Экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғау механизмін реттеу


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АНЫҚТАМАЛАР
КІРІСПЕ . . . 8
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 10
1. 1 Әлеуметтік қорғау түсінігі, қажеттілігі мен функциялары . . . …10
1. 2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру
принциптері. 16
1. 3 Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі . . . 22
2. ҚР ЖӘНЕ ОҚО-НЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ . . . 30
2. 1 ҚР және ОҚО-ның тұрғындарын әлеуметтік қорғау жағдайын талдау . . . 30
2. 2 ҚР-ның аймақтары бойынша әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерін талдау . . . 40
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жағдайын жетілдіру мәселелері . . . 45
3. 2 ОҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары және күшейту мәселелері . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі : Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алатындықтан, тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясаты өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әлеуметтiк экономикалық әл-ауқатты сипаттайтын көрсеткiштер: кедейшiлiк, жұмыссыздық, табысы, жалақысы, зейнетақысы, ең аз күнкөрiс шамасы және т. б.
Елбасымыз айтқандай еліміздің дамуының көзі - бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауымен сипатталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен орта білім алуда балаларды кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін күнделікті өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес үздіксіз жаңарумен қамтамасыз етуші жекелеген әлеуметтік топтар мен тұлғалардың, қоғамның қажеттілігін ескере отырып, жұмысшы кадрларды және мамандарды жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті түрде дайындау мен қайта дайындауды қоғам талап етеді, ал қоғамның кейбір мүшелері әлеуметтік қорғауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әлеуметтiк мемлекет құру қоғамдық дамудың негiзгi мақсаттарының бiрi болып табылады. Елдiң әлеуметтiк дамуы тұтасымен мемлекеттiң заңдарда белгiленген әлеуметтiк функцияларын iске асыру сапасына байланысты.
Әлемдік қаржы дағдарысының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуі және экономиканың нақты секторындағы өсу қарқынының айқын бәсендету жағдайында жұмыспен қамтылушылықты сақтап қалу және табыстарды қолдау, халықтың барынша әлсіз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және қолдау мәселелері ерекше маңызды болып отыр.
Қазіргі жағдайға қарамастан әлеуметтік қамсыздандыру және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі одан әрі дамып келеді.
Қазақстанда әлеуметтік саясатты қалыптастыру процессі тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа түрлерін оларды іске асырудын берік тетіктерін іздестіруді, сонымен қатар әлемдік үлгілерге сай болуды талап етеді. Нарықтық реформа әлеуметтік қорғау жүйесін құратын нарықтық құрылымдарға келуді және одан туындайтын қажетті экономикалық өзгерістерге оның дамуына кедергі жасамауды талап етеді.
Бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін нақты бағдар және тактикалық сипаттағы стратегиялық мақсаттар болуы тиіс. Бұндай жүйені қалыптастыру әлеуметтік саясатты қайта қарастырумен және бірінші кезекте әлеуметтік қорғау субъектілерінің қызметін өз-ара қайта бөлумен байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың мақсаттары бір жағынан белгілі бір себептерге байланысты қолайсыз жағдайда қалғандарды қорғауда болса, келесі жағынан қоғамды әлеуметтік қатты наразылықтан әр түрлі деструктивтік оның ішінде экономикалық ортадан туындайтын әсерден қорғауда болады. Әлеуметтік проблемаларды аумақтар деңгейінде шешу проблемалары үкіметтің негізгі мақсаты болып табылады.
Әлеуметтік қорғаудың аумақтық жүйесін жетілдіру әлеуметтік реформаларының негізгі бағыты болуы тиіс, себебі тек аумақ денгейінде ғана олардын әлеуметтік -экономикалық, табиғи -демографиялық, экологиялық және басқада ерекшеліктерін толық түрде есепке алуға болады, ал оларды орындау оларды қанағаттандыратын тәсілдер мен ұсыныстарды түзеу арқылы мүмкін болмайды.
Ерекшеліктердің болуы, әлеуметтік қорғаудың ауырлығын мемлекетпен аумақтарға ауыстыруды аумақтық саясаттың мәнін көтеруді талап етеді. Осыған орай қалыптасатын үрдісті зерттеу әлеуметтік қорғаудың аумақтар деңгейінде қалыптасуының және жетілуінің жолдарын іздеудің қажеттілігін мойындайды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғындарды әлеуметтік қорғау механизмін реттеу жолдарын қарастыру, сонымен қатар тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың үрдісін және заңдылығын іздестірудің жолдарын анықтауды көздейді және олардын негізінде әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және аумақтық деңгейдегі қызмет ету тетігін және әлеуметтік қорғаудың басты проблемаларын зерттеу болып табылады. Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғауды күшейту мәселелерін талдай отырып, бүгінгі таңдағы әлеуметтік сфераның даму жолдары мен негізгі бағыттарын қарастырады. [1, 2-3, 5б]
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әлеуметтік қорғау түсінігі, қажеттілігі мен функциялары
Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- Тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- Негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- Халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- Азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
- Мемлекеттік жәрдемақылар;
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
- Әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау.
Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады.
Қоғамда тұрақты қалыптасып отырған бірқатар анықтамаларға тоқтала кеткен жөн.
Кедейлік - бұл халықтың белгілі санаты алғашқы кезектегі қажеттілігін қанағаттандыруда қиындық көретін және қоғам өміріне қатысу мүмкіндігінен айрылған әлеуметтік - экономикалық құбылыс.
Кедейлер - бұл кедейлік шегінен төмен немесе соған тең орташа жан басылық табыстары бар азаматтар санаты.
Кедейлік шегі - кірістің адамның ең аз қажетін қанағаттандыру үшін қажетті шегі. Кедейліктің шегі ең төменгі күн көріс деңгейі негізінде белгіленеді және аз қамтамасыз етілген адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету кезінде өлшем ретінде пайдаланылады.
Атаулы әлеуметтік көмек - белгіленген кедейлік шегінен төмен айлық орташа жан басы табыстары бар адамдарға мемлекет ұсынатын төлем
Сурет 1. Әлеуметтік қорғау функциялары
Экономикалық функция - тұрғындардың өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.
Әлеуметтік функция - адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Талдамалық функция - халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.
Технологиялық функция - барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.
Ақпараттық функция - азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.
Еңбек функциясы - бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау функциясы - нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталады. Нарықтық қатынастарда халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастан кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әр қилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік емес ұйымдарға әлеуметтік қызмет көрсету кәсіпкерлік құрылымдар, шіркеулердің әлеуметтік қызметтері, қайрымдылық және еркін қоғамдар жатады.
Тұрғындарды қорғаудың кең мәндегі негізгі бағыттары:
- Азаматтарды өмір сүру үшін қажетті қаржымен өмір сүрудін ең кіші мөлшерінде қамтамасыз ету, олардын өмір деңгейін төмендететін факторлардан оларды қорғау.
- Қоғам мүшелеріне заңдарға қайшы келмейтін әдістермен кедергісіз қаржы табуға жағдай жасау.
- Азаматтар білім алудағы медициналық көмектегі және мәдениеттегі белгілі бір ең төменгі деңгейіне жағдай жасау.
- Жалданған жұмыскерлерге еңбектiң жарамды шартын қамтамасыз ету, оларды индустриялдық өндiрiстiң негативтiк әсерiнен сақтау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
- Азаматтарды қылмыстық әрекеттерден сақтау.
- Мемлекеттi құқықтық және демократиялық принциптерiне сәйкес келетiн азаматтық және саяси құқықты сақтау.
- Қарулы қайшылықтарды болдырмайтын жағдайды сақтау.
- Қоғам мүшелерiн саяси құғындықтан сақтау.
- Рухани өмiрдiң бостандығын қамтамасыз ету, идеологиялық қысымдылықтан қорғау, қоғамда қолайлы әлеуметтiк-психологиялық климатты құру, психологиялық қысымнан қорғау.
- Қоғамдық өмiрдiң тұрақтылығын барынша қамтамасыз ету.
Аймақтық саясат - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты стратегиялық дамуы үшін өмір сүру мен шаруашылық қызметтің факторларының аймақтарда тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі.
Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаты тұрғындардың өмір сүруінің және әрбір аймақтық ресурстық-өндірістік потенциалын тиімді пайдалану үшін тиімді еңбек бөлінісі мен аймақтық даму принциптерінің қалыптасуына тең мүмкіндікте құрылуын қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда экономикалық және әлеуметтік, макроэкономикалық және құрылымдық болжаудың, шаруашылық кешендердің, салалардың және аймақтардың дамуының болжау жүйесін құру аса маңызды болып отыр. Аймақтық жоспарлар, болжамдар, бағдарламалар және басқа да перспективалы зерттемелер аймақтың саясатын анықтауда үлкен маңызы бар.
Аймақтық дамуды болжауда аймақтық халықшаруашылық кешенін және оған кіретін салалардың дамуының динамикасын сипаттайтын көрсеткіштері деңгейіндегі болжамдарды ерекшелеп алған жөн.
Жасалынатын болжаулар қалыптасқан тенденцияларды сондай-ақ ғылыми-техникалық прогресс пен экономикалық әлеуметтік жағдайлардың өзгеруінен болатын жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де ескеруі қажет.
Оларға жататындар:
- демографиялық болжаулар, сондай-ақ еңбек ресурстары мен экономикадағы жұмысшылардың мүмкін болатын саны;
- табиғи ресурстар қорлары және оларды пайдалану мүмкіндіктерін болжау;
- ғылыми -техникалық прогресстің мүмкін бағыттарын болжау;
- мемлекеттің дамуының инвестициялау динамикасының болжамдары, оның ішінде капитал салымдарының, сондай-ақ негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің динамикасын болжау;
- экономикалық және жалпы экономикалық қатынастардың қорын болжау;
- әлеуметтік дамуының, халық қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың негізгі бағыттарын, тауарлар мен қызметтердің құрылымындағы өзгерістерді болжау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатын жүзеге асыруының бағдарламалық құжаттарының иерархиясы- Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Стратегиясы, 2010 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары, жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, Үкімет бағдарламалары, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы индикативтік жоспары, мемлекеттік бағдарлама, салалық бағдарлама, аймақтық бағдарламалардан құралған. Қоғамның әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттің жобаларын қарастырсақ, айтылған мемлекеттік бағдарламаның құжаттарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен халқының әлеуметтік қорғалуына ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы мен жасақталуы үшін ерекше ұстанымдар қажет. Әлеуметтік саясаттың стратегиялық мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады, яғни халықтың жұмыспен тиімді қамтылуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жоғарылату, отбасылардың, әйелдердің, балалардың, жастардың, барлық азаматтардың еңбек саласында, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тұрғын үймен қамтамасыз етуде конституциялық және әлеуметтік кепілдіктерді орнату, елдегі демографиялық жағдайды жақсарту және қолдау, халықтың санының азаюын, әсіресе бала шетінеуін, ана өлімін азайту.
Маңызды әлеуметтік игіліктердің жалпы қолжетімділігін және оның қоғамдық сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар белгіленді және қазіргі уақытта пайдаланылуда: ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, әлеуметтік қызмет ұсыну нормативтері және т. б.
Тұрмысы төмен азаматтардың әрбір санатына қатысты тиісті шаралар қабылданады: енжарларға - материалдық көмек көрсету; белсенділерге - еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, кедей тұрғындардың еңбекке қабілетті бөлігін нарық талаптарына бейімдеу.
Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің бағдарламасы бекітілген. Бағдарлама мынаны көздейді:
- мемлекеттік әлеуметтік стандарттар жүйесін халықаралық стандарттарға кезең-кезеңімен жақындастыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлерді әлеуметтік сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы, еңбек қабілетін айрылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айрылу) ;
- әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- әлеуметтік қамсыздандырудың және әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігін кеңейту;
- халықты әлеуметтік қамсыздандырумен кеңірек қамту және жеке таңдау мүмкіндіктерін беру үшін жағдайлар жасау;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттарды одан әрі дамыту;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, баланы бағуға байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген . Барлық жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады (олар мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден, сақтандыру қорларынан қаржыландырылады) . Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмас істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Соның салдарынан, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады. Жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда аударымының мөлшеріне қарай қосымша қорғаудың шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйесі республикада жоқ. Азаматтың еңбек үлесі ынтымақтастыққа зейнетақы жүйесінде ішінара ғана ескеріледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі - қартайған шақтағы қамсыздандырудың қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидатына негізделген жүйеге қатысуға пәрменді ынталандыратын бірден бір түрі. Қолданылып жүрген заңнамада әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда ерікті сақтандыруды жүзеге асыру көзделген, ол бірқатар факторларға байланысты тиісті деңгейде дамымай отыр.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоспағанда әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктер мыналар:
Жетілдірілмеген заңнама - әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған;
Әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру деңгейі төмен - әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салықты төлеп азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің салық аудармайтындардың алдында артықшылығының болмауы;
Айқындықтың жеткіліксіздігі - әлеуметтік төлемдерді алу процесін қадағалауға арналған дербес сәйкестендіру жүйесінің қалыптасуы сатысында болуы.
Қолданылып жүрген жүйені сақтау орын алған кемшіліктердің одан әрі тереңдеуіне, жүйеден төленетін төлемдер мен салымдар көлемі арасындағы байланысты босаңсытуға, соның салдарынан салықтар мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті жарналарды төлеуден жалтаратын адамдардың көбейіп кетуіне апарып соқтыруы мүмкін. [3, 4-5, 7б]
1. 2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру
принциптері
Бұл жүйе өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі - қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Бұл зейнетақыны индексациялау, жәрдемақыны, түскі астар беру тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.
Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті.
Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.
Төртіншіден, мемлекет, жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт-дәстүрге, мәдениетке және т. б. қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар өз кезегінде әр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметтік қорғаудың экономикалық, саяси, құқықтық механиздерінің негізінде әр түрлі принциптер (қағидалар) жатады. Бұл принциптер мемлекеттің өзінің азаматтарының өмірлік деңгейін қолдауда жауапкершілік дәрежесін көрсетеді.
Нарықтық экономиканы әлеуметтік бағыттау жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесі келесі принциптерге сүйенеді және оларды келесідей бөлуге болады: жалпы, арнаулы
Сурет 2. Әлеуметтік қорғаудың принциптері.
а) Экономика мен саясатты әлеуметтік қорғау жүйесінің өзара байланыстыру принциптері.
Жалпы тарихымыз көрсеткендей, кедейшілікпен күресудің негізгі қаруы орташа тұтыну деңгейін өсуге мүмкіндік беретін экономикалық өсу мен минималды өмірлік деңгей болып табылады. Саясаткерлер кедейлерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды анықтайды, ал өз кезегінде кез келген өкіметтің тағдыры әлеуметтік орта мен жалпы экономикада іс-әрекет жағдайына байланысты.
ә) Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы мен дамуының баяулық принципі.
Дамыған елдердегі қолданылып жатқан әлеуметтік қорғау жүйесі- ұзақ жылдардағы дамудың нәтижесі. Олардың қалыптасуы эволюциялық жолмен жүзеге асырылады. Көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемінің ұлғаюы экономикалық өсумен бірге жүреді. Сондықтан да ұзақ уақытқа еркін және қоғамдық құрылысты сақтап қалу үшін әлеуметтік саясаттың еркіндігін бекітуге ұмтылуға тырысу керек.
б) Әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі баламалық принципі.
Бұл принцип әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі оның жеке құраушыларының негізінде (қаржыландыру, ұйымдастырушылық құрылым, әлеуметтік қорғауға жататын тұлғалар шеңбері, әлеуметтік қорғаудың көлемі мен формасы) “маневрдың” еркіндігінде көрсетіледі. Бұл құраушылар өзара тығыз байланысты және оларды бөліп қарауға болмайды.
в) Өкілеттіліктердің шектілік принципі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz