәсіп- орындарды меншіктің басқа формасына (мемлекеттік емес) қайта құру деп ұққан жөн. Әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде постсоциалистік елдерде мемлекеттік меншік өктемдікте болды.

Жекешелендіру дегеніміз азаматтардың немесе олардың бірлестік- терінің акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, сондай-ақ кәсіпорындардың акцияларының (пайларының) барлығын немесе бір бөлігін жеке меншікке алуы болып табылады.

Кәсіпорындарға қатысты үкіметтің енгізгі стратегиясы мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатындай жеке меншік фирмаларға айналдыру. Мұны жаңа фирмаларды құру, сондай-ақ бұрыннан барларын жекешелендіру арқылы жүзеге асыру жобаланған еді. Жеке меншік секторын дамытуды ынталандыру мақсатында үлкен ұйымдастыру істері мен кеңмасштабты құқылық реформа қабылданды.

Жеке меншіктің құқық негіздері Қазақстан Республикасы Кон- ституциясына ендірілген, сондай-ақ ол құқық жеке меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген. Басқа да қосымша заңдар, дәлдеп айтқанда, кәсіпорынға, мүліктік аманатқа, жалға беруге, банкротқа ұшырауға байланысты заңдар қабылданды.

Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке тиесілі өндірістік нысандарды, басқадай материалдық және материалдық емес активтерді төлеусіз және төлемді ету арқылы мемлекеттің республика халқына ұлттық мүліктерді қайтару процесінде меншік құқығын дербестеп, орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар тудыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық жүйедегі меншік
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz